Базылбеков Маралбек
Құрманғалиұлы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық университетінің
2-курс студенті
БІЗГЕ ҚҰМЫРСҚАША ƏРЕКЕТ ЕТУ КЕРЕК.....
Алаштың көсемсөз шебері Ахмет Байтұрсынұлы: «Бізге
құмырсқаша əрекет ету керек, олардың ішінде біреуінің де қарап
тұрғанын таппайсың»,- депті бір мақаласында. Соңғы жылдары БАҚ
құралында «Құмырсқа пəлсапасы» атты мақала шыққан болатын.
Онда құмырсқалар ерекшелігі анықталып мынадай түйін жасалған:
1) Барынша еңбектенеді («жеткілікті», «осы ғана жетеді» де-
ген нəрсе болмайды);
2) Қыстың қамын жазда, жаз жағдайын қыста ойлауы. Қыстың
қамын жазда ойлауы түсінікті, ал жаз жағдайын қыста ойлауын
жақсылық нəрсеге көп ұмтылуынан деп айтамыз.
3) Кедергілерге тоқтамау. Құмырсқа атаулыға кедергі деген
жоқ, жолын бөгесең, я айналып өтеді, я секіріп өтеді. Əйтеуір өтеді.
Міне, дəл осы қасиеттерді де ХХ ғасыр басында ғұмыр кешкен
Алаш арыстарының бойынан табуға болады. Олардың еңбек ету-
де, құмырсқа секілді «жеткілікті» дегенді білмеген, бар күштерін
сарқа жұмсаған, əсіресе қазақтан маман, кадр дайындаудағы
сіңірген еңбектерінің ерекшелігіне, олардың жолында кездескен
қиындықтардан жол тауып, шыға алу қасиеттеріне жəне оны қазіргі
Тəуелсіз Қазақ Елінде қолданудың өзектілігіне тоқталмақпыз.
105
ХХ ғасыр басындағы саяси-əлеуметтік жағдай
XX ғасырдың басындағы қазақ халқының хал-ахуалы көңіл
көншітерліктей болмады. Оны біз, көтерілістердің қазақ дала-
сында жиі-жиі болуынан, І дүние жүзілік соғыстың кесірінен,
көшпелі мал шаруашылығының қолайсыздығынан, егемендіктің
болмауынан, халықтың сауатсыздық деңгейінің 98%-ға жетуінен
жəне де əлеуметтік шиеленістердің болуы, жер дауы, жесір дауы,
жайылымдардың тартып алынуы, переселендердің көшіп келуі
сияқты, тағы да басқа толып жатқан қазақ халқы үшін қолайсыз əмбе
жайсыз жағдайлардан анық байқауға болады. Осы мəселелердің
барлығы дерлік «Алаштықтардың» мойнына артылды деуге толық
негіз бар. Сол кездегі, қазақ зиялылары бас біріктіріп, тізе қоса оты-
рып «ел мүдесін қорғау» мəселесін қолға алды. Мұны жүзеге асыру
үшін, оларда мынадай екі құрал болған еді. Ол - ақша жəне баспасөз.
«Ақша» – қазақтың қолындағы малы еді. Əр қазақта «кіші қазанға
дейін» барынша малы болатын жəне керек кезінде ел зиялылары
үшін, бөліп беруге тартынбайтын да еді. Оған А.Байтұрсынұлын
абақтыдан құнын төлеп босатып алғанын мысал етсек те жеткілікті.
Келесі бір құрал баспасөз еді. Баспасөзден əйгілі журнал
«Айқаппен» халықтың көзі һəм құлағы (А.Байтұрсынұлы) болған
«Қазақ» газетінен басқа көптеген баспасөз құралдары болды. Олар:
«Ертіс», «Өміш», «Голос степи» «1906-1907» администрациямен
жабылған, Омскіде шығып тұрған «Степной край», «Киргизская
степная газета», «Туркестанские ведомости» (Ташкент), «Семипала-
тинские областные ведомости» , «Семипалатинский листок», Санкт-
Петербургте «Речь», «Слова», «Сын отечества», «Мусульманская
газета», «В мире мусульманства» т.б. Аталған баспасөздерде Алаш
зиялылары өз мақалаларын жариялай алды. [7: 75 бет]
Осы керектен басқа, үшінші керек нəрсе бұл - кадр болатын. Кадр
атаулыларды екі түрге бөлуге болады. «Маман кадр» жəне «ұлттық
кадр». Маман кадр, бұл – өз ісінің маманы. Ал «ұлттық кадр» болса,
əрі маман кадр, əрі ұлттың жоқ жітігі мен мұң-мұқтажын түгелдей
білетін, ұлтқа жаны ашитын, ұлттың ілгері дамуына өзіндік үлес қоса
алатын білікті кадр. Алаш зиялылары дəл осы екіншісіне жататын.
Ресей патшалығының отарлау жолының бірі –жергілік-
ті халықтың өз ішінен адам алып, өздеріне басқартып қою жəне
106
басқаратын адамы айтқанды екі етпеуге тиіс болуы керек еді.
Оған байланысты белгілі Алаштанушы М.Қойгелдиев былай
дейді: «Қазақ қоғамын басқару ісін жаңа кəсіби сатыға көтеру
мақсатында, отаршыл - əкімшіл жүйе қазақтардың өздерінің ара-
сынан басқару аппаратына қажет мамандарды даярлауға кірі-
се бастады. Орысша білім жəне тəрбие алған қазақ жастары өз
жұртының арасында орыс мемлекеті мен мəдениетінің мүддесін
өткізуші құралға айналуға тиіс болады...
Бірақ, оқудағы қазақ жастары бұл идеяны сол күйінде қабылдай
қоймады. Үкіметтің аграрлық саясаты бойынша жарамды қазақ жер-
лерін жаппай қоныс аударушылардың пайдасына алып беру, соның
нəтижесінде кедейленген жатақтардың көбейе түсуі, жаңа қалыптасып
келе жатқан ұлттық зиялылар тобын саясатпен шұғылдануды кəсіпке
айналдыруға, ұлт- азаттық қозғалысы идеялогиясын қалыптастыруға,
саяси партияға бірігуге мəжбүр етті [3: 202бет]. Ол -Алаш партия-
сы еді. Ол партияның құрамында: Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, Х.Досмұхамедов т.б. сол заманның алдыңғы қатарлы,
озық ойлы қазақ интеллигенттері болды..
Алаш партиясы құрылған сəтінен бастап, ұлттық мүддені
қорғауға кірісті. Жер, оқу-ағарту, сот, дін мəселесі барлығы дер-
лік қарастырылды. Өкінішке орай, бұл кеңестік өкіметке жақпады.
«Кеңестік билікке ұлттық мүддені тура бағалап, ол үшін күресе ала-
тын ұлттық элитасының қажеті жоқ-тын. Оған керегі – «Орталықтың
түрлі директиваларын уақытында бұлжытпай орындап отыратын
басқарушы кадрлар» ғана еді. Ф.Голощекин: «Қазақ өлкелік пар-
тия комитетінің 3-ші Пленумында «Жаңа типті» қызметкерлер
қалыптасып келеді, Қазақстанның болашағын анықтайтын осы-
лар болады»,- деп мəлімдеді. Мəскеу тағайындаған Қазақстанның
бірінші басшысы тез арада «ұлтшыл-уклонист» С.Сəдуақасов,
С.Қожанов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов жəне басқаларды биліктен
ысырып, олардың орнына «жаңа типтегі» кадрлардың алдыңғы
легіндегі О.Исаев, І.Құрамысов, Е.Ерназаров жəне басқаларды
тартты. Соның нəтижесінде, қысқа мерзім ішінде 1932-1933
жылдардағы жалпыұлттық трагедияларға алып барған байлар
мүлкін тəркілеу, көшпелі қожалықтарды отырықшылықтандыру,
ұжымдастыру сияқты күрделі əлеуметтік –экономикалық жəне са-
яси реформалар іске асырылды. [3: 206 бет]
107
Кадр қалай дайындалады?
Сол кездегі төңкеріске дейінгі 1914-1915 жылдардағы дере-
ктерге жүгінсек, Р.Сүлейменов деректері бойынша, өлкеде 1914-
1915 жылы 240 дəрігер, 3300 мұғалім, 500 ауыл шаруашылық
маманы (олардың 200-і жоғары білімді), 311 техниктер мен мал
дəрігерлері, 66 жерге орналастырушылар, 45 гидротехниктер, 18
орман шаруашылық мамандары болған. [ 4: 729 бет] Аз болсын,
көп болсын мамандар сол кезде де бар болатын, оларға Ахметтің
де қояр талабы бар. Ол: «Осы күні қазаққа керек нəрсенің көбі
əркімге-ақ мағлұм. Қазаққа не керек екенін білмегеннен істей ал-
май тұрған адам жоқ. Қазаққа керегі айтылып жатыр һəм айтылар
да. Жұртқа керегін білетіндер көп, істейтіндер аз. Білушілеріміз
білгенімен қоймай, істеуге кіріссе екен. Білушілеріміз істеуші бол-
са, оларды көріп өзгелерде істер еді. Сөйтіп, көсемдер көбейсе,
ерушілер де көбейер еді»,- дейді [5:242 бет]. Мұнан ұғарымыз
мамандар болды, бірақ оларды дұрыс ұйымдастыра алатындар аз
болды немесе мүлдем болмады.
Яғни, кадр даярлау туралы екі өзекті ой айтылған.
Біріншісі, білетіндер істеуші болуы, теориясы барлар практи-
када қолдана алуы тиіс.
Екіншіден: лидер болу, жетекші бола білу, ұйымдастыра ала-
тын болу. Қазіргі тілмен айтар болса, локомотив болуы тиіс.
Маман дайындауда «Қазақ» газетінің де рөлі зор болды. Бұл
газет сол тұстағы ең танымал баспасөз құралының бірі болатын.
Араб графикасында шығып тұрғандықтан, мұны көп қазақтар
түсіне алатын еді. Тіпті, Газетке Қазан, Санкт-Петербург, Москва,
Варшава, Киевтегі студенттер де жазылып алдыртатынды. Осы га-
зет арқылы Алаштықтар қандай сала маманы керек екенін – дəрігер,
мал дəрігері, инженер, əскери адам керек пе, соны біле алатын.[7]
Қазіргі кезде қарайтын болсақ, елімізде де белгілі түрде керек емес
мамандықтарға түсушілер саны артып кеткен. Ал, қажет болатын
мамандықтарға адамдар аз болу себепті, кейде маман тапшылығы
да болып жатады. Егер, БАҚ құралдары арқылы қандай мамандық
қажет болатынын, қандай маман жетіспеушілігі болып жатқанын
болашақ мамандар біліп отырса онда кадрлық саясатты да дұрыс
жүргізіп отыруға мүмкіншілік болар еді. Мүмкін, сонда біз шет
елден маман алдыртуды тоқтататын болармыз.
108
Алаштықтардың бойындағы ең бір керемет қасиет те, олардың
ауызбіршілікте, біріккен түрде жұмыс істеуі еді. Бұл жағын ашу
үшін, Алаштықтардың өзін маман ретінде қарастыру керек.
Жоғарыда айтылған 98% сауатсыз деп саналса, қалған 2% сауатты
болғаны дəл осы Ресейде оқып (қызылға) бітірген ұлт зиялылары
еді. Олар – М.Тынышбаев, А.Бірімжанов (Қазан университетін ал-
тын медальға бітірген), Ə.Ермеков т.б. барлығы дерлік бір үйдің
баласындай, бір қолдың саласындай қызмет етті. Шынында да,
Ахаң айтпақшы «қарап тұрған ешкім жоқ» деуі сол кез зиялыла-
рына тəн. Мəселен, Т.Рысқұлов 1927 жылы Түркістан темір жолы
салынуда жəрдемдесу комиссиясын құрған болатын. Сол кезде,
Ф.Голощекиннің қарсылығына қарамастан М. Тынышбайұлын ко-
миссия құрамына ендірді. Сол жұмыста кəсіби шеберлігін көрсеткен
М.Тынышбайұлы магистральдің əйгілі шоқпар вариантын жасап,
ол мемлекетке үлкен пайда əкеліп, милиондаған қаржы үнемделді.
Сонымен қатар, бүкіл Түрксіб басындағы бекеттердің, көпірлердің
ежелгі жер атауларымен қалдырылуы да М.Тынышбайұлының
арқасы деп білуіміз керек [2/94]. Осы жерде қазіргі жағдаймен
ескерсек, қанша жерден топонимикалық жер атаулар өзгергенмен,
тəуелсіздік алғалы ешбір темір жол станциясының атауы (жаңа
салынғаннан басқа) өзгертуге ұшырамады. Мысалы: «Жамбыл» -
«Джамбул», «Шиелі»- «Чийли» деген секілді өзгертілмеген, себебі
оны ауыстырудың өзі үлкен қаржыны, үлкен құжаттық өзгерістерді
талап етеді. Бірақ, бір қуанатыны «Чийли» атауының қазіргі күнде
«Перовск» аталмағандығы. Бұл жерде, М.Тынышбайұлының
сіңірген еңбегінің қаншалықты маңызды екендігі байқалады.
Ал, Т.Рысқұлов, О. Жандосовтар қазақ балаларын барынша
оқуға тарта білді. Яғни, маман атануына күш салды. Т.Рысқұлов
«Түрксіб» темір жолы салынуы кезінде ел арасында оқуға ынта-
сы бар балалар табылса, Алматыдағы Ораз Жандосовқа жіберіп
отырған. Ол өз кезегінде керек университетке, оқу орнына түсіріп
оқыта білген. Мəселен, Қ. Ахметжановтың естелігінде осы жайт-
тар сипатталады, яғни Т.Рысқұлов оған келіп «Оқу оқисың ба?»
дегенде, «Оқимын» деп жауап бергенін, кейіннен қолына қағаз
алып, Алматыға О.Жандосовқа барғанын айтады. [1].
Алаштықтардан үйренетін тағы бір дүние, қандай бір жұмысты
алмасын, «халықтың табиғатына» икемдей алған. Мəселен, ұлт
109
көсемі Ə.Бөкейханов: «Көшпелі мал шаруашылығын тоқтатпаған
жөн»,- деген еді. Бірақ, кеңестік өкімет «ұжымдастыру саясатын»
жасап, көшпелі мал шаруашылығын бірден жойды. Соның кесірі-
нен қазақтың негізгі шарушылығы - малынан айырды. Оның соңы,
ашаршылыққа айналғаны да бəрімізге белгілі.
Егер, Алаштың Əлиханы солай десе, О.Жандосов сол көшпелі
халықтың өзінен маман дайындауды қолға алып, халықтың тұрмыс
-тіршілігіне икемдей алды. Ол көшпелі мал шаруашылығымен ай-
налысатын ауылдарда арнайы курстар өткізуді ұсынды жəне бұл
курстар қыс уақытында өткізілетін болған [1]. Қазіргі біздің тіл-
мен айтқанда, «Жылжымалы дəрігерлік автобус секілді» болды.
Бұл – маман дайындауда ескеретін негізгі жайттардың бірі. Осыған
тағы бір алып қосары, дəл осы арнайы курстарды өткізген соң,
оны өткізгендерден есебін сұрап отырған. Яғни, істелінген істің
нəтижелілігін талап еткен. Бүгінгі күні, бұл біздің бюрократияға,
қағаз бастылыққа жұмыс істеуді емес, түпкі нəтижеге жұмыс істеу
керек екенін дəлелдейді.
Тағы бір Алаш ардақтыларының «жұмыла көтерген жүгі»
- қазақ жерінде тұңғыш «мемлекеттік университеттің» ашы-
луы еді. 1928 жылы Қазақ мемлекеттік университеті» ашыларда
С.Асфендияров Мəскеуден 12 ғылым қызметкерін алдырған.[1]
С.Асфендияровтың бұл ісін қазіргі біздің шет елден оқытушылар
алдырумен салыстырса болады. Біздің білім беру саласында, осы
əдіс қазіргі кезде де тиімді қолданылуда. Себебі, шет елге барып
оқитын болса, үлкен шығындарға əкеледі. Салыстыра қарасақ:
шет елге он адам оқуға барар болса, он есе шығын, ал, шет елден 1
маман алдырса, кемі 10 адамды əшейін-ақ оқытуға болады.
Сонымен қатар, университет жабдығына Фрунзеден құрал
жабдық алдыртқан, Ленинградтан лабораториялық құрылғылар
алдыртқан да осы Санжар Асфендияров пен Ораз Жандосов бо-
латын. Дəл осы Ораз Жандосов Алаш ардагерлерін бірыңғай
жұмысқа тартқан, оқу ағартуға шақырған, жинаған да болатын.
Оқытушыларға, дəріс беретіндерге жағдай жасауды, жатын орын-
мен қамтамасыз етуді де мойындарына алған. [1] Сол себепті де,
жаңа ашылған университетте Санжар Асфендияров, Əлімхан Ер-
меков, Ахмет Байтұрсынов секілді тұлғалар еңбек етті. Ахмет
Байтұрсынұлы аталған университеттің ашылуында: «Қазақтың
110
мəдениеті мен экономикасы үшін университеттердің ашылуының
қаншалықты зор маңызы бар екенін дəлелдеп жатудың қажеті бола
қоймас», - деген Алаш зиялысының осы бір ісінде үлкен жетістік
жатыр еді. Өйткені, Алаштықтардың жұмылуымен техникалық
университет, қазақ ауыл шаруашылығы институтының негізі са-
лынды. Осылардың барлығында дерлік, Алаштықтардың іздері
сайрап жатыр. Мəселен, бір ғана Ə.Ермеков қазақтан шыққан
тұңғыш профессор болып өзінің өшпес еңбегін жазып кетті. 1935
жылы қазақ тілінде техникалық жəне педагогикалық ЖОО-да
«Ұлы математикалық курсы» еңбегін жазды. Ол 1917-1938 жж.,
1947-48 жж., 1955-1958 жылдары жұмыс істеген. Ташкенттегі
жоғары педагогикалық институтында, Қазақ мемлекеттік унвер-
ситетінде, Қазақ педагогикалық институтында Ветеринарлық
зоотехникалық, тау-кен металлургиялық Алматыдағы универси-
теттерінде, Шымкент техникалық құрылыс институтында, соңғы
жылы Қарағандыдағы тау-кен (политехникалық) институтында
жұмыс істеген. [6] Бұл тек, бір адамның ғана істеген жұмысы. Дəл
осылай маман дайындауда, ұлттық кадр дайындауда Алаштықтар
маңдай терлерін аямай төкті. Алаш арыстары тек өздері ғана
жұмыла жұмыс істемей, басқаларды да осыған шақырды. Мəселен,
əлі «Қазақ» газеті шығып тұрған шақта Ахмет Байтұрсынұлы мен
М.Дулатұлы өкіметке қол жайып отыра бермей, Халық ағарту
ісіндегі кедергілері мен қиыншылықтарды (оқу ақысын төлеу,оқу
орындарын ашу, құрал-жабдықпен қамтамасыз ету т.б.) жеңуде
жұрт болып жұмылуға шақырады. [ 1;399].
Дегенмен де, сол кезеңде Алаш партиясы таратылғанымен
олардың ғылым-білім мəселесі туралы айтқандары, жазылғаны
орындалды. Ол Алаш партиясы бағдарламасының тоғызыншы
пунктінде айтылған еді. Онда:
– Оқу орындарының есігі кімге болса да ашық жəне ақшасыз
болады;
– жұртқа жалпы оқу жайылу;
– бастауыш мектептерде ана тілінде оқу;
– қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу;
– мұғалімдер өзара сайлаумен қойылу;
– ел ішінде кітапханалар ашу;
Кеңес үкіметі тура осы айтылғандарды орындады, тек бір
нəрсені ұмыт қалдырды. Ол қазақ баласын ана тілінде жоғары
111
оқу орнында (педагогикалық оқу орнынан басқа) оқытпауы,
қазақтарды кəсіби мамандық алып шығуынан айыру еді. Бұл тың
игеру кезіндегі, индустрияландыру шағындағы «мамандар легін»
көрсетеді.[1:401б]
Сонымен қатар, «ұлттық кадрдың» жойылуына Голощекин
ойлаған Қазақстанды басқарушыларды дайындау еді. «Жеткілік-
ті» дегенді білмеген Алаштықтар «жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан
келгенше істеп кетейік» деп, өз мамандығы болмаса да, біраз
құнды дүние тастап кетті, өздерін үлгі етті.
Қайбірін алсақ та, мəселен, Əлихан Бөкейханов неге «Орман
шаруашылығын» бітірді, неге техникалық немесе басқа институтқа
түспеді. Себебі, елін, жерін шын жүректен сүйді. Сол арқылы, орыс
географиялық қоғамында болып, бүкіл зерттеу экспедициясына
қатысты. Елін одан əрмен зерттей түсіп, территорияны анықтауға
көмектесті. Міне, дəл осындай қасиетті əрбір Алаштықтан байқауға
болады. Себебі, олардың əрқайсысы жыртыққа жамау болды,
қазақтың «жалғызы» болды. Бұл Алаштықтар еді. Сөз соңында,
Алаш партиясы құрамында қандай адам болу керек дегенге байла-
нысты, «Қазақ» газетінде 1917 жылдың 253-інші санында: «Алаш»
бағатынан таймайтын, өтірік айтпайтын, жақындық, туысқа
бүйрек бұрмайтын, дүниеге қызығып сатылмайтын, шыншыл,
əділ, тура кісі осы партияға кіреді. Сыртын берсе, іші басқа, тілін
берсе жүрегі басқа болатын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ,
айнымалы мінезі бар кісі мүшелікке қабылданбайды». Қазіргі кадр
дайындауда бұған алып қосар ештеме жоқ. Енді түйіндер болсақ:
1. Маман адам «ұлттық кадр» болуы, яки патриот азамат
болуы;
2. Білетіндер істеуші болуы, теориясы барлар практика-
да қолдана алуы;
3. Өз ісінің шебері болуы; (М.Тынышбаев секілді)
4. Лидер болу, жетекші бола білу, ұйымдастыра алатын
болу. Қазіргі тілмен айтар болса, «локаматив» болуы;
5. Керек мамандықтарды, болашақта қажеттілігі бола-
тын мамандықтарды БАҚ арқылы хабарлап отыру;
6. Бірлікте болу. Керек кезде бір-біріне көмектесе алатын-
дай жұмыс істеу;
7. Ұлттық құндылықтарды кəсіпте пайдалану;
112
8. Маман дайындауда ана тілінде дайындау;
9. Халықтың табиғатына сай кадрлар дайындау, тұрмыс
тіршілігін ескеру.
10. Санға емес, сапаға (кадрға) жұмыс істеу;
11. Шет елден білікті оқытушылар, жаңа техникалар,
құрал-жабдықтар алдыру;
12. Оқушылар мен оқытушыларға жағдай жасау;
13. Оқытушылықпен, ғылыммен айналысу;
14. Маман дайындауда қиыншылықтар болса, ел-жұрт бо-
лып көмектесу;
15. Жергілікті халыққа маман дайындайтын жердегі тілі
бейтаныс болмау;
16. Өз ісін, мамандығын сүюі.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Жинақ . «Алаш жəне тəуелсіз Қазақстан: идеялар мен ұстанымдар
2.сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конфе-
ренция материалдары. Абай атындағы ҚазҰПУ. 21 қараша 2008.
3. Жинақ. «Жоғары оқу жүйесін реформалау жағдайында жоғары
оқу орындарының даму мəселелері мен келешегі». Республикалық
ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары. Алматы 2008.
4. «Ұлттық рухтың ұлы тіні» Ғылыми мақалалар жинағы. Алматы. 1999.
Қазақстан тарихы. 5 томдық. 3 том.
5. А.Байтұрсынов «Ақ жол».
6. Мысль. Журнал №5 май. 2013.
7. Мысль. Журнал №1, 74 б.
8. ҚР ҰҚҚ № 03942 мұрағат құжаты.
9. Жағыпар Əділеттің Махмет Темірұлымен сұхбаты. 07.05.2011 ж.
(жеке мұрағаттан)
10. Темірұлы М. Арман мен азап. Естелік. / Алматы. «Санат»,1998.160 б.
11. «Тұғырлы тəуелсіздік – ғұмырлы ұрпақ кепілі» атты Республикалық
ғылыми-тəжірбиелік конференция материалдары. / Жезқазған. 2011
– 111 б.
12. Əбдəкімұлы Ə. Қазақстан тарихы (ерте дəуірден бүгінге дейін). Оқу
құралы. Өңделіп толықтырылып екінші басылуы. / Алматы: ЖШС
«Қазақстан» баспа үйі, 2005. 608 б.
13. Жағыпар Əділеттің Жаппар Өмірбекұлы қызымен сұхбаты.
07.05.2012 . (жеке мұрағаттан)
14. «ХХ ғасырдың 30-жылдарныдағы Қазақстандағы саяси-əлеуметтік
ахуал: ашаршылық пен қуғын-сүргін тарихы». Мақалалар жинағы.
/ – Астана. «Алсем-Астана» баспасы, 2012. 240 б. Қазақша, орысша.
15. Назарбаев Н. Тарих толқынында. / Алматы: Атамұра, 1999. 296 б.
113
4-ші номинация:
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ
ҚҰРАЛДАРЫНДА ЖАРИЯЛАНҒАН ҮЗДІК
ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
114
Кенемолдин Мұратбек
Республикалық «Абай»
журналының бөлім
меңгерушісі, Алаштанушы
АРХИВТЕН АЛЫНҒАН АЙҒАҚТАР
1. ТУРАҒҰЛ АБАЙҰЛЫ ЖƏНЕ АЛАШОРДА ҮКІМЕТІ
Еліміз тəуелсіздік алғанға дейінгі Кеңестік замандағы
əдеби-ғылыми ортада- Абайдың сүйікті ұлы, дарынды ақын-
жазушы, шебер аудармашы, Алаштың ардагер асыл азаматы
Турағұл Құнанбаев туралы ашық айтылмай келді. Оған басты
бір себеп, оның тек əлеуметтік шыққан тегі жағынан атақты бай-
феодалдың тұқымынан тарайтындығы ғана емес, əйгілі Алашорда
үкіметіне қатысты екендігінде болды. Ашығын айтсақ, Турағұл
Абайұлының Сталиндік аяусыз қуғын-сүргінге ұшырауы, тікелей
осы Алаш қозғалысының басшылары Əлихан Бөкейханов, Ахмет
Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтармен арадағы достық қарым-
қатынасқа байланысты туындаған еді.
Əлиханның ақылы бойынша, сонау 1905 жылы Турағұл мен
Кəкітай жинастырған Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы араға
төрт жыл салып барып Петорбордағы И.Бораганский баспасы-
нан шыққаны мəлім. Сондай-ақ, ұлы ақын өмірден өткенде алғаш
азанамасын жазып, баспасөзде жариялаған да осы Ə.Бөкейханов
115
еді. Бүгінде зерттеушілер Абай мен Əлихан арасындағы рухани
байланысқа қоса, олардың арасында: «Нұрмұхамед 1901 жылы
алпыс бір жасында опат болған. Желтаудағы Бөкейхановтар зира-
тына жерленген. Нұрмұхамедтің əйелі тобықты Мамай батырдан
тарайтын Дулат батырдың қызы Бекжан ханым. Ел арасындағы
аты – Бежекем. Дулаттың екінші қызы – Ботантай Құдайберді
əйелі, Құнанбай келіні» [1] дегендей туысқандық қатынас та
болғанын айтады. Қысқасы, Абай балалары, аға сұлтан Құнанбай
ұрпақтарының Əлихан Нұрмұхамедұлымен арада осындай
туысқандық əрі рухани байланыстар болған. Мəселен, ол тура-
лы Ə.Бөкейханов «Кəкітай» атты мақаласында «1908 жылы Се-
мейде абақты борышымды күтіп жүргенімде Шəкəрім, Кəкітай,
Турағұл іздеп келіп, біраз күн көңіл көтеріп, əңгіме-дүкен құрған
едік» деп айтатыны бар.[2] Сонымен бірге мұнда Медеу, Омарбек,
Хасен, Қаражан тəрізді елге танымал азаматтардың аттары ата-
луына қарағанда, Əлекеңнің Абай ауылы адамдарымен де жақсы
таныстығы байқалады. Кейінде олардың ішіндегі Оразбайдың Ме-
деуі, Қаражан Үкібаев деген атақты байлар Алашорда үкіметіне
көрсеткен көмегі үшін жергілікті ГПУ-дің үкімімен «халық жауы»
болып айыпталып, атылып кетті.
Алаш қайраткерлері 1916 жылдың 25 маусымындағы ақ
патшаның майдандағы тыл жұмыстарына қазақтан солдат алу
жөніндегі жарлығына бұқара халық қарсы шығып, босқа қырылып
қалмасын деп қатты алаңдаушылық білдіреді. Осыған орай,
Əлихан, Ахмет, Міржақып үшеуі «Қазақ» газетіндегі «Алаштың
азаматына» мақаласында «қазақ шын қарсылық қылатын болса,
ел-елге отряд шығады, отряд шықса, бас пен малға əлегі бірдей
тиіп, елдің іргесі бұзылады» дегенді айтып, елді бейбіт келісімге
үгіттейді. Шынында солай болды да. Мысалы, академик Манаш
Қозыбаев «Национально-освободительная война 1916 г. в Казахс-
тане: концептуальные проблемы» атты зерттеу еңбегінде: «Фено-
мен 1916 г. характеризуется обострением национального вопроса.
В период освободительной войны 1916 г. возникла опасность по-
головного истребления казахского народа. Вновь история, как в
период борьбы с джунгарами, поставила вопрос: быть или не быть
казахскому народу, вопрос о выживании нации. В карательных экс-
116
педициях по уничтожению коренного населения участвовали ар-
мейские части, казачество. Так, для подавления Тургайского очага
восстания была снаряжена целая карательная экспедиция генерала
Лаврентьева в составе Кустанайского отряда под командованием
подполковника Кислова, Актюбинского отряда (подполковник
Клопов), Тургайского отряда (подполковник Котомин), Иргизско-
го отряда, отряд есаула Шепихина, вооруженного 14 орудиями и
17 пулеметами. 13 ноября 1916 г. были дополнительно отправле-
ны в район боевых действий части 95-го полка из Казани, 92-го
полка из Перми, 2 роты 104 и 238 запасных полков из Оренбурга.
Генерал Добрынин просил генеральский штаб снабдить экспеди-
ционный корпус генерала Лаврентьева не менее 10-ю грузовыми
автомашинами, тремя станциями телеграфа, 2 или 3 аэропланами.
Для подавления восстания в Семиречье, было направлено 35
рот в 8750 штыков, 24 сотн в 3900 сабель, 16 орудий и 47 пуле-
метов. Против восставших в Акмолинской и Семипалатинской
областях было направлено 12 кавалерийских сотен, 11 усиленных
пехотных рот во главе с генералом Ягодкиным» дейді.[3] Осылай-
ша отарлық езгіге қарсы күрестің соңы үлкен қантөгістерге барып
ұласқан болатын.
Ұлт тағдыры таразыға түскен осындай қысылтаяң шақта,
Турағұл Абайұлы Алаш қайраткерлерін белсене қолдап шығады.
Елдің игі жақсыларын майданға солдат беруге үндеп, үгіт-насихат
жүргізеді. 1916 жылдың маусым айының соңында Семей уезіне
қарасты Шыңғыс, Шаған, Мұқыр, Қызыладыр, Беген, Семейтау,
Бұғылы тəрізді 7 болыс елдің ақсақалдары Семей қаласында бас
қосып жиын өткізеді. Онда сол уақтағы қазақтан соғыс майданы-
на кісі жіберу жайы əңгіме болады. Міне, осы мəжіліске Турағұл
Абайұлы Құнанбаев төрағалық етіп, хатшылық міндетін Сыдық
Дүйсенбин орындайды. Мəжілістегілер тегіс патша жарлығына
елдің қарсылығы жоқтығын жария етеді.[4] Ол кезде Шыңғыс
болысын Əлихан Бөкейхановтың досы Кəкітайдың баласы Білəл
Құнанбаев басқарса, ал оның кандидаты жəне халық соты бо-
лып Турағұл Құнанбаев қызмет атқарған еді.[5] Өз кезегінде,
Семей губернаторынан Қарқаралы уезі болыстарының бір топ
игі жақсылары да, яғни, Берікқарадан: Ыбырай Ақпай баласы,
117
Құсайынхан Сырлыбай баласы; Тоқырауыннан: Смахан Бөкейхан;
Балқаштан: Нармамбет Орманбет баласы; Едірейден: Камал
Жайсақ баласы; Ақшатаудан: Амантай Адамбай баласы, Ғайса
Тоқтарбек баласы; Шұбартаудан Ғайсағұл Мыңаяқ баласы həм
Қотанбұлақтан Құсайын Бижан баласы əскерлік мəселесіне бай-
ланысты төтенше сьез өткізуге рұқсат сұрап өтініш білдірген.[6]
Бірінші дүниежүзілік соғыста тыл жұмыстарына алынған
қазақтар қару ұстап, соғыс өнерін үйреніп қайтты. Тіпті, олардың
арасында Нұғыман Сарбөпеұлы, Сабыр Сарығожин, Молдани-
яз Бегімов, Хамит Тоқтамышев тəрізді штабс-капитан шенін-
дегі əскери атақ-лауазымдарға ие болғандар да аз болмады. Бұл
əскери қазақтар кейінде Алашорда əскерінің негізін құрады.
Азамат соғысы жылдарында осы жауынгер қазақтар елді талай
қантөгістерден қорғап қалды.
Сондай-ақ, Турағұл Абайұлы 1917 жылғы ақпан жəне
қазан төңкерістері кезінде де Алаш қайраткерлерімен бірге ұлт
мүддесіне қатысты істердің бел ортасында жүреді. Бұл негізінен
бүкіл билік Ресейде Уақытша Үкіметке тиіп, Учредительное со-
браниеге депутат сайлау мəселесі қызу көтеріліп жатқан уақыт еді.
Осыған байланысты Ə.Бөкейханов бастаған ұлт зиялылары жер-
жерде облыстық қазақ сьездерін өткізіп, онда болашақ қазақ авто-
номиясын құру, земстволық басқару жүйесін енгізу, Бүкілресейлік
Құрылтай жиынына депутаттар сайлау, жалпы қазақ сьездерін
шақыру тəрізді т.б. шешімдер қабылданып жатқан болатын.
Мəселен, 1917 жылдың 27 сəуірі мен 7 мамыры аралығында өткен
Семей облысы қазақтарының сьезінде де осындай өмірлік маңызы
зор мəселелер қаралып, жаңадан облыстық қазақ комитетіне
мүшелікке Жақып Ақбаев, Райымжан Мəрсеков, Халел Ғаббасов,
Мұқыш Боштаев, Биахмет Сəрсенов, Əлімхан Ермеков, Ахметжан
Қозыбағаров, ерлі-зайыпты Нұрғали жəне Нəзипа Құлжановтар,
Иманбек Тарабаев, Дəлел Сəрсенов, Əнияр Молдабаев, Мұстақым
Малдыбаев, Мəннан Тұрғанбаев, Турағұл Ибрагимов, Боштаев,
Сатылған Сабатаев, Ыдырыс Оразалин, А.Абылайханов, оларға
кандидаттыққа Жүсіпбек Аймауытов, Құрман Есенғұлов, Шын-
жы Керейбаев, Кəрім Дүйсебаев, М.Молдабаев, Жанай Баиров,
Даниял Ысқақов, Хайретдин Болғанбаев, Ж.Қияқов, Əбдікəрімов,
118
тексеру комиссиясына мүшелікке Құрманбай Мұздыбаев, Мұқан
Тоқтабаев, Əбдірахман Жүсіпов (Юсупов) сайланады.[7]
Ал енді, Əлихан Бөкейхановтың 1917 жылғы «Қазақ» газетін-
дегі «Қазақ депутаттары» мақаласында Бүкілресейлік учредитель-
ное собраниеге депутаттыққа 43 адамның, соның ішінде Семей
облысынан Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Халел Ғаббасов,
Райымжан Мəрсеков, Биахмет Сəрсенов, Əлімхан Ермеков, Ах-
метжан Қозыбағаров, Сатылған Сабатаев, Турағұл Құнанбаев кан-
дидатурасы ұсынылғаны туралы айтылады. [8]
1917 жылдың күзінде Семейде алғаш Алаш партиясының
облыстық комитеті құрылған кезде Турағұл Абайұлы оған мүше
болып енеді. Ол Əлихан Бөкейханов, Халел Ғаббасовтармен бірге
Семей облысының уездері мен ауылдарында аталмыш партияның
бастауыш ұйымдарын құрысуға, сондай-ақ облыстық жəне жал-
пы қазақ съездері жұмыстарына, ел өміріндегі тағы басқадай
қоғамдық-саяси істерге қызу атсалысады.
Осы кезеңде, Семей уездік жəне облыстық Земство жиында-
ры депутаттарын сайлау науқаны қала тұрғындары, соның ішін-
де қазақ жұртшылығының жаппай қатысуымен шиеленісті əрі
тартысты өтеді. Бір есептен оның солай болатын да жөні бар еді.
Яғни, бұл негізінен Семейде түрлі саяси күштер билікке таласқан
кез болатын. Алаш қозғалысы басшыларының елдегі билік тізгіні-
нен айырылып қалмайық деген үндеуіне орай қазақ оқығандары
білек сыбана араласады.Семей уездік Земствосы басқармасының
төрағалығына Ахметжан Қозыбағаров тағайындалып, Семей
облыстық Земствосын Райымжан Мəрсеков басқарады.
Жалпы, Земстволық басқармалар қарапайым халықтың
əлеуметтік-тұрмыстық, өнеркəсіп жəне шаруашылық-қаржы
мəселелерімен қатар сот, милиция құру ісімен де айналысқан
жергілікті өзін-өзі басқару органы болды. 1917 жылдың 10
желтоқсанында өткен Семей уездік Земствосының бірінші
төтенше жиынында облыстық Земствоға Турағұл Құнанбаев, Би-
ахмет Сəрсенов, Константин Павлович Ляшкевич, Əнияр Мол-
дабаев, Имам Əлімбеков, Құрман Есенғұлов, Михайл Степано-
вич Проськов депутат болып, ал депутаттыққа кандидат ретінде
Ермұхамет Аймұхаметов, Құрманбай Мұздыбаев, Мұхамеджан
119
Мұхамедуəлиев, Толымхан Өтепов, Иманбазар Қазанғапов, Дмит-
рий Семенович Шахворстов сайланады. Жəне де ол осы жиында
Земстволық банк пен уақытша құрылған уездік қазақ сотына мүше
болып енеді.[9] Сөйтіп, Турағұл Абайұлы Алаш идеясының Се-
мейдегі белсенді жақтастарының біріне айналады.
Реті келгенде айта кетейік, Семей уездік Земствосына
депутаттыққа сайланған ғұлама ақын Шəкерім Құдайбердиев те
өз замандастары, Абайдың ақын шəкірттері Көкбай Жанатаев,
Иманбазар Қазанғаповтар секілді ұлт мүддесіне қатысты істерден
шет қалмайды. Мəселен, Семей облыстық Земствосының бірінші
төтенше жиынында облыстық соттың төрағасы болып Мұқыш Бо-
штаев, ал оның орынбасарлығына Иманбек Тарабаев, мүшелігіне
Шəкəрім Құдайбердиев пен Смахан Бөкейханов сайланып, бекиді.
[10]
1917 жылдың 5-13 желтоқсан күндері аралығында Орынбор-
да өткен екінші жалпықазақ съезіне Турағұл Абайұлы делегат бо-
лып қатысып, онда Алашорда басшылары тарапынан Бақыткерей
Құлманов, Міржақып Дулатовпен бірге Түркістан қазақтарын
Алаш автономиясына қосу жайын сөйлесуге тағайындалады.
Мұның саяси мəнісін «Алашорда» басшысы Əлихан Бөкейханов
пен Түркістан автономиясының министрі Мұстафа Шоқаев:
«Алаш орда Сырдария қазақтарына мынадай телеграмма берді:
Екінші жалпы қазақ-қырғыз съезі бүкіл Алаш баласын біріктіріп
өз алдына автономия етуге қаулы қылды. Бұл туралы Түркістан
қазағымен келісу үшін, Алаш ордасы 5-інші ғинуарда Түркістан
шаhарына Сырдария облысының съезін шақырады. Съезге бо-
лыс басы бір өкіл келсін. Мұстафа həм жолдастары бұл сьезді 10-
ыншы ғинуарға шақырған еді. Оны өзгертіп, 5-інде болсын делін-
ді. Бақыткерей Құлмановты, Мирякуб Дулатовты həм Тұрағұл
Құнанбаевты жібереді. Уақыт шұғыл, мəселе зор болғандықтан,
шақырылған өкілдер съезге айтылған күннен қалмай келулері ке-
рек еді.
Бұл сьезге болыс басы бір кісінің үстіне мына кісілер арна-
лып шақырылады: Байсын ақсақал Көлдей ұлы, Исуфбек Басығара
ұлы, Ибраhим Қасым ұлы Иманберді ақсақал, Сабырқұл Алла-
бергенов, Мəуленқұл Байзақов, Алдиярбек Рахымқұлов, Əзімхан
120
Кенесарин, Мұхамеджан Тынышбай ұлы, Ерғали Қасым ұлы,
Əлмұхамед Көтібар ұлы, Санжар Асфендияров, Қоңырқожа
Қожабеков, Серікбай Ақаев, Ғабдалрахманбек Оразаев, Сейітжа-
пар Байсейіт ұлы, Қожа Ахмет həм Ахмет Оразай балалары, Садық
Өтегенов, Зұлқырнай Сейдалин, Алдабек Мангелдин, Мұстафа
Шоқаев, Əуез Досбол ұлы, Қалжан Қоңыратбай ұлы, Тəшім Айпен
ұлы» деп түсіндіреді.[11] Ал «Қазақ» газетінің кезекті бір санын-
да олардың желтоқсан айы соңында Орынбордан Түркістан шаhа-
рында болатын Сырдария қазақтарының облыстық сьезіне шұғыл
аттанып кеткені туралы хабарланған.
Турағұл Абайұлы Алашорда үкіметінің өміріндегі бұдан басқа
да саяси маңызы зор істерге үнемі араласып отырған. Соның бірі -
Алаш атты əскеріне қатысты айғақтар. Бұрынғы облыстық, бүгінгі
Семей қалалық жаңа тарихи құжаттама орталығындағы «Список
организаторов Алашского конного партизанского полка, участ-
ников организации против Советской власти в 1918 года прави-
тельства Восточной Алаш-Орды»[12] деген ресми құжатта оның
есімі Əлихан Бөкейханов бастаған қырыққа жуық адаммен бірге
аталады.
1918 жылдың жазында Алтай губерниясы бағытында
қызылдарға қарсы болған қанды шайқастарға Алаш атты əскері
полкының құрамында Халел Ғаббасов, Биахмет Сəрсенов,
Қаражан Үкібаев, Тоқар Бегімбетов, Ғабдолла Қоскеевтармен бір-
ге Турағұл Құнанбаев та қатысып, Семейде большевиктер қолынан
қапыда оққа ұшқан Алаш милициясының тұңғыш командирі Қазы
Нұрмұхамедұлының кегін қайтарады.[13]
Өкінішке орай, Турағұлдың осы Алаш əскеріне қатысы Кеңес
өкіметі орнағаннан кейінгі кезеңде түрлі айыптауларға негіз
болған. 1920 жылы Семей губерниялық революциялық комитетіне
Шаған болысынан əлдекімдер Т.Құнанбаев туралы:
«Как только началось революция у нас в Россиии мы делались
во вражде с нижеследующими лицами - киргизы Чаганской воло-
сти: 1) Бейсенбай Ержигитов, 2) Турагул и Мекаил Ибрагимовы, 3)
Билял Кунанбаев, 4) Омиртай Акбердин, 5) Ракымжан Макышев,
6) Сулеймен Джиренчин, 7) Аубакир Оспанов, 8) Нурпеис Акы-
лпеисов, 9) Сатыбалды Аллабердынов, 10) Тлеугабыл Орманов.
121
Выше названные киргизы, все 10 человек при белых служили на
воластных должностях и страшно сочувствовали белым, так что в
прошлом году отбирали бедняков, рогатый скот и верховых лоша-
дей, бесплатно жертвовали белым.
Кроме того из числа этих 10 человек Турагул Ибрагимов и
Тлеугабыл Орманов с киргизскими войсками долго были на стан-
ции Рубцовске и дрались с красными... Теперь же вышеуказанные
киргизы забрались с лисьим хвостом в Советскую власть и сей-
час их выбрали опять должностными лицами в Чингизскую во-
лость, представителями волостного ревкома и помощниками, так
как кроме наших родственников почти все киргизы Чингизской
и Чаганской волости сочувствуют белым, даже некоторые слу-
жат в Губревкоме. Теперь же вышеназванные лица стараются нас
обобрать и ложно обвинить. По этому в виду вышеизложенного
обстоятельство мы покорнейше и усерднейше просим отстранить
хотя бы вышеназванных киргиз от должности, а на месте их назна-
чить более благонадежных людей...» - деп арызданған.[14]
Сол сияқты «Степная правда» газетінің редакциясына белгісіз
біреудің атынан жолданған тағы бір мынадай домалақ арызда:
«Товарищу Редактору!
Просим поместить в газете «Степная правда» следующее:
В статье «Степная правда» от 13 мая №101 опубликован спи-
сок к выборам в Советы, Губернской избирательной комиссии,
членом этой комиссии состоит Габбасов Халиль (местный Алаш-
ский кулачек), деятельность Габбасова при власти Колчака была
такова:
Габбасов Халиль с прочими своими сослуживцами с начала
1918 года был помощником Главнокомандующего и организато-
ром Алашского киргизского добровольческого белогвардейского
конного полка, как было опубликовано в газете «Сары Арка» от
18 мая 1918 г. №45. Этот же Габбасов участвовал со своей Киргиз-
ской белогвардейской добровольческой бандой и Семиреченской
и Рубцовской фронтах, против Кр. Армии.
Габбасову Халилу в газете «Сары Арка» №43, 44, 45 и 83 сов-
местно с его соучастниками полковником Караевым была выраже-
на благодарность за доблестные успехи на фронтах против Кр. Ар-
122
мии, а так же за деятельность в тылу по выловливанию большеви-
ка, избивая и насилуя и предавал на военно-полевому суду. В честь
его Габбасова победы на фронтах в Городском саду был устроен
обед, прежде чем поехать на фронт. Габбасову и его соучастникам
(была дано) Духовные молитвы дабы победить Кр. Армию» - деп
жазып, ақ бандыны ұйымдастырушылардың Қаражан Үкібаев, Би-
ахмет Сəрсенов, Халел Ғаббасов, Ике Əділов, Мəннан Тұрғанбаев,
Мұстақым Малдыбаев, Имам Əлімбеков, Ахметжан Қозыбағаров,
Райымжан Мəрсеков, Əнияр Молдабаев, Иманбек Тарабаев, Та-
станбеков, Əмзе Торайғыров, Смағұл Əділов, Жұмжұма Үкібаев,
Құлсүлеймен Жиреншин (старшын, бұрынғы 7 ауыл, Шаған бо-
лысы), Нығмет Үйсімбаев, Кəрім Дүйсембин, Əмзе Наримжанов
екенін ерекше атап көрсетеді.[15]
Алашорда үкіметі өмір сүруін тоқтатқанымен, Алаш
қайраткерлері осы жылдары ел басқару ісінде немесе оқу-ағарту,
мəдениет, шаруашылық салаларында болмасын өздерінің қызметін
тоқтатпады. 1920-1922 жылдары Əлихан Бөкейханов пен Халел
Ғаббасов Семей губерниялық атқару комитетінде, Міржақып
Дулатов губерниялық сотта жауапты қызметтер атқарды. Ал,
Турағұл Абайұлы Шыңғыс болысында халық соты болып істеді.
Мəселен, 1919 жылы Шыңғыс елінің болысы Білəл Құнанбаев Се-
мей уездік Земство басқармасына ұсынған бір топ ауылдық халық
соттары тізімінде Абай балалары - Турағұл, Мекайыл, Ізкайыл
Құнанбаевтармен қатар Шəкəрім Құдайбердиев туралы - «присяж-
ный заседатель, Шакарим Худайбердин, 62 лет, грамотный, № 2
аул» деген.[16]
Алаш қайраткерлеріне Кеңес өкіметі тарапынан кешірім
жасалғанымен, бірақ та бұл уақытша елді алдау болды. 1922 жылы
Семейде Əлихан Бөкейханов пен Міржақып Дулатов тұтқынға
алынғанда, Турағул да түрмеге жабылып, төрт айдай отырып
шығады.[17] Ол туралы Гүлнəр Міржақыпқызы Дулатова: “...Əкем
1921-1922 жылдары Семей губсотында жұмыс істеді де, біз Комис-
сарская көшесіндегі Əнияр Молдабаевтың екі қабатты жекемен-
шік үйінде тұрдық (кейін Абай музейі болды). Үстіңгі қабатында
біз – Дулатовтар, біріншісінде Əлихан атекемнің (Бөкейханов) үй-
іші жайғасқан еді... Əкем мен Əлихан Бөкейханов атекемді Совет
123
өкіметі Семей түрмесіне қамайтын кезі-сол 1922 жыл. Қамауға
алған кезде біз Шыңғыстауда жатқамыз. Бір күні, қыстың орта
шені болу керек, Семейден базарлап келген қалашы бізге көңілсіз
хабар жеткізді: Əлихан атам мен əкемді Семей түрмесіне қамапты.
Үрпиіп қалдық. Хабарды ести сала Өміртай ағаның ауылынан
шықтық. Абай атамның ауылына бір түнеп, сый-құрметтерін
көріп, асығыс Семейге жеттік. Келесі күні шешем түрмеге тамақ
тасуға рұқсат алып келді. Жұрт – əкемнің қаладағы бай таныстары,
оқушы жастар кезектесіп тамақ, темекі жеткізіп тұрды. Кішкен-
тай болсам да, түрмеге баратын күні шешемнен қалмаймын. Осы
уақытқа шейін Семей түрмесі көз алдымнан кетпейді...” дейді.[18]
Бұл арада олардың тар қапастан аман-есен босап шығуына тікелей
сол кездегі Семей губерниялық атқару комитетінің мүшесі Мұхтар
Əуезов [19] пен Түркістан республикасының басшылары Тұрар
Рысқұлов, Сұлтанбек Қожановтардың [20] көмегі тиген еді.
Алайда, Əлихан Бөкейханов 1922 жылдың күзінде айдауыл-
мен күштеп Мəскеуге жер аударылады. Содан, 1927 жылы екін-
ші рет қамауға алынғанға дейін үш əріптің бақылауында жүріп
КСРО Халықтары Орталық баспасының Қазақ секциясында
əдеби қызметкер болып істейді. Бірақ та, елде қалған бұрынғы
Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Абдолла Байтасов,
Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Əуезов, Смағұл Сəдуақасов, Ха-
лел Досмұхамедов, Сұлтанбек Қожанов, Даниял Ысқақов тəрізді
т.б. талай тар жол, тайғақ кешуде сыналған үзенгілестерінен қол
үзбейді. Алаштың бір ардагер ұлы - А.Байтасов өзінің жақсы сый-
лас досы, атақты жазушы Жүсіпбек Аймауытовқа жазған хатын-
да: «Мағжан, Əлекең «Восиздаттың» нау.сотрудниктері. Мүмкін
бұлар арқылы жазуға кітап та аларсың. Мектеп балалары оқитын
əдебиет кітаптарын қазақшаға аудару керек дейді, оларды осы
күннен сұрауың керек сықылды» дейді.[21] Бұл кезеңде, Алаш
арыстары саяси аренадан кеткенімен де, əдебиет пен мəдениет май-
данында ұлт мүддесін қорғап қалу мақсатында күреседі. Мəселен,
сондай үлкен жұмыстың бірі Мəскеудегі Əлихан Бөкейхановтың
басшылық жасауымен Қазақстанда құрылған «Алқа» ұйымы
болды. Міне, осы беделді ұйымға Турағұл Абайұлының да бел-
гілі бір дəрежеде қатысы болған секілді. Өйткені, ол 1925 жылы
124
А.М. Горькийдің «Челкаш» əңгімесін алғаш рет қазақ тіліне ау-
дарып, Мұхтар Əуезовтың редакторлығымен Семейде шығып
тұрған «Таң» журналының №3,4 сандарында жариялайды. Ал,
1927 жылы Əлихан Бөкейханов қызмет істейтін Мəскеудегі КСРО
Халықтары Орталық баспасынан Турағұл Абайұлының қазақшаға
аударуындағы А.Неверовтың «Ортақшыл Мария» жəне «Мен
өмірге жерікпін», Джек Лондонның «Баланың ерлігі», Болеслап
Прусұлының «Антек қыран» əңгімелері өз алдына жеке-жеке
кітап болып басылып шығады. Сонымен бірге 1926 жылы Семей
губерниялық баспасынан «Қолдағы малдардың, құстардың құрт
ауруы болмағы жайы» (авторы А.Бельцер), 1927 жылы КСРО
Халықтары Орталық баспасынан «Балалы əйел не білу керек?»
(авторы Г.Сперанский) деген аудармалары жарық көреді. Осы
фактілердің өзі-ақ Əлихан, Мұхтар, Турағұл арасындағы достық
əрі туысқандық байланыстың ешқашан үзілмегендігін көрсетеді.
Əлекең секілді, 1927 жылы Турағұл Абайұлы да екінші рет
қамауға алынып, 1928 жылдың көктеміне шейін Семей түрмесінде
жатады. Түрмеден шыққан соң көп ұзамай мал-мүлкі кəмпескеленіп,
Шымкентке жер аударылады.[22] Мысалы, Турағұл Абайұлын
қудалауға байланысты Семейдегі Шығыс Қазақстан облысының
қазіргі заман құжатнама орталығында «Дело Ибрагимова Турагу-
ла о выселении и конфискации скота» [23] деген құжат сақталған.
Сондай-ақ, мұндай құжаттарды Алматыдағы Республикалық Мем-
лекеттік Орталық мұрағаттағы Т.Құнанбаевқа қатысты қозғалған
қылмыстық қылмыстық іс қағаздарынан да кездестіреміз.[24]
Бұл құжаттардың бірінде, яғни Бай-кулактардың мал-мүлкін
тəркілеу жөніндегі Семей округтік комиссиясының 1928 жылдың
19 қарашасындағы қаулысында [25] облыс көлеміндегі бір топ
ауқатты адамдармен бірге Турағұл Абайұлының да істі болып,
бүкіл отбасымен жер аударылғаны айтылады. Аталмыш қаулыда
оның отбасы құрамы туралы төмендегідей деректер берілген:
Зайыбы Миса – 58 жаста.
Екінші зайыбы Сақыпжамал – 53 жаста.
Ұлы Жебрəйіл (Том политехникалық институтында оқуда) –
25 жаста.
Ұлы Зүбайыр – 23 жаста.
125
Келіні Қанағат – 23 жаста.
Келіні Рахия – 18 жаста.
Ұлы Алыпарыстан (дұрысын айтсақ немересі – Е.С.) – 5 жаста.
Немересі Кенесары – 3 жаста.
1928 жылдың күзіндегі Т.Құнанбаевты айыптау кезінде одан
36 бас ірі қара малымен, 7 бөлмелі үйі, алты қанат киіз үй мен
кілемі тəркіленіп алынады, ал өзі отбасымен бірге Шу өңіріне
жер аударылады. Сол бір аласапыран жылдардағы өмірдің ауыр
азабы туралы Турағұлдың кенже қызы Мəкен апайдың аузы-
нан естіген əңгімесін журналист Тоқтархан Шəріпжанов «Абай»
журналындағы «Əкеге лайық қыз туған» көркем очеркінде:
«Турағұл Абайұлы «Бейнет те, дəулет те Алладан» деп, от-
басымен Шу өңіріне айдалып кете барды. Голощекиннің қолдан
əдейі жасаған аштығынан қалың ел қырылып жатқанда қырғызға
өтіп жандары қалды. Сақыпжамал екеуі Тоқпақта жүргенде бала-
ларын жетелеп Ақила жетті арып-шаршап. Күйеуін, қайынатасы
мен қайнағасын ГПУ түгел атып тастаған екен. (1931 жылы
Ақлияның қайынатасы Медеу мен күйеуі Санияз, қайынағасы
Мəукіл оққа ұшты – Е.С.). Өрттен қашқан балапандай тізіліп, əке-
шешесін қырғыздан іздеп табуының өзі ерлік еді.
Кіші қызы Мəкен (Мағрипа) сол əкесі кəмпескеге ілінген 1928
жылы өз ауылының оқыған жігіті Мұқаметжанның Ұлықбегіне
тұрмысқа шығып кеткен болатын. Заң қызметкері болып істейтін
күйеуі Үржарға прокурор болып барғаннан біраз уақыт өткенде,
«байдың қызын алған» деген айыппен тергеуге жабылады. Бірақ,
өз шыққан тегі кедей болғандықтан əрі өзі аса сауатты, шешен жігіт
екі-үш айдан кейін ақталып, босап шықты. Содан соң, оны 1932
жылдың соңын ала Жамбыл облысындағы Меркіге ауыстырып
жіберген. Осында келіп орналаса сала Құнанбайдың кенже ұлы
Оспаннан қалған гауhар жүзікті базарлап алып, соның пұлымен
Мəкен қырғыздан əке-шешесін іздеп тауып алған. Ақиланың бала-
шағасын қоса бағып, қалт-құлт етіп отырған əкесіне Алпашты
аман апарып, документін жөндеп тапсырып берген-ді» деп жаза-
ды. Жəне де ол жүрегі жаралы ақынның өмірден өтер алдындағы
қызына айтқан аманатын «...Қажы ағаң мен Мекайылды қай
жазығы үшін атыпты? Зият пен Бердеш Қытай кетті тентіреп. Ахат
126
ағаң айдауда жүр. Жебрайыл Ташкенде өлді. Сонда, бұлардың
жазығы не? Сен мұны қазір түсінбегеніңмен, артынан ұғасың.
Жылама, балам. Азды-көпті болсын 59 жас жасадым, жақсы-
жаманды көрдім. Жалғыз тұяқ Алпашым, екеуің аман болыңдар.
Дүние жолдас болмайтынына көз жетті ғой, бірақ өлмейтін қазына
- өнер мен білім. Алпашты оқытыңдар. Өзіңе аманатым - əкеңнің,
Абайдың бүкіл əндерін, жалғыз ол кісінікін ғана емес, атылып кет-
кен қажы ағаңның, Мұқаметжан ағаңның, Ағашаяқтың əндерін,
бүкіл Сарыарқа – Шыңғыс өңірінің өз құлағыңа сіңген өнерін
сақта. Нағыз өнер заманға бағынбайды, түптің түбінде қазаққа
қазына болып қайта оралады. Сол күн туа қалғанда іздеп тап-
пай қалмасын мына қалың елің... Мұхтарға да осыны айтқайсың.
Енді мен армансыз өлемін. Мен десең – жылама, қайта «əкемді
қолымнан жөнелттірген Аллаға ризамын» де» дей келіп, «...
Осыдан екі күн өткенде, 1934 жылғы наурыздың 6 жұлдызында
Абайдың Əйгерімнен көрген тұңғышы Турағұл Ибрагимұлы
Құнанбаев өзінің кенже қызы Мəкеннің көз алдында, соның
күтімін көріп дүние салды. Осыдан екі жыл өткенде Турағұлдың
достары Сыздық Байысов, Ахметжан Қозыбағаровтар қолға алы-
нып, атылып кетті. Осыдан екі жыл өткенде Мəкен Турағұлқызы
радиокомитетке əнші болып орналасты. Осыған қол ұшын беріп
көмектескен Мұхтар Омарханұлы Əуезовтың өзі болатын. Ол кісі
Мəкеннің əншілігін жоғары бағалайтын» деп түйіндейді. [26]
Турағұл Абайұлының ұрпақтарына келсек, əйелдері Миса мен
Сақыпжамалдан Ақылия, Жебрəйіл, Зүбайыр, Мəкен есімді пер-
зенттер сүйгені белгілі. Үлкен қызы Ақылия (Ақыш) жастайынан
ақын атасы Абайдың бауырында өсіп, бойжеткен. Бесіктегі кезін-
де Шыңғыс елінің атақты бай-шонжары Оразбайдың Медеу деген
баласынан туған Санияз атты немересіне атастырылып, тұрмыс
құрған. Мұхтар Əуезовке Абай төңірегіндегі ұлағатты адамдар ту-
ралы мол құнды деректер берген. Ұзақ жылдар республикалық опе-
ра жəне балет театрында Абай заманының сахналық киім үлгілерін
тігетін шебер болып істеді. 1990 жылы Алматы қаласында 90
жасына қараған шағында өмірден өтті. Соңына өмірден көрген-
білгені туралы естелік жазып қалдырған.
Ал, Турағұлдың ұлдарының өмірі де оның өз тағдыры секілді
өте қайғылы болды. Абай əндерін ел ішінде таратушы домбыра-
127
шы, əнші баласы Жебрəйіл Томск политехникалық институтын-
да оқып жүргенде қудалауға ұшырап, оқудан шығарылды. Одан
соң, 1928-1929 жылдары мал-мүлкі тəркіге түсіп, жер аударыл-
ды. Келесі ұлы Зүбайыр да соның кебін құшады. Жебрəйіл 1930
жылы Шымкентте 27 жасында, Зүбайыр 1933 жылы Бішкекте 26
жасында атажұрттан алыста көз жұмды. Турағұлдың Кенесары де-
ген немересінен ешқандай дерек жоқ. Алыпарыстан атты немере-
сі туралы «Абай» энциклопедиясында: «Алпаш Оспанұлы (1922-
1990) Абайдың баласы Турағұлдың немересі. Өз əкесі Жебрəйіл,
Абайдың інісі Оспанның атына жазылған. Ұлы Отан соғысына
қатысып, мүгедек болып оралған. Алматы қаласында тұрып дүние
салған» деп берілген. [27]
Кенже қызы Мəкен «жастайынан өнерге ықыласты, əкесі
Турағұлдан ақын атасы туралы естелік-əңгімелерді көп естіп,
Абай əндерін ыждаhаттылықпен үйреніп өскен» дарынды жас
болды. Абайдың əн мұрасын осы заманға жеткізушілердің бірі са-
налады. М.Əуезов оның бұл еңбегін жоғары бағалап құрметтеген.
Оның орындауындағы Абай əндерін А.Жұбанов, Б.Ерзакович,
А.Серікбаев, Қ.Жүзбасов тəрізді белгілі музыка зерттеушілері
нотаға түсіріп, үнтаспаға жазып алған. 1986 жылы «Өнер» баспа-
сынан жарық көрген «Айттым сəлем, қалам қас» жинағына Мəкен
Турағұлқызының орындауындағы Абайдың 19 əні енген. Ол ар-
тына əкесі Турағұл туралы естелік жазып қалдырған. Ақылия
Турағұлқызы секілді Мəкен апай да Алматы қаласында 2002 жылы
90 жасында өмірден қайтты.
Ұлы Абайдың сүйікті баласы, əрі ақындық мектебінің дарын-
ды шəкірті, Алаш ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткері
-Турағұл Құнанбаевтың қоғамдық-саяси қызметі, сондай-ақ оның
ұрпақтарының кешегі Кеңестік тоталитарлық заманда бастан кеш-
кен өмір тарихы осындай...
Пайдаланған əдебиеттер:
1. Абай, №3, 2009.
2. Бөкейханов Ə. Шығармалар. - Алматы: «Қазақстан», 1994. 263 б.
3. Козыбаев М.К. Проблемы методологии, историяграфии и источ-
никоведения истории Казахстана (Избранные труды): Алматы:
«Ғылым», 2006. Стр.152.
128
4. Қазақ, 1916. №194.
5. ЦДНИ ВКО, ф.48, оп.2, д.1.
6. Қазақ, 1916. №179.
7. РК ЦГА, ф.15, оп.2, д.422.
8. Қазақ, 1917. №235.
9. ЦДНИ ВКО, ф.37, оп.1, д.98. л.2, 13.
10. ЦДНИ ВКО, ф.37, оп.1, д.26, л.5-5 об, 6-6 об.
11. Қазақ, 1917. №255.
12. ЦДНИ ВКО, ф.1п, оп.1, д.21, л.7.
13. Сарыарқа, 1918. №44.
14. ЦДНИ ВКО, ф.1, оп.1, д.21, л.5.
15. ЦДНИ ВКО, ф.1, оп.1, д.21, л.3.
16. ЦДНИ ВКО, ф.37, оп.1, д.7.
17. Мұхамедханов Қ. Абайдың ақын шəкірттері. 1-кітап. Алматы: РГЖИ
«Дəуір», 1993. 175 б.
18. Дулатова Г. «Əкемді ГПУ əкеткенде он екіде едім...». Ақжол, 2000.
№6.
19. Движение Алаш. Апрель 1920-1928 г.г. Алматы: «Ел-шежіре», 2007.
Т. 3. Кн. 1. Стр.131.
20. Россия и Центральная Азия. 1905-1925 г.г. Сборник документов. -
Караганды: Изд-во КарГУ, 2005. Стр.373.
21. Жұртбай Т. Алаш ақиықтары. Мақалалар, деректі құжаттар, аудар-
малар. Алматы: «Алаш», 2006. 18 б.
22. Мұхамедханов Қ. Абайдың ақын шəкірттері. 1-кітап. Алматы: РГЖИ
«Дəуір», 1993. 175 б.
23. ЦДНИ ВКО, ф.74, оп.4, д.40.
24. РГА, ф.135, оп.1, д.374.
25. ЦДНИ ВКО, ф.74, оп.4, д.40, стр.6.
26. Шəріпжанұлы Т. Əкеге лайық қыз туған. «Абай» журналы, №11,
1994.
27. Абай энциклопедиясы. Алматы: «Атамұра», 1995. 70, 82, 402-б.
Достарыңызбен бөлісу: |