Қазақстанның «АҚ жол» демократиялық партиясы xxi-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы Астана – 2014 ж


Джамбайұлы Халықаралық Бизнес  Академиясының 4-ші курс студенті АЛАШТЫҢ МҰРАТЫ



Pdf көрінісі
бет5/28
Дата12.03.2017
өлшемі5,45 Mb.
#9204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Джамбайұлы

Халықаралық Бизнес 

Академиясының

4-ші курс студенті



АЛАШТЫҢ МҰРАТЫ 

Эссе

Қалың  бұқара  қазақ  елі  кез-келген  тақырыпқа  сипат  берген-

де, неше түрлі теңеулерді үйлестіріп, сөздің төркінін анықтап, оны 

дəлелдермен қазықтап таба білген. Алайда, жетпіс жыл отар болып, 

біз  үшін  басқалардың  ойлағанына  көніп,  өзгелердің  көзқарасын 

білуден  бұрын  өзіміздің  көзқарасымызды  білмей  қалатынымыз 

тағы  бар.  Өйткені,  халықты  жойғысы  келгендер  ең  алдымен  сол 

халықтың тарихын жоятынын белгілі. «Менің елім – Қазақстанның» 

тарихын  жойғысы  келгендер  зиялы  тұлғаларымыздың  мінез-

құлқын теріс бағалағанын көп байқадым. Ең жаманы - сол идеоло-

гияны біздің жастардың санасына енгізгісі келгендігінде. Осы се-

бептен де, байқауды ұйымдастырушыларға алғыс білдіре келе, мен 

азат қазақ халқына үлгі болар қандастарымыздың экономикалық 

көзқарастарын, Кеңестік заманның кітаптарыменен емес, шынайы 

құжаттың, хаттардың түп-нұсқасы бойынша жиналған кітаптарды 

қолдана  отырып,  Егемен  елдің  жастарының  нарық  заманындағы 

экономикалық көзқарасымен бағдарлауды жөн көрдім. 


57

Жазылған  ЭССЕ-нің  экономикалық  тақырыбы  кең  ұғымды 

түсінік  беруі  үшін,  тарихи  деректерді  хронология  бойынша 

баян дамай,  экономикалық-менеджмент,  экономикалық-саясат, 

экономикалық-қаржылық түрлерде сипаттадым. Жазылған еңбек-

те,  өзімнен  бір  жаңалық  енгізейін  деп,  бір  ғасыр  бұрын  болған 

оқиғаларды  қазіргі  замандағы  экономикалық  көзқарастармен 

бағамдауға тырысып, əрі тақырыпта көрсетілгендей, Қазақстанның 

қазіргі  жағдайы  үшін,  өзектілігіне  тоқталдым.  Əр  көзқарасты 

нақтылай  түсу  үшін,  ЭССЕ-ні  реттік  сандар  бойынша  бөлуге 

мəжбүр  болдым.  Ал,  енді  олардың  əрқайсысына  жеке-жеке 

тоқталып өтер болсақ:



1..Алашорда үкіметінің экономикалық менеджмент тұрғысынан 

жапондық «кайзен» секілді жүйелерден гөрі американдық модельді 

дұрыс көргендігі. Яғни, басқаруда ұлтшылдық емес, ұлтжандылық 

принциптің болуы. Дəлел ретінде, Ə. Бөкейханов ұлттық автоно-

мияны жариялау барысында үкіметтегі 25 орынның 10 қазақтармен 

бірдей Қазақстанда мекендейтін басқа ұлт өкілдеріне беру туралы 

ұсынысын ала аламыз. Ə. Бөкейхановтың бұл істі экономикалық 

тұрғыдан тиімді деп бағалағанына еш күмəн жоқ. Себебі:

а)  Адам  капиталының  шектеулігімен  байланысты  мəселе 

шешіледі;

ə)  Өндірістік  факторларды  игерген  шетелдік  мамандардың 

мотивациялануына күш беріледі;

б)  Əлемдік  буржуазиялық  күштерден  инвестициялық  са-

лымдар алуға үлкен қолдау болады; 

в)  Экономикалық  тұйықталу  жүйесінен  ажыраудың  ұтымды 

жағдайларына алып келеді;

Осындай  зор  стратегиялық  маңызды  ой-түйіндерді  байқай 

келе, бізге тек осы азаматтарды мақтан тұту ғана қалды. Ойымды 

тағы  да  нақтылар  болсам,  большевиктер  ымырасыз  қарсылықта 

идеологиялық  артықшылықтарын  байқатты.  Қалай?  Большевик-

тер ең алдымен əлеуметтік мəселелерді шешуге уəде беру арқылы 

қалың көпшілікті өз жағына тарта бастады. Ал, «тақыр жерге тары 

шықпасын» ұғынған қандастарымыз экономиканың тамырына ал-

дымен қан жүргізу қажет екенін түсініп, жоғарыдағы нəтижелерге 

жетуге мүдделі болды. Ағымдағы жылдары Қазақстанның осыған 


58

ұқсас,  жаһандандық  инвестициялану  үдерісінен  үмітті  екенін 

білгеніміз жөн.

2.. «Ауруын  жасырған  өледі»  демекші,  жалпы  жер  бетіндегі 

əрбір халықта бар, ал қазақ жерінде ерекше дамыған экономикалық 

дерт  жемқорлықты  атап  өтуді  парыз  көрдім.  Əлгі  осы  күнге 

дейін  шешімін  таппай  жүрген  бұл  дертпен  Алашордашылардың 

қалай  күрескенін 2 желтоқсан 1917 жылы  шыққан  «АЛАШ» 

партиясының семей облыстық комитетінің ашылуы мен құрылтай 

жиналысына депутат сайлау барысы туралы редакциялық «Алаш 

партиясы» атты мақаладан көре аламыз. Онда: «Алаш программа-



сынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шыннан қайтпайтын, 

жақындық,  туыстыққа  бүйрегі  бұрмайтын,  дүниелікке 

қызығып сатылмайтын, шыншыл, адал, тура кісі кіреді.»- деп 

жазылған.  Əрине,  резюмеде  адам  өзінің  мінез-құлқын  мақтап 

жаза алатындай, бұл партияға кіргісі келгендер жоғарыда аталған 

қасиеттерге  лайықты  болмаса  да,  өзін  соған  балап  келуі  мүмкін 

деп ойларсыздар. Алайда, мақаладағы жазылған түйін – партияға 

қабылданудың  өзінде  көрініс  табатын  жемқорлықтың  болмауы. 

Яғни,  азаматтарды  партияға  қабылдауда  ешқандай  дүние  талап 

етілмейді деген сөзі деп түсінемін. Дулат Бабатайұлы жырлап кет-

кендей: «Келелі биде кезек жоқ, Қу тиын болыс сайлауы...» - атты 

сөздерін санаға түйіп, «балық басынан шіритіндігін» түсінген зи-

ялы  қауым,  алдымен  өздерінен  бастап  осы  дерттен  құтылғанын 

баяндайды. Экономикалық жағынан тиімділікті тағы да нақтылай 

түсер болсам: 

а)  Американдық  үлгідегі  атқарушы  билікке  сайланудағы 

демократияның дамуына алып келеді;

ə)  Қазақ  өлкесіндегі  бытыраңқы  партиялардың  интеграция-

сы есебінде ортақ үкімет құруға алып келеді. Бұл өз есебінде сол 

кездегі Əнияр Молдабаев жауапты болған қазынаға оң əсерін бе-

реді;  

3.  1917  жылы 2 желтоқсанда  Торғай  уезі  Земствосының 

қарарларымен  таныса  келе,  Алашордашылардың  экономиканы 

жақсарту үшін атқаруға бел буған негізгі іс-əрекеттерді байқаймыз. 

Құжат  бойынша:  «Торғай  уезінің  земский  собраниесі 16-21 ок-



тярьде болып өткен собраниеде қаралған мəселелер мынау:

59

10) Ярмарка жəйі.

11) Шаруашылық ісін алға бастыру қамы: суларды жаю, су-

сыз жерлерді суландыру, жердің ағашын молайту, егін, шабын, 

қорықтарды қорғау шарасы, шаруаға керек машиналар складын 

ашу.

12) Мал саулығы

13) Малды асылдандыру

Бұл жайт бойынша, Алашордашылар қазақ нарығындағы тау-

ар айналысын жақсарту арқылы оның дефицитін шешудің жолын 

іздестірді.  Меркантилистердің  пікірі  де,  физиократтардың  пікірі 

де  ескерусіз  қалмады.Өйткені,  жəрмеңкеде  негізгі  тауар - же-

міс-жидектер  нарықта  сатылу  үстінде.  Экономикалық  көзқарас 

бойынша,  А.  Смиттің  «көрінбейтін  қол»  теориясы  негізінде 

тұтынушылардың  мүддесін  қорғай  отырып,  саудагерлердің,  жер 

баптаушылардың, малшылардың өнертапқыштығын молайту деп 

түсінсек  болады.  Сонымен  қатар,  шаруашылықта  қолданылатын 

машиналар  складын  ашу  арқылы  автоматтандыруды  да  мақсат 

тұтқанын атап өту арқылы экономика тұрғысынан, Қазақстанның 

2050  жылға  бағытталған  стратегиясының  кейбір  пунктерімен 

қабысатын  дүниеге  тап  боламыз.  Алашордалықтар  көздеген 

экономикалық тиімділікті нұсқалай өтейін:

а)  Тауар  дефицитінің  мəселесі  тауар  ұсынысы  мен 

сұранысының артуымен шешіледі;

ə)  Суларды жаю арқылы егістіктің мəселелері шешіледі, мал-

дарды  асылдандыру  арқылы  олардың  санын  көбейтеді.  Себебі, 

астық  пен  мал  қараңғы  қазақтардың  жəрмеңкеде  ұсына  алатын 

тауарлары екенін білді. Өйткені бізде, техника тапшы, тұрмыста 

қажетті  құралдарды  өндірмейміз.  Яғни,  қандастарымыз  осы  екі 

саладағы нарықта басымдылыққа ие болуға тырысты. Жəне де ма-

шиналар складына салынатын техниканың өзін де, осы жəрмеңке 

есебінен толтыруды көздегені анық.

б)  Жердің  ағашын  молайту  арқылы  егістікке  де,  мал 

шаруашылығына да жəрдем бере алады. Қалай? Егістікті топырақ 

эррозиясынан  сақтаса,  ағаш  түбіне  паналайтын  жануарлар 

қалдықтары арқылы грунт қабатын құнарлатуды көздейді. Соны-

мен қатар, қандай да егіс болмасын, қазіргі орылып болған жерде, 


60

малдардың  жайылуы,  сол  малдың  етті,  сүтті  болуына  оң  əсерін 

тигізеді;

в)  Машиналар  складын  салу  арқылы  техниканы  ди-

версификациялайды 

жəне 


де 

шаруашылықтың 

барлық 

түрлерін  автоматтандыруға  мүмкін  алады.  Бұл  өз  кезегінде 



шаруашылықтардың экстенсивті ғана емес, интенсивті де дамуы-

на алып келеді;



4.  Əрине,  жаңадан  құрылып  келе  жатқан  автономияның 

қазынасы  шектеулі  бола  тұра,  əлеуметтік  шараларға  қалай  ақша 

бөлгендігін  кішкене  қарастырып  өтейік. 5-13 желтоқсан 1917 

жылы  болған,  Əлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынұлы,  Елдес 

Омарұлы,  Сағындық  Досжанұлы,  Міржақып  Дулатов  шақырған 

«Жалпы  Қазақ-қырғыз  съезінің  кейбір  қаулыларына»  назар 

аударсақ:

2)  Бүліншілікке,  ашаршылыққа  ұшыраған  Жетісу  Қырғыз-

қазағына  һəм  түрікпенен  талан-тараж  көрген  қазақтарға  да 

бүкіл қазақ облыстары болып жан басы бір сомнан жəрдем берсін. 

Бұл ақша байға байша, жарлыға жарлыша əділдікпен бөлініп жи-

налсын. Бұл ақшаны тез жиып тапсыру жергілікті управаларға 

міндет.  Халықтың  жағдайы  экономикалық  тұрғысынан  шведтік 

салықтық  модельге  ұқсас  төлем  жинауға  мəжбүр  етті.  Мұны  біз 

байға  байша,  жарлыға  жарлыша  əділдікпен  жиналған  төлемнен 

көре аламыз. Алайда, Алашордашылардың көзқарасы шведтік мо-

дельден əлдеқайда жоғары болды деп ауыз толтыра аламын. Себебі, 

шведтерде бұл салық ретінде болып, тапқан табысыңа байланысты 

төлесең жəне аз табыс табуыңа байланысты, мемлекеттен жəрдем 

алуың халықтың əрдайым тоқ болуына алып келеді. Ал, егер адам 

жұмыс  істемей  де  тоқ  болатын  болса,  халықтың  жалқаулығына 

алып келеді, экономикалық бейберекетсіздік пайда болады. Ал, бі-

зде бұл модель зардап шеккен аумақтарға ғана қолданылды. Міне, 

ата-бабамыздың көрегенділігінің белгісі. Құжат бойынша:



Сиез Міржақып Дулатовтың докладын бап-бабымен тек-

серіп,  ұлт  мектебін  көркейтуге  ешкімнің  таласы  жоқ  екенін 

еске алып, алдымен қазақ тілінде бастауыш һəм орта мектеп-

те оқытатын оқу құралдарының жетіспеуін атады. 

Əрбір  жазылып  даяр  болған  кітап  тоқтаусыз  басылып 

отырсын.  Жазылған  кітаптардың  неше  дана  басылатынын 

61

һəм  оларды  бастыру  үшін  қанша  ақша  керек  болатынын  ко-

миссия  мөлшерлесін.  Кітап  басу  үшін  комиссия  керек  қылған 

мөлшердегі ақшаны облыстық земстволар тоқтаусыз жинап 

тапсыруға міндетті болсын. Яки бұл ақша халық қазынасынан 

алынатын  болсын.  Бұл  жерде,  адам  капиталының  өте  жоғарғы 

құнды  актив  екенін  ескере  отырып,  мамандардың  білімді  болуы 

үшін,  Алашордашылардың  қанша  шығын  болса  да  өтеуге  даяр 

екендігін көрсетті. Яғни, біз мұны ұзақ мерзімді инвестиция ретін-

де  қарастырамыз.  Экономикалық  тұрғыдан  қарапайым  көзбен 

кітапқа көп шығын кететіндей болып көрінер, алайда білімсіздіктің 

өзі үлкен шығын екенін білгеніміз абзал. Білімсіз ұрпақ – тамыр-

сыз  ағаш.  Осындай  терең,  озық  ойлы  ата-бабамызға  алғысымыз 

шексіз. Құжат бойынша:

9) Алашордасына сиез тапсырды:

а) ұлт қазынасына қарыз ақша алуға.

б) өзге автономиялы көрші халықтармен одақтасу жайы-

на сөйлесуге, мұның шарттарын бекітуші Алаш құрылтайы.- 

делінген.  Осы  құжатта  көрсетілген  мəліметтерге  сүйене  мен 

Алашорда  қайраткерлерінің  экономикалық  көзқарасын  екі  бағыт 

бойынша  түсіндім.  Біріншісі,  қазынаға  қарыз  ақша  алу  деген 

сұрақ туындағанда, қазіргі таңда АҚШ-тың федеральді резервтік 

қоры  ойға  түседі.  Өйткені, «Бреттон-Вудс  конференциясының 

жемісі»  ретінде,  барлығымыздың  «Сurrency board» жүйесіне 

кіріп  қалғанымызда  болып  тұр.  Өкінішті.  Ал, XX ғасыр  басын-

да  қарыз  ақшаны  қайдан  алады?  Міне,  осы  жерден  бастап,  Ала-

шорда  қайраткерлерінің  сол  кезде  Каспий  жағалауында  жүрген 

ағылшындармен  емес,  көрші  автономиялы  мемлекеттермен 

одақтасу арқылы мəселені шешу жолы болып есептеледі. Олар ал-

пауыт мемлекеттерден қарыз алдым дегеніңше сол алпауытқа құл 

болдың  деген  экономикалық  заңдылықты  білді.  Қарызды  қарыз 

қылып алу соңғы қарыз алушыға тиімді деген принцип орындала-

рына кəміл сенім болғандығы білінеді. Екіншісі, жоғарыда аталған 

қазынаға  ақша  қайдан  түседі  деген  сұрақтан  туындайды.  Еш 

күдіксіз,  егемендікке  үмітті  болған  автономияның  өз  қаражатын 

айналысқа енгізуге де мүдделі болғанын, біз білеміз. Сонда біз не 

істейміз? Өзіміз-өзімізге қаражатпен қарыз беру арқылы өзімізді-



62

өзіміз қамтамасыз етеміз. Иə, күлкілі көрінер. Алайда, əлемдегі бір 

мемлекетті мысал келтірейін. Ол – АҚШ. 

Федеральді резервтік жүйе туралы википедиядағы анықтамаға 

келсек,  Федеральді  резервтік  жүйе – АҚШтың  орталық  банкінің 

қызметін  атқаратын  ұйым  жүйесі.  Жеке  меншік  компонент-

тері  бар  мемлекеттік  құрылым  ретінде  қарастырылған.  Оның 

құрамына  кіретіндер:  АҚШ  президенті  қана  тағайындайтын 

басқарушылар  кеңесі,  ашық  нарық  бойынша  федеральді  нарық, 

көптеген  жеке  меншік  банктер  жəне  де  консультациялық  кеңес. 

Сонымен қатар, ФРЖ-нің басқару ерекшелігі акционерлік форма-

да екендігін атап өту керек.Түйін, Орталык банк есебінде болған 

ФРЖ-нің  АҚШ  мемлекетіне  бағынбайтындығы.  Дəл  осы  жағдай 

біздің  ұлттық  банкте  де  көрінеді.Қазақстан  Республикасының 



Ұлттық Банкі туралы 2006 ж.30 наурыздағы N 2155 Қазақстан 

Республикасының  Заңы  бойынша  Ұлттық  Банк  Қазақстан 

Республикасының  Президентіне  бағынышты,  бірақ  өз  қызметін 

жүзеге  асыруда  оған  заңнамада  берілген  өкілеттіктер  шегінде 

тəуелсіз. Ал енді, айырмашылықтары мен проблемаларға келетін 

болсақ:

1)  ҚР Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының аумағында 



банкноталар  мен  монеталардың  эмиссиясын  жүзеге  асырады. 

Бірақ, ҚР-на несиелік ақшалар бере алмайды. Яғни, Ұлттық банк 

өзі орналасқан мемлекеттен басқа мемлекеттерге несие ақшаларын 

бере алатын болса, «Currency board» жүйесі бойынша өз мемлекеті-

не мұндай іс-шараны атқаруға тиым салынған. Осы жүйемен қазір 

көптеген  мемлекеттер  қызмет  атқаруда.  ФРЖ-нің  мұндағы  ерек-

шелігі-  қарыздық  облигация  бойынша,  АҚШ  мемлекетіне  несие 

бере алуында болып отыр. Алашорда қайраткерлерінің осы саясат-

ты да қолданғысы келгені көп «мүмкін» деген сөздердің тізімінен 

алынбайдыӨйткені, 31 желтоқсан 1917 жылы жарық көрген авто-

номия  болудың  маңыздылығын  түсіндірген  редакциялық  «Алаш 

бірлігі» атты мақалада: 



«Автономия  ешкімнен  жəрдем  сұрамайтын  һəм  ешкімге 

жалтаң  болмайтын  өз  алдына  бір  патшалық  болады.Бөлек 

патшалық болатын əр жұртқа алдымен үш таяныш болмақ: 

қазына, əскер һəм үкімет.»- делінген. Міне- дəлел.

63

Қазір барлығымыз байқағандай, АҚШ мемлекеті сыртқы қарыз 

бойынша  əлемде  бірінші  орын  алып, 9,133 трлн  доллардан  асып 

кеткені байқалады. Бұл қарыздың көп бөлігі ФРЖ тиесілі. Сонда 

байқайтын жайт, АҚШ-қа қанша ақша керек болса, ФРЖ жүйесі 

сол  шығындарды  басу  үшін  несие  бере  алады.  Міне,  АҚШ-тың 



əлемнен  жинастырған  жəне  оны  экономистері  құрастырған 

осы қиын жүйені өзіміздің Алашорда қайраткерлерінің білген-

дігіне дəлел. ҚР-нің сыртқы қарызы 135 млрд доллар ғана. Соның 

кейбіреулері: 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы 

Банктер:


АҚШ доллары

Халықаралық Қайта құру жəне Даму Банкі

1 634 362

Азия Даму Банкі

713 463

Еуропа Қайтақұру жəне Даму Банкі



112 828

Ислам Даму Банкі

95 641

Сауд Даму қоры



6 169

Көңіл  аударатын  мəлімет,  мұндағы  ҚР  Ұлттық  банкінің 

болмағаны.  Жоғарыда  аталған  жағдайларды  ескере,  түсінгенім: 

Алашорда  қайраткерлерінің  сол  кездегі  экономикалық 

көзқарасы қазіргі уақыттағы Қазақстан Үкіметіне үйренуіне 

қажетті өзекті тақырып болып тұр.

5.  Жалпы  мемлекеттердің  көпшілігінде  биліктің  үш  түрі 

болатыны  бəрімізге  мəлім.  Олар:  атқарушы  билік,  Сот  билігі, 

қателеспесем, Парламент билігі. Осы тізімге жақында елбасымыз 

Н.  Ə.  Назарбаев  бұқаралық  ақпарат  билігін  қосуға  болады  де-

ген ой айтты. Бұл экономикалық тиімді, сөзсіз, бірақ осы тізімге 

тəуелсіз билік ретінде тағы бір пункт қосу керектігі туралы Əлихан 

Бөкейхановтың кадет партиясынан шығу себептерін түсіндірген 23 

желтоқсан 1917 жылғы «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» 

атты мақаласында атап өттіФранцуз, орыс һəм өзге жұрттың 

тарихынан  көрінеді:  молла  үкіметтен  ақша  алса,  сатылып 

кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалование алған моллалар 

үкіметке жетекші болып еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыздың 

ісін көркейтер болсақ, үкіметтің ісінен бөліп қойсақ оң бола-


64

ды. Яғни, бұл биліктің тағы бір өзге түрі – Діндік басқарма. Себе-

бі, Діндік іс пен Дүниелік іс қатар жүретін, бір-біріне анда-санда 

қарап қоятын паралельді үдеріс болғандықтап, оларды бір-бірімен 

жабыстырып қойғаннан, ниеті түзу еместердің көлеңкелі бизнеске 

қосар үлесі артып кетеді. 

Кейде, «Алаш қайраткерлері қазіргі таңдағы еліміздің егемен-

дігін көрсе не дер екен?» деген ойлар келіп жатады. Елім деп жа-

нын  пида  еткен  бұл  қандастарымыздың  əрбір  көзқарастары,  ой-

лары, өлең жолдары, əрбір сөздері ағымдағы Қазақстан елі үшін 

əрдайым  өзекті  бола  бермек.  Осындай  ұлттың  ұлдарының  қазақ 

елінің  жалпы  тарихындағы  өшпес  орнын  əрқашанда  мен  өнеге 

тұтам.  Жалпыұлттық  байқау  ұйымдастырушыларына  жалынды 

қазақ жастарының атынан үлкен алғысымды білдіремін! Жүлдеден 

үмітті  болмасам  да,  жүлдеге  лайықты  болған,  елінің  тарихына, 

қазігі  жағдайына  көңіл  бөлетін,  елдің  болашағына  алаңдайтын 

қазағымның  қасында  бір  сəт  болсын  бірге  болуға,  ой  бөлісуге, 

мұңымды шертуге, олардың пікірлерін ұғынуғы үміттімін. Бəлкім, 

олар менің «Алаш» атты партия құрып, елдің жоғын жоқтайтын, 

туын бірге ұстайтын партиялар санын толықтыруға деген үмітіме 

қолдауменен қанат бітірер.



65

Əлімжанова Арайлым 

Мағашқызы

Семейдің Шəкəрім атындағы

мемлекеттік университетінің

«Экономика жəне бизнес»

кафедрасының аға оқытушысы,

экономика магистрі



АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНДЕ 

КӨТЕРГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ 

Шаруашылық,  экономика  мəселелерінің  адам  мен  қоғам 

өмірінде  қаншалықты  орын  алатындығы,  маңыздылығы  жайлы 

«Айқап» (1911-1915ж.) журналының редакторы М.Сералин былай 

деп  жазыпты: «Ғалымдар  дүние  тіршілігін  бір  соғыс  майданына 

ұқсатады. Ол соғыс майданын шаруашылық соғысы (экономиче-

ская  война)  деп  атайды.  Бұл  соғыстан  қан  төгілмейді,  лəкин  қан 

төгілген соғыстан да сипаты жаманырақ, шаруашылық соғысында 

кəсіп,  өнер  басқасы  қанды  соғыстағы  зеңбірек,  мылтықтан  да 

бетер  адам  баласын  қырады.  Бұл  соғыста  адамы  көп  жеңбейді. 

Білігі,  ғылымы,  өнері  артық  жұрт  жеңеді.  Соның  үшін  мейлі 

көшелі бай бол, енді келешек балаларымызды ғылым құралымен 

құралдандыруымыз  тиіс.  Егер  де,  балаларымыз  шаруашылық 

соғысында бөтен халықпенен бəсекелесуге жарай алмай, құл бо-

лып  қалмасын  десек...  Шаруашылық  бабындағы  құлдық – ешбір 

емі табылмайтын құлдық». 

Қазақ  халқы  өмірінде  шаруашылық,  экономикалық  мəселе-

лердің  қаншалықты  маңызды  екендігін  Алаш  қайраткерлері  де 



66

жақсы  түсінді.  Олардың  алдыңғы  қатарында  А.  Байтұрсынов, 

М.  Дулатов,  М.  Шоқай,  Т.  Шонанов,  Ə.  Лекеров,  Р.  Мəрсеков, 

М.  Ермеков,  М.  Əуезов  жəне  т.  б . тұлғалар  бар.  Соның  ішінде, 

ұлтымыздың  көрнекті  қоғам  жəне  мемлекет  қайраткері,  үлкен 

ғалымы  Əлихан  Нұрмұхамедұлы  Бөкейханов  Қазақстанның 

əлеуметтік - экономикалық  жəне  мəдени  өркендеуінің  қат-қабат 

мəселелерін  түсіндіруде  баспасөздің  қызметіне  аса  маңыз  бер-

ді.  Ол  сонау  жас  жігіт  кезінің  өзінде-ақ  газеттерде  мақалалар 

жариялады. 

Əлиханның  қаламынан  шыққан  мақалалардың  көпшілігі 

«Қазақ» (1913-1918 ж.) газетінде жарияланды. Газет аптасына бір 

рет (1915 жылдан бастап аптасына екі рет) төрт бет болып шығып 

тұрған. Басылым қоғамдық – саяси жəне т. б . мəселелермен қатар 

əлеуметтік – экономикалық жағдаяттарды да ұдайы жазып тұрған. 

Осы тақырыпты да үзбей жазатынын газеттің алғашқы нөміріндегі 

«қазақтың бұрынғы жəне бүгінгі жайын жазу, күнелту, сауда, кəсіп, 

жер – су, егін – таран, мал шаруасы жайынан кеңесу» деген жол-

дар  да  айғақтайды.  Міне,  осы  тақырыпқа  Əлиханның  «Қазақта» 

жарияланған 250 - дей  мақаласының  бірталайы  арналды.  Соның 

кейбіреуіне шолу жасайық.

Ə.  Бөкейхановтың  қазақ  даласына  Ресейдің  Еуропалық 

бөлігінен қоныстандырушылар легін реттеу, жалпы қоныс аудару 

саясатына байланысты жазған «Жер жалдау жайынан», «Уақытта», 

«Қазақ жігітіне», «Үшінші дума жəне қазақ», «Төртінші дума жəне 

қазақ», «Дума  жəне  қазақ», «Сусағанның  түсіне  су  кіреді»  атты 

мақалалары  газеттің 1913 жылғы  сандарында  басылып  шықты. 

Аталған мақалаларда Əлихан думаның қазақтарға байланысты са-

ясатын сынға алады. Бірінші жəне екінші Думада қазақ халқы əр 

облыстан бір депутат сайлағанын, ал кейінгі үшінші жəне төртінші 

думаларға өкімет шығарған заңға сəйкес қазақ халқының депутат 

сайлау  құқығынан  айырылуы,  əсіресе,  қазақ  жерінің  талапайға 

түсіп кетуіне ықпал етуі мүмкін деп қауіптенеді. Соның бір дəлелі 

ретінде «7 декабрьде 1911 жылда  Дума  əлгі  законды  екінші  рет 

қарастырды. ... Көптігіне сеніп, сөз тыңдаған 3-ші Дума емес....

Осылайша,  Түркістан  қазағына  да  Жетісу,  Семей,  Ақмола, 

Торғай  жəне  Орал  қазағының  кебі  келді.  Енді  Түркстанда  қазақ 

жерін алғанда «закон» деп алады.



67

«Əлі жеткен алып та жығады, шалып та жығады» деген осы – 

дағы», - деп наразылығын білдіреді.

«Айқап»  журналы  мен  «Қазақ»  газеті  беттерінде  қазақ  да-

ласында  жерге  орналастыру,  отырықшы  норма  төңірегінде  қызу 

пікірталас  өрбіген  еді.  Бұл  мəселеде,  Əлихан  ымыраға  келмей-

тін  ұстанымда  болды.  Отырықшылыққа  байланысты  «Қазақ»  га-

зетінде оның: «Жауап хат», «Екі жол», «Он төрт тоғыз бола ма?», 

«Башқұрт жері» сияқты мақалалары жарық көрді. Осы еңбектерді 

қарап  отырып,  басы  ашық  бір  нəрсені  айту  керек.  Əлихан 

отырықшылыққа қарсы болмаған, тек соны қалыптасқан жағдайға 

қарай дұрыс жүргізілуін талап еткен. Оны қалай жүргізуге болаты-

нын ашып, көрсетіп отырған.

Мысалы, «Жауап  хат»  деген  еңбегінде  «Қазақ  надан,  қазақ 

көшпелі, қазақ мəдениетсіз, қазақ жоғалып кетеді. Бұған жер неге 

керек» деп оттаған дұшман да бар. Жоғалатын халық өспейді....

...Мемлекет  қазақты  өзінің  баласының  бірі  қылса,  қазақты 

осы тұрған шаруасын бұзбай орналастырар еді. Сонда, қазақ неше 

жылда эволюция жолымен бірте – бірте отырықшы болар еді», - 

деп  жазыпты.  Бұдан  біз,  Ə.  Бөкейхановтың  шаруашылық  түрін 

революциялық  жолмен  емес,  эволюциялық  жолмен  жүргізуді 

жақтаған прагматикалық, экономикалық көзқарасын анық көреміз.

Əлихан, қазақ шаруашылығында өнеркəсіптің маңыздылығына 

да  мəн  беріп,  басқа  салалармен  салыстырғанда  оның  алатын 

орнының  қаншалықты  екенін  бағамдай  білген  тұлға.  Оның  шет 

жағасын Əлекеңнің 1915 жылы «Қазақта» жарық көрген «Жауап 

хат» мақаласынан байқауға болады. Ол Хасен деген адамның га-

зетте жарияланған хатына орай жазылыпты. Əлихан əңгімені алы-

стан қозғап, «Завод ісі жұрттың жалпы шебер, көнбіс, ұста болуына 

байлаулы. Қазақ білетін атақты Зингер киім машинасы Америка-

дан келеді. Мұны біздің Россияда істеуге қызмет атқаратын жұрт 

шеберлігі  кем.  Завод  ісі  мəдениет  дəрежесіне  байлаулы. ...Біздің 

Россияда  мəдениеті  төмен.  Жақсы  нəрсе  шығаратын  завод,  фа-

брика жоқ. Істеген ісі сарт шегесі, сарт бөзі сияқты. Жақсы киім, 

жақсы нəрсе ұстайтын адам бұларды Англия, Бельгия, Франция, 

Германиядан алғызады» – деп жазыпты.



68

Бағамдап қарасақ, осы аздаған жолдарда көптеген мағыналы 

ой  жатыр.  Соның  ең  бастысы,  Əлихан  айтып  кеткен  ой-пікірдің 

бүгінгі заманмен үндесіп жатқандығында. Жоғарыда аталған Еуро-

па елдерінің өнеркəсібі осыдан жүз жылдай бұрын Ресейден алда 

болса,  бүгінде  де  алда.  Техника  мен  технологиясы  болсын,  сапа 

жағынан болсын, ілгерілеушілік басым. Экология, қалдықсыз өнім 

өндіру мəселелерінде де жағдай осылай. Сондықтан, өткен ғасыр 

басында айтылған сөздің бүгінгі Ресейге ғана емес, Қазақстанға да 

қатысы бар.

Бұл  сын,  ескерту  əлі  де  болса  ескіре  қойған  жоқ.  Еліміз 

егемендік  алып,  өз  экономикамызды,  өз  қолымызбен  өрге 

сүйрейтіндей заман туып, өнеркəсібімізді заман талабына орай да-

мыта бастағанымыз белгілі. Осы 20 жыл ішінде қыруар жұмыстар 

атқарылды.  Экономикасы  өркендеген  АҚШ,  Батыс  Еуропа,  Жа-

пония  жəне  т.  б.  елдерден  мол  инвестиция  тартылып,  қазіргі 

заманғы жаңа үлгідегі техника мен технология, қаржы - қаражат 

келді. Бұлар негізінен мұнай - газ, металлургия секілді салаларға 

салынды.  Бірлескен  кəсіпорындар  жұмыс  істей  бастады.  Сөйтіп, 

өнеркəсіп  ел  экономикасының  локомотивіне  айналып,  қалған 

салалардың  дамуына  ықпал  етті.  Дегенмен  осы  үрдісте  шешімін 

табатын  келелі  мəселелер  əлі  бар.  Соның  бірі  өнеркəсіптегі  ұлт 

мүддесіне,  ұлттық  кадрларды  дайындау  мəселесіне  де  байланы-

сты. Шетелдік менеджерлердің еліміздегі өндіріс орындарына тек 

білікті мамандарды ғана емес, қаптатып жұмысшы күшін де əкеліп 

жатқаны белгілі. Əрине, мұндай жағдайдың орын алуына белгілі 

бір мөлшерде өз жастарымыздың өнеркəсіп саласына, техникалық 

мамандықтарға  деген  енжарлығы,  шенеуніктердің  салғырттығы 

да  əсер  етуде.  Əлихан  айтқандай,  əлі  де  болса  жалқаулық, 

бойкүйездік,  олақтық  халқымыздың  бойынан  келмеске  кетті  деп 

айтуға келмес. Осы олқылықты реттеу мақсатында кейінгі жылда-

ры Қазақстан үкіметі техникалық мамандықтар бойынша оқитын 

студенттерге арналған гранттар санын көбейтуде. Шетелдік ком-

паниялар  басшыларымен  жасалған  шарттарға  ең  алдымен  жер-

гілікті  тұрғындарды  жұмыспен  қамту,  біліктілігін  арттыру  үшін 

оқыту, əлеуметтік жобаларды қаржыландыру, экологиялық шара-

ларды жүзеге асыру сияқты баптар енгізілуде


69

Жалпы, жоғарыдағы Əлихан жазған мақала тек өнеркəсіп қана 

емес, ауыл шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру, сауда жа-

сау мəселелерін де қамтыған. Сол жазғандары да əлі күнге маңызын 

жоғалтқан  жоқ.  Əсіресе,  одан  Əлекеңнің  мал  шаруашылығына 

айрықша  назар  аударғанын  аңғаруға  болады.  Ол  ойын  жəй  ғана 

айта  салмайды.  Экономикалық  тұрғыдан  негіздейді.  Əлихан  бы-

лай деп жазады: «Əр нəрсені амалын біліп, өз орнына жұмсаса, іс 

көркейеді.  Мал  бағуға  жұрт  шебер  болған  соң,  осы  малды  қазақ 

айналдырғаны жөн.

... Мал тəрбиелеп өсіріп, қызмет атқарса, байлық тапқан деген 

сол болады. Қазақ осынша жерде шалқып жатып, мал басын қосып 

шаруа қыла алмай отыр». 

Бұл сөзді, қазіргі күнге қаратып айтсақ та артық болмас. Өйткені, 

бүгінгі күнгі қазақтың мал шаруашылығы экономикамыздың же-

текші  саласына  жатпайды,тіпті  жалпы  ауыл  шаруашылығының 

үлес  салмағы  да  төмен.  Бұл  саланың  өнімдері  негізінен  ішкі 

қажеттіліктерімізді  ғана  өтеп,  экспорттық  басымдылыққа  жете 

алмай  отыр.  Ал  əлемдік  нарықта,  мал  өнімдеріне  деген  сұраныс 

ешқашан толастаған емес. Бұл саланы ілгері дамытып, мол табыс 

көзіне  айналдырудың  басты  бір  жолы,  мал  тұқымдарын  асыл-

дандыру  екенін  Əлихан  жақсы  түсінген.  Оны  аталған  мақалада, 

жылқы,  сиыр,  қой  шаруашылығы  тəжірибесінен  алынған  мысал-

дармен,  мəселен  ағылшындардың  араб  атын  жетілдіру  арқылы, 

əлемдегі  ең  жүрісті  ат  тұқымын  шығарған,  алысқа  бармай – ақ, 

орыс  мұжығы  жергілікті  қазақ  сиырына  асыл  тұқымды  бұқа  са-

лып, өте етті қалмақы ірі қара тұқымын шығарған, ал профессор 

Кулешов қазақ қойының етіндей жер үстінде ет жоқ екенін жазған 

дей келе Əлихан былай дейді: «Бұрын ақша болмаған. Өмір керегі 

жалғыз малмен орнына келетін.

...Енді заман өзгерді. Базарда бағаланғаны пұл болады. Қазына 

басы көпке байлаулы емес, базарда ақша болатынға байлаулы. Енді 

жарыстан қалмайын десең, мал сүйегін асылда». Ə. Бөкейханның 

тағылымды осы тұжырымына алып қосарымыз жоқ.

Жалпы,  жоғарыда  аталған  еңбектерінен – ақ,  Əлихан 

Бөкейханның  қазақ  шаруашылығының  жағдайы,  экономикалық 

ерекшеліктері,  тұрмыс – салт,  дəстүрі  мен  байланысын  жақсы 


70

білген,  оның  мықты  жақтары  мен  қатар  осал  тұстарын  да  терең 

сезінген, оның даму келешегін де болжай білген, теориялық білік-

тілігі мен қоса тəжірибесі де толысқан экономист ғалым деп білеміз. 

Соның арқасында, ғылыми ізденістерге толы, көптеген дерек, фак-

тілері мол тамаша макалалар жазып, өзінің ой – пікір, көзқарасын 

халыққа  жеткізудің  ең  бір  қолайлы  жолы  қазақ  баспасөзі  деп 

түсінген, ұлтжанды азамат. Сонымен қатар, 19 ғасырдың соңы – 

20  ғасырдың  басындағы  жаңа  қалыптасқан  қазақ  баспасөзіндегі 

экономикалық  тақырыпқа  алғаш  түрен  салған,  оның  сан – сала-

лы  түрі  бойынша,  замана  талабына  орай  талай  құнды  мақалалар 

жазған, бірегей тұлға, қарымды қаламгер деп есептейміз.

Көрнекті  қоғам  қайраткері,  үлкен  тілші  ғалым,  түрколог, 

ағартушы,  дарынды  аудармашы,  публицист,  педагог,  ұлт  ұстазы 

атанған  Ахмет  Байтұрсыновтың (1873 – 1938) экономикалық  ой 

– сана, көзқарасына да қайран боласың. Оған жарқын дəлел бола-

тыны - артында жазып қалдырған еңбектері.

Соның бірі, əрі бірегейі 1915 жылы «Қазақ» газетінде жарық 

көрген  «Шаруалық  өзгерісі»  атты  мақала.  Бұл  көлемді  еңбек 

басылымның  сегіз  санында  редакциялық  бағанда  жарияланып-

ты.  Ал  əділін  айтқанда,  оның  негізгі  авторы  газет  редакторы  А. 

Байтұрсынов деген дұрыс болар. Бұл пікірді жақтайтын адамның 

бірі академик К. Сағадиев. Ол кісі аталған еңбекке «В восьми номе-

рах газеты «Казах» за 1915 г. был помещен цикл статей под общим 

заголовком «Изменение хозяйства». Статьи эти были редакцион-

ными и справедливо полагать, что автором и редактором их был 

Ахмет  Байтурсынов.  По  глубине  и  принципиальности  поднятых 

в них проблем их можно было бы назвать экономическим мани-

фестом Ахмета Байтурсынова и всего движения «Алаш», - деген 

жоғары баға беріпті. Сонымен қоса мақаланың басты авторы Ах-

мет екенін «... Осы айтылған облыстардың ішінде əсіресе жақсы 

білетінім  туған,  тұрған,  көбірек  оралып  көрген  облысым  Торғай 

облысы» - деген жолдар да белгілі бір мөлшерде айғақтайды.

Бір  атап  кетерлігі,  бұл  мақала  газетте  шыққанымен,  кез 

келген  ғылыми  журналда  басуға  болатын  зерттеу  еңбек  деп  са-

наймыз.  Өйткені,  ғылыми  сипаты  басым.  Енді  соған  тоқталып, 

алдымен мақаланың атауына назар аударайық. Шаруалық өзгерісі 


71

деп  экономикалық  өзгерістерді  айтып  отырғаны  түсінікті.  Бұл 

тұрғыдан  келгенде  өз  тілімізге  өте  сəтті  аударылған.  Автор 

шаруалық  өзгерісін  шаруалық  тарихы  деп  алсақ  теріс  емес  дей 

келе,  соның  тарихына  тоқталады.  Оның  қалай  басталып,  қалай 

дамығанына шолу жасайды. 

А.  Байтұрсыновтың  өзі  айтқандай  шаруалық  жайына 

арналған «Қазақ пайдасындағы жерді алу турасындағы низамдар, 

бұйрықтар», «Тағы да жер жайынан» деген мақалалары «Айқап» 

журналында, ал «Қазақ» газетінде «5 мың десетина жер», «Көшпелі 

həм отырықшы норма», «Уақ қарыз», «Егін егу», «Шаруа жайы-

нан» деген еңбектері жарияланды.

Келесі сан қырлы тұлға Міржақып Дулатов (1885-1935) – ақын, 

ағартушы, педагог, журналист, жазушы, қоғам қайраткері. Соны-

мен қатар, қазақ қауымының сан алуан əлеуметтік – шаруашылық 

жағдайы,  тұрмыс – салты,  қоғамдық  тіршілігін  терең  сезініп, 

соның өзекті мəселелерін мақалаларына арқау еткен азамат. Басқа 

да  Алаш  қайраткерлері  секілді  оны  қазақтың  ең  зор  мəселесі – 

жер қатынастарының қалай өрбу жағдайы аса толғандырды. Оны 

көрнекті əдебиет сыншысы, академик Р. Нұрғалиевтің «Тіршіліктің 

шешуші  тұтқасы,  адам  баласының  байлығының  кіндігі – жер 

мəселесін  Əлихан  Бөкейхановтан  бастап  алаштың  көзі  қарақты 

қайраткерлері ерекше көңіл бөліп, көптеген еңбектер, зерттеулер, 

мақалалар  жазған.  Бұлардың  бел  ортасында  Міржақып  Дулатов 

тұр», - деп жазған пікірінен де аңдауға болады.

Өткен ғасырдың бастапқы жылдарында халық арасында жер 

төңірегінде  екі  түрлі  пікір  қалыптасқаны  белгілі.  Біреулері  елді 

жеткілікті  мөлшерде  жер  алып,  мал  мен  егін  шаруашылығын 

өркендетіп,  отырықшылыққа  шақырса,  екіншілері – жаппай 

отырықшы  болуға  қарсы  шықты.  Осы  мəселе  жөнінде  «Айқап» 

журналының бетінде өрбіген пікірталасқа М. Дулатов та қатысты. 

1911 жылы жарияланған «Жер мəселесі» атты еңбегінде Міржақып: 

«Рас, қазақ халқының жер – суға ие болып, жаз – жайлау, күз күзеу, 

қыс қыстауда тарлық көрмей төрт түлігі сай болып, тай құлындай, 

тоқты қоздап, қосты жылқы, желілі түйе, отарлы қой, қайғы жоқ, 

еріккеннен  бірінің  малын  бірі  қуып,  кең  далада  құлан – киікше 

сайран  етіп  жүрген  күні  болған,  ол  күндер  енді  көздерінде  ғана 


72

елестейді.  Мұның  себебі  не,  халықтың  өсіп,  жердің  өспеуі  həм 

тозуы, қазақ жері патша мүлкі саналып, сол себепті миллиондап 

жерсіз мұжықты хүкіметтің қазақ жеріне қондыруы, бұл тілеусіз 

қонақтар келе бастағаннан бері жер тарылып, ата – мекеннен ірге 

қозғалып  қазақтың  шаруасының  күйзелуі, 15 – 20 жылдан  бері 

бұл  көшпелі  мұжықтардың  келіп  бітуінің  ұшы  көрінбей,  бұлай 

болғанда енді аз жылда қазақ халқы ең жаман жерге сорлап қалып 

ақырында пақырлыққа жетуі ықтимал....- деп жазады.

Бұдан  басқа  қарымды  қаламгер  «Біздің  мақсатымыз» («Сер-

ке», 1907) жəне өзі редактор болған «Қазақ» газетінде «Қазақ ауы-

лында ашылған «Уақ қарыз серіктігі» (1914), «Қостанай уезінен» 

(1915), «Кооперация яғни бірігіп іс жүргізу» (1914), «Земство не 

нəрсе»  деген  еңбектерінде  патша  үкіметінің  отаршылдық  саяса-

тын айыптап, қазақ халқының иелігіндегі жерлердің тартып алы-

нып,  дворяндар  мен  помещиктердің,  генералдар  мен  байлардың 

меншігіне айналғанын, қазақ арасындағы мал шаруашылығы мен 

егін шаруашылығы, сауда кəсібі даму жағдайын сөз етеді.

Алаштың  əйгілі  қайраткері  Мұстафа  Шоқай  да  саясатпен 

қатар,  өндіріс  пен  ауыл  шаруашылығы  мəселелеріне  назар  ау-

дарып,  мақалалар  жазыпты.  Оның  осы  қыры  туралы  зерттеуші 

С.  Смайыл  былай  деп  жазыпты: «Өз  басым  Мұстафа  Шоқай 

мен  «Яш  Түркістан»  қазақ  баспасөзіне  қазіргі  заманғы  неме-

се  халықаралық  журналистиканың  қағидасы  (элемент)  мен 

үнсырын  алып  келді  деп  есептеймін.  Бір  ғана  мысал.  Сонау 30 

– шы жылдары жарық көрген мақташылық туралы мақалада де-

рек те, дəйек те, мағлұмат көзі де, ең бастысы, салмақты сарап-

тама  бар.  Қаламгер  Əмудария  мен  Сырдың  суын  сұраусыз  егіс 

алқабына бұрып, алып аймақты мақта плантациясына айналдыру 

түптің түбінде Арал теңізінің тартылуына əкеп соғатынын батыл 

болжаммен ескертеді...» [3].

Мұстафа қазақ жеріндегі көші-қон қозғалысы мен отарлау са-

ясатына да ашық та батыл көзқарасын білдірген қайраткерлердің 

бірі.  Мəселен,  оның  пікірінше,  Қазақстанды  советтік  отар-

лау  шаруашылық  өмірді  ұйымдастырудың  бір  жақтылық  жəне 

шикізаттық  ұстанымын  қалыптастыру  арқылы  Ресейге  барынша 

тəуелді етудің жолы. М.Шоқай советтік жер саясатының «Құлаған 


73

патшалықтың ескі саясатын еске түсіреді» деп сынағаны белгілі. 

Осы жолда ойларын, пікірлерін ашық айтты [4]. 

Қазақтың  шаруашылық  мəселелеріне  көңіл  бөліп,  құнды 

еңбектер жазған келесі бір көрнекті ғалым – Телжан Шонанұлы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет