Қазақстанның «АҚ жол» демократиялық партиясы xxi-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы Астана – 2014 ж



Pdf көрінісі
бет9/28
Дата12.03.2017
өлшемі5,45 Mb.
#9204
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28

2. БИЯШ ДЕП ЕЛІ ЕРКЕЛЕТКЕН

Алаш қозғалысы тарихында Ахмет Байтұрсынов пен Əлихан 

Бөкейхановтың  басшылығымен  ұлт  мұддесi  жолында  қалтқысыз 

қызмет  еткен  қазақ  зиялыларының  бiрi - Биахмет  Сəрсенов  бол-

ды.  Ол  өзiнiң  қысқа  ғұмырындағы  өлшеусiз  еңбегiмен  ел  жады-

на  өшпестей  iз  қалдырды.  Алаш  қайраткерi  Б.Сəрсеновтың 1885 

жылы бұрынғы Семей облысының Зайсан уезiне қарасты Нарын 

болысында  (қазiргi  Ақсуат  селосы  жерiнде)  дəулеттi  отбасында 

дүниеге  келiп,  жастайынан  бiлiм-өнерге  бейiм  өскенi, 1905-1909 

жылдары,  бастапқыда  Семейдегi  мұғалiмдер  семинариясының 



129

даярлық  бөлiмiн,  одан  соң  толық  курсын  үздiк  бағаға  бiтiрiп 

шыққан жалғыз қазақ екенi, ауыл мектебiнде бес жыл сабақ берiп 

бала  оқытқаны,  үш  жылдай  болыс  болып  ел  басқарып,  баста-

уыш  мектептер  ашқаны, 1917 жылғы  ақпан  төңкерiсiнен  кейiн-

гi  кезеңде  Алашорда  үкiметiнiң  құрамында,  ал  Кеңес  өкiметiнiң 

алғашқы жылдары халық-ағарту саласында басшылық қызметтер 

атқарғаны, 1921 жылы  жаз  айында  Орынборда 36 жасында  оба 

ауруынан  қаза  болғаны  туралы  деректердi  сол  өңiрдегі  қарт  ше-

жiрешi Қарпық Егiзбаев “Тағылым” атты кiтабында да келтіреді. 

 1917 жылы  ақпан  төңкерiсiнен  соң  ақ  патша  тақтан  түсiп, 

Уақытша үкiмет орнаған тұста қазақ сахарасының шығысындағы 

Семей  қаласы  -ұлт-азаттық  қозғалыстың  ең  қуатты  орталығына 

айналған  едi.  Бұл  өзi  Уақытша  үкiмет  органдарымен  қатар  бiр 

мезгiлде  жер-жерде  жұмысшы,  шаруа  жəне  солдат  депутаттары 

кеңестерi,  қазақ  комитеттерi,  Земстволық  басқармалары  тəрiздi 

тағы  басқадай  жаңа  билiк  тармақтары  өмiрге  келе  бастаған  кез 

болатын.  Мəселен,  Қазақ  комитеттерiнің  құрылу  себебі  сол 

кезеңдегi  тарихи  қажеттiлiктен  келiп  туындағанын  белгілі  Ала-

штанушы  ғалым  Мəмбет  Қойгелдиев: “...қазақ  комитеттерi  ұлт-

азаттық  қозғалыстың  ақпан  төңкерiсiнен  кейiнгi  кезеңдегi  даму 

нəтижесi, оның өзiнiң түпкi, негiзгi мақсаты - мемлекеттiк еркiн-

дiкке  ұмтылысының  көрiнiсi,  ұлттық  мемлекет  болуға  жасалған 

алғашқы  қадамы-тын”  деп  түсiндiредi.[Қойгелдиев  М.  Алаш 

қозғалысы, 219-бет]

 1917 жылдың  көктемiнде  елiмiзде  жаппай  облыстық,  уездiк 

жəне  болыстық  деңгейде  қазақ  комитеттерiнiң  құрыла  бастауы-

на  байланысты  Алаш  қайраткерлерiнiң  шақыруымен  Биахмет 

Сəрсенов Семейге келедi. Ол алғашқы күннен бастап осы облыстық 

комитеттiң мүшесi ретiнде қызмет атқарады. Қазақстан Республи-

касы  Орталық  Мемлекеттiк  Мұрағатындағы  ресми  құжаттарда 

1917  жылдың 7 наурызында  Семей  облыстық  қазақ  комитетi  ел 

өмiрiнде  қалыптасқан  саяси  жағдайға  байланысты  шұғыл  тұрде 

құрылып, жергiлiктi билiк iсiне араласу мүмкiндiгiнен құр қалмас 

үшiн өзiнiң ұйымдық-шаруашылық шараларын өткiзгенi, сондай-

ақ  облыстық  комитеттiң  төрағалығына  Р.Мəрсеков,  төрағаның 

орынбасарлары  болып  Х.Ғаббасов  пен  И.Тарабаев,  хатшылыққа 


130

Ə.Ермеков  жəне  қазынашылыққа  Ə.Молдабаев  бекiгенi,  комитет 

басқармасына мүшелiкке С.Сабатаев, Н.Құлжанов, А.Қозыбағаров, 

Б.Сəрсенов, С.Дүйсенбин, М.Малдыбаев, Д.Қияқов, С.Молдабаев, 

С.Торайғыров,  Ш.Керейбаев  енгенi  туралы  деректер  жазылады. 

1917  жылдың 28-наурызда  бұрынғы  Алаш,  қазiргi  Жаңасемей 

қаласында  Семей  уездiк  қазақ  комитетiн  құруға  қатысты  өткен 

жалпы  жиында,  оның  төрағалығына  Жанғали  Алдаоңғаров  сай-

ланды.[Семей  қаласындағы  Қазіргі  заман  тарихы  құжаттама 

орталығы. 15-қор, 02-тiзбе, 423-iс, 19 жəне 25-папкалар] Ал дəл осы 

мезгiлде  Нарманбет  Орманбетовтың  басшылығымен  Қарқаралы 

уездiк  қазақ  комитетi  құрылды.[“Қазақ”  газетi./Құрастырған 

Ү.Суханбердина. – Алматы: “Қазақ  энциклопедиясы”  Бас  редак-

циясы, 1998. 384-бет]

  Ақпан  төңкерісінен  кейінгі  кезеңде,  елiмiзде  билiкке  белсе-

не кiрiскен қазақ комитеттерi Орынборда жалпықазақ съездерiнiң 

өтуiне, “Алаш” партиясының құрылуына, облыстарда Земстволық 

басқару жүйесiнiң енгiзiлуiне, қысқасы ұлттық саяси қозғалыстың 

өрлеуiне  ерекше  ықпалын  тигiздi.  Семейде  де,  қазақ  комитет-

терi  облыс  өмiрiндегi  күнделiктi  қоғамдық  iстерге  қызу  арала-

сып,  өз  баспаханасынан  аптасына  бiр  рет  “Сарыарқа”  газетiн 

шығарып  тұрды.  Алайда,  Семей  қалалық  Думасы,  жұмысшы, 

шаруа жəне солдат депутаттары кеңестерi, кооперативтер одағы, 

əскери-өнеркəсiптiк комитет, сауда қызметкерлерi қоғамы секiлдi 

басқадай қоғамдық ұйымдардың атсалысуымен Семей облыстық 

атқару  комитетi  құрылған  кезде  қазақ  комитетi  бұл  iстен  шет-

тетіліп қалған едi. Енді, осы жергілікті жоғары билiк органының 

құрамын жаңадан қайта сайлау кезiнде қазақ комитеттерi ел iшiн-

дегi  саяси  күштермен  бiрлесе  қимылдап,  ұйымшылдық  көрсете 

бiлдi. Семей облыстық атқару комитетi төрағасының орынбасар-

лары  болып  қазақ  комитетi  атынан  ұсынылған  Х.Ғаббасов  пен 

Ə.Ермеков тағайындалса, ал төралқаның мүшелігіне Б.Сəрсенов, 

А.Қозыбағаров,  Р.Мəрсеков  сынды  жалпы  саны  жиырмадай  ұлт 

зиялылары енді.[ҚР ОММ. 15-қор, 02-тiзбе, 422-iс, 62-папка]

 1917 жылдың шiлде айының соңында, Орынборда өткен бірін-

ші жалпықазақ съезiнде Ресей Құрылтай жиынына депутаттыққа 

ұсынылғандар  тiзiмiнде  Семей  облысы  атынан  Ə.Бөкейханов, 


131

Ə.Ермеков, Х.Ғаббасовтармен бiрге Биахмет Сəрсенов те болды. 

Осы  съезде  алғаш  рет  болашақ  “Алаш”  партиясын  құру  туралы 

мəселе  көтерiледi. 1917 жылы  қазан  айында  Томск  қаласында 

өткен  Сiбiр  автономистерінің  съезiне  қатысып  қайтқан  Алаш 

көсемi Əлихан Бөкейханов жергiлiктi қазақ комитеттерi, мұсылман 

мұғалiмдер  одағы, «Жанар», «Талап»  атты  жастар  ұйымдары 

секiлдi  бiрнеше  қоғамдық-саяси  ұйымдардың  көмегiмен  Семей-

де “Алаш” партиясының облыстық комитетiн құрды. Тағы да осы 

“Алаш” партиясының облыстық комитетi атынан Ресей Құрылтай 

жиынына  депутаттыққа  ұсынылғандар  арасынан  Б.Сəрсеновтың 

есiмiн  көремiз.  Бұл  жолы  Ə.Бөкейханов  аталмыш  жиынға 

депутаттыққа Орынбордағы “Алаш” партиясының тiзiмi бойынша 

ұсынылған.

  Семей  облыстық  қазақ  комитетi (төрағасы  Р.Мəрсеков, 

кейiнде  Ə.Ермеков), “Алаш”  партиясы  (құрметтi  төрағасы 

Ə.Бөкейханов, төрағасы Х.Ғаббасов), Мұсылман мұғалiмдер Одағы 

(төрағасы  М.Тұрғанбаев)  тəрiздi  саяси-қоғамдық  ұйымдардың 

ел  өмiрiндегi  оқиғаларға  белсене  араласып,  ерекше  табандылық 

танытуының  нəтижесiнде 1917 жылдың  қараша  айында  уездiк 

Земстволық  жиынға  депутат  сайлау  науқаны  өте  сəттi  өтедi.  Се-

мей уездiк Земстволық жиынына депутаттыққа өзге ұлт өкiлдерiне 

қарағанда  қазақтар  көбiрек  сайланды,  олардың  арасында  ұлт  зи-

ялылары  Ш.Құдайбердиев,  Ə.Ермеков,  Х.Ғаббасов,  Б.Сəрсенов, 

Ə.Молдабаев, 

А.Қозыбағаров, 

Р.Мəрсеков, 

Н.Құлжанова, 

К.Жанатаев,  И.Қазанғапов,  М.Малдыбаев  жəне  тағы  басқалар 

болды. Сол кезеңдегi Семей облыстық комиссариатының органы 

“Дело”  газетiнде  жарияланған  “О  выборах  гласных  в  Семипала-

тинское  уездное  Земство”  атты  мақалада  (авторы  С.Возмитель): 

“...Киргизское население совершенно отнеслось иначе. Они отло-

жили  всякая  домашняя  обстоятельства,  даже  организовали  тран-

спорты  для  перевозки  лиц,  имеющих  право  участвовать  в  выбо-

рах.  И  в  проведении  Земства  оказались  у  них  самые  лучшее  ре-

зультаты.  Прошли  все  образованные  лучшее  работники  и  даже 

на  славу  провели  одну  женщину”  деп  жазды.[Дело, N 145 от 30 

ноября 1917 года]. Мұның өзi Əлихан Бөкейханов бастаған қазақ 

зиялыларының елдiгiмiз танылар сын кезеңде Семейде билiк тiз-



132

гiнiн  басқаларға  берiп  қоймай,  ұлттық  мемлекет  құру  жолында 

қыруар iстер атқарғанын көрсетедi. 

  Семей  уездiк  Земствосының  бiрiншi  төтенше  жиы-

нында  басқарма  төрағалығына  А.Қозыбағаров,  төрағаның 

орынбасарлығына  Н.Воробьев,  басқарма  мүшелерi  болып 

А.Булатов,  С.Дүйсенбин,  Н.Богатырев  тағайындалады.  Ал  енді 

Б.Сəрсенов, К.Ляшкевич, Ə.Молдабаев, И.Əлiмбеков, Т.Ибрагимов, 

М.Просековтер  Семей  уездiк  Земствосы  атынан  облыстық 

Земствоның депутаттығына сайланады. Дəл осы мезгiлде Семейдiң 

Алаш деп аталатын бөлiгiндегі қалалық Думаға депутаттар сайлау 

науқаны өткiзiледi. Алаш қалалық Думасының мəжiлiсiнде, оның 

төрағалығына Б.Сəрсенов, орынбасарлығына М.Малдыбаев, қала 

басшылығына П.Шевченко, оның орынбасарлығына А.Ерыкалов, 

хатшылығына К.Грязев, ал басқарма мүшелерi болып А.Бейсекеев, 

Н.Үйсiмбаев сайланды.[Свободная речь, N 102, 1917 год]

  Əлихан  Бөкейханов  “Земство  қолға  алып  қылатын  iстiң  бiр 

зоры - бала  оқыту”  деп  айтқандай,  Семей  облыстық  Земство 

басқармасы  ”Алаш”  партиясы,  облыстық  жəне  уездік  қазақ  ко-

митеттерi,  мұсылман  мұғалiмдер  Одағы  көмегiмен  ұлттық  бiлiм 

беру  жүйесiн  қалыптастырумен  қатар  жер-жерде  дəрiгерлiк 

көмек  көрсету,  сот,  милиция  құру,  шаруашылық  жұмыстарын 

жүргiзу  шараларын  жүзеге  асыра  бастайды.  Алаш  қайраткерлерi 

М.Тұрғанбаев,  Ə.Сəтбаев,  Б.Сəрсенов,  Ж.Аймауытов,  М.Əуезов, 

С.Мұстафин,  Қ.Ибрагимов,  А.Жиенбаев  жəне  тағы  басқалардың 

күш-жiгерi арқасында Семейдiң Алаш қаласы бөлiгiнде тұңғыш ба-

стауыш қазақ мектептерi ашылып, жұмыс iстейді. Семей облысына 

қарасты уездерде де мектеп саны өсiп көбейедi. Алаш қаласында 

ауыл  мектептерiне  арнайы  бастауыш  сынып  мұғалiмдерiн  да-

ярлайтын  қысқа  мерiзiмдi  педагогикалық  курстардың  ашылуы, 

сауатсыздық  жою  iсiне  айтарлықтай  үлес  қосты.  Мысалы, 1917-

1921 жылдары аралығында Семей қаласы бойынша орыс мектеп-

терiн  айтпағанда, 13 мұсылман  (қазақ-татар)  мектептерi,  соның 

iшiнде Алаш қаласында таза 3 бастауыш қазақ мектебi мен 1 қазақ 

қыздар  гимназия  мектебi  жұмыс  істеді,  оларда 37 мұғалiм  сабақ 

бердi. Сол уақыттағы педагогикалық курстардан бiрнеше ондаған 

бастауыш мектеп мұғалiмдерi даярланып шығарылды.


133

  Семей  өңiрiнде  ұлттық  бiлiм  беру  жүйесiн  қалыптастыру 

iсiнде,  сондай-ақ 1918 жылы  желтоқсан  айында  Орынборда 

өткен  екiншi  жалпы  қазақ  съезiнде  қабылданған  мəдени-ұлттық 

бағдарламаны жүзеге асыру кезiнде Алаш зиялыларымен бiрге Би-

ахмет Сəрсенов те бел ортасында жүрдi. Осы екiншi жалпықазақ 

съезiнiң  қаулысына  сай  Алашорда  үкiметi  құрылып,  оның 

уақытша тұратын жерi - Семей қаласы болып бекiгенi белгiлi. Со-

нымен қатар съезде оқу мəселесi де қаралып, Ахмет Байтұрсынов 

басқарған  арнайы  оқу  комиссиясы  құрылды,  оған  М.Жұмабаев, 

Е.Омаров, Б.Сəрсенов, Т.Шонанов мүше болып ендi.

  Азаматтық  қарсыласу  жылдары  Шығыс  Алашорда  үкiметi 

құрамында қызмет етiп, облыстық Земство басқармасында халық 

ағарту  бөлiмiнiң  қазақ  бөлiмшесiн  басқарған  Биахмет  Сəрсенов 

ұлттық  мектептердi  ашу  жəне  оларды  қаржыландыру,  қазақ  ба-

лаларын  оқуға  орналастыру,  қажеттi  оқулықтармен  қамтамасыз 

ету  сияқты  толып  жатқан  жұмыстармен  айналысты.  Əрi  Семей-

дегi мұғалiмдер семинариясында, Алаш қаласындағы қысқа мер-

зiмдi  педагогикалық  курстарда  сабақ  бердi.  Сондай-ақ, “Қазақ”, 

“Сарыарқа” газеттерiне үзбей мақала жазып тұрды. Мысалы, Би-

ахмет Сəрсеновтың “Автономия кеңесi”, “Бiрiккен елде - береке”, 

“Азық-түлiк”, “Россияда  осы  күнде  зор  мəселе  азық-түлiк”  атты 

т.б.  мақалалары  ұлт  мүддесiмен  үндес  əрi  дер  кезiнде  жазылуы-

мен  құнды  болып  есептелдi.[Қ.Егiзбаев.  Тағылым,  Семей-2001. 

250-бет] Жалпы, сол бiр ел тағдыры таразыға түскен сын кезеңде 

Алаш  көсемi  Ə.Бөкейханов  бастаған  Семей  зиялылары  халыққа 

бiлiм беру, мəдениетке үйрету, шаруашылық жұмыстарын жүргiзу 

жəне əдiл сот жүйесiн енгiзу, Алаш милициясы мен атты əскерін 

құру секiлдi маңызды iстерде диiрменнiң тасындай шырқ үйiрiлiп, 

күндiз-түнi тыным таппай қызмет еткенiн көремiз.

 Алаштың ақиық ақыны - Сұлтанмахмұт Торайғыров, Əлихан, 

Халел,  Əлiмхан  сынды  бiр  топ  Алашорда  үкiметi  басшыларын 

халыққа таныстыру өлеңiнде Биахмет Сəрсенов туралы:

 

Бiреуi Биахмет Сəрсенұлы,



Ыңғайлы, қырғыйға ұқсар көрсең түрi.

Түрiнен де, сөзiнен, жүрiсiнен,

Екенiн бiле алмайсың қандай қыры.


134

Ақылы да оның көп, айласы да,

Көңiлiнiң жылдам сезгiш айнасы да.

Бар дейдi бұрынырақ ұмытылатын,

Түлкiдей жалт ететiн таймасы да.

Iсi де, таланты да қалыспайды,

Жұмсаса тегiс халық пайдасына.

Жастардың бiреуiнен кейiн емес,

Қазақ деп жүрегiнiң қайнасы да. 

Халел мен Əлiмханды ай деп айтсақ,

Шолпандыққа жарайды ай қасында.

Əуелден қатарынан туысы артық,

Сондықтан күн-күн сайын барады артып.

Iлiмнiң аймағында жоқты дағы,

Ерiксiз тумысымен алар тартып, -

деген өлең шумақтарын арнаған екен. Өкiнiшке қарай, жiбек-

тей  мiнезiне  қарап  бүкiл  қазақ  Бияш  деп  еркелеткен  Биахмет 

Сəрсенов өмiрден ерте кеттi. Ол 1921 жылы Орынборда Ахаңмен 

бірге, яғни Қазақ АСР-інің Оқу министрі Ахмет Байтұрсыновтың 

орынбасары  қызметін  атқарып  жүргенде  небəрi 36 жасында  оба 

ауруынан қайтыс болды. 

Семейдегi  губерниялық  “Қазақ  тiлi” (қазiргi “Семей  таңы”) 

газетiне  жарияланған  Алаш  арыстары  Мəннан  Тұрғанбаев  пен 

Жүсiпбек  Аймауытовтың  “Бияш”  атты  қазанамасында,  шын 

мəнiнде  Биахметтiң  ұлт  мүддесi  жолындағы  еңбегiне  үлкен  баға 

берілді.  Бұл  қазанаманы  алғаш  белгiлi  ғалым-филолог  Арап 

Еспенбетов  төтежазудан  аударып,  жұртшылыққа  таныс  еттi. 

Онда: “өткен  шiлденiң 17-де  Орынбор  қаласында  Қазақстан  оқу 

комиссариатының  мүшесi  Биахмет  Шегедекұлы  (Сəрсенов)  оба 

ауруынан қайтыс болды.

...Ол Семейде учительская семинарияны бiтiрiп, алғашқы ке-

зде ел iшiнде «аульная школада» бала оқытып, соңынан əкiмшiлiк 

iсiне  кiрiскен. 17-шi  жылы  революциядан  кейiн  қазақ  азаматта-

ры əлеумет жұмысына араласып кеттi. Бияш та солардың iшiнде 

областной  қазақ  комитетiне  мүше  болып,  Павлодар  уезiнде  ко-


135

митеттер сайлады. Соңғы Алашорда, Земство болған замандарда 

Бияш көрнектi орында қызмет еттi. Семейге 1920-шы жылы Кеңес 

өкiметi орнаған соң, Бияш Орынборға кеттi. Онда алғашқы уақытта, 

соғыс комиссариатының бiлiм беретiн жұмысын басқарып жүрiп, 

артынан оқу комиссариатына шығып едi. Ол басқа қызметтермен 

қатар,  Семейде  ашылған  мұғалiмдер  курсында,  қазақ  семинари-

ясында,  Орынбор  курстарында  оқытушы  болып  жүрдi.  Əлеумет 

iсiне қатысқандықтан айыпталып, Колчак тұсында, соңғы, Кеңес 

өкiметi тұсында абақтыға да жатып шықты.

Бияш қазақша айтқанда, сегiз қырлы, өнерлi жiгiт едi. Алған 

орысша бiлiмiне қарағанда шын мағынасымен педагог (тəрбиешi) 

едi...

Төңкерiс  заманға  душар  болып,  əлеумет  iсiне  оқығаны 



аздықтан қазақтың ана жұмысы да, мына жұмысы да Бияшты ке-

рек қылды, сүйредi. Оның араласпаған қызметi болмады. Қандай 

жұмысқа кiрiссе де, тереңiнен бiлiп, тез бiтiретiн Бияш болатын...

Ол əкiмшiлiк iске өте жетiк, тағанды, құнтақты болатын... Ол 

орны толмайтын дипломат (елшi) едi... Ол ақылды едi... Оның тағы 

бiр  қасиетi:  нашарға,  мұқтаж  шəкiртке,  жолдас  арасында  жүрегi 

қайырымды,  қолы  ашық  болатын...  Ол  досшыл,  жолдасшыл, 

еркөңiл едi. Жолдасы үшiн, елi үшiн қатерлi жерде жалғыз қалуға 

жарайтын, жанын қиюға шыдайтын ер едi.

Еш  нəрседен  тауы  шағылып,  тез  қайтпайтын,  қажымайтын 

қуатты,  пысық  едi.  Бияш  қысқаша  айтқанда,  алмас  қылыштай 

өткір, қаршығадай қырағы жiгiт едi. 

...Оқу комиссариатының қандай iсi болсын, бiр өзi басқарып 

бара  жатыр  едi.  Хакiмшiлiк  жұмыстан  арқасы  босағандай  Ахаң 

(Ахмет Байтұрсынов) Бияшқа сенiп отырушы едi. Ендi...

Төңкерiс  заманында  талай  жiгiттер  шығын  болды.  Тағы  та-

лайлар  шығындалар.  Бiрақ,  Бияш  сықылды  жiгiттен  айырыла 

беру  аса  шымбайға  батарлық  қайғы,  өкiнiштi  қаза.  Марқұмның 

арттағыларына сабырлық берсiн”, - деп жазылды. 

Ал,  сол  жылдары  Ташкентте  шығып  тұрған  Алаш 

қайраткерлерінің  “Ақжол”  газетi  редакциясының  басқармасы 

Биахметтің  мезгілсіз  қазасы  туралы: “Қазақ  елiнiң  көгiндегі 

үркердей азғана жұлдыздарының бiрi сөндi. Биахмет сол санаулы 


136

жұлдыздардың арасындағы ең жарық, нұрлы көрiнгендердiң бiре-

уi едi. Оның өлiмi қазақ жұрты үшiн орны толмайтын қаза, қаруы 

қайтпайтын шығын”, - деп көңiл айту бiлдiредi.

Биахмет  Сəрсенов  өмiрден  ерте  кеткенiмен,  өкiнiшке  қарай 

1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргiннiң зобалаңы оның əкесi 

Шегедек байдың əулетiн сырт айналып өтпедi. Жалпы Шегедектiң 

екi  əйелiнен  жетi  ұл,  жетi  қыз  тарайды.  Осы  жетi  ұлдың  iшiнде 

Биахмет,  Жанахмет,  Қалел  жəне  Дəлел,  Салық  орысша-қазақша 

оқыған, саяси сауатты азаматтар болды. Мəселен, солардың бірі - 

Дəлел Сəрсенов те Алаш қозғалысына белсене қатысқан қайраткер 

болды.  Айталық, “Список  организаторов  Алашского  конного 

партизанского полка, участников организации против Советской 

власти в 1918 г. правительства Алаш-Орды” атты ресми құжатта 

Биахмет  Сəрсеновқа  қоса  “Д.Сəрсенов  (брат  Бииахмета”)  деп 

оның iнiсi Дəлелдiң де есiмi аталады.[Б.Нəсенов. Абыралы-қанды 

жылдарда, 1905-1945 ж.ж. Новосибирск. 2002. 286 б.]

Ал, Биахметтiң жалғыз Ұлы Ғалихан да кешегi Кеңес өкiметi 

кезiнде  “Алашордашыл,  халық  жауының  баласы”  деген  талай 

түртпектi, қысымды көрдi. Бияш ағамыз 1918 жылы дүниеге келген 

жалғыз перзентiнiң есiмiн Алаштың ардақтысы Əлекеңнiң, Əлихан 

Бөкейхановтың  құрметiне  Ғалихан  (бірақ  кейінде  төлқұжатқа 

Қалихан болып жазылып кеткен) деп қойыпты.

-  Əкеден  ерте  айырылып,  қиындық  көрiп  өскен  Қалихан 

Биахметұлы Ұлы Отан соғысының алдында Тамбовтағы ұшқыштар 

даярлайтын  училищенi  бiтiрiп  шығады, - дейдi  семейлiк  ғалым-

тарихшы  Мұхтарбек  Кəрiмов. – Алайда,  əкесi  кешегi  Алашорда 

үкiметi басшыларының бiрi болған соң, оған сенiмсiздiк білдiрiп, 

ұшуға рұқсат берiлмейдi. Сол себептi, Мəскеудегi шет тiлдер ин-

ститутына оқуға түсiп, жаңа мамандық алады. Өзi ағылшын, фран-

цуз жəне немiс тiлдерiнде еркiн сөйлеген. Ұлы Отан соғысы кезiн-

де  əскер  қатарына  алынып,  жаяу  əскер  құрамында  талай  қанды 

шайқастарды бастан өткередi.

Соғыс  бiткен  соң,  Батыс  Европадағы  бiр  мемлекетте 

тұтқындарды елдерiне қайтаратын халықаралық комиссиялардың 

бiрiнiң құрамында тiлмаштық қызмет етедi. Сол кезде, бұл кiсi Гол-

ландия  мемлекетiнiң  аумағында  көбiрек  болса  керек.  Кездейсоқ 


137

бiр жағдайда əлгi Голландия (бұл ел Нидерландия деп те айтыла-

ды) Королiнiң ортаншы қызы -Иокемен танысады. Олардың осы 

таныстығы  үлкен  махаббатқа  ұласады.  Қалихан  аға  өзiнiң 1980 

жылдары толтырған анкеталық өмiрбаянында (КГБ органдарының 

талап етуiмен жазылса керек) “Бiз үйленген едiк. 1947 жылы Хе-

рот деген ұлымыз дүниеге келдi” деп жазады.

Əрине, ол уақытта бұл үлкен жүрек жұтқан батырлық болды. 

Мысалы,  Қалихан  ағамыз  нағыз  Кеңес  өкiметiне  қарсы  байдың 

тұқымы, Алашорда қайраткерiнiң баласы болса, əрi өзi Голландия 

королiнiң  қызы  Иокеге  үйленiп, «социалистiк  салт-санаға»  жат 

қылық  iстесе,  шынында  да  бұл  кешірілмейтін  ауыр  қылмыстық 

іс  еді. 1948 жылы  Қалихан  Биахметұлы  елге  əйелi  мен  баласын 

алып  қайтқан  кезде,  оларды  Польшамен  шекарада  ұзақ  тексерiп 

ұстайды. Ақыры жас нəрестелi Иоке шетел азаматы болғандықтан, 

шекарадан  өте  алмай  жылап  керi  қайтады.  Ал,  Қалихан  ағамыз 

болса, бергi шекара бетінде іші қан жылап, өзегi өртеніп қала бе-

редi.


Туған отбасымен арадағы осы үзiлiске тура он жылдай уақыт 

өткен  болуы  керек.  Ендi  қайта  табысудан  əбден  күдерiн  үзген 

Қалихан  Биахметұлы  Шымкент  жақта  Анна  Дубова  деген  орыс 

қызымен танысып, үйленедi. Одан екi ұл өмiрге келедi. 

1957 жылдың жаз айында Қалихан ағамыз жаңа үй салмақшы 

болып, iргетасын  көтерiп  жатады.  Мəскеудегi  бiр  шетелдiк  ел-

шiлiктен оның атына арнайы шақырту қағазы келеді. Сөйтсе, оны 

шақыртушылар - Мəскеуге  халықаралық  делегация  құрамында 

келген  əлгi  шетелдiк  отбасы - Иоке  мен  Херот  екен.  Бірақ  та 

өкіметтен ресми рұқсат болмаған соң олардың жүзiн көре алмай-

ды. Ол кезде заман солай болды. Ғалым-тарихшы Мұхтарбек Кари-

мовтен естуімізше, осы Қалихан ағамыз бен оның шетелдiк отбасы 

арасындағы  байланыстың  жарқын  белгiсiндей  болып  Голландия 

королдiгiнен жазылып келген бiр жапырақ хат қана қалған...

Ал,  Биахмет  Сəрсеновтың  туған  iнiсi  Салық  ақсақалдың  ба-

ласы,  бүгiнде  Семей  қалалық  санэпидемологиялық  департаментi 

басқармасының бастығы Бағлан Салықұлы Шегедековтың айтуын-

ша, шетелдегi Иокесi мен Херотың бiр көрудi арман еткен Қалихан 

ағамыз 2000 жылдары қайтыс болып кетiптi. Алаш қайраткерi Би-


138

ахмет  Сəрсеновтың  тек  қана  жалғыз  фотосуретi  жаңағы  Салық 

ақсақал мен оның зайыбы Бижамал əжейдiң ұзақ жылдар бойы жа-

сырып сақтауымен бүгiнге аман-есен жетсе, ал оның жалғыз ұлы 

Қалиханның артында қатiгез өмiрдiң белгiсiндей болып сарғайған 

бiр жапырақ хат қалып отыр..



3. АЛАШТЫҢ АХМЕТЖАНЫ

Алаш қайраткері Ахметжан Қозыбағаров 1918-1920 жылдары 

Семей уездік Земствосы басқармасы (кейінде Семей уездік шаруа, 

қазақ жəне жұмысшы депутаттары Кеңесі) басшылық қызметтер 

атқарды. Ол 1879 жылы бұрынғы Семей облысының Шыңғыстау 

ауданына қарасты Əтей ауылында ауқатты шаруаның отбасында 

дүниеге  келген. XX ғасыр  басында  Омбы  фельдшерлік  мектебін 

бітіріп, Семейдің Затон жақ бөлігіндегі госпитальда фельдшер бо-

лып  жұмыс  істеді.  Сауатты  жас  студенттік  кезінде-ақ  қоғамдық-

саяси  жұмыстарға  белсене  араласады.  Омбыда  оқыған  жылдары 

қазақ  жастарының  «Бірлік»  атты  ұйымына  қатысып,  Əбілқайыр 

Досов,  Жанайдар  Сəдуақасов,  Хамза  Жүсіпбеков  тəрізді  т.б.  са-

яси  қайраткерлермен  танысқаны  сөзсіз.  Өйткені,  сол  студенттік 

шағындағы Алаштық тұрғыда қалыптасқан саяси көзқарасы одан 

кейінгі төңкерістер кезеңінде де еш өзгермеді. Ол, шын мəнінде, 

ұлт мүддесіне адал қызмет еткен Алаштың нағыз ардагер азама-

ты болды. Сондай-ақ, оның сүйікті жары Тұрар Қозыбағарованың 

есімі  де  Семей  жұртшылығына  жақсы  мəлім-тін. 1914 жылдың 

күзінде  Ұлы  Абайдың  өмірден  қайтқанына 10 жыл  толуына 

арналған Семейдегі əдеби кешті ұйымдастырып, өткізуші тамаша 

педагог-ағартушы - Нəзипа  Құлжанованың  жақын  дос,  құрбысы 

ғана  емес,  сондағы  «Біржан-Сара»  спектакліндегі  ақын  Сараның 

ролін  ойнаған  өнерлі  жан  еді.  Жалпы,  олардың  жұбайлары 

Нұрғали  мен  Ахметжан  да  бір-бірімен  сыйлас,  пікірлес  адамдар 

болған.  Осынау  қазақтың  екі  марғасқа  азаматы  отбасыларының 

дəм-тұзы жарастығы туралы,кеңестік заманда тұспалдап болса да 

біраз  жайларды  жазушы  Сапарғали  Бегалин  «Замана  белестері» 

кітабында  айтады.  Себебі,  ол  бір  Алаш  қайраткерлерінің  атын 

атауға болмайтын қиын уақыт еді. Ал енді Гүлнар Міржақыпқызы 


139

Дулатова  «Алаштың  сөнбес  жұлдыздары»  кітабында «...Семейге 

келгелі  бері  Атекем  (Əлихан)  мен  папамның  (Міржақып)  жора-

жолдастары, жақын таныстары үйлеріне шақыра бастады. Ең ал-

дымен дəм татқызып, қонақ еткен – педтехникумның директоры 

Əбікей Зейінұлы Сəтбаевтың үйі болды. Бұл үйде кімдер болма-

ды дейсіздер. Əбікей ағаның өзімен бірге қызмет істейтін Мəннан 

Тұрғанбаев, Білəл Сүлеев, Баянауылдан келіп жатқан Жұмат Ша-

нин,  Шыңғыстаудан  дəм  бұйырып  Турағұл  (Абайдың  баласы) – 

Тұраш атам келіпті. Орынборда бізге келіп-кетіп жүретін Боқаш 

ағам (фамилиясын білмеймін), Дəку ағам (Даниял Ысқақов) əйелі 

Мүкəраммен,  Ахмеджан  ағам  (Қозыбағаров)  Тұрар  тəтеммен, 

Сұлтан Оспанов, тағы мен танымайтын екі кісі бізбен бірге қонақта 

болды...» деп еске алуына қарағанда, бұл айтылған жай шамамен 

1920  жылдардан  кейін  болса  да,  қазақ  зиялыларының  бір-бірі-

мен  жақын  араластығы  ешуақытта  үзілмегенге  ұқсайды.  Алаш 

қозғалысы  басшыларының,  тіпті  тəуелсіздік  жолындағы  күресте 

əу  бастан-ақ  тығыз  қарым-қатынаста  болғандығы  туралы  Алаш-

танушы  ғалым  Мəмбет  Қойгелдиев  «Алаш  қозғалысы»  зерттеу 

еңбегінде Ахметжан Қозыбағаровтың Халел Ғаббасов жəне Жақып 

Ақбаевпен  тығыз  байланыста  жүріп,  Семейде  жастар  үйірмесін 

құрғаны  туралы  деректер  келтіреді.  Бұл  арада  оның  меңзеп 

отырғаны «Жанар» ұйымы болса керек. Мысалы, жас семинари-

стер Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Əуезовтіңде осы ұйымның 

жұмысына  қызу  атсалысқандары  белгілі.  Кейінде, «Семейдегі 

«Жанар», Қызылжардағы «Талап», Омбыдағы «Бірлік» ұйымдары 

негізінен «Алаш» партиясы ықпалында болып, əлеуметтік-таптық 

тартыста  соның  саяси  бағытын  қолдады».[Нұрпейісов  К.,  Алаш 

һəм Алашорда. – Алматы, 1995. 112-бет]

Алаш  көсемі  Əлихан  Бөкейхановтың  басшылығымен  алғаш 

«Алаш» партиясының Семей облыстық комитеті құрылғанда, Ах-

метжан Қозыбағаров оның басшылық құрамына еніп, қоғамдағы 

саяси  жұмыстарға  білек  сыбана  араласады.  Облыста  қазақ  сь-

ездерін  ұйымдастырып  өткізуге  қатысып,  облыстық  қазақ  коми-

тетіне  мүшелікке  сайланады.  Сол  тұстағы  қазақ  комитеттерінің 

тарихи  ролін,  қазіргі  таңда  Алаштанушылар  «болашақ  ұлттық 

мемлекеттің негізі, бастау көздері еді» деп бағалайды. Шынында 


140

да, аталмыш облыстық комитеттің ұсынысы бойынша ұлттық ав-

тономия құру мəселесі, ең бірінші болып Семейдегі қазақ сьезін-

де көтеріледі. Ол туралы академик Кеңес Нұрпейісов «Алаш һəм 

Алашорда» атты зерттеу еңбегінде «Семей сьезінің өзіне тəн басты 

ерекшелігі,  онда  мемлекеттік  басқару  мен  қазақ  халқының  авто-

номиясы туралы мəселелер бойынша қабылдаған шешімдер бол-

ды»  дейді.Міне,  осы  қазақ  қоғамындағы  мемлекеттік  билік  түрі, 

ұлттық автономия, жер, халық милициясы, земство, оқу, сот, дін 

жəне тағы басқадай саяси-əлеуметтік маңызы зор мəселелерді ше-

шуге байланысты 1917 жылдың 21-26 шілдесі аралығында Орын-

борда өткен жалпықазақ сьезіне Семей облысынан Ə.Бөкейханов, 

Г.Потанин,  Ə.Ермеков,  Х.Ғаббасов,  М.Поштаев,  Ж.Ақбаев, 

Б.Сəрсеновтармен  қатар  Ахметжан  Қозыбағаров  та  қатысады. 

Сондай-ақ, ол «Алаш» партиясы атынан Бүкілресейлік Құрылтай 

жиынына депутат болып сайланады. Мысалы, сол кездің өзінде-

ақ «Қазақ» газетінде «Ахметжан Қозыбағаров – фельдшер. Пікір-

лі,  ұлтшыл  жастарымыздың  бірі»  деп  атап  жазылып,  үлкен  үміт 

артылған еді.

1917 жылдың күзінде Семей облысында Земстволық басқару 

органдарының  сайлауы  жаппай  өткізіле  бастаған  кезде,  Алаш 

қайраткерлері де халықтық биліктен шет қалмау мақсатында оған 

бір  кісідей  жұмыла  кіріседі.  Осындай  саяси  науқан  барысын-

да  А.Қозыбағаров  бұрынғы  Алаш  қаласы  тұрғындары  атынан, 

алғашқыда Семей уездік Земствосына депутат ретінде сайланып, 

одан кейін оның басқарма төрағасы болып тағайындалады. Мыса-

лы, Семей уездік Земствосына жеті сайлау округі бойынша 40 де-

путат жəне бұған қоса 42 кандидат сайланады. Бір атап айтарлығы, 

осы 40 депутаттың 37-сі қазақ, ал 3-уі орыс ұлтынан болды. Яғни, 

қазақ  қауымының  ұйымшылдығы  мен  саяси  белсенділігі  күшті 

болғандығы айқын байқалады. Сол уақытта, осы жоғары билік ор-

ганына депутаттыққа Семей қаласынан Халел Ғаббасов, Əлімхан 

Ермеков,  Райымжан  Мəрсеков,  Мұстақым  Малдыбаев,  Иманбек 

Тарабаев, Нəзипа Құлжанова, жаңағы Алаш қаласынан Жұмжұма 

Үкібаев,  Ахметжан  Аңдамасов,  Құрман  Мұздыбаев,  Шыңғыстау 

болысынан  Шəкерім  Құдайбердиев,  Мұқыр  болысынан  Көкбай 

Жанатаев,  Қызылмола  болысынан  Иманбазар  Қазанғапов  сын-


141

ды  елге  танымал  көптеген  қазақ  зиялылары  сайланды.  Алғашқы 

Семей  уездік  Земствосы  депутаттарының  төтенше  жиынында 

облыстық  Земство  басқармасының  мүшелері  сайланып,  оның 

төрағасы  болып  Р.Мəрсеков  бекиді.Одан  кейінгі  уақыттарда 

басқарма төрағасы қызметтерін Əлімхан Ермеков, Халел Ғаббасов 

атқарды. Бұл халықтық билік органының кеңсесі бұрынғы Алаш, 

қазіргі  Жаңасемей  қаласындағы  қазақтың  атақты  бай-саудагері, 

меценат Қаражан Үкібаевтың мектепке жалға берген үлкен ағаш 

үйінде орналасты.

Азаматтық  қарсыласу  жылдары  Семейдегі  земстволық 

басқару  органдары,  Алашорда  үкіметінің  жəне  қара  халықтың 

сенім артқан мықты тірегі де болды. Олар негізінен милиция, сот 

органдарын  құру,  жер  бөлу,  несие-қаржы  беру,  шаруашылықты 

дамыту, азық-түлікпен жабдықтау, денсаулық сақтау, білім беру, 

ұлттық  мектептерді  ашу  тəрізді  тағы  басқа  саяси,  əлеуметтік-

экономикалық тұрғыдағы мəселелермен айналысты. Мұндай қат-

қабат  жұмыстардың  бір  парасы  тез  арада  Алаш  милициясы  мен 

атты əскерін құрып, облыстық қазақ соты мүшелерін тағайындауға 

қатысты атқарылса, ал келесі парасы сол кездегі орын алған Сібір 

революциялық комитетімен арадағы жер дауларын шешуге, Алаш 

қаласында  мұғалімдер  даярлайтын  арнайы  қысқа  мерзімді  кур-

стар  мен  ұлттық  мектептерді  ашып,  оқу  құрал-жабдықтарымен 

қамтамасыз  етуге,  дəрігерлік  емдеу,  банк,  қаржы-несие  жəне 

шаруашылық  мекемелері  жұмысын  жандандыруға  тағы-тағысын 

толып  жатқан  күрделі  əрі  төтенше  жағдайларға  бағытталды.

Осындай  аласапыран  өмірдегі  қадау-қадау  өзекті  мəселелердің 

шешіміне  қатысты  ресми  деректерді  Семей  қаласының  Қазіргі 

заман  тарихы  құжаттамасы  орталығындағы  (бұрынғы  облыстық 

архив мекемесі) Семей уездік Земствосы (37 қор), Бүкілресейлік 

Уақытша  Үкіметтің  Семей  уездік  басқарушысы (48 қор),  Семей 

губерниялық соты (266 қор), Алаш жұмысшы, шаруа жəне қырғыз 

(қазақ)  депутаттары  кеңесі (134 қор),  Алаш  қалалық  қоғамдық 

басқармасы (133 қор) туралы т.б. іс қағаздарынан кездестіре ала-

сыз.Мысалы, сондай іс қағаздардың бірінде Семей уездік Земство 

басқармасының  төрағасы  Ахметжан  Қозыбағаровтың  Омбыдағы 

Əлихан Бөкейхановқа уездік қазақ соты құрамын сайлауға байла-

нысты жіберген жеделхатының көшірмесі сақталған. Онда:



142

«Омск.ул. Учебная, 86. Букейханову

Каком  положений  [находится]вопрос  [о]киргизских  судах. 

Если состав суда выборный, [то] желательно использовать проис-

ходящее Уездное Чрезвычайное Земское Собрание. Ждем [от Вас]

официального телеграфного сообщения.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет