ПАТРИОТТЫҚТЫҢ НЕГІЗІ ОТБАСЫНДА ҚАЛАНАДЫ
Омар Жазира, «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының 1 курс студенті
Тавтыбаева А.А., «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға
оқытушысы
М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті
Мақалада патриоттық сезімнің бастауы отбасынан қаланатыны туралы айтылған. Автор патриоттыққа
тәрбиелеуде ерекше мән отбасында берілуі тиіс деген ойын ашады.
В статье говорится о воспитании чувства патриотизма в семье. Автор придает большое значение
формированию в семье чувства патиротизма, гражданского долга.
An education of patriotic feeling in a family is described in the article. The author attaches great value to formation of
patriotic feeling, a civic duty in a family.
«Отан отбасынан басталады» демекші, бірде мен «Әке, бақыт деген не?» деп сұрадым, сонда ол
«Бақыт деген, шырағым, мына әсем тұрғаның, күннің күліп тұрғаны, тыныштығы әлемнің» деді күлімсіреп.
Мен өзімді бақытты өсіп келе жатқан жастар қатарына қосамын. Неге дейсіздер ғой? Бұл сұраққа жауап
беру үшін халқымның сонау тарихи өміріне ой салғым келеді. Қазақ халқы көп қиыншылықты басынан
өткізген. Кедейлік, қиын өмір, Ұлы Отан соғысы, Сталиндік репрессиялар. Қазір біз тату-тәтті, бірлік пен
ынтымақта тұрамыз. Ғасырлар бойы жасаған халқымның ерлік істері нәтижесіз емес. Бір мың тоғыз жүз
тоқсан бірінші жылы он алтыншы желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізді. Ал біздің
мемлекетіміздің тәуелсіздігі –қазақстандық патриотизмнің бастау көзі деп есесптеймін. Ол да бір бақыт емес
пе?!
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп, қазынаға бай ел.
Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен
дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар мекендейді.
Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай
жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ
дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз
бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Адамның Отанына,
туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі патриотизмге жатады.
Отанға қызмет ету әрбір жеке тұлғаның тарихтағы орны мен еңбегінен, олардың өшпес өнері мен
ғұламаларының өсиеттерінен үлгі алған, солардан рухтанған ұрпақтарымыздың патриоттық күшімен
өлшенеді. Екінің бірі тумысынан дара, ғұлама болмайды, оқудан, таңдау, үйренуден барып, адам өзін
толыққанды етіп тәрбиелейді.
Ал қазіргі кездегі қазақстандық патриотизм туралы айтатын болсақ, ол - қазақ мемлекетін Отаным
деп сезіну, басқа ұлттың қазақ халқына сый - құрметпен қарауы, әр ұлттың құқықтық еркіндігін қуаттай,
туған жерін көркейтуге, қорғауға дайын болуы. Жалпы патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесінен
бастау алып, өсе келе мектепте, әлеуметтік ортада әрі қарай дамып, жүзеге асады.
Өзімді бақыттымын деп санауымның тағы да бір дәлелі, ол ана тілімді игеруге үкімет тарапынан
көптеген шаралардың жасалуында. Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды
емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар
киелі ұғым деп тәрбие алып келемін.
Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр.
Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да, бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде,
сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын
әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде
шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы. «Мен патриот емеспін» деген қазақ жастарының болғаны
жанға батып, налығанымызды несіне жасырайық. Іштей өз елін, жерін, ұлтын сүймейтін адамнан неғайбыл
және өзінің патриот емес екенін мақтанышпен айтатын азаматтар қатары азаймай тұрса, өзгеге не жорық
дейсің амалсыз. Сондықтан да ондай қасиеттер адамның кішкентай кезінен бастап отбасында тәрбиеленуі
тиіс деп ойлаймын.
Биыл ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымын. Жаңа астанада бой көтеріп
176
жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап
көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ
орданың, Үкімет үйі, бәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе, алаңқайларға егілген, қазақша
өрнекпен бейнеленген қызыл-жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті
субүрккіштер, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз
алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла
отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен
кәрістер, тағы басқа да ұлт өкілдері еңбектенуде. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың
қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы
өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының
мінезінен жаралған. Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі
керек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем
Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай
бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Қазақстаным! Мен бақыттымын...Себебі мен ынтымағы жарасқан,
бірлігі ұласқан елде тұрамын. Бақыт бірлігі мен ынтымағы бар елге қонады екен. Демек, мен бақытты жерде
туған елімнің бақытты перзентімін. Бұрынғы өткен заманда бабамыз Абылай армандаған қазақтың
Сарыарқадай сайын даласының Есіл жағасына ел қондырсам деп еді, елімді – жерімді біртұтас жүз жүзге
бөлінбейтін мемлекетке айналдырсам деген арманы, еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
жүз жүзге бөліндірмек тұрмақ, 130-дан астам ұлтты ұйыған айрандай бірлікпен жүзеге асырып,
мемлекетімізді бейбітшілікте басқарып отыр. Біз білсек қазір қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда
өмір сүріп жатырмыз. Бұл кез келген мемлекеттің жете бермейтін жетістігі.
Бұл «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының сан ғасырлық аңсаулы асыл арманы еді.
Қорыта келгенде, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар арқылы тәрбие беру жас буын бойындағы сана - сезімді, намысты, парызды қалыптастырумен
қатар егемен еліміздің тәуелсіздігін, ынтымағын, бірлігін сақтап қала алатын патриот - азамат тәрбиелеуге
толық мүмкіндігіміздің бар екендігі анық. Осы жолдағы ата-ананың, мемлекеттің сілтер бағыты, көрсетер
жолы түзу болсын дегім келеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті –
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 14.12.2012.
5.
Назарбаев Н.Ә. “Тарих толқынында”. Алматы, 1999 ж.
6.
Қазақтың мақал-мәтелдері. Алматы, 2007 ж.
7.
Қазақтың би-шешендері. Алматы, 2007 ж.
8.
Батырлар жыры. Алматы, 2007 ж.
ҰЛТЫН ҰЛЫ МҰРАТҚА ЖЕТЕЛЕУШІ ҰЛТЖАНДЫ ЖАСТАР
Ондырханова Ж.М. «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2
курс студенті Ғылыми жетекші: Жумасултанова Г.А. тарих ғылымдарының кандидаты,
саясаттану және әлеуметтану кафедрасының доценті
Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Бұл мақалада қарастырылатын негізгі ой – қазақстандық патриотизм, яғни қазіргі жастардың патриоттық
намысын тәрбиелеу, өз Отанына деген сүйіспеншілікті арттыру мәселелері.
Данная статья посвящена развитию и воспитанию патриотизма в казахстанской молодежной среде, поисков
путей его формирования, в основе которой лежит любовь к Родине.
This article focuses on the development of patriotism in Kazakhstan's youth, finding ways of its formation, which is
based on love for the Motherland
.
Бүгінгі күні әлемдік кеңістіктің жаһандану жағдайына байланысты барлық мемлекеттер үшін өз
елінің шынайы азаматын әрі патриотын тәрбиелеу ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Патриотизм
қазіргі таңда әлеуметтік, діни-адамгершілік, идеологиялық, мәдени және әскери-тарихи сынды негізгі
құраушыларының жиынтығы негізінде қарастырылады.
Патриотизм – Отанына деген махаббат, туған жеріне деген адалдық, кешегісі мен бүгініне деген
мақтаныш, оның қадыр қасиеті мен мәдени құндылықтарын сақтап қалуға деген құлшыныс, жеке және
топтық мүддені елдің жалпы мүддесі үшін құрбан етіп, өзін оған сәйкес ұстау, Отанға қызмет ету, оның
мүддесі үшін күресу басты мазмұны болып табылатын сезім. Патриотизм – ананың ақ сүтімен адам бойына
дарып, кейін отбасындағы, мектептегі алған тәрбиесімен беки түсетін, қоғамда қалыптасатын өте күрделі
177
әрі терең сезімдердің бірі.
Президентіміз Қазақстандық патриотизмді дамыту саласындағы ең басты міндеттерді айқындап
бергені белгілі. Патриот – Отанына адал азамат. Ал патриотизм – Отанға деген махаббат. Елбасы бұл
қасиетті ұғымға мынадай анықтама берген еді: «Қазақстандық патриотизм – туған Отаны мен жеріне деген
махаббат, оның тарихы мен мәдениетіне деген үлкен құрмет, әркімнің өз күшіне деген сенімі мен барша
қоғамның ұйымшылдығы, бүгін қаланып жатқан өз еліңнің болашағына деген жауапкершілікті сезіну және
оның жаңа тарихына атсалысу сынды қасиетті сезім» [1]. Ол патриотизмді көптің кұшімен, әсіресе, жастар
арасында ғана қалыптастыра алатынымызға баса назар аудартты.
Қазіргі Қазақстанда жастар ортасында азаматтық қасиеттер мен патриотизмді қалыптастыру кез-
келген мемлекет үшін өзекті мәселеге айналды. Соның негізінде патриоттық тәрбиелеудің ішкі және
сыртқы саяси міндеттерін тиімді шешуге көмектесетін түрлі механизмдер мен әдістер құрылды. Соның
ішінде бүгін Қазақстанда азаматтық пен патриотизмді қалыптастырудың белгілі концептуалдық-құқықтық
базасының негізі қаланды. Ол өз Отанының кез-келген адам байлық пен бақытқа еркін кенеле алатын
мекенге айналуын қалаушы азаматтың соған тікелей қатыстығын сезіндіруден туындап отыр.
Республиканың ең басты принциптері қамтылған Қазақстанның Конституциясы да осыған бағытталады.
Мысалы онда қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, халық мүддесіне негізделген экономикалық даму,
мемлекеттік өмірдің ең негізгі мәселелерін демократиялық әдіспен шешу қажеттілік туралы айтылады [2].
Жастардың бойына азаматтық-патриоттық сана қалыптастыру бойынша жаңа міндеттерді
түсіндіруде негізгі тірек патриоттыққа тәрбиелеудің тұтас жүйесін құрастыру үшін ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевпен бекітілген «Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеудің
мемлекеттік бағдарламасы» болып табылады. Бағдарламаның өзектілігі қазақстандық қоғамның рухани
әлеуетін көтеру, ең алдымен, «азаматтардың бойында жоғарғы патриоттық сана, өз отанына деген мақтаныш
сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбиені мақсатты дамыту арқылы Отанының мүддесін қорғау бойынша
азаматтық борышы мен конституциялық міндеттерін орындауға дайын болуға тәрбиелеу» [3] қажеттілігімен
негізделеді.
Патриотизмге жай ғана үйрету мүмкін емес, оны мақсатты түрде көп еңбектене отырып, жастардың
бойында тәрбиелеу қажет. Оқу процессіне инновациялық технологияларды, халықтық педагогика
элементтерін енгізіп, оқу топтарында жағымды микроклимат қалыптастыру арқылы оқытушылар тәрбие
жұмыстарына көздеген мақсатқа жету үстінде. Танымал қазақстандық жазушылардың, атақты ақындардың
еңбегін оқи отырып, оқушылар өздеріне әдеби кейіпкерлердің рухани ізденісінің, өмірлік және қоғамдық
ұстанымдарын таңдаудың мазмұнын ашып, тарихи кезеңдер тоғысындағы адамзаттың рухани даму
проблемаларын сезінеді.
Қазір жастар бойында патриоттық тәрбие қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік шаралар
жайында, әсіресе оны насихаттаушы бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау бойынша шаралар жүйесі
жайында нақтырақ айтуға болады. Мысалы, жоғарда айтылған бағдарламада бұл жолда келесі шараларды
қолдану қажет деп белгіленеді: Отандық тарихты бұрмалау және жоққа шығару фактілеріне белсенді түрде
қарсы тұру; патриоттық мәселе бойынша интернет желісінде ақпараттар қорын құру; теледидар мен радио
бағдарламаларда және басылымдарда азаматтарды патриоттыққа тәрбиелеу бойынша тұрақты қызмет ететін
айдарларды ұйымдастыру [3]. Нәтижесінде патриоттыққа тәрбиелеу әрекеттері рухани және мәдени өрлеуге,
мемлекет пен оның қорғаныс қабілетін кұшейтуге, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылыққа жетуге
жетелеуі қажет. Патриоттық тәрбиелеудің тағы бір маңызды атрибуты өз мемлекетіңнің рәміздеріне деген
махаббатты күшейту мен насихаттау болып табылады.
Біздің елімізде жастарда патриоттық сезімді қалыптастыруда көп шаралар жүргізіледі. Мемлекет
саясаты өскелең ұрпақтың елдің мемлекеттік рәміздерімен танысуға қолайлы жағдай жасауға, ұлттық тарих
пен мәдениетті құрметтеу рухында тәрбиелеуге бағытталған. Барлық қалалық және ауылдық мектеп,
мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердегі ақпараттық стендтер, сынып бұрыштары үнемі
жаңарып,қайта безендіріліп отырады, сондай-ақ шығармалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстары жазылып,
біздің мемлекетіміздің рәміздерін білу деңгейін арттыратын байқаулар ұйымдастырылады. Мектептерде
үнемі сабақ басталмас бұрын елдің Әнұраны ойнайды. Осылайша, бүгінгі күні қазақстандық патриотизм
қоғамдық сана-сезімнің өмірде бар шынайы көрінісі және оны тәрбиелеу бірқатар мемлекеттік бағдарламаға
сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстандық ортада рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылық ретінде нағыз патриоттық
рухты ояту, жас азаматтың бойында азаматтық белсенділікті, әлеуметтік-маңызды қасиеттерді дамыту
бүгінгі күні өте өзекті. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанмен аз шаруа тындырылған жоқ: 743 жастар
ұйымы, бірлестігі мен қозғалысы өз жұмыстарын белсенді түрде дамытып келеді. 15 мың жас азамат пен
азаматшалар «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партияның жастар қанаты «Жас Отанның» мүшесі
болып табылады [4]. «Жастар – біздің болашағымыз» дей отырып, «Нұр Отан» партиясы жастарды қолында
болашақ бар алып күш болуға тәрбиелейді. Қабылданған «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң мен
«Қазақстан жастары – 2009» бағдарламалары азаматтық-патриоттық тәрбиені бағытталған. Әрине, олар
жігерге, ықылас пен өз ісіне деген сүйіспеншілікке толы жастардың ірі әлеуметтік жобаларға жаппай
атсалысуын талап етеді. Алайда, өзін патриот санайтын қазіргі заманғы жастардың кейбір бөлігі үшін
патриотизм түсінігі белгісіз, абстрактілі қасиетке ие, яғни, тұлғаның нақты іс-әрекеті мен тәртібіне
ешқандай жауапкершілік жүктемейтін сезім дегенді білдіреді. Жастар ортасында өзімшілдік мен өмірге
178
деген тұтынушылық қарым-қатынас рухы даму үстінде. Мұндай бұқаралық мәдениеттің кең етек алуы
анайылық қасиетінің арқасында жастар үшін қол жетімді болып, оның соңы рухани таяздық, адамгершілік
құлдырау мен интелектуалдық енжарлыққа әкеп соғады. Сол себепті, нағыз патриотизм – тек сөз ғана емес,
елдіңтағдырына араласып,оның мәселелерін шешуге атсалысу екендігін түсіндіру үшін жастармен мақсатты
түрле тиімді жұмыс жасау керек. Әр адам бала кезінен қарапайым ғана мына ұғымды меңгергені жөн:
«Қазақстан – менің Отаным!». Әрине, бір ғана ұрандар мен үндеулердің күшімен патриотизмге тәрбиелеу
мүмкін емес. Тек қана мектеп, университет, қала, аймақ айналасында жүзеге асатын тәжірибелік іс-әрекет
азаматтық белсенділікті ынталандырып, жастардың Отанына деген махаббатынан оның бұл сезімін
дәлелдей алатын нақты әрекетке көшуіне ықпал етеді. Осы бағыттағы белгілі тәжірибе бірқатар жоғарғы оқу
орындарында да қалыптасып үлгерді.
Мысалы, 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту
мемлекеттік бағдарламасы жобасының маңызды бағдарламалық мақсаты «Тәрбие жұмысы мен жастар
саясаты» бөлімінде жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымын, әлеуметтік жауапкершілігін,
патриотизм сезімін, жоғарғы адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру мәселелері зор
маңызға ие. осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай мақсатты индикатор құрастырылған: «Жалпы
жастардың ішінен жастар саясаты мен патриоттық тәрбиелеу саласындағы шараларды жүзеге асыруға
белсенді түрде қатысқан жастар үлесі» (2010 ж. – 25%, 2015 ж. – 27%, 2020 ж. – 55%) [5].
Бұл бағдарламада көздеген мақсаттарға жету үшін алдымен мына мәселелерді шешіп алу қажет
деген ой айтылады:
Жастар саясатын жүзеге асыру қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік мәдениетті
тәрбиелеу,ұлттық құндылықтарды қалыптастыру негізінде орындалатын болады. Оның ішінде 2011 жылдан
бастап:
−
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында кеңес беру, ақпараттық-талдамалық, оқыту және т.б.
қызмет көрмету мақсатымен мемлекеттік емес жастар ұйымдарының жанынан құрылған облыстық,
республикалық әлеуметтік қызметтер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады;
−
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыру аясында республикалық деңгейде еріктілер,
әскери-патриоттық ұйымдар, әскери-спорттық, әскери-іздестіру және спорттық техникалық клубтар жүйесі
20-
дан 30-ға ұлғаятын болады;
−
білім беру ұйымдарындағы спорттық секциялардың желісі жетілдіріледі;
−
қазақстандық патриотизмді қалыптастыр умақсатында мемлекеттік рәміздерді дәріптеу, тарих,
салтдәстүр мен туған тіл бойынша білімді қалыптастыру шаралары түрақты түрде жалғасатын болады;
−
түрлі жобаларды жүзеге асыру арқылы жастар ортасында қайырымдылық мәдениетін
қалыптастыру бойынша мақсатты бағытталған шаралар қолға алынады [5].
Сонымен қатар, жастар мүмкіндігін ашу механизмдерін жүзеге асыруда келесі шаралар
ұйымдастырылады. Жастар саясаты саласындағы мәселелерді шешуге жастарды қатыстыру үшін алға
олардың құзырлы органдарда қызмет істеуін қамтамасыз ету міндеті қойылады. Әлеуметтік жобаларды
жүзеге асыру аясында студенттер арасында ұйымдастырушылық машығы мен көшбасшылық қасиеттері бар
белсенді азаматтарды, сондай-ақ жастар ұйымдарының жетекшілерін дайындау жоспарланған.
Қорыта айтқанда, қазіргі Қазақстанда жастар саясатының басты міндеті халықты үдеріс пен гүлдену
жолымен алып жүруге қабілетті жастарды тәрбиелеу болып табылады. Тек нағыз патриоттар ғана өз
Отанының мұрасын сақтап әрі көбейте алады. Осыны ескеруде елімізде бұл жолда елеулі іс-шаралар
қолданыста және болашақта оларды дамытуды қолға алу қажет.
Қолданылған әдебиет:
1 Әбдәманапов С. Ел болашағы – патриоттардың қолында. 2006ж.- №73
2 Қазақстан Республикасының Конституциясы
3 2006-
2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу
мемлекеттік бағдарламасы // «Егемен Қазақстан». – 2006.-12 қазан. - № 228
4Мария Иванова. В ожидании перемен // Страна и мир. — 12 ноября 2012. — № 46 (488). — С. 7. —
ISSN 1999-4036
5
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын бекіту туралы
179
ЗНАНИЕ КУЛЬТУРЫ И ИСТОРИИ СВОЕЙ СТРАНЫ КАК ОСНОВА
ПАТРИОТИЧЕСКОГО ВОСПИТАНИЯ
Савицкая И. П., магистр гуманитарных наук, преподаватель кафедры «История Казахстана и
социально-гуманитарные дисциплины»,
Шагалова Е.Д., студентка 1 курса специальности «Логистика»
Костанайский инженерно-экономический университет
им. М.Дулатова
Мақалада «патриотизм» түсінігінің маңызы ашылады және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру тарих,
соғыс оқиғалары мен ұлттық қаһармандар ерліктерін үйрету қажеттілігіне негізделеді.
В статье раскрывается сущность понятия «патриотизм» и обосновывается необходимость изучения истории,
военных событий и подвигов национальных героев как основы для формирования казахстанского патриотизма.
The article deals with the term “patriotism” and shows the reasons for studying history, war events and heroic deeds of
national heroes as a basis for up-bringing of Kazakhstani patriotism.
Казахстанский патриотизм - это веское основание гордиться своей Родиной. Понятие патриотизма
имеет очень глубокое, трудно оценимое значение. Чувство родины - это святое чувство. Мы подрастающее
поколение, не выросшее и воспитанное на советском патриотизме. Преобразования, которые коснулись
буквально всех республик бывшего СССР. Появились новые государства со своей государственной
программой. Не исключение и наша молодая республика - наш Казахстан.
У Президента РК Н. А. Назарбаева есть прекрасные слова: «Изменились мы сами, наше мышление и
мировоззрение. Мы без особых подсказок поняли, что только собственный труд станет источником
благосостояния, а государство должно создать для этого должные условия». Об этом говорит глава
государства в своей книге «Казахстанский путь». Не секрет, что многие успехи современного Казахстана мы
связываем с именем нашего Президента, его политической волей, мудрой прозорливостью, высокой
патриотичностью и огромным желанием сделать Казахстан экономически сильным, демократическим
государством, способным войти в число 50-ти конкурентоспособных стран мира.
Родина - не просто слово. Каждый человек считает своей Родиной то место или край, где он родился
и вырос, где прожил всю жизнь, познал счастье и горе, радости и невзгоды. Нередко можно услышать от
людей, что они служат на благо народа и Отчизны.
Сейчас идет большой акцент на патриотическое воспитание подрастающего поколения. «Они будут
патриотами своей мирной, процветающей быстрорастущей страны, известной и уважаемой во всем мире»
(выдержка из слов президента РК о том каким он видит Казахстан в будущем) [1]. И это действительно так.
За 20 лет независимости выросло новое поколение патриотов, воспитанное в сильном независимом
Казахстане. Именно нам, молодым, решать задачи, поставленные Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым в
Послании народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050» - новый политический курс состоявшегося
государства». Очень важно, что в этом стратегическом документе уделяется особое внимание
казахстанскому патриотизму [2].
Новый казахстанский патриотизм - основа успеха нашего многонационального и
многоконфессионального общества. Ведь фундаментом казахстанского патриотизма является равноправие
всех граждан и их общая ответственность за Родину, и ее будущее.
Воспитание казахстанского патриотизма - одно из ведущих направлений всех учебных заведений.
Н.А.Назарбаев подчеркнул в своем выступлении: «Патриотизм, нормы морали и нравственности,
межнациональное согласие и толерантность, физическое и духовное развитие, законопослушание. Эти
ценности должны прививаться во всех учебных заведениях, независимо от формы собственности» [1].
Какого человека можно назвать патриотом? Обратимся к словарю Владимира Даля «Патриот -
любитель отечества, ревнитель о благе его, отчизнолюб, отечественник или отчизник» [3]. Все другие
словари трактуют «патриотизм» как «любовь к Родине». Более современные понятия «патриотизма»
связаны с местом, где родился и рос человек, с обычаями и традициями родных мест, с историческим
прошлым, родовыми корнями. Все, что окружает маленького человека, влияет не только на развитие
психики, но и на становление патриотического сознания каждого человека. Так, например, толковый
словарь русского языка С. И. Ожегова понятию патриотизм дает следующее определение: «Патриотизм -
преданность и любовь к своему отечеству, к своему народу» [4]. В энциклопедическом словаре по
политологии, под редакцией Аверьянова Ю. И.: «Патриотизм - эмоциональное отношение к родине,
выражающееся в готовности служить ей и защищать от врагов» [5]. Словарь иностранных слов в русском
языке даёт следующее определение этому понятию: «Патриотизм - это любовь к родине, к отечеству; одно
из наиболее глубоких чувств, закрепленных веками и тысячелетиями» [6].
Патриотизм предполагает гордость достижениями и культурой своей Родины, желание сохранять ее
характер и культурные особенности, стремление защищать интересы Родины.
Приближается 70-летие Победы в Великой Отечественной войне. Наш народ, как и народы
братских стран, будет отмечать эту знаменательную дату. В этот день вновь соберутся фронтовики, их дети,
внуки и правнуки, чтобы отдать дань памяти тем, кто не вернулся с поля боя или ушел из жизни в
180
послевоенное время. И хотелось бы акцентировать внимание на том, какое огромное количество примеров
патриотизма можно взять со страниц истории Великой Отечественной войны. Ведь эстафета любви к
Родине должна предаваться из поколения в поколение, не уменьшая важность ее как для страны, так и для
каждого из нас. Об этом должна знать и помнить современная молодежь. Как писал М.Е. Салтыков-Щедрин
«Идея Отечества одинакова, должна быть присуща сынам его, ибо только при ясном ее сознании человек
приобретает право назвать себя гражданином».
История обладает свойством эмоционального воздействия на мысли и чувства людей, она активно
участвует в гармоничном воспитании человека и способствует формированию патриотизма [7]. Поэтому
неотъемлемой частью формирования патриотизма у современной молодежи является воспитание на
примерах героев Великой Отечественной Войны. Мы знаем эти легендарные имена из курса Истории
Казахстана:
1)
Маншук Маметова. В августе 1942 она добровольно вступила в ряды Красной армии и
отправилась на фронт. В части девушка считалась лучшим пулеметчиком. 1 марта 1944 года указом
президиума Верховного Совета СССР старшему сержанту Маншук Маметовой посмертно присвоено звание
Героя Советского Союза.
2) Алия Молдагулова. Осенью 1942 года добровольно ушла в армию и была направлена в школу
снайперов. На фронт попала в августе 1943 года. Воевала в составе 54-й стрелковой бригады 22-й армии 2-
го Прибалтийского фронта. 4 июня 1944 года ефрейтору Алие Молдагуловой посмертно присвоено звание
Героя Советского Союза.
3) Султан Баймагамбетов. Командир пулеметного отделения 147-го стрелкового полка (43-я
стрелковая дивизия, 67-я армия, Ленинградский фронт), старший сержант. Указом президиума Верховного
Совета СССР от 21 февраля 1944 года присвоено звание Героя Советского Союза посмертно, за проявленное
мужество и героизм в боях с немецко-фашистскими захватчиками.
Осенью 1941 года немецкие части, стоявшие возле Волоколамска, отделяло от Москвы каких -
нибудь два часа по шоссе. Однако на этом шоссе стояла 316-я стрелковая дивизия, под командованием
генерала И.В. Панфилова. Этот военачальник обладал настолько высоким авторитетом среди личного
состава, что бойцы дивизии сами называли себя панфиловцами, а дивизию - панфиловской. 316-я показала
себя настолько боеспособным и успешным воинским соединением, что 17 ноября 1941 года обрела статус
гвардии и стала 8-й гвардейской. Сложилось так, что на следующий день генерал Панфилов погиб, но
дивизия получила право сохранить его имя в своем названии. Такой чести в Советской Армии удостоилась,
всего лишь, ещё одна дивизия - 25 гвардейская, носившая имя Чапаева [8].
Даниярова А.Е., Тлеугабылова К. С., Абдрахманова А.А. в своей статье «О патриотическом и
нравственном воспитании молодежи на современном этапе» пишут: «Возрождая традиции и достижения
предшествующих поколений, мы создаем условия для поступательного движения в будущее, и в этом
велика роль образования как фактора обеспечения мира и стабильности путем воспитания молодежи в духе
толерантности и согласия» [9]. Поэтому сейчас возрождаются детские организации, тимуровское движение,
действует программа «Атамекен», создаются отряды «Жасулан», проводятся операции «Ветеран живет
рядом», «Милосердие», «Жасыл ел». Ребят учат заботиться о ветеранах, своих родителях, о младших
товарищах. Большое внимание уделяется формированию духовных и культурных ценностей.
Без патриотизма нет ни государства, ни народа. Это то сокровенное, что связывает человека с
прошлым и настоящим его страны, вырабатывает надежду и веру в ее будущее, что интуитивно приводит
человека к благоговейному отношению к своему Отечеству.
Достарыңызбен бөлісу: |