Сборник статей (часть 2) общественные и гуманитарные науки алматы 2011 ббк 73 и 66



Pdf көрінісі
бет3/46
Дата15.03.2017
өлшемі2,31 Mb.
#9441
түріСборник статей
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

«сұр жебе» болмаса «болат оқ»«шойын оқ» деп те атаған. Бұған төмендегі романнан алынған 
үзінділер дәлел.
Хан  шақыруынан  қатты  сезіктенген  Жәнібек,  бешпентінің  ішінен  қорасан  болатынан 
жұқа етіп тоқылған шағын сауыт киді. Алдаспанын қамсыз қайрап, садақ жебесіне жаңадан 
сұңқар қауырсынын қадады («Қаһар»). 
Құлаштап тартқан қайың садақтан ысылдай атылған 
ажал жебелері кімді болса да ат үстінен ұшырып түседі («Алмас қылыш»). Бірақ жүрегіне көк 
құрыш сүйір ұшты жебе қадалмады («Алмас қылыш»). 
Сойыл – қол қаруы. Алып жүруге ыңғайлы, жеңіл. Ұзындығы 2-2,5 метр, диаметрі 6-7 сан-
тиметр болады. Сойыл қатты ағаштан жасалады. Әбден кеуіп, көп ұсталғанын «қақ сойыл» деп 
атайды.
Ақжол сойылын да жөндеп сілтей алмай қалды («Алмас қылыш»). Нардай биік тұлпардың 
үстіне қарай соққан сойылы сауыт киген Қобыландының тек бүйір тұсынан барып тиді («Ал-
мас қылыш»). Оның сөзінің ар жағында қолында тобылғы сапты, бұзау тісті қамшы, күлге 
көміп  солқылдатып  алған  қайың  сойылы  бар  Дешті  Қыпшақ  елінің  әбден  ұшталып  қалған 
мүддесі тұр («Алмас қылыш»).
Шоқпар – басы домалақтанып келген, берік таяқ қару. Шоқпардың бас жағы темірмен де 
қапталады. Бас жағына қорғасын құйып жасалатын да шоқпар түрлері бар.
Болат наркескен, қисық алдаспан, көк құрыш сүйір ұшты найза, шойын басты шоқпар
жақтың бірнеше түрі... («Алмас қылыш»). -Әй, мына қара шоқпарым ең алдымен өзіңе тимесін 
десең,  былай  тұр!-  деп  зекіген  («Алмас  қылыш»).  Қобыланды  бұл  кезде  алпысқа  таяп  қалса 
да,  Қазанға  аттанғандағы  қара  шоқпарын  әлі  де  бір  қолымен  ұршықтай  үйіреді  («Алмас 
қылыш»). 
Жақ – сырт түрі малдың жақ сүйегіне ұқсас, оғы алысқа ұшатын, көлемі садақтан үлкен 
және серпер ағашы жуан, садақша иілген тұсы сірі таспамен орап қапталған соғыс қаруы. Оғын 
уығы деп атайды. Оны «жай» (найзағай) деп атап, ерекше қастерлейді.

18
Өзге ұлдарына әдемі киім, салтанатты ер-тұрман істетсе, бұған арнап найза, жақ, алда-
спан жасататын («Алмас қылыш»). 
Айбалта – ұзын сапты жарты ай бейнесіндегі кішірек балта. Қазақ ұсталары айбалта сабы-
нына ұлттық қошқар мүйіз тәрізді ою-өрнекпен безендірген. Қолға ұстау үшін саптың төменгі 
жағына қайыстан бүлдірге байлайды. Бүлдірге – қамшы, шоқпар сабына тағылатын қайыс бау. 
Айбалтаны белге байлайды немесе тебінгінің астына қыстырады.
Әрине, монғолдар алдаған-ды, қолға түсісімен князьді балаларымен бірге айбалтамен ша-
уып өлтірген («Алмас қылыш»). 
Алдаспан – сабында көлденең салынан болат қалқасы бар семсер. Алдаспанның салмағының 
ауырлығына байланысты қыны болмайды. Алдаспанды белге байлайды немесе иыққа асып ала-
ды. 
Көрген  куәні  де  қызба  қанды  Саянның  алдаспаны  алып  түсті  («Алмас  қылыш»).  Олар-
ды Қыпшақтар арттарынан қуып жүріп садақпен атып, не болмаса болат алдаспандарын 
құлаштай сермеп қырып салатын («Алмас қылыш»). 
Дулыға  –  батырлардың  ұрысқа  шығарда  басына  киетін  темірден  жасалған  бас  киімі. 
Дулығаның екі жағы мен артқы етегіне темір тор ілінеді. Ол адамның мойны мен иығын тымақ 
тәрізді тұтас жауып, қылыш, оқтан қорғайды. 
Бұл Исфаған болатынан алдаспан, ұзын қылыш тағынған, Қорасан құрышынан саут-дулыға 
киген, мұздай боп қару-жарақ асынған, өз заманының әскери өнер-ғылымымен әбден суарылған, 
Әбілқайыр ханның бүкіл шығыс әлеміне белгілі атақты атты әскері («Алмас қылыш»)!
Кездік – қысқа сапты кішірек пышақ. 
- Онда менің қызығымды сен емес, мына алмас кездік көреді,- деді алтын белбеуінің қынынан 
кішкентай қылшылдаған кездікті суырып 
(«Алмас қылыш»).
Семсер – болаттан жасалған екі жүзді өткір қару. 
–Жаған бике орнынан түре келіп баласының қолындағы жалаңаш ақ семсерді алды да 
ерніне тигізді («Алмас қылыш»).
Қазақты дәстүрлі қару-жарақтары тері, сүйек, мүйіз, тарамыс, қара және түсті металдар – 
шойын, темір, болат, алтын, күміс, қорғасыннан жасалған. Қару-жарақты қолданатын адамның 
әлеуметтік дәрежесіне сай алтынмен, күміспен қақтап, кейде маржан, меруерттен де көз салған. 
Ал теріден жасалған қару-жарақ түрлері ою-өрнекпен әшекейленген. 
Қазақ тілінде бір топ фразеологизмдер қару-жарақ атауларының қатысуымен пайда болған. 
Мысалы, найза бойы – халықтық өлшем. Биіктік, тереңдік, ұзындық, қалындық өлшемі ретінде 
қолданылады. Найзаға жау міндірген ер – жауын найзамен түйреген, асқан ер. Найзаның ұшымен, 
білектің күшімен – күшпен, зорлықпен. Найзасын жауға тіреді – қарсы тұрды, жауға шапты. Найза 
ұшында отырғандай – қауіп үстінде тұрған кісі туралы айтылады. Жебедей жерге енгізді – жер-
жебіріне жетті, тілдеді, бетін қайтарды. Айбалтанның сабындай – жұп-жұмыр, үзілмелі білекті. 
Қылыштай қылшылдаған – қайрат – күші тасыған, өткір, қайсар деген мағынада. Қылыштың 
жүзі, найзанның ұшымен – күш көрсету, күшпен бітіру туралы айтылады. Шоқпарын басына 
ойнатты – зорлық жасады, азаптады. Сойыл соғар – шашбауын көтерер, сөзін сөйлер. Сойылын 
соқты – сөзін сөйледі, жақтасты. Садақ сыртты күпшек сан – домбыт жарау, сом тұлғалы ат. 
Садақтан тартқан оқтай – түп-түзу, тұп-тура, тіп-тік. Қолшоқпар болды – сойылын соқты, жоғын 
жоқтады.
Қорыта  келгенде,  қару-жарақ  атаулары  халықтың  дүниетанымымен  тығыз  байланысты. 
Сондықтан халық мәдениеті мен тілінің кеңдігін, тереңдігін танытуда қару-жарақ атауларының 
лингвомәдени көрінісін тілдік тұрғыдан зерттеу бүгінгі күннің талабы. 
пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ф.де.Соссюр. Труды по языкознанию. – М., 1977.
2. Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологии. – М., 1993.
3. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – М., 1966.
4. Қайдаров Ә. Этнолингвистика // Білім және еңбек, 1985. - №10.
5. Телия В.Н. Русская фразеология. Семантический, прагматический и лингвокультурологический аспект. – М., 1996.

19
Нурушева Гульмира Келдыбаевна
старший преподаватель кафедры 
Отан тарихы Костанайского государственного 
университета им. А. Байтурсынова
переселенческая политика царизма и обострение земельного
вопроса в тургайской области
С 60-х годов XIX века начинается стихийная передвижка необеспеченных землей крестьян-
ских хозяйств из малоземельных районов России на территорию Тургайской области для заня-
тия преимущественно земледельческим хозяйством. 
В начале 1890-х годов переселенческое движение крестьян из Европейской России значи-
тельно усилилось из-за неурожаев и малоземелья. Усиление переселенческого движения совпало 
с изданием основного переселенческого закона от 12 июля 1889 года «О добровольном пересе-
лении сельских обывателей и мещан на казенные земли». С изданием этого закона наплыв пере-
селенцев в Сибирь и казахскую степь усиливается: если в середине 80-х годов их количество не 
превышало 30 тысяч, то в 1897 году составило 42 тыс. человек [1, с.21-22].
В 1893 году впервые было принято решение приступить к исследованию Степных обла-
стей с целью выяснения площадей земель, которые могли быть использованы для нужд русской 
колонизации.  Основная  задача  этой  и  последующих  экспедиций  –  обоснование  возможности 
переселения на территорию Казахстана. Как констатировала составленная Канцелярией генерал 
– губернатора записка, с правильным разрешением этого вопроса связана « не только вполне 
справедливая забота о 1,5 миллионной киргизской народности, могущей эксплуатировать при 
кочевой жизни такие места, которые без номадов стояли бы пустыми, но, в значительной мере, 
и самый успех и рациональная постановка дела колонизации» [1, с.14].
С  вышеозначенной  целью  в  1895  была  организована  экспедиция  под  руководством 
Ф.Щербины, которая исследовала 12 уездов Северного Казахстана. Экспедиция установила зе-
мельную норму для среднего по уезду хозяйства и провела исчисление количества земли, не-
обходимого для каждой общины и группы районов. Вслед за этим площадь исчисленного ко-
личества  земли  была  высчитана  из  количества  земли,  которой  казахи  пользовались  до  работ 
экспедиции. Разница в количестве земли была признана излишней для того или иного района [1, 
с.16]. В пользовании казахского населения до работ экспедиции находилось около 45 млн. 889 
тыс. десятин. Из них было оставлено казахам по нормам экспедиции 23млн. 29 тыс. десятин и 
зачислено в излишки 22 млн. 592 тыс. десятин [2].
Обращаясь к проблеме экспедиционных исследований территории Казахстана, следует от-
метить, что Ф.Щербина исследовала лишь северные уезды северных областей, где имелись наи-
более плодородные земли [3, с.18-19]. Отсюда делались неверные выводы о большом количестве 
лишних земель под переселение земледельческого населения. Несмотря на то, что экспедиция 
Ф.Щербины пыталась оставить кочевникам земли, необходимые для обеспечения существую-
щей формы хозяйствования, содержание ее деятельности было неоднозначным. Так, автор работ 
по  земельному  вопросу,  Т.Шонанов  считал,  что  ошибкой  Ф.Щербины  было  то,  что  она  про-
вел неправильный подсчет количества кибиток в сторону их уменьшения, а так же учитывал 
городские земли. Статистик Переселенческого Управления Т.Седельников полагал, что в экс-
педиции не было знатоков природы земли. Современные исследователи, например, Т.Волкова 
отмечала неправильный метод определения средних чисел, а так же выборочность обследования 
[4, с.17]. Наряду с рядом негативных моментов необходимо отметить реализм взглядов самого 
Ф.Щербины. Он писал, что если казах – скотовод останется без скота, то он погибнет. Поэтому 
Ф.Щербина полагал, что царское правительство должно заниматься обустройством казахов с 
учетом особенностей их хозяйства и естественно – исторических условий [5, с.4].

20
К моменту начала интенсивных изъятий в Казахстане все земли казахского населения, со-
гласно Степному Положению, считались государственной собственностью. На этом основании 
все  земли  Степного  края  были  признаны  единым  колонизационным  фондом.  Отсутствие  зе-
мельного устройства казахского населения и юридического закрепления его землепользования 
сыграли на руку колонизаторам в деле проведения в жизнь статей «Степного Положения». На 
данном  этапе  царская  администрация  была  заинтересована  в  иррегулированности  казахского 
землепользования, так как в противоположном случае трудно было бы объяснить, а тем более 
провести в жизнь насильственные выселения и переселения казахов в пустыни.
До 1904 года переселение крестьян из центральных губерний было в основном самоволь-
ным. С изданием нового переселенческого закона переселение официально было признано од-
ним из способов улучшения быта малоземельного населения внутренних губерний посредством 
действия принципов свободы и поощрения [1, с.19]. В этот период большое распространение 
получила сдача земель казахам в аренду пришлому населению в силу сложившихся экономиче-
ски неблагоприятных условий для устойчивого развития казахского хозяйства. В дальнейшем 
судьба этих земель была различна, но зачастую они оказывались захваченными переселенцами. 
Официальные круги отводили аренде роль могущественного средства для колонизации казах-
ской степи. С нарастанием переселенческого движения администрация пыталась расширить по-
нятие о предмете аренды, признать таковым не только земли, находящиеся в пределах зимовых 
стойбищ, но и все обрабатываемые казахами земли и вообще все пространства, за исключением 
летовок. Право аренды было прерогативой лиц русского происхождения [1, с.83-84]. Цель уста-
новления такого подхода понятна – возможность перехода этих земель к русским переселенцам. 
До введения подобного ограничения наблюдалось и обратное явление – аренда казахами земли. 
Издание закона от 6 июня 1904 года вызвало необходимость выделения новых колонизационных 
фондов. В связи с этим в 1905 году началось экспедиционное исследование Урало – Тургайского 
района. Последствия принятия нового переселенческого закона были губительны для казахского 
населения. К 1 января 1908 года размеры земельного фонда для переселенцев в Степных обла-
стях необходимо было довести до 1 млн. 200 тыс. десятин [1, с.21]. Увеличивающийся спрос на 
землю не пугал переселенческих чиновников, так как их не интересовали те обстоятельства, в 
которые попадало казахское население после грабительских изъятий, а формальные подсчеты 
выявили факт возможного предложения земель на территории Казахстана.
Обострение аграрного вопроса в России в ходе революционных событий 1905 – 1907 годов 
привело к апогею колониально – земледельческой земельной политики Российского правитель-
ства по отношению к территории Тургайской области. В 1909 году были организованы повтор-
ные исследования казахских земель в Кустанайском и Атбасарском уезде [6].
Повторная экспедиция под руководством В.Кузнецова поняла нормы земель, оставляемых 
казахами. В плане сравнительной характеристики результатов работ экспедиции Ф.Щербины и 
повторных обследований, приведем табличные данные. 
Таблица №1
Данные по отдельным уездам Тургайской области о нормах земельного обеспечения казахов, установ-
ленных обследованиями 1896-1900 годов и по данным повторной экспедиции 1907-1911 годов
Уезды
Нормы земельного обеспечения казахов (в десятинах)
1896-1900 гг.
1907-1911 гг.
Актюбинский
123-168
27-168
Кустанайский
120-300
27-40
Тургайский
-
130 
Из таблицы следует, что понижение земельных норм в результате повторных исследований 
было значительным. Так нормы  землепользования были уменьшены до 4,4-4,5 раза в Актюбин-
ском и Кустанайских уездах.                

21
Необходимость  такого  понижения  объяснялась  тем,  что  увеличилась  продуктивность  зе-
мель, поднялся уровень ее использования 6,4-23,8%. Под повышением уровня использования 
земельных  ресурсов  подразумевался  переход  части  казахского  населения  к  земледельческим 
формам хозяйствования, причина которого заключалась не в естественном эволюционном про-
цессе, недостаточности земель, оставляемых в результате колонизационных мероприятий, для 
ведения скотоводческого хозяйства. Колониальная администрация понижения норм объясняла 
тем, что нормы экспедиции Ф.Щербины рассчитаны на скотоводческое хозяйство и потому, как 
абсолютно, так и относительно, являются очень высокими и во многих случаях значительно 
превышают размер помещичьего хозяйства в Европейской России. Незнание действительного 
состояния земельного дела в Казахстане привело русских чиновников к перенесению основных 
подходов решения аграрного вопроса в Центральной России на Казахстан.
В начале XX века колониальная администрация начала насаждение в Тургайской области 
крупных хозяйств. Земельный фонд для этой цели выделялся из участков, где 80 % составлялись 
черноземные земли.
Таким образом, переселенческая политика нанесла серьезный удар по традиционной хозяй-
ственной модели номадизма, являвшейся динамичной системой, которая корректировалась сами-
ми общинниками при необходимости под воздействием внутренних социально-экономических 
факторов. Переселенческая политика выступила экзогенным фактором, вызвавшим деградацию 
кочевой формы хозяйствования. Был нарушен ход естественного, целесообразного освоения зе-
мельных ресурсов Казахстана.
Насильственное изъятие земель вызвало многочисленные жалобы со стороны казахского 
населения. Тем более, при изъятии земли у казахского населения администрация не проявляла 
заботы о значении этих земель в общей системе земледельческого и скотоводческого хозяйства. 
Обострение земельных отношений в Казахстане наряду с самим фактом колонизации, было вы-
звано, прежде всего, средствами и методами всей постановки землеотводно-межевого дела. Так 
изъятие производились без всякой системы и с нарушением законов и полным игнорированием 
интересов  казахского  населения.  Не  способствовало  установлению  более  или  менее  твердых 
поземельных отношений казахского населения и неоднократность отведения земель переселен-
цам в одних и тех же аулах в связи с постоянно менявшимися нормами, установленными для 
кочевого и полукочевого населения. Кроме того, открытие Казахстана для переселения извне 
выступила созидательным фактором в казахской степи, перестроившим по- новому самобытные 
земельные отношения в результате изменения в формах и типах хозяйственной деятельности 
вызванных насильственными изъятиями.
В интересах Оренбургского казачества земельный вопрос был разрешен в так называемом 
Новолинейном районе. Еще в 1898 году комитет министров принял к рассмотрению вопрос об 
устройстве казахов четырех волостей Новолинейного района, проживавших в пределах Орен-
бургской  губернии,  на  «миллионном»  отводе  [8].  Этот  вопрос  был  внесен  на  обсуждение  по 
инициативе Управления Военного Министерства. Военный губернатор Тургайской области, а 
также Особая комиссия во главе с советником Тургайского Областного Управления Поклевским-
Коззель считали необходимым скорейшее переселение казахов на «миллионный отвод», аргу-
ментируя свое мнение заинтересованностью в этом обеих сторон. По их мнению, для казахов 
переселение представлялось важным в виду необходимости скорейшего устройства земельного 
быта. Означенный земельный отвод предоставлялся казахам в постоянно пользование с при-
числением к составу Тургайской области. Казахское население так называемого «миллионного 
отвода», должно было подчиняться, как в административном, так и в полицейском отношениях 
к органам областного управления. Размер наделов для казахского населения не устанавливался, 
теоретически было признано, что он должен быть рассчитан по действительной потребности 
каждого хозяйства, сообразно благосостояния по качеству земли, но не превышать 145 десятин 
на кибитку.
Таким образом, конец XIX – начало XX вв. ознаменовались обострением земельного во-
проса в Тургайской области; вызванного в большей степени развитием переселенческого дви-
жения на территорию Тургайской области и усилением казачьей колонизации. Крестьянская и 

22
казачья колонизация привели к нарушению рационального освоения земельных ресурсов казах-
ским населением. Казахское население выработало свои подходы к утилизации земель на осно-
ве естественного приспособления к природно-географическому ландшафту. Методы и средства
использованные колониальной администрацией, при изъятиях земель казахского населения при-
вели к отчуждению последнего от возможности освоения земель посредством как земледельче-
ского, так и скотоводческого типов хозяйствования. Усиление колонизации вызвало обострение 
земельных отношений между кочевым и оседлым населением, как носителями различных форм 
хозяйственного освоения территории Казахстана. Насильственное изменение сложившихся са-
мобытных  земельных  отношений  приводило  к  межродовым  конфликтам.  Вместе  с  тем,  обо-
стрение земельных отношений в Казахстане имело своим последствием еще одну катастрофу 
– эскалацию экологических проблем.
список литературы:
1. Журнал Совещания о землеустройстве киргиз. – СПб.: Тип. МВД, 1907. 
2. ЦГА РК, ф.19, оп.1, д.38, л.3 об.
3. Выступление Б.Каратаева на 2 сессии Государственной Думы в Санкт-Петербурге 16 мая 1907 года //Мура-
гер, 1992, №2.
4. Волкова Т. Материалы по киргизскому (казахскому) землепользованию, собранные и разработанные экс-
педицией по исследованию степных областей: Автореферат канд. дисс. – М., 1982.
5. Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию 
степных областей. Воронеж,1903.
6. ЦГА РК, ф.69, оп.1, д.1259, л.25 об.
7. Материалы по земельному вопросу в Азиатской России//сост. В. Тресвятский. Вып.1Степной край, 1917.
8. ЦГА РК, ф.29, оп.1,д.8, л.1 об.
Нығметова Жақсыгүл Тұрсынқызы., Альжанова Айгерім 
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Әлеуметтік-педагогикалық факультеті 
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасы 
ӘлеуметтІк ҚызметкердІҢ ЖҰмыс барысындаҒы негІзгІ 
функциялардыҢ орындалу маҢыздылыҒы
Әлеуметтік жұмыс – көмекті мұқтаж ететін адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға 
бағытталған қызмет. Әлеуметтік жұмыс өте күрделі, жан жақты білімді талап ететін мамандық. 
Мемлекетіміздің  басты  байлығы  халық  болғандықтан,  сол  байлықты  қорғау  әлеуметтік 
жұмыстың  басты  міндеті.  Әлеуметтік  жұмыс  мүгедектерді,  қарт  адамдарды,  зейнеткерлерді, 
қауіпті науқастарға, балаларға, қиыншылыққа тап болған адамдарға қызмет көрсетеді. Оларға 
әлеуметтік қамсыздандыру, көмек көрсету, тұлғаларды әлеуметтендіру, әлеуметтік қорғау, қауіпті 
жағдайға түскен адамдарға көмек көрсету, сияқты әлеуметтік мәселелерімен айналысады. Қазіргі 
Қазақстанда әлеуметтік жұмыстың объектісін әлеуметтік-демографиялық  сипаттауда маңызды 
мәселенің  бірі  деп  айтуға  болады.  Өйткені  қоғамда  әлеуметтік  көмекті  қажет  ететін  адамдар 
тобы баршылық. Қаншама миллиондаған адамдар өз алдарына, яғни әркімнің ойлауы, психоло-
гиясы, қиын биографиялық мәліметтерімен толған қайталанбас өз алдына тұлға болып табыла-
ды. Сондықтан әлеуметтік қызметкерден, әлеуметтік жұмыста адам өмірінің тағдырына енуден 
бұрын, жан-жақты кәсіби біліммен, әр түрлі әдістерді меңгеріп, төзімділік пен шыдамдылықты 
күш жігерді талап етеді. 
Әлеуметтік  жұмыс  Қазақстанда  1991  жылдан  мамандық  ретінде  қалыптаса  бастады. 
Әлеуметтік  қызметкер  шешетін  мәселелер  білімділікті,  әділеттілікті,  әдептілікті,  яғни  «зиян 
тигізіп алма, бұзып алма» деген принципті талап етеді. 

23
Әлеуметтік  қызметтің  әр  түрлі  анықтамалары  бар.  Біреуінде  негізгі  орында  әлеуметтік 
жұмыстың обьектісі клиент деп алынса, келесісінде оның жұмыс істеу әдісіне назар аударыла-
ды, енді біреулерде әлеуметтік қызметкер функцияларына негізгі орын беріледі. Бұл дефини-
циалар қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге, теориялық көзқарастар, әлеуметтік саяси және 
мәдени кешендерге байланысты болады. Қандай жағдайда болса да, әлеуметтік қызметкердің 
істеген  ісі  уақытқа  сай  болуы  керек.  Әлеуметтік  жұмыс  бұл  мысалы,  мүгедектерге,  олардың 
әлеуметтік мүмкіндіктерін арттыру немесе қалпына келтіру, топтар мен қоғамында кәсіптік не-
месе олар үшін жайлы әлеуметтік жағдайлар жасаумен сипатталады, ал адамдардың жағдайын 
жақсартатын ол әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік жұмыс халыққа қызмет ету     және көмекті қажет 
ететіндерге көмек көрсетумен түсіндіріледі[1]. 
В.Н.  Ярскаяның  анықтамасы  бойынша  «Әлеуметтік  жұмыс  тұлғаның,  жанұяның, 
әр  ұлттардың  бір-бірімен  байланысты  қоғамының  дамуы,  әлеуметтік  әділдікті  өмірде 
орнатуы....» [2]. 
Әлеуметтік жұмыстың ең негізгі термині ол – empowerment. Бұл терминнің мағынасы «ол өз 
күшінді, жұмысқа деген қабілетіңді клиенттің өмір ресурстарын күшейту, онымен пікір алмасу, 
оған көп көңіл бөлу, клиентке мәселесін өзі шешуге үйрету». Екінші анықтамасы әлеуметтік 
қоғам арасындағы байланыс және сол әлеуметтік қоғамдағы адамдардың атқарған іс әрекетінің 
адамға  әсері,стресс  жағдайынан  шыға  алуы,  алға  қарай  ұмтылуы  мен  жоғары  бағалануының 
байланысы[3]. 
Кәсіби  көмек  көрсеткенде  әлеуметтік  қызметкер  клиентінің  жеке  өміріне  араласады. 
Бұл  процесс  интервенция  деп  аталады.  Интервенция  ол  топтың,  не  бір  ұлттың  әлеуметтік 
қауымдастығына  әлеуметтік  үрдіс  кезінде  араласып,  оның  әлеуметтік  мақсаттарына  сәйкес 
жетістіктерге  жеткізу  болып  табылады.  Қазіргі  кезде  интервенция  әлеуметтік  саясатта  және 
әлеуметтік теорияда әлеуметтік қызметкер атқаратын ісін түсіндіріп, анықтап, бағалап береді. 
Әлеуметтік қызметтің кәсіби мақсаты ол көмек сұраған адамдарға көмек көрсету. Әлеуметтік 
қызметкер клиентке яғни, әр түрлі жағдаймен келген адамдардың мәселесін шешудің әр түрлі 
формаларын, кәсіби қажетті құндылықтарын, әртүрлі әдістерін және т.б. білуі керек.  Әлеуметік 
жұмыс  ол  мультидисциплиннарлы  мамандық.  Яғни  әлеуметтік  қызметкер  клиентпен  жұмыс 
істегенде басқа да мамандаған дәрігер, педагог, психлог, заңгер басқа да қызметкерлермен жұмыс 
жасайды. Бір жағынан қарасақ әлеуметтік қызметкер өзінің білгенімен, кәсіби дайындығымен 
сол мәселені  шешуде ол әмбебап маман ретінде есептеледі. Мұндай интеграцианарлық білім 
диагностика кезінде қажет, себебі ол клиент мәселесін  жан – жақты  қарауға мүмкіндік береді. 
Көмекті  қажет  ететіндірге  қызмет  көрсету  барысында  барлық  функцияларды  әлеуметтік 
жұмыстың субъектісі жүзеге асырады. Бұл субъектілерге әлеуметтік жұмысты басқарып және 
жүзеге асыратын мекеменің адамдары жатады. Бұл әлеуметтік саясатты жүзеге асыратын мем-
лекет, қайырымдылық қорлар, қоғамдық ұйымдар, «Бөбек» балалар қоры Қызыл Крест қоғамы, 
әлеуметтік  қызметкерлер  ассоцияциясы,  әлеуметтік  қызмет  көрсету    орталықтары  және  т.б. 
Бірақ естен шығармау керек, әлеуметтік жұмыста бірінші субъект, мекеме емес, қоғамдық баста-
малармен немесе кәсіби әлеуметтік жұмыспен айналысатын адамдар болып табылады. Кәсіби 
қызметкерлер көп емес.  
Әлеуметтік жұмыстың міндетті компоненттері жүйе ретінде оның мазмұны болып табылады. 
Ол әрине жұмыстың функцияларынан туындайды. Жалпы жоспардағы  функциялары келесідей: 
ақпараттық,  диагностикалық,  болжау,  ұйымдастырушылық,  психологиялық-педагогикалық, 
практикалық көмек көрсету, басқарушылық. Әлеуметтік қызметкер  өз іс-әрекетін объект ту-
ралы мәліметтер жинаудан бастайды. Яғни, жынысы, жасы, денсаулық жағдайы, өмір салты, 
өмір сүруге қажеттіліктермен өзін қамтамасыз етуін, материалдық жағдайы, отбасы жағдайы, 
көршілермен қарым – қатынасы, психологиялық, мінез- құлық жағдайы және т.б. ақпараттар 
жинаумен айналысады. 
Әлеуметтік  қызметкерлер  өзінің  болашақ  қарамағына  түсетін  клиенті    туралы  ақпарат  
жинағаннан кейін «диагноз» қояды; жұмыс көлемін бағалайды, жұмыс түрлерін анықтап, өзінің 
қызмет  режимін  анықтап    қиыншылықтардың  формасын,  жұмыстың  әдістерін  талдап,  өзінің 

24
жұмыс күнін бөлумен айналысады.  Сонымен  қатар физикалық және материалдық шығындарды 
жоспарлайды. 
Әлеуметтік қызметкер қойылған «диагнозына» сай өзініңде іс –  әрекеттеріне қосалқы  «ди-
агнозын» жасайды: жұмыс түрлері мен көлемін анықтайды, оған жұмыс істеуге қиын немесе 
жеңіл болатынын, қажетті көмекті көрсете алатынына, қандай ресми және ресми емес мекеме-
лермен іскерлік байланысқа  түсетіндігін, қанша уақыт «пациентпен» жұмыс жасайтындығын 
ойластырады. 
Әлеуметтік  көмектің  сипатына  орай  (мысалы,  жалғыз  басты  ауру  адамға  немесе 
психологиялық  күйзеліске  түскен  тұлғаға  әлеуметтік-тұрмыстық  көмек  көрсету  сияқты  және 
т.б.) жұмыстың жоспары мен практикалық көмектің түрлері мен мазмұнын анықтайды. Соны-
мен қатар әлеуметтік қызметкер ұйымдастырушы немесе кәсіби қызметкер екеніне қарамастан, 
басқару  іс  –  әрекетімен  де  айналысады.  Әлеуметтік  жұмысты  басқаруда  оның  мазмұны  аса 
қажетті және маңызды компонент болып табылады. 
Әлеуметтік жұмыс құралдардың көмегімен жүзеге асады. Құралдар іс – әрекет мақсатына 
жетудегі  қажеттіліктер  мен  еңбек  құралдарын  жатқызуға  болады.  Әлеуметтік  жұмыс 
функциясының  көптүрлілігі  оның  құралдарының  көптүрлілігімен  байланысады.  Сондықтан 
оның барлығын тізіп жату мүмкін емес. Бұл сөзінде, іс әрекетінде және арнайы есеп бланклеріде, 
телефонында, іскерлік қатынастарда, және де психотерапиялық әдістердеде көрінісін табады. 
Құралдарының неғұрлым көп болуы және де әлеуметтік қызметкер жұмыс қолдануын меңгерсе, 
соғұрлым іс – әрекеті жеңісті болады. Құралдарды дұрыс кең мағынада пайдалану әлеуметтік 
жұмыстың объектісіне байланысты. Мысалы, төсек тартқан ауру адам, басқасы кішкентай омы-
рауда баласы бар жалғыз басты әйел. Осындай жағдайда іс – әрекет құралдарын дайындау әрине 
әр түрлі болып келеді. 
Әлеуметтік қызметкерді дайындау дәрежесін, мамандығын, функцияларын, жалпы алғанда 
әлеуметтік қызметкерге қойылатын талаптар мен міндеттерді біліктілік анықтамалары арқылы 
анықтайды. Соңғы екі аспектіге тоқталмай тұрып әлеуметтік қызметкер іс әрекетін нақтылайтын 
олардың негізгі орындайтын функцияларына тоқталып өтейік. Әлеуметтік қызметкер топтың 
ерекшелігін,  «әлеуметтік  диагнозын»  қоюда  және  шағын  ортасының  бағыттылығы  мен 
дәрежесін анықтап зерттеуде диагностикалық функцияны жүзеге асырады. Белгілі мәселелерді 
шешуде  алдын  ала  болжау  қызметін  пайдаланады.  Болжау  функциясы  қоғамдағы  әлеуметтік 
институттардың барлығындағы әлеуметтік жұмыс объектісіне бағдарлау және болжау жолда-
ры арқылы әсер етіп, осы әлеуметтік объектілердің жай-күйіне белгілі үлгілерді өңдеп жүзеге 
асырады. Ескерту - алдын алу функция (немесе әлеуметтік-терапевтік) функциясы әлеуметтік-
құқықтық,  заңдық,  психологиялық,  әлеуметтік  –  медициналық,  педагогикалық  және  басқа 
да  механизмдерді  ескертуде  және  жағымсыз  көріністерді  жеңіп  іс-әрекетке  көшу  жолдарын 
қарастыруда,  әлеуметтік  терапевтік,  әлеуметтік-тұрмыстық,психологиялық-педагогикалық, 
медициналық,  және  басқа  да  қажет  ететіндерге  көмекті  ұйымдастырып,  отбасы,  әйелдерді, 
жасөспірімдерді,  балалармен  жастардың  құқықтарын  қорғауды  қамтамасыз  етеді.  Ескерту-
алдын  алу  функциясы  әлсіз  қорғалған  қабаттағы  адамдар  тобы  мен  жеке  тұлғалардың  іс  – 
әрекеттері мен мінез-  құлықтарында мүмкін болатын жағымсыз істердің нәтижелерін ескертіп 
барлық көмекті бағыттайды. Құқық қорғау функция әлеуметтік жұмыста халықты қолдау, қорғау 
мен көмек көрсетуге бағытталған, заңдар мен құқықтық нормалардың барлығын кешенді түрде 
қолданады. Әлеуметтік – педагогикалық функция адамдардың әр түрлі іс – әрекеттерге (мәдени-
бос уақыттық, спорттық сауықтыру, техникалық көркемдік шығармашылық, туризм) қажеттілігі 
мен  қызығушылықтарын  анықтап  олармен  мекемелердегі,  қоғамдық,  шығармашылық  және 
басқа  да  одақтарды,  мәдени-бос  уақытты  ұйымдастырушыларды  байланыстыру  жұмысын 
жүзеге асырады. Психологиялық  функция жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделу қабілетіне бай-
ланысты,  қажет  ететіндерге  барлық  әлеуметік  қалыпқа  келуде  көмек  көрсету,  тұлға  аралық 
қарым – қатынасты түзету мен кеңес берудің әр түрлерін жүзеге асырады. Әлеуметтік қызметкер 
әлеуметтік – медициналық функцияны жүзеге асыруда денсаулықтың алдын – алу жұмыстарын 

25
ұйымдастырады,  алғашқы  медициналық  көмек  көрсетудің  негіздерін,  тамақтану  мәдениетін, 
санитарлық  гигиеналық  нормалармен,  отбасыларға  және  жастарға  салауатты  өмір  салты-
мен  өмір  сүру  қабілеттіліктерін  ұйымдастыруға  көмек  көрсетеді.  Коммуникативтік  функция 
қоғамдағы әр түрлі әлеуметік институттардағы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы 
іс  –  әрекеттерде  ақпарат  алмасуда,  адамдар  арасындағы  түсіністіктерді  құруда  қолдап  көмек 
көрсетеді.  Жарнама  –  насихаттау  функциясы  адамның  әлеуметтік  құқықтарын  насихаттау-
да,  әлеуметтік  қызметтерді  жарнамалауды  ұйымдастыруда  жүзеге  асырылады.  Адамгершілік-
гуманистік функциясы әлеуметтік жұмыста жоғары гумандық мақсаттарға жетуде, қоғамдағы 
адамдардың, топтардың беделіне жағдай жасауда жүзеге асырылады[4].
Әлеуметтік қызметкер мемлекет пен қоғам арасындағы әлеуметтік белсенді тұлға ретінде 
әділеттілік идеалогиясын тәжірбиеде қолдану тиіс.
Әлеуметтік  жұмыстың  негізгі  бағыты  халықты  әлеуметтік  қорғау.  Яғни  адамның  жақсы 
өмір  сүруін,  оның  қоғамда  қазіргі  кезде  даму  стандарттарының  деңгейінде  материалдық 
қамсыздандырылуын  және  мәдени  құндылықтарға  қол  жеткізілілуін  қамтамасыз  ету-
ге  бағытталган,  мемлетекпен  кепіл  етілген  және  жүзеге  асырылатын  құқықтық,  әлеуметтік 
-экономикалық  және  ұйымдастырушылық  сипаттағы  шаралар  жүйесі.  Әлеуметтік  жұмысты 
толығымен анықтап жүзеге асыру мазмұнына, формалармен әдістеріне байланысты. Әлеуметтік 
жұмыстың бағыттары, міндеттері, мақсаттары әлеуметтік саясат аясында жүзеге асырылу керек, 
себебі халық, жеке азаматтар, әлеуметтік көмекті қажет ететін адамдар топтар әлеуметтік қорғау 
бойынша кешенді қызмет ортасы болып табылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет