100.
Лексикалық жаттығуларды табу
А) сөздерді тіркестіру, байланыстыру формаларын табу
В) сөздердің түбір, қосымшаларын табу,нольдік тұлғаны табу
С) жаңа сөздерді табу, түсіндіру, сөздікпен жұмыс
Д) орфоэпиялық нормамен дұрыс оқу
Е) жалқы тұлғаны табу
101.
Диалогті сөйлеу деген не?
А) бір адамның жеке сөйлеуі
В) бірнеше адамдардың сөйлесуі
С) мәнерлеп сөйлеу
Д) тез сөйлеу техникасы
Е) жарыса сөйлеу
102.
Оқытудың кредиттік технологиясының негізгі ерекше-
ліктері
А) дәрісханалық сабақтардың өздік жұмысқа ауыстырылуы
В) семинар, практикалық сабақтар
С) лекция, иллюстрация-түсіндіру технологиясы
Д) өздік жұмысы, белсенді оқыту, ақпараттық (интернет)
технология
Е) дәрістік оқу
103.
Сөйлеу әрекеті немен байланысты?
А)ойлау, оның операцияларымен байланысты
В) сөйлеу екпінімен байланысты
С) тыңдаумен байланысты
Д) оқумен байланысты
Е) ойлаумен
104.
Диаскоп деген не?
А) үлкейтіп көрсететін оқу құралы
В) пленкаларды салатын оқу құралы
С) таспа жазуын салатын оқу құралы
Д) схема, модуль, грамматикалық кестелер
Е) кесте
105.
Тілдік және көркемдегіш құралдарды оқыту деген не?
А) карточка, сурет арқылы оқыту
В) техникалық оқу құралдарын пайдалану
С) компьютерді пайдалану
Д) метафора, метонимия, синекдоха, теңеу оқыту
Е) морфология
106.
Стильдік қате деген не?
А) сөз ішіндегі дыбыстарды тастап кету
В) қосымшаны дұрыс жалғамау
С) орашолақ құрылған сөйлем,байланыспайтын ойлар
Д) орфографиялық қателер
Е) орфоэпиялық
107.
“Методология” деген сөз қандай мағына білдіреді?
А) жалпылау, жекелеу
В) көрнекті көрсету
С) зерттеу, әдіс, ілім
Д) талдау, жинақтау
Е) тәжірибелік
108.
Үндестік заңын оқыту деген не?
А) сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын оқыту
В) сөз мағыналарын,сөздік құрамды оқыту
С) дауысты дыбыстардың түбір мен қосымшада бірыңғай жуан
немесе жіңішке болып келуін оқыту
Д) жалғаулардың жалғану тәртібін оқыту
Е) құрмалас сөйлемді оқыту
109.
Дыбыстық - бейне әдісі деген не?
А) кинофильм, телехабар, диафильм құралдарын пайдаланатын
әдіс
В) көрнекіліктерді пайдалану әдісі
С) компьютерді қолдану әдісі
Д) грамматикалақ кесте, схема, лотоны пайдалану әдісі
Е) телехабар
110.
Тыңдап-түсіну /аудирование / деген не?
А) диктант, шығарма, мазмұндама жазу
В) сөйлеу әрекетінің бір түрі тыңдау және оны түсіну
С) сыныпта жүргізілетін жаттығу жұмыстары
Д) ауызша жаттығулар жүргізу
Е) мазмұндама жазу
111.
Грамматикалық ойындар деген не?
А) грамматикалық категорияларды меңгеру
В) лото, метаграмма, шарада, анаграмма, ребус
С) грамматикалық жаттығулар жиыны
Д) синтетикалық,аналитикалық жаттығулар
Е) анаграмма
112.
Оқытуды ұйымдастырудың формалары
А) сабақ, факультатив сабақтары, сыныптан тыс жұмыстар
В) пресс-конференция сабағы,семинар,лекция сабағы
С) диктант, мазмұндама,шығарма жазу
Д) тіл ұстарту жұмыстарын орындау
Е) факультатив
113.
Педагогикалық технология
А) оқыту
В) сауаттылық
С) педагогикалық жоба
Д) жаңалық
Е) шығармашылық
114.
Бір-біріне ұқсас материалдарды біріктіріп, ірілендіріп
оқыту деген не?
А) альтернативті
В) программаланған оқу
С) блокпен оқу
Д) аралас сабақ
Е) модульмен
115.
Келелі мәселе көтере отырып оқыту дегеніміз не?
А) проблемды оқыту
В) блокты оқыту
С) программалап оқыту
Д) санәдіспен оқыту
Е) қайталаным
116.
Мәтінді адаптациялау дегеніміз не?
А) мәтінді оқуға даярлық жасау
В) мәтіндегі қиын фразеологиялық единица мен сөздерді алып
тастау немесе оқушыларға түсінікті сөздермен ауыстыру
С) мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру
Д) мәтінді мәнерлеп оқу
Е) сөздерді оқыту
117.
Блокпен оқу
А)оқу материалдарын жинақтап,байланыстыра оқыту
В) бірнеше ұқсас тақырыптарды біріктіріп оқыту
С) көрнекіліктер арқылы оқыту
Д) ТОҚ құралдарын пайдалану
Е) байланысты оқыту
118.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінде сан әдісті енгізген кім?
А) Ш.Х.Сарыбаев
В) Ы.Маманов
С) С.Жиенбаев
Д) Ғ.Бегалиев
Е) А.Әбілқаев
119.
Орфографиялық талдау деген не?
А) емле бойынша өтілген материалдарды талдау
В) сөйлем мүшелеріне талдау
С) сөз түбіріне талдау
Д) дыбыстарға талдау
Е) жаттығу жұмысы
120.
Сабақ деген не?
А) сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс
В) оқу ісін ұйымдастырудың негізгі формасы
С) оқу жоспары
Д) оқу бағдарламасы
Е) оқушы мен оқытушының қарым – қатынасы
121.
Зертханалық сабақтың негізгі мақсаты не?
А) зерттеу жұмыстары, өз бетінше жұмыстар жүргізу
В) лекция мазмұнын талқылау, талдау
С) бақылау жұмыстарын орындау
Д) дұрыс жауабы жоқ
Е) міндеттілік
122.
Ашық сабақ қандай мақсатпен жүргізіледі?
А) сабаққа талдау жасау
В) мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының тәжірибесін зерттеу,
тарату түрі
С) көрнекілікті пайдалану сабағы
Д) қорытынды сабақ
Е) тәжірибе алмасу
123.
Диаграмма көрнекілігі қандай?
А) модульдер
В) сызық, графикалық кескін
С) диафильм
Д) кинофильм
Е) тақта
124.
Мұғалімнің ауызша баяндау әдістері қандай?
А) түсіндіру, эвристикалық, демонстрациялау
В) оқулық пен практикалық жұмыс жасау әдісі
С) иллюстрация
Д) индуктивті-дедуктивті әдіс
Е) жаттығу жүргізу
125.
ТОҚ материалдарын қолдану түрлерін табыңыз
А) сурет,картина
В) диафильм, күйтабақ
С) жұмбақ, мақал-мәтел
Д) грамматикалық кестелер
Е) таблицалар
126.
“Тіл тағылымы” атты еңбектің авторы кім?
А)С.Жиенбаев
В) Ш.Сарыбаев
С) Ы.Маманов
Д) А.Байтұрсынұлы
Е) Ж.Аймауытов
127.
“Қызықты грамматиканың” авторы кім?
А) С.Жиенбаев
В) Б.Құлмағанбетова
С) Б.Ишмұхамедов
Д) Р.Нұртазина
Е) Д.Әлімжанов
128.
Тілдік жаттығуларды табыңыз
А)грамматикалық құбылыстарға арналған жаттығулар
В) диктант
С) шығарма
Д) мазмұндама
Е) түсінік айту
129.
Сөйлеуге арналған жаттығулар
А) грамматикалық ережелермен жұмыс, мәтіндер құру
В) диалог, сахналық көріністер құру
С) фонетикалық, тілдік жаттығулар
Д) стилистикалық жаттығулар
Е) синтаксистік талдау
130.
Оқыту эксперименті деген не?
А) қазақ тілін оқытумен байланысты қолданылатын әдістердің
бірі
В) педагогикалық психологиядағы негізгі зерттеу әдісі
С) оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формасы
Д) тәжірибелерді жинақтау
Е) тәжірибе алмасу
131.
Орфоэпияны оқыту әдістемесі
А)сауатты сөйлеуге үйрету
В) сауатты жаза білуге үйретумен айналысу
С) стилдік қателерді болдырмау
Д) фонетикалық талдау
Е) синтаксистік талдау
132.
Білім беру жүйесінің басты мақсаты не?
А) ұлттық білім моделін жасау
В) дамыта оқыту
С) ақпарат беру
Д) компьютерлік білім беру
Е) саралап оқыту
133.
Сабақты талдау деген не?
А) хаттама негізінде сабақтың заманға сай жүргізілуін тексеру
В) сабақта жүргізілетін жаттығу жұмыстарын талдау
С) грамматикалық талдау жасау
Д) бақылау жұмыстарын жүргізу
Е) пікір білдіру
134.
Оқу үдерісінің негізгі фомасы
А) сабақ
В) оқулықпен жұмыс
С) факультативтік сабақ
Д) сыныптан тыс оқу
Е) саяхат
135.
Оқушылардың сөздік қоры қалай бөлінеді?
А) негізгі сөздік қор, қосымша сөздік қор
В) белсенді және пассив
С) қазақ тілі мен орыс тілінің сөздік қоры
Д) бастапқы, соңғы сөздік қор
Е) белсенді
136.
Сыныптан тыс жұмыстардың көпшілік түрі
А) конференция, фестиваль, олимпиада, конкурс
В) үйірме, сыныптан тыс оқу, қызықты грамматика
С) саяхат, таңертеңгілік, кештер, апталық
Д) факультатив сабақ
Е) саяхат, олимпиада
137.
Блокпен оқыту деген не?
А) оқу матиралдарын жинақтап, байланыстыра оқыту
В) бірнеше ұқсас тақырыптарды біріктіріп оқыту
С) альтернативті оқыту
Д) ТОҚ материалдары арқылы оқыту
Е) топтап оқыту
138.
Көрнекілік қалай бөлінеді?
А) кескінделген, экранды, дыбыстық
В) компьютер, грамматикалық кестелер
С) лингафонды кабинет, оқулық
Д) сурет, картина
Е) есту - көруге арналған
139.
Қатысымдық жаттығуларды табыңыз
А) көп нүкте орнына қажет қосымшаларды қою
В) диктант жазу
С) мазмұндама жазу
Д) ситуацияға диалог құру
Е) сатылап жаттығу жүргізу
140.
Қайталау жұмысының түрлері
А) еркін, шығармашылық
В) күнделікті, тақырыптық, қорытынды
С) қысқа,толық
Д) тақырыптық
Е) 1 жылдық
141.
Білімді альтернативті тексеру деген не?
А) шығарма жазу арқылы тексеру
В) ауызша айту арқылы тексеру
С) алдын ала даярланған сұрақтар бойынша бір жауабын
таңдауы
Д) бақылау жұмыстары арқылы тексеру
Е) түсіндірмелік
142.
Грамматикалық
материалды
іріктеудің
негізгі
ұстаным-дары
А)функционалды, дифференциалды ұстаным
В) қосымшалардың омонимдік қасиеті,ана тілінің
ерекшеліктерін ескеру ұстанымдары
С) статистикалық,сөз тіркесімділігі,сөзжасамдық ұстанымдары
Д) сөздің құндылығы ұстанымы
Е) дифференция
143.
Семинар сабақтарының басты мақсаты
А) дәріс оқу, түсіндіру
В) дәріс мазмұнын тереңдету, кеңейту, талдау
С) студенттің өздік жұмыстарын бақылау
Д) білімді бағалау
Е) дифференция
144.
Қазақ тілін оқытудың мазмұны деген не?
А) қазақ тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері
В) сабақтың түрлері
С) лексика грамматикалық материалдарды іріктеу,
бағдарлама,оқулық
Д) грамматикалық оқыту
Е) тілдік жүйе
145.
Тәсіл
А) әдіс
В) сабақ
С) қайталау
Д) әдісті іске асырудың жолы
Е) тілдік жүйе
146.
Әдістеме ғылымында синтез қандай мәнде қолданы-
лады?
А) ой қорытындысын шығару тәсілі, амалы
В) жалпылық деген мәнде қолданылады
С) қосу, құрастыру, біріктіру мәнінде қолданылады
Д) даралық деген ұғымда қолданылады
Е) жинақтау
147.
Орфоэпияны оқытудың мақсаты
А) сауатты жазу
В) дұрыс айту
С) грамматиалық талдау
Д) жаттығу
Е) дұрыс оқу
148.
Лексикалық жаттығуларды табыңыз
А) сөз тіркесін, сөйлем құрау
В) буын үндестігі бойынша қосымшаларды жалғау
С) сөздерді мағынасына қарай бөліп жазу
Д) мәтінді оқу
Е) мәнерлеп оқу
149.
Мазмұндама түрлері
А) қысқаша мазмұндама, дәйексөз, эпиграф пайдалана отырып
мазмұндау, толық мазмұндау
В) терме, творчестволық
С) жазбаша, ауызша
Д) шығармашылық, тақырыптық
Е) ықшамдам жазу
150.
Грамматикалық жаттығулардың синтетикалық түріне
қандай жұмыстар жатады?
А) септеу, тәуелдеу, сөз тіркесін құрау
В) мәтінді талдау, шығарма жазу
С) диктант жазу
Д) мазмұндама жазу
Е) грамматикалық талдау
151.
Дедуктивті әдіс деген не?
А) жалпыдан жекеге қарай көшу арқылы оқыту
В) жекеден жалпыға көшу арқылы оқыту
С) көрнекілікті пайдалану әдісі
Д) ТОҚ құралдарын пайдалану әдісі
Е) жүйелеу
152.
Дидактикалық ұстанымдар
А) дамыта оқыту
В) ғылымилық, жүйелік, саналылық
С) таным теориясы
Д) грамматика
Е) жүйелілік
153.
Қазақ тілін оқытудың жалпы дидактикалық ұстаным-
дары
А) жаттығулардың басымдылығы ұстанымы
В) теория мен практика арасындағы байланыс ұстанымы
С) оқытудың ана тіліне сүйену ұстанымы
Д) апроксимация ұстанымы
Е) саналылық
154.
Сөйлеу қандай құбылыс?
А) физиологиялық
В) психикалық
С) лингвистикалық
Д) педагогикалық
Е) пікір алысу
155.
Дикция дегеніміз не?
А) дұрыс жазу нормасы
В) сөйлеу мәнері
С) сөзді дұрыс, дауыстап айту
Д) дауыстап оқу
Е) дұрыс айту
156.
Сабақ жоспарының құрылымдық элементтерін табы-
ңыз
А) сабақтың мазмұнды өтілу мерзімін білдіретін құжат
В) сабақтың мазмұны мен әдістемесін анықтайтын құжат
С) білім көлемін көрсететін мемлекеттік құжат
Д) жаңа сабақты түсіндіру
Е) қорытынды сабақ
157.
Сөйлеудің түрлері
А) сырттай, іштей
В) монологті, диалогті
С) мәнерлеп, тез
Д) жасанды, табиғи ортада
Е) ауызекі тіл
158.
Тақырыптық жоспар дегеніміз не?
А) берілген сағаттың оқу жылының әр аптасына бөлінуі
В) зат есім бойынша жоспар
С) жылдық сағат көрсетілуі, тоқсанға бөлінуі
Д) мазмұны, әдіс тәсілдері көрсетілуі
Е) мұғалім жұмысы
159.
Оқытуда қолданылатын елтану материалдары
А) ұлттық ойындар, қазақ ауыз әдебиеті
В) мәтіндер, өлеңдер
С) шағын мақалалар
Д) дидактикалық оқу материалдары
Е) әдебиет тарихы
160.
Тілдік іскерлікті қалыптастыру әдісі
А) талдау
В) жаттығу
С) тілдің салаларын оқыту
Д) теориялық білім
Е) тәжірибе
161.
Интерактив әдістемесінің мәні неде?
А) жоғары белсенділікті дамыту
В) шығармашылық ойлауды қажет ету
С) конструктивті жаттығулар орындау
Д) шығарма жазу
Е) мәдениеттілікке баулу
162.
Рөлдік ойын, іскерлік ойын, өрнектеу, ойға шабуыл
т.б. қай әдіс түріне жатады?
А) дәстүрлі
В) интерактив
С) интеракция
Д) түсіндірмелі иллюстративті
Е) іскерлік ойын
163.
Диапозитивтік көрнекілік
А) геометриялық фигура, жақша
В) кино, теледидар, фильмоскоп
С) компьютер, таспа жазу
Д) грамматикалақ кесте, перфокарточкалар
Е) сызба
164.
Лекцияның атқаратын қызметі
А) тыңдап-түсіну
В) проблемалық сұрақтар қою
С) мәселелік, пресс-конференция
Д) ақпараттық, тәрбиелеу
Е) таңдау
165.
Әсемдік тануға тәрбиелеу дегеніміз не?
А) еңбекке тәрбиелеу
В) өнерге, әсемдік көзқарасқа тәрбиелеу
С) адамгершілікке тәрбиелеу
Д) ақыл-ой тәрбиесі
Е) табандылық
166.
Диктант түрлері
А) мазмұндама
В) мақала
С) жаттығу
Д) бақылау
Е) сөздік диктант
СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН ТЕСТ
ТАПСЫРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРУ [40]
І тақырып
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттелуі, мазмұны мен
құрылымы
1.
А.Әбілқаевтың әдістемелік еңбегі
А) дидактикалық материалдар
В) қазақ тілін оқыту әдістемесі
С) қазақ тілін оқыту методикасы
Д) қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері
Е) қазақ тілі синтаксисін оқыту
2.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушы ғалым
А) Ә.Ермеков
В) С.Жиенбаев
С) Ә.Сәдуақасов
Д) А.Байтұрсынов
Е) Х.Арғынов
3.
«Баяншы» қай ғалымның еңбегі?
А) Х.Арғынов
В) Ф.Мұсабекова
С) И.Ұйықбаев
Д) А.Байтұрсынов
Е) Ы.Алтынсарин
4.
Қазақ тілінің тұңғыш оқулығы
А) Қазақ тілінің грамматикасы
В) Тіл – құрал
С) Қазақ тілі
Д) Сауат ашу методикасы
Е) Қазақ тілі синтаксисі
5.
Пунктуацияны оқытуды зерттеген ғалымдар
А) Н.Оралбаева
В) Р.Сыздықова
С) М.Балақаев
Д) С.Исаев
Е) Ш.Әуелбаев
6.
Синтаксисті оқытуды зерттеген ғалымдар
А) С.Жиенбаев
В) Т.Қордабаев
С) Х.Арғынов
Д) Қ.Жолымбетов
Е) К.Жаксылыкова
7.
Фонетиканы оқытуды зерттеген ғалымдар
А) Ш.Сарыбаев
В) Ә.Хасенов
С) Б.Кәтенбаева
Д) М.Дүйсебаева
Е) Ф.Оразбаева
8.
Морфологияны оқытуды зерттеген ғалымдар
А) Б.Кәтенбаева, М.Нұрғалиева
В) Ә.Ермеков
С) Е.Көшербаев
Д) Ш.Әуелбаев
Е) Ф.Оразбаева
9.
«Әдістеме» терминінің мәні
А) қағида
Б) әдіс
С) тәсіл
Д) бір нәрсені зерттеу тәсілдерінің жиынтығы
Е) оқыту
10.
1930-40 жылдары әдістеме ғылымының дамуына үлес
қосқан ғалымдар
А) Ш.Сарыбаев
В) Д.Әлімжанов, Н.Маманов
С) С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев
Д) Қ.Жолымбетов, С.Қазыбаев
Е) Н.Оралбаева, Б.Құлмағамбетова
11.
Ахмет Байтұрсыновтың әдістемелік еңбегі
А) қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері
В) қазақ тілін оқыту методикасы
С) үлкендерге хат танытудың методикасы
Д) «Баяншы»
Е) қазақ тілі синтаксисін оқыту әдістемесі
12.
Ғ.Бегалиевтің әдістемелік еңбегі
А) Қазақ тілін оқыту әдістемесі
В) Жай сөйлем синтаксисінің методикасы
С) Қазақ орфографиясын игерудің негіздері
Д) Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы
Е) Синтаксисті оқыту методикасы
13.
Құрмалас сөйлем синтаксисін оқытуды зерттеген ғалым
А) И.Ұйықбаев
В) Б.Құлмағамбетова
С) С.Исаев
Д) Х.Арғынов
Е) Н.Оралбаева
14.
Орфографияны оқытуды зерттеген ғалым
А) Қ.Жолымбетов
В) Ә.Ермеков
С) Д.Әлімжанов
Д) Е.Көшербаев
Е) С.Исаев
15.
Ш.Сарыбаевтың әдістемелік еңбегі
А) Грамматиканы оқыту жөнінде
В) Бастауыш мектепте қазақ тілінің әдістемесі
С) Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері
Д) Қазақ тілін оқыту методикасы
Е) Орфографияны оқыту жөнінде
16.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
А) қазақ тілінің бір саласы
В) дидактика
С) педагогиканың бір тармағы
Д) әдіс – тәсіл жиынтығы
Е) қоғамдық ғылымдар саласы
17.
Қазақ тілі пәнінің мазмұны
А) оқулық
В) бағдарлама
С) білім, дағды, іскерлік
Д) эксперимент
Е) бақылау
18.
Білім беру жүйесінің басты мақсаты не?
А) ұлттық білім моделін жасау
В) дамыта оқыту
С) ақпарат беру
Д) компьютерлік білім беру
Е) топтап оқыту
19.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі қандай ғылым?
А) теориялық ғылым
В) практикалық ғылым
С) қолданбалы ғылым
Д) жаңа ғылым
Е) тарихи ғылым
20.
Әдістеме пәнінің қарастыратын мәселесі
А) оқыту процесі
В) тіл білімі
С) пән мазмұны
Д) дағды мен іскерлік
Е) кибернетика
21.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің құрамы
А) қазақ тілін оқытудың жалпы мәселелері
В) методология
С) дидактика
Д) психология
Е) тарих
Достарыңызбен бөлісу: |