ﻝﺍ
ﺩّﺮﺠﻣ » [әл-
мужәррад] сөзінің мағынасы бойынша
«
қаңғыбас, кезбе, қарапайым, бірдеңеден
айырылған» деген секілді жағымсыз мағы-
налармен түсіндірілген. Қолжазбадағы
болмашы дақ осылайша бүтіндей бір
ұлттың атауына қара дақ болып жабысып
келді. Араб тіліндегі үлкен түсіндірме
сөздіктерде астында нүктесі жоқ «
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺤﻣ »
[
әл-мухәррад] сөзіне «үйге кірген, үйлі
болған [5, 113-б.], бөлінген [6, 165-б.]»
деген мағыналар берілген, үй дегені – жай
үй емес, «пішіні түйенің өркеші тәрізді үй»
[7, 183
б.] деп түсіндірілген.
«
Қыпшақ-араб сөздігі» – тақырыптық
сөздік. «Қазақ» (
ﺎﻗ
ﻕﺍﺯ ) сөзі «Адам сипат-
тары» атты қолжазбаның он тоғызыншы
бөлімінде келген [4, 27 б.]. Жазылуы
қазіргі қазақ тіліндегі дыбысталуымен
бірдей дыбысталатын араб әріптерімен
«
ﺎﻗ
ﻕﺍﺯ » (қазақ) деп жазылған. Мұнда
«
қазақ» (
ﺎﻗ
ﻕﺍﺯ ) сөзінің алдында «үйлү»
(
ﻱﺍ
ﻮﻟ ) деген қыпшақ сөзі келген. Бұл сөзді
араб тіліндегі «үйленген» («
ﻝﺍ
ْﻞّﻫﺎﺘﻣ » [әл-
мутә`һһил]) деген сөзбен түсіндіре оты-
рып, мағынасын араб тіліндегі «үйлі» («
ُﺫ
ﻭ
ﺏ
ﻱ
ٍﺕ » [ɜ̱ӯ бәйтин]) сөзімен қосымша ашып
көрсеткен. Яғни ескі қыпшақ тіліндегі
«үйлү» ( ﻱﺍ
ﻮﻟ ) сөзі қазіргі қазақ тіліндегі
«
үйленген, үйлі» деген мағынаны береді.
Дыбысталуы да қазіргі қазақ тіліндегі
«
үйлі» сөзімен үндес деуге болады.
Қолжазбада «қазақ» (
ﺎﻗ
ﻕﺍﺯ ) сөзінен кейін
«баш дақ» (
ﺎﺑ
ﺵ
ﺩﺍ
ْﻕ
)
сөзі келген. Оны араб
тіліндегі «отбасынсыз, әйелсіз және
басқаларсыз» мағынасындағы («
ﻝﺍ
ﻱِﺭﺎَﻋ
ﻡ
·
ﻥ
ﺍﻝ
ﻞْﻫﺍ
ﻭ
ﻍ
·
ﻢﻫﺮْﻳ
» [
әл-‘ǝ̄рӣ минә-л-`әһли уә
ғайриһим]) сөзбен түсіндіре отырып, араб
тіліндегі «жеке басты, бойдақ» деген ұғым
беретін («
ِﺏ
ِﻪِﺳﺃَﺭ » [би-ра`сиһи]) сөзбен
мағынасын қосымша аша түскен [4, 27 б.].
Яғни «баш дақ» (
ﺎﺑ
ﺵ
ﺩﺍ
ْﻕ
)
сөзі «бойдақ»
дегенді білдіреді. Дыбысталуы да қазіргі
қазақ тіліндегі «бойдақ» сөзінен онша-
лықты алыс емес. «Баш дақ» (
ﺎﺑ
ﺵ
ﺩﺍ
ْﻕ
)
сөзін
Ә.Құрышжанов та орыс тілінде «холостой,
холостяк, одинокий (не имеющий детей и
77
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
семьи), свободный» [2, 93 б.] деп
түсіндірген. Сонымен, сөздікте «қазақ»
(
ﺎﻗ
ﻕﺍﺯ ) сөзінің алдында «үйленген, үйлі»
деген мағынаны беретін «үйлү» (
ﻱﺍ
ﻮﻟ ) сөзі,
«
қазақ» (
ﺎﻗ
ﻕﺍﺯ ) сөзінен кейін «жеке басты,
бойдақ» деген мағынаны беретін «баш
дақ» (
ﺎﺑ
ﺵ
ﺩﺍ
ْﻕ
)
сөзі тұр. Тақырыптық сөздік
болғандықтан, бұл жерде отбасылық
жағдайға қатысты сөздер қозғалып жат-
қанын байқаймыз. «Үйленген, үйлі» және
«
жеке басты, бойдақ» деген сөздердің
арасында «қазақ» сөзін түсіндіру үшін
отбасылық жағдайға қатысы жоқ «қаң-
ғыбас, кезбе, қарапайым, бірдеңеден айы-
рылған» деген мағынаны беретін араб
тіліндегі астында нүктесі бар «
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺠﻣ » [әл-
мужәррад] сөзі тұруы мүмкін бе?! Әрине,
мүмкін емес. Олай болса, бұл жерде
«
қазақ» сөзін «үйге кірген, үйлі болған,
бөлінген, бөлініп еншісін, алған» деп
түсіндіретін отбасылық жағдайға қатысты,
астында нүктесі жоқ «
ﻝﺍ
ُﺩَّﺮَﺤُﻣ » [әл-мухәррад]
сөзі тұруы – заңдылық.
Демек,
1245 жылы мәмлүктік Мысыр
елінің қыпшақтары тарапынан жасал-
ған «Қыпшақ-араб сөздігінің» қолжаз-
басындағы «қазақ» сөзі отбасылық
жағдайды білдіретін «үйге кірген, үйлі
болған, бөлінген, бөлініп еншісін ал-
ған» деген мағыналарды береді. Оған
мақала шеңберінде мынадай дәлелдер мен
тұжырымдар келтіреміз:
Бірінші, қолжазбадағы «қазақ» сөзіне
түсіндірме ретінде берілген араб тіліндегі
«
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺤﻣ » [әл-мухәррад] сөзінің «бөлінген,
үйлі болған, үйге кірген» деген мағыналар
беретінін және үй дегені – жай үй емес
«
пішіні түйенің өркеші тәрізді үй» екенін
айтуға болады.
Екінші, «Қыпшақ-араб сөздігі» –
тақырыптық сөздік. Мұндай сөздікті
құрастырғанда, ешқандай автор тақырып-
тан ауытқымайды. Сөздікте «қазақ» (
ﺎﻗ
ﻕﺍﺯ )
сөзі – «үйлү» (
ﻱﺍ
ﻮﻟ ) және «баш дақ» ( ﺎﺑ
ﺵ
ﺩﺍ
ْﻕ ) сөздерінің арасында берілген. Отба-
сылық жағдайға қатысты «үйленген, үйлі»
деген мағынаны білдіретін «үйлү» (
ﻱﺍ
ﻮﻟ )
сөзі мен «жеке басты, бойдақ» деген мағы-
наны білдіретін «баш дақ» (
ﺎﺑ
ﺵ
ﺩﺍ
ْﻕ
)
деген
сөздердің арасында отбасылық жағдайды
білдіретін «үйге кірген, үйлі болған,
бөлініп еншісін алған» деген мағынаны
білдіретін «қазақ» (
ﺎﻗ
ﻕﺍﺯ ) сөзі тұруы –
заңдылық. Жоғарыда дәлелдегеніміздей,
бұл мағынаны араб тіліндегі астында
нүктесі бар «
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺠﻣ » [әл-мужәррад] сөзі
емес, астында нүктесі жоқ «
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺤﻣ » [әл-
мухәррад] сөзі бере алады.
Үшінші, қолжазба авторы «қазақ» (
ﺎﻗ
ﻕﺍﺯ )
сөзінің алдынан келген «үйлү» (
ﻱﺍ
ﻮﻟ ) және
кейін келген «баш дақ» (
ﺎﺑ
ﺵ
ﺩﺍ
ْﻕ
)
сөздерін
түсіндіре келе, мағынасын араб тіліндегі
синоним сөздермен қосымша аша түскен.
Ал «қазақ» (
ﺎﻗ
ﻕﺍﺯ ) сөзін бір ғана «
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺤﻣ »
[
әл-мухәррад] сөзімен түсіндіріп, мағына-
сын қосымша сөзбен түсіндірмеген. Негі-
зінен, мағынасы анық сөздер ғана қосымша
түсіндіруді қажет етпейді. Осыған қара-
ғанда, қыпшақ тіліндегі «қазақ» (
ﺎﻗ
ﻕﺍﺯ ) сөзі
де, оны түсіндірген араб тіліндегі «
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺤﻣ »
[
әл-мухәррад] сөзі де сол замандарда
Мысыр еліндегі барша халыққа түсінікті
сөздер болған, сондай-ақ «қазақ» сөзінің
1245-
жылғы «Қыпшақ-араб сөздігінде»
кездесуі бұл сөздің тарихы одан да ерте-
ректе жатқанын білдіреді. Өйткені сөздікте
сол замандарда халық арасында кеңінен
қолданыста болған қыпшақ тіліндегі сөз-
дер түсіндірілген. «Үйленген ұлына енші-
сін беріп, бөлек шығару» – ұғымы түркі
халықтарында есте жоқ ескі замандардан
келе жатқан дәстүр.
Төртінші, «
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺤﻣ » [әл-мухәррад] сөзінің
«
үйлі болған» деген мағына беруі және
баспана ету мақсатында кірген үйінің
пішіні түйенің өркеші тәрізді болуы біраз
жайды аңғартады. «Түйенің өркеші тәрізді
үй» дегенде көз алдымызға «Дешті қып-
шақ» деген ұлы даланы мекендеген халық-
тардың, расында да, түйенің өркешіне
ұқсайтын, қоңыр және ақ шаңқан киіз
үйлері елестейді. Мысыр еліндегі, жалпы
араб елдеріндегі түйелер бір өркешті
болып келетіні мәлім. Екі өркешті түйенің
өркешінен гөрі бір өркешті түйенің өркеші
киіз үйге көбірек ұқсайды. Осыны ескер-
сек, «қазақ» сөзінің мағынасын арабтарға
түсіндіру үшін қолжазба авторы «
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺤﻣ »
[
әл-мухәррад] сөзін өте сәтті қолданған.
Осыған қарап, Мысырды билеген Мәмлүк
қыпшақтары да киіз үйлерде немесе киіз
үйге ұқсас үйлерде тұрғанын жорамалдауға
болады.
Бесінші, «қазақ» сөзінің «үйлі болу,
бөліну, бөлініп, енші алу» деген мағына-
лары Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр
хандығынан бөлініп, жеке отау тіккен
тарихи оқиғаның мағынасына дәл келуін
78
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
айтуға болады. Осы тарихи оқиға кезінде
Керей мен Жәнібек және ол екеуінің
соңынан ерген ру-тайпалар Әбілқайыр
хандығынан бөлініп, жеке отау тіккелі бара
жатқанда, сол замандардағы барша халық-
қа түсінікті «бөлінеміз, бөлек отау тігеміз,
бөлек ел боламыз» деген мағынадағы «біз
қазақпыз, қазақтармыз» деген сөзді ұран
етіп үдере көшкен деп шамалаймыз.
Мағынасы жағымды болғандықтан, жан-
жақтан келіп қосылған өзге рулар да бұл
сөзді жатырқамаған.
Уақыт өтіп, ұрпақ-
тар ауыса келе «қазақ» сөзі халық
атауына айналғаннан кейін, «бөліну,
бөлек отау құру, үйлі болу» деген негізгі
мағынасы көмескіленіп, ұмытылған.
Алтыншы, сөздікте қыпшақ тіліне өзге
(
парсы, түрікмен, моңғол т.б.) тілдерден
енген кірме сөздерді арнайы белгілеп,
нақты қай тілден енгенін көрсетіп отырған.
Автор «қазақ» сөзін кірме сөз ретінде
көрсетпеген. Демек, кейбір ғалымдар
айтып жүргендей, «қазақ» сөзі қазақ хал-
қына сырттан, яғни өзге халықтар тара-
пынан қойылған «қарақшы, қашақ» т.б.
секілді жағымсыз мағынадағы атау» деген
пікірдің жаңсақ екенін аңғаруға болады.
Жетінші, «қазақ» сөзі «бөлек ел бола-
мыз» деп Керей мен Жәнібекке қосылған
ру-тайпаларды бір ұранның, бір тудың
астына біріктіру қызметін атқарған.
Сегізінші, өз күшіне сенгендер ғана
бөлініп, жеке отау тігеді. Осы тарихи
оқиғадан-ақ қазақ халқын құраған ру-
тайпалардың ықылым заманнан бері
ержүрек, өр рухты, батыр халық екенін
көре аламыз. Қазақ халқынан (қай соғыста
болмасын) батырлардың көптеп шығуы да
–
осының дәлелі.
Тоғызыншы, «қазақ» сөзінің мағынасы
«
қашақ, қаңғыбас, кезбе, бірдеңеден айы-
рылған» болса, бұл сөз бүтін бір халықтың
атына айналмас еді. Өйткені бір жақтан
қашып келген адам өзін «қашып кел-
генмін», қаңғырып келген адам өзін «мен
қаңғыбаспын», түгі жоқ адам өзіне өзі
«
мен жалаңашпын» деп айтуды ар
санайды.
Оныншы, қазақ халқын құрап отырған
ру-тайпалар – қаңғыбас болатындай еш
жақтан жер ауып, тау асып қашып келген
жоқ, өздерінің атамекендерінде тұрып келе
жатқан байырғы халықтардың жалғасы.
Әйтпесе олар дербес хандық құрып, ұлан-
ғайыр жерге иелік ете алмас еді.
Мақаламызды қорытындылай келе айта-
рымыз – қолжазбаның дұрыс оқылмауы сал-
дарынан «қазақ» сөзіне таңылған «қаңғыбас,
кезбе, қашақ», «бірдеңеден айырылған» т.б.
секілді жағымсыз мағыналарды «қазақ»
сөзінен, яғни ұлт атауынан арылтуымыз
керек. Болашақ ұрпақтың санасынан мүлдем
өшіруіміз керек. «Қазақ» сөзі хандық құрыл-
ғанға дейінгі әлеуметтік мәнде қолданылған
кезде де, кейінірек хандық құрылғаннан
кейінгі этнонимге айналар кезге дейін де
«үйлі болған, бөлінген, бөлініп, еншісін
алған, жеке отау тіккен» секілді жағымды
мағынада қолданылған. Ал өз алдына ен-
шісін алып, жеке отау тігу дегеніміз – «бел-
гілі бір жағдайда еркіндікке, тәуелсіздікке
жету» деген сөз екені анық. Сол себепті
қазақ тарихына қатысты оқулықтар шығарар
кезде немесе қайта басылар кезде, кино
түсіру жұмыстарында және т.б. осыны естен
шығармауымыз керек. Шағын мақаламызды
«
қазақ» сөзінде қазақ халқы ұялатындай
мағына болған емес деп түйіндегіміз келеді.
Әдебиет:
1. Ein turkisch-arabisches Glossar. Nach der Leidener Handschrift. Herausgegeben und
erlautert von M.Hautsma. Leiden, Brill, 1894, p.25, 87.
2.
Курышжанов А.К. Исследование по лексике старокыпчакского письменного памятника
ХІІІ в. – «Тюркского-арабского словаря». – Алма-ата: Наука, 1970. – 235 стр.
3.
Қазақ тарихынан / Құраст: Елден Аққошқаров – Алматы: Жалын, 1997. – 544 бет.
4. «
Қыпшақ-араб сөздігінің» қолжазбасы. Мысыр. – 1245 жыл.
5.
ﻦﺑﺍ
ﻦﻣ
ﻅ
ﺭﻭ
.
ﻥﺎﺴﻟ
ﺏﺮﻌﻟﺍ
.
ﺕﻭﺮﻴﺑ
:
ﺭﺍﺩ
ﺇ
ﺀﺎﻴﺣ
ﺍﺮﺘﻟﺍ
ﺙ
ﻲﺑﺮﻌﻟﺍ
،
ﺝ
3
.
1993
.
–
433
ﺹ
.
6.
ﻢﺠﻌﻤﻟﺍ
ﻲﺳﻮﻟﺍ
ﻁ
/
ﻊﻤﺠﻣ
ﻎﻠﻟﺍ
ﺓ
ﻱﺮﻌﻟﺍ
ﺓ
،
ﻢﺟ
ﻩ
ﻱﺭﻭ
ﺓ
ﻡ
ﺹ
ﺭ
ﻲﺑﺮﻌﻟﺍ
ﺓ
،
ﻁ
4
،
ﺐﺘﻜﻣ
ﺓ
ﻕﻭﺮﺸﻟﺍ
ﻲﻟﻭﺪﻟﺍ
ﺓ
.
–
2004
ﻡ
.
–
1067
ﺹ
.
7.
ﻦﺑﺍ
ﻦﻣ
ﻅ
ﺭﻭ
.
ﻥﺎﺴﻟ
ﺏﺮﻌﻟﺍ
.
ﺕﻭﺮﻴﺑ
:
ﺭﺍﺩ
ﺇ
ﺀﺎﻴﺣ
ﺍﺮﺘﻟﺍ
ﺙ
ﻲﺑﺮﻌﻟﺍ
،
ﺝ
12
.
1993
.
–
381
ﺹ
.
79
– Балсұлу Қысметқызы, оқырманға
түсінікті болу үшін әңгімемізді Астрахань
өңіріне қалай барғаныңыздан бастасақ.
– Менің туып-өскен жерім – Атырау облы-
сының Индер ауданы. Темірбек Жүргенов
атындағы Алматы мемлекеттік театр және
көркем-сурет өнері институтында оқып жүріп,
1989 жылы тұрмысқа шықтым. Келесі жылы
драма театры және кино актеры мамандығы
бойынша дипломымды алғаннан кейін
күйеуіммен бірге оның туған жері болып
саналатын Ресейдің Астрахань облысына
қоныс аударып, 1 жыл Володар ауданындағы
орта мектепте қазақ тілінен сабақ бердім. Ал
«Жол дастық» қазақ мәдениеті және қазақ тілі
облыстық қоғамының жұмысына 1991 жылдан
бері атсалысып жүрмін. Сондай-ақ 1991-
1996 жылдары қоғамның жанынан құрылған
«Шалқыма» ансамблінде аккомпаниатор, 1996-
2014 жылдары Володар аудандық теле студияның
телебағдарламалар жүргізушісі бол дым. Бүгінгі
таңда 1995 жылдан бері штат тан тыс тілші
болып жүрген аудандық «Заря Каспия» газетінде
тұрақты қызмет атқарудамын.
– Астрахань қазақтарының облыстық
мерзімді басылымдары бар ма? Оқырманы
қаншалықты көп?
– Астрахань облысында облыстық бір
ғана газет бар. «Ақ арна» деп аталатын бұл
басылым қазақ және орыс тілдерінде айына
екі рет жарық көреді. Редакторы – Әміржан
Сатқанұлы Естелеев деген азамат. Жұртшылық
ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫ
ҰЛТТЫҚ РУХ
БІРІКТІРЕДІ
2010 жылы Ресейде өткен халық санағы
кезінде Астрахань облысындағы 1 миллион
тұрғынның 150 мыңы қазақтар екені анықталған
еді. Статистикалық деректерге қарағанда,
Астраханьдағы қазақтар жан саны жағынан
орыстан кейінгі екінші ұлт саналады. Сондайақ жыл
өткен сайын орыстардың саны кеміп, басқа ұлт пен
ұлыстың саны өсуде. Бүгінде ұлттық үлесі жағынан
Астрахань облысында орыстар – 65, қазақтар –
20 пайызға жуықтап қалды. Біз осыған орай жақында
ғана жаңа төрағаларын сайлаған Астрахань
облысындағы «Жолдастық» қазақ мәдениеті және
қазақ тілі облыстық қоғамының белсенді мүшесі
Балсұлу Тілегенованы әңгімеге тартқан едік.
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
80
арасында болғанда: «газетке жазылыңыз»,
– деп қазақтарды үгіттейміз. Таралымы аса
көп емес. Көбі қазақша білмейміз деп сылтау
айтады. Үлкендер жағы ғана жазылып алып,
оқиды.
– Жерлестеріңіздің қоғамдық өмірдегі
белсенділігіне қандай баға бересіз?
– «Жолдастық» қоғамы жақсы жұмыс
жасайды. Оның барлық аудандарда өз бөлім-
шелері бар. Наурыз мерекесін өте тартымды
етіп ұйымдастырып жүрміз. Соңғы 5-6 жылдың
көлемінде Астрахань қазақтары жас нәрестені
бесікке салу, бүлдіршіннің тұсауын кесу
және ер жеткенде қалыңдықты қайынжұртқа
таныстыру, беташар жасау сияқты салт-
дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуда. Қазір соның
арқасында аралас неке де біршама азайып келе
жатыр.
– Балалардың ана тілінде білім алатын өз
мектептері бар ма?
Арнайы қазақ мектептері жоқ. Тек Краснояр
ауданында Абай атындағы, Құмөзек ауданында
М. Әуезов атындағы, Володар ауданында
Құрманғазы атындағы, Калинино ауданында
Ережеп Мәмбетқазиев атындағы мектептер бар.
Жалпы білім беретін 72 мектепте тек 1 сағат
қана факультатив түрінде қазақ тілі 9-сыныпқа
дейін оқытылады. Онда да оқулықтар
жетіспейді. Мұғалімдер Қазақстаннан алған
кітап, журналдарымен өз талпынысымен
оқып, дайындалып, оқушыларды Қазақстанда
қазақ тілі мен әдебиетінен өтетін халықаралық
олимпиадаларға қатыстырады.
– Бұған дейін бір сұхбатымызда Ресей
қазақтарының федеральдық ұлтық-мәдени
автономиясының президенті Тоқтарбай
Дусенбаев: «Ресейдегі аз санды ұлттардың
жергілікті жердегі атқарушы органдарына
ұжымдық арыз жазып: Ана тілімізде
оқытатын ұлттық мектептер керек, біз
балаларымызды жіберіп тұрамыз», – деп
өздеріне жауапкершілік алатын болса, бұл
мәселенің оң шешімін табуына мүмкіндік
бар» дегенді айтып еді. Қазақ мектебін
ашуға өздеріңіз қандай да бір талпыныс
жасап көрген жоқсыздар ма?
– Айтып отырған әңгімеңіз рас. Бала-
ларының өз ата-бабаларының тілін еркін түсі-
ніп, оны сауатты меңгеруіне жағдай туғызу
әрбір отбасының өз қолында. Қазақша үйренгісі
келетін балалар көп. Тіпті өзге ұлт өкілдері
арасында да қазақша үйренуге қызығушылық
білдіргендер жеткілікті. Өкінішке орай, «көп-
теген қазақ ата-аналары арасында «Біз Ресейде
тұрамыз, бізге қазақша керек емес» деген
теріс түсінік басым. Сол себепті: «Біздің
балаларымызды қазақша оқытыңыз», – деп
құзырлы орындарға өтініш-арыз жазып жатқан
ешкім жоқ боп тұр.
– Қазақстаннан баратын студенттермен
байланыстарыңыз қандай?
– Астрахань техникалық университетінде,
Ф.Ушаков атындағы мемлекеттік теңіз
академиясының Каспий филиалы сияқты
жоғары оқу орындарында қазақстандық жастар
көп. Олар «Жолдастықпен» араласып,
түрлі
кештерді бірге өткізіп тұрады.
Жоғары білім алу біздің жастарымыздың
арасында да өте жоғары деңгейде. Жақсы
оқығандар бюджет есебінен оқиды, тек екінші
білім алу ғана ақылы.
– Қазақстанға көшуге халықтың ынта-
ықыласы бар ма?
– Қазақстанға келгісі келетіндер жастар
арасында да, үлкендер арасында да бар. «Барып
жұмыс істесек, үй жағы қалай болады?» – дейді
біреуі. Екіншісі: «Көшіп барғанда жағдайымыз
қалай болады?» – дейді. Үшіншісі: «Әлеуметтік
құқымыз қорғала ма?» – дегенді айтады.
Кейбір үлкен адамдар: «Осы жаққа үйреніп
қалдық, ана жаққа барып жаңадан өмір бастай
алмаймыз», – дейді. Сол себепті Қазақстанға
келген бұл сапарымда Алматыдағы Дүниежүзі
қазақтары
қауымдастығы
төрағасының
бірінші орынбасары Талғат Мамашевпен
арнайы кездестім. Онда Қазақстанның көші-
қон саясаты туралы пікір алмасып, заңнамаға
енгізілетін жаңа өзгерістер туралы мағлұмат
алдым.
– Кеңестік жүйенің ыдырауына түрт-
кі болған Алматыдағы 1986 жылғы әйгі лі
«Желтоқсан көтерілісіне» қатыс қаны ңызды
естіп қалдық. Бұл – қаншалықты шындық?
– Театр институтында оқып жүргенде,
оның куәгері болғанымыз рас. «Халықтың
сүйіктісіне айналған республика басшысы
Дінмұхамед Қонаевты орнынан алып жатыр
екен. Неге түсіргенін ертең барып білеміз»
деген сөз сол күні кешке жастар арасында
қатты талқыланды. Ал ертесі бәріміз таңертең
жиналып, сабаққа барғандай алаңға бардық.
Онда барлық оқу орындарынан студенттер
жиналды.
«Үлкен кісілер» бізге келіп: «Тараңдар!»
дегенді айтатын. Біз: «Неге өзімізден басшы
болатын бір адам табылмады?» – деп екі күн
бойы алаңға шықтық. Сол кезде бір таңға-
ларлығы – әдетте бір-бірімен орысша сөйлеп
жүрген көптеген жастар алаңда бірге қазақша
ән айтты. Онда бізді тіл мен рух біріктірді.
Көпшілігіміз онда тек күндіз ғана болдық.
Одан кейінгі күндері мұғалімдеріміз бізді
Достарыңызбен бөлісу: |