ӨЗБЕК ЕЛІНДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
64
2006 жылдан бері Елбасының Жолда-
уын түрік, моңғол, өзбек, орыс тілдеріне
тәржімалап, төте жазуға аударып, жыл сайын
кітап етіп шығарып келеміз. Және де шетелдегі
қандастарымызға насихаттау – қауым дас тық-
тың міндеті. Өйткені қазақ диаспорасы Қазақ
Елінде болып жатқан жаңалықтан хабардар бо-
луы керек.
«ДОСТЫҚ» атты гала-концерт
«Түркістан» сарайында Өзбекстандағы қа-
зақ тардың кіші құрылтайы аясында екі ел-
дің өнер шеберлерінің гала-концерті өтті.
Қазақстаннан «Денар» және «Серілер» тобы,
биші Гүлнар Нұрсұлтан мен әнші Уатқан Захан
және де өзбекстандық әртістер өз өнерлерін
көрсетті.
Концерттің басында сахнаға Қазақстанның
Өзбекстандағы елшісі Бөрібай Жексембин
және Насриддин Мухаммадиев, Талғат Мама-
шевтар шығып, жұртшылықты құттықтады.
Өзбекстандағы қазақтар ән мен күй тыңдап,
құлақ құрыштарын қандырып, құрылтайға кел-
ген қазақ делегациясына рақметтерін айтып,
жиі келіп тұруымызды өтінді. Әнге қосылып,
билеп, көңілдері көтеріліп, бір серпіліп қалды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және
спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және
қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауы-
мен жүзеге асырылған іс-шаралардың барлығы
да ойдағыдай сәтті өтті.
Нұрата ауданындағы кездесу
Келесі күні Қазақстандық қонақтар, әнші-
бишілер, жергілікті мәдени орталығының
қызметкерлері Науаи облысының «Нұр ата»
ауданына барды. Оларды Науаи қалалық қазақ
мәдени орталығының төрағасы Клара Садыр-
баева қызметкерлерімен бірге күтіп алды.
Науаи қаласы Ташкенттен 650 шақырым
қашықтықта орналасқан. Қауымдастық үшін
шетелдегі 5 миллион қазақтың әрбірімен
тіке лей байланысу тым маңызды іс санала-
ды. Сондықтан тек орталықтан қайытпай,
шалғайда жатқан қазақтардың да жағдайын
көзбен көріп, ресми мәліметтер жинауды
біз әрдайым есте ұстаймыз. Түс мезгілінде
жергілікті ақсақалдармен кездесіп, әнші-
бишілер Науаи облысында тұратын қазақтарға
концерт қойды. Олармен бірге науаилық
опералық әнші, бірнеше конкурстың лауреа-
ты Сержан Жанахметов Абайдың өлеңдерін
орындап, көпшіліктің құрметіне бөленді. На-
уаи облысындағы қазақ қандастарымызбен
жолығып, жағдайларымен танысып, алыс тан
іздеп барғанымызға ризашылықтарын біл дірді...
Қазақстандық делегация қайтарында Сейітқұл
ата мен Әйтеке бидің кесенесіне тәу етіп, шет-
те жүрген қазақтарға амандық тіледік.
Бота Жарқынбай
ӨЗБЕК ЕЛІНДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
65
***
... Қазақ тілі өзінің барша құдірет
қуатымен әлемдік тіл кеңістігінің
құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақ тілінің жетістігі – украин,
өзбек және орыс тілдерінің жетістігі
сияқты бүкіл адамзатқа ортақ мән
мазмұндық байлықтың бір бөлігі.
Әлем халықтарының бірдебірінің
сөздігінде ұшыраспайтын, тек қана
қазақ тілінің мүмкіндіктері арқылы
нақтылы құбылысты таныптүсінуге
болатын сөздер бар.
***
Тіл мәселесі – аса күрделі, аса
жауап ты мәселе. Асығатын, апты
ға тын, ретін тауып саяси ұпай жи
нап қалатын жер – бұл емес. Нау
қан шылдыққа орын болмауға тиіс.
«Басқалардан қалып қоймайық» деп,
қазірше қолдан келмейтін, тек қоғам
ды ырыңжырыңға түсіргеннен басқа
ештеңе бермейтін жоспарларды, ба
янсыз бағдарламаларды қою керек.
***
Қазақ тілін дамыту дегеніміз – «жал
пы гуманитарлық тұрғыдағы қуат ты
қаруды шыңдау» деген сөз, «қоршаған
ортаны парықтап» бағалаудың бір
құралын жетілдіру деген сөз.
***
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретін
дегі мәдени тұтастығына ең негіз гі
ұйытқы болған – оның ғажайып тілі.
***
Қазіргі қазақстандық үшін үш
тілді меңгеру – өз игілігінің кепілі.
***
Қазақ халқы мен мемлекеттік тіл да
мып жатқан Қазақстан азаматтық
қоғамының біріктіруші ядросы ретінде
көрінуде.
***
Қазақ тілі өзінің бар таңғажайып
қалпымен және қуатымен әлемдік тілдік
кеңістіктің құрамдас бөлігі болып та
былады. Қазақ тілінің жетістігі – бүкіл
адамзаттың ортақ семантикалық, мағы
на лық байлығының бір бөлігі.
***
Қазақ тілінің мемлекеттілігі – қолдану
аясын тарылту мақсатында орыс тіліне
кедергі келтіру емес, қазақтардың тілінің
жойылып кетпей, оны Қазақстандағы
орыс тілінің жағдайына дейін көтеруге
талпыну.
***
Қазақ тілінің дамуы – жалпыгумани
тар лық сипаттағы қуатты құрал, бұл
таным ның және қоршаған ортаны баға
лау дың жетілдірілуі.
***
Жауапты тіл саясаты қазақ ұлтын
топтастыратын маңызды факторлардың
бірі болып табылады.
***
Өнер әрқашанда шынайылық пен үндес
тікке шақырып, ұлтаралық қатынас тың
әмбебап тілі қызметін атқарады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Ақыл-парасат кітабы»
бойынша дайындаған Ерлік Ержанұлы
Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл
66
Лексикографияның өз алдына сала болып
бөлінуінің өзіндік себептері көп. Кез келген
тілдегі сөздерді қаттап, реттеп, мағынасын
түсін діріп жүйелеудің өзі – тіл атаулының
өзін-өзі сақтап қалу үшін жасалған қадамы,
амалы. Лексикографияның сала ретінде өзіндік
метатілдік жүйесін қалыптастырып, өзіндік
зерттеу нысаны белгіленген ғылым саласына
айналуына зерттеушілер өз үлестерін қосып
жатса, ол да өмірдің өзі тудырған қажеттілік
деуге болады.
Қазақ тіл білімінде лексикографиялық
зерттеулер саусақпен санарлық. Ал тілдің
өмір сүруінің ең жоғарғы формасы саналатын
қазақ әдеби тілінің тарихын лексикография
еңбектерінсіз толық тану мүмкін емес.
Өйткені тарихи-тілдік, жалпы тілдік деректер
көбінесе ескі сөздіктерден алынады. Осындай
сәттерде әдеби тіл тарихы үшін маңызы зор,
сөздіктердің бар қасиетін, болмысын ғылыми
түрде кешенді зерттеп, зерделеген еңбек
қажеттігі білінеді. Сондай еңбек – сөздіктердің
тілдік, мәдени және танымдық қасиетін
ғылыми негіздеген, теориялық та, практикалық
та мәні бар, сөздіктердің тарихына арналған
М.Малбақовтың «Қазақ сөздіктері» зерттеуі.
Резюмесінде айтылғандай, бұл – «қазақ
сөздіктері туралы тұңғыш ғылыми еңбек».
ҚАЗАҚ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫНА
АРНАЛҒАН ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
(
професссор М.Малбақов зерттеулеріне экскурс)
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ
67
Автордың осы сөздікке жазылған сөз басы:
«
Сөздіктер – жалпы жазу мәдениетінің дамуы-
на, әлем халықтарының түсінісіп, араласуына
игі ықпал жасайтын жалпыға ортақ рухани
қазына. Сөздіктердің ұлттық сипаты олардың
белгілі бір халықтың (ұлттың, ұлыстың) тіл
табиғатын ашуға арналуынан, сол тілдің
қысқаша анықтама құралы болуынан көрінеді.
...Ал егер белгілі бір тілдің әртүрлі тарихи
замандарда (кезеңдерде) жасалған сөздіктері
болса, олардың әрқайсысы өз алдына сол
замандағы (кезеңдегі) тіл табиғатын зерттейтін
ілімдердің даму дәрежесінің айғағы ретінде
әрі сол кездегі актив сөздік қорды көрсететін
төтенше дерек ретінде құнды тарихи ескерткіш
есептеледі», – деп басталады [1, 3]. Яғни сөздік
атаулының, оның ішінде қазақ сөздіктерінің,
әдеби, мәдени, дипломатиялық және әлеу-
меттік-қоғамдық қызметінің зор екеніне
көңіл аудартады. Өйткені қазақ тарихындағы
сөздіктердің рөлі тек сөздерді қаттап, реттеп
қоюмен, актив сөздерді жинастырумен шек-
телмейді, ескі сөздіктерде пассив қордан
алынған сөздер де қамтылатындықтан, қазақ
сөздіктері энциклопедиялық еңбектер атқара-
тын қызметтерді еркін атқарған.
Сөздіктер сөздерді жинастырады, топтас-
тырады, олардың мағыналарын түсіндіреді,
мағыналық құбылуларын көрсетеді және
түсініктер сөздік мақалалармен дәйектеледі,
әдіптеледі. Ал ескі сөздіктердегі сөздік
мақалалар сол тұстағы қазақ сөзінің (сөйлеу
тілінің) айнасы іспетті. Қазақ сөздіктері жазу
мәдениеті жүйелі қалыптасып үлгірмеген
әдеби тілдің нәрестелік дәуіріндегі ауызекі
тілдегі ұлттың мәдени-әдеби жауһарларын
шоғырландырып, соларды сақтап, келер
ұрпаққа жеткізуші қызметтерді (кумулятивтік)
атқарғанын бүгінгі ұрпақ жоққа шығара
алмаса керек. Осы айтылғандарды таным-
дық функцияларға жатқызар болсақ, қазақ
сөздіктерінің танымдық қызметі айрық ша
екені көзге ұрып тұрады. Қазақ лексикография-
сының өзіндік ерекшелігі аз емес. Бұл тура-
сында академик Р.Сыздық: «Кейбір тілдер-
дің сөз байлығы өзін зерттеп-танудан бұрын
хатқа түседі. Сондай тілдердің бірі – қазақ
тілі. Қазақ тілінің фонетикасы мен грам мати-
калық құрылысының ғылыми тұрғы дан алғаш
зерттеліп, ол жайында еңбек тердің жарық көруі
ХІХ ғасырдың соң тұсынан басталады. Ал
қазақ тілінің лекико графиясы, яғни сөздіктері,
өз тарихын бұ дан көп бұрыннан бастайды», –
деген еді [2, 270].
М.Малбақовтың «Қазақ сөздіктері» еңбегі-
нің құндылығы ертеде қазақ даласында жарық
көрген сөздіктерді өзара салыстыра, салғастыра
зерттеу арқылы қазақ лексикографиясының
тарихи-хронологиялық ретті, жүйелі, бірізді
тарихын жасауынан көрінеді. Көлемі шағын
еңбекте сөздіктерді құрастырушылар туралы
мәліметтер шоғырланған. Соның бірі – Өскемен
бекінісінде генерал-поручик шенінде қызмет
жасаған, белгілі «Скалон сөздігі» мен оның
авторы А.Д.Скалон жайлы құнды мәліметтер,
сөздіктің кітапханаға келгенге дейінгі тарихи
жолы, парақ саны, жазылу мәнері, қаріп түрі
т.б. мәліметтер берілген. М.Ноғманың Тобыл
маңында түзілген «ХVІІ-ХVІІІ йөзләрдәгә
русча-татарча кульязма сүзлекләр»-іне (Қазан,
1969) тоқтала келіп, сөздік авторының кейбір
диалектінің шығу себептерін көрсетуге
тырысуы, сондай-ақ «бұхаралықтардың сөйлеу
тілі ерекшеліктері айқын сезілетіндігін, сол
тұста жазылған орысша-қазақша сөздіктердің
сол заманда жазылған орысша-татарша қол-
жазбалармен ұқсастығы барын» айтуы өзіндік
пікір айтуға жасаған талпыныстары [1,9].
Аталған сөздік пен 1774 жылғы орысша-
қазақша
сөздіктегі
кулунцак,
куцугян,
карагайция сөздеріндегі
ц әрпінің қолданыс
ерек шелігі ғылымда күншығыс татар тілінің
айырым белгісі болып бағаланатынын көр-
сетеді. Сөздіктердегі татар тілінің элемент-
терінің басымдығын айқындайтын бірнеше
фактілерді санамалап көрсеткен автор олар-
ды редакциялаған, жинастырған адамдар дың
қатарында татарлардың болуымен байланыс-
тырады, өз топшылауларын жасайды. Сөздікте
аң, құс, балық атаулары, түс атаулары, киім-
кешек, мата атаулары, шаруашылық, құрал-
жабдықтар атауларын тізбелей келіп: «Қазақ
тіліндегі төлтума атаулар арасында сирек
кездесетін сөздер жоқтың қасы», – деп түйеді
[1,12].
Сөйлем құрылымына, аудармасына да
сараптама жасайды. Бұл зерттеуді күнделікті
мұқтаждықтарды өтеу үшін жасалған сөздік-
тердің тарихына жасалған экскурстық мәні
бар еңбек деуге болады. Зерттеуші ретінде
М.Малбақов аталған алғашқы еңбегінен
бастап, сөздіктің құрылымына көңіл бөл-
ген. Жұмысының 2-тарауы осы мәселеге
арналады әрі бұл мәселенің тым кінәмшіл
екенін аша келіп, бір пікірінде «сөзтізбеге
кіретін сөздерді сұрыптау ісінде бірден-бір
өлшеуіш есептелетін ғылыми принциптің
болмай тұрғанын» айтады. Дегенмен сапалы
сөздік жасаудың амалдарын да өз тарапынан
көрсетіп: «Өз жұмысын жүйелі істейтін білікті
лексикограф сөздердің әліпбилік ретпен
жасалған тізімімен емес, олардың алдын ала
сарапталған лексикалық топтарымен жұмыс
жасайтынын, бұл әрекеттің алуан түрлі айқын
қателердің болуы, тұтас бір лексикалық топтың
қалып кетуі немесе аз, жеткіліксіз дәрежеде
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ
68
берілуі секілді олқылықтардан арылуға
септігі тиеді», – дейді [1,54]. Осы принцип
бойынша тізбеленген көптеген сөздерге,
салыстырмалы, салғастырмалы тілдік талдау
үлгілерін береді: «Морсын сөзі 1925 жылғы
«
Қазақша-орысша тілмәш» сөздігінде «мякоть
уха» деп аударылған. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде «жұмсарту, жібіту» мағынасындағы
морлау етістігін морсынмен түбірлес болар деп
ойлаймыз т.б.». Байқалып тұрғандай, әр сөзді
талдау барысында автор бірнеше сөздікпен
жұмыс жасаған. Скалон, Ильминский,
Клапрот, Лаптев, Букин, 1897 жылғы қазақша-
орысша сөздік, Жетпісбаев, Көшербаев, Бокин
сөздіктерінен алынған деректер бүгінгі күнгі
қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, фразеология-
лық және диалектологиялық т.б. сөздік
деректерімен салыстырылған.
Сөздердің сөздік мақалалары құрылы-
мына жеке тарауша арналып, онда лекси-
калық мағына, сөздің грамматикалық, сти-
лис тикалық, бағамдық, жиілік, ареалды,
асссоциативті параметрлері ғылыми тұрғыдан
сөз болады, негіздемесі түзілген. Сөздің
мәдени компоненті туралы «кез келген тілде
сол халықтың ұлттық, діни т.б. ерекшеліктері
айқын көрініс табатынын» айта отырып, автор
«
екітілді сөздік сөздің дұрыс аудармасын
жасауға мүмкіндік беретін құрал ғана емес,
сонымен қатар аударылған текстің мәнін
толық түсінуге жағдай жасайтын қысқаша
этнографиялық-мәдени энциклопедия» деген
В.П.Берковтың пікірін ұстанатынын бай-
қатады. Сөздік атаулының қоғамдық мәнін
осылайша жеткізуге тырысады. Автордың
көлемі шағын болғанмен, берері аз емес
аталған сөздігі туралы «Қазақ әдеби тілінің
тарихы» оқулығында: «Қазақ сөздіктерінің
революцияға дейінгі жай-күйі М.Малбақовтың
«
Қазақ сөздіктері» атты еңбегінде жан-жақты
сөз болады», – деген баға берілді [3,37].
Профессор М.Малбақовтың келесі еңбегі
– 2002 жылы жарық көрген «Бір тілді түсін-
дірме сөздіктің құрылымдық негіз дері»
моно графиясы [4]. Бұл – алдың ғы ізденісінің
заңды жалғасы әрі күрде ленген ғылыми
тұжырым дары бар, пікір толықтығымен
ерекшеленетін, қазақ тіл біліміндегі сөздік
жасаудың теория сын ұсынған алғашқы
еңбек. М.Малбақовтың осы еңбегінің
бірнеше маңызды жақтарын атап өтуге
болады. Солардың ішіндегі ең бастысы
– лексикографиялық терминдердің қазақ
тіліндегі баламасын ұсына отырып, оларды
ретті, жүйелі жеткізуі, жүйелеуі. «Бір тілді
түсіндірме сөздің құрылымдық негіздері»
еңбегі М.Малбақовты лексикографиялық
терминдерді реттеу мен жүйелеу мәселесін
алғаш сөз етуші және осы сала терминдерін
ғылыми түсініктермен байытып, негіздеуші
ретінде де танытты. Осылайша еңбекте қолда-
ныс тапқан тезаурус, вокабулярий, глоссарий,
сөзтізбе ұғымы, сөздік бірімдері (вокабула,
сөздік тұлға, негізгі сөздік тұлға, лемма),
сөздік мақала, сөздік ұя т.б. терминдер ғылыми
айналымға ұсынылды. Автор лексикография
саласына қолайлы, жатық терминдерді таңдап
ала отырып, олардың түсініктерін береді.
Терминдер түсінігіне қарай және ретімен
қарапайымнан күрделіге принципімен беріледі
де сөздік құрылымы тұтас қамтылады. Термин-
дердің баламалары терминдік жүйедегі бір
ғылыми сала терминдерінің қалыптасуына,
ғылыми айналысқа түсуіне игі әсерін тигізді.
Ғалым лексикография саласы мамандарының
пікір леріне сүйене отырып, қазіргі лексико-
графияның деңгейіне сай келетін терминдерді
таңдап алудың жолдарын көрсете алды.
Ең бастысы – лексикография ұғымына
беріл ген түсініктер мен анықтамаларды
салыс тыра келіп, әрқайсысының жетістігі
мен кемшілігін ашып, теориялық және
тәжіри белік лексикография түрлеріне бай-
ланысты өзіндік ойларын айтты: «Әрине,
лексикографияның жеке түрлерін бұлайша
тәжірибелік лексикографияның құрамында
ғана қарауды жөн деуге болмайды. Себебі
терминографияның өзіндік теориялық мәсе-
лелері, есептеу лексикографиясының өз
теория лық мәселелері бар, үйренім (обучение)
лексикографиясының
өзіндік
теориялық
мәселелері бар. Жалпы лексикографияның
да ортақ және жеке теориялық мәселелері
болатынын айтпаса да түсінікті. Жалаң
лексикография теориясы деген болмайды.
Лексикография теориясы әрқашан да нақты
лексикография түріне қатысты қаралады»
[4,22] – деп, тақырып таңдаудың себебін
айтып кетеді. Ал автордың сөздіктердің таза
филологиялық туындыдан гөрі, инженерлік-
филологиялық туынды екеніне жұртшылықтың
көңілін аудартуы сөздік табиғатын жете
түсінуден барып айтылған. Жұмыстағы
сөздік пен лұғат жарыспалы сөздерінің
қолданысынан басталатын талдаулары әдеби
тіл сөздігі мен түсіндірме сөздік ұғымының
түсінігін салыстырмалы талдауға т.б. келелі
мәселелерге байланысты өзара сабақтастықта
өрілген ғылыми ұғымдар мен түсініктер
табиғатын жеткізуге ұласқан. Түсіндірме
сөздікті ғалымдар әртүрлі бағалап келген. Бірі
– нормативті сөздік, енді бірі – анықтамалық
ретінде
бағаланған.
ҚТТС-тің
негізгі
объектісі – әдеби тіл емес, жалпыхалықтық
тіл деп ұғынатын ғалым, түсіндірме сөздікке
байланысты қолданылатын академиялық
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ
69
сөздік, анықтамалық (анықтағыш) сөздік,
нормативті сөздік, әдеби тілдің сөздігі,
жалпы халықтық сөздік ұғымдарының мәнін
ашып береді. «Әлемде, шынтуайтқа келгенде,
таза анықтамалық сөздік пен нормативті
сөздік өте сирек кездеседі дейтін болсақ,
саф таза әдеби тіл сөздігінің немесе бүкіл
халыққа арналған, адамдардың бәрінің бірдей
көңілінен шығатын идеалдық халық сөздігінің
мүлде болмайтындығы белгілі» [4,29], – деген
пікір айтады. Осы ұғымдарды қарама-қарсы
қатынаста ала отырып, академиялық сөздік –
анықтамалық сөздік, энциклопедиялық сөздік
– жалпы сөздік антитезаларына тоқталады. Бұл
қадамды нық логикаға құрылған ғылыми қадам
деп бағалауға болады. Өйткені келесі ғылыми
пікірлер мен тұжырымдар осы арналардан
таратылады.
Ғылыми еңбектегі лексикалық мағынаның
танымдық аспектісі туралы айтылған тұстарға
ерекше көңіл бөлген дұрыс. Автордың
пікірінше, лексикалық мағынаның сөздікте
түсіндірілуі таныммен байланысты болуы тиіс.
Тілдік бірліктің мәні мазмұнды түсінікпен
ашылса, соғұрлым толыққанды болмақ, соған
байланысты автор «бір тілдегі бір сөз туралы
әр адамда әртүрлі концепт қалыптасады екен»
деген Фрумкинаның пікірін басшылыққа ала
отырып, лексикалық мағына қалай берілуі
керек деген мәселенің басын ашатын өз пікірін
білдіреді: «Осындай жағдайда тығырықтан
алып шығатын жол – сөздіктегі тілдік бірлікке
берілетін анықтамада (дефинициялар) да,
жалпы 18 түсіндірмелерде де «мазмұнды
түсініктерді» – энциклопедиялық түсінік те-
мелер мен мәдени коннотаттық (елтанымдық)
мазмұнды беру, ұлттық салт-сана, әдет-ғұрыпқа
байланысты қосалқы деректерді молайту,
сөздікке ең озық ғылыми жетістіктерді енгізу
болмақ. Бұрын түсіндірме сөздіктегі сөз
мағынасы заттың басты белгілерін ғана көрсету
жолымен анықталып келді». Сөздіктердегі
олқы тұстың бірі ретінде анықтамалардың
берілуін көрсетеді: «Анықтамада басы артық
энциклопедиялық дерек қосуға жол берілмеді.
Терминологиялық сөздіктер де, бір тілді
(түсіндірме) сөздіктер де әрқашан максимумға
емес, минимумға ұмтылды» [4,192].
Ғылыми еңбектегі белсенді грамматикалық
сипаттама, пассив грамматикалық сипаттама
түрлері, сөздіктер сериясын түсіндіруі, гра-
дуал ды сөздіктер, әмбебап сөздік, әмбе бап
түсіндірме сөздіктер, түсіндірмелі–анало-
гиялық сөздіктер т.б. туралы ғылыми деректер
ізденушілер мен зерттеушілер үшін маңызды,
олар түсінікке түсінік қосады, әр сөздік түрі
үшін басты мәселенің не болып табылатынын
ашып берген фактілерімен құнды.
Қоры та келгенде, қазақ тіл біліміндегі
лексикография лық зерттеулердің қалып та-
суы на, ғылым саласы ретінде орнығуына
қос қан профессор М.Малбақовтың еңбегі
мол. Ол кенже қалып келе жатқан бір саланы
жандандыра алды, лексикография саласы өзге
салалармен тең ағысты ғылыми арнаға түсті.
Ал біз өз тарапымыздан ердің жасы 60-қа
толып отырған филология ғылымдарының
докторы, профессор Мырзаберген Малбақовқа
шығармашылық табыс тілейміз! Жазар көбей-
сін дейміз. Жазған еңбектерінің жемісін қазақ
елі көрсін.
Әдебиет:
1. Малбақов М. Қазақ сөздіктері. – Алматы:
Ана тілі,1995. - 112 б.
2. Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы.–
Алматы: Арыс, 2004.–288 б.
3. Момынова Б. Қазақ әдеби тілінің тарихы. –
Алматы: Қазақ университеті, 2011.– 283 б.
4. Малбақов М. Бір тілді түсіндірме
сөздіктің құрылымдық негіздері. Монография.
– Алматы: Ғылым, 2002.-368 б.
Момынова Б.
А.Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институты
филология ғылымдарының докторы,
профессор.
Достарыңызбен бөлісу: |