ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ
70
ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ
БІР ТУҒАН
ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
Қырғыз Республикасы – Орта Азиядағы
мемлекет, солтүстігінде Қазақстанмен, шығысы
мен оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстік-
батысында Тәжікстанмен, ал батысында
Өзбекстанмен шектеседі. Қырғыздар елдің 60,6
пайызын құрайды, орыстар – 15,3 пайыз, өзбек
– 4,3 пайыз. Бұдан басқа украин, татар, қазақ,
ұйғыр, неміс, тәжік, дүнген т.б. ұлттардың
өкілдері бар. Астанасы Бішкек қаласында 1
миллионға жақын адам тұрады. Парламенттік-
президенттік басқару нысанындағы мемлекет.
Заң шығарушы органы – Жоғарғы Кеңес. Ресми
тілдері – қырғыз және орыс. Ұлттық мерекесі:
31 тамыз – Тәуелсіздік күні.
1990 жылғы қазанда өткен Қырғыз Кеңестік
Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің
сессиясы елдің атауын «Қырғызстан Республи-
касы» деп өзгертті. Сол жылы 15 желтоқсанда
Жоғарғы Кеңес елдің егемендігін жариялады.
Қырғызстан тәуелсіздігі туралы Декларация
1991 жылғы 31 тамызда қабылданды. 1993
жылғы 5 мамырда Жоғарғы Кеңестің сессиясы
«Қырғызстан Республикасы» атауын «Қырғыз
Республикасы» деп өзгертті. Қазақстан Респу-
бликасы мен Қырғыз Республикасы арасын-
дағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992
жылғы 15 қазанда орнатылып, күні бүгінге
дейін достық-туысқандық қарым-қатынас
үзілмей келеді. «Қазақ-қырғыз бір туған» де-
гендей ара-жігіміз, туысқандығымыз артуда.
Бұған көршілік жағдай да, киіз туырлықты
салт-дәстүріміз үлкен әсерін тигізсе керек.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының
қызметкерлері іссапарға шыққан сайын сол
елдерде тұратын қазақтардың санын, қашан
қайдан келгендерін білуге тырысады. «Қырғыз
туы» газетінің жауапты хатшысы Байжігітов
Назарбекпен жолығып, біраз мәлімет алған
едік. Оның айтуынша, 1926 жылғы ресми ста-
тистика бойынша Қырғызстанда 1749 қазақ
деп көрсетілген. Бұл мәлімет – дұрыс емес
сияқты, біразы өздерін «қырғыз» деп жазса ке-
рек. 1959 жылғы халық санағында 2067, 1979
жылғы санақта – 27442, 1989 жылы – 37318,
1999 жылы – 42657, 2009 жылы – 33198 қазақ
болған. Сонда, 1989-1991 аралығындағы екі-үш
71
жылды есептемегенде, егемендіктің 8 жылын-
да Қырғызстан қазақтары 5 мыңға көбейіпті.
Мұның бір себебі мынадай: жылына шамамен
қазақ отбасында 190 адам дүниеден өтсе, 770
бала дүниеге келеді екен. Демек, қазақтардың
жылдық табиғи өсімі – 580 адам. Ресми ста-
тистикадан көрініп тұрғандай, 1999-2009
жылдардың арасындағы он жылда қазақтар 9,5
мыңға азайған. Мұның себебін қазақтардың
Қазақстанға көшіп кетуімен түсіндіруге бо-
лады. Көшкендердің көпшілігі дерлік квота
арқылы емес, өз күштерімен көшкен. Ал енді
2014 жылдың басында Қырғызстанда 33 мың
701 қазақ тіркеліпті. Демек, 2009 жылдан
бергі бес жылда 500-ге көбейген. Жоғарыда
белгіленгендей, жылына қазақтардың от-
басында 770 бала дүниеге келетінін ескер-
сек, бұл аралықта да 2 мыңдай қазақ Қырғыз
елінен көшіп кеткен болады. Олардың барлығы
дерлік Қазақстанға көшіп барды десек,
жаңылыспаймыз.
Қырғызстандағы 33 мың 701 қазақтың
көбірек шоғырланған жері – Бішкек қаласы
мен Шу облысы. Республикалық дәрежедегі екі
қала мен жеті облыстағы көрсеткіштер бойын-
ша: Бішкекте – 9395, Ошта (қала) – 269, Бат-
кенде – 169, Жалалабадта – 692, Нарында – 203,
Ошта (обл.) – 495, Таласта – 2956, Ыстықкөлде
– 6674, Шуда –12848 қазақ тұрып жатыр.
Қазақтар немен айналысады?
Жалпы алғанда, жеке диқаншылық және
жеке малшаруашылығы. Кәсіпкерлер де бар.
Мысалы, Тоқмақтағы «Елім-ай» қазақ мәдени
орталығының басшысы Жәнібек Алыбаевтың
қожалықтары бар. Өнерлі адамдар да жетерлік.
Бұрын Бішкекте тұрған шебер, халықаралық
сурет көрмелерінің жеңімпазы, еңбек сіңірген
суретші Әлижан Амантаев қазір Шолпана-
та қаласында жұмыс істейді. Оның балалар-
ды қолөнерге үйрететін жеке мектебі бар.
Ағаштан, теріден ұлттық бұйымдар жасайды.
ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
72
Қырғызстанда «Бүкіл дүниелік Көшпенділер
ойыны» өтерде бір жыл бойы ұйымдастыру
комитетінде көркемдік істері бойынша
жұмыстарды атқарды. Қырғыздың боз үйін
арнайы жасап, іші-сыртын безендірді. Өзінің
бұйымдарын қойды. «Көшпенділер тақтысын»
(тақ-кресло, трон) жасап, көрме ашты. Осы
ойынды тамашалауға келген Президент
А.Атамбаев Көшпенділер ойынын ашық деп
жариялаған соң, сол таққа барып отырған.
Бұл орындық-тақты қазақ шеберінің жасағаны
белгілі болған соң Қырғыз қазақтарының
мерейі бір көтеріліп қалған екен. Назар-
бек Байжігітовтың айтқанына қарағанда,
Әлижан Амантаев Президенттің таққа барып
отырғанын білмейді де. Өйткені шебер тақты
Президентке арнап емес, шетелден келген
қонақтар көрсін деп жасапты. Көшпенділер
ойынын ұйымдастырушыларға бұл дүние
ұнаған соң олар «Президент сөйлеп болған
соң, соған отырсын» деп ұйғарғанға ұқсайды.
Ертеңіне бұл орындық-тақ Шолпанатадағы
Ш.Айтматов атындағы «Рух Орда» мәдени
кешеніне қойылып, көшпенділер ойынына
қатысушыларға көрсетілді, қалағандар оған
отырып, естелікке суретке түсті.
Қазақтар Қырғыз Республикасына
қашан келген?
Ел тарихында дәуірді бөлген межелі
уақыттар болады емес пе? 1917 жылғы
Ресейдегі Қазан революциясын межелі жыл
деп алсақ, сол уақытқа дейін қазақ та, қырғыз
да ру-руымен, ауыл-ауыл болып отырған.
Қырғыз еліндегі қазақтар туралы кандидаттық
диссертация қорғаған Яқшы Абдуллах өз
еңбегінде ХІХ ғасырларда руластарына өкпе-
леп кеткен қазақтардың қырғыз жеріне келіп
орналасқанын мысалға келтірген. Ондай-он-
дай оқиғалар қазақ және қырғыз тараптан да
ішінара болып тұрған. Ашаршылық жылдары
да біразы солай ауған.
Рас, қырғыздардың арасында қыпшақ, арғын,
найман, қоңырат рулары бар. Қыпшақтар көп.
Найман және қоңырат азырақ. Бірақ бұл рулас-
тарымыз өздерін қазақпыз деп есептемейді.
Себебі бұлар, шамамен, берісі 300 жыл, арысы
800 жылдай бұрын қырғыз жеріне келіп, әбден
сіңісіп, қырғыз болып кеткен. «Қырғыз жеріне
келіп» дейтініміз – бұл үш рудың да негізгі
мекені – қазақ жері.
Қазақтардың қырғыз жеріне жаппай баруы
1916 жылғы Ресей патшасының қазақтарды
әскерге (әскердің қара жұмысына алу оқыған
азаматтарға болмаса, қарапайым қазаққа әскерге
алу деген сөз) алу жөніндегі бұйрығынан кейін
дереу басталған. Өйткені Верныйда Бекболат
Әшекеев бастаған көтеріліс шықты да оны
басу үшін патша жазалау әскерін шығарған
соң көтеріліске қатысқаны да, қатыспағаны да
Қырғызстанға қашып кеткен.
Кеңес үкіметі орнай бастаған алғашқы бес
жылда ауқатты қазақтардың Қытай асқаны
мәлім. Қытайға кететін бір асу Қордай маңы
болған. Сол дүрбелеңге қатысқан қазақ-
тардың кейбіреулері Қырғызстанда қалып
қалған. Оның жарқын бір мысалы – Талғат
Бигелдиновтің әкесі жылқышы Жақыптың
1922 жылы Қырғызстанда тұрақтап қалғаны.
Сонымен қатар 1922-1930 жылдардағы ашар-
шылық, тәркілеуден қашқан (қазір Қырғыз-
станның Шу және Ыстықкөл облысында тұрып
жатқан қазақтардың басым көпшілігінің ата-
бабалары 1922-1932 жылдардың аралығында
келген).
1930-1940 жылдарда қазақтардың Қырғыз-
станға көптеп келуі сол жылдардағы Қазақ-
станда қолдан жасалған ашаршылыққа және
ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
73
Луговой-Пішпек теміржолының құрылуына
байланысты. Түрксіб теміржолын құрысқан
қазақтар Луговой-Пішпек жолын құру үшін
үкіметтің ұйғарымымен Пішпекке көшіп кел-
ген. Сол теміржолшылардың ұрпақтары бүгінгі
күнге дейін Бішкекте тұрып жатыр. Әкелерінің
жолымен балалары да теміржол саласында
жұмыс істейді.
1935 жылдардан бастап Қазақстанда арнайы
орта және жоғарғы оқу орнын бітірген маман-
дар Қырғызстанға жолдамамен келіп, көпшілігі
сонда қалған.
1950-1991 жылдары Жамбыл облысының
жастары жақын жерге – Бішкекке келіп оқитын
болған. Бішкектегі зауыт-фабрикаларда жұмыс
істеген Қазақстанның шекаралас аудандарының
қазақ жастары көп болған. Бұлардың көпшілігі
Бішкекте үй-жайлы болып, тұрақтап қалған.
1991 жылдан Қазақстанға кеткендері
Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдардан
бастап, Қырғызстан қазақтары өздерінің та-
рихи отаны – Қазақстанға
көше бастаған. Бұл
үрдіс кейбір жылдары баяу, кейбір жылдары
қарқынды болған. Жоғарыдағы статистикалық
мәліметтерді қазақтардың табиғи өсімін еске
алып қорытындылағанда, 1991 жылдан 1999
жылға дейінгі он жылда 500 қазақ Қазақстанға
кеткен болып шығады. Мұнда төлқұжатында
қырғыз деп жазылып қалған қанша қазақтың
кеткенін айту қиын. 1999 жылдан 2009 жылға
дейін Қырғызстаннан шамамен 3 мың 700-дей
қазақ көшіп кеткен. 2009 жылы – 737, 2010
жылы – 870, 2011 жылы – 662, 2012 жылы –
309, 2013 жылы – 305 қазақ Қырғызстаннан
кеткен. Демек, бес жылда 2 мың 800-ден аса
қазақ отанына оралған. Сондай-ақ аталған бес
жылда 477 қазақ Қырғызстанға келген,– дейді
Н.Байжігітов.
Жоғарғы лауазымдағы қазақтар
Қырғызстанда лауазымды қызмет атқарған
қазақтар көп. Оларды шартты түрде, 1920-1941
жылдар, 1941-1991 жылдар және 1991 жылдан
қазіргі күнге дейін деп бөлуге болады.
Қырғыз Халық ағарту комиссариаты
төрағасының орынбасары болған Тәтібеков
Саймасай (1902-1973) – сол алғашқы буынның
белді өкілдерінің бірі деуге болады. Әке жо-
лын қуған қызы Жаннет Тәтібекова (1929-
2005) да оқу-ағарту саласында еңбектеніп,
Қырғызстандағы
Қыздар
институтының
ректоры болған. Қазір ол институт «Бішкек
гуманитарлық университеті» деп аталады.
Заң ғылымдарының кандидаты, профессор,
Қырғыз Республикасының Конституция-
сын жазғандардың бірі – Серікұл Қосақов
(1945-2013). Ол «Тіл туралы», «Қырғызстан
тәуелсіздігі туралы», «Қырғыз ССР-інің
азаматтығы туралы» заңдарды жазуға бел-
сене атсалысқаны үшін 3 дәрежедегі мем-
лекеттік кеңесші (әділет генерал-майоры),
«Қырғызстанның еңбек сіңірген заңгері» атақ-
тарын алды, бірнеше жыл Әділет министрінің
орынбасары қызметін атқарды.
Қазіргі күнде Қырғызстанда «Газпром
нефть Азия» серіктестігінің бас директоры
Болат Әбілдаев, Қырғызстанның Орталық сай-
лау комиссиясының төрағасының орынбасары
Гүлнар Жорабаева, Бішкек қалалық білім беру
басқармасының бастығы Сәуле Мейірманова,
Ресей-Қырғыз даму қоры басқармасының
төрағасы, мемлекеттік қызметтің 3 кластағы
кеңесшісі Нұрсұлу Ахметова, заң ғылымының
докторы Еркінбек Рақымбаев, Қырғызстанның
Ұлттық ауруханасының бөлім меңгерушісі,
республиканың бас оториноларинголог-дәрі-
гері, медицина ғылымының кандидаты Бо-
лат Шалабаев, Қырғыз Әуе жолдарының
үздік қызметкері Тілеуқор Бошымова,
Қырғыз Республикасының мәдениетінің үздік
қызметкері Ержан Мусин, техника ғылым-
дарының докторы Есенкелді Бексалов,
Қырғыз Республикасының спортына еңбек
сіңірген жаттықтырушы Әлшиораз Бабаев,
Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мақсұт Сарт-
баев табысты еңбек етіп жүр. Жақында ғана,
2015 жылдың 26 маусымында сот саласында
37 жыл қызмет атқарған Қырғыз Республика-
сына еңбегі сіңген заңгер Қуанбек Қырғызбаев
Қырғызстандағы ең жоғарғы сот инстанциясы
– Қырғыз Республикасының Жоғарғы сотының
Конституциялық палатасының судьясы болып
сайланды.
Қырғызстан қазақтары
қауымдастығының V Құрылтайы
Төралқа төрағасының бірінші орынбасары
Мамашев Талғат Асылұлы бастап, журналист
Ерлік Кебекбай және мен осы мақаланың ав-
торы – үшеуміз Қырғызстан қазақтарының
Құрылтайына қатысып келдік.
Бұл елде осыдан он шақты жыл бұрын
«Алаш» қоғамдық бірлестігі (2003-2010 ж.)
мен «Отан» қазақ мәдени орталығы (1992-
2010 ж. ) деген екі ұйым жеке-жеке қызмет
атқарып келген еді. Оларды Қырғыз Респу-
бликасы Жоғарғы Кеңесінің екі мәрте депу-
таты болған Еркін Бөлекбаев, екінші ұйымды
құрылғанынан бастап әр жылдары Құрмантай
Искаков,
Мұхтар
Түгелов,
Нұрсыдық
Жақсығұлов, Смағұл Нұрғалиев және Ба-
уыржан Ермекбаев (2015 ж. ұзаққа созылған
науқастан қайтыс болған) басқарған. Осы екі
бірлестік 2010 жылғы желтоқсанда Қырғызстан
қазақтарының қауымдастығы болып бірікті.
ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
74
Аталмыш қауымдастықты 2010-2013 жыл-
дары Серіқұл Қосақов басқарды. 2013 жылы
С. Қосақов қайтыс болғаннан кейін 2015 жыл-
дың маусым айына дейін Ерғали Әбдіқайымов
қауымдастықтың төрағасы міндетін атқарды.
Қырғызстан қазақтарының
V Құрылтайын
өткізуге көп дайындық жұмыстары жүрді.
Республикалық дәрежедегі екі қаладан және
республиканың жеті облысынан қазақтардың
орналасуына сәйкес, 201 қазақ жер-жерлердегі
конференцияларда құрылтайға делегат болып
сайланды.
Қырғызстан
қазақ
қауымдастығының
төраға лығына Еркін Бөлекбаев, Болат Шала-
баев және Уәсіп Аманбаев мырзалар сайысқа
түсіп, Құрылтай делегаттарының 86 дауысы-
мен Еркін Бөлекбаев төраға болып сайланды.
Жеңіске жеткен Еркінді Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығы төрағасының бірінші орынбаса-
ры Талғат Асылұлы құттықтап, жұмысына та-
быс тіледі, еліміздің жаңалықтарына да тоқтала
кетті.
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
атты дөңгелек үстел
«Ақ кеме» қонақүйінде Қазақстан Прези-
дентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
атты Жолдауына орай дөңгелек үстел өтті. Оған
қырыққа жуық қазақ өкілдерімен қатар Қырғыз
Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің
кеңесші-уәкіл Ербол Ахметов қатысты.
Елбасының Жолдауын 2006 жылдан бері
түрік, моңғол, өзбек тілдеріне тәржімалап,
төте жазуға аударып, жыл сайын кітап етіп
шығарудамыз. Және де шетелдегі қандас-
тары мызға насихаттап, дөңгелек үстел дер
өткізудеміз. Бүгін міне, Сіздермен Бішкек
қаласында бас қосып Кіші Құрылтай аясын-
да аталмыш Жолдауды талқылаудамыз. Бұл –
ауқымды да тарихи Жолдау. Өйткені онда өте
үлкен жоспарлар белгіленіп, халыққа мем лекет
тарапынан зор көмектер жасалмақ. Бюджет-
тен, ұлттық қордан, шетелдік инвестиция дан
экономиканы дамытуға, жол салуға, халықтың
әлжуаз тобына, шағын және орта бизнесті
қолдауға қомақты қаражат тартылмақшы.
Сондай-ақ Елбасы геосаяси жағдайға нақты
баға берді, еліміздің жақын келешектегі даму
бағытын айқындады. Осылайша ел басшы-
лығының Қазақстан тағдырына қатысты саяси
жауапкершілікті алуға дайын екенін көрсетті,
дей келіп, – «Біздің міндетіміз – ел Президенті
берген тапсырмаларды қысқа мерзімде әрі са-
палы орындау», – деп сөзін тәмамдады.
Құрылтайда сөз сөйлеген Қырғыз Респу-
бликасы Халық Ассамблеясының құрметті
төрағасы Бектемір Мырзаибрайымов Қазақстан
жұрт шылығына үлкен ризашылығын білдіріп,
рақ метін жеткізді.
Қырғызда тұратын қазақтарды бақытты
қазақтар деуге саяды. Себебі екі ел арасындағы
шекара ашық, емін-еркін кіріп шығады.
Қазақстан тарапынан да қырғыздарға көмек
ұшан-теңіз. Қазақтар үшін тек бірлік қажет.
Қазақ-қырғыз бірге жасап, құда-құдандалы бо-
лып, біте қайнасып, өмір кешіп жатыр.
Әр жердегі қазағым – жалғызым, аман
болғай дейміз.
Ботагөз УАТҚАН
АлматыБішкекАлматы
ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЫ
75
Қалдыбай ҚЫДЫРБАЕВ,
әлФараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті
Шығыстану факультеті
Таяу және Орта Шығыс кафедрасы
арабтану бөлімінің доценті,
PhD докторы
«ҚАЗАҚ»
СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫ
(1245 жылғы «Қыпшақараб сөздігі» негізінде)
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
«Қазақ» сөзінің мағынасына қатысты
зерттеу жұмыстары екі жарым
ғасырға жуық уақыт жүргізіліп келе
жатса да, зерттеу жұмыстарының
көпшілігі «қазақ» сөзіне қатысты
жазылған мақалаларға шолулар бой-
ынша жасалған көзқарастар мен пай-
ымдаулардан тұрады. Көзқарастардың
кейбірі көңілге қонымды болжамдар
болса, енді біреулері аңыз-әңгімелерге
сүйеніп жасалған этимологиялар бо-
лып келеді. Қазақ хандығының 550
жылдығына орай осы сұрақтың
шешімін табуға өз үлесімізді қоссақ де-
ген ниетпен «қазақ» сөзіне араб тілінде
түсіндірме жасалған 1245 жылы
Мысырдағы Мәмлүк қыпшақтары тара-
пынан жарыққа шыққан «Қыпшақ-араб
сөздігі» қолжазбасының түпнұсқасы
негізінде зерттеу жұмыстарын
жасаған едік.
Жазбаша деректер ішінде «қазақ» сөзі
осы «Қыпшақ-араб сөздігінде» бірінші рет
қолданылып, оған алғаш рет түсініктеме
берілгені айтылып жүр. Сөздіктің қолжазбасын
1894 жылы голландиялық шығыстанушы
ғалым М.Т.Хоутсма ең алғаш зерттеп,
76
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
неміс тіліндегі аудармасымен қоса баспаға
әзірлеген болатын. М.Т.Хоутсма қол-
жазбаны хатқа түсіргенде «Адам сипат-
тары» атты он тоғызыншы бөлімдегі «қа-
зақ» сөзіне берілген араб тіліндегі
түсініктемесін «
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺠﻣ » [әл-мужәррад] деп
берген [1, 25 б.]. «Қазақ» сөзіне түсінік-
теме ретінде берілген араб тіліндегі
«
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺠﻣ » [әл-мужәррад] сөзінің мағынасын
неміс
тілінде
«landstreicher»,
яғни
«
қаңғыбас, кезбе» деп берген [1, 86 б.].
Аталған сөздікке өткен ғасырдың 60-
жылдары зерттеу жүргізген отандық ғалым
Ә.Құрышжанов: «Қазақ (25
ﺎﻗ
ﻕﺍﺯ ) один,
одинокий. В ркп.
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺠﻣ обнаженный,
голый, простой, лишенный чего-л.» [2, 154
б.] деп араб тілінде «
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺠﻣ » [әл-мужәррад]
деп түсіндірілгенін көрсетеді де «қазақ»
сөзіне араб тіліндегі «
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺠﻣ » [әл-
мужәррад] сөзінің мағынасы бойынша
«
жалғыз», «жалаңаш, қарапайым, бірдеңе-
ден айырылған» деген түсініктеме береді.
М.Т.Хоутсма мен Ә.Құрышжановтың
«
Қыпшақ-араб сөздігі» негізінде «қазақ»
сөзіне берген жағымсыз мағынасы көп-
теген ғалымдардың пікірлеріне әсер етті.
Нәтижесінде зерттеушілердің дені тарихи
оқиғаларға жүгіне отырып «қазақ» сөзінің
мағынасына жағымды сипат бергісі келсе
де, М.Т.Хоутсма мен Ә.Құрышжановтың
сөздікте берген мағынасынан аттап кете
алмай, «үйсіз-күйсіз кезбе, қаңғыбас, қаш-
қын, қарақшы» дегендердің бірін қоса
беріп жүрді. Ондай зерттеушілердің
қатарына А.Н.Самойлович, С.К.Ибраги-
мов, С.Г.Кляшторный, Т.И.Сұлтанов,
Б.Б.Кәрібаев және т.б. ғалымдарды жат-
қызуға болады.
Белгілі зерттеуші Әнес Сарай да: «Қа-
зақты «кедей, жалаңаш, баспанасыз,
отанынан безген» деп әліптеу Египет
мәмлүктерінің 1245 жылы жасаған «Араб-
қыпшақ сөздігінен» басталған сияқты» [3,
371
б.], – дейді.
Голландиядағы Лейден кітапханасында
517-
нөмірмен сақтаулы тұрған 1245 жылы
жазылған «Қыпшақ-араб сөздігі» түп-
нұсқасының электронды көшірмесін ал-
дырып, оған зерттеу жүргізгенімізде, қол-
жазбадағы «қазақ» сөзіне араб тілінде
берілген түсінігі «
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺠﻣ » [әл-мужәррад]
емес «
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺤﻣ » [әл-мухәррад] екені анық-
талды [4, 27-б.]. Яғни қолжазбаны
зерттеген М.Т.Хоутсма мен Ә.Құрыш-
жанов
ﺡ (хә) әрпінің астындағы болмашы
ғана дақты нүкте екен деп, оны
ﺝ (жим)
әрпі деп түсінген. Қолжазба болғандықтан,
ондай дақтар кітап бетінің әр жерінде
кездесіп отырады. Нәтижесінде «
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺤﻣ »
[
әл-мухәррад] сөзін «
ﻝﺍ
ﺩّﺮﺠﻣ » [әл-мужәррад]
деп оқыған. Осыдан «қазақ» сөзі араб
тіліндегі астында нүктесі бар «
Достарыңызбен бөлісу: |