60
мен толғауларын, жинастырған. Ол құрастырған жинақтар «Терме» деген атпен
1924 жылы баспадан шықты. Ал 1936
жылы қайта толықтырылып, «Қазақ
халық ақындары» деген атпен жарық көрді. Сонымен бірге Т.Жүргенов өлең де
жазып тұрған. «Бастық алдындағы тілмаш» деген өлеңі 1922 жылы «Ұшқын»
газетінде басылып шығады. 1936 жылы Мәскеуде болып өткен қазақ
онкүндігінің бағдарламасына енгізіледі.
1923 жылы Т.Жүргенов Орта Азия мемлекеттік университетіне оқуға
түседі. Оның
диплом жұмысының
тақырыбы-«Қазақстанда
әкімшілік-
шаруашылық жағынан аудандарға бөлу проблемасы» болып ол кейінен кітапша
болып шыққан. 1923-1924 жылдары Түркістан республикасы атқару
комитетінің жанында қазақстанның
өкілетті елшісі, кейін Орта Азия өкілетті
елшісінің орынбасары болып істеді.
1928 жылы Ташкент қаласында Қазақ педагогика институтының ректоры
болып, Темірбек Жүргенов бекітілді. Осы алғашқы ұлттық педагогикалық
жоғары оқу орнының дүниеге келуіне байланысты Т.Жүргенов сол жылы
«Советская степь» газетіне педвуз міндеттері мен бүкіл әлемдік
мәдениетті
жерсіндіру, жергілікті халыққа жеткізу мәселелері туралы мақала жазса, келесі
жылы «КАССР-інде жоғары оқу орындарын ұйымдастырудың нәтижесі мен
болашағы» деген тақырыпта баяндама жасады. Баяндамасы «Қазақ педагогика
инстиутының
бір жылғы жұмысы» деген атпен жеке кітапша болып
басылды[141,222] Институттың көп ұзамай Алматы қаласына көшірілуіне
байланысты Т.Жүргенов Орта Азия мемлекеттік университетінің құқық
бойынша ғылыми қызметкері болып ауысады.
1929 жылы Т.Жүргенов Тәжікстанның қаржы жұмыстары бойынша Халық
комиссары болады.
1930-1933 жылдары Өзбекстан Халық Ағарту комиссары қызметін
атқарады. Сол кездері негізгі қолға алған
жұмысы мектепте білім беру
жұмысын жақсарту болды. Өзбекстан және Тәжікстан халық комиссары болып
жұмыс істеген кездерде Т.Жүргенов өзбек және тәжік тілдерін еркін меңгерген.
Осы қызметінде ол қазақ АССР-іне шақырылғанша істейді. 1933 жылы
Т.Жүргенов қазақ АССР-ы Халық ағарту комиссары болып тағайындалды. Алға
биік мақсат қоя білетін және соған табандылықпен жетіп отыратын бұл азамат
күллі күш-жігері мен қажыр-қайратын республикадағы мәдени революция ісіне
арнады.
Жаппай сауатсыздықты жоюға белсене кірісіп, мұғалімдердің бірінші
съезін шақыруға ұйытқы болады. Республика мектептер құрылысына үлкен мән
берді. Мысалы,тек Алматы қаласының өзінде оның басшылығымен 18 мектеп
салынды. Қазақстандағы мектептердің құрылымын ретке келтіруі, қазақ орта
мектептерін көбейту туралы ВКП(б) өлкелік комитеті мен республика үкіметі
құрылысына басар назар аударылды. Республиканың барлық облыстарынада
мектеп құрылысына баса назар аударылды.1934 жылы қазақ университеті, Тау-
кен
металлургия институты, Коммунистік журналистика институттарының
ашылуына бас болған. Сол кездері ұлттық кадрларға деген мұқтаждық өте
жоғары болғаны мәлім.
61
Ағарту комиссары міндетіне кіріскен Жүргенов 1933 жылы халықтың
музыкалық мұрасын өркендетуді мақсатында музыка драма техникумында
қазақ ән-күйін зерттейтін ғылыми кабинет ашты.
Сол кабинет қасында халық
музыка аспаптарын жасайтын шеберхана
ұйымдастырды. Көп
ұзамай
домбырашылар оркестрін құрды. ұлттық өнер кадрларын баулитын ұстаздарды
Мәскеу, Ленинград, Ташкенттен шақыртып отырған. Музыка театрының,
хорегрофия училищесі, қуыршақ театрын ашылуына ат салысты. Оның
басшылығымен «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Айман-Шолпан»,
«Шұға»
опералары
мен
пьесалары
шықты.
Т.Жүргеновтің
тікелей
басшылығымен 1934 жылы бүкіл Қазақстан
халық өнерпаздарының бірінші
Слеті өтеді. 1935 жылы мамырда мәдениет саласында өз шешімін күтіп жатқан
мәселелер бойынша баяндама жасаған. Екпінді мұғалімдердің
бірінші
съезі(1934), Мәдени
құрылыс
қызметкерлерінің
бірніші съезі (1935)
шақырылды.
Онда
халық
комиссары
өзінің
баяндамасын
жасап,
республикадағы мәдени революция бағыттарын дәйекілікпен талдай келе,
ағарту ісімен қатар, кәсіптік өнер және көркемөнерпаздар жұмысына мол көңіл
бөліп, шешімін күткен мәселелер көтерді. қазақ халқының мәдениетін одан әрі
дамытуға
қосқан
үлкен еңбектері
үшін Еңбек
Қызыл Ту
орденімен
марапатталған Т.Жүргенов 1937 жылы ашылған
опера және балет театрына
ғимарат салуда қажетті сурет, эскиз, сызбалар үшін қажетті құжаттарды
жинаған. Осы жылы қазақ ССР Конституция мәтінін ақырғы өңдеуден өткізуге
белсене қатысқан.
Ұлттардың мәдени жақындасуына ұлтаралық қатынасты жақсы түсінген
Т.Жүргенов 1936 жылы Алматыда ұйғыр халқының мәдениет қызметкерлерінің
бірінші конференциясында «Ұйғыр еңбекшілерінің ұлттық мәдени құрылысы»
деген тақырыпта баяндама жасайды.
«Отанға опасыздық істеді, қазақстанды СССР-ден бөліп әкетуге , оны
шетел имперализмінің колониясына айналдыруға тырысқан деген айыппен1937
жылдың тамыз айында Т.К.Жүргенов қамауға алынады. Жазықсыз халық
жауы»деген жаламен атылды.
Достарыңызбен бөлісу: