62
ақыл-ой және физиологиялық дамуын белгілі бір мақсатқа бағыттай отырып,
оқытуда олардың даму деңгейін алдын-ала анықтап алу идеясын көздеген.
Т.Шонановтың ғылыми-педагогикалық еңбектері Қазақстандағы білім беру
саласының дамуына қомақты үлес қоса отырып, педагогикалық мұралары
қазіргі заманның
оқу-тәрбие мәселесінің
теориясы мен тәжірибесіндегі
өзектілігімен бірге болашаққа да бағыт-бағдар береді.
Т.Шонанов «Жаңа мектеп» журналының негізін қалап, оның редакциялық
алқасының мүшесі болды. Сонымен қатар ол «Жаршы», «Визитки Казахстан»,
«Ақжол», «Лениншіл жас» газет, журналында оқыту мәселелерін көтерді.
Мектептерде қазақ тілін оқытып, Халық Ағарту
комиссариатының әдістемелік
кеңесінің ғылыми қызметкері болған. қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі
Әл-Фараби атындағы) ашылған күннен бастап, қазақ тілінің доценті болып
жұмыс
істеген.
«әліппе»,
«Жаңа
арқа»(алғашық
оқу
құралы),
«Жаңалық»(колхоз
мектептері
үшін
әліппе),
«Тіл
дамыту»,
«Қазақ
тілі»(грамматика мен емле), «Қазақ тілінің оқу құралы» тағы басқа оқу
құралдарымен басқа орыстарға арналған «Самоучитель киргизкого языка для
русских» деген кітаптың және А.Байтұрсыновпен бірлесіп жазған «Оқу
құралы» хрестоматияның да авторы болды. Оқыту әдісін жетілдіру мақсатында
жазған әдістемелік құралдары «Жаңа әліппе» мен «Сауаттандыру жайында»,
«Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі», «Диаграмдар-графиктер қандай
болады,
қалай салынады?», «Орыстарға
қазақ
тілін
үйрету жайында»,
«Жағрапия оқыту әдісінің жемісі» еңбектерінің танымдық мәні зор. 1935 жылы
«Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі» атты еңбегінде ана тілінің маңызына:
«Жалпы білім беру үшін де дұрыс сауаттылықты күшейту үшін де ана тілі-
мықты құрал. Мектепте ана тіліне айырықша маңыз беріп, дұрыс жолға салып
оқытуда аса көңіл бөлінуі керек»[142]. Аталған еңбекте қазақ тілінің әдістеріне
көңіл бөліп, оларды сауаттандыру, жинау, талдау, талдау-жинау әдістеріне
тоқталып, оларға сипаттама береді.
Т.Шонанұлының кітаптары кезінде мыңдаған таралымдармен шығып,
бүкіл қазақ арасына, алыстағы ауылдарға таралып отырған. өзінің ұстаздық
қызметін 1915
жылдан бастап, сол жылдары-ақ қазақ балаларына білім беру
мәселелері бойынша өзінің зерттеу еңбектерін «Қазақ» газетінің бетіне
жариялап отырған. «Игілік» атты жастар комитетінің жұмысына қатысып,
ағартушылық
жұмыспен белсене араласты. 30 жылдары халық
ағарту
комиссариатының жанында құрылған оқу-әдістемлік кеңестің мүшесі, қазақ
мемлекеттік
университетінің,
Абай
атындағы
Қазақ
педагогикалық
институтының доценті болды. «Жаңа мектеп» (қазіргі «Қазақстан мектебі»)
журналының іргетасын қаласты. Көптеген оқулықтар мен оқу құралдарының,
қазақ тілі, тарих, математика, аймақтану, жағрафия,
педагогика, психология
мәселелеріне арналған мақалаларының авторы болды. Елдің әл-ауқатын,
еңсесін көтеру үшін,оны рухани-мәдени жағынан жетілдіру, білім нәрімен
сусындату қажет болатын. Соның нәтижесінде, 1920-30 жылдары сол тұстағы
қазақ қаламгерлері, қайраткерлері оқулықтар, оқу құралдары жазу ісіне белсене
ат салысты. Бұл салада Телжан Шонанұлының қабілеті жаңаша қырынан
көрінді және оқу-ағарту саладағы бұл еңбектері
айналысқан негізгі істердің
63
біріне айналды. Т.Шонанұлының өзі жазған оқулықтарын бастауыш
сыныптарға, жаңа сауаттанып келе жатқан ересектерге және 1923 жылдан кейін
қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқи бастаған өзге ұлт өкілдеріне арнады. Ол
бастауыш сынып педагогикасы мен әдістемесін терең біліп, оны оқулықтар
жазуда тәжірбие жүзінде іске асырған. Сонымен бірге, емле, тіл дамыту, қазақ
тілін
оқыту
әдістемесі
мәселелеріне
арналған
ондаған
еңбектерінің,
нұсқаулықтарының, авторы сол тұстағы мектептің сапалық деңгейінің өсуіне
А.Байтұрсыновпен бірге ат салысты.
Жан-жақты, терең зерттеп қазақ тілінің грамматикасы қаламгердің жоғары
дәрежедегі ғылыми сауаттыллығы мен тәжірибелі әдіскерлігін дәледей түседі.
Оның «Комплекс программасының негізі», «Жаңа мектеп» (1925), «Жаңа
програмды іске асыру»(1926), «Латын әлппесін алуды неге тілейміз?»,
«Орыстағы қазақ тілін үйрету» (1929), «Сауат аштыру әдіс»(1932), «Дауыстап
оқытудың әдісі» (1933), «Іс ћәм идея»(1921), «Жас қазақ»(1924) сияқты
мақалалары «Жаңа мектеп», «Политехникалық мектеп», «Ақ жол», «Жас қазақ»
журналдарында жарық көрген. Т.Шонанов жағрапия пәніне кітап, оны оқыту
туралы әдістемелік мақала жазып, өлкетану
жұмысын ұйымдастыруға да
араласады. Сөйтіп, Қазақстанды зерттеу қоғамның мүшесі бола отырып,
энциклопедист-ғалым атанған. ғалым аймақтану мәселесіне көпі көңіл бөлген.
Жалпы адам мәдениеті оның табиғатқа деген игі көзқарасынан қалыптасады.
1928 жылы «Күләш» әңгімесі, 1931 жылы «Бай баласы мен жарлы баласы»
әңгімесі жарық көрді. «Күләш» 1928 жылы «Әйел теңдігі» журналының ІІ-
санында жарық көрген. Жалпы алғанда ықшам, жинақы, шағын әңгімеде
төңкерістен
кейінгі
қазақ
қауымының
екі
айырылған
қарама-қарсы
көзқарастары
оқиғалық
желісінен
тұрды.
Т.Шонанұлы
әдеби-көркем
мұрасының
ішінде-1931 жылы «Қазақстан» баспасынан жарық
көрген
жасөспірім балаларға арнап жазылған «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі
[143] жарық көрді. 1921 жылы жазған «Абай кітабын бастыру керек» деген
еңбегінде «Абай тілі-халық тілінің мәйегі» деп дәріптеп, «Абайды естімеген
қазақ жері кем. Орынбор шегінен Сібір өтсең, қытай шетіне дейін, Сарыарқада
Абай әні салынып, Абай өлеңі жырланады. әсіресе қазақ ішінде көп айтылатын
әні «Көзімнің қарасы» ћәм «Сегіз аяқ» [144] деп халықтың Абай өлеңіне, Абай
сөзіне сусап отырғанын паш етіп өзінің де ұлы
Абайға деген махаббатын
жариялайды. 1930 жылы қоғамтану, қаза тілі және әдебиет оқытудың өлкелік
конференциясы өтеді. Т.Шонанов бұл конференцияға қатысып, қазақ тіл
мәселесі мен оның мектептерде өтілу жағдайын анықтап алу шарасының түрлі
әдістерін анықтайды.Осы конференцияның қорытындысын «Жаңа мектеп»
журналына жариялап, өз пікірін білдірген[145] Сондай-ақ Т.Шонанов кеңес
мектебін жетілдіру жолдарын айтып, педагогикалық бағыт-бағдар беріп, оқу
ісінің аңсауына себеп болған олқылықтарды жою жолында күресуші болды.
«Еңбекші қазақ» газетінде «қазақстанда мектеп қандай болу керек»деген
мәселені көтеру, қазақ зиялыларының үлкен белсенділігін тудырды[146] 1930
жылы «Жаңа мектеп» журналында «Он жылда баспа жұмысы» деген
мақаласында баспасөз–алтыншы мемлекет дегенді дәлелдеп, оның қоғамдағы
рөлін сипаттайды. қазақ баспасөзінің қалыптасуы
мен одан әрі қарай дамуына
64
ықпал жасайтын мәселелерді айқындайды. 1930 жылы
қазақстандағы
басылымдарға статистикалық мағлұматтар береді:«1930 жылы балалар мен
үлкендер әліппелері қана 550,000 дана басылып шықты. 1921 жылы үш дана
басылып, оның барлығының саны 7,500 болса, 1930 жылы бір әліппенің өзі
300,000 дана басылды. 11 жылда оқу құралы 150,000 дана басылып отыр. 1931
жылы тек үлкендер әліппесі 600,000 дана басылып отыр. Сөйтіп сан жағынан
мұнан он жыл бұрын баспа жұмысының бұл күндегімен салыстыруға да
келмейді. Екеуінің арасы жер мен көктей. Кітаптарымыздың мазмұн жағынан
әлі де кемістігі көп. Ол кемістіктер бір екі жылда қолға да қойылады»[147]
Мерзімді басылымдарда шығып тұрған Т.Шонановтың мақалалары сол кезде
халқының қажетіне жарап, оның сұранысын қанағаттандыра аңғартады.
қазақстанда 30-жылдары қоғам қайраткері, оқу-ағарту саласына өзінің қомақты
үлесін қосқан Телжан Шонанов 1938 жылы 43 жасында тоталитаризм құрбаны
болды
ХХ ғасырдың басы кезіндегі қазақтың демократиялық инттелигенциясыны
көрнекті өкілі
Достарыңызбен бөлісу: