Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет68/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   106
Еңіреп жібереді. Пауза.
)
Д у л а т (
шалдарға
). Ал естімегеніңді естідің бе, екі қарт?
Ш а л д а р . Естідік... естідік...
Е г і н ш і ш а л . Бөлекше туған да бөлек шер буған-ау деуші 
ем... Жүрейік, шал, жүрейік...
Шалдар кетеді.
Д у л а т . Жә, тағы да бейнетпен алған мол жылқыны бей-
нетсіз таратып беріп шықтық де?
С ы р ы м . Алсын, алсын... Біз мал жиямыз деп жүр ме ек?
Д у л а т . Демесек те, өлісіп, қырқысып жүріп зорға аламыз 
да, мұнда әкеліп бере-бере саламыз...
С ы р ы м . Я, сөйтеміз. Өсердің жанына батса, мұндағының 
аш-арығына сеп болса – бізге одан артық не керек?
Д у л а т . Сол үшін жаннан кешсек те түк емес пе?
С ы р ы м . Не қып жаннан кештік?
Д у л а т . Дәл осы соңғы сапарда көп жылқышы қуғыншының 
ортасына, соққысына түсіп зорға құтылмадық па? Өзің болсаң, 
жан мұрынның ұшына келген кезді көрдің. Қандайлық көз жоқ 
ер боп кеткенсің осы?
С ы р ы м . Ой, қойшы, тәйір, не қылған ерлік?
Д у л а т . Жоға рас, Сырым!.. Оса 
жолы
бір кесел қуғыншы 
Қарасақал қатты қыспады ма бәрімізді? Қолында мылтық, өзі 
дамылсыз атады. Тіпті, тіпті арсылдаған арыстан аузындай 
ажал оққа қалай қарсы бардың? Бетпе-бет, құр қол бардың да, 
тартып алдың ғой қаруын! Ерлік емей, осы не? Жә, қайдан ғана 
туды осы ерлік?


294
С ы р ы м . Ой, ол ерлігім сыры сәл-ақ та! Кімде-кім өлімнен 
қорықпаса, тірліктегі басқаның бәрінен қорықпайды! Мен бол-
сам, осы өмір бітсеші деп, өлімді өзім шақырып жүргем жоқ па? 
Ерлік емес, өлермендік те мені жетелеп жүрген. Сен мені айт-
па, қайта Дәулеткелді, Қоскелдіні айтсаңшы, өзіңді айтсаңшы! 
Төртеу-ақ бола тұрып, он бес кісі жаудан жылқы тартып алдық 
қой. Сендер неткен ерсіңдер?
Д у л а т . Уа, біздікін қоя-ақ қой! Оның сырын ескі бір 
нақылдан аңдадым мен. Айтыпты ғой баяғыда: «Арыстан то-
бын ит бастаса – бар арыстан ит болады» деп. (
Күліседі
.) Бәрін 
айт та, бірін айт, күні-түні таңырқайтыным ол емес-ау. Осы 
кешегі ән мен сән, ойын-сауық, сыңқыл-сылтың, сәкәкумен 
жүрген біз кәне?.. Қару асынып, айдынды жортуыл, атүсті аза-
мат боп қалай кеттік?.. Ән қайда? Ән қайда?..
С ы р ы м . Бәсе, ән қайда? Қайда калды сонау, сол? Бізді те-
ңіз елі «әнші, өнерпаз» дейді осы күні. Ән мен жыр қалды ма 
бізде?
Д у л а т . Әттең десеңші! Күні туар ма екен бір сол сорлы 
саздың бір кезек?.. Әлде кеткені ме, Сырымжан, осымен?!
С ы р ы м . Қайдан... қайдан білейін, қайран Дулат-ау?.. Сол 
түннен, Қарагөзден мені айырған, сұмдық түннен бастап, ыстық 
асау жүрегімді тастай суық мұз боп қатқан бір қатал қол уыстап 
қысып, бүріп алды да қойды. Жүрегім мұз, жаным мылқау бол-
мады ма сол суық қолдан?..
Д у л а т . Айналайын аузыңнан, лебізіңнеп, есіл Сырым-ай! 
Асыл жаның, ақын жанық үн салып тұр ғой, мінеки! Кішкентай 
көзеп-көзеп қана жіберсе, көзін құм басқан тас бұлақтай қайнар 
сөз кернеп түр ғой көмейді!.. Әттең, әттең!.. Бар қайғы-шер – 
бір Қарагөз. Қайран, Қарагөз ару!.. Ару Қарагөз! Ол – ару, сен 
арыс ең! Әттең, ару – арыс қам көңілдер, армандылар. Қарғыс 
атсын, сендердің шерлерің атсын, қарғыс атқыр қалың мал, қу 
бұғау атаулыны!
Қару асынған Дәулеткелді, Қоскелді қолы байлаулы Матайды алып келеді.
С ы р ы м . Матай? Бұл не?
Д у л а т . Матай?.. Бұл қайдан?..
Қ о с к е л д і . Тұрғыда отырсам, қасында өзіндей бір жансы-
зын ертіп келе жатыр тағы да.


295
Д ә у л е т к е л д і . Тағы кепті, тағы дұшпан көзімен көздес-
тіргелі, үстімізден тағы бір мол жауды түсіргелі кеп жүр ғой!
Д у л а т . Олай болса, былтырғы түн жоқ титығымызды 
құртқан. Түбімізге тағы жеткенше, мұны тізерлеп кісендеп 
тұрып байлап салыңдар.
С ы р ы м . Айтары бар ма? Шынын айтқызыңдар әуелі.
М а т а й . Уа, бәсе, шынымды біл! Тілге келтірші әуелі!
Д у л а т . Не шының бар еді сенің?
М а т а й . Ендеше, Сырым, сөзім сенде, өзіңде.
С ы р ы м . Айт, менде болса!
М а т а й . Мені саған Нарша жіберді.
Қ о с к е л д і . Бәсе, «ұстап бер ұлыққа», «Өсер ауылына 
ұстап бер!» деп жіберді ғой?
М а т а й . Жоқ. «Ауылыма келсін. Шақырып кел, жауға 
бермеймін! Азамат сертім – сол. Тек ауылыма бір ғана келіп, 
көрініп қана кетсін. Айтар арыз-мұң бар», – деді.
Д у л а т . Мынау тор-шырға ғой тастап отырған. Өзі ұстай 
алмаған соң, осылай шақыртып отырған Өсер ауылы ғой.
С ы р ы м (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет