Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»


Аппақ сақал қараңғыда айдай көрінеді



Pdf көрінісі
бет103/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   123
Байланысты:
конфернция материалы

 
Аппақ сақал қараңғыда айдай көрінеді 
Бөлтірік ауылының бір кісісі ұрлыққа түсуін қартайғанша қоймапты. Ұрлық болғанда 
біреудің ұсақ-түйек бұйымдарын жымқырып кете береді екен. Бір күні Бөлтірік шешен 
түнделетіп көрші ауылдағы тойдан келе жатса, әлгі шал ұшырай кетеді. Оны тани қалған 
Бөлтірік: 

Түнделетіп нағып жүрсің десе, анау: 

Жай, әшейін, Бөлтеке, – деп қипақтайды. 

Арқалап алғаның не? 

Қауын, дарбыз еді. 

Оны қайдан алдың? 

Мына ауылдың қауын-дарбызы пісіп жатыр екен, содан ала салдым. 

Ұрлап алғаның жарамайды ғой, ақсақал? 

Қараңғы түнде кім көреді дейсіз. 

Аппақ сақал қараңғы түнде айдай көрінеді


Қап, мына сөзің өңменімнен өтті-ау, енді қойдым, қойдым! – депті сөз шымбайына 
батқан шал. 
Сол-сол екен, әлгі ақсақал ұрлық қылғанын пышақ кескендей қойып кетіпті деседі ел. 
Нұржігіт Айдархан 
[6]. 
«
Аппақ сақал қараңғы түнде айдай көрінеді
» деген Бөлтірік шешеннің сөзінде үлкен астар 
жатыр. Аппақ сақалымен жағымсыз әрекетке барған қарияға айтылған сөздің соншалықты ауыр 
екенін түсіну қиын да емес. 
Сонымен ,шешендік өнер – тіл мәдениетін көтеретін, ақылға қозғау салып, бұра тартпас 
дәлелді мысалымен тамсандыратын, қоғам дамуына үлес қосатын, әлеуметтік қызметі айқын, 
тәрбиелік мәні зор пәрменді құрал. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Г. Қосымова. Шешендік өнердің негіздері. – Алматы: Баянжүрек баспасы, 2007. – 13,14 б.
2. Сыздықова Р. Шешендік сөз //Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі. – Алматы, 1987. – 26-27 бб.
3. Потанин Г.Н. Казах-киргизские предания, легенды исказки // Живая старина. – СПб., 1916. Вып. ХХV. 
226 с.


«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
118 
4. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. Шығармалары. – Алматы: 1989. 137-138б.б.
5. Г. Қосымова. Шешендік өнердің негіздері. – Алматы: Баянжүрек баспасы, 2007. – 273, 279 бб.
6. Абдрахманова Қ .Ж. «Қаржы» оқу-әдістемелік құрал. – Алматы. 2017 ж. 154 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет