МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
41
Қорқыт туралы жан-жақты зерттеу жүргізуші ғалым Ш. Ыбыраев бұл жөніндегі түсінікті
ғылыми тұрғыдан салмақтай түсіп: «Рас, Қорқыт – көреген,
қасиетті, болашақты болжайтын
қарт. Ол не айтса сол болады. Міне, осы тұста Қорқыттың екі
жақтама тұлғасы көрінеді
Анығырақ айтқанда, мұсылман әулиелеріне тән қасиеттер мен ескі шамандық көзқарастардан
қалған бақсылық, абыздық белгілердің
бір-бірімен кірігіп, тұтасып кеткендігі байқалады. Бір
жағынан көрегендік, болашақты болжау ежелгі абыздарға, бақсыларға тиесілі; ру-тайпалардың
тағдырын болжау; жол көрсету солардың үлестеріне тиген; ру-тайпа ішіндегі ең беделді адамдар
да солар. Екіншіден, бұл сияқты қасиеттер – мұсылман әулиелерінің де негізгі белгілері және
бұлар құдайдың құдыретімен болып отырады. Демек, ескі бақсылар мен абыздарды көрсетілген
белгілері бойынша мұсылман әулиелеріне қарай икемдеу оншалықты қиынға соқпаған. Бірақ
олардың қызметіне байыптап қарасақ елеулі қайшылық бар. Абыздар мен бақсылардың қызметі,
атқаратын бүкіл іс-әрекеті, қажет десеңіз әулиелігі құдайға құлшындыру жолы емес, ру-тайпа
мақсатына, солардың арасындағы қақтығыстарды реттеуге бағытталады» [6,24], – дейді.
Қорыта айтқанда, біз қарастырған «Қорқыт ата кітабындағы»
бата, ер бала концептілері
көне түркі дүниетанымында маңызды орын иеленгені байқалады. Қорқыт ата батасы – елді
ұйыстырушы қуатты идеология. Оның батасы отбасылық батадан биік. Қорқыт атаның
данагөйлік бейнесі де осы бата тұсында айшықтала көрінеді. Ер баланың орны түркі жұртында
әрдайым жоғары болған. Ол – елдің ұстыны. Ақылдылық пен білімдарлық, қайрат-жігер мен
өршіл рух оның жан серігі болуы тиісті. «Қорқыт ата кітабынан» танылатын идеялық түйін
қазіргі уақыт үшін де маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: