Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет87/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   158
Байланысты:
file20210419041824

Key words: 
children with mental retardation, creative, creative abilities 
Заманауи педагогикадағы өзекті мәселелердің бірі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін 
дамыту мәселесі болып табылады, себебі қазіргі таңда қоғамға кез-келген өзгерістерге шығармашы-
лық қырынан қарайтын, мәселені сапалы әрі ерекше тұрғыда шеше алатын, жеке таңдауларын 
саналы түрде жасайтын адамдар қажет. 
Адамның шығармашылыққа қабілеті еңбек әрекеті процесінде пайда болды. Табиғат берген 
материалдан ол өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жаңа дүние ойлап табу керек болды. 
Шығармашылық - тұлғалық дамудың әмбебап құралы, жаңа өмір жағдайларына тұрақты бейім-
делу, күйзелістің жағдайларды жеңуге қажет көлемде жаңа күш пен шынайы өмірге шығармашылық 
қарым-қатынасты қалыптастыратын, балалардың ақыл-ой әрекетінің маңызды түрлерінің бірі болып 
табылады. Бұл адамды болашаққа көз жүгіртуге, жаңа өнім жасауға және оны өзгертуге алып келетін
шығармашылық әрекет. 
Шығармашылық – бұл нәтижесінде жаңа, оригиналды дүние туындайтын адамның белсенді
мақсатты бағытталған әрекеті болып табылады. 
Шығармашылық қабілеттерді эксперименттік зерттеу 50-ші жылдардан бастап Батыс психолог-
тарының назарында болды. Қиял функциясы (шығармашылық қабілеттерін дамыту процесінің 
құрамдас бөліктерінің бірі) – бейнелерді құру және жасау – адамның ең маңызды қабілеті деп 
танылды (Р.Ассагиоли, 1965). Оның шығармашылық процестегі рөлі білім мен пайымдау рөліне 
теңестірілді (с.Ариети, 1976; С.Парнс, 1977). 50-ші жылдары Дж. Гилфорд және оның ізбасарлары 
шығармашылық интеллект теориясын жасады. Оның мәні факторлық талдау негізінде балалар мен 
ересектер үшін ортақ деп танылған және өнімді қызметтің кез-келген түрін сипаттайтын шығарма-
шылық ойлаудың жеке компоненттері (шығармашылық факторлары) анықталды. Қиялдың дамуы 
қалыпты психиканың қалыптасуы үшін, сондай-ақ, зияты зақымдалған балалардың психикасы үшін 
өте қажет. Дегенмен, қазіргі уақытта қиялдың нышандарының пайда болу мерзімі мен шарттары 
туралы мәселе даулы болып қала береді. 
Б.М. Теплов шығармашылық қабілеттерді адамдарды бір-бірінен ажырататын, бірақ бар білім 
қорларымен шектелмейтін жеке психологиялық қабілеттер ретінде анықтады. Б.М. Теплов пікірінше, 
«қабілеттер» үнемі даму кезінде болады. Тек жүйелі зерттеумен байланысты болатын әрдайым жат-
тығу арқасында, мәселен: көркем немесе техникалық шығармашылық сынды күрделі адами әрекет-
терді орындай отырып, біз шығармашылықты қолдап отырамыз және болашақта сондай қабілеттерді 
дамытуға ықпал етеміз. [1] 
Психология ғылымында қабілеттің үш концепциясы қалыптасқан. Оның бірі – қабілет толы-
ғымен әлеуметтік орта және тәрбиеге байланысты анықталады. Біршама дұрыс концепция – қабілет-
тің үшінші концепциясы. Оның өкілдері Б.М. Теплов, В.А. Крутецкий, Я.А. Пономарев концепция-
ларында кез келген адам белгілі бір нышанмен туылады, дегенмен табиғи күштер мен нышан, қабі-
леттің дамуы үшін әлеуметтік қолайлы жағдай қажет деп көрсетеді. Үшінші концепция табиғилық-
тың мәнін жоққа шығармайды, сонымен бірге қабілеттердің әлеуметтік тарихи сипатын ашып 
көрсетеді. 
Д.Маймонның және тағы басқа зерттеушілер креативтіліктің дамуына еліктеу объектісі болып 
табылатын шығармашылық сипаттағы үлгі және жағымды жағдай жасау әсер етеді деп көрсетеді. 
Қабілеттің дамуы мен қалыптасуына оқу мен тәрбие ерекше орын алады. Шығармашылық бел-
сенділіктің даму барысы балалардың жас ерекшелік мүмкіншіліктеріне және іс-әрекет сипатына 
байланысты. Л.С. Выготский өзінің зерттеулерінде оқу мен тәрбие дамуды өзімен бірге сүйреп 
жүретін және дамудың алдында ілгері жүру деп оқу мен тәрбиенің негізгі ролін көрсетті. 
Е.Л. Яковлевa шығармашылықты адамның тек өзіне ғана тән жеке қасиеттерінің көрінуі деп 
есептейді. [2] 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет