ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1(64), 2021 г.
87
мінез-құлқындағы әлеуметтік қабылданған нормалардан бірнеше ауытқулармен де байланыстырады,
себебі ол «өзін басқа адамның орнына қоя алу» мүмкіндігінен айырады және өздеріне немесе
айналасындағы адамдарға ойланбаған әрекеттердің салдарын болжауға кедергі келтіреді.
И.А. Грошенков зияты зақымдалған балалардың салған суреттерінің тақырыптарының кедейлі-
гін атап өткен. Еркін тақырыпта сурет салу кезінде кейбір балалар жақын уақытта өткен геометрия-
лық пішіндер, әріптер мен цифрларды салады, басқалары бір заттың суретін (қар, жұлдыздар және
т.б.) көп рет қайталап салады, ал үшіншілері графикалық штамптарды (үй, ағаш, күн секілді жаттап
алған суреттері) қолданады.
Зияты зақымдалған балалардың өзіндік сөйлеу тілдік дамуы қиялға айтарлықтай теріс әсерін
тигізеді. Сөздік қордың кедейлігі балаларды әдеттегі шаблондарды қолдануға, ал грамматикалық
қатардың бұзылысы олардың ойындағы вербалды бейненің жарқындығы мен көркемдігін жеткізуде
қиындық келтіреді. Көрнекі
бейнелерге келетін болсақ, көбінесе олардың мазмұны да тек сөзбен
айтқанда түсінікті болады, себебі бұл категориядағы балалардың сурет салу техникасы да төмен дең-
гейде болып табылады. О.В. Боровик, зияты зақымдалған балалардың жаңғыртушы және шығарма-
шылық қиялы төмен деңгейде көрінеді, оның құрылымдық және операциялық компоненттері әлсіз
құрылған. Бұл балалардың суреттері мен әңгімелері көбінде тақырыпқа сөйкес келмейтін әлсіз және
көбінесе негативті эмоционалды реңкте болатын стереотипті бейнелерден тұрады. Тек кейбір
балаларда өзінің шығармашылығын қосатын элементтер байқалады.
Осылайша, арнайы әдебиеттерді талдай отырып, зияты зақымдалған балалардың қиял ерекше-
ліктері мен шығармашылық қабілетттері жеткіліксіз дамитынын анықтадық. Бұл өз кезегінде осы
категориядағы балалардың шығармашылық қабілеттерін зерттеу және дамыту жұмыстарымен айна-
лысуды шарттайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Теплов Б.М. Способности и одаренность [Текст] / М.Теплов // Проблемы индивидуальных
различий. – М.: 1999. – С.9-20.
2.
Яковлева, Е. Л. Психология развития творческого потенциала личности [Текст] /
Е.Л. Яковлева. – М. : Флинта, 1997. – 128 с
.
3.
Выготский, Л. С. Воображение и творчество в детском возрасте: Психологический очерк /
Л.С. Выготский; Книга для учителя. – 3-е издание. – Москва: Просвещение, 1991. – 56 с. – Текст:
непосредственный.
4.
Рубинштейн С.Я. Экспериментальные методики патопсихологии. – М.: ЭКСМО-Пресс,
1999. – 448 с. 9.
Достарыңызбен бөлісу: