Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет92/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   158
Байланысты:
file20210419041824

Есту қабілеті зақымдалған балалардың қарым-қатынас ерекшеліктері. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 
90 
Клиникалық және лингвистикалық тәжірибеде есту қабілеті зақымдалған балалардың үш негізгі 
тобы бар: 
1. Естімейтін балалар. Естімейтін балалардың клиникалық – коммуникативті көрінісі сөйлеуді 
меңгеруден бұрын пайда болған терең, тұрақты екі жақты есту қабілетінің зақымдалуын көрсетеді 
(постнатальды кезең). Егер естімейтін балаларға арнайы құралдардың көмегімен сөйлеу үйретілме-
ген жағдайда (оларға кейбір сыртқы әлеуметтік себептер бойынша тиісті аудиологиялық және 
логопедиялық көмек көрсетпейді), олар естімейтін - сөйлемейтін болып қалады. Алайда, естімейтін 
балалардың көпшілігінде қалдық есту қабілеті бар. Байланыс тұрғысынан олар 2000 Гц аспайтын 
диапазонда өте қатты (70-80 дБ күші бар) дыбыстарды ғана қабылдайды. Естімейтін балалар 75-90 
дБ дыбыс деңгейін сезінсе, онда олар үшінші дәрежедегі нашар есту деп саналады. Егер естімейтін 
балалар өте қатты дыбыстарды сезінсе – күші 90 немесе 100 дБ-ден асатын болса, онда олардың есту 
жағдайы төртінші дәрежедегі нашар есту ретінде анықталады.Мұндай тұлғаларды ұзақ уақыт 
сөйлеуге үйрету, сөйлеудің қалыптасуын қамтамасыз етеді, қалыпты жағдайға бір саты болса да 
жақындайды немесе ең болмағанда әлеуметтік ортадағы қарым-қатынасқа ықпал етеді. 
2. Нашар еститін балалар. Бұл ішінара есту қабілеті зақымдалуы, оның салдары сөйлеу тілінің 
тұрақты зақымдалуына және қарым-қатынас дағдыларының дұрыс дамымауына әкеліп соғады. Есту 
қабілеті нашар тұлғаларға есту қабылдау саласында өте үлкен айырмашылықтары бар балалар 
жатады. Есту қабілеті нашар тұлғалар 20-50 дБ және одан да көп дыбыстарды ести бастайды (бірінші 
дәрежедегі нашар есту), сонымен қатар бұл топқа 50-75 дБ аралығындағы дыбыстарды еститін 
тұлғалар да жатады (екінші дәрежедегі нашар есту). Тиісінше, деңгейлерге байланысты балаларда 
қабылданатын дыбыстардың ауқымы айтарлықтай әртүрлі болып келеді. Сол себепті,баланың есту 
қабілетінің зақымдалуы сөйлеуді игерудегі қарқынның баяулауына, бұрмаланған түрде сөйлеуді есту 
арқылы қабылдауға, фонетикалық-фонемалық қатарлардың құрылымының өзгеруіне, қарым-
қатынас құрылымның өзгеруіне және т.б. әкеліп соқтырады. 
3. Кеш естімей қалғандар. Бұл топтағы тұлғалардың мінез-құлқы көбінесе естімей қалған, 
сонымен қатар нашар еститін тұлғаларға ұқсас және жақын болып келеді. Кеш естімей қалған тұлға-
лар көптеген дыбыстарды естімейді немесе бұрмаланған түрде естиді, не айтылған сөздерді түсін-
бейді, осының салдарынан бала қатты психикалық реакция береді. Бұл кейде баланың қоршаған 
ортадағы кез-келген қарым-қатынас түрлерін дамытудан толық бас тартуына әкеліп соқтырады
психикалық аурулардың дамуына себепкер болуы мүмкін (ерте балалық аутизм, ретардация). 
Маманның міндеті – қарым-қатынас әрекеттерін белсендендіру, баланы ауызша сөйлеуді қабылдауға 
және түсінуге үйрету. Егер оның қалдық есту қабілеті жеткілікті болса, онда бұл мақсат есту 
аппараттарының көмегімен жүзеге асырылады. Алайда, есту қабілеті толық зақымдалған жағдайда 
баладағы қарым-қатынас дағдыларын дактиль, жест, еріннен оқу және жазбаша сөйлеу тілін дамыту 
арқылы жүзеге асыруға болады. 
Баланың психикалық дамуындағы ойынның маңызды рөлін кезінде көрнекті психолог және 
дефектолог Л.С. Выготский айтып өткен: «...ойын барлық даму тенденцияларын қамтиды, дамудың 
көзі болып табылады және жақын дамудың аймақтарын жасайды, деген болатын. Ойын барысында 
бала әрқашан өзінің орта жасынан, өзінің күнделікті әдетінен жоғары тұрады, яғни бала ойын 
кезінде, өз-өзін бір саты жоғары ұстайды. Шоғырландырылған ойын әрдайым, лупаның фокусын-
дағыдай, барлық даму тенденцияларын қамтиды; ойындағы бала өзінің күнделікті мінез-құлқы дең-
гейінен жоғары секіруге тырысады... Негізінен, бала ойын әрекеті арқылы ілгері жылжиды» деген. 
Ендігі қарастырылатын мәселе сюжеттік – рөлдік ойындар. Сюжеттік-рөлдік ойындар – жалпы 
және сөйлеуді дамытудың, баланың жеке басының жағымды қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді құралы 
болып табылады. Ойындарды өткізу кезінде сурдопедагог мынадай нақты міндеттерді шешеді:

оқушылардың таңдалған тақырыптар бойынша білімін кеңейтеді, оларға зерттелетін объекті-
лердің функционалдық мақсаты мен пайдалану саласы туралы түсінік береді;

ойындарда ересек адамдардың еңбегін, олардың қызмет процесіндегі өзара қарым-қатынасын 
көрсетуге үйретеді; 

ойын барысында балалардың ауызша қарым-қатынасын дамытады, бұрын үйренген сөздік 
қорын қолдануға және ойын сюжеттеріне қатысты спецификасын дамытуға үйретеді; 

белсенділікті, тәуелсіздікті, логикалық ойлауды, қиялды дамытады, танымдық қызығушы-
лықтарды қалыптастырады және т.б.; 

естімейтіндерді әлеуметтендіру процесіне ықпал етеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет