Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары


Список использованных источников



Pdf көрінісі
бет63/81
Дата27.03.2017
өлшемі8,24 Mb.
#10571
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81

Список использованных источников 

1.

 



Тимарцев  А.Ю.  Старопромышленный  регион  как  объект  социально-экономического 

исследования // Экономический вестник Донбасса. 2008. № 4 (14) С 81 - 87. 

2.

 

Николаева Л.А., Чёрная И.П. Экономическая теория: Учебное пособие.  [Электронный 



ресурс]. – Режим доступа: http://uchebnik-online.com. 

3.

 



Гранберг  А.Г.  Основы  региональной  экономики:  Учебник  для  вузов.  -  М.:  ГУВШЭ. 

2000 - 495с. 

4.

 

Бандман М.К. Сибирь в системе экономических районов СССР // Регион: экономика и 



социология; 1998. - № 2. - С. 19. 

5.

 



Гладкий Ю.Н.Чистобаев А.И. Регионоведение. Учебник. - М.: Гардарики, 2003. - 384 

с. 


6.

 

Кистанов  В.В.  Региональная  экономика  России:  Учебник  для  студ.  вузов  /  В.В. 



Кистанов, Н.В. Копылов. М.: Финансы и статистика, 2003. - 584 с. 

7.

 



Штульберг  Б.М.,  Введенский  В.Г.  Региональная  политика  России:  теоретические 

основы,  задачи  и  методы  реализации  /  Б.М.  Штульберг,  В.Г.Введенский.  М.:  ГЕЛИОСАРВ, 

2000.208с. 

8.

 



Шнипер  Р.И.  Конкурентные  позиции  региона  и  их  оценки  //  Регион:  экономика  и 

социология. -1995. - № 1. - С. 15 - 24. 

9.

 

Сэпик  Д.  Конкурентоспособность  регионов:  некоторые  аспекты.  Электронный  ресурс 



URL: http://recep.ru/files/documents/ regional_competitiveness_ru.pdf.  

10.


 

John  Friedmann.  Regional  Development  Policy:  A  Case  Study  of  Venezuela.  -  MIT  Press, 

1966. - 279p. 

 

 



 

 

429 


 

СЕКЦИЯ 2. ПАРАДИГМЫ РЕГИОНАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ И ПУТИ 

ИХ РЕАЛИЗАЦИИ 

 

Абенов Е.М. 



Л.Н. Гумилев атындағы 

ЕҰУ-нің аға оқытушысы 

Серік Е.С. 

Л.Н.Гумилев атындағы 

ЕҰУ-нің 3 курс студенті  

 

АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ 

 

«Қуатты  Қазақстан  дегеніміз  –  ең  әуелі  өңірлердің  қуаттылығы»  –  бұл  Елбасымыз 



Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  осыдан  үш жыл  бұрын  Парламент  палаталарының бірлескен 

отырысында  жариялаған  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты 

бағыты»  атты  Жолдауындағы басым  бағыттардың  бірі [1].  Аталмыш  құжатта:  «Елдің  болашағы 

экономикадағы  келешегі  зор  салалардың  дамуымен  байланысты.  Бұл  үшін  алдымен  жаңа 

зауыттар  көп  салынып,  жаңа  жұмыс  орындары  ашылып,  әлеуметтік  инфрақұрылым  қарқынды 

дамуы қажет. Шағын қалалардың дамуы – өз алдына бөлек мәселе» делінген. Былтырғы «Нұрлы 

жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті жолдауында да Елбасымыз: «Бүгінде табысты жұмыс 

істеу  үшін  барлық  қажетті  жағдайлар  жасалған.  Әкімдер  өкілеттіліктің  қажетті  деңгейіне  ие 

болды.  Өңірлерде  бәрі  бар  –  бағдарламалар,  ресурстар,  қаржы  құралдары.  Әркім  өз  жұмыс 

учаскесі үшін жауап береді. Тек білекті сыбанып, іске кірісу қажет» дей келе, өңірлерді дамыту 

мәселесіне тағы бір мәрте назар аударады [2]. Жолдаудың тұтастай бір мемлекеттің болашағына 

бағдар беретін құжат екендігін ескерсек, өңірлерді дамыту мәселелері терең үңілуді қажет ететін 

өзекті  тақырып  екеніне  көз  жеткіземіз.  Өңірлерді  дамытудағы  басты  мақсат  нені  көздейді, 

аталмыш  бағыттағы  қадамдар  нақты  қандай  мемлекеттік  бағдарламаларға  сүйенеді  және 

өңірлерді  дамытудағы  негізгі  экономикалық-әлеуметтік  мәселелер  қалайша  айқындалады  деген 

сұрақтарға бірге жауап іздеп көрелік. 

Немістің дарынды тұлғаларының бірі әрі бірегейі Карл Маркстің:  «Әркімнің еркін дамуы 

баршаның  еркін  дамуының  шарты  болып  табылады»  деген  сөзі  бар.  Экономика  саласына 

өлшеусіз  үлес  қосқан  ғұламаның  осы  бір  сөзі  бүгінгі  күннің  өзінде  сұранысқа  ие.  Расымен, 

тұтастай  бір  мемлекеттің  дамуы  үшін  ең  алдымен  сондағы  жеке-жеке  элементтердің  дамуы 

қажетті  саналады.  Осы  бір  тұста,  ең  алдымен,  «даму»  сөзіне  тоқталсақ.  «Даму»  термині 

экономикалық  даму,  әлеуметтік-экономикалық  даму,  Қазақстан  (немесе  өзге  елдің) 

экономикасының  дамуы,  аймақтың,  қаланың  дамуы  секілді  сөз  тіркестері  құрамында  жиі 

кездеседі. Қандай жағдай болмасын, дамудың астарында ең алдымен экономикалық саладағы кез 

келген  оң  өзгерістер  түсініледі.  Экономикалық  сипаттамалармен  қатар  дамудың  әлеуметтік 

параметрлерін  де  жиі  қарастырады.  Бүгінгі  күні  әлеуметтік  сипаттамалар  кез  келген  аймақтың 

даму деңгейін бағалайтын толыққанды көрсеткіштерге айналып отыр. 

Даму әрқашан да бағытқа, белгілі бір мақсатқа немесе мақсаттар жүйесіне ие болып келеді. 

Бағыт оң болса, ілгерілеу жайында сөз қозғалады, ал кері болса, құлдырау тақырыбы тілге тиек 

етіледі. Басқаша айтқанда, аймақтардың даму табиғаты белгілі бір мақсаттарды көздейді.  

Аймақтың  дамуы  –  түрлі  әлеуметтік  және  экономикалық  мақсаттардың  жиынтығы 

тұрғысынан  қарастырылатын  көп  өлшемді  және  көп  қырлы  процесс.  Мәселе  тек  қана 

экономикалық  дамуға  қатысты  болған  жағдайдың  өзінде,  ол  әлеуметтік  дамумен  қатар 

қарастырылады.  

Бүгінгі күні әлем мемлекеттері мен олардың аймақтарының басым бөлігінде экономикалық 

дамудың  негізгі  мақсаты  ретінде  халықтың  тұрмыс  сапасын  жақсарту  саналады.  Сол  себепті 

әлеуметтік-экономикалық даму процесі мынадай үш негізгі құрамдастарды өз ішіне қосады:  

 



кірістерді  көбейту,  халықтың  денсаулығын  жақсарту  және  оның  білім  деңгейін 

арттыру; 



 

430 


 

адамзаттық  құндылықтарды  сыйлауға  бағытталған  әлеуметтік,  саяси  және 



институционалдық  жүйелерді  қалыптастыру  нәтижесінде  адамдардың  өзіне  деген  құрметін 

өсіруге ықпал ететін жағдайларды жасау; 

 

адам еркіндігінің, оның ішінде экономикалық еркіндіктің деңгейін арттыру. 



Соңғы  екі  тармақ  бірнеше  жыл  бұрын  мемлекеттер  мен  аймақтардың  әлеуметтік-

экономикалық  даму  деңгейін  бағалау  кезінде  жиі  ескеріле  бермейтін,  алайда  соңғы  кездері 

экономика  ғылымында  және  саяси  тәжірибелер  қатарында  аталмыш  факторларға  қатысты 

қызығушылық арта түсуде.  

Гейне  есімді  ғұламаның  «әрбір  дәуірдің  өз  міндеттері  бар  және  олардың  шешімі  тұтастай 

адамзат прогресін қамтамасыз етеді» дегені бар. Бүгінгі күннің басты міндеті әлемдік дағдарысты 

еңсере  отырып,  дамудың  жаңа  сатыларына  өтумен  айқындалып  отыр.  Осы  орайда  кез  келген 

аймақтың  дамуы  –  көп  мақсатты  және  көп  критерийлі  процесс.  Біздің  мемлекет  те  өңірлердің 

дамуына  салғырт  қарамайды.  Елбасының  жыл  сайынғы  жолдаулары  сөзіме  дәлел  болады  деп 

ойлаймын.  2015  жылдың  1  қаңтарынан  бастап,  Қазақстан  Республикасында  2020  жылға  дейін 

есептелген  «Өңірлерді  дамыту  бағдарламасы»  (ӨДБ-2020)  өз  жұмысын  бастаған  еді.  Аталмыш 

бағдарлама бұрындары жарияланған Ақбұлақ, Қолжетімді баспана -2020, ТКШ-ны жаңғыртудың 

2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы, Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға 

арналған  бағдарламасын  біріктірді.  Осылайша,  ертеректе  қабылданған  құжаттар  баспанамен 

қамтамасыз  ету,  түрлі  деңгейдегі  коммуникацияны  жаңғырту,  аймақтың  ерекшелігін  есепке  ала 

отыра,  мемлекет  азаматтарының  өмірі  үшін  қолайлы  жағдайларды  ұсыну  бойынша  шешімдерді 

қабылдауға бағытталған бір жобаға ұласты. 

Аталмыш бағдарламада үш деңгейлі қалаларға қатысты мемлекеттік қолдау көзделген: 

 

агломерациялар (Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент); 



 

республикамыздың облыс орталықтары; 



 

келешегі бар шағын және моно қалашықтар. 



Сондай-ақ  өңірлерді  дамыту  бағытындағы  жұмыстардың  әрбір  өңірдің  ерекшелігіне 

қарасты түрліше атқарылуы еліміздің өңірлерін келесі топтарға жіктеу қажеттілігін тудырды: 

 

шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған; 



 

индустриялық дамыған; 



 

агроөнеркәсіптік; 



 

дағдарыстық. 



Дамудағы  ерекше  назар  Республикамыздың  шекарасында  орналасқан  тіректі  ауылдық 

мекендер  мен  аймақтарға  бөлінді.  Бүгінгі  күні  Президенттің  бағдарына  сәйкес  ірі  қалалардың 

басым түсуі жоспарлануда. Осыған байланысты Бағдарламада медициналық, мәдени, қаржылай, 

ағартушылық және т.б. қызметтерді ұсынатын мекемелердің болуын қарастыратын Қазақстанның 

даму орталықтары секілді агломерация құруға екпін жасалады. Жалпы, «Өңірлерді дамыту – 2020 

Бағдарламасы»  тұрғындардың  тұрмыс  жағдайы  сапасы  мен  деңгейін  арттыруға,  сонымен  қатар 

аймақтардың 

экономикалық 

аспектідегі 

әлеуетін 

арттыруға 

бағытталған 

айшықты 

бағдарламалардың  бірі  әрі  бірегейі.  Аталмыш  бағдарлама  аясында  бүгінгі  күні  де  бірқатар 

жұмыстар атқарылуда. Ақтөбе қаласында биыл «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында 

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы 216 пәтер пайдалануға беріледі [3]. 

Ауылдардың  әлеуметтік-экономикалық  дамуы  да  бүгінде  «Өңірлерді  дамыту  –  2020» 

бағдарламасы  шеңберінде  іске  асырылуда.  «Өңірлерді  дамыту  –  2020»  бағдарламасының 

жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау бағыты бойынша биыл Орал өңіріндегі ауылдарда 

143  жобаны  іске  асыру  үшін  жергілікті  бюджеттен  351,5  млн.  теңге  бөлінді.  1  қыркүйектегі 

жағдай бойынша бұл қаржының 172,2 млн. теңгесі (76,2%) игерілді [4]. 

Бүгінде  өңірлерді  дамыту  бағытындағы  жұмыс  қарқынды  жүруде.  Қазақстан  өңірлерінің 

серпінді  дамуын  қамтамасыз  ететін  шараларды,  стратегиялық  және  бағдарламалық  құжаттарды 

жүзеге  асыру  жұмыстары  орталық  мемлекеттік  және  жергілікті  атқарушы  органдармен 

жалғастырылып  келеді.  2015  жылдың  қаңтар-қыркүйек  айларында  келесі  аймақтардың 

өнеркәсіптік  өнім  өндірісі  көлемінде  өсім  байқалды:  Ақмола  облысы  (104,9%),  Алматы  облысы 

(103,6%),  Атырау  облысы  (101,8%),  Қарағанды  облысы  (108,3%),  Оңтүстік  Қазақстан  облысы 

(103,4%),  Солтүстік  Қазақстан  облысы  (100,2%)  және  Астана  (108,0%)  мен  Алматы  қалалары 

(101,9%).  Өнеркәсіптік  өнім  өндірісі  көлемінің  төмендеуі  Батыс  Қазақстан  облысы  (94,9%), 

Жамбыл  (92,0%),  Қостанай  (85,8%),  Қызылорда  (92,1%),  Маңғыстау  (96,5%),  Павлодар  (95,2%) 



 

431 


және  Шығыс  Қазақстан  (90,6%)  облыстарында  орын  алып  отыр.  Өндіріс  көлемінің  төмендеуі 

сондай-ақ  Ақтөбе  облысында  да  байқалуда  (97,4%),  бұл  жағдай  мұнай,  мыс  кені  және 

концентраттар өндірісінің қысқаруымен айқындалып отыр [5]. 

Өңірлерді  дамытудың  мәні  мен  мақсаты,  аталмыш  бағыттағы  мемлекеттік  бағдарламалар 

мен  олардың  жұмыстарына  қысқаша  шолу  жасадық.  Ендігі  сұрақ  –  өңірлерді  дамытудағы 

әлеуметтік-экономикалық мәселелер дегеніміз не? Оның дамуға қарасты әсері қандай? Аталмыш 

мәселелерді  шешуде  қандай  бағдарламаны  негізге  алуға  болады?  Енді  осы  бір  бағытқа  қарай 

ауыссақ. 

Әлеуметтік-экономикалық  даму  қоршаған  ортаның  жай-күйі,  азық-түлікпен  қамтамасыз 

ету,  олардың  сапасын  бақылау,  бөлшек  сауда  нарығындағы  тұтынушылардың  құқығын  сақтау, 

мектеп,  балабақша,  өзге  де  білім  беру  мекемелелері  сапаларының  деңгейі,  сонымен  бірге 

адамдардың  білімі  мен  біліктілігінің  деңгейі,  денсаулық  сақтау  жүйесінің  даму  деңгейі  және 

қолжетімділігі,  халықтың  физикалық  және  психологиялық  денсаулығының  деңгейі,  өмір  сұру 

ұзақтығы секілді факторлармен айқындалады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы түсінігіне 

сондай-ақ  халық  тұрмысының  мәдениеттілігі  секілді  негіз  де  енеді.  Өңірдің  экономикалық 

дамуының  оң  динамикасы  аталмыш  өңірдегі  халықтың  мәдени  өмірін  байыту  жағдайында  ғана 

мүмкін  саналады.  Орта  және  шағын  бизнесті  тиімді  қолдау,  антимонополиялық 

шаралар,тұтынушылардың  құқығын  қорғау,    тұрғын  үйдің  дамыған  нарығы  есебінен  еркін 

қозғалысты  қамтамсыз  ету  секілді  шаралардың  кезінде  ғана  әрбір  адамның  жеке,  оның  ішінде 

экономикалық  саладағы  еркіндігі  кеңеюі  мүмкін.  Осындай  жағдайда  ғана  өңірдің  әлеуметтік 

экономикалық дамуы жағымды динамиканы көрсетеді. 

Жалпы,  бүгінгі  күні  өңірлердің  әлеуметтік-экономикалық  дамуы  үш  негізі  фактордың 

ықпалын сезінуде. 

 



Нарықтық — аймақтық, ұлттық және әлемдік нарықтардың өзара кірігуі. 

 



Бәсекелес  —  аталған  нарықтардағы  бәсекелестіктің,  әсіресе  өмір  сүру  сапасы  мен 

инновациялар облысындағы бағадан тыс бәсекенің күшеюі. 

 

Өндірістік – өндірісті ұйымдастыру тәсілі ретінде фордизмнен постфордизмге өту, бұл 



жаппай  өндірісті  ұсақ  сериялық  өндіріспен;  еңбектің  сатылай  ұйымдастырылуын  деңгейлеспен; 

төмен  жеке  өзіндік  жауапкершілікті  өндірістік  процестегі  индивидтің  бірлесе  қатысуымен 

ауыстыруды көздейді [6]. 

Бүгінде өндіріс аймақтарына қолайлы саналатын факторлар, ертеңгі күні инвестицияларды 

жұмылдыру үшін қосымша мүмкіндіктердің туындауына, жұмысбастылықтың артуына және өзге 

де өзекті өңірлік мәселелердегі шешімнің табылуына септігін тигізеді. 

Алайда  аталмыш  өзгерістердің  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің,  сондай-ақ 

өңірлердің бәсекелестігіне ықпал ететіндігін айтып кетуіміз керек. Мәселен, кейбір экономикасы 

дамыған,  қуатты  облыстар  өзіндік  қорларды  жұмылдырып,  қосымша  инвестицияларды  тартуға 

қауқарлы  болады.  Ал  кейбірлері  шетте  қалады,  үшіншілері  бөлек  салаларда  ғана  (мәселен  – 

туризм)  дамиды.  Сол  үшін  ең  алдымен  қандай  факторлар  бәсекеге  қабілеттілікті  арттыратынын 

анықтап алған жөн.  

Қазақстан Республикасының айқын ерекшеліктерінің бірі әлеуметтік-экономикалық дамуды 

басқарылатын болжамның негізінде жүзеге асыруымен байланысты. Бұл жерде басты рөлді өзін-

өзі басқару жүйесі ойнайды. 

«Қазақстан  –  2050»  атты  стратегиясында  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  Өзін-өзі 

басқаруды  дамытудың  тұжырымдамасын    бекіткендігін  мәлімдеді.  Бұл  құжатты  Қазақстанның 

өңірлерін  әлеуметтік-экономикалық  реттеуді  стратегиялық  басқарудың  ғылыми  негізделген 

әдістемесі ретінде қарастыруға болады.  

Өңірлерді  басқарудың  әлеуметтік  аспектісі  адамзат  қоғамының  жаһандық  ауқымда  ғана 

емес,  желілік,  сондай-ақ  кеңістіктік  ауқымдағы  дамуын  күшейтуге  бағытталады.  Бұл  ұлттық 

экономиканың  өзара  ықпалдасатын  өңірлердің  жүйесі  ретінде  қарастырылатындығын,  ал  әрбір 

өңір  өз  кезегінде  өзіндік  аймақтық  жіктелемдерден  (аудан,  ауыл,  т.б.)  тұратындығымен 

айқындалады.  Басқаша  айтқанда,  академик  А.Г.  Гранберг  мәлімдегендей,  өңірлер 

"квазимемлекет" және "өңір-социум" ретінде қарастырылуы мүмкін. Мұндай әдіс Қазақстан үшін 

ыңғайлы, себебі мемлекетімізде Алматы және Астана қалаларын санамағанда, 14 өңір бар. Алып 

жатқан аймағын, өндірістік әлеуетін, табиғи-климаттық ерекшеліктері мен кеңістіктік орналасуын 

есепке алатын болсақ, олардың әрқайсысын «квазимемлекет» ретінде қарастыруға әбден алады.  



 

432 


Қорыта  келе  айтарымыз,  өңірдің  дамуы  оның  экономикалық  әлеуетіне,  оның  қоғамдық 

еңбек  бөлінісіндегі  орнына,  әлеуметтік  және  зияткерлік  деңгейіне,  кеңістіктік  орналасуына, 

өңіраралық,  өңірлік  және  өңірлік-мемлекеттік  қарым-қатынастардың  даму  деңгейіне,  өңірдегі 

барлық процестерді кәсіби прагматикалық басқаруға тікелей тәуелді. Дегенмен мұның  бәрі өзін-

өзі басқару қағидаттарының қаншалықты тиімді жүргізілетіндігіне байланысты болады.

 

 



Пайдаланылған әдебиеттеp тізімі: 

1.

 



Қазақстан  Республикасының  Президенті-Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына Жолдауы: «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты». 

2012  жылғы  27  қаңтар. 

http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/kazakstan-

respulikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstan-khalkyna-zholdauy-27-01-2012zh_1341124121

 

2.



 

Қазақстан  Республикасының  Президенті-Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына  Жолдауы:  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол».  2014  жылғы  11  қараша. 

http://www.akorda.kz/kz/addresses/page_218342_

 

3.

 



BNews.kz 

ақпараттық 

агенттігі: 

http://bnews.kz/kz/news/archive/inexpensive_housing/biil_aktobede_onirlerdi_damitu__2020_bagdarla

masi_ayasinda_216_pater_paidalanuga_beriledi-2015_11_10-1182739

 

4.



 

«Орал өңірі» газеті: 

http://oraloniri.kz/?p=4835

 

5.



 

ҚР 


Ұлттық 

экономика 

министрлігінің 

ресми 


сайты: 

http://economy.gov.kz/economyabout/249/64108/index.php?month=06&year=2015&SECTION_ID=249

&ELEMENT_ID=64108

 

6.



 

Гаврилов А.И. Региональная экономика и управление: учебное пособие для вузов. - М.: 

ЮНИТИ-ДАНА, 2002. 

 

Бакирбекова А.М.  



э.ғ.к., доцент 

Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті,  

Қазақстан Республикасы, Астана қ. 

Махатова Н.Л. 

Оқытушы  

«Туран-Астана» университеті  

Қазақстан Республикасы, Астана қ. 

 

ҚАЗАҚСТАН  АЙМАҚТАРЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН 

ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ 

 

Қазақстан  аймақтары экономикасының жағдайы мен дамуы Елбасының Қазақстан халқына 



2012 жылдың 14 желтоқсанында «Қазақстан-2050» стратегиясы «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа 

саяси  бағыты»  Жолдауында  қарастырылып,  Қазақстанның  басты  мақсаты  2050  жылға  қарай 

әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс. Жаңа экономикалық бағыттың саясаты – 

пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттілікпен қайтарым алу міндетіне негізделген түгел 

қамтитын  экономикалық  прагматизм  дей  келе  осыны  жүзеге  асырудың  бірі  ретінде  «...  біз 

өңірлерді  дамытуда  әлеуметтік  теңгерімсіздік  мәселелерін  шешуге  назар  аударуға  тиіспіз...  Ең 

алдымен, мемлекеттік органдардың өңірлік даму саласындағы жұмыстарын үйлестіруді күшийту 

қажет.  Міндет  –  мемлекеттік  және  салалық  барлық  бағдарламалардың    орындалуын  өңірлерді 

дамытудың басымдыққа ие міндеттерін шешумен үйлестіру» деп айтылып кеткен. 

Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасынның  әкімшілік-территориялық  құрылымына  14 

облыс, 175 әкімшілік аудандар, 87 қала (2 республикалық маңызы бар қала, 40 облыстық маңызы 

қала,  45  аудандық  маңызы  қала),  сондай-ақ  2050  жылға  дейін  жалға  берілген  республикалық 

маңызы бар Байқоңыр қаласы, 35 кент және 6982 ауылдық елді мекендер бар. Бұл аймақтар аумақ, 

халықтың саны, экономикалық әлеуеті бойынша айтарлықтай ерекшеленеді [1].  

Халық  табысы  бойынша  бір  қызметкердің  орташа  айлық  атаулы  жалақысы  2014  жылы 

137 043  теңгені,  ал  халықтың  жан  басына  шаққанда  орташа  атаулы  ақшалай  табысы  55 292 

теңгені  құрады  (сурет  1).  2014  жылғы  мәліметтер  бойынша  бір  қызметкердің  орташа  айлық 

атаулы  жалақысы  көрсеткіші  бойынша  елдің  орташа  деңгейінен  шамамен  екі  есе  асып  түсетін 

облыстар  –  Маңғыстау  және  Атырау  облыстар,  сәйкесінше  –  251 675  және  230 180  теңге. 


 

433 


Көрсеткіштің  бұл  облыстарда  жоғары  болуы  аймақта  мұнай  және  табиғи  газ  өндірісімен 

байланысты. Төменгі көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақтан облыстарының 

үлесіне тиесілі [2]. 

Экономикалық  белсенді  халық  саны  бірқалыпты  қарқынмен  өсіп  жатыр  және  2014  жылы 

9 013,1  мың  адамды  құрады.  Оның  ішінде  жұмысбастылар  –  8 540,3  мың  адам,  жұмыссыздар  – 

472,9 мың адам. Экономикалық белсенді емес халық бұл кезеңде 3 506,7 мың адамды құрап отыр. 

2010-2014  жылдар  аралығы  серпінінде  жұмысбастылар  саны  498,1  мың  адамға  немесе  6,6%-ға 

артқан.  Аталған  кезеңге  жұмыссыздар  саны  84,9  мың  адамға  немесе  18%-ға  азайып  отыр. 

Экономикалық  белсенді  емес  халық  серпіні  тұрақтылығы  бірқалыпты  жағдайда  емес: 

көрсеткіштің минималды көрінісін 2010 жыл көрсетеді және 3 416,2 мың адам болды, одан кейін 

көрсеткіш бірқалыпты еместігі байқалады [3]. 

 

Сурет 1 – Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 



Ескерту – ҚР Статистика Комитетігінің мәліметтері бойынша құрастырылған 

 

2014  жылы  кедейліктің  неғұрлым  төмен  деңгеймен  аймақтар  құрамына  Астана  және 



Алматы  қалаларынан  басқа  2013  жылдағыдай  Қарағанды,  Павлодар  және  Ақмола  облыстары 

кірді.  2014  жылы  кедейліктің  ең  жоғары  деңгейі    Шығыс  Қазақстан,  Оңтүстік  Қазақстан  және 

Маңғыстау  облыстарында  байқалуда.  Сондай-ақ,  2013  жылы  бұл  топқа  Қазақстанның  оңтүстік 

бөлігіндегі  облыстар  кірген  болатын  (Алматы,  Қызылорда  және  Жамбыл).  Қалған  аймақтар 

кедейліктің  орташа  деңгейлі  аймақтарына  жатады  (Солтүстік  Қазақстан,  Ақтөбе,  Шығыс 

Қазақстан, Қостанай облыстары), сонымен қатар олардың санына бірнеше рет ең төменгі кедейлік 

деңгейлі аймақтар тобына енген Жамбыл, Алматы, Атырау және Қызылорда облыстары кірді. 

Қазақстан  өңірлерін  әлеуметтік-экономикалық  әлеуеті  бойынша  жіктеу  ел  өңірлерінің 

ағымдағы жай-күйі мен даму перспективасын жинақтайтын ең басты көрсеткіш олардың жалпы 

ішкі өнімдегі үлес салмағы болып табылады. Осы ерекшелікті ескере отырып өңірлерді бес топқа 

бөлуге болады:  

1.

 



Дамудың қарқыны төмен өңірлер: Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда 

облыстары [4].  

2.

 

Даму қарқыны орташа деңгейден төмен өңірлер: Қостанай, Алматы, Батыс Қазақстан.  



3.

 

Даму  қарқыны  орташа  өңірлер:  Ақтөбе,  Павлодар,  Оңтүстік  Қазақстан,  Шығыс 



Қазақстан,  Маңғыстау облыстары [5].  

4.

 



Даму қарқыны жоғары өңірлер: Астана қаласы, Қарағанды облысы [6]. 

5.

 



Көшбасшы өңірлер: Атырау облысы, Алматы қаласы.  

Қазақстан аймақтарының жалпы өңірлік өніміні бойынша 2014 жылы ең жоғарғы көрсеткіш 

Атырау  облысында  тіркелген  –  111,6  млн.теңге.  Ең  төменгі  көрсеткіш  Батыс  Қазақстан 

облысында  -  104,4  млн.теңгені  құрады.  Жүзеге  асырылып  жатқан  бағдарламалар  негізінде 

аумақтарда көрсеткіштер дамуы ауытқи бастады (кесте 1). 

 

 



 

97303


127695

94378


230180

118435


90588

115371


98807

110400


251675

90356


124940

83859


114331

182265


231336

ҚР бойынша - 137 043  теңге         2014 жыл     теңге 



 

434 


Кесте 1 – ҚР  аймақтарының  жалпы  өңірлік  өнімі,  млн.теңге  

 

 



Мемлекеттің аймақтық дамуына кедергілерден туындаған  негізгі мәселелер: 

-

 



негізінен    шикізат,  мемлекетті  мамандандыруда  еңбекті  бөлудің  аймақтық  және 

әлемдік,  транзиттік тәуекелділікті алшақтату мен артта қалушылықта тоқтату; 

-

 

аймақтық  саясатты  жүзеге  асыру  тетігінің  соңына  дейін  жасалмауы,  шаруашылықты 



және  инфрақұрылымды    объектілерге  әсер  ету  сипатының,  әртүрлі  меншік  түріндегі 

ресурстардың белгісіздігі; 

-

 

өкілеттілікті табыстау тетігінің, басқарудың жоғарыда тұрған органдары қызметтерінің 



және қаржылық аударымдарының реттелмегендігі; 

-

 



транспорттық  –  коммуникациялық  желіні  біріктіретін  теңсіздік  күші,  аймақтық 

территориялық – шаруашылық жүйелердің сыртқы экономиканы қамтамасыз етуге мақсатталған 

және мемлекеттің  экономикалық кеңістігінің интеграциясыздануының болуы; 

-

 



бірқатар  аймақтардың  индустрияландылуы    бәсекеге  қабілеттің    төмен  болуы  мен 

өнеркәсіптің дәстүрлі салаларындағы өндірістік  тұқырту салдарының нәтижесі; 

-

 

елдің  шекара  бойындағы  аймақтарға  көрші  мемлекеттер  экономикасының 



басымдығының күшеюі; 

-

 



ауыл  тұрғындарының  қалаға  көшуі  және  ауыл  аймақтарының  кему    деңгейлерінің, 

демографиялық қысымның  және көрші мемлекеттерден заңсыз көшіп келу деңгейлерінің өсуі; 

-

 

экологиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жергілікті ортаның құлдырауы, тұруға 



және шаруашылыққа жарамды аймақтардың кемуі әсерінен табиғатқа антропогендік әсер етудің 

өсуі. 


Осы  және  басқа  да  бірқатар  сұрақтарды    шешу  жергілікті  ресурстарды  тиімді    қолдану, 

тұтыну  нарығын  қалыптастырумен  байланысты  әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді  шешу 

бойынша  аймақтық  саясатты  тиімді  пайдалану,  тұтыну  нарығын  қалыптастырумен  байланысты 

әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді  шешу  аймақтық  саясатты  тиімді  қолдануға  мүмкіндік 

береді. 

«Мемлекет  басшысының  2012  жылғы  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы:  қалыптасқан 

мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауы,  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің 2012 жылғы Өңірлерді Дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілген 

болатын. Eлде өңірлерді дамытуға бағытталған жеті салалық бағдарламалар: «Өңірлерді дамыту», 

моноқалаларды дамыту, «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту – 2020», «Ақ бұлақ», 

Облыс/қала 

2010 


2011 

2012 


2013 

2014 


Ақмола 

108,2 


107,4 

107,2 


108,5 

107,2 


Алматы 

105,8 


105,8 

106,0 


106,1 

106,4 


Атырау  

103,2 


103,8 

103,0 


107,2 

111,6 


Батыс  Қазақстан 

106,1 


105,6 

104,0 


104,6 

104,4 


Жамбыл 

108,8 


106,6 

106,4 


106,9 

105,7 


Қарағанды 

106,4 


106,0 

105,2 


105,3 

106,5 


Қостанай 

105,8 


107,0 

106,7 


106,9 

108,2 


Қызылорда 

103,8 


105,5 

103,7 


104,0 

105,4 


Маңғыстау 

106,1 


105,7 

106,9 


107,0 

107,9 


Оңтүстік  Қазақстан 

108,1 


108,1 

108,0 


109,2 

109,7 


Павлодар 

106,0 


105,7 

105,1 


104,9 

105,8 


Солтүстік  Қазақстан 

107,0 


105,6 

105,6 


106,1 

104,6 


Шығыс Қазақстан 

108,0 


106,9 

106,7 


108,0 

107,4 


Астана қаласы 

108,5 


108,1 

106,8 


107,0 

106,1 


Алматы қаласы 

108,2 


108,8 

108,4 


107,9 

107,1 


Е с к е р т у: [7] дерек көзі негізінде құрастырылған 

 

435 


«Қолжетімді  тұрғын  үй   2020»  іске  асырылуда.  Кесте  2  көрсетілгендей,  2013-2015  жылдарға 

арналған  республикалық  бюджетте  өңірлерді  дамытуға  ықпал  ететін  іс  шараларға  2013  жылы  – 

935 млрд. тг., 2014 жылы - 921 млрд. тг., 2015 жылы – 691 млрд. тг. көзделген [8]. 

 

Кесте  2  –  2014-2015  жылдарға  арналған  республикалық  бюджетте  өңірлерді  дамытуға 



ықпал ететін іс шаралар, млрд. теңге 

 Республикалық  бюджетте  өңірлерді  дамытуға  ықпал  ететін  іс 

шараларға бөлінген қаражат көлемі 

2013 ж. 


2014 ж. 

2015 ж. 


БАРЛЫҒЫ 

934,50 


921,10 

690,5 


Жұмыспен камту 2020 бағдарламасы 

94,7 


100,6 

98,7 


«Қолжетімді тұрғын үй – 2020 бағдарламасы» 

157,2 


184,5 

172,4 


2012-2020  жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы 

104,4 


63,9 

52,2 


Инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту  

12,8 


20,7 

15,7 


«Бизнестің жол картасы  2020» бағдарламасы 

37,3 


35 

34,3 


«Өнірлерді дамыту бағдарламасы» 

29,5 


21 

21 


Моноқалаларды 

дамытудың 

2013-2020 

жылдарға 

арналған 

бағдарламасы 

34,1 

37,8 


48,3 

Өңірлерде  электр  және  жылу  энергетикалық  инфрақұрылымдарды 

дамыту 

82,3 


55,7 

52,3 


Көлік инфрақұрылымын дамыту 

366,2 


388,3 

182 


Елді мекендерді газбен жабдықтау 

16 


13,6 

13,6 


Ескерту: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтерімен құрастырылған 

 

Aймақты  дамытудың  негізгі  бағдарламаның  бірі  –  «Өңірлерді  дамыту»  бағдарламасы 



Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2012  жылғы  №118  Жарлығымен  бекітілген.  Eлдің  2020 

жылға  дейінгі  аумақтық-кеңістіктік  дамуының  болжамды  схемасының  маңызды  бөлігі  жаңа 

өңірлік  саясат  болып  табылады  [9].  Аймақтық  үкімет  қызметін  белсендіру  көбінесе  бірқатар 

сұрақтардың    шешілмегендігімен    тұрақтайды.  Олардың  ішінде  аймақтық  дамуды  мемлекеттік 

реттеу жүйесінде келесілер айрықша бөлінеді: 

1.

 



Аймақтық  саясатты  әзірлеу  және  жүзеге  асырудың    айқын  құқықтық  тәртібінің 

жоқтығы, қаржылық кемшілік жағдайында саясаттың әлеуметтік бағдарлануын қолдау қиындығы 

және депутаттық корпустың кәсіби дайындығының жетіспеушілігі; 

2.

 



Заң  шығарушы  және  атқарушы  органдар  арасында  құқықтары  мен  міндеттерінің  

көмескі бөлінуі; 

3.

 

Аймақтық  саясатты  жүзеге  асыру  тетігінің  соңына  дейін  жасалмауы,  шаруашылықты 



және инфрақұрылымды объектілерге әсер ету сипатының әртүрлі меншік түріндегі ресурстардың 

белгісіздігі; 

4.

 

Өкілеттілікті табыстау тетігінің, басқарудың жоғарыда тұрған органдары қызметтерінің 



және қаржылық аударымдарының реттелмегендігі; 

5.

 



Қалалық  және  ауылдық,  орталық  және  шалғай  аймақтар  қызығушылықтарының 

сәйкестендіру  ымырасы тетігінің белгісіздігі; 

6.

 

Аудандар  мен  муниципальды  құрылымдар  түріндегі    аймақтар  территориясының 



құрылымдық ұйымдасуының жетілмегендігі; 

7.

 



Іргелес  әкімшіл-территориялық  бірлік  (облыс,  аудан,  қала  және  ауыл)  трансаймақтық 

үдерістер қызығушылықтарын бағыттау  құралдарының  жоқтығы [10]. 

Осы  және  басқа  да  бірқатар  сұрақтарды  шешу  жергілікті  ресурстарды  тиімді  қолдану, 

тұтыну  нарығын  қалыптастырумен  байланысты  әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді  шешу 

бойынша аймақтық саясатты тиімді  пайдалануға мүмкіндік береді. 

Өңірлердегі  әлеуметтік,  экономикалық,  өндірістік  күштерді  орналастыру  мәселелердің 

шешілуі  үшін  моноқалаларды  дамыту  өзектілігі  туындап  отыр.  Моноқалаларды  дамыту  арқылы 

тұрақты  дамудың  үш  негізгі  мақсатына  қол  жеткізуге  болады:  экономиканың  тиімділігі, 

әлеуметтік  тепе-теңдік  және  қоршаған  ортаның  тұрақтылығы.  Себебі  Қазақстандағы  өндірістік 

күштер мен еңбек күшінің оннан бірі осы қалаларда орналасқан. Осыған байланысты 2013 жылы 

Үкіметте «Моноқалаларды дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды. 

Аталған  бағдарлама  бойынша,  моноқала  дегеніміз  –  бұл  бір  немесе  бірнеше  қала  құраушы,  бір 

бейінді  және  шикізаттық  бағыттағы  қаланың  экономикалық  және  әлеуметтік  жағдайын 

айқындайтын  кәсiпорындарда  еңбекке  жарамды  халықтың  және  өнеркәсіп  өндірісінің  негізгі 

бөлігі (20%-дан астам) шоғырландырылған қала. 


 

436 


Қазақстанда моноқалалар тізбесі, халық саны 1,53 млн. адамды немесе елдің қалаларындағы 

халық  санының  16,8  пайызын    құрайтын  27  қаланы  қамтиды,  олардың  ішінде  16  қала  тиісті 

аудандардың  әкімшілік  орталықтары  болып  табылады,  11  қала  аудан  орталықтары  болып 

табылмайды  –  Степногорск,  Текелі,  Серебрянск,  Курчатов,  Шахтинск,  Сораң,  Қаражал, 

Лисаковск, Арқалық, Ақсу, Жаңаөзен. Олардың бір бөлігі облыстық маңызы бар қалалар болып 

табылады,  бір  бөлігі  аудандардың  бірігуі  нәтижесінде  аудан  орталығы  мәртебесін  жоғалтты. 

Қазақстандағы  моноқалалардың  тізбесін  негізінен  халық  саны  100  мыңнан  асатын  4  қаланы 

(Теміртау,  Рудный,  Жаңаөзен,  Екібастұз)  қоспағанда  халық  саны  50  мың  адамға  дейін  шағын 

қалалар құрайды [11]. 

Аталған бағдарлама негізінде жүзеге асуы тиіс мерзім аралығында дамытылуы тиіс қалалар 

санының  оңтайлы  мөлшері  таңдалып  алынған  және  қысқа  уақыт  аралығында  республикадағы 

барлық 87 қаланың дамуын қамтамасыз ету.  

Қазіргі  уақытта  аймақтарды  дамыту  бойынша  іс-шаралар  қолданыстағы  мемлекеттік, 

салалық  бағдарламалардың  және  облыстардың  аумақтарын  дамыту  бағдарламаларының 

шеңберінде  іске  асырылуда.  Атап  айтқанда,  инфрақұрылымдық  дамыту  жөніндегі  шаралар 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011  – 2015 

жылдарға 

арналған 

«Саламатты 

Қазақстан» мемлекеттік 

бағдарламасы, 

Қазақстан 

Республикасында  көлік 

инфрақұрылымын 

дамыту  жөніндегі 

2010-2014  жылдарға 

арналған бағдарламасы, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы, 2011-2020  жылдарға арналған «Ақ 

бұлақ» бағдарламасы,  Қазақстан  Республикасының  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылығын 

жаңғыртудың  2011-2020  жылдарға  арналған бағдарламасы және  басқа  да  бағдарламалар 

шеңберінде  іске  асырылуда.  Бұдан  басқа,  2013  жылы  Қазақстан  Республикасының 

агроөнеркәсіптік  кешенін  дамыту  бойынша  2013-2020  жылдарға  арналған  «Агробизнес 

2020» бағдарламасы қабылданды және бекітілді, онда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін 

1,5  есеге  ұлғайту,  саланы  дамыту  үшін  10  трлн.  теңгеден астам  жеке  меншік  ақша  қаражатын 

тарту  көзделген.  Сонымен  қатар,  ауылдық  аумақтарды  дамыту  мәселелерін  әртүрлі 

бағдарламалық  құжаттардың  шеңберінде  шешу,  осы  бағытта  кешенді  тәсілдің  болмауы 

межеленген нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. 

Елді  аумақтық-кеңістікте  дамытудың  2020  жылға  дейінгі  болжамды  схемасына  сәйкес 

ауылдық  аумақтарды  одан  әрі  дамыту  тірек  ауылдық  елді  мекендерді  айқындау  және  дамыту 

арқылы  көзделген.  Осыған  байланысты,  ауылдық  аумақтарды  дамытудың  жалпы 

проблемаларын  шешумен  қатар,  ауыл  халқының  өмір  сүруінің  неғұрлым  жоғары  деңгейін 

қамтамасыз ете отырып, кешенді дамытудың жаңа кезеңіне кірісу қажет. 

Қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқару органдарының толыққанды жұмыс істеуі үшін 

барлық құқықтық, ұйымдық және экономикалық база жасалғанын атап көрсету қажет. Алайда, 

жергілікті  өзін-өзі  басқару  тиімділігі  көп  жағдайда  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының 

жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қажетті заңдардың барлық кешенінің бар болуына ғана емес, 

сондай-ақ халықтың өзінің жергілікті өзін-өзі басқаруға іс жүзінде және тікелей қатысуына да, 

яғни халықтың жергілікті өзін-өзі басқару құқығын нақты іске асыру қабілетіне де байланысты. 

Осы тұрғыдан алғанда, бағдарламада ауылдық елді мекендерді дамытуға және ауыл  халқының 

тыныс-тіршілігін  жақсартуға  бағытталған  жобаларды  айқындау  бойынша  ұсыныстар  әзірлеуге 

халықтың  өзін  тарту  көзделеді.  Бұл  ретте  қаржылай  қолдау  әлеуметтік-экономикалық  даму 

әлеуеті жоғары және орташа және демографиялық үрдісі оң (өңірлік даму саласындағы уәкілетті 

органның  бұйрығымен  бекітілген  әлеуметтік-экономикалық  даму  әлеуеті  төмен,  орташа  және 

жоғары  елді  мекендерді  айқындауға  арналған  критерийлерге  сәйкес)  ғана  көрсетілетінін  атап 

өту керек. 

Қорытындылай  келе,  Қазақстан  Республикасының  бюджеттік  практикасына  «Өңірлерді 

дамыту»  бағдарламасы  сияқты  арнайы  қаржылық  құралды  енгізу  ұсынылады,  ол  өсу  әлеуеті 

мен  жоғары  экономикалық  белсенділігі  бар  аумақтарды  қолдауға  бағытталатын  болады.  Бұл 

«тар  жерлерді»  айқындауға  және  даму  әлеуеті  бар  өңірлерді одан  әрі  дамытуға қарқын  беруге 

мүмкіндік береді. Осындай өңірлер өз ерекшелігіне байланысты осы құралды пайдаланудан ең 

үлкен  жиынтық  мультипликативті  әсер  бере  алады.  Түпкі  нәтижесінде  өңірлердің 

перспективада әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуді, өңірлік даму мен өсу әлеуетін 

жандандыру  бойынша  жергілікті  бастамаларды  қаржылық  қолдауды  көздейтін  бағдарламаны 

іске асырудың негізгі бағыттары өңірлер арасындағы дамуда теңсіздіктің азаюына әкеледі. 



 

437 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет