Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары


Пайдаланылған әдебиеттеp тізімі



Pdf көрінісі
бет60/81
Дата27.03.2017
өлшемі8,24 Mb.
#10571
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81

Пайдаланылған әдебиеттеp тізімі: 

1.  Қазақстан  Республикасы  туристік  индустриясының  перспективалы  бағыттарын  дамыту 

жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P100001048_.  

2. stat.gov.kz.  

3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы  № 955 Жарлығымен 

бекітілген  «Нұрлы  жол  -  болашаққа  бастар  жол»  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы,  Астана  қ.,  2014  жылғы  11  қарашада. 

http://www.inform.kz/kaz/article/2715695.  

 

Төлеуұлы А. 

Кайратова А.К

 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

 

Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы

 

 

ОТАНДЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ТЕТІКТЕРІ

 

 



Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіру міндетін алға қойған Елбасы 

Жолдауында атап көрсетілгендей, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін көрсететін басты көрсеткіш 

оның экономикасы және аймақтарының тұрақты дамуы болып табылады.

 

Нарықтық  экономика  қатаң  бәсекелестікпен  сипатталады.  Нарықтық  экономикада  өндіріс 



пен  мемлекеттің  жалпы  ахуалын  өркендетудің  негізгі  бастауларының  бірі  ─  өндірілетін 

өнімдердің,  көрсетілетін  қызметтердің  бәсекелік  қабілетін  арттыру  екендігі  белгілі.   Әлемдік 

тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  бәсекеге  қабілеттілік   кез-келген  елдің  экономикасының 

дамуының  ерекше  маңызды  факторы  және  шаруашылық  кешенінің  ең  жақсы  экономикалық 

көрсеткіші  болып  табылады.   Әлем  елдерінің  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік  индекстерін 

Бүкіләлемдік  экономикалық  форум  (БЭФ)  өзінің  жыл  сайынғы  қорытындыларында  шығарып 

отырады.  Бүкіләлемдік  экономикалық  форумның  өкілдері  ұлттық  экономикалардың  бәсекеге 

қабілеттілігінің  көптеген  және  мейлінше  алуан  түрлі  факторларымен  анықталатынын  айтады. 

Осылайша,  мемлекеттік  қаржыларды  тиімсіз  басқару  мен  инфляцияның  жоғары  деңгейі 

экономика жағдайына теріс әсер етсе, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау, дамыған сот 

жүйесі  және  басқа  да  шаралардың  оң  әсер  етуі  мүмкін.  Институттық  факторлармен  бірге,  білім 

беру  мен  жұмыс  күшінің  біліктілігін  арттыру,  жаңа  білімдер  мен  технологияларға  тұрақты 

қолжетімділіктің  болуы  да  шешуші  рөл  атқара  алады.   Экономиканың  бәсекеге  қабілеттілігін 

анықтайтын факторлар бастапқы жағдайлар мен дамудың ағымдағы деңгейіне байланысты әлем 

елдерінің  экономикалық  жүйелеріне  түрліше  ықпал  етеді.  Сонымен  бірге,  уақыт  өте  келе 

факторлардың өздерінің де өзгеріп тұратындығы белгілі жәйт.

 

Бүкіләлемдік  экономикалық  форум  (БЭФ)  Қазақстанның  бәсекеге  қабілеттілік  рейтингі 



бойынша  4,4  индексімен   50-нші  орында.[1] Рейтингтегі  бірінші  орынды  осымен  жеті  жыл 

қатарынан Швейцария алып келеді. Екінші орынды Сингапур елі сақтап қалды. Үшінші орын — 

АҚШ.  Германия  бесінші  сатыдан  төртіншіге  көтерілді. Ал  Нидерланды  -  сегізіншіден 

бесіншіге. Бұл  туралы  БЭФ-ның  2014-2015  жылдарға  арналған  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік 

бойынша жарияланған есебінде айтылған.[1]   Өз зерттеулерінде эксперттер 144 елді сараптаудан 

өткізген. 

 

 

 



 

 

407 


Кесте  1.  2014-2015  жылдарға  арналған  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік  индексіндегі 

Қазақстан позициясы

 

 

 



2014-2015 

(144мемлекет 

ішінде )

 

2013-2014  (  148  мемлекет 



ішінде)

 

Динамика



 

Жаһандық 

бәсекеге 

қабілеттілік индексі

 

50

 



50

 

-



 

Базалық талаптар

 

51

 



48

 

-3



 

Институттар

 

57

 



55

 

-2



 

Инфрақұрылым

 

62

 



62

 

-



 

Макроэкономикалық орта

 

27

 



23

 

-4



 

Денсаулық  сақтау  және 

бастауыш білім

 

96



 

97

 



+1

 

Тиімділік факторлары



 

48

 



53

 

+5



 

Жоғары  білім  және  кәсіби 

дайындық

 

62



 

54

 



-8

 

Тауар 



нарығының 

тиімділігі

 

54

 



56

 

+2



 

Еңбек 


нарығының 

тиімділігі

 

15

 



15

 

-



 

Қаржылық 

нарықтың 

дамуы


 

98

 



103

 

+5



 

Технологиялық әзірлік

 

61

 



57

 

-4



 

Нарық мөлшері

 

52

 



54

 

+2



 

Инновация факторлары

 

89

 



87

 

-2



 

Компанияның 

бәсекеге 

қабілеттілігі

 

91

 



94

 

+3



 

Инновациялар

 

85

 



84

 

-1



 

Ескерту: [2] әдебиет көзі негізінде автормен құрастырылған

 

 

1-кестеге  сәйкес,  зерттеу  барысында  көрсетілгендей,  Қазақстан  экономикасының  басым 



тұстары  –  тиімді  еңбек  нарығы  (15-орын)  және  тұрақты  макроэкономикалық  көрсеткіштер  (23-

орын).  [2]

 

Қазіргі кезде Қазақстан  - нарықтық экономикалық ел ретінде танылған мемлекет, ол жаңа 



экономикалық  даму  кезеңіне  жол  ашты.  Көптеген  жылдар  бойы  қалыптасқан  жоспарлы 

экономикадан  нарықтық  қатынастарға  көшуі   экономикада  біраз  қиыншылықтар  тудырды. 

Сыртқы  сауда  статистикасына  жүгінетін  болсақ,  экспорт,  импорт  және  жалпы  тауар 

айналымының тұрақсыздығын көруге болады. Негізгі экспортталатын тауарлар болып мұнай, газ 

конденсаты,  қара  және  түсті  металл,  ауылшаруашылығы  өнімдері  қалып  отыр.  Яғни  еліміздің 

экспорты шикізаттық бағытта болып отыр.

 

Жалпы  шикізат  пен  алғашқы  өңдеуден  өткен  өнімдердің  үлесіне  тұтас  экспорттың  80%-ы 



тиеді.[3]   Мұндай  жағдайды  тек  қана  отандық  өнімдердің  бәсеке  қабілеттілігінің  төмендігімен 

ғана емес, сонымен қатар экспортты ынталандырудың тиімді саясатының қолға алынбауы арқылы 

түсіндіруге болады. 

 

 



Кесте  2.  Қазақстан  Республикасының  экономикасының  ашықтығының  көрсеткіші 

(тауарайналымның ЖІӨ - ге  қатынасы бойынша есептелген)

 

 

 



2010 ж

 

2011 ж



 

2012 ж


 

2013 ж


 

2014 ж


 

Экспорт


 

40,7


 

44,8


 

42,5


 

36,5


 

36,9


 

Импорт


 

21,0


 

19,6


 

22,8


 

21,0


 

19,4


 

Тауар айналымы

 

61,7


 

64,5


 

65,3


 

57,6


 

56,3


 

Ескерту: [2] әдебиет көзі негізінде автормен құрастырылған

 

 

Кестеге  сәйкес,  көрсетілген  аралықта  еліміздегі   экспорт  көлемі  0,3%-ға  ,  импорт  көлемі 



1,6% -ға азайғандығын көруге болады.

 

Қазіргі жаһандану жағдайында экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп тұрған 



бірқатар проблемалар бар. Оларды жалпылама атап өтетін болсам:  өндірісте әлі де болса шикізат 

бағыттылығының  басымдығы,  өндірістік  және  әлеуметтік  инфрақұрылымның  дамымауы, 

кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылыми-

зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі, Қазақстан 



 

408 


тауарлары  мен  қызметтерінің  халықаралық  сапалық  стандартқа  сай  келмеуі,  тауар  өндіру  мен 

қызмет көрсетуге кеткен шығындардың көп мөлшерде болуы. [4]

 

Осындай  факторларды  ескере  отырып,   ел  экономикасының  бәсекеге  қабілеттілігін 



арттырудың мынадай  тетіктерін ұсынамын:

 



 

ғылым саласын білім беру саласының көлеңкесінде қалдырмай бөліп алу;

 



 



отандық ғылымды қолдау;

 



 

өндіріске жаңа техника мен технологияларды тиімді енгізу;

 



 



ғылымның  тиімді  жаңалықтарын  қаржыландыру,  ғылым  мен  өндіріс  арасында  өзара 

тығыз байланыс орнату;

 



 



инновацияны  мүмкіндіктерді  бағалау  арқылы  ел  экономикасының  приоритетті 

салаларына енгізу;

 



 



отандық  өнім  өндірушілерді  мемлекеттік  қолдау  арқылы  бәсекеге  қабілеттілігін 

арттыру;


 

 



елдегі сыбайлас жемқорлықты бәсеңдету.

 

 Кез-келген  елдің  экономикалық  байлығын  үш  негізгі  шикізатпен  өлшейді:  астық,  мұнай 



және  алтын. Осы  үшеуінің  де  табиғи  қоры  біздің  мемлекетте  мол.   Осыған  байланысты  біздің 

мүмкіншіліктеріміздің әлеуеті жоғары. Және де бізге ең тиімдісі кәсіпорындарды  алғашқы өңдеу 

сатысына  өткізіп,  біртіндеп  экономиканы  шикізат  бағыттылықтан  арылтуымыз  қажет.  Ол  үшін 

бізге жаңа технология, сол технологияны игерген кадрлар қажет.[5]

 

Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру - өте маңызды және дәл уақытында 



ел назарына ұсынылып отырған асқақ мақсат. Өйткені, әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған 

жаһандану  үрдісінен  тыс  ешбір  мемлекет  болмайды.  Соның  ішінде  ашық  әрі  демократиялық 

қоғам  құрып  жатқан  Қазақстан  одан  шеткері  қалмайды.  Демек,  дүние  жүзі  мемлекетттерінің 

ішінде алатын орнымыз осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Экономиканың даму қарқынын 

үдетіп,  оны  ұзақ  уақыт  ұстап  тұру  мүмкіндігі  де  осы  бәсекеге  қабілеттілікке  байланысты. 

Халықтың  тұрмысын  үзбей  жақсарта  отырып,  әлемдегі  ең  жақсы  әлеуметтік   стандарттарға 

жеткізу мүмкіндігі де осыған байланысты. Қорыта келгенде, ұлттық дамудың келешектегі басты 

мақсаты да, міндеті де осы бәсекеге қабілеттілік. Бұл біздер, қазақстандықтар үшін баршамыз іске 

асыруға жұмылатын шынайы ұлттық идея.

 

 



Пайдаланылған әдебиеттеp тізімі: 

1.

 



http://www.nomad.su/?a=4-201409040020

 

2.



 

http://www/stat.kz

 

3.

 



Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2012  жылғы  14 

желтоқсандағы  Қазақстан  халқына  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің 

жаңа саяси бағыты атты Жолдауы.

 

4.



 

Әлемнің  бәсекеге  барынша  қабілетті  елу  елі  қатарынан  үміткер  мемлекеттердің 

экономикалық  индикаторларын  бағалау  //  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  Университетінің 

хабаршысы (экономика сериясы). - Алматы: Қазақ университеті, 2008. - № 6 (70). – Б.16-22.

 

5.

 



Портер М. Конкуренция.- М.: Издат. Дом «Вильямс», 2001г.

 

 



Тулеметова А.С. 

Қуатбай Ү.А. 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ,  

Шымкент қ., Қазақстан  

 

МАҚТА САЛАСЫНЫҢ ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ПАЙДАСЫ 

 

Қазіргі  нарықтық  экономика  шығарылатын  және  тұтынылатын  өнімдерге  қағидалы  жаңа 



талаптар  қояды.  Бұл  саланың,  фирманың  тұрақты  жағдайының  өнімнің  бәсекеге  қабілеттілік 

деңгейінен  байланыстылығымен  анықталады.  Өз  кезегінде  бәсекеге  қабілеттілік  бірнеше 

факторлардың әрекетінен тәуелді, оның ішінде негізгілері: баға деңгейі мен өнім сапасы. 

Мемлекеттің  стратегиясындағы  жаңа  ыңғай,  сапа  тұтынушылардың  талаптарын 

қанағаттандырудың тиімді құралымен бірге өндіріс шығындарының төмендеуі деп түсіндіріледі. 

Өндіріс  шығындарында  (өнімнің  өзіндік  құнында)  ұйымның  өндірістік  және  қаржылық-

шаруашылық  іс-әрекеті  жан-жақты  көрсетіледі.  Өнімнің  өзіндік  құнынан  пайда  мөлшері  мен 


 

409 


пайдалылық деңгейі тәуелді болады. Ұйым еңбек, материал және қаржылық ресурстарды үнемді 

қолданған сайын, өндірістік үдеріс едәуір тиімді болады. 

Өнім бәсекеге қабілетті болуы үшін, ол басқа өндірушілер ұсынып отырған үлгіге қарағанда  

жақсы болуы тиіс. Ол мемлекет пен тұрғындармен талап етілетін өндірістік және тұтынушылық 

сипаттамаларды  қанағаттандыруы  тиіс.  Әр  тұтынушы  төмен  бағада  сапалы  тауар  алуға 

ұмтылатын болғандықтан, бағаларда едәуір маңызды рөлді ойнайды. 

Бұл факторлар ел үшін де жекелеген кәсіпорындар мен салалар және азаматтарға тән. Бұл 

толығымен мақта саласына қатысты. 

Қазақстанда  мақта  егетін  және  мақта  өңдейтін  аудандар  Оңтүстік  Қазақстан  облысында 

(ОҚО),  бірінші  орында Мақтаарал  ауданы  тұр  және  ол  жалпы  мақта  шикізатының    65%  береді, 

оны кесте 1 көруге болады. 

   


1 кесте - Мақта шикізатын қайта өңдеу және 2014 жылы кәсіпорындардың жүктелуі 

№ 

Мақта өңдейтін кәсіпорындардың атауы 



Жүктеу 

көлемі, мың 

тонна 

Қайта өңдеу үшін шикізат ұсынатын аудандар, тонна 



Ар

ы

с 



М

ақ

таа



ра

л 

О



рд

аба


сы

 

Са



ры

ағ

аш



 

Ша

рд



ар

а 

Т



үрк

ес

тан



 

"Айша-Биби" ЖШС 



18,7 

 

 



17,6 

1,1 


 

 



“Мырзакент” ЖШС 

48,4 


 

34,4 


 

3,0 


11,0 

 



“Корпорация Ақ алтын” ЖШС 

22,4 


 

22,4 


 

 

 



 

“Багара Мақта” ЖШС 



11,2 

 

8,6 



 

 

2,6 



 

“Контал” ЖШС 



29,8 

 

20,5 



 

 

9,3 



 

“Khansuar Invest Company” ЖШС 



26,1 

 

20,9 



 

 

5,2 



 

“Мақта келісім-шарт корпорациясы” 



33,6 

 

28,3 



 

 

5,3 



 

“Шардара мақта” ЖШС 



22,4 

 



 

 

22,4 



 

“Түркістан Мақта” ЖШС 



29,8 

3,0 


13,4 

 

 



 

13,4 


10 

“Road Text  LTD” ЖШС 

26,1 

 

10,3 



 

 

 



15,8 

 

 



11 

"ЮгАгроЭкс"  Жетысайский х/п завод 

(бұрынғы"Cotton Plant kz" ЖШС) ЖШС 

44,8 


 

44,8 


 

 

 



 

Облыс бойынша барлығы 

313,3 

3,0 


203,6 

17,6 


4,1 

55,7 


29,2 

 

1  кесте  мәліметтері  жүктемінің  үлкен  бөлігі  “Мырзакент”  ЖШС  (15,4%),  келетінін  және 



оның 71,7% Мақтаарал ауданында қайта өңделетінін көрсетіп отыр.  

Осыған орай, шығындар мен пайда бойынша талдаулар осы серіктестік бойынша жүргізілді. 

Өндірістік шаруашылық қызмет нәтижелері кесте 2 келтірілген.  

Қарастырылып  отырған  кестеде  шығындар,  бағалар,  пайдалылық  деңгейі  1  тонна  мақта 

өнімі  және  1  мың  м

2

  тоқыма  өнімі  есебінде  ұсынылған.  Кесте  мәліметтері  шығындардың 



көпшілігі  мақта  жібіне  (221,9  мың  теңге,)  аз  шығын  –  (38,1мың  тенге)  линтке  сәйкес  келеді. 

Материалды шығындардың меншікті үлес салмағы мақта жібін өндіретін өндіріске тән (94,6%), аз 

шығын май өндірісіне (50,4%) тән болып отыр. Неғұрлым пайдалы жұмысты мақта-мата өндірісі 

(79,9%), ал аз пайданы линт өндірісі (26,0%) көрсетеді. 

2  кесте  мәліметтерін  талдау  және  қадағалау  2016  жылға  жауапкершілігі  шектелген 

серіктестік  жұмысының  нәтижесін  болжауға  мүмкіндік  берді.  Болжау  келесідей  факторларды 

екере отырып жасалды: 

-

 



мақтаны қайта өңдейтін кәсіпорындар бүгінгі күні 40%-ға жүктелген, егер шикізат болса, 

олар  өндірістік  қуатты  50%  дейін  жеткізетін  еді.  Бұл  жағдайда,  өнім  бірлігіне  сәйкес  келетін 

шартты-тұрақты шығындар 25% төмендейді. 

-

 



жіп  өндіретін кәсіпорындар  20%-ға  жүктелген.  Өндірістік  қуатты  30% арттру  мүмкіндігі 

бар. Бұл жағдайда шартты-тұрақты шығындар50% төмендейді. 

-

 

мақта  өндіретін  кәсіпорындар  да  жіп  өндіретін  кәсіпорындардағыдай  үрдістер  сақталып 



отыр, яғни шартты-тұрақты шығындар50% төмендейді. 

 


 

410 


2 кесте - «Мырзакент» ЖШС өндірістік шаруашылық қызмет нәтижелері, 2014 жыл 

Көрсеткіштер 

Мақта талшығын 

қайта өңдеу 

Май өндірісі 

Тоқыма өнімдері 

Мақта жібі 

Мақта-мата, мың 

ш.м 

 

линт 



Барлық шығындар, 

мың теңге 

127,4 

154,0 


221,9 

133,4 


38,1 

Мат.шығындар, 

мың теңге 

118,5 


77,6 

210,0 


101,4 

35,1 


Оның ішінде 

шикізат құны, мың 

теңге 

100,4 


70,1 

175,5 


52,5 

27,5 


Еңбекақы, 

мың теңге 

5,7 

49,3 


6,9 

9,0 


0,7 

Салықтар мен 

жиылымдар, 

мың теңге 

8,6 


1,2 

3,6 


 

Басқада шығындар, 

мың теңге 

2,1 


18,5 

2,6 


19,4 

2,3 


Сату бағасы, 

мың теңге 

195,0 

207,9 


315,0 

240,0 


49,5 

Пайда, 


мың.теңге 

67,6 


53,9 

93,2 


106,7 

9,9 


Пайдалылық деңгейі, 

53,0 



34,0 

41,9 


79,9 

26,0 


 

Өндірістік қуаттың пайдаланылуын ескеретін болсақ, өнімнің өзіндік құн төмендеп, пайда 

мөлшері мен пайдалылық деңгейі артады және ол кесте 3 көрсетілген. 

 

3 кесте - 2016 жылы «Мырзакент» ЖШС өндірістік-шаруашылық іс-әрекетін болжау. 



 

Көрсеткіш 

 

Мақта-талшығын 



қайта өңдеу 

 

Май өндірісі 



Тоқыма өнімінің өндірісі 

Мақта жібі 

Мақта- мата мың 

ш.м 


 

линт 


Барлық шығын, 

мың.теңге 

125,11 

134,9 


215,35 

117,4 


36,6 

Мат.шығын, 

мың.теңге 

118,5 


77,6 

201,0 


101,4 

35,1 


о. і шикізат құны, мың 

теңге 


100,4 

70,1 


175,5 

52,5 


27,5 

Еңбек ақы,   

мың.теңге 

4,28 


36,98 

3,45 


4,5 

0,35 


Салық және 

жиылымдар  

мың  теңге, тенге 

0,75 


6,65 

0,6 


1,8 

 

Басқада шығын, мың 



теңе 

1,58 


13,87 

1,3 


9,7 

1,15 


Сату бағасы, мың 

теңге 


195,0 

207,9 


315,0 

240,0 


49,5 

Пайда, мың  теңге 

69,89 

73,0 


99,65 

122,6 


12,9 

Пайдалылық 

деңгейі,  % 

55,7 


54,1 

46,3 


104,4 

35,2 


 

Жоғарыда айтылғандардан келесілерді тұжырымдауға болады: 

1.Мақтаны  қайта  өңдейтін  кәсіпорындардың  өндірістік  қуаты  30-40%  пайдаланылады. 

Өндірістік қуатты жаңғыртуға аз шығын жұмсай отырып, 50%  шеңберінде қолдануға болады. 

2.  Автормен  орындалған  есептеулер,  мақта  талшығын  қайта  өңдеу  және  мата  өндірісінің 

қуатын  50%  орындау,  өнімнің  өзіндік  құнын  сәйкесінше,  9,8%  және  8,8  %,  ал  жіп  өндірісінің 

өзіндік құнын 9,7% төмендетеді. 


 

411 


Осылайша,  мақта  саласындағы  өндірістік  қуатты  пайдалануды  арттыру  өнім  өндірісі 

шығындарын  төмендетуге,  ол    пайданы  арттыруға  алып  келеді.  Мемлекет  ішінде  мақта 

шикізатының үлкен санын қайта өңдеуге болады, яғни үлкен қосымша құн Қазақстанда қалатын 

болады.  Сонымен  қатар  еліміз  кәсіпорын  мен  тұрғындар  қажет  ететін  өнімнің  үлкен  көлемін 

алатын болады. 

   


Пайдаланылған әдебиетер көздері 

1.

 



«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 

298 Заңы 

2.

 

Статистикалық жинақ 2014ж. ҚР Статистика жөніндегі агенттігі 



3.

 

http://www.ontustik.stat.kz 



 

 

Ускенов М.К. 



 Келимбетов А.А. 

 Есболова А. 

Южно-Казахстанский государственный университет им. М.Ауэзова,  

Шымкент, Казахстан 

 

РАЗВИТИЯ КОНКУРЕНТОСПОСОБНОЙ ОТРАСЛИ ЭКОНОМИКИ В КАЗАХСТАНЕ  

 

В  Казахстане  в  советское  время  фунционировали  свыше  тысача  текстильные  и  швейные 

предприятий и она формировала 25% бюджета республики. В стране  были введены в строй такие 

предприятия-гиганты  как  Алма-атинский  хлопчатобумажный  комбинат,  Кустанайский  и 

Семипалатинский камвольно-суконные комбинаты, Джамбульский кожевенно-обувной комбинат. 

Действовало  18  швейных  фабрик,  которые  накануне  распада  Союза  были  оснащены  новым 

импортным оборудованием. После приватизации в настоящее время в отрасли около 40 крупных 

и  средних  предприятий  производить  текстильных  изделий,    32  производить  одежды,  в 

производстве кожаной и относящейся к ней продукции действуют 5 предприятий [1].  

Основными  причинами,  поставившими  отрасль  на  грань  краха,  стали:  разрущенные 

экономические  связи,  непродуманная  приватизация,  инфляция,  высокие  ставки  кредитов, 

налоговое  бремя,  поток  бесконтрольного  импорта.  Также  среди  проблем  отрасли  –  низкая 

производительность труда, отсталые технологии, низкое качество продукции, слабый маркетинг. 

В  настоящее  время  отечественная  текстильная  и  швейная  промышленность  покрывают 

лишь  8%  потребности  внутреннего  рынка  РК.  Ежегодная  потребность  республики  в  товарах 

легкой  промышленности  оценивается  в  5-6  млрд.  долларов.  В  итоге  90%  всех  продаваемых  в 

стране товаров легкой промышленности приходится на долю импорта, причем далеко не всегда 

качественного. 

Основным  звеном  оптимального  функционирования  текстильной  отрасли  республики 

является сырье, его объемы и качества. 

 

 

Казахстанская  текстильная  промышленность,  согласно  данным  исследования  имеет 



благоприятные условия для успешного развития, учитывая более низкие затраты на производство, 

близость  к  сырью  и  потенциальным  рынкам  сбыта  производимой  продукции  (СНГ,  Россия, 

Китай, Восточная Европа). Кроме того, ее развитию также может способствовать и тот факт, что 

не во всех соседних государствах имеется собственное хлопковое сырье. 

Казахстан является одним из крупнейших производителей такого сырья в мире как шерсть 

и  хлопок.  Производство  тонкосуконных,  пальтовых  и  костюмных  шерстяных  тканей  с 

применением химических волокон развито в Костанайской области.  

Российские предприниматели  проявляют огромный интерес к приобретению продукции в 

Казахстане,  в  частности  основное  сырье  для  текстильной  отрасли    на  хлопка-волокна.  Это 

хороший симптом, говорящий о том, что мы можем увеличить посевные площади хлопчатника, 

сохранить  существующие  и  создать  новые  рабочие  места,  увеличить  объемы    производства 

хлопка-сырьца в стране. 

По данным статистики РК наибольший объем производства хлопка-сырца производились в 

стране в 2005 году и составил 465,0 тыс. тонн. Среднегодовой рост производства хлопка-сырца за 

период 2010-2014 годы составил  16,2 тыс. тонн.   Получаемый в Казахстане хлопок относится к 


 

412 


средневолокнистым  видам  хлопкового  волокна.  Казахстанская  текстильная  промышленность 

способно  перерабатывать  до  100  тысач  тонн  хлопка-волокна  в  год.  Такими  предприятями,  как 

ТОО «Альянс Казахский Русский Текстиль», АО «Меланж», АО «Ютекс», ТОО «Nimex Textile» и 

др.  Остальные  объем  производимого  хлопка-волокна  -  более  80%  -  в  настоящее  время 

ориентирован  на  экспорт  в  ближное  и  дальное  зарубежьие.  А,  былое  времена    этот  объем 

экспорта польностью было направлено в РФ. [2].  

Анализ трендовых моделей динамики и объема производства хлопка-волокна  в Республике 

Казахстан показывают, что от снижения спроса и цены на хлопка-волокна на мировом рынке в РК 

объем    площади  возделивания  хлопчатника  резко  снизились,  но  с  ростом  уровьня  урожайности 

хлопка-сырца в  2013 году на 28,7 цен./га  в этом году производили  396,7 тыс. тонн хлопка-сырца 

или  105,7 тыс. тонн хлопка-волокна. То есть по сравнению 2009 года объем производства хлопка-

волокна увеличились на 13,6% [3,5]. Но учитывая  обьем спроса на хлопко-волокна  текстильной 

промышленности  стран  Таможного  союза,  на  взаймовыгодных  условиях  могли  производить 

хлопко-волокна    по  ихним  требованиям  соответствующих  сортов,  высокого  качества    и  еще 

большом объеме. 

  Основные факторы, способствующие достижению успеха текстильных предприятий: 

- функционирование свободной экономической зоны «Оңтүстік» способствующий притоку 

инвестиций  в  полный  технологический  цикл  –  от  разработки  до  производства  и  реализации 

продукции;  

- привлечение предприятий, имевших опыт производства тканей высокого качества;  

- специализация на нишах с высоким спросом на отечественное сырье: постельное белье и 

домашний текстиль, производство тканей для пальто и мужских костюмов, рабочая одежда;  

-  переориентация  с  дешевых  простых  тканей  на  ткани  с  высокими  потребительскими 

свойствами с более высокими ценами;  

- обновление производственных мощностей, особенно для отделки тканей;  

- креативность художников предприятий, умение создать модный продукт;  

- быстрая смена ассортимента, позволяющая защититься от копирования;  

- программы продвижения: работа с дизайнерами[4].  

После  создания  Таможенного  союза,  перемены  начались  и  в  Казахстане:  в  частности, 

интерес  к  организации  совместных  предприятий  проявляют  российские  и  турецкие  компании, 

оценившие  возможность  свободного  перемещения  товаров,  произведенных  в  Казахстане,  на 

российский рынок.  

После вхождения страны в ВТО (Всемирная торговая организация), куда вступил в текущем 

году,  отечественных  предпринимателей  ждут  не  лучшие  времена.  Проблемы  отрасли  требуют 

кардинальных  и  безотлагательных  решений  со  стороны  государства  и  необходимо  решить 

следующие задачи: защитить внутренний рынок от экспансии импорта и контрафакта, финансово 

оздоровив предприятия текстильной промышленности, ускорить их техническое перевооружение. 

С этой целью целесообразно: 

-    ввести  специальные  пошлины  на  дешевый  импорт  и  квоты  на  ввоз  товаров  легкой 

промышленности; 

- повысить пошлины на вывоз сырья; 

-предоставить  производителям  комплектующих  и  конечной  продукции  долгосрочные 

кредиты с низким процентом, и освободить их на три-пять лет от уплаты части налогов; 

- освободить от пошлин и НДС (Налог на добавленной стоимости) закупаемое за рубежом 

технологическое  оборудование  и  создать  лизинговую  помощь  с  государственным  участием  для 

покупки этого оборудования на льготных условиях; 

-  решить проблему подготовки квалифицированных кадров.  

В  Казахстане  с  2010  года  текстильная  промышленность  страны    находится  в  числе 

приоритетных  отраслей.  Предприниматели  могут  пользоваться  всеми  льготами  по 

субсидированию  процентных  ставок  по  кредитам  на  инвестиционные  цели,  на  получение 

гарантий  при  получении  кредитов,  по  расширению  производственной  инфраструктуры  за  счёт 

средств государства, по обучению топ-менеджеров. Многие предприятия этой отрасли получили 

кредиты  по  Дорожной  карте  бизнеса  с  учетом  субсидирования,  предусматривающей  для 

заемщиков  кредитование  под  7%  с  учетом  субсидирования,  а  в  некоторым  текстильным  

предприятиям  давали  кредит  даже  под  4%.  Если  самое  большое  препятствие  для  получения 

кредита  -  это  залог,  то  для  этого  есть  такой  инструмент,  как  гарантия  фонда  «Даму».  Если  у 



 

413 


предпринимателя  не  хватает  залога  для  получения  кредита,  но  его  платёжеспособность 

устраивает банк, то фонд готов предоставить гарантию на недостающую сумму, но не более 50% 

от суммы займа. 

Предприниматели  воспользовались  ослаблением  кредитной  нагрузки  и  модернизировали 

производство.  Инструменты  по  поднятию  лёгкой  промышленности  есть,  но  сами 

предприниматели  должны  инициировать  новые  проекты,  выпускать  продукцию,  которая  бы 

могла конкурировать на внутреннем рынке с импортными товарами.  

Выводы и предложения 

1.  Возрождение  отечественной  текстильной  промышленности  для  Казахстана  имеет 

потенциально не только большой экономический, но и заметный социальный эффект. Эта сфера 

производства  традиционно  создает  большое  количество  рабочих  мест,  кроме  того,  стимулирует 

развитие  ряда  направлений  в  сельском  хозяйстве (производство  хлопка, шерсти),  может  помочь 

возродить социально депрессивные регионы. 

2. Создание конкурентоспособного текстильной отрасли позволит перерабатывать производимый 

в  Казахстане  хлопок,  тем  самым  увеличить  добавленную  стоимость  и  производить  продукцию, 

необходимую для дальнейшей переработки на швейных предприятиях. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет