Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары


ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ МЕН ОРНЫ



Pdf көрінісі
бет41/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ МЕН ОРНЫ 
Садыров Т.С. 
Ғылыми жетекші: гуманитарлық ғылымдар магистрі, полиция лейтенанты Монай Қ. 
Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы  
 
Бүкілқазақстандық  бірліктің  бірегей  моделін  қалыптастыруда  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқаратыны анық. Осыған орай еліміздегі маңызды тарихи 
оқиғалардың бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы болып табылды. 
Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет. Оларды 
ортақ  құрылымның  аясына  біріктірудің  сара  жолы – Қазақстан  халқы  Ассамблеясын  құру 
болды[1, 272 б.]. 
Еліміздің  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстан  халқы  Ассамблеясын  құру 
идеясын  алғаш  рет 1992 жылы  Тəуелсіздіктің  бірінші  жылдығына  арналған  Қазақстан 
халықтарының  форумында  айтты. 1995 жылы 16 ақпанда  Президент  Н.А.  Назарбаев 
еліміздегі  ұлттық  мəдени  орталықтардың  жетекшілерімен  кездесу  өткізді.  Сонда,  Елбасы 
республикадағы  ұлтаралық  келісімді  сақтау  жəне  оны  одан  əрі  нығайту  үшін  республикада 
жаңа  қоғамдық  институт – Президент  жанындағы  консультативті-кеңесші  орган  ретінде 
Қазақстан  халқын  ортақ  мүддеге  біріктіретін  Ассамблея  құру  қажеттілігі  туындап 
отырғандығына назар аударды. 
1995  жылғы 1 наурызда  оның  мəртебесін  Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанындағы 
консультативті-кеңесші  орган  деп  бекіткен.  Кейін  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясын  құру  туралы  Жарлығы  шықты. «Қазақстан-2050» 
Стратегиясы:  бейбітшілік,  руханият  жəне  келісім  əдениеті»  деп  аталған  сессияда  рухани 
келісімнің айрықша жеті жоғары мəдени қағидатын айтып өтті. Онда діни тұрақтылық, ортақ 
жауапкершілік, мемлекеттік тілді өзге ұлттардың меңгеруі, конфессияаралық толеранттылық 
пен ішкі тұтастық, барлық ұлттың өмір сүру сапасын арттыру, əр ұлт пен ұлыстың мəдениеті 
мен  өнерін  дамыту  жəне  этномəдени  бірлестіктердің  жұмысына  серпін  беру  қағидаттарына 
кеңінен тоқталды. 
Ассамблея  халық  егемендігін  шоғырландырушы  саяси  органға  айналды. 
Ассамблеяның депутаттық тобының құрамына бүкіл парламенттік партияның өкілдері болып 
табылатын 25 мəжілісменнің  кіруі  үлгі  тұтарлық  жағдай.  Ассамблея  мемлекеттік 
органдардың  халықпен  жемісті  үнқатысуын,  барлық  этностар  өмірлерінің  өзекті 

310 
мəселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді. Тек өткен жылы ғана Ассамблея 10 мың іс-шара 
ұйымдастырып,  оларға 3,5 миллионнан  астам  адам  қатысты.  Көптеген  өңірлерде  Достық 
үйлері  құрылып,  жұмыс  істеуде.  Ассамблеяны 2020 жылға  дейін  дамыту  Тұжырымдамасы 
жүзеге  асырылуда.  Жүргізілген  сауалнама  нəтижесінде  қазақстандықтардың 97,5 пайызы 
Ассамблея  біздің  бүкіл  халықтық  мүдделерімізді  бейнелейді  деп  айтқан.  Бұл  жақсы 
мойындау.  Қазақстандық  бейбітшілік  руханият  пен  келісім  мəдениетінің 7 арқаулық 
қағидаттары осындай. Бұл енді біздер өз ұрпақтарымызға ұлт байлығы ретінде беретін ортақ 
мəдени мұрамыз,- деді Мемлекет басшысы[2]. 
Ассамблеяның негізгі бағыты барлық этностық топтарды ортақ мақсатқа жұмылдыру 
болып  табылады.  Сондықтан  Елбасы  Ассамблея  өміршеңдігінің  ең  басты  ерекшелігі - ол 
этностық  топтардың  қызметін  бақылаумен  айналысатын  қарапайым  ұйымға  ғана  емес, 
сонымен  қатар  еліміздегі  барлық  ұлт  пен  ұлыстың  мүдделерін  бір  арнаға  тоғыстырушы, 
барлық азаматтардың этностық, діни ерекшеліктеріне қарамастан құқығы мен бостандығын 
сақтаушы толыққанды саяси институтқа айналғандығын айтты. 
Ассамблеяның  басты  мақсаты:  Қазақстандағы  барлық  этностардың  рухани  тұрғыда 
қайта  жанғыруы  мен  дамуын  қамтамасыз  ету;  өркениеттік  жəне  демократиялық 
ұстанымдарға,  мемлекеттік  ұлттық  саясатта  барлық  этностардың  мүддесіне  деген  құрметке 
негізделген ұлтаралық қатынас мəдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Барлық 
облыстарда кіші Ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. Алғашқы 
сессия  «Біздің  ортақ  үйіміздегі  бейбітшілік  пен  келісім  үшін» 1995 жылы 24 наурызда 
Алматы  қаласында  өтті  жəне  оның  құрамына 40 ұлттық-мəдени  орталықтың  өкілдері 
енді.Сессияда  Қазақстан  Президенті  Н.Ə.Назарбаев  баяндама  жасап,  Ассамблеяның 
ұйымдастырушылық құрылымдары белгіленді. 
Жалпы  алғанда,  өз  қызметінің  алғашқы  күндерінен  бастап  Ассамблея  еліміздегі 
этностардың мəдениетінің қайта жаңғыруы мен дамуына елеулі үлес қосып келеді. Сонымен 
қатар  Қазақстан  халқы  Ассамблеясында 1996 жылдан  бері 1 мамырды  Қазақстан  халқы 
бірлігі  мерекесі  ретінде  атап  өту  идеясын  ұсынған  еді.  Ассамблея  мен  этномəдени 
орталықтар  тарапынан  көтерілетін  бастамалар  мемлекеттік  деңгейдегі  қолдауға  ие  болады. 
1995  жылы  сəуірде  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  республика  тарихында  алғаш  рет 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  өкілеттілігін 2000 жылы 1 желтоқсанына  дейін 
ұзарту  жөніндегі  жалпыхалықтық  референдум  өткізу  туралы  бастама  көтерді.  Мұндай 
маңызды  қоғамдық  бастамадан  кейін  іс  жүзінде  Ассамблея  көпұлтты  Қазақстан  халқын 
топтастыратын белсенді қоғамдық институтқа айналды [3, 304 б.]. Кейінірек, 2002 жылы 26 
сəуірде Президент Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 2011 жылға дейінгі даму 
стратегиясы  жəне  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  туралы  ереже»  қабылданды.  Қазақстан 
халқы  Ассамблеясының  жұмысын  одан  əрі  жетілдіру  үшін,  Президент  Жарлығына  сəйкес 
Президент əкімшілігі мен облыс əкімдері аппаратының құрылымында Ассамблеяның жұмыс 
органы – хатшылықтар  құру  туралы  нұсқау  берілген.  Ал  бұл  органдар  өз  кезегінде 
ассамблеяның барлық жұмыстарының тиімділігін арттыруға үлкен септігін тигізді [4, 352 б.]. 
Ал 2008 жылы  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  туралы»  дүние  жүзінде  баламасы  жоқ  заң 
қабылданды. Қазақстан халқы Ассамблеясы үлгісінде Ресей Федерациясында 1996 жылы 15 
маусымда «Ресей халқы Ассамблеясы» құрылды. Ал Қырғыстанда халық Ассамблеясы 2011 
жылы 20 маусымда құрылды. Бұл жерде тағы бір ерекше атап көрсететін жайт, ол Қазақстан 
халқы  Ассамблеясы  өзінің  деңгейі  жағынан  да,  қызметінің  ауқымы  жағынан  да  дараланып 
тұрады.  Қазіргі  таңда  Ассамблея  этносаралық  жəне  конфессияаралық  қатынастар 
саласындағы  мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асырушы  маңызды  құралға  айналып,  елімізде 
тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші 
рөлге  ие  бірден-бір  ұйым.  Жиырма  жылдық  тарихында  аталған  құрылым  қоғамдағы 
тұрақтылықты сақтаушы құралға айналғанын уақыттың өзі дəлелдеп отыр [5]. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Ассамблеяны  құрады  жəне  қайта 
ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының 
лауазымды  адамдарын  қызметке  тағайындайды.  Ал  Ассамблея  Кеңесі  заң  жобаларын 

311 
сараптамадан  өткізу,  мемлекеттік  тіл  мен  еліміздегі  барлық  халықтардың  тілін  жəне 
мəдениетін дамыту, жастардың бойында қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, БАҚ-
пен  тығыз  байланыс  орнату,  халықаралық  байланыстар  жүргізу,  əрбір  этностың  мəдени 
дамуына ықпал ету сияқты, өзге де жұмыстарды жүзеге асырады.  Ассамблея тарихында 18 
сессия  өткізіліп,  онда  қоғам  өмірінің  маңызды  мəселелері  мен  мемлекет  дамуының  негізгі 
бағыттар талқыланды. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  шешімімен  құрылатын  Ассамблея  Кеңесі  жүзеге  асырады. 
Кеңестің  құрамын  Қазақстан  Республикасының  Президенті  бекітеді.  Қазіргі  уақытта 
Ассамблея  құрамында 394 мүше  бар.  Ассамблеяның  өткізген  барлық  сессияларында 
Президент  Н.Ə.  Назарбаев  Қазақстанда  ұлтаралық  татулық  пен  келісімді  нығайта  беру 
бағытында ізденістерді жалғастырудың қажеттілігіне баса назар аударып отырды. 
Қазіргі  заман  тарихының  жылнамасы  Президент  Н.Ə.  Назарбаев  өзінің  күнделікті 
қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше көңіл бөліп отыратындығын дəлелдейді. 
20  жылдық  тарихы  бар  ұйым  елдің  саяси  жүйесінің  маңызды  бір  бөлігіне  айналып,  ол 
Қазақстанды  мекендейтін  барлық  ұлттар  мен  этностардың  мүдделерін,  құқықтарын  бір 
арнаға түйістірді. Əрбір ұлттың тегіне, дініне, көзқарасына қарамастан, барлық азаматтардың 
құқықтары  мен  еркіндіктерінің  бұлжытпай  сақталуын  қамтамасыз  етті.  Түптеп  келгенде, 
Ассамблея  еліміздегі  халықтардың  тұрмыстық  деңгейдегі  ұлтшылдықтың  пайда  болуына 
жол бермейтін, бір-біріне төзімділікке, шыдамдылыққа тəрбиелеуді дəріптейтін ең маңызды 
ұйымның  бірі  болып  саналады.  Осының  нəтижесінде  əрбір  қазақстандық  кең  ауқымды 
ойланып,  достық  пен  өзара  түсіністікті  бағалауға  жетелеу  жолында  жемісті  еңбек  етуде. 
Осыған  байланысты  бұл  ұйым  мемлекетімізді  мекендейтін  эстнос  өкілдерін  бірлікке 
шақырып,  елдегі  демократияның  қалыптасуына  да  тікелей  атсалысуда.  Ел  Президентінің 
бастамасы  бойынша  құрылған  мемлекеттік,  ұлттық  саясатты  дамыту  мен  жетілдірудің 
ерекше  маңызды  құралы  болып  саналатын  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  бүгінде  елді 
біріктіруде, этностар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді, татулықты нығайтуда 
аса маңызды қызмет атқарады. 
Біздің  елдегі  бірлік  пен  қоғамдық  келісімнің  бастауы - Қазақстан  халқының  ортақ 
тарихы.  Ғасырлар  бойы  тағдыр  талайына  ұшыраған  халықтарды  құшағына  сыйдыра  білген 
қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айнала білді. «Бақ та, тақ та 
таласқанға  бұйырмайды,  халықтық  істе  жарасқанға  бұйырады»,  деген  дана  бабаларымыз. 
Сондықтан  да  атқаратын  игілікті  істеріміз  халқымыздың  болашағын  бірлігіміз  бен  берік 
етсін.Күллі  Қазақстан  халқы  мен  еліміздегі  əрбір  этностың  болашағы – Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы үшін зор жауапкершілік. 
Жалпы  алғанда  негізінен  Ассамблея  жұмысының  арқасында  біздің  елімізде 
этносаралық жəне конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, əрбір азамат этникалық жəне 
діни  ерекшелігіне  қарамастан  Конституцияда  кепілдік  берілген  азаматтық  құқықтары  мен 
бостандықтарын  толық  пайдалана  алатындай  ерекше  сенім,  ынтымақ,  өзара  түсініктік 
ахуалы қалыптасты. 
Республикада Қазақстанның барлық этностарының мəдениетін, тілін, дəстүрін дамыту 
үшін  қажетті  жағдайдың  бəрі  жасалған.  Ассамблея  қызметі  Қазақстанның  этносаралық 
қатынастар мəселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал 
етеді. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1. «Қазақ энциклопедиясы» , 1998.-272б. 
2. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы.  
3. Е.Л. Тугжанов, Г.В. Кан, В.С. Коробков, Н.У. Шаяхметов, Ассамблея  народа Казахстана: 
исторический очерк. – Алматы: Раритет.- 2010.-304 б. 
4. «Бiз тұратын үй» - «Дом, в котором мы живём». -Павлодар: Типография Сытина, 2011. – 
352 б.  
5. «Қазақ энциклопедиясы» , 1998.   

312 
БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖАРҚЫН ЖОЛ “МƏҢГІЛІК ЕЛ” ИДЕЯСЫ 
Сериков А.Н. 
Ғылыми жетекші: тарих магистры Ахметжанова Н.Ж. 
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
 
Ата  Заңымызда  анықталғандай,  Елбасы  мəртебесі  мен  міндеттерінің  бір  парасы  жыл 
сайын  халыққа  арналған  Жолдауын  жариялау  болып  табылады.  Алғаш  рет  осынау 
конституциялық  міндетін  Тұңғыш  Президент  Н.Назарбаев 1997 жылы  атқарған  еді.  Содан 
бері  жылдың  басты  оқиғалары  қатарына  кіргеніне  қоса,  Жолдау  əрбір  қазақстандық  асыға 
күтетін құбылысқа айналды. Оның басты себептері мынаған саяды:  
Біріншіден,  құжат  еңбектеген  баладан  еңкейген  қартқа  дейін  назардан  тыс 
қалдырмайды. Балабақша, білім беру, денсаулық сақтау, зейнетақы, жəрдемақы мəселелерін 
ешбір Жолдау айналып өткен емес. 
Екіншіден, азаматтардың ірілі-ұсақты тіршілік түйткілдерін шешкен жолдауларда ұлы 
міндет – тəуелсіздікті  бекемдеу,  мемлекеттілікті  қалыптастыру,  елішілік  ынтымақ  пен 
келісімді сақтау көзделді, нақты тетіктері дəйектелді, діттеген межелер нақтыланды. Құрғақ 
уəдеге,  даңғазалыққа,  дарақылыққа  орын  берілмей,  халықтың  сенімі  мен  қолдауына  ие 
болды.  
Үшіншіден,  жолдаулар  Қазақстанның  əлемдік  қауымдастыққа  кірігуіне,  бəсеке  мен 
сын-қатерлерден  бойды  аулақ  салмай,  төтеп  беруге,  аман-есен  өтуіне,  халықаралық 
қатынастардың  танымал  да  белсенді  субъектісіне  айналуына  қызмет  еткенін  ерекше  атап 
өтуіміз керек [1, 38 б.].  
Кезекті 2014 жылғы жолдауында Елбасы Н.Назарбаев болашақта Қазақстанның ұлттық 
идеясы  «Мəңгілік  Ел»  болады  деп  жариялады [2].  Шынында  қай  ел,  қай  халық  болмасын 
жер  бетінде  мəңгі  жасауға  ұмтылады.  Соңғы  мың  жылдықтың  ішінде  тарих  сахнасына 
шыққан, басынан талай аумалы-төкпелі замандар өткізген, ақын тілімен айтқанда «мың өліп, 
мың  тірілген»  қазақ  жұртының  мəңгілік  жасауға  құқығы  бар  деп  ойлаймын.  Еуразияның 
ортасында  ұлан-байтақ  жері  бар,  миллиондаған  адам  сөйлейтін  тілі  бар,  қасиетті  діні  бар 
халқымызға соңғы 2,5 ғасырда аңсағанытəуелсіздік еді. 
Алайда ғаламдық жаһандану дəуірінде алыстағы алпауыт мемлекеттердің əсері күшейе 
түсуде,  ал  іргеде  отырған  державалардың  империялық  пиғылы  əсте  төмендеген  жоқ.  Оны 
əлемде соңғы кездерде болып жатқан оқиғалар мен үрдістер айғақтауда. Сондықтан Мəңгілік 
Ел  сөзі - Мəңгілік  тəуелсіздік  ұғымымен  астасады.  Тəуелсіздігімізді  көздің  қарашығындай 
сақтап келесі ұрпаққа аманат ету - міне жас  ұрпақтың, яғни біздердің міндетіміз. Бұл үшін 
тек  елді  қорғау,  жерді  қорғау,  тілімізді  сақтау  аздық  етеді.  Кез-келген  тəуелсіздіктің  тірегі 
ұлттық  экономиканың  даму  деңгейіне,  əлеуметтік-саяси  мəселелердің  шешілу  дəрежесіне 
байланысты екенін ескерсек,  əр қазақ баласы, əрбір қазақстандық Отан игілігі үшін аянбай 
еңбек етіп, тер төгуі керек [2, 2б.].  
2014  жылдың 17 қаңтарында  Қазақстан  Республикасының  президенті  Нұрсұлтан 
Əбішұлы  Назарбаевтың  кезекті  халыққа  жолдауын: «Бір  жыл  бұрын  мен  еліміздің 2050 
жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның 
ең  дамыған 30 мемлекеттің  қатарына  қосылуы.  Ол — «Мəңгілік  Қазақстан»  жобасы,  ел 
тарихындағы  біз  аяқ  басатын  жаңа  дəуірдің  кемел  келбеті«,-  деп  бастады.  Бұл  орайда  елең 
еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни  «Мəңгілік Ел» идеясының 
жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. 
Мəңгілік  Ел  отандастардың  бірегей  тарихи  мақсаты  мен  қаһармандық  ұраны  десек 
қателеспейміз.  Аталған  идея  қазақ  елінің  ғасырлар  бойы  армандаған  мақсаты  ғана  емес, 
Тəуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нəтижелері 
арқылы қол жеткен асу. «Мəңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету 
мəселелері  маңызды  болып  табылады.  Түркі  тарихын,  көне  түркі  мұраларын  зерттеуші 
филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» 
халықаралық  ғылыми-көпшілік  тарихи  журналында: «Мəңгілік  ел — түрік  жұртының 

313 
данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған 
идея...» — екендігін жазған [3]. 
Тəуелсіздікке  қол  жеткізген  сəттен  бастап    өз  елін  жарқын  болашаққа    бастап  келе 
жатқан  Нұрсұлан  Назарбаев  сынды    Ұлы  көшбасшысы  бар  Қазақ  елі – аз  уақыт  ішінде   
тарихта  бұрын-соңды  болмаған  табыстарға  қол  жеткізді.  Бүгінгі  Қазақстанның  басты 
мақсаты —   экономикасы дамыған, бəсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан 
көріну. «Мəңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. 2014  жылдың 
17  қаңтарындағы  Елбасы  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаевтың  Қазақстан  Халқына  Арналған 
Жолдауы    осыдан  бір  жыл  бұрын  Елбасы  өзі  жария  еткен  еліміздің 2050 жылға  дейінгі 
дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни,  Қазақстандық дамудың  бағыт –бағдарын айқындап 
берді. «Мəңгілік  Қазақстан»  жобасы,  ел  тарихындағы  біз  аяқ  басатын  жаңа  дəуірдің  кемел 
келбеті. Страрегияны мүлтіксіз орындау, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы 
міндет!,- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында [4]. 
Елбасы  жолдауында  еліміздің  экономикасын,  шағын  бизнесті,  əлеуметтік  саланы 
дамыту,  Қазақстан  ғылымының  əлеуетін  арттыру,  ұлттық  білім  берудің  сапасын  жақсарту, 
инфроқұрылымдық  үш  тағанның  қарқынды  дамуы  бұдан  өзге  де    маңызды  мəселелер  сөз 
етілді.  
 «Мəңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – 
əлем  елдерімен  терезесі  тең  қатынас  құратын,  əлем  картасынан  ойып  тұрып  орын  алатын 
Тəуелсіз  Мемлекет  атану  еді.  Ол  арман – тұрмысы  байқуатты,  түтіні  түзу  ұшқан,  ұрпағы 
ертеңіне  сеніммен  қарайтын  бақытты  Ел  болу  еді.  Біз  армандарды  ақиқатқа  айналдырдық. 
Мəңгілік Елдің іргетасын қаладық», — деді Н. Назарбаев [4]. Мемлекет басшысы  Мəңгілік 
Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп 
алғандығын  айтты. « Тəуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  гөрі,  оны  ұстап  тұру  əлдеқайда  қиын. 
Бұл – əлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара 
алауыздық  пен  жан-жаққа  тартқан  берекесіздік  талай  елдің  тағдырын  құрдымға  жіберген. 
Тіршілік тезіне  төтеп  бере  алмай  жер  бетінен ұлт  ретінде  жойылып кеткен  елдер  қаншама. 
Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз.  Ол сабақтың түйіні 
біреу ғана – Мəңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға 
ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мəңгілік Тəуелсіздігімізді көздің 
қарашығындай сақтай білуіміз керек». 
«Қазақстан 2050» – Мəңгілік  Елге  бастайтын  ең  абыройлы,   ең  мəртебелі  жол.  Осы 
жолдан  айнымайық,  сүйікті халқым!  Əрбір күніміз  мерекелі,  əрбір  ісіміз  берекелі  болсын! 
Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі əлемді таң қылып, Жасай 
берсін, Елдігіміз Мəңгілік!», — деді Мемлекет басшысы [4]. 
Бұл  стратегиялық  құжат  күні  бүгін  Ұлт  жоспары  саналатын  бес  институттық 
реформамен жəне 100 нақты қадаммен толықтырылды.Əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына 
қосылу  мүмкіндігі  осы 100 қадам  арқылы  жүзеге  асады.  Сондықтан 100 қадам  жүктеген 
міндеттерді  жүзеге  асыру – өте  жауапты  іс.Ұлт  Жоспарының  кіріспесінде: «100 нақты 
қадам» – бұл  Жаһандық  жəне  ішкі  сын-қатерлерге  жауап  жəне  сонымен  бір  мезгілде,  жаңа 
тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» 
екені  көрсетілген [5]. «Кəсіби  мемлекеттік  аппарат  құру», «Заңның  үстемдігін  қамтамасыз 
ету», «Индустрияландыру  жəне  экономикалық  өсім», «Есеп  беретін  мемлекетті 
қалыптастыру»  деп  аталатын  бөлімдерден  тұратын  ресми  құжатта  мемлекет  дамуының 
алдағы  уақыттағы 100 нақты  қадамы  айқындалған.«100  нақты  қадам»  елімізде «2050 – 
Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мем-лекеттілігін нығайтуға, жолдан адас-пауға, 
күрделі  кезеңнен  сенімді  өтуге  жағдай  туғызатын  беріктік  қорын  жасап  берді.  Жоспардың 
негізгі  мақсаты  «аурулардың  сыртқы  белгілерін»  сылап-сипап  қою  емес,  оларды  «жүйелі 
емдеу»  болып  табылатын  қоғам  мен  мемлекетті  түбегейлі  қайта  өзгертуге  негіз  қалайды» 
делінген бағдарламалық құжатта [5]. 
Құжатта мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғыртуға,мемлекеттік қызметке 
қабылдау  төменгі  лауазымдардан  басталуы  тиістігі,  мемлекеттік  қызметке  бірінші  рет 

314 
қабылданушылар  үшін  Міндетті  түрде  сынақ  мерзімін  ендіру,мемлекеттік  қызметкерлердің 
жалақысын  қызметінің  нəтижесіне  байланысты  өсіру,еңбекақыны  нəтиже  бойынша  төлеуге 
көшу  туралы  нақты  тапсырмалар  жазылған,  ауыстырылатын  мемлекеттік  қызмет-керлерге 
лауазымдық  міндеттерін  атқару  кезеңінде  оларға  жекешелендіру  құқығынсыз  қызметтік 
пəтерлерді  міндетті  түрде  беру  қарастырылған,  мемлекеттік  қызметкерлерді  тұрақты  түрде 
оқыту жүйесін заңды түрде бекіту – үш жылда бір рет олардың кəсіби шеберлігін арттыру, 
мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу, шетелдік 
менеджерлерді, жекеменшік сек-тордың жекелеген мамандарын, халықара-лық ұйымдардың 
қызметкерлері  болып  табылатын  Қазақстан  Республикасының  азаматтарын  мемлекеттік 
қызметке  жіберу,  жаңа  этикалық  ережелерді  енгізу,мемлекеттік  қызметтің  жаңа  Этикалық 
кодексін  жасау  міндеттері  мен  оларға  қатысты  нақты  мəселелер  еліміздегі  мемлекеттік 
қызмет саласын жаңа деңгейге көтерері сөзсіз. 
Ұлт ЖоспарындаЕлбасы сая-са-тының басым бағыттарының бірі –Жемқорлыққа қарсы 
күрес көрініс тапқан. Сондай-ақ азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін 
сот  жүйесі  инстанцияларын  оңтайландыру,  судья  лауазымына  кандидаттарды  іріктеу 
тетіктерін  көбейту  жəне  біліктілік  талаптарын  қатайту, «Оқуды  жəне  сот  тəжірибесі 
арасындағы  өзара  байланысты  күшейту  үшін  сот  төрелігі  институты  мемлекеттік  басқару 
академиясының  құрылымынан  бөлінуі  керек»  деген  міндеттер  қойылған.Құқық  қорғау 
органдарының  қызметін  жетілдіру,  жергілікті  полиция  қызметін  құру,  жол  полициясы 
қызметкерлерінің  этикасы  жəне  өзге  де  мəселелер  келесі  міндеттер  бойынша  айқындалып 
отыр.Бас  бостандығынан  айыру  орнынан  босаған  жəне  сынақтан  өту  қызметіне  тіркелген 
азаматтарды  əлеуметтік  оңалтудың  тиімді  жүйесін  қалыпқа  келтіру;  мемлекет-жекеменшік 
серіктестігін 
дамыту 
шеңберінде 
пенитенциярлық 
инфрақұрылымды 
жаң-ғырту; 
ауылшаруашылық  жерлерін  тиімді  пайдалану  мақсатымен  оларды  нарықтық  айналымға 
енгізу; жер кодексіне жəне басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу жəне өзге де көкейкесті 
міндеттер  Ұлт  Жоспарында  көрініс  тапқан.Аталған  міндеттердің  жүзеге  асырылуы  ел 
келешегінің  кемел  болашағының  жарқын  болуына  негіз  болары  сөзсіз.  Мемлекет  басшысы 
ұсынып  отырған  Ұлт  Жоспары – 100 нақты  қадамына  енген: «Экономиканың  алты  негізгі 
саласы  үшін  он  алдыңғы  қатарлы  колледж  бен  он  жоғары  оқу  орнында  білікті  кадрларды 
əзірлеу,  кейіннен  бұл  тəжірибені  еліміздің  басқа  оқу  орындарына  тарату»,  Назарбаев 
университеті  тəжірибесін  ескере  отырып,  жоғары  оқу  орындарының  академиялық  жəне 
басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идея-сын 
алға  жылжыту  жөніндегі  ұлттық  жобаны  əзірлеу  жəне  жүзеге  асыру; «Нұрлы  болашақ» 
ұлттық жобасын əзірлеу жəне жүзеге асыру сияқты міндеттер кеңінен атап көрсетілген.  
Ұлттық комиссия бес инс-титуттық реформаны кезең-кезеңімен орындауды келісілген 
басқару  бойынша  жүзеге  асыруы,  тұжырымдамалық  шешімдер  қабылдап,  іс-қимылдың 
нақты жоспарын айқындауы тиіс екені жəне өзге де жайттар атап көрсетілген.  Жолдау əрбір 
адамның ертеңгі күніне үлкен сенім 
ұялатады.  Қазақстан 25 жылдың  ішінде  қоғам  өмірінің  барлық  саласында  жаңартуды 
өте  жоғары  деңгейде  жүргізді.  Тəуелсіздігіміз  өз  қолымызда,  іргелі  мемлекет  болдық. 
Жолдаудың  əрбір  жолында  Президенттің  еліміздегі  миллиондаған  халықтың  əл-ауқаты, 
жағдайына  байланысты  қамқорлығы  сезілген.  Себебі  бұл  жолдауда  елімізді  дамыту,  əр 
отбасының,  азаматтың  жағдайын  одан  əрі  жақсарту,  халқымыздың  бірлігін,  тыныштығын 
қорғау  жолдары  нақты  көрсетілген.  Қазақ  тілі  бүгінде  ғылым  мен  білімнің,  интернеттің 
тіліне  айналды.  Қазақ  тілінде  білім  алатындардың  саны  жыл  өткен  сайын  көбейіп  келеді. 
Таяудағы 3 жыл  ішінде, 2017 жылға  дейін  орын  жетіспеушілігін  жойып,  қажетті  жерлерде 
елдегі  барлық  мектепті  екі  ауысыммен  оқытуға  көшіру,  таяудағы 2-3 жылда  дуальдік, 
техникалық жəне кəсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру, келешекте 
жастардың  техникалық  білім  алуын  мемлекеттік  кепілдендіруге  көшіруді  қарастыру 
қажеттігі  туралы  Елбасы  нақты  тапсырыс  берді.  Нұрсұлтан  Əбішұлы  еліміздің  келешегі  өз 
Отанымызды əлемдегі ең табысты мемлекеттердің біріне айналдыруға бел буған жандардың 
қолында екенін атап өтті, бұл ретте жастарға ерекше назар аударды.  

315 
Менің ойымша «Елбасының «Мəңгілік ел» идеясы барша жастарымызды бір мақсатқа, 
ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан əрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш 
Президентіміз  айтқандай  қазақ  елінің,  қазақ  тілінің  мəңгілік  болуына  аянбай  еңбек  етуіміз 
керек.  Елбасы  белгілеп  берген  «Қазақстан-2050»  стратегиясы – ұлттың  ұлы  бағдары. 
Елулікті еңсердік, енді дамыған отыз мемлекеттің қатарына енуді мұрат етіп отырмыз. Осы 
Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – біз үшін ортақ парыз, абыройлы 
міндет. 
 
Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Əбжанов Х  Ұлттық идея –кемел келешектің кілті // Ақиқат журналы  - 9 сəуір 2014 ж 
2. Е. Жəнібеков //Шет шұғыласы газеті, 10 мамыр 2014 
3. «MANGI EL»журналы –  15тамыз 2016 жыл 
4. «ҚР Президентінің Қазақстан-2050 стратегиясы »-  17қаңтар 2014 жылғы жолдауы 
5. «Болашаққа  арналған  нақты  қадам.»  Егемен  Қазақстан  газеті 2014 жылдың 13 наурыз 
айының №2479  басылымында 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет