Сборник статей (часть 1) общественные и гуманитарные науки алматы 2011 ббк



Pdf көрінісі
бет37/47
Дата31.03.2017
өлшемі5,27 Mb.
#10884
түріСборник статей
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47

литература
1. Золотарева Л.Р. Педагогическое искусствоведение – интегрированная междисциплинарная область гума-
нитарного знания. Вестник КарГУ. – Караганда. 4 (2010), С. 17 – 26.
2. Наурызбаев Ж.Ж. Этнокультурное образование школьников. – Жезказган, 1995. 
3. Концепция этнокультурного образования в Республике Казахстан. Казахстанская правда, 125 (1996).
4.  Асылханов  Е.С.  Научно-методические  обоснование  обучения  изобразительному  искусству  и  развитие 
творческих способности учащихся школ и студентов художественно-педагогических учебных заведений Казахста-
на. – Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора педагогических наук. Москва, 2002.
Құдагелдин М.Т.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті,
 Семей қ., аға оқытушы
ҰлттыҚ идеЯ – ӘлемдІк даму контексІнде
Ұлттық идея мәселесі өте күрделі және тарихи қайшылықтар мен тоғысуларға толы мәселе. 
Оның өзектілігі қазіргі жаһандану мен макроәлеуметтік-экономикалық кеңістікте «өркениеттер 
қақтығысы» дәуірінде артуда. 

296
Ұлттық идея қандай болмағы не оның қандай болмауы, қоғамда ол қандай құндылықтарды 
орнықтыруы  тиістілігі,  нені  жетекшілікке  алу  тиіс,  өткен  тарихқа  арқа  сүйеуі  тиіспе,  әлде 
бүгінгі күннің сұранысына сай болуы тиіспе, ұлттық идея қазақ ұлтының ғана идеясы ма, әлде 
қазақстандықтардың ортақ идеясы ма және т.с.с. сұрақтар жан-жақты талқылаудан өтуде. 
Бұл жайында тіпті ұлттық идеяның қажеттілігі бар ма деген де мәселе көтерілді. Дегенмен, 
көпшілік пікір ұлттық идеяның қажеттілігін құптайды. Себебі, әрбір қоғамның өзіндік бағдары 
болуы тиіс,-қайда барамыз, неге, неден қауіптену қажет, деген сұрақтарға жауап қажет.  
Ұлттық ерекшеліктер мен мәдени айырмашылықтарды, діни көзқарстарды мүлдем ескер-
мей құрылған идеологияға сүйенген Кеңестер Одағы тарих қойнауына кеткеннен кейін елімізде 
идеологиялық  вакуум  пайда  болды.  Ол  бірден  діни  көзқарастармен,  жалған  ғылымдармен, 
мистикалық,  оккульттік  ағымдармен,  түрлі  көріпкел,  экстрасеанстармен  толыға  бастады.  Со-
нымен  бірге  заманауи  жаһандық  әлеуметтік-экономикалық  қағидалармен,  вестернизациямен, 
американизммен, яғни жат құндылықтармен толтырыла бастады. 
Ондаған  жылдар  бойы  тоталитарлық  идеологияға  оралудан  қорқып  ол  бос  кеңістікті 
толтыруға  қауқарсыз  болдық,  тек  енді  етек  –жеңімізді  жинап,  бұл  жолдың  құрдымға 
әкелетіндігін саралай бастадық. Ұлттық құндылықтарға, ұлттық менталитеттің ерекшеліктеріне 
негізделіп,  бүгінгі  күннің  қоғамдық  даму  тенденциясын  ескере  отыра  өзіндік  идеологиямен 
бағдарларымызды айқындайтын күн жетті. Әлбетте, кеудемсоқ ұлтшылдық, тоталитаризм, фа-
натизм мен экстремизмдік идеологиядан аулақ болғанымыз жөн.  
«Идея» ұғымы қазақи ортада «арман», «мұрат» ұғымдарымен астасып жатады. Әрине, ар-
ман ғылыми түсінік емес, ғылыми таным, рационалды сараптама шеңберінен тысқары. Ол ішкі, 
жеке, рухани-адамгершілік тәжірбиеге негізделеді.
Арман  туралы  сөз  болғанда  «американдық  арман»  бірден  еске  түседі.  Дегенмен 
«американдық  арман»  таза  прагматикалық,  утилитарлы,  рухани-адамгершілік  потенциалдан 
гөрі  практикаға  негізделген,  ал  қазақ  идеясы  гуманистік,  рухани-адамгершілік  құндылықтар 
мен идеалдарға сүйенеді. Сонымен қатар, американдық идея сол елдегі түрлі этностардың ба-
сын біріктіруді көздейді. Себебі, онда доминантты ұлт жоқ. Қазақстанда титулды ұлт қазақтар 
болып  табылады,  Қазақстан-  қазақтардың  тарихи  атамекені.  Қазақ  арманы  Атамекенінде 
Асан  қайғы  іздеген  Жерұйық  орнату.  Онда  Шаңырақ  астында  құт  –береке  орнату.  Шаңырақ 
астында  Дастархан  басында  түрлі  этностармен  сұхбат  (диалог)  қағидасына  сай  идеялар  мен 
мүдделер құрылымын жасау. Ұлттық идеологияның бағытының бірі келісім және сұхбат (диа-
лог) құру болуы тиіс. Қазақтағы «тамыр» ұғымы адамзаттық генезистің тамыры тереңде мата-
сып жатқанын, туыстық пен тарихи сабақтастық идеясын алға тартады. Қазақстанда 130 –дан 
астам  этностар  болғанымен  олардың  ішінде  басым  көпшілігі  қазақтар  мен  орыстар  екендігі 
аян.  Ал,  орыс  ұлтының  тамыры  славяндық,  угро-финдік,  түркілік  текпен  сабақтасып  жатыр. 
Тіпті «орыс идеясы», «ұлттық идея» (1861 жылы) терминін айналымға енгізген ойшыл-жазушы 
Ф.М.Достаевскийдің түркі тектес екендігі белгілі. Орыс идеясы мен қазақ идеясының бір ұлттың 
идеясы болуымен ұқсас. Дегенмен, қазақ идеясы мессиандыққа бойламайды. Кейін орыс идея-
сын ары қарай И.А.Ильин, Вл.С.Соловьев, Н.А.Бердяев одан ары дамытты. Олардың идеясы 
киевтік  митрополит  Илларионның  «Мәскеу-үшінші  Рим»  идеологемасымен  астасып  жатыр. 
Сөйтіп онда әмбебап христиандық атрибуттар- ( православиялық) миссионизм мен мессианизм 
көрініс береді. Орыс идеясы этно-конфессиялық идея болып табылады. 
Қазақ  идеясы  ретінде  бүкіл  түркі  халықтарының  басын  біріктіруші  Көк  түркілердің 
атамекенінің мұрагері ретінде ұлттық сипаттан жоғары идея ретінде ұсынушылар бар. Сонау 
сақ, ғұн заманынан бастап түркі-моңғол дәуірімен аяқталатын империялық жады көрініс беретін 
90-жылдардың басындағы бұл мақсат қазір бәсеңдеген сияқты. Енді оның орнына мемлекеттік 
ауқымдағы  «қазақстандық  ұлт»  идеясы  шықты.  Бірақ  бұл  идеяға  қарсы  шыққандардың  дені 
қазақ  ұлтының  азаматтары  мен  кей  зиялы  қауым  өкілдері  болды.  Олар  өздерінің  тарихи 
жауапкершілігін  сезіне  отыра  мемлекеттік  биліктің  «жаңаша  ұлт»  жасауына  қарсы  шығуда. 
Әлбетте, «қазақстандықтар» идеясы «кеңес халқы» түсінігін еске түсіруі негативті әсер етеді. 

297
Қазіргі тарихи кезеңде «қазақстандық ұлт» түсінігін ұлттық болмысын жоғалтуға шақ қалған қазақ 
ұлтының өкілдері де, өзге де елімізді мекендеуші ұлттар да (олардың сырттай мойынсұнуларына 
қарамастан) қабылдай қоймайды. Олардың бірі биік ұлттық мұратарды алға тартса, калғандары 
тарихи  отандарынан  жырақта  табиғи  инстинкт  ретінде  ұлттық  келбеттерін  жоғалтқылары 
келмейді. «Қазақстандық ұлт» түсінігі қазақтар Қазақстан тұрғындарының кемінде 80-85 пайы-
зын құрағанда ғана титулды ұлт үшін негативті мән бермейтін болады. 
Әрине, қазақтар дархан, қонақжай, шыдамды, бірақ өзгелерге қарағанда тоталитарлық ре-
жимнен көбірек зардап шекті. Жығылған үстіне жұдырықтай олар нарыққа тарихи да, моральдық-
психологиялық жағынан дайын болмады. Оған негізінен ауылдарда тұратын қазақтардың ауыр 
әлеуметтік-экономикалық жағдайын айтуға болады. 
Сондықтан  ұлттық  идея  ұлттық  тарих  пен  мәдениеттің  қойнауынан  шығып,  жалпы 
адамзаттық құндылықтарға, елдің демократиялық заңдарына сүйенуі тиіс. Ол болашақтың сипа-
тын айқындап, тарих толқынында бағытынан адаспауға көмектесуі тиіс. Қазақ халқы мемлекет 
құрушы ұлт ретінде басқа этностар алдында өзінің жауапкершілігін сезінуі, өзге этностар қазақ 
халқының өзіндік болмысын жасауына сыйластықпен қарауы тиіс. 
Мақаламыздың басында айтқанымыздай өзара диалог иллюзия түрінде ғана қалмай эк-
зистенциялды, мәнді жаңа мазмұн тудыратындай, өз терісінен шығып өзгені түсінетіндей бо-
луы  тиіс.  Сонда  ғана  «Атамекен-Жерұйық»  атты  қазақ  идеясы  барлық  этностардың  басын 
өздерінің  мәдени  идентификациясын  сақтап  қалуға  мүмкіндік  бере  алатын  бір  Шаңыраққа 
біріктіретін  жалпықазақстандық  идеяға  айналады.  Жаһандану  кезінде  тек  ұлттық  идея  ғана 
әлемдік қауымдастыққа өзіндік келбетпен енуге мүмкіндік беретін күш болып саналады. Егер 
«жапондық рух, батыстық технология» идеясын ұстанып дәстүрлі құндылықтар мен либералды 
батыстық құндылықтарды ұштастыра білген жапондықтарды еске алсақ, бұл шығыс елінің біз 
үшін тәжірбиесі үйренерлік екендігін көреміз. 
Мемлекеттік  біріктіруші  болуға  тиісті  қазақ  ұлтының  өзіндік  ішкі  ұйытқысы  Абайдың 
«Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең істің, бәрі бос», Төле бидің «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін»,-
деген  ұлағатты  сөздері  болуы  тиіс.  Трайбализм,  жершілдік,  одан  қалса  «шала  қазақ»-«нағыз 
қазақ», «мәмбет»-«асфальтный», «оралман қазақ»-«местный қазақ» болып бөліну қазақты ада-
стырады. 
Бүгінгі күні әлемдегі 6 мың тілдің ғасыр соңына таман 400-500 –і ғана қалады деген бол-
жам «Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады»,-деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзінің астарын 
аңғартады. Бұл ұлттың дүниені тануы, байлығы қотарылады деген сөз. Біз өзіміздің шұрайлы 
тілімізді, бай мәдениетімізді, домбырамыздың қоңыр үнін сақтап қалуымыз қажет. 
«Біріншіден  не  жаман,  білімсіз  болған  ұл  жаман»,-деп  жырауларымыз  айтқан  білім 
стратегиялық  тұрғыда  мемлекеттік  болашағын  айқындайды.  «Интеллектуалдық  ұлт»  идеясы 
өзінің жемісін 10-15 жылда бере бастайды. 
Сонымен, ұлттық идеяның негізгі өзегі ұлттық дүниетанымның ядросы болып табылатын 
көздер болуы тиіс:
рухани құндылықтардың басымдығы;

 гуманизм;

отаншылдық;

демократизм;

либералдық құндылықтар мен дәстүрлі мәдени құндылықтардың үйлесімділігі;

қазақ ұлттық мәдениеті мен тілінің дамуы;

биік қазақ рухы мен жаңа батыстық технологияны ұштастыру;

инновациялық даму үшін орта класты қалыптастыру; 

адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету. 

Сонымен  қатар,  шикізаттық  бағыттан  шығып,  инновациялық  даму  типіне  көшу,  қазақ 
ұлтының  мәдениетін  көтеру  мен  қолдау  қажет,  себебі  қазақстандықтардың  ұйытқысы  болуы 
тиісті қазақтардың білімді және дәулетті, мәдениетті болмағы қажет. 

298
Айнұр Дүрбелеңқызы Құрманалиева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 
философия және саясаттану факультеті, дінтану және 
мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.д., профессор 
ҚазІргІ ҚазаҚстанныҢ инновациЯлыҚ дамуындаҒы 
дІнтану пӘнІнІҢ ҚаЖеттІлІгІ
Бүгінгі  таңда  білім  беру  саласында  көптеген  модернизациялар  жүргізіліп  жатыр: 
бағдарламадағы өзгертулермен қатар, мектептердің, жоғары оқу орындарының материалдық ба-
засы жетілдірілуде. Осы ретте Елбасының «өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке 
кредосына айналуы тиіс деген сөздері әрбір саналы азаматтың ұстанымы болуға тиіс. Осы орай-
да дінтанулық білімнің қажеттілігі, оның қоғамдық сананы қалыптастырудағы маңыздылығына 
басты назар аударғым келеді. Біздің мемлекет зайырлы бағытты ұстанған және дін мәселесінде 
өте нәзік шешімдерді талап етеді, мүлт кетіп, қате жіберуге жол бермейді. 
Қазақстан Республикасында Конституцияда жарияланған зайырлылық принциптеріне сай, 
діни бірлестіктер, діни қызмет пен мемлекет бір-бірінен ажыратылған. Діни бiрлестiктер iсiне 
мемлекеттiң және мемлекет iсiне діни бiрлестiктердiң заңсыз араласуына жол берілмейді. Кез 
келген діни негіздегі бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол жоқ. Ол 
Конституцияда нақты белгіленген: «Мақсаты немесе iс-әрекетi Республиканың конституциялық 
құрылысын  күштеп  өзгертуге,  оның  тұтастығын  бұзуға,  мемлекет  қауiпсiздiгiне  нұқсан 
келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға 
бағытталған  қоғамдық  бiрлестiктер  құруға  және  олардың  қызметiне,  сондай-ақ  заңдарда 
көзделмеген әскерилендiрiлген құрамалар құруға тыйым салынады», сондай-ақ «Республикада 
басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың 
қызметiне,  сондай-ақ  саяси  партиялармен  кәсiптiк  одақтарды  шетелдiк  заңды  тұлғалар  мен 
азаматтардың,  шет  мемлекеттер  мен  халықаралық  ұйымдардың  қаржыландыруына  жол 
берiлмейдi» [1]. 
Діни жағдайды қалпында ұстап тұрудың жолы – дінтану білімі арқылы қоғамдық сананы 
дұрыс қалыптастыруда болып тұр, себебі қазіргі кезде еліміздегі дінге сенушілер әр түрлі сенім 
жолын ұстануда. Бұған дейін қазақ – мұсылман, орыс – христиан болуы тиіс секілді көрінсе, 
қазір бір ұлттың ішінен бірнеше дін өкілдерін табуға болады. Көпшілік өз дәстүрлі ата-бабасы 
сенген  сенімнен  бас  тартып,  жаңа  діни  ұйымдарға  кетіп  жатыр.  Әсіресе  қазақтар  арасында 
кришнаиттер,  протестанттар,  иоговашылар  және  т.с.с.  діни  жаңа  ұйымдарға  кетіп  жатқандар 
көбейіп  барады.  Бұрынғыдай  ұлт  пен  діннің  қатар  айқындалуы  бүгін  мүмкін  емес.  Исламды 
ұстанғандар ішінен де көзқарастары келіспей, бірінікін бірі теріске шығарып жатқандар да бар. 
Жеті шелпек тарату, ата-баба мазарына барып, зиярат жасау, «хиджаб» кию секілді дау таласты 
мәселелер  күнделікті  өмірде  жиі  кездесіп  жатады.  Әсіресе,  жастардың  басқа  діни  ағымдарға 
кетуі ел болашағына нұқсан келтірері айдан анық. Өздерінің білім, ғылым іздеп, болашағына 
іргетас қалайтын шақтарында өз энергиясын болмашы жалған діндерге жіберулері алаңдатады. 
Егер олар адасқандықтарын сезініп, өз ортасына қайта орала алса – жақсы, оралмаса – қауіп 
сонда. Бұған қоса, оралу оңай шаруа емес екені де белгілі, себебі, жаңа діни ұйымдарға тар-
туда қолданылатын әдіс-амалдар ортаға келген адамның өз еркімен кете алмауын қамтамасыз 
ететіндей құрылған. Адамның санасы толықтай бағдарламаланып, өзге адамға айналдыруға күш 
салынған. 
Адам  сектаға  қалай  тартылады,  сектаға  тарту  үшін  субъект  қалай  таңдалады,  онымен 
қандай жұмыстар жүргізіледі, қарапайым пенде сенуші қатарынан діни пирамиданың шыңына 
қалай көтеріліп, ондағы көсемге қалай жақындауға болады және т.с.с. сауалдар бір қарағанда 
көпке  мәлім  емес  мәселелер,  себебі  дінге  тартылушы  ол  туралы  ойланбайды:  ол  шынайы 
ақиқатты тапқандай болады. Бір қарағанда қарапайым көрінетін нәрсенің астында басқа елдің 

299
саяси, экономикалық мүддесі, қазақ жерін саудалау саясаты жатқанын көбісі ойлана бермейді. 
Сондықтан  діни  ізденіс  кезінде  таңдампаз  болу  керек.  Осы  орайда  діни  сауаттылық,  діни 
сауаттылыққа іргетас болатын дінтану пәні аса қажетті болып отыр.  
Дінтану  Қазақстанда  жаңа  пән  болып  табылғанмен,  қалыптасу  тарихы  тереңде  жатыр. 
Бүгінгі қалыбындағы дінтану пән ретінде XIX ғасырдың 60 жылы  Батыс Еуропа мен Солтүстік 
Америкада қалыптасты. XVIII ғ. – XIX ғ. бірінші жартысында дін туралы жинақталған әр түрлі 
ғылым саласындағы нақты материалдар мен теориялық мәселелер жаңа ғылым саласының пай-
да  болуына  септесті.  Бұл  ғылым  ағылшын  тілді  әдебиетте  –  «Science  of  Religions»,  француз 
тілінде – «La Science de Religions», неміс тілінде – «Religionswissenschaft» деген атаумен таныла 
бастады. Философия, антропология, этнология, археология, тіл білімі, салыстырмалы мифоло-
гия, фольклористика және т.б. ғылымдар тоғысында пайда бола отырып, дінтану қайсыбір діни 
догматтардың  апологиясын  (теология),  немесе  дінді  сынға  алып  отыруды  (атеизм)  көздемей, 
керісінше, әлем діндерін бейтарап зерттеуді мақсат етті. 
Ресейде формальды түрде дінтанудың бастамасын тілдегі сәйкес терминнің пайда болуы-
мен (1939, Э. Тайлордың «Алғашқы мәдениет» еңбегінің аудармасына жазған В.К. Никольскийдің 
алғысөзінде) және білім беру жүйесінде дінтанудың институализациясы болған кезеңмен байла-
ныстырылады (1959,  МГУ-дің философия факультетінде дін және атеизм тарихы мен теориясы 
кафедрасының ашылуы – алғашқы ресейлік дінтану кафедрасы) (П. Костылев). 
Қазақстанда дінтанудың пән ретінде танымал бола бастауы кеңестік идеология құрдымға 
кеткен кезеңнен басталды. ХХ ғ. 90-жылдарынан бастап елімізде «ғылыми атеизмнен» дінтануға 
бет бұру басталды. Ендігі жерде діннің ғылыми және философиялық пайымдалуына басты на-
зар аударылды. Бұл әлеуметтік сұраныстың нәтижесі болды және жаңа дәуірдің шындықтары 
тек қана діни сенім емес, сондай-ақ дінтанулық білімнің қажеттілігін көрсетті. Елімізде дінтану 
пәнінің  мектеп  бағдарламасына  енгізілуі  –  осының  тікелей  көрсеткіші.  Әйтсе  де,  бұл  пәнді 
дұрыс  қабылдау  «дінтану»  және  «дінтанушы»  ұғымдарын  анықтаудан  басталатынын  басып 
айтқан жөн. 
«Дінтану»  қандай  ғылым?  Бұл  сұрақтың  ең  қысқа  жауабы  –  дінтану  дегеніміз  –  бұл 
дінді зерттейтін ғылым. Дінтану, қарапайым көпшілік санайтындай, діни білім беру емес және 
діндарларды дайындау курсы да емес. Дінтануды зерттеу нысанына алған адамға қайсыбір сенімді 
қабылдау  талабы  қойылмайды,  дінтанушы  болу  үшін  белгілі  бір  дінді  ұстанудың  қажеттілігі 
жоқ. Дегенмен бұл дінді ұстанбау деген емес, діндар адамдар да жақсы дінтанушы бола ала-
тынын айта кету керек: мұндағы басты талап академиялық ғылымның шеңберінен шықпау ке-
рек. Адамның діндарлығы объективті көзқараста болуына кедергі жасамау керек. Дінтанушы 
болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Дінге қызығушылық танытып, өзін дінтанушы ретінде 
анықтау аздық етеді. Осы ретте дінтанулық білімді беруші дінтанушыны анықтаудың формаль-
ды өлшемдеріне тоқталсақ:
Біріншіден,  кәсіби  білімнің  болуы  –  дінтанушы  дінтанулық  білім  (бакалавр,  магистр) 
алған  болуы  керек,  сондай-ақ  ғылыми  ізденістері  дінтанулық  ғылым  саласымен  байланысты 
болу  керек  (ғылыми  дәрежесі);  екіншіден,  ғылыми,  ғылыми-танымдық  журналдарда  кәсіби 
мақалаларымен танымал болуы тиіс, яғни ғылыми ізденістерінің апробациясын өткізіп тұру ке-
рек; үшіншіден, дінтанулық конференциялар, дін мәселесін сараптауға арналған халықаралық, 
аймақтық деңгейдегі ғылыми іс-шараларға қатысып, кәсіби баяндамаларын ұсынып отыруы тиіс; 
төртіншіден, дінтанушы ретінде қызмет атқару тиіс, дінтанушы ретінде қоғам қажеттіліктерін 
қанағаттандыруы – дінтанушыға деген сұраныстың деңгейін анықтай түспек. 
Дінтанушы  өзі  осы  мамандық  иесі  бола  отырып,  өзі  де  осы  өлшемдерге  сай  келетін 
дінтанушылардың  еңбектеріне  сілтеме  жасап  отыруы  тиіс.  Осылайша  біртұтас  дінтанулық 
қауымдастыққа  тиесілі  екендіктерін  дәлелдеп  отырады.  Қазақстанда  дінтанушылар 
қауымдастығы  туралы  айта  қою  әлі  ерте.  Егер  Ресей  мысалындағыдай  елімізде  кәсіби  ассо-
циациялар ашылса (мәселен, 2009 жылдан бері Ресейде үш жалпыресейлік дінтанулық ассо-
циациялар  –  «Российское  объединение  исследователей  религии»,  «Российская  ассоциация 

300
истории  мировых  религий»,  «Российское  сообщество  преподавателей  религиоведения»  және 
екі аймақтық – «Московское религиоведческое общество», «Нижегородское религиоведческое 
общество») қазақстандық дінтанудың бір белесі алынар еді деген пікір айтқымыз келеді. Деген-
мен дінтанулық білім саласында бас қосып, ортақ мәселелерді талқылап отыратын конферен-
циялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер қазіргі жоғарыдағы қауымдастықтарға бастама болып 
отыр. Дінтанулық қауымдастықтар қазіргі дінтанулық білімнің жағдайын, мәселелерін ортаға 
салып, оларды шешудің жолдарын ұсына алады.
Қазіргі кезде дінтанудың ғылыми тәжірибесіне қарасақ, дінтанулық қауымдастықтардың 
монолитті  емес  екенін  көруге  болады.  Жеке  мектептер  мен  бағыттар  өздерінің  бірегей  жо-
баларымен  көзге  түссе  де,  белгілі  бір  тұтастықтың  құрамдас  бөлігі  бола  алмады.  Олар  көп 
жағдайда дінтанулық ғылымның әркелкілігіне әкеліп отырды. Дінтанулық қауымдастықтарды 
біріктіретін  нәрсе  ол  теология  мен  философиясы  салаларымен  сабақтасуы  болды.  Дегенмен, 
бұл қауымдастықтарды біріктіруге аса қатты әсер ете алмады. Сондықтан ғылыми конферен-
цияларда ортақ мәселелер көтерілгенмен, ортақ шешім табылмаған кездер басым болды. ХХ ғ. 
екінші жартысынан бастап, жаңа дінтанулық парадигманы қалыптастырудың қажеттілігі туды. 
Ресейлік дінтанушы А.Н. Красниковтың пікірі бойынша, мұндай жаңа парадигма «метадінтану» 
аясында жасалатын болады, оның зерттеу пәніне діни феномендер, не жеке діндер, жалпы дін 
мәселесі емес, дінтану тарихы мен теориясы алынады. Бұл жаңа пән дінтанудың ары қарай да-
муы үшін аса қажет методологиялық мәселелерді зерттеумен айналысады [2].  
Қазақстанда  дінтанулық  білім  еліміздің  бірқатар  жоғарғы  оқу  орындарында  беріледі. 
Солардың ішінен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясат-
тану факультетінің ғылым философиясы және дінтану кафедрасын ерекше атап өтуге болады. 
Бұл  ұжым  Қазақстандағы  алғашқы  дінтанушылардың  қалыптасуына,  дінтану  ғылымының 
алғаш рет осы білім ордасында пайда болуына септесті. Бүгінге дін мәселесі бойынша білікті 
бакалавр,  магистр  мамандарды  дайындаумен  айналысып  келеді.  Алыс,  жақын  шетелдермен 
байланыс жасап, студенттер мен оқытушылардың біліктіліктерін шыңдауға ықпалдасып келеді. 
Қазақстандағы діни жағдай, дінаралық келісім, Қазақстандағы діндер бойынша маман болып та-
былатын филос.ғ.д., профессор, аталған кафедра меңгерушісі Н.Ж. Байтенованың жетекшілігімен 
бірқатар  ғылыми-зерттеу  жобалары  жүзеге  асырылып,  зерттеу  нәтижелері  оқу  құралдарында 
көрініс тауып, студенттердің білім алу процесінде кеңінен қолданыс тауып отыр. 
Дінтанулық білім беруде жетекші орын алып отырған кафедра Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолдау тапқан «Ұлттық қауіпсіздік аясындағы діни 
айқындалу  мәселелері»  (2007-2009  жж.),  «Қазақстандағы  діндер  ұлттық  идея  контексінде» 
(2008 ж.), «Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар мен культтер» (2009 ж.), «Жаңа діни ағымдар 
және қазіргі Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау мәселелері» (2009-2011 
жж.) ғылыми-зерттеу жобалары бойынша зерттеу жұмыстарын жасап, қоғамда дін мәселесін 
теориялық деңгейде дамытып келеді.
Кафедра ұжымы студенттерге әр түрлі ғылым саласы бойынша білім беріп, студенттердің 
болашақ ізденістерін таңдауына септесіп келеді. Атап айтсақ, филос.ғ.д., доцент Ш.С. Рысбе-
кова діни антропология, діни философия, доцент Қ.А. Затов – ежелгі наным-сенімдер, соның 
ішінде  зороастризм  бойынша,  доцент  Б.Қ.  Бейсенов,  филос.ғ.к.  С.Ө.  Абжалов,  филос.ғ.к. 
Б.Б. Мейрбаев – ислам, исламдағы бағыттар, ислам экономикасы бойынша, доцент Қ.М. Бор-
басова – қазіргі жаңа діни ағымдарды зерттеу саласында Қазақстанға танымал мамандар болып 
саналады. Осы ұжымның дайындауымен бірқатар жинақтар жарық көрді. Атап айтсақ, «Дінтану 
негіздері», «Қазақстандағы діндер», «Діндердің қысқаша тарихы», , «Қазіргі дәстүрден тыс діни 
қозғалыстар мен культтер», «Қазіргі Қазақстандағы жаңа діни ағымдар» [3-5]. Бұл жинақтар 
тек дінтанушы мамандарға ғана емес, дін мәселесіне қызығушылық білдіріп, әлемдегі діндер 
туралы  білімдерін  кеңейткісі  келетін  әрбір  оқырманға  арналған  және  дінтану  пәнінің  бүгінгі 
таңдағы ең басты мақсаты – діни сауаттылықты қамтамасыз ету ісінде маңызды болып отыр. 
Бұлай дейтініміз қазіргі Қазақстанда көпшілікке танымал емес жаңа діни ұйымдардың қаптап 

301
кеткені  ешкімге  жасырын  емес.  Одан  зардап  шегіп  жатқандар  да  баршылық.  Елдің  бірлігіне 
нұқсан келтіруді көздей отырып, өз әсер ету ареалын кеңейте түсуді мақсат ететін жаңа діни 
ағымдардың көзге көрінбейтін саяси, экономикалық мүдделері де жоқ емес. 
Дінге  байланысты  мұндай  проблемалардың  шығып  отырғаны  не  себепті.  Себебі  көп 
жағдайда қоғам сұранысына лезде жауап қата алмауымызда. Ал бүгінгі таңда ондай қажеттілік 
маман зәрулігінен туындап отыр. Дінге байланысты ақпарат алғысы келген шақта, ақпараттың 
қол жетімді болмауы, яғни ақпаратты беруші дінтанушының болмауы мәселені күрделендіре 
түседі.Не болмаса, ақпарат көзі бар, бірақ, ол- қате ақпарат көзі. Ол өз мүддесін ойлай жүріп, 
дәстүрлі емес дінге таратушының позициясынан берілетін мәлімет. Сондықтан қоғамда алып 
отырған  мұндай  келеңсіз  жағдайларды  қолға  алып,  бақылап,  реттестіріп  отыру  әлі  кеш  емес 
және мұнда басты назар сапалы білім алған дінтанушы мамандарды дайындауға аударылғаны 
жөн. Бұл үшін: 
- білікті дінтанушыларды дайындау ісіне қолдау көрсету;
-  қоғамдық  қажеттілікті  ескере  отырып,  дінтанушыларға  мемлекеттік  гранттарды 
көбейту;
-  жоғары  оқу  орындарына  дінтануды  міндетті  пән  ретінде  енгізу  шаралары  жүзеге 
асырылғаны абзал. Дінтану пәнінен жоғары оқу орындарында міндетті пән ретінде енгізу діни 
сауаттылықты  арттыруға,  дін  жолындағы  адасудан  сақтануға,  діннің  біріктіруші  қызметін  ел 
мүддесіне пайдалануға көмектесетіні анық.
Халықтың діни сауатын  ашу, дәстүрлі діни ұстаныммен рухани-діни  мұрамызды заман 
талабына  сай  жаңғырту,  миссионерлік  қызмет  пен  түрлі  бағыттағы  діни  әдебиеттерді  сарап-
тамадан өткізу, ғибадатханалардың қызметі мен дін қызметкерлерінің  уағыз-насихат жүргізу 
қызметіне дінтанулық  талдау жүргізу қажет. Еліміздегі  діни бірлестіктер  өз қызметінде елдегі  
тұрақтылық  пен ұлтаралық татулық, қазақстандық патриотизм, жастарды  рухани-адамгершілік  
рухта тәрбиелеу сынды  маңызды істерде  назарда  ұстауы тиіс. 
Дәстүрлі  діни құндылықтардың  рухани күші  ұлттың  бірегейлік  пен рухани, ұлттық 
құндылықтарды  сақтауға  мүмкіндік  береді. Дәстүрлі  діндер мемлекеттің  діни саладағы сая-
сатына  қолдау көрсетуі және оны діндарлар арасында  түсіндіруі  бүгінгі  күнде  өте маңызды. 
Елдегі  діни сананың өсуі, жастар санасында діни құндылықтарды орнату мәселесі, түрлі  жат 
діни ағымдардың миссионерлік  қызметінің белсенділігі, діни жағдайды  ғылыми  тұрғыда тал-
дап, зерделейтін дінтанушы мамандарды қажет етеді. Дінтанушы мамандарды  кәсіби  тұрғыда 
дайындау және оларды жұмысқа орналастыру маңызды. Сондай-ақ мектептерде дінтану  пәнін 
жүргізетін ұстаздардың білімін жетілдіру, дін істері саласында  қызмет атқаратын мемлекеттік 
қызметкерлердің  діни білімін арттыру үшін түрлі деңгейдегі  оқу-ағарту курстарын ашу өзекті. 
Дін қоғамдық сананың  формасы ретінде  қоғам мен адам өмірінде, халықтың мәдениеті 
мен  дәстүрінде  елеулі  рөл  атқарады.  Дін  –  бұл  өркениетті  адамзат  тарихында  көне  дәуірден  
орын алған рухани құбылыс. Діни мәдениет пен  діни  құндылықтар – дәстүрлі діни  жүйелердің  
адамзат  баласының  рухани    жан  дүниесін  жетілдіруге  және  адамға  өмір  мәндік  мәселелерді 
шешуді  ұсынатын    тұғыр.  Бұл  жағдайда  дінаралық  сұхбаттастыққа  басты  мән  беру  әлемдегі 
тыныштық,  бейбіт  қатар  өмір  сүруге  жол  бастайтын  басты  ұстаным  болуы  тиіс.  Өйткені 
соңғы кездері жиі көрініс беріп қалатын саясиланған діни ұстанымдар  салдарынан кейбір ел-
дерде    конфессияаралық    қақтығыстар  орын  алып  отыр.  Сондықтан  зайырлы  мемлекеттерде 
діни салаға  қатысты заңнамаларда рухани  өмірді жүйелі басқару, яғни діни бірлестіктердің  
қызметін қадағалау мен  оларды  қаржыландыру, миссионерлік қызмет жан-жақты  айқындау – 
мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатынан туындаған қажеттілік. Бұған қоса, діндарлар 
мен діни бірлестіктер  қоғамның рухани әлеуметтік құрылымының ажырамас бөлшегі болып 
табылатындықтан, мемлекетімізде дәстүрлі діндердің  мәдениетті  құрушы және рухани әлеуетін 
дінаралық  келісім  мен ұлтаралық  татулық  сақтау мен нығайтудағы  алатын орнына  ерекше  
мән беріліп отыр және жаңа заңның қабылдануы дінге байланысты туындайтын мәселелердің 
оңды шешім табатынына кепіл болатыны анық.

302

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет