Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ-
даңқы да, мерейтойы да – кейінгіге үлгі. Ал
бүгінгіге қарап ұрпақ өседі.
Н.Ә.Назарбаев
169
даму тенденцияларын, тарихи дәуірдің әр
кезеңіндегі жай-күйін зерттейтін ғылым
саласын «Педагогиканың тарихы» деп атау
қабылданған.
Қоғамдағы барлық ғылым са-
ласы секілді педагогиканың тарихы, ең
алдымен, диалектиканың себеп пен сал-
дар және олардың өзара әрекеттестігі;
қайшылықтардың тұтастығы мен оның
шешілуі; мәңгілік қозғалыс немесе даму
үрдісі, оның прогрестік (үдеріс), регрестік
(шегініс) сипаты; даму кезіндегі мазмұн
мен пішімнің өзгеруі; санның сапаға өтуі;
терістеуді терістеудің даму кезіндегі алатын
орны; маңыз (суть, сущность) бен құбылыс
арасындағы көп қырлы байланыс; мазмұн
мен форманың сәйкестігі және оның мәні
(значение); кездейсоқтық пен қажеттіліктің
қоғам дамуындағы, адамның іс-әрекетіндегі
т.б. маңызы; шындық пен мүмкіндіктердің
қоғам және адам дамуындағы мәні,
олардың арасындағы байланыстар сияқты
т.б. көптеген заңдылықтарына тәуелді.
Сондықтан, ғылыми зерттеулерде жұмыс
барысындағы әдіснама мен әдістеріне мән
беріледі. Өйткені, бұл заңдылықтар табиғат,
қоғам, адам санасының барлық тұстарында
орын алады.
Педагогика тарихы ежелгі дәуірден
бастап, осы күнге дейінгі әр түрлі та-
рихи дәуірде тәрбие, мектеп және
педагогикның теориясының дамуын танып
біледі. Педагогикалық энциклопедия да
«педагогиканың тарихы – әр түрлі тарихи
кезеңдердегі тәрбиенің, оқыту мен білім
берудің теориясы мен практикасының даму-
ын танып-білетін ғылым. Педагогиканың та-
рихы, сонымен бірге педагогика және тари-
хи ғылым» делінген. Тарихи-педагогикалық
І.Р.Халитова –
педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Магистратура және PhD доктрантура институты,
Абай атындағы ҚазҰПУ
ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ –БҮГІНГІ
КҮН ТАЛАБЫ
Тарих дегенде өткен дәуір, небір за-
ман ойға оралып, қиялымыз шарықтап
оқыған, естіген, білген тіпті көргеніміз
көз алдына келеді. Тарихи кезеңдерді зерт-
теп ондағы кейбір оқиға, құбылыстар,
қоғамдық өзгерістер мен сол замандағы
адамның санасы мен бүкіл бір халықтың
немесе ұлттың ахуалын нақтылау, дерек-
тер, дәлелдер, айғақтар іздеп тауып, оның
анық-қанығына көз жеткізу т.б. ғылыми-
зерттеудің құзырында. Өйткені, «қоғам та-
рихы – халықтың зердесі» дейді тарихшы
ғалымдар.
Кез келген зат не құбылыстың келіп шығу
тегі, дамуы, өзгерістерге ұшырауы, белгілі
бір уақыт аралығындағы ахуалы оның тари-
хын құрайды. Қазақ ұлттық энциклопедия-
сында тарих «1) табиғат пен қоғамның уақыт
пен кеңістіктегі өткен жолы; 2) адамзат
қоғамының өткенін жан-жақты зерттейтін
ғылым саласы» делінген. Қоғамның тарихи
даму барысындағы мынадай үш нәрсенің
адам үшін аса маңызды екенін даналар
атап өткен: адамзат қауымын азықтандыру;
адамзат қауымын емдеу; адамзат қауымын
үйрету. Осы үшеуінің қай-қайсысы да келіп
ғылымға тіреледі. Солардың ішінде адам-
зат қауымын үйрету – қоғамның дамуына,
адамзат санасының дамуына байланысты
оқытуға, сол арқылы үйретуге дейін даму
тапқан. Үйрету де, оқыту да ежелгі дауірден
бастап осы күнге дейін тәрбиелеумен тығыз
байланысты.
Бұл өз кезегінде мынадай үштік: оқыту,
үйрету, тәрбиелеу – бір үрдістің үш та-
рабы ретінде, жалпы тарихтың ішіндегі
құрамды бөлігі, біртұтас құбылыс
ауқымында
қарастырылады.
Осыған
орай, ілім «Педагогика» деп аталып, оның
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
170
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
таным мен ізденістер философияның
«абсолютті шындыққа дереу қол жеткізу
мүмкін емес, ол алдымен шындыққа
жақын нәрселерден жинақталады» деген
тұжырымынан да тысқары емес.
Педагогиканың тарихы оқу пәні
ретінде болашақ педагог мамандарды,
кәсіби педагогтарды даярлау жүйесінде
маңызды орын алады. Өйткені, оқыту мен
тәрбиелеудің териясы мен практикасының
әр түрлі қоғамдық саяси- экономикалық
шарттардағы тарихи даму жолын танып-
білу, біріншіден, педагогикалық мұраларға
дұрыс көзқарас қалыптастыруға септігін
тигізсе,
екіншіден,
педагогиканың
теориялық негіздерінің дамуын пайымдауға
және меңгеруге; үшіншіден, күнделікті
педагогикалық, практикалық іс-әрекетінде
тарихи тәжірибеден өткен тәлім-тәрбие
жолдарын ескеруге; төртіншіден тарихи-
педагогикалық
зерттеулер
жүргізуде
көптеген проблемалар мен құбылыстардың
келіп шығу тегін пайымдап, қазіргі күн
талаптарына сай пайдалануға мүмкіндік
береді.
Диссертациялық зерттеулерге қойылатын
басты талап, таңдап алған тақырыптың
өзектілігі (көкейкестілігі – актаульность).
Бұл алынған тақырыптың ғылымда
қаншалықты дәрежеде зерттелгеніне және
оның педагогиканың теориясы мен прак-
тикасына тигізетін пайдасына байланы-
сты. Осыған орай ғалымдар, көкейкесті
мәселелерді шешуге арналған және бұрын-
соңды болмаған жаңалығы бар, оны зертте-
уден келіп шыққан нәтиже педагогиканың
кейбір мәселелеріне, не болмаса осы
ғылым саласына толығымен жаңа көзқарас
қалыптастырып, қолданбалы мәселені ше-
шуде жаңа бір ғылыми зерттеу бағытын
ашатын болса онда көкейкестілігі немесе
өзектілігі ең жоғары дәрежедегі тақырып
деуге болатынын көрсеткен.
Бұдан басқа белгілі бір ғылым сала-
сында кейбір тұстары шешімін таппай
келе жатқан мәселені меңзесе, не болма-
са ғылымда табылған шешімі әлсіз, оған
арналған басылымдар да жеткіліксіз бол-
са, ондай тақырыпты да көкейкесті деп
санауға болады. Бұндай тақырыптарды
зерттеу ғылымның осы саласына қатысты
теориялық
мәселелерді
толықтырып,
қолданбалы зерттеулерге жол ашады.
Кейбір тақырыптардың өзектілігі неме-
се көкейкестілігі төмен, мәселе теориялық
жақтан зерттелген, бірақ кейбір тұстары
шешімін таппаған, басылымдарда жария-
лануы жеткілікті көрініс тапқан болуы
мүмкін. Бұндай жағдайда тақырыпты зерт-
теу теорияның кейбір тұстарын нақтылап,
жекелеген адамдардың талабын қанағаттан
дырады.
Кез
келген
диссертацияның
тақырыбында, оның басты шешімін табуға
тиісті мәселесінің (проблеманың) көрініп
тұруы – оның көкейкестілігінен хабар
береді. Демек, оның жаңалығы да осыған
байланысты болуы тиіс. Тақырыпқа байла-
нысты түпкі мақсат көрсетілген соң, соған
сәйкес оның нысаны мен пәні айқындалып,
осыған орай шешімін табуға тиісті мәселелер
зерттеу жұмысының міндеттері ретінде
анықталады, болжамы, жаңалығы және
басқа да ғылыми аппараты белгіленеді.
Диссертациялық (магистрлік, PhD) зерт-
теулерге қойылатын басты талаптардың
бірі – белгілі бір дәрежеде жаңалықтың бо-
луы мен оның сол ғылым саласында ала-
тын орны практикалық және теориялық
мәнділігі ретінде көрсетіледі. Жаңалық
дегенді, белгілі бір нысанаға қатысты
қойылған мәселенің, жалпы бұрын соңды
ешкім айтпаған, жазбаған, елең еткізерлік
шешімін тауып ұсыну деп түсінген жөн.
Олар ғылыми жаңалықтардың сипаты
нысанаға, қойылған мақсат пен міндеттерге
байланысты әр түрлі дәрежеде болаты-
нын біз келтірдік. Бұл туралы ғылыми-
теориялық және практикалық мәндегі
шығармашылық
үрдістерді
зерттеген
ғалымдар Я.А.Панамарев, В.И. Андре-
ев, Г.С.Альтшуллер, Д.Б.Богоявленская,
А.В.Бушлинский,
А.М.Коршунов,
А.Б.Мигдал, П.К.Энгельмейер т.б. өз
еңбектерінде көрсеткен.
Ғалымдар, қай тұрғыдағы зерттеулерді
171
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
жаңалық деп санауға болатынын көрсетуге
ұмтылған. Олар мынадай болуы тиіс:
1. Бұрын зерттелген нысананың,
толық ашылмай қалған тұсын көрсетіп,
оны мәселе ретінде қойып, шешудің жаңа
әдістері, тәсілдері, жолдары, құралдары
т.б. бірқатар нұсқаларын тауып ұсыну
және табылған шешімді ғылыми тұрғыда
дәлелдеп көрсету;
2. Қойылған мақсатқа сай белгілі
бір дәрежеде тиімді нәтиже алу үшін
нысананың кейбір тұстарын ғана өзгерту.
Бұндай жағдайда оның (өзгертудің)
көптеген
нұсқаларын
(варианттарын)
қарастыра келіп, ең тиімді деген бір немесе
бірнеше жолдарын анықтап ұсынуға бола-
ды. Осы нысананы өзгертудің өзін жаңалық
деп көрсетуге де, оны ғылыми-теориялық
дәлелдеу аса маңызды. Алайда, оны шешу
барысында қолданған әдістер, тәсілдер,
құралдар т.б. бұрыннан белгілі болуы да
мүмкін;
3. Қойылған мәселенің шешімін,
көптеген жаңсақ шешімдердің арасынан
іздеп тауып, айқындау арқылы нысананы
айта қаларлықтай жіті (серьезно) өзгертуді
ұсыну. Бұндай жағдайда оны шешу әдістері
мен тәсілдерін т.б. басқа ғылым салала-
рынан іздестіріп тауып, осы нысанаға
сәйкестендіруге болады. Бұнда алынған
нысананың жаңа сипатын және оны
жаңғыртуға қолданған құралдар, әдістер,
тәсілдер, технологиясын т.б. жаңалық
ретінде ұсынуға болады;
4. Қойылған мәселені шешу ба-
рысында нысана толық өзгертіліп жаңа
түрде, нұсқада, сипатта ұсынылады. Мұнда
оны жаңартудың немесе жаңа нұсқасын
ұсынудың шешімдері техника, жеңіл
өнеркәсіп, химия, математика, физика,
басқа да ізгілікті (гуманитарлы) ғылымдар
т.б. іздестіріледі.
5. Нысананы құрайтын бүкіл жүйені
түгелдей, толығымен өзгертуге байла-
нысты мәселе қойылған жағдайда, оның
шешімдерін іздестіру барысында көптеген
қателіктер, кемшіліктер, жаңсақтықтардың
болуы заңды құбылыс деп қабылдаған
жөн. Бұндай күрделі мәселені шешудің
құралдары мен тәсілдері, әдістері дәл сол
сәтте, уақытта, дәуірде табыла қоюы да
екіталай болған жағдайда, оның жекелеген
тұстарына қатысты нағыз жаңалық ашу
қажеттігі туындайды. Сондықтан күрделі
мәселелерді бөлшектеп жеңілдету, кейбір
тараптарын ғана қарастыру секілді т.б.
жүзеге асырылады.
Ғылыми зерттеулерге классикалық
тұрғыда жуықтайтын (подход) болсақ,
кейбір жаңалықтар дәл сол уақытта
ғалымдар тарапынан, кейде тіпті көпшілік
тарапынан дереу танылмай, қателік ретінде
қарастырылыуы да қоғамда орын алады. Бұл
да сол диалектиканың заңдылықтарының бірі
екенін ескерсек, зерттеулерде, егер белігілі
бір дәрежеде ашылған жаңалық ғылыми
тұрғыда дәлелденсе, оны дұрыс тани білген
жөн. Қалай болған күнде де тақырыпты
анықтаған кезде онда зерттелетін басты
мәселе (проблема) көрініп тұруы керек. Бұл
зерттеу жұмысының нысаны мен пәнін т.б.
дұрыс анықтауға шарт түзеді.
Тарихи-педагогикалық
зерттеулерге
тоқталамыз. Барлық басқа салалардағы
зерттеулер сияқты бұл да көрсетілген
диалектиканың
заңдылықтарына
тәуелді. Бұл ретте тарихи-педагогикалық
зерттеулердің жаңалықтары қандай болуы
мүмкін деген сауал туындайды. Осыған
орай, қарастыратын болсақ, жаңалық зерт-
теу нысанына байланысты, ал ол тарихи-
педагогикалық зерттеулерде сан алуан.
Солардың кейбіреулеріне тоқталайық.
Диссертацияның тақырыбы Қазақстанда
білім берудің даму тарихына байла-
нысты болса, мұны жалпы тарихты
зерттеушілер, философ, әлеуметтанушы,
саясаттанушылар да зерттеген. Соны-
мен бірге, тарихи-педагогикалық тұрғыда
Қ.Бержанов, Ә.Сембаев, И.Б.Мадин,
К.Қ.Құнантаева, Г.А.Уманов т.б. зертеген.
Педагогиканың басқа салаларына байла-
нысты, мысалы, мектепке дейінгі меке-
мелер мен педагогиканың дамуы: бастау-
ыш білім және педагогикасының дамуы;
Қазақстанда жалпы орта білім беретін
172
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
мектептердің дамуы; Қазақстанда орта
кәсіптік мектептердің дамуы; Қазақстанда
колледждер мен лицейлердің дамуы деп
қарастырған еңбектер де баршылық.
Қазақстанда жоғары мектептің дамуы;
оның өзі педагог кадрлар даярлаудың даму
тарихы, инженер, экономика, техникалық
және басқа да кадрлар даярлаудың да-
муы секілді т.б. бөлінеді. Бұдан басқа
педагогика ғылымының дамуы; педаго-
гика теориясының дамуы, оқушыларға
адамгершілік тәрбие беру теориясының
дамуы деген секілді тәрбие мен оқытудың
жекелеген құрамдас бөліктерінің дамуы
мен қалыптасуына қатысты еңбектерді
кездестіреміз.
Белгілі уақыт аралығындағы қоғамның
даму кезеңіне байланысты, не бүкіл бір
дәуірге қатысты тарихи-педагогикалық
ғылыми
зерттеулер
бар.
Мысалы,
Х-ХІҮғғ. Қазақстандағы тәлімдік ой-
пікірлердің дамуы, ХІХ ғ. екінші жарты-
сында ағартушылардың мұрасындағы
рухани-адамгершілік идеялардың дамуы,
Қазақ хандығы тұсындағы педагогикалық
ойлардың
дамуы,
ақын-жыраулар
мұрасындағы жас ерекшеліктеріне қатысты
педагогикалық ойлар; қазақ ойшылдарының
мұрасындағы ұстаз тәрбиесіне қатысты
ойлар,
Алашорда
қайраткерлерінің
педагогикалық мұралары, инновациялық ба-
стауыш мектептің дамуы, Шығыс Қазақстан
аймағындағы білім беру жүйесінің дамуы
мен қалыптасуы т.б. бағыттағы еңбектерді
айтуға болады.
Бұлардан басқа жекелеген белгілі
тұлғалардың
өмірі,
педагогикалық
қызметімен
тәлім-тәрбиелік
көзқарастарына қатысты еңбектерді де
тарихи-педагогикалық зерттеулер аясынан
көреміз.
Атап айтсақ, Ыбырай Алтынсариннің
өмірі, қызметі және педагогикалық
көзқарасы; М.Жұмабаевтың педагогикалық
қызметі мен тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері;
Абай Құнанбаев мұраларын оқу-тәрбие
үрдісіне ендірудің тарихы; М.Әуезов
еңбектеріндегі педагогикалық ойлар т.б.
арналған диссертациялық жұмыстар бар.
Бұндай диссертациялық жұмыстар да
тарихи-педагогикалық зерттеулерге жа-
тады. Бірақ олардың өзіне тән ерекшелігі
алынған тақырыптың алдына қойыған
мәселесі, көкейкестілігіне сай өзгешеленеді.
Біз бұл жерде жалпы мәселені ғана қозғап
отырмыз.
Осы, тағы басқа да тарихи-педагогикалық
мәндегі зерттеулердің басты мақсаты өткен
дәуірдегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді зерт-
теп, соның ішіндегі қазіргі өсіп келе жатқан
жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қажетті
тұстарын іріктеп алып, іс жүзінде қолдану,
сол арқылы педагогика ғылымының теори-
ясы мен практикасын байыту, толықтыру,
керек десеңіз жаңғырту деуге де болады.
Жалпы алғанда, зерттеу үшін таңдап алған
нысананың өткені, бүгіні мен болашағын
тарихи-педагогикалық тұрғыда көрсету
осындай зарттеудің міндеті саналады.
Қалай болған күнде де аталмыш сипаттағы
ғылыми зерттеулер тарихи-педагогикалық
тақырыпта болуы себепті, өткен дәуірдің
белгілі бір кезеңіне соқпай өтпейтіні анық.
Өйткені, қоғамның дамуы біртұтас сипат-
та болғаны себепті, ондағы болып жатқан
өзгерістер, саяси-әлеуметтік, экономикалық
т.б. ахуалдар жеке адамға да, ондағы сол
қоғамға қызмет етіп жатқан мекемелерге
де ықпалын тигізбей қоймайды. Осы және
басқа да жоғарыда келтірген пікірлерді
ескере келе, жалпы педагогиканың тари-
хына қатысы бар еңбектерге қойылатын та-
лаптарды былайша көрсетуге болады:
1. Қарастырып отырған нысананың
(объектінің) – ол белгілі бір тарихи кезең
бе, жоқ әлде жекелеген оқу-тәрбие ин-
ститутына байланысты ма, жекелеген
тұлғаның өмірі мен қызметі педагогикалық
көзқарасына қатысты ма, қазіргі кездегі
жай-күйі мен оның өткен тарихи кезеңмен
байланысы және болашағын, мысалы оқыту
мен тәрбиелеуге тигізетін пайдасын, пай-
ымдап көрсету. Бұл зерттеу жұмысының
мәнділігін дәріптейді.
2. Объектінің даму тенденцияла-
рын айқындау; бұл алдыңғы көрсетілген
173
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
пунктпен байланысты. Өйткені, соған
сүйене отырып болашақта қай сипатта
дамуы мүмкін және оқу-тәрбие үрдісіне
қай тұрғыда ықпал етіп, оның дамуы мен
қалыптасуына қалайша септігін тигізбек;
кейде тіпті, жекелеген адамға әсері қандай
болмақ деген секілді мәселелерді де қамту
жұмыстың құндылығын ашып көрсетуге
әсер етеді;
3. Кез келген тарихи-педагогикалық
зерттеу жұмысы белгілі бір кезеңді қамтиды.
Сондықтан объектінің даму тенденцияла-
рын көрсетуде хронологиялық реттілікті
сақтау маңызды. Ол жай ғана жылдарды
ретімен көрсетіп қою емес, соның ішінде
объектінің жылма жыл қай тұрғыда өзгеріп
дамығанын, не кері кеткенін, оның себептері
және салдарымен қоса педагогикалық
сипаттап көрсету зерттеу жұмысының
жаңалықтарының дәлелділігін арттырады.
4. Тарихи-педагогикалық зерттеу-
де объектінің белгілі бір кезеңдегі жай-
жапсарын талдап көрсетуде оны дәуірдің сол
кезеңіндегі әлеуметтік, саяси, экономикалық
ахуалмен тығыз байланыста қарастыра
келіп, олардың өзара ықпалдастығын ашып
көрсету – оның ғылыми негізін нығайта
түседі. Мұнда әрине, басқа ғылым салала-
рына қайрылуға тура келеді. Мысалы, та-
рих, философия, экономика, әлеуметтану,
саясаттану, мәдениет, әдебиет, өнер, психо-
логия т.б.
5. Зерттеуге алынып отырған ныса-
на (объект) ең әуелі, бастапқы кезде қандай
күйде еді, қазір қандай күйде оны қалай
өзгертуге болады, – деген сауалға жауаптар
іздеп табу, алынған нысананың ахуалын
нақты, анық көрсетуге және жалпы ғылыми-
зерттеу жұмысының теориялық мәнділігін
дәлелдеуде маңызды. Бұл нысананың
нағыз даму үрдісін сипаттауға, талдауға
байланысты болуы себепті, жұмыстың
тараулары мен пәрелері (параграфтары),
бөлімдері арасындағы логикалы байланы-
сты көрсетуге септігін тигізеді.
6. Әрбір ашылған жаңалық немесе жаңа
педагогикалық пікірлер мен ой тұжырымдар,
айғақтар, дәлелдер, деректер, құжаттар,
жазбалар тағы басқа нақты материалдар-
мен дәл, анық көрсетіліп, педагогикалық
тұрғыда сипатталып, қажеттілігі дерек
көздерімен дәріптелуі тиіс. Бұл жұмыстың
тарихилығының көрсеткіші болмақ.
Кез келген зерттеу жұмысының мәні
сол салада, айталық, педагогика саласына
қатысты жаңалық ашу арқылы оны байы-
ту, ондағы туындап отырған мәселелерді
шешуге ықпал ету, осы ғылымның өз
ішіндегі белгілі бір саласына қатысты
теориялық және практикалық мәселелерді
шешу жолдарын көрсету. Отандық педаго-
гика ғылымының мазмұнын байыту, оның
теориясы мен практикасына үлес қосуды
көздейді. Бұл ретте бірқатар жұмыстар
жүзеге асып та жатқаны белгілі. Алайда,
педагогика секілді аса күрделі де, терең,
әрі жан-жақты ғылым саласы әлі де болса
көптеген іргелі зерттеулерді қажетсінеді.
Алдымызда 12 жылдық мектеп мәселесі бой
көтеруде. Осының өзі-ақ педагогика тарихы-
на қайырылып, ондағы озық тәжірибелерді
қайта жаңғыртып, қазіргі заман талапта-
рына сай азаматтарды оқытып тәрбиелеуде
ұтымды қолдану міндетін қойып отыр.
Резюме
В статье рассматривается проблемы научного исследования истории педагогики.
Summary
In article it is considered problems of scientific research of history of pedagogics.
174
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Қ.М.Омаров –
педагогика ғылымдарының кандидаты,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дің
«Туризм» кафедрасының меңгерушісі
С.Қ.Алшымбеков –
аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МЕКТЕПТЕН ТЫС ТУРИСТІК ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНДЕ
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының
саяси кемелденуі мен білім беру жүйелерінің
қайта құрылуы жағдайында жан-жақты
білімді, мәдениетті, іскер, белсенді тұлғаны
қалыптастыру, сондай-ақ тұлғаның өзінің төл
мәдениетіне сай болуына жағдайлар жасау
қажеттілігі бұрынғыдан да даму түсуде.
Себебі, бүгінгі қоғам дамуының басты
және күрделі міндеттерінің бірі – келешегіміз
жеткіншек жас ұрпақты тәрбиелеуде біліміне
біліктілігі сай мамандар даярлау ісін жоғары
деңгейге көтеру. Ал ұлт мектептерінің қоғам
алға қойған талаптар деңгейінен көрінуі де
болашақ мамандар тұлғасына байланысты.
Сондықтан,
туризм
мамандығына
бейімделген
туризм
мамандары
мен
нұсқаушыларды,
әсіресе
халықтық
педагогикадағы
ұлттық
ойындарды
оқушылардың мектептен тыс туристік іс-
әрекеттерінде пайдалану жөнінде ғылыми-
теориялық,
әдіснамалық,
әдістемелік
даярлық сапасын арттыру өзекті мәселе.
Сондықтан
туризм
мамандары
мен
нұсқаушыларының әдістемелік даярлығына
қоятын қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тап-
сырыстары, ең алдымен, осы даярлықтың
мазмұнын,
формалары
мен
әдістерін
өзгертуді, екіншіден, оны халыққа білім
берудің бүкіл жүйесін жаңарту мен қайта
құру принциптеріне сай дамытудың негізінде
айтарлықтай жаңа деңгейге көтеруді көздейді.
Бұның бәрі, түптеп келгенде, туризм маман-
дары мен нұсқаушыларды оқушылардың
мектептен тыс жұмыстарындағы туристік
іс-әрекеттерінде ұлттық ойындарды тәрбие
құралы ретінде пайдалана білуге даярлығын
қалыптастырудың аса көкейкесті проблемасы
екендігін дәлелдейді.
Аталған проблеманың шешімін табу
үшін мұнда тәрбие процесіне байланы-
сты көрсетілген бірнеше жеке мәселелердің
мақсат, міндеттерін айқындау қажеттілігі
туындайды. Атап айтқанда, ұлттық ойындар
пайдаланылатын оқушылардың туристік іс-
әрекеттері мектептен тыс жұмыстар жүйесіне
жататындықтан туризм мамандары мен
нұсқаушылар алдыңғы кезекте осы жүйелі
жұмыстың педагогикалық мақсат, міндеттерін,
ерекшеліктерін, мазмұны мен жай-күйін,
ондағы өз қызметтерінің орнын теориялық,
әдістемелік тұрғыдан игерулері тиіс. Себебі,
тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай жау-
апты жұмысқа тәжірибесі жеткіліксіз маман-
дарды тартуға жол беріліп жүр.
Сонымен, оқушылармен жүргізілетін
мектептен тыс тәрбие жұмысының жүйесі
оларға тәрбие беру және жан-жақты дамыту
мақсатында мектептің өзінің, педагогтардың,
оқушылар ұжымының, мектептен тыс
ұйымдарының,
ата-аналар
активінің
мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға
құрылады және екі негізгі міндетті шешумен
анықталады.
а) мектептен тыс тәрбие жұмысының
барлық негізгі түрлері мен бағыттарын,
бірінші кезекте қоғамдық-саяси қызмет пен
қоғамдық пайдалы еңбекті, дене тәрбиесі мен
спортты, алуан түрлі көркемдік қызметті,
туристік өлкетануды дамыту;
б) оқушылардың жеке мүдделері мен
бейімділіктерін барынша қанағаттандыруды
қамтамасыз ету үшін сыныптан тыс алуан
түрлі жұмысқа барлық жастағы оқушыларды
тарту.
Мектептен тыс жұмыстың өзіндік
ерекшелігі. Оқыту сабақтарына қарағанда
мектептен тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі.
Оның бірінші ерекшелігі, міне, осында.
Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байла-
нысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жа-
175
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
зылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары
бойынша көп болып және жеке атқаратын
жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік, ең
алдымен мектептен тыс жұмыс түрлерін еркін
таңдап алуды білдіреді. Педагогтар және
оқушылар ұжымдарының міндеті – мектеп-
тен тыс жұмысқа оқушылардың ешқайсысын
қалдырмай, түгел тарту. Мұны, әрине,
ешқандай мәжбүрлеусіз, атқару керек.
Мектептен
тыс
жұмысты
ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның
міндетті бағдарламалар көлемімен байланы-
сты болмайтындығында. Оның мазмұны мен
формасы негізінен алғанда оқушылардың
ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті
жағдайларға байланысты болады. Пәндік
және басқа үйірмелердің программала-
ры шамалық, бағдарлық күйде болады.
Осы программалардың және методикалық
нұсқаулардың
негізінде
үйірмелердің
жетекшілері нақты жағдайларды және
оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып
жұмыс жоспарын жасайды. Бұл мектептен
тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді,
мектеп оқушыларының ынтасы мен тілек-
талаптарына сай келетіндей етуге мүмкіндік
береді.
Оның үшінші ерекшелігі жас шамасы әр
түрлі оқушыларды қамтитығында. Мектеп
көркемөнерпаздар үйірмелерінің, туризм және
ұжымдарының жас шамалары әр түрлі бо-
лып келетін құрамы мектептен тыс жұмысты
ұйымдастыруға және өткізуге кедергі бола
алмайды. Керісінше, әр түрлі сыныптардың
оқушыларын біріктіре отырып, мектептен
тыс жұмыстар бүкіл мектеп ұжымының
топтаса түсуіне себепші болады. Әр түрлі
сыныптардың оқушыларын біріктіретін
үйірмелерде ересектеу балалардың
өзінен кішілерге қамқорлық жасаулары-
на, жолдастық өзара көмекті өрістетуге
жақсы жағдай туғызылады. Мектептен тыс
жұмыстың төртінші ерекшелігі онда өз бетімен
айналысудың басым болуынан көрінеді.
Үйірмелерде, туризм және ұжымдарының
спорт,
көркемөнерпаздар
ұжымдарында
балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне
кең мүмкіндіктер беріледі. Оны, әрине, пе-
дагогтар бағыттап отырды, бірақ оқыту
сабақтарынан ерекшелігі – оны негізінен мек-
теп оқушыларының өздері ұйымдастырады.
Мектептен тыс және жұмыстарға басшылық
жасау инициатива мен дербестікті дамытумен
үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған сай-
ын оның инициативалылығы мен дербестігі
толығырақ, жан-жақты көрініс береді. Олар әр
түрлі үйірмелерге, клуб типтес бірлестіктерге
қатысушылар рөлінде ғана емес, мектептен тыс
істерді ұйымдастырушылар рөлінде де көзге
түседі. Жоғары сыныптардағы оқушылардың
бастауыш және орта сынып оқушыларын
біріктіретін үйірмелерге жетекшілік етуі де
жиі кездеседі.
Қазіргі жағдайдағы мектептен тыс
тәрбие жұмысының бесінші ерекшелігінің
мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің
сыбағалы салмағының артқандығында. Егер
біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста
өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары
басым болып келсе, қазір ол қоғамға пай-
дасы мол бағытқа ие болып келеді. Соның
нәтижесінде ол мектеп оқушыларына, әсіресе
жоғары сыныптарда кәсіптік бағдар берудің
өте маңызды да ықпалды құралы ретінде
көрініп отыр.
Оның алтыншы ерекшелігі – форма-
лар мен әдістердің сан алуандығы. Мектептен
тыс жұмыстардың барлық формалары мен
әдістерін санап шығу өте қиын және мүмкін
де емес.
Қазіргі жағдайдағы мектептен тыс
жұмыстың жетінші ерекшелігі – оның
бұқаралығы. Ол табиғатты, техниканы, өнерді
сүйетін жеке балаларды ғана емес, барлық
оқушыларды қамтиды. Оның бұқаралық фор-
малары топтық және жеке-дара жұмыстармен
толықтырылып отырады.
Қазіргі кездегі мектептен тыс жұмысқа
қойылатын негізгі талап – оқушылардың
жан-жақты дамуына көмектесу. Балалар
үйірмелері, секциялары, әр түрлі қоғамдары
мен басқа да өз бетімен жұмыс істейтін
шығармашылық бірлестіктері жүйесі олардың
пайдалы және қызғылықты істерді кең мо-
лынан таңдап алуға мүмкіндік беруге тиіс.
Мектептен тыс жұмыс процесінде жекеле-
ген балалар мен жеткіншектер үшін белгілі
бір сабақтарды таңдап алу ерікті іс болып
табылатындықтан, мұндай жұмыс жүйесінің
болуы әрбір мектеп үшін міндетті. Мектептен
тыс жұмыс жүйесі мектеп оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін, қоғамдық
176
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
белсенділігін көрсететін майдан бола оты-
рып, оқушылар ұжымдарының қалыптасуына
және топтасуына, оқушыларды саналы тәртіп,
жауапкершілік, өз мектебіне пайдалы болуға
тырысу рухында тәрбиелеуге мүмкіндік
береді.
Сонымен
қатар,
мектептен
тыс
жұмыстардың тәрбиелік құндылығы, олардың
тиімділігі көбіне мына төмендегідей бірқатар
талаптарды сақтауға байланысты.
Ең алдымен, олардың мемлекеттің саяси
бағыттылығын қамтамасыз етудің маңызы
зор. Бұл талапты мектептен тыс жұмыстың
формалары мен әдістерін таңдаған кезде, оны
жоспарлау және ұйымдастыру процесінде,
қорытынды шығарған кезде сақтау қажет.
Мектептен тыс жұмысқа қойылатын
талаптардың ең маңыздыларының бірі
– оның өмірмен, практикамен тығыз
байланыстылығы. Кез келген үйірменің,
ғылыми қоғамның жұмысы айнала қоршаған
өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге бел-
сене қатысуға себепші болуы тиіс.
Мектептен тыс жұмыстардың мазмұны
мен ұйымдастырылуын мектептің оқу-тәрбие
міндеттеріне бағындыру қажет. Үйірмелік және
бұқаралық мектептен тыс жұмыс үшін жалпы
білімді және политехникалық дүниетанымды
кеңейтуге, адамгершілік және еңбек тәрбиесін
беруге, саяси сананы, эстетикалық талғамды
және дене қуатын дамытуға септігін тигізетін
материал іріктеудің маңызы үлкен.
Қорыта
айтқанда,
мектептен
тыс
жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын
талаптардың бірі – олардың алуан түрлі және
жаңа болуы. Оқушылардың бір сарынды,
біркелілік пен іш пыстыратын іске төзбейтіні
белгілі. Олар бірсарынды жұмыстарға ынта
көрсетпейді, оларға қатыспайды, оларды
өткізген кезде тәртіп бұзады. Сондықтан
оқушылар мектептен тыс жұмыстарға
ықыласпен барулары үшін онда тартымдылық,
алуан түрлілік, жаңалық болуы керек.
Өкінішке орай, мектептен тыс жұмысты
ұйымдастыруда әлі де болса айтарлықтай
кемшіліктер кездеседі. Кейбір мектептер үшін
бұл жұмыстың жеке бағыттарын ғана дамы-
ту тән болып отыр. Мәселен, кейде педагог-
тар мен оқушылар ұжымдары өз күш-жігерін
дене тәрбиесін немесе эстетикалық тәрбиені
ұйымдастыруға ғана бағыттайды. Енді
біреулерінде еңбекке тәрбиелеуге, ғылыми-
техникалық шығармашылықты дамытуға
ғана басар назар аударылады. Кешенді түрде
тәрбиелеу – балалардың жан-жақты дамуын
талап етеді. Мектептен тыс жұмыстың бір
бағытын арттыру оқушылардың ынтасы мен
бейімділіктерінің жан-жақты дамуын тежейді,
баяулатады. Педагогтар ұжымдарының ке-
зек күттірмейтін міндеттерінің бірі – мектеп
ұжымының іс-әрекеттерінің барлық негізгі
бағыттарын дамытуды қамтамасыз ететін
жүйе құру.
Демек,
оқушылардың
туристік
іс-
әрекеттерінде
пайдаланылатын
ұлттық
ойындарды мектептен тыс тәрбие процесінде
тәрбие құралы ретінде қолдану педагоги-
ка ғылымының көкейкесті мәселесі, негізгі
принциптерінің бірі болып табылады.
Резюме
В статье расcматривается казахские национальные игры, используются как система средств вос-
питания в организации туристской деятельности. А также, казахские национальные игры являют-
ся эффективным средством воспитания в организации внешкольных туристских мероприятий.
Summary
In this article,were determined upbringing possibilities of kazakh national games, used in tourist
activity of pupils. Importance’s of the interconnected notions «Tourist activity», «national game» reveal as
scientifically-theoretical base of the research.
177
Достарыңызбен бөлісу: |