Ұлттық ТӘрбие бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет22/24
Дата31.03.2017
өлшемі3,25 Mb.
#10947
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

ӘДЕБИЕТТЕР:
Зия Көкалып.
1. 
 Түрікшілдіктің негіздері. –Алматы, 2000. - 130 б.
Ғабитов  Т.,  Мүтәліпов  Ж.,  Құлсариева  А.
2. 
  Мәдениеттану  негіздері.  –Алматы:  «Дәнекер», 
2002.
Ертедегі ескерткіштер елесі. – Алматы, 1976.
3. 
Резюме
В статье подробно рассмотрена роль национальной культуры в развитии детей. А также приве-
 также приве-
также приве-
 приве-
приве-
дены примеры современных цивилизаций в нашей стране.
Summary
The article discussed in detail the role of national culture in the development of children. As well as 
examples of modern civilizations in our country.
К.Абдуманапова – 
Алматы облысы, Панфилов ауданы, 
Н.Головацкий атындағы орта мектеп мұғалімі 
  ХХІ  ғасырдың  жастары  жаһандану  дәуірімен  өмір  сүруге  тиіс.  Олардың 
бәсекеге қабілетті болуы үшін үкіметіміз барлық мүмкіндіктерді жасау керек. Мектеп 
қабырғасындағы оқушыны тәрбиелеу үшін өз ұлтының құндылығын білетін мұғалім 
мен ата-ана тұрса, ал маман алдында сол ұлттық ділімізбен қаруланған қоғам ие болу 
керек. Сонда «шекарадан шығып», «әдептен озатын» жастар бағыты өзгереді деген 
ойдамын. 
ӘДЕПТЕН ОЗБАЙЫҚ...
Халқымыздың ежелгі дәстүр, салты заман 
ағымы қанша өзгерсе де сол қалпында тамы-
ры сақталып қалады.
Дәстүр, тарих, әдебиет, өнер деген адами 
болмысқа  қажеттінің  бәрінің  түпкі  нұсқасын 
халқымыз ұрпаққа табыстап кеткен жоқ па?
Ғасыр  кемеліне  келіп,  жаһандану  дәуірі 
жанданып  жатқан  шақта  салт-дәстүріміз  за-
ман  көшіне  ілесіп,  ұлттық  құндылығымыз 
әлсізденіп  бара  жатқан  сияқты  көрінеді. 

161
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Бүгінде  ескі  дәстүр,  салтты  ақырын  ғана 
күбірлеп сөз арасында қариялар еске түсіреді. 
«Той – құдайдың қазынасы» дегендей қазір 
той көп. Соның бірі нағыз ұлттық дәстүрдегі 
«қыз ұзату» тойы. Бұл той сағат кешкі сегіз-
тоғызда басталып, түнде он екіге он бес ми-
нут қалғанда аяқталып, қызды ел жұрты түнде 
шығарып салады. 
Қыз  ұзатылып  кеткен  соң  түнделетіп  ұл-
дың үйіне барады. Ал, бұрынғы салт-дәстүрге 
жүгінсек,  ұлы  ұстаз  Ы.Алтынсариннің 
«қазақи  неке,  келін  түсіру»  деген  кітабында      
этнограф Сейіт Кенжеахметовтың «Қазақтың 
салт-дәстүрлері»  деген  еңбегінде  «қыз 
ұзату»  тойы  қыздың  ел-жұртымен  қоштасу 
тойы, - деп түсіндіреді. Екі ғасырдың ғұлама 
ойшылдарының  еңбегіне  үңілсек  адамзат 
тіршілік  еткен  дүниенің  қадір-қасиетімен 
астастырып  шығарғаны  шындық.  Түн  – 
тіршіліктің  тынығу  сәті.  «Түнмен  алыспа», 
«түн ұйқысын төрт бөліп» деген сөз астарында 
терең философиялық мағына жатқан сияқты.
Ұзатылған  қызды  кеш  батпай  шығарып 
салу  бұрынғы  салтымызда  бар.  Ақ  желегін 
жамылып,  шымылдықтың  ар  жағында  ай 
жүзін жарқыраған күнде келін түссе келісіп-
ақ тұр ғой.
Қазақтың ауыз әдебиетінде «Тұрмыс-салт» 
жырларындағы  «беташар»  деген  тақырыпты 
өткенде мен оқушыларымнан қатты ұяламын. 
Өйткені, олар кітаптан гөрі өздері көрген бе-
ташар  туралы  топырлатып  сұрақтар  қояды. 
Бүгінде  «шоу  бизнес»,  «той  бизнес»  деген 
кәсіби сөздер шықты. Асабаның алдына табақ 
қойып еңкейген қарттан бесіктегі балаға дейін 
«сәлем» бергізеді. Табақ толса, үй иесі қадірлі, 
толмаса «бергені аз» деген атақ алады. Ауылға 
түскен  келінді  әдептілікке,  адалдылыққа 
үйреткен халқымыз:
Қаптың аузы бос тұр деп
Құрт ұрлама келіншек.
Аузы-басың сүйреңдеп,
Өсек айтпа келіншек.
Өзің жатып байыңды
Тұр-тұрлама  келіншек,  -  деп  келіннің 
бетін  ашқан  жігіт  халық  атынан  жас  келінді 
тәрбиеге шақырған емес пе?! Табалдырықтан 
аттағаннан  бастап  келінді  ел-жұртымен  та-
ныстырып,  келіннің  басына  әулеттің  асыл 
әжелері  ақ  жаулығын  салса,  үйлесіп-ақ  тұр 
ғой шіркін!
«Әке  тұрып  ұл  сөйлегеннен  без,  шеше 
тұрып  қыз  сөйлегеннен  без»  деген  мәтелдің 
аударма  мәтіндерін  әркім-ақ  біледі.  Қазіргі 
тойға  әке-шеше,  келін-бала,  немере-шөбере 
бәрі  түгел  бара  береді.  Соның  ішіндегі  ең 
сарапшысы  –  оқушы  бала.  Олар  –  магнит. 
Оның ақыл-ойы, сезім күші өте жоғары. Той-
да не көрді, айна-қатесіз ашық айтатын тұлға. 
Бұрынғы қазақи өлеңдерде:
«Апам тойға кеткенде
Не деп кетті жар-жар.
Тары түйіп талқанын,
«Же»  деп  кетті  жар-жар»,  -  деп  үлкені 
кішісін жұбатып, тойдан келгенше үйінде   от-
ыра беретін. Бұл дәстүрдің түпкі мәні адамдар 
арасындағы  «тектілік»  болса,  ал  балаларды 
«өзін-өзіне» тәрбие беруге шақырған.
Бәрі  де  заманның  көші  деп  ілесіп  жүре 
берсек,  дәстүр-салттан  біртіндеп  айыры-
ламыз.  Тектілік  пен  тексіздік,  саналы  мен 
мәңгүрттік, арамдық пен адалдық, жақсылық 
пен  жамандықтың  бәрін  араластырып 
жіберсек ата-бабамыздың тастап кеткен руха-
ни байлығымыз жойылады. 
Әлдеқашан  көшіп  кеткен  жұрттың  ор-
нынан  өткен  шоқты  қайта  тұтатқан  Мұхтар 
Әуезов ғұлама Абайды өшірмей бізге әкелсе, 
сол  жалынды  болашақтың  қолына  дәстүр-
салтты өзгерпей тапсыру біздің қолымызда.
Әдептен озбайық!
Құрметті оқырмандар!
Сіздерді «Қазақ тілінің мәртебесін ұлттық 
салт-дәстүріміз арқылы дамыту» тақырыбында 
пікір  алмасуға  шақырамын.  Заман  ағымына 
жаңа қырынан көрінемін деп өз тілі мен сал-
тын,  әдеті  мен  дағдысынан  ауытқып  кеткен 
жастарымыздың  легі  күннен-күнге  көш  ба-
стауда.  Осы  журнал  арқылы  халқымыздың 
ұлттық  тәрбиесі  мен  болмысына,  жастарға 
үлгі  боларлық  тағылымы  құнды  мақалалар 
күтемін. 

162
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
«Молодежь  –  социально-демографичес-
кая  группа,  выделяемая  на  основе 
совокупности  возрастных  характеристик, 
особенностей  социального  положения  и 
обусловленных теми или другими социально-
психологическими  свойствами,  которые 
определяются 
общественным 
строем, 
культурой, закономерностями социализации, 
воспитания данного общества, доля в составе 
населения до 20%». [1, 824]
Молодежь  –  всем  хорошо  известная, 
но  мало  понятная  категория  современного 
общества.
На сегодняшний день  отсутствует  общее 
видение  молодежного  социокультурного 
пространства,  как  состояния  и  среды, 
определяющей 
реальное 
развитие 
индивида, не определена общая тенденция, 
выступающая главной в развитии молодежи 
как    субъекта  в  социуме,  в  системе 
отношений.
Понимание  принципиальной  смены 
парадигмы  юношеского  возраста,  социоло-
гии  молодежи,  социальной  педагогики 
–  главный  позитивный  итог  многолетних 
поисков  и  дискуссий  в  социальной 
педагогике.
С  целью  социального  познания  будет 
правомерным отметить следующие основные 
факторы определения понятия «молодежь»:
Психофизиологический 
фактор: 
молодость - определенный возраст со своими 
биологическими 
и 
психологическими 
отношениями 
и 
обладающее 
всеми 
особенностями возрастного класса.
Социальный  фактор:  молодежь  -  это 
особая социально-демографическая группа, 
ограниченная  возрастными  рамками;  со 
специфически  -  социальной  позицией, 
статусом и ролями.
Личностный    фактор:  молодежный 
возраст  -    период  социального  роста, 
первичной  социализации,  когда  бурно 
развивается  чувство  индивидуальности, 
самоопределение, персонализация. 
Субкультурный  фактор:  молодежь  - 
группа  со  своим  специфическим  образом 
жизни, стилем поведения, нормами культуры 
и ценностями.
  Конфликтологический фактор: молодость 
-  это  трудный,  полный  стрессов  и  важный 
период  жизни;  характеризующийся    как 
«проблемная стадия в развитии человека».
Субъективный  фактор:  молодость  -  это 
особое  мироощущение,  устремленность  в 
будущее,  оптимизм,  жизнелюбие,  жажда 
деятельности.
Сопоставление    определений  молодежи  
фиксирует  ее  реальные,  значимые  черты 
и  особенности,  но  ни  одно  не  является 
исчерпывающим.                    
Было  бы  методологически  неверно  и 
непродуктивно сводить процесс социального 
развития  личности  лишь  к  выделению  ее 
типологических характеристик,  однозначно 
определить  то  или  иное  поколение 
независимо от характера и обоснованности 
оценок.  
На  наш  взгляд,  с  большой  долей 
вероятности  можно  выделить  всеобщие, 
универсальные 
свойства 
молодежи: 
возраст  следует  оценивать  не  только 
формально,  как  количество  прожитых  лет, 
но  и  содержательно,  по  основным  ролям 
и  функциям,  которые  люди  выполняют  на 
определенном этапе жизни. 
Г.Б.Шарипова – 
старший преподаватель кафедры романо-
германских языков, КазНПУ имени Абая
К.К.Ибрагимова –
старший преподаватель кафедры романо-
германских языков, КазНПУ имени Абая
 
МОЛОДЕЖь, КАК СОЦИУМ В СОВРЕМЕННОМ ОБщЕСТВЕ

163
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
В рамках социального фактора молодежь 
рассматривается как социальный феномен.
Молодежь  -  часть  общества;  ключом 
к  познанию  природы  молодежи  является 
диалектика целого и части. Не поняв общества, 
в котором живет молодежь - не понять самой 
молодежи  и  ее  специфических  проблем. 
Не  поняв  молодежь  данного  общества  - 
не  постигнуть  всех  его  противоречий  и 
проблем,  а  значит,  не  раскрыть  будущего 
этого общества. 
Общественные  проблемы  в  сущности 
во  многом  берут  свое  начало  от  молодежи 
и  в  этом  смысле  являются  молодежными. 
Исследование  молодежи  вне  общества  в 
целом  является  абстрактным,  неполным  и  
бессмысленным. На этом основании строится 
широко  распространенное  заблуждение, 
что  никаких  особых  проблем  молодежи  не 
существует,  есть  проблемы  общества,  и  их 
надо  решать.  Решив  проблемы  общества  - 
решим проблемы молодежи.
Молодежь является зеркалом, в котором 
отражается    социальная  действительность, 
в  условиях  которой  она  живет.  Молодежь, 
такова,  каким  является  взрастившее  ее 
общество. 
Молодежь  -  часть  различных  классов  и 
социальных  слоев,  наций,  она  их  продукт 
и  средство  их  воспроизводства,  что 
предполагает    рассмотрение  молодежи 
как  части  общества  во  взаимосвязи, 
взаимозависимости,  взаимодействии.  При 
этом  важно  изучение  не  только  психо  -  
физических  факторов,  но  и  социального 
развития  молодежи,  т.е.  ее  статус  и  роль  в 
обществе  с  точки  зрения  экономических, 
политических,  социальных  и  духовных 
условий  ее  учебы,  труда,  быта  отдыха, 
досуга,  социального  продвижения  и  т.п., 
а  также  стимулов  для  саморазвития  и 
самореализации, как личности.
Положение и роль молодежи в обществе, 
отношение общества к молодежи становятся 
индикатором современности и способности 
быстро  прогрессировать.  Молодежь  - 
своего  рода  социальный  двигатель  тех 
трансформаций,  которые  постепенно  и 
незаметно  для  общего  взора  происходят 
в  перипетиях  общественной  жизни. 
Она  обладает    критическим  взглядом  и 
настроем  в  отношении  существующей 
действительности,  новыми  идеями  и 
энергией,  огромным  интеллектуальным 
потенциалом  и  образностью  мышления, 
восприятием  и  особой  способностью  к 
творчеству, необходимые в момент коренных 
реформ.  Молодежный  возраст  сегодня  - 
это  понятие  не  столько  демографическое, 
сколько социальное и политическое.
Ценность  молодости  в  современном 
мире увеличивается и в связи с расширением 
сроков  образования,  профессиональной 
подготовки, необходимой в условиях научно-
технической революции.  
Молодежь  -  это  наиболее  здоровая 
физически  часть  населения,  это  жизненная 
сила 
общества, 
сгусток 
энергии, 
нерастраченных 
интеллектуальных 
и 
физических сил, требующих выхода. Нельзя 
не  признать,  что  принципиально  новые 
типы  машин  и  оборудования,  новейшие 
технологии,  системы  управления,  как 
основные 
факторы 
интенсификации 
экономики,  могут  быть  созданы  только 
людьми  нового,  нетрадиционного  типа 
мышления, т.е. молодыми.
Социальный  статус  молодежи  во  всех 
конкретных  обществах  и  во  все  времена  в 
главном одинаков: молодежь одновременно 
объект  и  субъект  социализации.  Данная 
группа общества по законам преемственности 
осваивает  наследуемые  общественные 
отношения,  духовные  и  материальные 
ценности конкретного общества с целью их 
последующего  воспроизводства.  Уровень 
социального развития молодежи в решающей 
степени  зависит  от  взгляда  общества  на 
молодежь.
Если  общество  нацелено  на  устойчивое 
развитие,  оно  обучает  и  воспитывает  т.е. 
социализирует,  развивает  и  направляет 
молодежь  на    саморазвитие  и  способность  
развивать  общество.  Если  общество 

164
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
настроено  на  сохранение  существующего 
строя, его идей, ценностей и традиций, оно 
формирует  молодежь  по  своему  образу  и 
подобию.  В  данном  случае  молодежь  как 
субъект  деятельности  выступает  в  крайне 
ограниченных масштабах, она прежде всего 
объект и чаще всего объект воздействия.
Между  тем  молодежь  может  и  должна 
быть  социальным  субъектом,  способным 
к  инициативе  и  обратному  воздействию 
на  общество.  Однако  в  силу  своего 
двойственного  положения  и  природы 
молодые  люди  зачастую  не  обладают 
самостоятельностью в принятии личностно 
значимых 
решений. 
Они 
обретают 
субъективность  по  мере  самоопределения, 
осознания  своих  интересов,  роста  своей 
организованности.
Своеобразие  молодежи  как  социальной 
группы  состоит  в    постоянном  переходе 
от  преимущественного  свойства  быть 
объектом 
общественного 
воздействия 
к  преимущественному  свойству  быть 
субъектом 
социально-преобразующей 
деятельности.  В  этом  и  есть  социальный 
смысл «взросления» молодежи.  
Молодежь 

явление 
конкретно-
историческое, она движущая сила и фактор 
перемен, социальная ценность. Современная 
жизнь в нашей стране требует кардинального 
изменения 
возрастного 
самосознания 
общества  как  следствия  фантастических 
перемен  в  экономике  и  производстве 
под  воздействием  научно-технической 
революции,  изменения  стиля  и  характера 
во  всех  сферах  общественной  жизни. 
Необходимо  новое  понимание  молодежи 
как  самой  ценной  стадии  возрастного, 
духовного 
и 
социального 
развития. 
Молодость - не служебно-подготовительная 
фаза  возрастного  развития,  как  считалось 
веками,  а  главный  источник  сегодняшних 
перемен.  Правильное  понимание  сущности 
молодежи, грамотная молодежная политика 
–  вот  главные  пути  общества  в  будущее. 
Успех  там  -  где  ведется  грамотная  работа 
с  молодежью.  Отягощение  принципами 
и  идеями  вчерашнего  дня,  устаревший 
опыт,  утрата  к  восприимчивости  нового 
сегодняшних  взрослых,  к  сожалению, 
нередко ущербны для развития общества. 
Анализ  демографической  ситуации  в 
Казахстане свидетельствует, что в последние 
десятилетия количество молодежи в стране 
сокращается.  Но  зато  процесс  старения 
населения  охватывает  в  полной  мере 
развитые регионы планеты и все в большей 
мере Казахстан. 
Начавшийся  в  Республике  во  времена 
перестройки  процесс  расширения  свободы 
личности,  возможностей  личного  выбора 
и  способов  действия  резко  замедлился, 
что  сказалось  на  отношении  молодежи  к 
рыночным отношениям в целом. Усиливается 
противоречие между стремлением молодежи 
к  рынку  и  растущим  пониманием,  что 
невозможно  включиться  в  рыночные 
отношения,  соблюдая  провозглашенные 
обществом требования.
С  другой  стороны,  реформы  последних 
десяти  лет  изменили  модель  социально-
трудовой мобильности молодежи - на место 
традиционной модели пришло рациональное 
планирование  карьеры.  Каждый  молодой 
человек  понимает,  только  качественное 
образование  дает  возможность  получить 
интересную и перспективную работу.  
В общественном мнении молодежь обычно 
ассоциируется  с  понятиями  «молодежная 
субкультура». 
Субкультуры 
молодежи 
разных  стран  при  кажущейся  типичности, 
обладает своими особенностями.  
Молодежная 
субкультура 
является 
продуктом  неформального,  свободного 
общения,  а  основным  регулирующим 
принципом  взаимоотношений  –  групповая 
или возрастная солидарность.  Неформальные 
«тусовки»  для  молодежи  служат  средством 
самоопределения,  где  юноша  находит 
свое  место  в  деперсонализированных 
отношениях  
Современное  казахстанское  общество 
представляет  собой  две  большие  разно 
ориентированные  социальные  группы. 

165
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Первая группа воспитана в рамках русской 
культурной  традиции,  и    ориентирована  на 
ее продолжение в Казахстане независимо от 
степени  его  политической  независимости. 
Вторая  группа,  сторонники  самобытности 
казахской  национальной  культуры,  ее 
самодостаточности 
и 
независимости 
от  воздействий  других  культур,    что 
предполагает  создание  этнокультурного  и 
суверенного Казахстана.    
Учитывая    социокультурный  дуализм 
казахстанского общества следует по новому 
взглянуть  на  происходящее  в  молодежной 
среде.  
Молодые  люди  практически  целиком 
ориентируются на центры. Это продуктивно 
с  социальной  точки  зрения  –    возрастает 
мобильность  молодежи,  ее  готовность 
осваивать 
новую 
территориальную, 
профессиональную,  научно-техническую, 
культурную  среду.    Но  в  свою  очередь 
создает 
ощутимую 
дисгармонию 
в 
воспитании молодежи, в общем процессе ее 
социализации.  
Существующее    пассивное  участие  
молодежи  в  общественных  процессах 
формирует 
адаптационный 
механизм 
социализации,  что  значительно  тормозит 
инновационные реформы в Казахстане.
Для  признания  молодежи  как  социума, 
т.е.  для  защиты  ее  прав  и  интересов, 
участия  в  жизни  государства,  поддержки 
молодежных  инициатив  в  Казахстане 
создаются  молодежные    организации  и 
молодежные движения. Наиболее активные 
из  них  Союз  патриотической  молодежи 
Казахстана, молодежное движение «Кахар», 
«Социалистическое 
Сопротивление», 
Общество 
Молодых 
Профессионалов 
Казахстана,  молодежное  крыло  партии 
«Алга», «За Справедливый Казахстан».  
В  целях  формирования  нравственного 
воспитания  и  культуры,  развития  новой 
национальной 
молодежной 
политики 
КазНПУ  им.  Абая  преподается  предмет 
«Национальное  воспитание»,  а  также 
проводется  научно  –  практические  кон-
ференции. 
На 
данные 
мероприятия 
приглашаются  известные  представители 
культуры и правительственных органов.     
Современная  социально-экономическая 
ситуация  в  стране  и  в  мировом  обществе 
требует  высокой  степени  субъектности 
молодого поколения в социуме,  социальной 
активности  и  ответственности,  создание 
оптимальных условий для самоорганизации 
и 
самореализации, 
профессиональной 
подготовки  молодежи  в  условиях  рынка, 
развитие 
социально-профессиональной 
компетенции.
ИСПОЛьЗОВАННАЯ ЛИТЕРАТУРА:
1. Советская энциклопедия . – Москва. - 824 с.
2. Зайниева Л., Калетаев Д. Молодежь Казахстана в условиях демократизации общественных и 
экономических отношений. – Астана, 2004.
3. Муратова С.Ш. Ценностные ориентации молодежи // Саясат. 2003. № 4. С. 31-32.
4. Чупров В.И. Молодежь в общественном воспроизводстве // Социол. исслед. 1998. № 3. С. 9-7.
5. Бобахо В.А. Социально-политические аспекты молодежной субкультуры // Вестник МГУ. Сер. 
12. Политические науки. - 1996. - № 2. - С. 35-45.
6. Ильинский И.М. Молодежь и молодежная политика // М. : Голос, 2001. - 694 с. 
Түйін
Мақалада  жастарды  тәрбиелеудің  құндылығы  мен  оның  рөлі  жан-жақты  көрініс  табады. 
Қоғамдық фактор аясында жастар қоғам феномені ретінде қарастырылады.
Summary
The article deals with the value and the role of rising generation. In the frame of social factor the rising 
generation is shown as the social phenomenon.

166
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
О.Қазиев – 
заң ғылымдарының кандидаты,  
доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ
ЖЕТПІС ЖАС, ЖЕТПІС ЖОЛ...
(Белгілі ғалым-саясаттанушы, философия ғылымдарының докторы, профессор 
Р.Әбсаттаровтың 70 жылдық мерейтойына орай)
«Ақсақалын ардақтаған ел азбайды» деген 
ғой,  үлкенді  сыйлау,  біліммен  сусындатқан 
ұстазын  құрметтеу  халқымыздың  қанына 
сіңген  қасиет.  Бұл  қасиет  дінімізбен, 
ділімізбен,  дәстүр-салтымызбен  үйлесіп, 
үндесіп,  жарасып  жатқаны  аян.  Соның 
бірі  ғылым  саласында  жұлдызы  жанып, 
арамызда жүрген ақсақалымыз ҚазҰПУ-нің 
қарашаңырағында  өз  біліктілігімен  талай 
ұжымды  басқарып,  елмен  етене  араласып, 
бүгінде  шәкірт  қадірін,  қас-қабағынан, 
жан  дүниесімен  түсіне  білетін  жалғанда 
тыныш  таптырмайтын  ғылым  соқпағында 
қыл  қаламы  қолынан  түспей,  шабыты  шау 
тартпаған өнегелі істерімен шәкірт алғысына 
бөленіп арамызда жүрген Раушанбек ағамыз. 
Адамға  бедел  мысқылдап  жиналады.  Ал, 
беделді  болу  үшін  адам  өзінің  өмірдегі 
орнын  дұрыс  таңдай  білуі  керек.  Бүгінгі 
мақаламыздың кейіпкері Раушанбек ағамыз 
осындай өмірден өз орнын тапқан жан. Бұл 
есім ұзын елдің үйіріне, қысқа елдің қиырына 
даңқы жайылған ұстаз, білікті ғалым ретінде 
танымал.  Бүгінде  шәкірттерінің  рухын 
оятып,  тәрбиелеп,  оларға  бастамшылық 
жасап,  әлі  де  тұғырынан  таймай  олармен 
қоян-қолтық  ұстаздық  міндетін  атқарып 
келе  жатқанын  айтуға  болады.  ҚазМУ 
сияқты  үлгілі  ордадан  түлеп  ұшқан,  ауыл 
балаларына    қорған  бола  білген  және  тіл 
табыса біліп, олардың ұстаздық жолының оң 
ісіне ұйтқы бола білудің өзі неге тұрады?!
Ол  өзінің  өмірлік  жолын  1962  жылы 
Т.Г.Шевченко  атындағы  Киев  Мемлекеттік 
университетінің  философия  факультетіне 
түсіп, оны 1967 жылы бітіріп шықты. Одан 
соң  аспирантура  мен  докторантураны 
тәмамдады.
Р.Б.Әбсаттаров – белгілі ғалым-саясатта-
нушы, философия ғылымдарының докторы, 
профессор,  тамаша  жолдас  және  оқытушы, 
студенттер  мен  жас  ғалымдардың  көрнекті 
ұстазы,  ғылым  саласындағы  ерекше 
еңбегі  үшін  «Қазақстан  Республикасының 
ғылымын  дамытуға  сіңірген  еңбегі  үшін» 
белгісімен екі рет марапатталған. Сонымен 
қатар, ол 2006 жылы «Жоғарғы оқу орнының 
үздік  оқытушысы»  мемлекеттік  грантының 
иегері атанды. 
Қоғам  керек  адамын  кейде  әр  салаға 
салып,  жауапкершілік  жүктейді.  Осыған 
төзіп,  тиянақтылық  таныту  екінің  бірінің 
қолынан  келе  бермейтін  шығар.  Әсіресе, 
ұстаздық ауыр жолды таңдап оған төзе білу 
үлкен өнер. Міне, осы қызметті абыроймен 
атқарып  жүлделі  орындардан  көріне  білу 
ұстаздың тәрбиесі емес пе? Ұстаздың көзінен 
төгілген  шуаққа  тәнті  болып,  кірбің  көңіл, 
қабақ шытудан ада болып шәкірт көңілінің 
бір  өсіп  қалуы  бұл  ұстаздың  бауырына 
жақын тартуынан емес пе? Өзінің ұзтаздық 
міндетін  белсенді  және  мақсатты  дамытып 
жатқан шәкіртерімен студенттердің білім алу 
бағдарламасын  ұдайы  үйлестіру  мәселесін 
тұрақты түрде өткізіп, оны күнделікті, қазіргі 
заманғы тыныс-тіршілікпен қалыптастырып 
отыру  осы  азаматтың  бойына  біткен 
азаматтық  борышы  деп  сеніммен  айтуға 
болады.
Ол  қоғамдық  құбылыстарға  терең 
түсінікпен,  шәкіртеріне  үлкен  кеңшілікпен, 
әкелік  қамқорлықпен  қарайтын  ұстаз. 
Өйткені,  өзін  де  осы  қоғамның  белсенді 
азаматы, 
белді 
қайраткері 
санайды. 
Ұстазға  қарап,  ұлылық  пен  ұлықтың 
үрдістерін шебер үйлестіріп, бір ғана ұстаз 

167
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
бейнесінде  тоғыстырған  адамдықтың  биік 
үлгісін  көретінбіз.  Өзіңізге  еліктеп,  талай 
шәкіртеріңіз  келешектің  көшін  түзеп, 
кеудесінің  шуағына  талай  шәкірттерін  
шомылдырып,  ел    ықыласына  бөленуді 
қалайтын.    
Қазіргі өзі басқарып отырған саясаттану 
және  әлеуметтік-экономикалық  пәндер 
кафедрасы  ұжымы  қызметі  аясында  алуан 
түрлі  маңызды  шаралар  өткізіп  жатыр. 
Небір  айтулы  ғылыми  конференциялар, 
пікір  алмасатын  отырыстар  ұйымдастырып 
осылардың ұйтқысы бола біліп жүрген өзінің 
қызметін  абыройлы  атқарып  келе  жатқан 
университеттің беделді ұстазы. Әр уақытта 
шәкірттерінің  басын  қосып,  жинастырып 
қамқорлық  жасап  отырады.  Бас  қосқан 
шәкірттері  ынта-ықыластарымен  құрметті 
ұстаз  деп  отырады.  Шәкірттері  оның 
білімдарлығына,  кәсіби  біліктілігіне,  қай 
мәселені  де  нақты  дәлелдермен  ұғындыра 
білетініне,  барлық  шәкірттерінің  адам 
болып  қалыптасуы  мен  өсіп-өркендеуіне 
бағдаршам сияқты бағыт беруші, жолдасын 
жарты  жолда  қалдырмайтын  қазақы 
болмысына сүйсінеді. Өйткені, осы кәсіпте 
жүріп университеттің алтын діңгегі, ұстаздар 
көшінің  нарқасқасы  –  сіздің  бауырыңызда 
талай  шәкірттер  бауланып  өсті  емес  пе? 
Әрине, мұндай құрметке екінің бірі ие бола 
бермейтіні белгілі.
Жалпы,  ұстаздың  еңбектерін  парақтап 
оқып  отырып,  оның  қысқа  да  нұсқа 
мақалаларынан  ішкен  адамның  мейірі 
қанатын,  татқан  адамның  таңдайынан  дәмі 
кетпейтін,  тартымды,  тағылымды,  өрісі 
кең,  тілі  бай,  дүниетанымы  терең  нағыз 
оқымыстының шебері екеніне көзің жетеді. 
Оның  еңбектері  жадағай  жылтыр  сөзден 
құралмай,  ойлы-мағынасы  терең  санаға 
сәуле,  жігерге  еге,  ойға  қозғау  салатын 
туындылардан,  ұлттық-патриоттық  рухтың 
қалғып  кетпеуін  көздеп,  заман  тынысын, 
уақыт  демін,  тарих  тағылымын  алдыға 
тосады.  Ұстаздық  жол  оған  қалыптасу  мен 
дамулардың  қара  қазанының  отын  үрлеген 
қара көрік секілді қыруар міндеттерді уысына 
толтырып  жүктеді.  Ол  міндетті  абыройлы 
атқарып  та  келеді.  Бұл  менің  ұстазым 
жөніндегі,  жазушылық  бір  қыры  жөніндегі 
пікірім. Бірақ, барлық шығармаларын түгел 
оқыдым  деп  айта  алмаймын.  Осындай 
ұстаздың  үзеңгісін  ұстап,  тізгінін  тартып, 
атын  ерттеуге  жараған  сол  кісінің  тәлім-
тәрбиесін көрген шәкірттеріне шын мәнінде, 
кім болса да қызығушылықпен қарайтынына 
сенемін. Ал, өз мамандығы саласы бойынша 
еңбектердің,  зерттеудің  көмескі  тұстарын 
ашып,  көпшілікке  таныстырып,  дәріптеу 
оқырман қауымның көңілін серпілтеді.
Барлық  өмір  жолында  жас  мамандарды 
Отан сүйгіштікке, адамгершілігі мол, білімді, 
азамат  болып  өсуіне  күш-жігерін  жұмсап 
жүрген ұстаздың маңдай алды. Жасыратыны 
жоқ,  білім  саласында  еңбек  етудің  өзіндік 
ерекшеліктері 
мен 
ауыртпалықтары 
жетерлік.  Алайда,  ерік-жігері,  күш-қуаты 
мықты  азаматтардың  алдындағы  биік 
қамалдан 
қаймықпайтындай 
көңіліне 
қуаныш ұялатып тәрбиелетін осындай ұстаз 
бары  көңілге  демеу  береді.  Әр  адамның 
тағдыры әр түрлі қалыптасатыны белгілі ғой. 
Оған  бір  кезде  қоғамдағы,  өскен  ортадағы 
ахуалдар мен оқиғалар әсер етсе, бір кезеңде 
кездейсоқ  кездесулер  мен  ұшырасулардың 
елеулі  ықпалы  болары  мүмкін-ақ  нәрсе. 
Шәкірттері өзінің бүгінге дейін қол жеткен 
жетістігі ата-ана шаңырағындағы тәрбиеден 
басталып, содан кейін алғаш еңбек жолында 
қамқорлығын 
көрсеткен, 
тәжірибесін 
бөліскен  ұстаз  ағаның  көмегінің  нәтижесі 
деп есептейді. Бүгінде әлгі жас талаптардың 
біразы  ғылым  саласында  өзіндік  орны  бар 
қабырғалы  қаламгер,  ұстаздарға  айналып 
отыр.  Еліне,  туған  жеріне  адал  қызымет 
етуді ғұмырлық биік мақсатына айналдырған 
осындай азаматтың болуы әрине, құптарлық 
жәйт. Ол жұмысын өрекпіп, өртеніп істейтін 
адамдардың  санатынан  емес,  арыны 
аңдып,  иін  әбден  қандырып  істейтін  өте 
ұқыпты, ұмытуды, жалған айтуды білмейтін 
адамдардың  санатынан.  «Жақсылық  жерде 
қалмайды,  иман  отқа  жанбайды»  деген 
аталардан  қалған  мақал  бар.  Сол  сияқты 

168
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
шәкіртеріңізге жасаған сіздің жақсылығыңыз 
әрқашан есте қалады. Сіз бізге ұшар қанат, 
шабарға  талап  бердіңіз,  өмірлік  үлгі-өнеге 
болдыңыз.  Бұл  біздер  үшін  өмірге  деген 
құштарлық  болды.  Талай  шәкірттерін 
қанаттандырып  ұшырып,  қыран  қабағын 
серпіп  тастап,  шығарып  салып,  тілеуін 
тілеп қала бердіңіз. Әлі сол қыран тұғырда 
отырсыз.  Біз  сіздің  осы  тұғырда  мәңгілік 
отыруыңызды, сіз шыққан абырой биігіңнің 
жылдар  жалғасында  да  аласармауын 
тілейміз!
Резюме
В данной статье отражены жизнь и творчество известного казахстанского деятеля, наставника и 
учителя  Абсаттарова Р.Б.
Summary 
This article describes the life and work of an the known scientist, Kazakh leader, mentor and teacher 
Absattarov R.B.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет