127
және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.
Оқушының
отбасымен
басқа
да
мекемелермен
тығыз
байланыс
орнату.
Рухани-адамгершілік және рухани-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2.
Ұйымдастырушылық
қызметі.
Тәрбие
процесін
ұйымдастыру.
Оқушылардың орынды
талап-тілектерін қолдай отырып,
белсенді әрі іскер
сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық
әрекетін және демалысы
мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы
өзін-өзі басқаруды
дамыту.
3.
Оқушылардың жалпы әрекетін басқару:
нақты
мақсат қоюшылық,
жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау, бақылау және түзету енгізу.
Нақты қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін,
оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыру, соған сәйкес
тұлғалық және жеке-дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізу;
сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтау; оны болдырмаудың
тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.
Сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық
қызметі тәрбие жұмысын
жоспарлауда көрініс табады.
Жоспарлау – сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының
оқу-тәрбие процесіндегі іс-әрекеттерін нәтижелі
ұйымдастырудағы маңызды
буын.
Сондай-ақ, жеке тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін,
болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше.
Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу-тәрбие процесіне бақылау жүргізіп
және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік
беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне
талдау жасау барысында сынып жетекшісі оқушылар ұжымы немесе жекелеген
оқушылардың іс-әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады.
Сынып жетекшісінің қызметтері оның
педагогикалық іс-әрекетінің
мазмұнын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: