9.8.6. Соз ішінде және соз жапсарында
түсетін дауыссыз дыбыстар
Қазіргі қазақ тілінде соз ішінде және сөз
ж апсары нда түсетін дауыссыз дыбыстар мына
жағдайда түсіріліп айтылады:
1.
Дауысты дыбыс арасында келген
к, қ,
ғ ,
г,
һ, л дыбыстары түсіріліп, екі ж ағы ндағы
дауыстыны ң біреуін өзімен бірге ала кетеді, әрі
ж уан а й т ы л а т ы н с ө зд е р ж ің іш к е б у ы н ғ а
айналады. М ысалы,
нақыш - нэш, Мақамбет -
Мәмбет, бағасы - бэсі, тұғын-тын
қосымш асы
(баратұғын - баратын
),егер - ер, арагідік -әредік,
тағат - дэт, рақат - рэт, заһар - зэр, қаһар - кэр,
саһар - сэрі, іиаһар - шэр, солай ет - сөйт, бұлай
ет - бүйт, олай ет - өйт
т.б. Ж
дыбысы бара
жатыр - баратыр, келе жатыр -
келеатыр деген
тіркестерде ғана түседі.
Үнді р, ң, м , у дыбыстарынан кейін келген
қ, к, ғ, г
дыбыстары түсіріліп айтылады. Мысалы,
уқала - уала, жиіркен - жирен, тарқа - тара,
бірдеңке - бірдеңе, ештеңке - ештеңе, емгіз - еміз,
т амғы з - тамыз, суғар - суарт.Ъ.
2.
Ал, бол, кел, қал, қыл, сал
етістіктеріне
к ө сем ш ен ің
-ып, -іп
ж ұрнағы ж алғанғанда, [л]
дыбысының түсуіне байланысты
алып
-
ап, болып
- боп, келіп - кеп, қалып - қап, қылып - қып, салып
- сап
варианттары пайда болады. Бұл құбылысты
диалектологтар жиі әңгіме еткенімен, аймақтық
ш е к а р а с ы ж о қ , Қ а з а қ с т а н н ы ң б а р л ы қ
облыстарында кездеседі. С ондай-ақ басқа түркі
тілдерінде де бар құбылыс. Бұл алты етістіктің
біл, іл, тіл, сыл, тол, төл, жұл, шал,
сол сияқты
басқа етістіктерден өзгеш еленіп ықш амдалуы,
олардың әрі негізгі, әрі көмекш і етістік ретінде
қолданылуына байланысты. Бұл алты етістіктің
осы ж ағдайы қолданы лу жиілігінің артуына
қарай ықшамдалу қажеттігі туған болу керек.
Әңгіме болы п о ты р ған алты етістікке
-ып,
-/лж ұрнағы нан басқа қосымшалар жалғанғанда
[л] дыбысының түсуі кездеседі, бірақ бұл жағдай
аймақтық ерекшелік ретінде ғана қолданылады.
Бұған мына қосымш алардың жалғануын мысал
ретінде алуға болады.
1) -
са, -се
шартты рай жұрнағы:
алса - аса,
болса - боса, келсе - кесе, қалса - қаса, қылса -
қыса, салса - сасат.Ъ.
2) -м ақ,
-
м ек,
есімше жұрнағы:
алм ақ -
амақ, болмақ - бомақ, келм ек - кемек, қалм ақ -
қамақ, қы лм ақ - қы м ақ
т.б.
3)
-ған, -ген
есімш е ж ұрнағы :
алған - аған,
болған - боған, келген - кеген, қалған - қаған,
салған - саған
т.б.
4) Б ұ й р ы қ р а й д ы ң ек ін ш і ж ақ коп ш е
формасында:
келіңдер - кеңдер, болыңдар
-
боңдар,
қалыңдар - қаңдар
т.б.
|