П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет30/497
Дата14.10.2023
өлшемі38,54 Mb.
#113886
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   497
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

1.3.2.3. Үнді дауыссыз дыбыстар
Қазақ тіліндегі үнді дауыссыз дыбыстардың 
құрамы төмендегідей: М, Н, Ң, Р, Л, Й, У. Бұлар 
қазақ тіліне тән төл дауыссыз дыбыстардың қата- 
рына жатады. Үнді дауыссыз дыбыстардың бэріне 
ортақ белгі - дауыстың мол қатысуы. Басқаш а 
айтқанда, үнді дауыссыз дыбыстардың жасалу- 
ына дауыс желбезегі мол қатысады, мол тербе- 
леді. Үнді дауыссыздарды ұйыстырып отыратын 
бірегей белгі осы болып табылады.
М дауыссыз дыбысы
Жасалымы:
1. М дауыссыз дыбысы қос ерін арқылы 
жасалады. Ж асалу орнына қарай ерін-ерінді да- 
уыссыз болып табылады.
2. М дауыссыз дыбысы қос (астыңғы және 
үстіңгі) еріннің тоғысуы арқылы жасалады. Ж а- 
салу тәсіліне қарай тоғы сыңқы дауыссыз дыбыс 
болып табылады.
3. М дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс 
желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Да- 
уыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз 
дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: 
ерін, тоғы сы ңқы , үнді 
дауыссыз дыбыс.
Н дауыссыз дыбысы
Жасалымы:
1. Н дауыссыз дыбысы тілдің ұшы мен күрек 
тіс-қы зы л иектің шегарасы арқылы жасалады. 
Ж асалу орны на қарай тіл ұшы дауыссыз болып 
табылады.
2. Н дауыссыз дыбысы тіл ұш ыны ң күрек 
тіс-қы зы л иек ш егарасымен тоғысуы арқылы 
жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы да- 
уыссыз дыбыс болып табылады.
3. Н дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс 
желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Да- 
уыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз 
дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: 
тіл ұшы, тоғы сы ң қы ,’ 
үнді дауыссыз дыбыс.
Ң дауыссыз дыбысы
Жасалымы:
1. 
Ң дауыссыз дыбысы тіл арты мен тілшік 
арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тілшік 
дауыссыз болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   497




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет