П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет326/497
Дата14.10.2023
өлшемі38,54 Mb.
#113886
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   497
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

248
СӨЗЖАСАМ
дара сөздерден ерекшеленеді. Мысалы
,қара торы,
отыз екі, келіп кет, елбасы, коян жүрек, акку (күс),
теміржол, жер серігі, таужуа, ііи ауру, үіиан-теңіз,
түн-тотысы, таң намаз, күні кеіие, ой-пікір, ата-
ана, окжылан, майшабак, кожа-молда
т.б.
Ал дара сөздердің бір сөзден тұратыны белгілі 
нэрсе: 
адам, жер, су, тоғай, іиөп, жусан, кол, орман,
теңіз, бала, өнер
т.б.
Күрделі сөз бен дара сөздің екеуіне де ортақ 
қасиет, белгі бар. Бұлардың екеуі де лексикалы қ 
м ағы на береді. Дара сөз қандай лексикалы қ ма- 
ғыналы бірлік болса, күрделі сөз де сондай лек- 
сикалы қ бірлік тобына жатады, өйткені олардың 
әрқайсы сы ны ң лексикалы қ мағы насы бар. Осы 
мәселеде күрделі сөз дара сөздің әр түрімен тең 
бола алады. Қ азақ тілінде дара сөздегі негізгі 
түбір, туынды түбір сөздер қандай лексикалы қ 
м ағы налы сөздер болса, күрделі сөздер де сон- 
дай лексикалы қ мағыналы создер болып санала- 
ды. Т ек дара сөздер мен күрделі сөздер құрамы 
ж ағы нан ғана бір-бірінен ажыратылады. Сөз ре- 
тінде дара сөздің де, күрделі создің де тілде ат- 
қараты н қызметі бірдей, өйткені олардың қай- 
сысы болса да, дербес создерге жатады, тілде лек- 
сикалы қ бірлік тобын құрайды.
Күрделі сөз өзінің құрамындағы сыңарлары 
арқылы жасалады. Күрделі сөздің құрамындағы 
дербес создерден болған сыңарлар сөзжасамдық 
бірлік қызметін атқарады, өйткені күрделі сөздің 
құрамындағы сыңарлардан оның мағынасы жа- 
салады. Сөзжасамдық негізгі бірліктердің бір сөз 
екені айтылған. Туынды сөздің қай түрі де тілде 
бар сөз негізінде жасалады, сөздің қатысынсыз 
ешбір сөз жасалмайды. Қазақ тілінде туынды сөз 
үш тәсіл арқылы жасалады, осы үш тәсілдің үшеу- 
інде де туынды сөз жасауға сөз қатысады және сөз 
оларда негізгі қызмет атқарады. Ш ынын айтқан- 
да, аналитикалық, лексика-семантикалықтәсілдерде 
сөз бірден-бір сөзжасамдық бірлік қызметін атқа- 
рады, бұларда басқа сөзжасамдық бірліктер қатыс- 
пайды. Тек синтетикалық тәсілде ғана сөзжасам- 
ды қ бірлік қызметін сөз және жұрнақ атқарады. 
Бұдан күрделі сөздегі созжасамдық бірлік қызметін 
сөздер атқаратыны анық көрінді.
Күрделі сөз созжасамдық бірліктер арқылы 
жасалып, сөзжасамдық үрдістің нәтижесі болған- 
ды қтан, күрделі сөздің м ағы насы біртұтас лек- 
сикалық мағына болып саналады. Оның сыңар- 
ларының жеке тұрғандағы мағынасы осы біртұтас 
лексикалық мағынаны жасасады.
Күрделі сөздің м ағы насы н жасайтын оның 
сыңарлары толық мағыналы дербес сөздерден жа-
салады. Бұл мәселе дүние жүзі тілдерінің басым 
көпшілігінде таны лған, тек түркі тілдерінің кей- 
бірінде ғана бірлі-жарым жеке пікірлер кездеседі. 
Бірақ жалпы тіл білімі көлемінде күрделі сөздер 
толық лексикалық мағыналы дербес сөзден жаса- 
лады деп саналады. Осы пікірдің дұрыс екендігін 
қазақ тілінің деректері де растайды. М ысалға сан 
есім негізінен күрделі сандардан тұратыны белгілі, 
қ азақ тілінің байы рғы сандары ж иы рма дара 
негізгі саннан тұрады. Ал оған миллион, милли- 
ард деген 2 кірме сөзді қоссақ, небәрі 22 дара сан 
бар, осылар арқылы қазір миллиардқа дейінгі сан 
атаулары жасалған, олардың бәрі күрделі сандар, 
осынш ама күрделі сандардың бэрінің сыңарлары 
дербес мағыналы сан атауларынан жасалған.
Бұл барлық басқа сөз таптарына да қатысты. 
М ы салы , 
алтыбакан, кайнаға, белбеу, ксгрлығаш
(кара ала күс), бозторғай, аксакал, лсүзбасы, Акпго-
бе, Ж езказған, Акылбай
т.б. ерте заманнан келе 
ж атқан күрделі аталым сөздер. Олардың әрқай - 
сы сы ны ң құрамы дербес сөздерден ж асалғаны 
ешбір талас туғызбайды.
Сол сияқты күрделі сындар мен етістіктердің 
құрамындағы сыңарлар да дербес мағыналы сөздер 
екенін кору қиын емес. М ысалы, 
кара ала, күлгін
сары, кызыл күрең, ак боз, кара көк, алып кет, барып
кел, коріп бер, алып кайт, келіп кет
т.б. осы сияқ- 
ты мысалдардың бэрі де толық мағыналы дербес 
с ө зд ер д е н ж а с а л ғ а н , с о н д ы қ т ан д а күрделі 
сөздердің мағыналары оның құрамындағы сыңар- 
лардың мағы насы мен байланысты болады. Мы- 
салға жоғарыда келтірілген создердің қайсысын 
алсақ та, олардың сыңарларының ізі күрделі созден 
корініп тұрады. М әселен
, алтыбакан
ойыны ның 
аты оның құрамындағы алты бақанға байланыс- 
ты ш ыққаны, аталғаны белгілі, 
белбеу
алғаш белді 
буған баудың атынан, 
кызыл күрең түс
қызыл, 
күрең түстердің қосындысынан туған түстің аты, 
алып кет
алу және кету қимылдарынан тұратын 
күрделі қимылдың атауы екені анық. Күрделі создің 
мағынасы оны жасаушы созжасамдық бірліктердің 
яғн и сыңарлардың мағынасынан жасалатын бол- 
ғанды қтан, олармен байланысты болуы заңды 
құбылыс, сондықтан мағына бере алатын дербес 
создер күрделі созге сыңар бола алады.
Қазақ тіл білімінде болсын, басқа тіл білімде- 
рінде болсын күрделі созге берілген аны қтама- 
ларда күрделі создің құрамындағы сыңарлардың 
сол созді құрауш ы, жасаушы бірліктер деп атай 
отырып, ол сыңарлардың м ағы налары кірігіп, 
біртұтас м ағы наға кошетінін ерекше атап отыра- 
ды. Атап айтқанда, күрделі создердің әрқайсысы
- біртұтас мағыналы соз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   497




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет