252 СӨЗЖАСАМ шелігіне қарай түрлі тілде түрліше қаралып ке-
леді. М ысалы, оры с тілінде күрделі сөздерді
біріктіретін арнайы дәнекерлер бар. М ысалы,
са- молет, ледоход, пароход деген сияқты күрделі
сөздердің сыңарлары
о элементі арқылы біріккен,
бүл осы тілдің ұлтты қ ерекшелігі саналы п жүр,
бірақ ешбір қосымш асыз бірігетін күрделі сөздер
де бар. М ысалы,
радиоузел, телевизор, радиостан- ция т.б.
Индоевропа, славян, орыс тілдерінде күрделі
сөздің бір белгісі ретінде кейде олардың жазылу
емлесі, бірге жазылуы , ды бы сты қ құрам ы ны ң
тұтастығы негізге алынады.
Егер күрделі сөз біріктіру тәсілі арқылы жа-
салады деп саналаты н тілдердің өзінде күрделі
сөздер бірге де, деф ис арқылы да, бөлек те жа-
зылып жүрсе, онда ол орф ограф иялы қ белгінің
күрделі созді танудағы дәрменсіздігін білдіреді.
Олай болса, түркі тілдері, оны ң ішінде қазақ
тілінің о р ф о гр аф и ял ы қ белгіні негіз тұтпай,
күрделі сөздің м ағы на тұтастығын, күрделі сөзді
лексикалы қ бірлік, бір сөз тануын, сөйлемде бір
создің қы зметін атқаруын негізгі белгі деп са-
нап, соған сүйенуін дұрыс деп қабылдап, күрделі
сөзді тануда сол белгілерді негізге алу қажет.
Қ ұрам ы ндағы сы ңарлары ны ң бөлек ж азы -
луы ж алғы з қазақ тілінде ғана емес, басқа түркі
тілдерінде де күрделі сөздің таны луы на кедергі
болып саналмайды. Анығырақ айтсақ, түркі тілде-
рінде орф ограф иялы қ белгі күрделі сөздердің
танылуында есепке алынбайды.
Түркі тілдері, оны ң ішінде қазақ тілінің
күрделі сөздің құрамындағы сыңарларының бірге
я бөлек ж азы луы ны ң күрделі сөзді ажыратуда
есепке алынбауы дұрыс екені тағы да аны қта-
лып отыр.
Түркі тілдерінде емле күрделі сөздің таны -
луына белгі ретінде қолданылмайды. Бұл түркі
тілдеріндегі күрделі сөздердің әр түрлілігіне де
байланысты болуы мүмкін. Бүкіл түркі тілдерін-
де қос сөздер кең оры н алады, ол - көне заман-
дардан келе жатқан тілдік құбылыс. Ал қос сөздер
бірге жазылмайды , деф ис арқылы жазылады,
бірақ олар күрделі сөзге жатады. Қос сөздер ба-
сқатілдерде бірлі-жарым кездескені болмаса, түркі
тілдеріндегідей орын алмайды.
С оны мен бірге түркі тілдерінде жазу ерте
қолданы лғаны м ен, халы ққа кең тарамады. Ал
бертін келе кеңес үкіметі кезінде жазу үш рет
өзгерді. Осының бэрі күрделі сөздердің жазылу-
ын бір ретке келтіруге мүмкіндік бермеді. Бұл
жағдайлардың бәрі орфографияның үстемдік алу-
ына кедергі болуы да мүмкін. Сондықтан күрделі
сөздердің басым тобы бір м ағы на беріп, бір сөз
қы зметін атқарып, бір ұғымды білдіріп, халық
санасындағы бір ұғы м ны ң аты ретінде түсінілсе
де, қолданылса да, күрделі сөз б ол ған ға дейінгі
сөз тіркесі кезіндегі қалпы нш а бөлек жазылуы
сақталып қалды. Бірақ тілде жазылу емлесі бекі-
мей, түрліше жазылып жүрген күрделі сөздер де
жеткілікті. Осымен байланысты бір сөздің түрліше
жазылуы тілде өте жиі кездеседі. Мысалы,
ақ құба - аққұба, темір жол - теміржол, бір тұтас - біртұтас, көк айыл - кокайыл, кок жал - көкжал, кок иіешек - кокіиешек, жел өкпе - желөкпе, не бары- небэрі, боз торғай - бозторғай, электр ара - электрара, теле дидар - теледидар, сары қарын - сарқарын, сары тіс -
сартіс т.б.
Осы сияқты сөздіктерде, кітаптарда түрлі
жазылып жүрген күрделі сөздер тілде өте көп.
Бұл да күрделі сөздер теориясының қалыптасуы-
на кедергі болатыны сөзсіз. Осымен байланысты
күрделі сөзге түркі тілдерінде құрам ы ндағы сы-
ңарларының бірге жазылуы яғн и орфографиялық
белгі шарт бола алмайды деп саналады.
Осы ж ағдайларды ң бәрі түркі тілдерінде,
оны ң ішінде қазақ тілінде күрделі сөзді тануда
емле ескерілмей, күрделі сөздердің
бірнеше
түрлері танылып жүр.
Күрделі сөздің м ағы на тұтастығы оны ң сы-
ңарлары ны ң бір м ағы н аға көшуіне, бір ұғымды
білдіруіне байланы сты дедік. Күрделі сөздің
біртұтас мағынасының қалыптасуында оның құра-
мындағы сыңарлардың атқаратын қызметін анық-
тау мәселесі қазір өте үлкен қиы нды қ туғызып
жүрген теориялық мәселеге жатады. Оның өзіндік
себептері де ж оқ емес. Солардың бірі тілдегі
күрделі сөздердің түрлілігі және олардың әрқай-
сысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Ал күрделі сөздердің түрлі болуы оны ң ана-
литикалы қ тәсілдің әр түрімен жасалуына байла-
нысты. А налитикалы қ тәсілдің ішкі мынадай
түрлері бар: 1) сөзқосы м , 2) қосарлау, 3) тіркес-
тіру, 4) қысқарту.
Осы тәсілдердің әрқайсы сы тілде әр түрлі
күрделі сөз жасайды. Сөзқосым тәсілінің өзі іштей
екіге бөлінеді: а) біріктіру (ш екара, көкжөтел,
орынбасар); ә) кіріктіру (биыл, бүгін, әкел, апар).
Осымен байланысты тілде біріккен сөздер және
кіріккен сөздер қ аіы п тасқан . Бұл тәсіл дүние
жүзіндегі тілдерге кең тараған, сондықтан күрделі
сөздер туралы сөз болғанда, көп тілдерде негізінен
біріккен сөздер туралы сөз етіледі.