Ж аса л ы м б е л г іл е р і: тіл ұ ш ы , д ір іл
ж уы сы ңқы, кейінді, тербелімді (үнді), езулік
дауыссыз дыбыс.
Айтылым белгілері: бос ж уы сы ңқы, көмей
қуысты дауыссыз дыбыс.
Естілім белгілері: бос лепті, үнді, жуан, езу
әуезді дауыссыз дыбыс.
Жалпы си п аттам асы : тіл ұ ш ы , д ір іл
жуысыңқы, үнді, кейінді (жуан), езулік дауыссыз
дыбыс.
Ж іңіш ке езулік түрі: ЕР, ІРГЕ .т.б.
(19-2- сурет) Жасалымы: тіл ұшы мен қызыл иек өзара
тербеле жуысады (2-2), жасалу орнына қарай тіл
ұшы; тіл ауыз қуысында ілгері итініп жатады
(6), тілдің ж аты сы на қарай ілгерінді; дауыс
желбезегі мол тербеледі (5-2), желбезек қатысына
қарай тербелімді; ерін жазылып (езу тартып)
барып (1-3) жасалады, ерін қаты сы на қарай
езулік дыбыс болып табылады.
Айтылымы: тіл ұшы мен қызыл иек өзара
бөс ж у ы сад ы , ж уы сы м б ітім ін е қ ар ай бос
жуысыңқы; ауыз қуысы кішірейіп, комей қуысы
үлкейеді, үстеме жасалым орны на қарай ауыз
қуысты дыбыс болып табылады.
Естілімі: тіл ұшы мен қы зы л и ектің
жуысымы бос леппен бітеді, жуысым бітіміне
қарай бос лепті; дауыссыз ыңыл дыбысталады,
үн қаты сы на қарай үнді; әуез қаты сы на қарай
жіңішке және езу әуезді дыбыс болып табылады.
Р 1 жіңішке езулік түрінің айырым белгілері
Ж асалы м б ел гіл ер і: тіл ұ ш ы , д ір іл
ж уы сы ңқы , ілгерінді, тербелімді (үнді), езулік
дауыссыз дыбыс.
Айтылым белгілері: бос ж уы сы ңқы , ауыз
қуысты дауыссыз дыбыс.
Естілім белгілері: бос лепті, үнді (ыңыл),
жіңіш ке, езу әуезді дауыссыз дыбыс.
Ж алпы си п аттам асы : тіл ұ ш ы , д ір іл
ж уы сы ңқы , үнді, ілгерінді (ж іңіш ке), езулік
дауыссыз дыбыс.
Жуан еріндік түрі: ҚҰ Р, СО Р т.б.
(19-3- сурет) Жасалымы: тіл ұшы мен қызыл иек озара
тербеле жуысады (2-2), жасалу орнына қарай тіл
ұшы; тіл ауыз қуысында кейін шегініп жатады
(8), тілд ің ж аты сы н а қарай кей ін ді; дауыс
желбезегі мол тербеледі (5-2), желбезек қатысына
қарай тербелімді; ерін дөңгеленіп (сүйірленіп)
барып (1-2) жасалады, ерін қаты сы на қарай
еріндік дыбыс болып табылады.
Айтылымы: тіл ұшы мен қызыл иек өзара
бос ж у ы сад ы , ж уы сы м к ү ш ін е қ а р а й бос
жуы сы ңқы; ауыз қуысы үлкейіп, көмей қуысы
кішірейеді, үстеме жасалым өрнына қарай көмей
қуысты дыбыс болып табылады.
Естілімі: тіл ұшы мен қы зы л иектің
жуысымы бос леппен бітеді, тоғы сы м бітіміне
қарай бос лепті; дауыссыз ыңыл дыбысталады,
54
ФОНЕТИКА үн қаты сы на қарай үнді; әуез қаты сы на қарай
жуан және ерін әуезді дыбыс болып табылады.
Р° жуан еріндік түрінің айырым белгілері