Айтқаным емес жек көріп,
Қош деген саған бұл сөзім.
әлің қандай болады,
Алыс жолға барасың?
Алды-артыңда жоқ еді,
Атадан едің бір өзің.
Құлқаныс жазған жылайды,
Өлмесең, шырақ, барасың
Ханың менен қараңа.
езіледі бауырым,
бетіме жылап қарама.
Аман-есен ел тауып,
сәлем де барсаң ағаңа.
ертерек бізді ескерсін,
дұшпанға қылмай талама.
Қайда жүрсең аман бол,
ескерерсің біздерді.
Үйде отырып тигізбе,
дұшпанның қолын жағаға.
сол уақытта, жақсылар,
Жол жабдығын даяр қып,
шықты шора үйінен,
ел таппағын ойланып,
шұбар аттың күйімен.
2970
2980
2990
3000
296
бАтырлАр Жыры
296
297
сыймады басы түрікпенге,
әліге қылған сыйымен.
ер шора әзір көріп тұр,
ерлігінің пайдасын.
Қашқын деп бәрі Қазанға,
шораның құртты айласын.
сасатұғын ойы жоқ,
Қашпақты неғып ойласын.
Қару-қапшық жиынып,
түзетті шора бой-басын.
Айдаһардың тіліндей,
толғап алды найзасын.
кетпесіне қоймады,
шуылдасып тамалар,
шораның алды тынышын.
«Қашқын, деді, Қазанға,
бұл жерде болмас тұрысың».
«Мақұл»,—деді шора да,
тамалардың мұнысын.
сыйыспады ақыры,
әлібиді өлтіріп,
бітірсе де жұмысын.
Жүре алмады көсіліп,
кемдігі елдің құрысын.
сыбырласып тамалар,
түрікпендер келіп тұрғандай,
шығармайды дыбысын.
Ақылын айтып ер шора,
Қайыр-қош айтып халқына,
Қамдады енді жүрісін.
сауытын киіп сайланып,
беліне байлап қылышын,
Жүрмекші болды Қазанға.
Қабыл көрсе Құдайым,
ер шораның мұнысын,
шұбар атты алып кеп,
Алдына қалқан төңкерді.
кішміш пенен мейізден
шұбар атқа жем берді.
3010
3020
3030
3040
296
296
297
ер шорА
түсіндірді шораға
Мерзімді жаман жерлерді.
шуылдасып жыласып,
ер шораны тамалар
Жабылып атқа мінгізді.
нәрікбай сонда сөйлейді:
Қайратыңды меңзеуші ем
рүстем мен дастанға,
Айбатыңды меңзеуші ем
әзірет әлі арыстанға,
сымбатыңды меңзеуші ем
тоғайдағы арланға.
Қамыңды ойла, қарағым,
ішім толды пұшманға.
Өртенемін ойға алып,
білгізбеймін дұшпанға.
тапсырдым сені Құдайға,
тарығып жылап, мұңайма.
Үстем болсын мәртебең,
Жолыңды дұшпан тосқанда.
Мінген атың аласың,
Қылыш құйрық қарасын.
Аңдыған дұшпан кез болса,
Жалғыз кетіп барасың.
Ара жолда, қарағым,
әлде қандай боласың?
Алды-артымда жоқ еді,
Жазым болсаң, шоражан,
Құрттың нәрік шарасын.
көзінің жасы құйылып,
пірлеріне сиынып,
тапсырдым деп Құдайға,
Жүргізді нәрік шорасын.
Құлқаныс жазған жылайды,
Жат қылып жалғыз Құдайды.
сыйындым сізге, Құдірет,
Құданың досты Мақамбет.
әлішері арыстан,
3050
3060
3070
3080
298
бАтырлАр Жыры
298
299
Жалғызыма бер медет.
он екі имам, төрт шармен,
саһабалар бер медет.
әулие мен әнбие,
Жәми өткен машайық,
баршаңызға сиындым,
Қолдай көр, қылып дәремет.
он сегіз мың әлемнің,
лауһи менен кәләмнің,
Аршы менен күрсінің
Үрметі үшін Құдай-а,
бақытын ашқын баламның.
түйеден егіз аққұба,
Айтқаным сенің жолыңа.
Жылқыдан егіз көк айғыр,
Қоса айттым соны да.
сиырдан егіз көк бұқа,
Қабат айттым соны да.
Жаман күнде жар болған,
есіркей көр жалғызды,
бабай түкті шашты әзіз,
тапсырдым сенің қолыңа.
сол уақытта, жақсылар,
Мінгені шұбар ала еді.
пірлеріне сиынып,
Жолға түсіп барады.
Анадай жерге барғанша,
Арт жағына алақтап,
көзінің жасын тарады.
біраз жерге барған соң,
Атасы менен анасы,
Ауылының қарасы,
көрінбей ұзап қалған соң,
ойнақтатып шұбарды,
тозаңын жердің шығарды.
әне-міне дегенше,
кермісінге келеді.
әлібимен ойнасып,
3090
3100
3110
3120
298
298
299
ер шорА
Мас бурадай шайнасып,
Қиратқан жерді көреді.
шора сонда сөйледі:
—ей, кермісін, кермісін,
кермісін деген жермісің?
омыраудан су кешіп,
Ақ сазандай тіркесіп,
Қырық жігіті соңында,
әліби өлген жермісің?
Жалғыздық түсіп басыма,
Жан адам ермей қасыма,
Қазанға кетіп барамын.
Қайта айналып келгенше,
Аман бол, сен, дермісің?
бұл сөзді айтып ер шора,
шұбарды «шу« деп қысады.
тұлпардан туған шұбар ат
Қамшы ұрса, құстай ұшады.
тозаңын жолдың шұбатып,
шабысқа шабыс қосады.
ор текедей ойнақтап,
Ақ бөкендей жосады.
ұшқан құсты озып кеп,
Алдынан шығып тосады.
Жер-су баспай жануар,
әректей аузын ашады.
неше өзеннен өтеді,
неше белден асады.
бұрқыратып көбігін,
омырауына шашады.
Аяғы жерге тимейді,
Анда-санда басады.
сол уақытта шұбар ат
Өзін-өзі қамшылап,
омыраудан аққан тер
тұяғына тамшылап.
«Айт, жануар, шу»,—деді,
Құбылып ойнап жер басып,
3130
3140
3150
300
бАтырлАр Жыры
300
301
ескен желдей гуледі.
сол уақытта, жақсылар,
кісі қарап болмайды,
ер шораның бетіне.
ор текедей ойнақтап,
келеді шұбар секіре,
Жер шақ келмес бетіне.
шартанабын тартады
Айдаһардай лепіне.
тас буынып белбауын,
отырды шора бекіне.
Айдын-айдын көлдерден,
кідірместен шұбар ат,
Өте шығар секіре.
күні-түні жол жүріп,
Аз ғана емес мол жүріп,
дәл тоғыз күн дегенде,
зорға жетті ер шора,
көп түрікпеннің шетіне.
сол уақытта, жақсылар,
түрікпендердің ішінде,
тасыр мерген дер еді.
әлібиден кем емес,
ол да айтулы ер еді.
шабыртына келгенде,
тайлы бие жер еді.
Айтысуға дауы жоқ,
Атысуға жауы жоқ,
еріккен соң ер тасыр
Үш күндік елдің шетінде,
шораның қарсы бетінде,
тас бұлақтың жолында,
Құлан аулап жүр еді.
«Қысылса шора қашар,—деп,
шұбарды қимай сасар«,—деп,
Аңлып жүрген алыстан,
бұл дағы жаудың бірі еді.
ордалы жылан жолықса,
3160
3170
3180
3190
300
300
301
ер шорА
бәрін қырып салады.
көлден ұшқан үйректі,
екі-үш атып қалады.
түтінін қосып түтінге,
білтесі сөнбей жанады.
шораның көріп қарасын,
болжады жердің шамасын.
«нағылған сексіз адам,—деп,
Жүрісі мұның жаман«,—деп,
шақпағын тасыр шағады.
Мылтығына қыстырып,
Ақ білтесін қағады.
Қарауылға ілдіріп,
бетіне мылтық алады.
«болмасын,—деп қамданды,—
нәріктің құзғын баласы.
бар деуші еді Қазанда
есім деген ағасы.
Қашқан шығар бұл,—дейді,
есімге болып барасы«.
Мәлім еді бұған да
әлі мен шора арасы.
Өжет туған әліби
шұбарды сұрап барған-ды.
бермеген соң қолынан,
зорлық құрық салған-ды.
оған көнбей бұл шора,
Қарсыласып қалған-ды.
ұрыс болып бұл жерде,
бір адам жазым болған-ды.
бұл сөзді айтып тасекең:
—Өткенін мұның көрейін,
Жәбір қылып жанына,
Мылтықпен жолын бөгейін.
сыбағалы бір оғын
Аямай-ақ берейін.
нәсіп болса бұл жерге,
шораның қанын төгейін.
3200
3210
3220
3230
302
бАтырлАр Жыры
302
303
Қамданғанын тасырдың
ер шора да біледі.
Мәлім еді шораға
тасырдың бұрын дерегі.
әліби де алысқа
дабысы кеткен ер еді.
«келтірді Құдай кезін«,— деп,
Қуанып шора келеді.
Қорқатұғын ойы жоқ,
Қайратына сенеді.
Алыстан әбден шақтанып,
күйіне әбден енеді.
таралғысын қысқартып,
Үзеңгісін теңеді.
Жауатұғын бұлттай,
тұнжырап қатты түнерді.
тәңірге қылды тәуекел,
Өлем деп уайым жемеді.
Жалғыздығы, жастығы
ойына да келмеді.
тоғыз күндей жол жүріп,
елсізге және кеп еді.
тасырдың көріп қарасын,
енді шора жөнеді.
келе жатып сөйлейді:
—Астымдағы, шұбар ат,
төрт тұяғы тең полат.
Жарысқанда, жануар,
оза алмас сенен құс қанат.
сыртың сұлу сүмбедей,
сәулетің жақсы салтанат.
Ата-анам саған тапсырды,
Мен үстіңде аманат.
пенде қылып дұшпанға,
Айдалада қылма мат.
таудағы тасыр мергенге,
Ақ білтесін қақтырмай,
Ақыл-айла таптырмай,
Жеткізбесең, жануар,
3240
3250
3260
3270
302
302
303
ер шорА
саған қалар жаман ат.
сауысқандай ала атым,
таудағы тасыр мергеннің
Жұмған көзін аштырмай,
Мылтыққа білте бастырмай,
Жеткізбесең, жануар,
Қырқылсын сенің қанатың.
бұл сөзді айтып ер шора,
күміс құйрық шұбардың
Жел тимеген бауырына,
күн тимеген сауырына,
Ашына қамшы тартады.
Желігіп келген жануар,
Ақ жайқындай өтеді.
шорадан қысым жеген соң,
шұбар ат жанын сатады.
Қарсы алдында тасекең
Атпаққа аңлып жатады.
сол уақытта шұбардың
есіктей төсі салынып,
кекілі терге малынып,
Қуанып шора келеді,
іздегені табылып.
күміс құйрық шұбардың
тұяғы тасқа шағылып,
Жануар зырғып келеді,
Жұлдыздай болып ағылып.
Жолыққан соң зор жауға,
кідіріп тұрсың нағылып?
болдырмайды жануар,
Өзге аттай шаршап сабылып.
шұбар ат сонда төгілді,
Ана бетті бір басып,
Мына бетті бір басып,
көзі-басы шаң болып,
Жануар сонда жөнеді.
Құдай ұрып тасырды,
білтесі жанбай сөнеді.
3280
3290
3300
3310
304
бАтырлАр Жыры
304
305
Ақ білтесін қақтырмай,
Ақыл-айла таптырмай,
тасырға жетіп келеді.
еңкейіп шора тасырды,
Жағасынан алады,
тақымына салады.
көксеркедей өңгеріп,
көкпар қылып барады.
сол уақытта ер шора
тасырға қарап сөйлейді:
—шын жүйрікпен жарыссаң,
Алдыңнан шығып өрлейді.
Адамнан туған бұзақы
бүлігін елдің тілейді.
сыйласа да білмейді,
Атайын деп ойладың,
Ақ білтеңді қолға алып,
көнетұғын оңайды.
Жолын тосып атқандай,
Адам құлан болмайды.
Менменсініп жүруші ең,
Өзіңді ұлық білуші ең.
тақымымның астында,
тасеке-ау, жайың қалай-ды?
тасыр сонда сөйлейді:
—Айналайын, шырағым,
Жаңа өспірім баласың.
Қайратыңды байқасам,
оттай қаулап жанасың.
Айдархан мен Қазаннан
Ақылың артық данасың.
байқап қалдым түсіңді,
Өлмесең, хан боласың.
Атайын-ақ деп едім,
Құрттың тасыр шарасын.
сыйламай ма інісі
Жасы үлкен ағасын.
Қирады ғой қабырғам,
бүйтсең терімді аласың.
3320
3330
3340
3350
304
304
305
ер шорА
көксеркедей өңгеріп,
көкпар қылып, шоражан,
Қай жаққа алып барасың?
шора сонда сөйледі:
—Жаулық қылып, түрікпендер,
Жамандықты қуыстың.
биің, қараң, бегің боп,
бір ат үшін суыстың.
Құрытпаққа таманы,
теп-тегіс белді буыстың.
Қылып ең кесір жолыма,
түсірді Құдай қолыма.
Қиын шығар жағаңнан
Жазылуы уыстың.
Ағаңмын деп алдайсың,
Құтылуды қамдайсың.
Өтірікші, патшағар,
Менімен қашан туыстың?
бұл сөзді айтып ер шора,
ояйын дейді көзіңді.
пышағымен жасқады,
бейшара болған тасекең,
шораға әдді аспады.
бара жатып бір жерге,
тақымынан тастады.
Қарахандай ханына,
Қалың түрікпен жанына
сәлем айтып ер шора,
енді бір сөз бастады:
—танымасаң, тасеке-ау,
кеуістің ұлы тамамын.
бергі атамды сұрасаң,
нәріктің ұлы шорамын,
Қолында туған баламын.
ноғайлы-түрікпен зорлығың,
бұл не деген қорлығың?
Қылығыңа шыдамай,
әлібиді өлтіріп,
20–253
3360
3370
3380
3390
306
бАтырлАр Жыры
306
307
Қазанға кетіп барамын.
Мұратым өрге шаншылып,
Қарай алмай барамын.
Қаттылық түсіп басыма,
бұрыла алмай барамын.
есен барып, сау қайтсам,
тентіреп жүрген таманың
Қатыны менен баласын
Қай есіктен табамын?
тасыр сонда сөйлейді:
—танып қойдым, шырағым,
Қолымда туған баласың.
әліби өлді дегенше,
ұрдым де түрікпен мамасын.
Қаратып алдым десейші
Айдарханның қаласын.
тірі жүрген пырағым,
дұшпаннан кекті аласың.
тілімді алсаң қайт бірақ,
Жолда жазым боласың.
Қыстың көзі қырауда,
бекер кетіп барасың.
ызғардың қырық күн шөлі бар,
Жаман-жаман жері бар.
Жол көрмеген, жас бала,
шөлдеп өліп қаласың.
шора сонда сөйлейді:
—шығып қалдым, қайтпаймын,
Өлсем, жолда өлемін,
Өлмесем, тірі келемін.
Жағың қарысқыр, тасеке,
Қай тіліңе сенемін?
Жаның ашып бара ма,
Жақынсып шора балаға?
Мен Қазанға барғанша,
Қар жаумасын, нұр жаусын.
Мен Қазанға барған соң
Қар жаумаса, қан жаусын!
көппен бірге көремін,
3400
3410
3420
3430
306
306
307
ер шорА
тапсырды Құдай қолыма,
ниет қып шыққан жолыма.
басыңды кесіп жөнермін,
не лаж маған қыласың?
Мұны есітіп тасырдың
Жүрегі жаман жарылды:
—есіркей гөр, шоражан,
заманым менің тарылды.
Аман болсаң аларсың,
әр дұшпаннан арыңды.
келгеніңше, шоражан,
тілеулес болып тұрайын,
тастап кет тірі шалыңды.
не қыласың, шоражан,
бекер қинап жанымды?
осы түрлі көп сөзбен,
тасекең байғұс жалынды.
шора сонда сөйледі:
—Өтен қылдың, тасеке-ау,
тас бұлақтың жағасын,
Ақ мылтық алып қолыңа,
Қарауылдап тұрасың.
Аңсап келген аң болса,
Жібермей бәрін қырасың.
ойламайсың обал деп,
Атып-атып тынасың.
Ағаңмын деп мені алдап,
Айтпайсың сөздің расын.
Ал енді кестім басыңды,
не лаж маған қыласың?
тасыр сонда сөйледі:
—тірі жүрсең, шоражан,
бетіңе ешкім қарамас.
сені көрген дұшпанның
бойына асы тарамас.
ерегісіп қастасып,
шеніңе ешкім бара алмас.
бұл бағың тұрса басыңда,
Жағаңнан ешкім ала алмас.
3440
3450
3460
3470
308
бАтырлАр Жыры
308
309
тәуба, бұлай еш уақытта
Алартпайын аңға көз.
Жүрсем дағы аралас,
Құланның етін жегенше,
заһар шайнап, жейін тас.
сыйласаң мен деп ағаңды,
Аман көр ата-анаңды.
Жасың кіші болса да,
шырағым, саған құлдық бас.
шора сонда сөйледі:
—Жалғыз-жарым жүрместей,
зорлықшыл ма еді еліңіз?
Жылқым үркіп ішпестей,
бақалы ма еді көліңіз?
Құс аралап ұшпастай,
Қоғалы ма еді жеріңіз?
ноғайлы-түрікпен елінің,
біз болдық жейтін жеміңіз.
көрсете қылдың зорлықты
биің менен бегіңіз.
көніп жүрміз аздықтан,
кем бе еді ата-тегіміз?
ысабын тауып жесеңдер,
сауылып тұрған биеміз,
боздап тұрған түйеміз,
Жүйесіз қылған зорлыққа
Жанамыз да күйеміз.
Ауып келген аз тама
Жайымызға жүреміз.
біреу бізге тимесе,
біз ғаріп кімге тиеміз?
сәлем айт барып ханыңа,
Қалың түрікпен жаныңа.
Аз ғана үйлі тамаға
басынып зорлық қылмасын,
Малынан зекет алмасын.
Өз қолынан бермесе,
Ала жібін алмасын.
Адырайып, азсынып,
3480
3490
3500
308
308
309
ер шорА
Ауылына да бармасын.
Қорқытып бала-шағаның,
Жүректерін жармасын.
Үлкенің бар, кішің бар,
бұл сөзімді аңласын.
Жоқтап алар кісі бар,
таманың қалған мал-басын.
тыңдамастан бұл сөзді,
басына сырық салсаңдар,
Малынан зекет алсаңдар,
тірі болсам қайтып кеп,
Қызыңнан зекет алармын,
Қалаңды шауып талармын.
Қаһар қылып, түркпендер,
Қараңғы күнді салармын.
ысапсыз әскер ап келіп,
Аққалаңды шабармын.
Қаратөбе кімдікі,
Қаһарланса хандікі,
байлығы асса байдікі.
осы барған Қазаннан,
есен барып, сау қайтсам,
сырлы күмбез көк қала,
бекітіп соққан Аққала
біздікі емей кімдікі?
әзір енді, тасеке,
басыңа сауға жаныңыз.
Жалына бердің інім деп,
Өлмей-ақ, тірі қалыңыз.
Жамандық қылсам бұл жерде,
Жете ме маған әліңіз?
төгілмесін қаныңыз,
балаңды аман көрдім деп,
бай нәрікке барыңыз.
кемпір-шалды қуантып,
сүйіншісін алыңыз.
әлгі айтқан сөзімді
Ханың менен қараңның
Құлағына салыңыз.
3510
3520
3530
3540
310
бАтырлАр Жыры
310
311
кідірмей мен де келермін,
кеудеде болса жанымыз.
Аңғарып қой, тасеке-ау,
Анлаттым сөздің талайын.
Хан-қараңа айта бар,
тек жүр деп қойсын маңайын.
көргендей қылып шораны,
саған бір белгі салайын.
көңіліңе келмесе,
берегірек келіңіз,
бір құлағыңды алайын.
Мұны есітіп тасырдың
шымырлады тамыры.
Жаны жаман шошыды,
шораның көріп ойынын.
«бастан құлақ сауға,—деп,
Мінекей алсаң, шырақ»,—деп,
Жақындап келіп тасекең,
ұсына берді мойынын.
Ат үстінен ер шора
Құлағын жұлып алады.
тұла бойы дуылдап,
есінен тасыр танады.
Ара тұрып жанына,
Құлағы күнге жарады.
тас құлақты тастады,
«Құдая бұған шүкір»,—деп,
Құлақ кетіп, бас қалды,
елге қадам тастады.
күні-түні жол жүріп,
Жылап барып ханына,
көзінің жасын төгеді.
Ханға барып айтады:
—Жар шақырт қыл қалаға,
шорасы кетіп қалды деп,
Жан тимесін тамаға.
Алды деп құлақ айтпаймын,
бастан құлақ садаға.
3550
3560
3570
3580
310
310
311
ер шорА
Қалалы қасы шақ келмес
Мынау шора балаға.
Қастасып ешкім жеңе алмас,
ел-жұртың болар талама.
Қаһарға мінсе ер шора,
Мен білмеймін, түрікпендер,
Жер жүзінде тұқымың,
Қала ма, сірә, қалмай ма?
Атайын деп қолға алып,
Ақ білтемді қағып ем.
Қарауылға ілдіріп,
бетіме мылтық алып ем.
шұбар аттың ұшқыры-ай,
Жетіп келді атқанша.
таныған екен әліби,
бар екен-ау айтқандай.
тілімді алсаң, түрікпендер,
тайына тиме таманың.
бай қылып қой кедейін,
Қазаннан шора қайтқанша.
бұл сөзді есітіп сол уақытта,
Құшуақ болды Қарахан.
нәрікбай мен шораға
бұрын да еді мейірбан.
Жар шақыртты еліне,
Қылды мәлім көбіне.
Аз ғана үйлі тама деп,
Қалтырайды түрікпендер
Қорыққаннан шорадан,
Аз ғана үйлі тамадан,
бастан аяқ тексеріп,
түзетті елін Қарахан.
Жата берсін тамалар,
бас есен де, мал аман.
есітіңдер енді сөз,
баяғы шора баладан.
сүйегіне қарасаң,
Қарадан шыққан төредей.
3590
3600
3610
3620
312
бАтырлАр Жыры
312
313
басы жұмыр бендесі,
не салса Алла көнеді.
«Қазанның жолы қайда?»—деп,
Асығып шора келеді.
Ата-анасы артында,
Ақылын алты бөледі.
оңды-солды қамшылап,
шұбарды қыстап жөнеді.
«Айт, жануар, шу»,—дейді,
шу деген сайын гулейді.
Қамшы ұрса шұбар ат,
тау мен тасты білмейді.
шырақтай көзі жылтырап,
күндіз-түні бірдей-ді.
Қатуланып ер шора,
дамыл ғып көзін ілмейді.
Қабағы қатты шораның,
ешкіммен ойнап, күлмейді.
Қайғыменен қарайып,
бойына асы сіңбейді.
сол уақытта шұбар ат,
Қалтаңдай басып қарғадай,
тұяғынан шыққан от
болатқа ұрған балғадай.
Жануардың үсті жай,
төрт аяқты арбадай.
Апталық жерді бір күнде ап,
пірлерінің жәрдемі-ай.
Астындағы шұбар ат,
киіктей болып жарады.
танабы жердің тартылып,
көз ұшында көрген жер,
әне-міне дегенше,
Артында жатып қалады.
сауысқанды-ай санды көл,
одан да өтіп барады.
еріккенде ер шора,
Құйрығынан құланды
көкпар қылып шабады.
3630
3640
3650
3660
312
312
313
ер шорА
татырдан қашқан киіктей,
Қамшымен ұрып алады.
сол күнге шейін шұбардың
Ауыздығын алмапты.
Қырық күндік ызғарда
судан мейірі қанбайтын,
салып кетсе қамшысы,
Ақ тұйғындай парлапты.
ителгідей созылып,
лашындай самғапты.
борбайынан қан кетті,
сонда да шұбар талмапты.
ызғардың ұзақ даласы,
Алыс еді арасы.
күні-түні жол жүріп,
шұбар аттың сулығы,
олай-бұлай созылды.
елсіз-сусыз далада
Арада неше қонады.
бөрідей иттер ұлыды,
күшіктей түлкі үреді.
Жалғыз өзі шораның
бір жерлерде мұңайып,
бір жерлерде күледі. Достарыңызбен бөлісу: |