Физика сабағында кейс әдісі қолданылған сабақ жоспарын ұсынғым
келеді.
Сабақтың тақырыбы: «Денелердің электрленуі. Зарядтардың түрлері.
Электрді өткізетін және өткізбейтіндер» (8 сынып).
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Жаңа ұғымдар енгізу: электризация, электр қуаты, электр
қуаты өткізгіштері.Практика барысында екі түрлі заряд түріне түсінік беру
және олардың әсер ету түрлерін қарастыру.
Тәрбиелік:тұлғааралық қарым-қатынасорнатуды қалыптастыру, топта
жұмыс істеу, өз пікіріңді жеткізуді үйрену.
Дамытушылық:сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Міндеттері:
1.
Зерттеу жұмысы дағдысын дамыту, тәжірибеден алған нәтижені талдап
үйрену, қорытынды жасау. Зерттеудің ғылыми әдістерін қайталау.
2.
Топтың ішінде жұмыс істеуді дамыту.
3.
Өмірдегі физикалық құбылыстарды көре және ғылыми тілде түсіндіре
білу.
4.
Қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуді үйрету.
Қолданылатын технологиялар:
1.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
2.
Кейс-әдісі.
Сабаққа арналған демонстрациялар:
Денелердің электрленуін зерттеуге арналған демонстрация.
336
1.
Зарядталған денелердің әсерлесуін зерттеуге арналған демонстрация.
2.
Электрометр и электроскоп.
3.
Видеофрагмент.
4.
Презентация.
Сабақ кезеңдері.
1.
Ұйымдастыру уақыты.
Балалар, бүгін біз табиғатта және адам өмірінде кең таралған құбылыс –
денелердің электрленуі туралы сөйлесеміз. Мен сабақты Фалес Милетский
және оның қызы туралы аңыздан бастағым келеді. Аңыз бойынша, біздің
заманымызға дейінгі VI ғасырда грек философы Фалестың қызы оған өзінің
қымбат және әдемі тас – янтарьдан (грекше электрона) жасалған ұршығын
шаңнан – жүн қиқымдары, жіпшелерден тазарту мүмкін еместігін айтты.
Сондай – ақ оны өз хитонымен неғұрлым қаттырақ тазартқан сайын соғырлұм
ұршыққа кішкентай қоқыстар жабыса береді. Философ қызына болып жатқан
құбылысты бірден түсіндіре алмады, бірақ қызын мұқияттылығы үшін мақтап,
ойланатынын айтты. Кешкісін Фалес ұршықты тазарта бастағанда ұршықты
қараңғыда үйкегенде ұшқындар ұшатынын байқайды. «Бұл құбылыс менің
оқушыларыммен ойлануға тұрғылықты»,- деп шешті Фалес. Ал қызы байқаған
құбылысты Фалес электр деп атады, электрон (янтарь) деген сөзден шыққан.
- Балалар, бүгін біз де бұл құбылысты білетін әдістеріміз бойынша зерттеп
көреміз. Айтпақшы, сендер зерттеудің қандай ғылыми әдістерін білесіңдер?
- тәжірибе;
- бақылау;
- жалпылау (дедукция) және т.б.
Ал біздің жұмыс кезеңдерімізді реттеу және жүйелеу үшін біз граф – сызба
«Б БК Б» жүргіземіз.
Білемін
Білгім келеді
Білдім
Сендерге өздеріннің білетіңдерінді жүйелеу және өз алдарына сұрақтар
қою үшін біз сабақтың кілт сөздерін оқимыз, олар қандай ой туғызды? Осы
сөздердің бірнешеуін болса да пайдаланып әңгіме құрастырыңдар. Ал таныс
емес терминдер сендерге сабаққа байланысты сұрақтар қоюға көмектеседі.
(Топпен жұмыс жасау, содан соң миға шабуылы)
Кілт сөздер: электр, электрлену, зарядтар «жағымды және жағымсыз»,
қатынас жасау, электроскоп, электрометр, сымдар,диэлектриктер.
Зерттеу.
1. Электрлеу бойынша тәжірибе (электрленген қалам және қағазбен, қағаз
кесінділерімен;электрленген әуе шарымен;гильзамен; судың құрамымен;
шаштың электрленуі туралы кинодан үзінді.)
2. Бақылау.
Өмірде және табиғатта кездесетін электрлену жайында айтып беріңдер.
(Миға шабуылы)
Зерттеу барысында алынған нәтижені жалпылаңыз және ары қарай зерттеу
үшін сұрақтар қойыңыз.
337
2.
Мұғалімнің әңгімесі және түсіндіруі.
1733 жылы француз ботанигі және физик Шарль Дюффе зарядтың екі
түрін ашты – екі шайырлы заттарды үйлестіру нәтижесінде алынатын зарядтар
(ол оларды «шайырлы электрлену» деп атады) және шыны мен слюданы
үйкелестіру нәтижесінде алынатын зарядтар (ол оны «шыны электрленуі» деп
атады). Ал американдық физик және саясаттанушы Бенжамин Франклин 1778
жылы «шайырлы электрлену» терминің оң, ал «шыны электрленуін» теріс деп
өзгертті. Міне сол терминдер ғылымда қалды.
3.
Оң және теріс заряд ұғымдарының қалыптасуы.
- бірдей және әр түрлі зарядталған шарлармен тәжірибе;
- кинофрагмент
- интерактивті тақтады тестпен жұмыс жасау.
4. Электрометр мен электроскоп құрылғыларын және жұмыс
жасауларын түсіндіру
1. Презентациядағы видеослайдтар көмегімен мұғалімнің электроскоп
құрылғысын түсіндіруі.
2. Презентациядағы видеослайдтар көмегімен мұғалімнің электрометр
құрылғысын түсіндіру
3. Электрометр арақашықтықтан зарядтау (көрсету)
4. Топтарға тапсырма: электроскопты өз қолыңмен қалай жасауға болады,
неден?
5. Топтардың есеп берулері.
6. Өздері шыны банкада, металл стержень және жеңіл фольгадан жасаған
электроскопты көрсету.
5. Электрдің өткізетін және өткізбейтін (диэлектриктер) ұғымдарын
қалыптастыру.
1. «Өмірдегі электрді өткізетін және өткізбейтіндер» тақырыбында миға
шабуыл;
2. Оқулықпен жұмыс істеу, оқушының анықтамасы;
3. Б БК Б граф-сызбасын толтыру
3. Интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
6. Табиғаттағы және өмірдегі электрлену.
1.Ми шабуылы (мысалды балалар келтіреді);
2. Топта кейспен жұмыс жасау жоспары:
I. Кейсті оқып, өмірде осындай оқиғалар болады ма екенін талқыландар.
II. Кейстен кейінгі сұрақтарға жауап беріңдер..
1 топ.
Кейс:
Тоқу цехының шебері Рүстем Серікұлы цехтағы ылғал режимін
бақыламағаны үшін сөгіс берді. Оның кесірінен жіптер бір – біріне және тігін
машинаның бөлшектеріне үйлесу кезінде шатасып жыртылды. Рүстем Серікұлы
сөгіспен келіскен жоқ. Ол жіптердің жыртылуына тігін машинаның жұмысын
дұрыс қарамаған жұмысшылар кінәлі деп санайды.
Кейске сұрақтар:
338
- Тігін өнеркәсібі цехтарында ылғал режимі не себепті маңызды?
- Шебер Рүстем Серікұлының жазалануы әділ ме?
- Жіптердің үйлесуі және ылғал режимінің бақыланбауы нәтижесінде
бұдан да жаман жағдай болуы мүмкін бе?
2 топ.
Кейс:
Баспахананың жұмысын тексеретін комиссия, цехта ылғалмен жинастыру
мақсатында баспа машиналары күніне бірнеше рет сөнгеніне ызаланды. Бұл,
олардың ойынша, еңбек өнімділігін төмендетті, баспа өнімінің өзіндік құның
жоғарлатты. Цех шебері Олжас Сапабекұлы қағаздан және машинадан
статискалық электрді шешу қағазды бүлдірмеу, жыртпау және өрттің алдын алу
мақсатында ылғалды тазарту жүргізілетінің түсіндірді.
Кейске сұрақтар:
- Кімдікі дұрыс? Олжас Сапабекұлы ма, әлде комиссия ма?
- Еңбек өнімділігін және баспа өнімінің өзіндік құның қалай өсіруге
болады?
3 топ.
Мұнай тасушы автоколонна механигі Ермек Арманұлы Ардақ
Дидарұлының рейсіне жолдамаға қолын қойған жоқ, себебі бензовоздағы
шынжыр бірнеше бөлігін жоғалтқан және қысқа болды. Дегенмен
А.Дидарұлыкөлікжайдан өз шешімімен рейске кетіп қалды, себебі жұмыс күні
бекер өткенін қаламады. Жол инспекциясы қызметі бензовозды тоқтатты және
қауіпті жүкті тасымалдау ережелеріне бағынбағаны үшін жазалады. Сот шешімі
бойынша А.Дидарұлы жүргізуші куәлігінен 1 жылға айырылды.
Кейске сұрақтар:
- Не себепті бензовоздарға жерге дейін шынжыр жалғайды?
- Автоколонна механигігінікі дұрыс па еді?
- А.Дидарұлының жазасы тым қатты болды ма?
3. Кейстерді талдау
Үй жұмысы. Граф – сызбаны аяғына дейін толтыру, бүгінгі сабақтың
тақырыбы бойынша кейс құрастыру.
4.
Сабақтың нәтижесі. Синквейн құрастыру.
Балалар, бүгінгі сабақта бәріміз көп жаңа нәрсе білдік. Материалды игеру
үшін біз физикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістерін қолдандық,
өмірлік тәжірибені жалпыладық, кейстермен жұмыс істедік, ғылыми
әдебиеттермен жұмыс жасадық. Сабақ сендерге ұнады және сендер көртеген
жаңалықтарды білдіңдер дер үміттенемін. Ал қазір сабақты нәтижелейік.
Синквейндердің көмегімен өз ойларыңды айтыңдар [3, 23 б].
Мысалы:
1.
Электризация.
2.
Оң және теріс зарядтар.
3.
Тебіледі, тартылады, әрекеттеседі.
4.
Электрлену туралы ұмытпа.
5.
Абайла!
339
Назарларыңызға рахмет. Сабақ аяқталды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Асмолов А.Г. Деятельность и установка. – М.: Просвещение 1998 –
с.42-46
2.
Анциферов Л.И., Ездов А.А., Клевицкий В.В. Технологии
организации самостоятельной работы учащихся с современными источниками
информации.// Физика в школе. - №4. - 2011 – с.12-14
3.
Громцева О.И. Сценарии уроков по физике. // Современный урок. -
№4. – 2010г. С.23-25.
Омарова Ж.М.
1
, Айдарбекова А.А.
2
1.Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының
магистрі
2. Студент 4 курста, физика-математика және жалпы техникалық пәндер
кафедрасы, мамандықтың «Физика»
«ШАҒЫН КОМПЛЕКТІЛІ МЕКТЕПТЕРДЕ ФИЗИКАЛЫҚ
ЭКСПЕРИМЕНТТІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
Қазіргі уақытта, яғни ақпараттық технология заманында, жалпы білім
беретін мектептің түріне, типіне, тіпті орналасқан жеріне де қарамастан білім
берудің сапасын одан әрі жетілдіру басты, әрі маңызды мәселе болып отыр.
Қалалық жердегі бала саны көп және ауылдық жерлердегі бала саны
салыстыруға да келмейтін шағын жинақталған жалпы білім беретін
мектептердің алдына қойған талап та, мақсат та бір.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында шағын комплектілі
мектеп оқушыларының саны аз, біріктілген сынып –комплектісі бар, оқу
сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін мектеп
деп көрсетілген.
Республикада шағын комплектілі мектептің үш типі бар:
–бірінші –бастауыш шағын комплектілі мектеп;
–екінші –негізгі сатылы шағын комплектілі мектеп;
–үшінші –жоғары сатылы шағын комплектілі мектеп.
Олардың бәріне тән қасиеттер:
–тек біріктірілген сынып комплектінің болуы (бұл бастауыш шағын
комплектілі мектепте басым);
–тек біріктірілген сынып комплектінің және бала саны аз жеке
сыныптардың болуы;
–тек бала саны аз жеке сыныптардың болуы. [1, б.7 ]
Әрине, әр істің өз қиындығы, сонымен бірге артықшылығы, жалпы
айтқанда кез келген жағдайдың өзіне тән ерекшеліктері бар. Шағын
жинақталған мектептер негізінен келешегі бұлыңғыр, қазіргі таңда бала санына
ғана байланысты ауыл мектептері екені белгілі. Осыған дейін де, қазір де
340
ауылдың шағын мектептері оқу-тәрбие үрдісін іске асыруда күрделі
мәселелерге, қиыншылықтарға тап болып отырғаны ешкімге де құпия емес.
Әсіресе оқу үрдісіне байланысты шешілмеген, ғылыми жүйелендірілмеген
мәселелер толып жатыр. Атап айтсақ, оқу бағдарламасын қазіргі заман
талаптарына сай іске асыру.
Алдымен шағын жинақталған мектептердің өзіндік ерекшеліктеріне
тоқталайын:
-
Бала санының аздығына байланысты жастары сәйкес емес екі түрлі
сынып біріктіріледі
-
Мұғалім 45 минут берілген бір сабақта екі түрлі сыныпқа екі түрлі
тақырыпты қамтитын дәріс беруі керек
Оқушы саны аз сыныптарда сабақ берудің жақсы жақтары да баршылық:
1.
Оқушы саны аз сыныптағы әрбір оқушы, оның сабақтағы іс-әрекеті
мұғалім назарында болады;
2.
Әр оқушының дара ерекшеліктері, танымдық қызығушылығы
есепке алынады.
3.
Жеке тапсырма беруге, тексеруге уақыт жеткілікті
4.
Даму деңгейін бақылап отыруға мүмкіндіктер молаяды.
5.
Жаңа педагогикалық технологияларды ебін тауып қолдануға
болады.
6.
Әр оқушымен, қабілетті, үлгерімі төмен оқушымен жеке жұмыстар
жүргізу мүмкіндігі.
Шағын
комплектілі
мектептердегі
физиканыоқытудыңзаманауи
әдістерінінмаңыздыұғымдарының
бірі
-
физикалықэкспериментболып
табылады. Сонымен қатар зерттеуобъектісі ретіндеғана емес, табиғаттыңбілім
мен біліктілікке, оқушыларғакөрсету жолындатәжірибелік эксперименттік
әдістерін әзірлеу болып табылады. Жалпы физика пәнін мемлекеттікстандарт
бойынша білім беруге қазіргі таңда аса назар аударылуда.Алайда, мектептерде
физикалық эксперимент өткізу барысында көптеген қиындықтарға тап
боламыз, ең маңызды қиындық ол көптеген мектептерде құралдар жетіспейді
немесе мектеп мүлде жабдықталмаған.
Білім беру проблемаларын шешу үшін Я.В.Ковальский өз идеясын дамыта
отырып, әр түрлі көзқарастарды ұсынды:
Физикасабақтарындақол жетімді құралдар мен қарапайымқұрылғыларды
пайдалану оқушыларға экспериментті үйде қайтадан қайталауға мүмкіндік
береді.
Күрделі
физикалыққұбылыстар
менпроцестердің
жеңілдетілгенмодельдерін қолдану.
Қарапайым
жабдықтардажүргізілген
эксперименттерқарапайым
болғанымен,бірақ оларғанегізделетінқұбылыстар әлдеқайда күрделіболып
табылады.Құрылғыларды құру мен, өз бетінше эксперимент жүргізу арқылы
оқушыларда физика пәніне деген қызығушылық арта түседі.
Физикалық эксперимент жүргізу барысында түрлі аспектілерге бөліп
қарастыруға болады. (сур. 1)
341
Физикалық оқу экспериментінің оқушыларды ұқыптылыққа, төзімділікке,
қиыншылықты жеңе білуге, ізденушілікке, бақылай білу ептілігін дамытуға,
политехникалық дағдыларын қалыптастыруға күшті әсер ететіндей тәрбиелік
маңызы да зор.
Мектепте физикалық экспериментті тиісті дәрежеде өткізудің ең басты
шарты - физика кабинетін жабдықтау және оның жұмысын жоспарлы түрде
дұрыс жолға қоя білу. Бұл - физика мұғалімінің ынта-жігеріне және іскерлік
қабілетіне бірден-бір байланысты жұмыс.
Демонстрациялық эксперимент немесе тәжірибелер сабақ үстіңде
көрсетіледі, сондықтан, ол сабақтың бір бөлігі болып есептелінеді және
оқытудың басқа тәсілдерімен (әңгімелеу, дәріс, проблемалық баяндау, т.т.)
бірігіп қолданылады. Демек, демонстрациялық тәжірибелер көрсетпейінше
физика сабақтарын сапалы өткізуге болмайды.
Сабақ үстінде физикалық тәжірибелерді көбінесе мұғалім көрсетеді,
кейде оларды оқушылардың өздеріне де жасатуға болады.
Эксперимент
арқылы пәнге
деген
қызығушылы
қты арттыру.
демонстрациял
ық эксперимент
компьютерлік
моделдеу
фронтальды
лабораторлық
жұмыстар
физикалық
практикум
Үйде
жасалатын
экспериментте
р
Қолмен
жасалатын
қарапайым
құралдар
Үйде
жасалатын
тәжірибеле
р
Үйде
бақылайтын
тәжірибелер
Құралдар
ды жасау
Құралдарды
құрастыру
(Сур.1)
Физикалық эксперименттін түрлі аспектілері.
342
Сур.2
Физикалық эксперимент – оқытудың ең нәтижелі, әсерлі әдістерінің бірі.
Демонстрациялық тәжірибелер көрсетілгенде физика сабағы қызықты өтеді. [2.
б. 157-158 ]
Қолмен жасалатын қарапайым құралдарды қарастыратын болсақ.
Қарапайым эксперименттік құралдар жасау 7 сыныптан бастап ендіріледі.
Мысалы: «Қатты денелер, сұйықтар мен газдардағы қысым» тақырыбына
байланысты Паскаль шары.
Паскаль заңын оқу барысында оқушылар 2 суретте
көрсетілгендей құрал жасайды. Құрал жасау үшін
көлемі 2 см
3
болатын 4 медициналық шприц, 1 шприц -
10 см
3
, медициналық капельница, екі қаламнын
тұтқасы алынады. Бұл эксперименттен газдар мен
сұйықтарда қысымның біркелкі таралуын нақты көре
аламыз. Оқушылар өз қолдарымен осындай құрал
жасай отырып Паскаль заңының дұрыстығына көздері
жетеді. Сонымен қатар оқулықта берілген құралдан
қатты ерекшеленеді.
Яғни, шағын комплектілі мектептерде мұғалім сабақ барысында
оқушыларға білім беру мақсатымен жүргізілетін эксперименттік жұмыс
түрлерін әр сабақта қолданылып отырса оқушылардың білім сапасының
ойдағыдай деңгейде нәтиже беретініне үлкен үміт артуымызға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
2.
Жұсіпқалиева «Мектепте физика курсын оқытудың теориясы мен
әдістемесі»
Косжанова А.Г.
1
, Айткалиев Е.К.
2
1.Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының
магистрі
2. Студент 4 курста, физика-математика және жалпы техникалық пәндер
кафедрасы, мамандықтың «Физика»
ОҚЫТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯ
АКТ түсінігі, ақпарат алмасу, жіберу, сақтау, өңдеу, жинаудың әдістері
мен тәсілдерін жинақтайтын жалпыланған түсінік. Ақпараттық және
коммуникативті технологиялар күннен күнге білім берудің әр түрлі салаларына
енгізілуде. Бұның бірнеше себептері бар, қоғамның ақпараттандырылуы,
жоғарғы санатты мамандарды дайындау қажеттілігі. Соған қоса, қазіргі
заманғы мұғалімдер мектептер мен білім беру мекемелері жаңа компьютерлік
технологиялармен, бағдарламалармен жабдықталуда. Бұл технологиялар мен
343
бағдарламалар көмегімен қазіргі заманғы мұғалімдер өз білімдерін жетілдіре,
көрсете алады. Ақпараттық-Коммуникациялық технология (АКТ) – бұл
ақпаратты өңдеудің алгоритмдерін, тәсілдерін, механизмдерін, құралдарын
сипаттайтын жалпылама түсінік. АКТ қазіргі заманғы маңызды құралы
компьютер болып табылады. |2|
Жалпы ақпараттандырудың жақсы да, жаман да жағы бар. АКТ
қолданылатын сабақтар қызықты болады, оқушыларды пәнді басқаша, дәстүрлі
емес түрде меңгеруге мүмкіндік береді, оқушыға тек рецепиент қана болуға
ғана емес, сонымен қатар жағдайды модельдейтін белсенді қатысушы болуға
мүмкіндік береді, ал бұл пәнді меңгеруде жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік
береді. |2|
Қазіргі кезде балаларға жүктелетін ақпарат қоры үлкен, зейінін тез
жинақтай алмайтын, қажеттісін есте сақтап және қажет емесін сұрыптай
алмайтын оқушылар зейінсіз және енжарлау болады, оларда оқуға деген
қызығушылық және уәж жоғалады. Психологтардың ойынша: «Зейінді болудың
ең жақсы әдісі – өз жұмысын ешқашанда зейінсіз орындамау!». Бұны жүзеге
асыру үшін, мұғалімдерге, тек сапалы оқытып қана қоймай, соған қоса қажет
ақпаратты қайдан және қалай табуға болатынын үйрету қажет. Қазіргі
жасөспірімдер компьютерлік ойындарға тәуелді болып келеді. Компьютерлік
ойындарға көп көңіл бөлетін оқушылар оқуға, жаңа білім алуға қызықпайды.
Жасөспірімдер өздеріне ыңғайлы болатын, өздерін суперқаһарман ретінде
сезінетін виртуалды әлемде өмір сүреді. Ал біз, олармен бір тілде сөйлесу үшін,
олардың тілдерін меңгеруіміз қажет және алған ақпаратты дұрыс қолдануға
үйретуіміз қажет. Ал екінші проблема, бұл оқытудың жекеленуі
(индивидуализациясы) әсерінен, оқушылардың құрдастармен, мұғалімдермен
қарым-қатынасының бәсеңдеуі.Баланы тек компьютер-оқушы түрінде оқыта
берсе, жанды қарым-қатынастың жеткіліксіздігінен, оқушы өзінің ауызекі тілін
дұрыс қалыптастыра алмайды. |2|
Интернет, АКТ-ның құралы ретінде, нағыз көмекші, ақпарат көзі және
оқытудағы маңызды құралболып табылады. Бірақ орынсыз қолданған кезде, ол
оқушыларды дамытудың орнына, керісінше дамуды тоқтатуы мүмкін.
Интернетте дайын рефераттардың, үй жұмыстарының, шығармалардың қоры
көп екені барлығына белгілі, ал бұл оқушылардың дамуын тежеп, танымдық
белсенділікті және оқытудың тиімділігін төмендетеді. |2|
Сондықтан, тек АКТ қолданылуы дұрыс берілген және мөлшерленген
кезде ғана, ол оқытудағы нағыз көмекші бола алады. Ол тек оқуға уәждеу
ретінде ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға қалыптасуының нағыз тәрбиелік
процессі ретінде қолданылуы мүмкін. |2|
Жүз жылдан артық уақыт бұрын, әйгілі американдық өнертапқыш Т.А.
Эдисон, алғашқы дыбыс жазатын құрал – фонограф жасағаннан кейін, дыбысты
жазу, сақтау және шығару мүмкіндігі пайда болғандықтан, оқытудың барлық
проблемалары шешілді деп айтты. Бірақ барлық проблемалар қазіргі таңда да
шешілмегені анық. |2|
344
АКТ сабақта қолдану, сабақты қызықты, әсерлі етеді. Шынымен, мысалға
математикалық фигураны үшөлшемді кеңестікте көрген ыңғайлы, себебі оны
айналдырып, барлық жақтарын көруге болады, өз құлыңда ұстап тұрғандай
әсерде боласың. Немесе химиялық тәжірибенің нәтижесін әр түрлі реактивтерді
араластыруды модельдеу арқылы көруге болады. География сабағында
қалалардың суреттерін кітаптың беттерінен қарағаннан гөрі, АКТ көмегімен
аралауға болады. |2|
Оқыту процессінде жиі қолданылатын АКТ элементтері:
1. электронды оқулықтар,
2. интерактивті тақта,
3. электронды энциклопедияларменанықтамалықтар,
4. тренажерлер мен тестілеу бағдарламалары,
5. Интернет желісінің ресурстары,
6. суреттер мен иллюстрациялары бар DVD және CD дисктер,
7. видео және аудиотехника,
8. электронды презентациялар,
9. интерактивті конференциялармен конкурстар,
10. ғылыми-зерттеушілік жобалар мен жұмыстар. |2|
Интерактивті тақтаны пайдалану дегеніміз – білім беру ісінде
ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беру үдерісі. |1|
Интерактивті тақтаны қолдану сабақтың жоспарын, қарқыны мен барысын
жақсартуға көмектеседі. Интерактивті тақтада жұмыс жасау материалды
қарапайым,
бірақ
шығармашылық
тұспен
қолдануды
қарастырады.
Интерактивті тақта көмегімен оқыту, тек компьютермен және проектормен
оқытуға қарағанда айтарлықтай әсерлілеу, өйткені оның бірнеше артық тұстары
бар:
- веб-сайттар және басқа да ресурстар қолдану есебінен материалды
түсінікті, әсерлі етіп жеткізуді қамтамасыз етеді, сурет салу мүмкіндіктері бар
және кез келген қосымшалардың, әрі веб-ресурстардың үстінен жазуға, көп
уақыт шығындамай-ақ бейне көріністерді, сабақ барысында жасалған кез
келген жазуларды сақтауға, оны басып шығаруға болады;
- түрлі тартымды ресурстарды қолданудың арқасында оқушылардың
қызығушылығын арттырады;
- ұжымдық жұмысқа араласу үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады;
- жеке және әлеуметтік дағдыларды жетілдіреді;
- өтілген материалды қайталау үшін мектеп желісінде пайдаланылған
файлдарды сақтауға мүмкіндік береді;
- сақталған файлдар негізінде меңгерілген материалдарды тексеруді
жеңілдетеді;
- педагогтарды кәсіби тұрғыдан өсуге ынталандырады. |1|
Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың тиімді жолдары:
1. Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру,
жаңа ақпараттық технологияны пайдалану;
345
2. Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру
кеңістігімен сабақтастыру;
3. Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;
4. Ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу;
5. Технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің
түсініктілігі;
1. Жалпы компьютерлік сауаттылық;
2. Оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы. |1|
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу – заттар мен құбылыстардың өзіне тән
жаратылыс бітімін, сыр-сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен
ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Ұлы Абайдың:
«Адам баласы ... көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып,
мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» деген даналығы педагог-
классиктердің пікірлерімен ұштасады. |1|
Сонымен,
интерактивті
тақтаны
пайдалану
сабақтың
негізгі
тапсырмаларын білуге жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді
есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар өтетін тақырыппен жұмыс
жасауға әуес, ынталы келеді. Өйткені берілген тақырып бойынша жаңа сабақты
түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір
сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырады. |1|
Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің мұғалім үшін артықшылығы:
1. Мұғалімге жаңа материалды сынып арасында тұрып түсіндіруге
мүмкіндік береді;
2. Кез келген қосымшалардың үстіне сурет салуға және жазба жазуға
мүмкіндік береді;
3. Артық уақыт, күш-жігер жұмсамай, тақтадағы кескінді, сабақ уақытында
жасалған жазбаларды сақтауға және баспаға беруге және материалды қабылдау
деңгейін тексеруді жеңілдетеді.
4. Мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кәсіби шеберлікке
ынталандырады.
Оқушылар үшін интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылығы:
1. Сабақты қызықты етеді және оқушы мотивациясын дамытады;
2. Ұжымдық жұмысқа қатысуға, жеке және әлеуметтік дағдыларын
дамытуға көп мүмкіндік береді.
3. Оқыту материалының түсінікті, тиімді және өзгермелі берілуінің
арқасында оқушылар қиын сұрақтарды жеңіл және тез қабылдайды.
4. Оқушылар шығармашыл түрде жұмыс істей бастайды және өздеріне
деген сенімі арта түседі. |1|
Қорыта келгенде интерактивті тақтаны қолдану барысында оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Мұғалімдер де
өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала
алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде интерактивті
тақтаны сабаққа пайдалануды оқытудың жаңа технологиясының бір түрі
ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар электрондық материалдарды
346
сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз
бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған
тақырып бойынша қажетті материалдармен танысып, кестелер және
сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі
суреттер, бейне көріністер, табиғат құбылыстарының дыбысы мен музыка
тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға бормен жазып
түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті.
Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына,
іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын
педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса зор.
Достарыңызбен бөлісу: |