Государственного педагогического



Pdf көрінісі
бет32/35
Дата07.04.2017
өлшемі2,28 Mb.
#11304
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

Список литературы: 
1.Аршанский  Е.Я.  Методика обучения химии в классах гуманитарного профиля. М.:  Вентана-Граф, 
2002, 176 с.  
2.Куприн А.И. Суламифь. Ярославль: Верхне-Волжское книжное изд-во, 1993, 416 с. 
3.Химия  для  гуманитариев.  10,11  классы:  элективный  курс/  сост.  Н.В.Ширшина.  –  Волгоград: 
Учитель, 2007, 135 с. 
 
Аннотация. Мақалада гуманитарлық профилді сыныптарда  химиядан  сабақ беру ерекшеліктері 
келтірілген. Химияны жеткілікті меңгеру үшін гуманитарлық сыныптарда сабақ беру әдістемелері 
қарастырылған. 
Annotation.  The article discusses the features of teaching chemistry classes in humanities. Describes the 
methods that can be used in teaching chemistry in the humanities classes for a sufficient mastery of the 
material. 
 
 
ӘОЖ 58.075 
       З-59 
АСҚОРЫТУ МҤШЕЛЕРІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ДӘРІЛІК ӚСІМДІКТЕР 
 
Т.Ж. Заурбеков  
Облыстық клиникалық аурухана, Тараз қ. 
 
Фитонцидтер – микроорганизмдерді  құртуға  ықпал  ететін  қорғаныш  химиялық  заттар. Олар 
химиялық    құрамы    жағынан  әртүрлі,  олардың  ішінде  патогендік    микроорганизмдерге    қашықтан  
әсер  ететін  ұшпа  фракциясы  және  ұласа  әсер  ететін  ұшпайтын  ұлпа   шырындары  бар.  Ұшпа  
фитонцидтерге  эфир  майлары  жатады,  олардың  бойында  кейде  күкірт  қосындылары  (мәселен,  
желкекте, шомырда)  бар  эфир  майлары   немесе  ерекшелігі  жоқ  заттар  – альдегидтер,  тӛменгі  
ұшпа  қышқылдар  жатады.  Кӛптеген  ұшпа  фитонцидтер  химиялық  жағынан  әлі  зерттелген  жоқ.  
Ұшпайтын  заттар  анағұрлым  сан  алуан,  оларды  классификациялау  қиынға  соғады.  
Фитонцидтік    қасиеті    бар    ӛсімдіктер    атам    заманнан    бері    халықтық    медицинада    кең  
қолданылып  келді.  Қазір  де  кӛптеген  ауруларды:  грипп,  жоғары  тыныс  жолдарының  қатарын,  
тіс   еттері   мен   тіс  ауруларын,  терінің   іріңді  ауруларын   емдеуге,   профилактика  жасауға   (ол  
фитонцидтерапия  деп  аталады)  табысты  қолданылып  жүр,  оның  үстіне  олар  ішек – қарынның  
қозғалыс,  секрециялық  қызметін  күшейтеді,  ішектегі  шіру  мен  іру  процестерін  жойып,  ішекті  
жақсартуға    себепші    болады.    Фитонцидтердің    емдік    күші    бірқатар    жүрек,    нерв    жүйесінің  
ауруларын  емдеген  кезде  айқын  білінді.  Мәселен,  сарымсақ  пен  пияздың  фитонцидтік  дәрі – 
дәрмектері  гипертония  ауруы  мен  атеросклерозды  емдеуге  қолданылады. 
Гастрит  (  gaster  -  қарын,  асқазан)  -  қарын  кілегей  қабығының  қабынуы.  Гастриттің  жедел  және 
созылмалы түрі болады. Жедел гастрит  кӛбіне тамақтану  тәртібін  сақтамаудан  пайда  болады.  Мысалы, 
арақ - шараппен араластырып аса кӛп тамақтану, «күпті» болу, бұзыла бастаған тағамды жеу, кейде кейбір 
дәрі - дәрмектерді ұзақ ішу т.б. жағдайлар асқазанның қатты табынуына шалдықтырады. Сондай  - ақ 
адам басқа аурулармен науқастанған кезінде де (диабет, подагра, тұмау, ӛкпе қабынк т.б.), организм 

 
206 
уланып  асқазанның  қабынуа  ықтимал.  Жедел  гастриттің  белгілері:  кенеттен  тӛс  шеміршек  асты 
шаншиды, не сыздап, иісі жаман кекірік пайда болады, жүрек айннды, лоқсып запыран құсады. Құсқаннан 
кейін  науқас  адамның  жағдайы  жақсарады.  Ауру  жеңіл  болса  3  —  5  күннен  кейін  бұл  белгілер 
жойылып,  науқас  сауығады.  Ал  кейде  сырқат  ауыр  басталса,  науқастың  асқа  тәбеті  тартпайды,  қатты 
ауырып басы айналады, дене қызуы 38°с және одан да жогары кӛтерілуі мүмкін. Мұндай жағдай 10 - 
15  күнге  созылады.  Кейде  ол  гастриттің  созылмалы  түріне  айналып  кетуі  де  ықтимал.  Гастриттің 
созылмалы  түрі  аурудың  жедел  басталған  кезінде  емделмей  немесе  тамақтану  режимін  жиі  бұзудың 
нәтижесінен пайда болады. Аса суық не аса ыстық тамақ, арақ - шарап ішу, темекі тарту, туберкулез, 
дизентерия, тұмау, холецистит, тістің аурулары, баспаның созылмалы түрі және бұзыла бастаған тамақ 
арқылы түскен кейбір микробтар  ( стрептококки, стафилакокки, сальмонеллы т.б.)  әсерінен де адам 
гастритке ұшырайды. Созылмалы гастриттің белгілері жедел түріндегідей. Гастриттің бұл түрі қарын 
сқлін бӛлетін бездердің әрекетінің бұзылуына да байланысты. Егер қарын қышқылы шамадан артық 
бӛлінсе, науқастың жүрегі қыжылдайды, іш қатады, ал қарын қышқылы шамадан аз бӛлінсе, кекірік 
пайда  болып,  қусады,  іш  кебеді,  гастриттің  бұл  түрі  баяу  дамып  жанға батпайтындықтан  кӛпке дейін 
байқалмауы мүмкін. Емі: алдымен ауруға шалдықтыратын негізгі себептерді жою. Тамақтану тәртібін 
бір  қалыпқа  келтіру,  диета  сақтап,  аз  -  аздан  жиі  тамақтану  қажет.  Ессентуки,  Железноводск, 
Боржоми,  Сарыағаш, Алмаарасан т.б.  санаторийлерде емделу де пайдалы [1].  
Дәрілік  түймедақ  —  ромашка  аптечная.  Дәрілік  түймедақ  -  биіктігі  35  сантиметрге  дейін 
жететін  бір  жылдық,  шӛп  тектес  ӛсімдік.  Тамыры  тік,  жіңішке,  ашық  қоңыр  түсті.  Сабағы  түзу, 
бұтақтары  кӛп.  Жапырақтары  кезектесіп  жарыса  орналасқан,  отырмалы,  қауырсын  тәрізденіп 
жіңішке  жапырақшаларға  тілімделген.  Гүл  сабағы  ұзын,  тостағаншасының  шеті  ақ  түсті, 
ортасындағылары  түтік  тәрізді,  сары  түсті.  Гүл  тәжі  5  жапырақшалардан  тұрады.  Жемісі  -  қоңыр 
түсті  тұқымдар.  Май  айынан  қазан  айына  дейін  гулдейді.  Дәрілік  түймедақ  шабындықтарда, 
далалы  аймақтарда,  егістік  араларындағы  бос  жерлерде  ӛседі.  Дәрі  үшін  ӛсімдіктің  гүлдерін 
сабағынан  үзіп,  жинап  алады.  Құрамында  биоактивті  заттар:  эфир  майлары,  гликозидтер,  никотин 
қышқылы,  қоймалжың,  ащы  заттар,  каротин  және  С  витамині  бар.  Түймедақтың  гүлінен  жасалған 
дәрілердің  жел  шығаратын,  қабынуға  қарсы  әсер  ететін,  тер  шығаратын,  ауырған  жерлерді 
тыныштандыратын,  дендегі  бұлшық  еттердің  тырысуына  қарсы  әсер  ететін  қасиеттері  бар.  Халық 
медицинасында  ӛсімдік  гүлдерінің  тұнбасынан  жасалған  дәрілерді  гастрит,  тоқ  ішектің  қабынуын, 
бауырдың, бүйректің ауруларын емдеу үшін пайдаланады [3]. 
Дәрілік  шүйгіншӛп  -  валериана  лекарственная.  Дәрілік  шүйгіншӛп  -  биіктігі  1,5  метрге  дейін 
жететін, кӛп жылдық, шӛп тектес ӛсімдік.Тамыры қысқа, іші қуыс, тік ӛседі, қосымша кӛптеген ұсақ 
тамырлары да бар. Сабағы тік, сырты сай - сай, мұның да іші қуыс. Тамырынан тікелей ӛсіп шығатын 
жапырақтарының  сабақтары  ұзын,  сабақтың  тӛменгі  жағындағы  жапырақтарының  сағақтары 
қысқалау,  жоғары  жағындағылары  отырмалы  болады.  Жапырақтары  құстың  қауырсындары  тәрізді, 
қарама - қарсы орналасқан, шеттері ара тісті. Гүлдері майда, ашық қызыл түсті, хош иісті, ӛсімдіктің 
ең  жоғарғы  жағында  шоғырланып  тұрады.  Гүл  тәжі  бес  гул  жапырақшаларынан,  ал  гүл 
тостағаншасы  бес  имек  қалақшалардан  тұрады.  Тұқымы  -  бір  шетінде  шашағы  бар,  кішкене  ғана 
сопақша жеміс. Май, тамыз айларында гүлдейді. Жемісі шілде - қыркүйек айларында піседі. 
Ӛсімдік  гүлдеп  біткеннен  кейін  оның  жер  үстіндегі  бӛлегі  қурай  бастайды.  Міне,  осы  кезде 
оның  тамырын  жинау  басталады.  Ӛсімдіктің  тамырында  биоактивті  заттар:  эфир  майлары, 
изовалериан  қышқылы,  алколоидтар  бар.  Эфир  майлары  нерв  жүйесін  тыныштандырады,  ұйқыны 
қалпына келтіреді. 
Фенхель.  Биіктігі  екі  метрдей,  кӛпжылдық  ӛсімдік.  Сабағы  кӛп  бұтақты  тік  ӛседі. 
Жапырағының айналасы тілімденген.Гүлдері сары, шатыр құрып орналасқан. Жемісі екі дәнді. Шілде 
-  тамыз  айларында  гүлдейді.  Табиғатта  Қырым,  Кавказ,  Орта  Азия  жерлерінде  кездеседі.  Украинада 
қолдан  ӛсіріледі.Фенхель  шӛбінің  дәрілік  қасиеті  бар.  Бұл  ӛсімдікті  бауыр,  бүйрек,  гастрит 
ауруларын  емдеуге  қолданады.  Фенхель  жемісінің  дәнінде  4-6  процент  эфир  майы  бар.  Ол  кейбір 
дәрілердің құрамына кіреді [4]. 
Қызылтаспа – тарандар тұқымдас, бір жылдық ӛсімдік. Сабақтары жан – жаққа жайылып ӛседі. 
Биіктігі 30 сантиметрдей. Жапырақтары сопақтау  немесе қияқ тірізді ұзын әрі тұқылдау. Гүл шоғы 
ірі,  ұзындығы  2  сантиметрге  жуық.  Гүлдері  жасыл,  жапырақтың  ішкі  жағына  жиналып  тұрады. 
Маусым айынан бастап бүкіл жаз бойы  гүлдейді. Кӛбінесе тамыз айының екінші жартысында пісіп 
жетіледі. Еліміздің барлық аймақтарына, соның ішінде Қазақстанда кеңінен таралған. 
Химиялық құрамы. Гүлденген кезінде қызылтаспада протеин, май, клетчаткалар, азотсыз заттар, 
илік  заттар,  шайырлар,  балауыз,  қант,  авикулярин  глюкозиді,  флавондар,  каротин,С,К  витаминдері, 
аздаған эфир майы болады. Тамырында оксиметилантрахиондар бар.  

 
207 
Қолданылуы.  Дәрі  жасау  үшін  оның  жер  үстіндегі  бӛлігін  пайдаланады.  Ғылыми  медицина 
қызылтаспа  препараттарын  акушерлік  –  гинекалогиялық  тәжірибеде,  босанғаннан  кейін  жатырдан 
аққан қанды тоқтататын дәрі ретінде, жатырдың қайта қалпына келуі нашарлаған жағдайда, сондай-
ақ аборт жасатқаннан кейін жатырдан ағатын қанды  тоқтату үшін қолданады.  
Тәжірибенің кӛрсеткеннен бұл ӛсімдіктің шӛбін суға және спиртке қосып жасаған препараттар 
қан  ұюын  тездетеді,  қан  қысымын  тӛмендетеді,  жатыр  бұлшық  етінің  тонусын  кӛткріп,  несептің 
бӛлінуін жақсартады.  
Халық  медицинасында  оны  бүйрек,  бауыр  ауруларын,  қарын  қабынуын  емдеуге,  іш  ӛткенде, 
қуық  қабынғанда,  жараланғанда,  организімдегі  зат  алмасуы  бұзылғанда,  ӛкпе  туберкулезіне 
шалдыққанда,  бүйрекке  тас  байланғанда,  нефрит,  невроз,  пэлитцистит,  артероисклероз  ауруларына 
ұшырағанда пайдаланады. 
Ӛкпе  қабынуымен,  асқынған  бронхитпен  және  плевритпен  ауырған  адамдарға  ӛгейшӛп 
жапырақтары мен қызылтаспа гүлдерін бірдей мӛлшерде қосып қайнатып ігкізеді[6]. 
Іш  ӛткенде  қырықбуын  қосылған  қызылтаспа  қайнатындысын  ыстықтай  ішу  керек.  Ол  үшін 
қызылтаспаға оның мӛлшерінің жартысындай мӛлшерде қырықбуын араластырады да, күшті қызыл 
шарапқа салып, 3 минуттай қайнатады. Сонан кейін әрбір тӛрт сағат сайын стаканның үштен біріндей 
немесе жартысындай мӛлшерде ысытып ішіп отыру керек.  
Қызылтаспа  қуықтағы  құмды  да  айдап  шығарады.  Онымен  емделген    кезде  зәрмен  бірге 
формалары әртүрлі қара қошқыл, сарғыш түсті қиыршық құм түсіп отырады. Тастарды шығару үшін  
қызылтаспаға  жүгерінің    аналық  ауызын,  түйебұршақ  жоңқасын,  сабыншӛп  шӛбін,  аюқұлақ 
жапырағын бірдей мӛлшерде алып араластырады. Күндіз ішу үшін  қоспаның 15 грамын бір стакан 
ыстық суға салып, жылы күйінде кешке дейін ішіп бітіреді. 
Қызылтаспамен қуық қабынуының ескірген түрінде емдейді. 
Қытай  медицинасында  қызылтаспаны    ыстықты  тӛмендететін,  несеп  жүргізетін,  қақынуларды 
басатын, ішек құртын түсіретін және жүйке әлсірегенде   ішетін, әл құрығанда тонус кӛтеретін дәрі 
ретінде қолданады.  
Сонымен бірге оны терінің кейбір жақтарына жағатын май ретінде де пайдаланады. Тропикалық 
безгекпен ауырғанда қызылтаспа шӛбінен жасалған қайнатындыны 10 грамм, ал ішек құртын түсіру 
үшін 5-25 грамм мӛлшерінде қабылдайды. 
Қызылтаспа  шӛбін  ыстық  суға  бұқтырып  гемаррой  түйіндерін  жапсырып  басады. 
Жарақаттанғанда кӛк шӛбінен жасалған тұнбаны қолданады.   
Субеде – кӛп жылдық, шӛп тектес, батпақ ӛсімдігі, су  астындағы ұйықтарға терең орналасқан 
ұзын  және  жуан  тамыры,  тамырының  ішінде  ауа  жүретін  қуыстары  бар.  Тамырының  сәл  ғана 
кӛтерілген ұшына ұзын сағақты бірнеше ірі жапырақ ӛсіп шығады. Сабағы жапырақсыз, биіктігі  30 
см-ге дейін жетеді. Оның ұшар басындағы гүлдері масақ тәрізденіп шоғырланып тұрады. Тамырдан 
ӛсіп  шыққан  жапырақтары  теріс  қаратып  қойған  жұмыртқа  тәрізді,  шеттері  бүтін,  үш-үштен 
қосақталып  тұрады.  Гүл  тостағаншасы  бес  қалақшадан  тұрады.  Гүлдері  ашық  қызыл  түсті,  гүл 
жапырақшалары  бесеу.  Шар  тәрізді  жемісінің  ішінде  кӛптеген  тұқымдары  болады.  Май-июнь 
айларында  гүлдейді.  Шоғырланып  тұрған  ірі  гүлдері  анадайдан  кӛзге  шалынып,  жолаушыға  жақын 
арада су қоймасының бар екендігін кӛрсетеді. Субеденің орыс тілінде  «вахта» деп аталатын себебі, 
бұл  ӛсімдік  батпақты  жерлерге  қойылған  вахта  –  қарауыл  сияқты,  жолаушыға  «ары  қарай  жүруге 
болмайды», - деп ескертіп тұрғандай болып кӛрінеді. 
Дәрі  жасау  үшін  субеденің  жапырағын  жаз  айларында  жинап  алады.  Құрамында  илік  заттар, 
мениангин гликозиді, алкалойдтар, тамаққа тәбет шаптыратын, ас қорытуды жақсартатын қасиеттері 
бар. Асқазанның қышқылы азайғанда, іш желденгенде қолданылса, ӛте жақсы нәтиже береді. 
Халық медицинасында субеде геморой түйіндерін, бауыр ауруларын, туберкулезді емдеу үшін 
және  ӛт  қалтасына  тас  байланғанда  ӛт  айдайтын  дәрі  ретінде  қолданылады.  Кейде  ішек  құрттарын 
жою үшін де пайдаланылады[5]. 
Дәріні  дайындау  және  қолдану  тәсілі.  Ұнтақталған  2  шай  қасық  жапырақты  қайнап  тұрған  1 
стакан  суға  салып  20  минут  тұндырады  да,  стаканның  1/4  –дей  мӛлшерде  тамақтан  жарты  сағат 
бұрын күніне 3 мезгіл ішеді. 
Зире – биіктігі 80 сантиметрге дейін жететін, екі жылдық, шӛп тектес ӛсімдік. Тамыры етті әрі 
жуан.  Сабағының  ұзына  бойына  созылған  сайлары  бар.  Жоғарғы    жағында  жайыла  ӛседі, 
жапырақтары  кезектесіп  орналасқан.  Қауырсын  тәрізді  жіңішке  бӛлімдерге    бӛлініп  тілімделген. 
Тамыр жапырақтары  мен тӛменгі  жағындағы жапырақтарының сағақтары ұзын. Гүлдері  майда, ақ 
түсті,  ӛсімдіктің    жоғарғы  жағында  топталып,  шоғырданып  тұрады.  Жемісі  –  ұзындығы  3 

 
208 
миллиметрдей  жұмыртқаға ұқсас, ішінде екі тұқымы  бар дәнек. Мамыр-шілде айларында гүлдейді. 
Жемісі шілде айында  піседі.  
Зире  –  бұталардың  арасында,  шалғынды    жерлерде,  орманның  шеттерінде,  ӛзендердің  
жағаларында, тау беткейлерінде ӛседі. Мәдени ӛсімдік ретінде кей жерлерде  қолдан егіледі. Дәрілік 
мақсатқа ӛсімдіктің жемісін  пайдаланады. Құрамында майлар, белоктар, эфир майлары, илік заттар, 
флавондар, пигменттер бар. 
Зире  жемістерінің  ас  қорыту  бездерінің  жұмысын  жақсартатын,  ішектің  қимылын,  қызметін 
реттейтін, тер шығаратын, несеп айдайтын, микробтарды жоятын қасиеттері бар. Осыған байланысты 
бұл ӛсімдік іш  желденгенде, асқазанның қышқылы кемігенде, ішектер түйіліп ауырғанда, сондай-ақ 
іш  жүргізу  үшін  де  қолданылады.  Сонымен  қатар  зиренің  жемістерін  ӛт  қалтасы    қабынғанда,  іш 
жүрмей  қалғанда  пайдаланады.  Оның  қақарық  түсіретін,  емшекте  баласы  бар    әйелдердің    сүтін 
кӛбейтетін қасиеттері бар екендігі  де анықталды[6]. 
Дәріні дайындай және қолдану тәсілі.  Ӛсімдік жемістерінің 20 грамын  (1 ас қасығын) қайнап  
тұрған  1  стакан  суға  салып  жарты    сағат  тұндырады  да,    1қасықтан  күніне  3  рет  ішеді.  Іш 
желденгенде    мынадай  қоспа  жасаса    дәрінің  тиімділігі  арта  түседі:  зире  жемістерінің  2  қасығын, 
аскӛк    тұқымдарының  1  шай  қасығын,  мыңжапырақ  жапырақтарының  екі  жарым  қасығын    алып 
араластырады  және  қайнап  тұрған    екі  стакан  суға  салып  10  минут  тұндырады  да,  әрбір  екі  сағат 
сайын 2 қасықтан ішеді. 
Бауыр және ӛт жолдарына әсер ететін дәрілік ӛсімдіктер. 
Зирек  -  бӛрі  қарақатар  тұқымдас,  бұталы  ӛсімдік.  Бұтақтары  сұрғылт-сары,  жапырақтары  
спираль тәрізді  бұралып ӛседі. Ұзындығы екі жарым  метрге  дейін жетеді. Тамыры  тармақталып, 
кең    жайылады,  түсі  сарғыш.  Бұтақтары  үшке  бӛлініп    түйінделіп    тұрады,  қысқа    бұтақтарында  
жапырақтар  шоғыры  болады.  Жапырақтары  сопақша,  жиектері  араның  ұсақ  тістеріне  ұқсайды. 
Гүлдері ұсақ, ашық-сары түсті әрі хош иісті.  
Мамыр – шілде айларында гүлдеп, қыркүйек – қазан айларында жеміс береді. 
Зиректің жабайы түрі Қазақстанның таулы аймақтарында  кездеседі. 
Қолданылуы.  Зиректің  емдік  қасиеті  ертеден-ақ  белгілі.  Емдік  мақсатқа  оның  жемісі  мен 
жапырақтарын  тамыры  мен  қабығын  пайдаланады.  Оның  жемісі  сусын  қандырады,  тәбет  ашады, 
жүйкені  тыныштандырады,  сондай-ақ  жүрек  бұлшық  еттерін  нығайтып,  дененің  қызуын  басады. 
Оның ӛт жүргізетін және ауруды асқындырмайтын да қасиеті бар. Зитректі іш ӛткенде, гемороймен 
ауырғанда және ӛт, несеп жүргізетін, қан айналысын жақсартатын дәрі ретінде де қолдануға болады.  
Зирек жапырағынан жасалған тұнбаның қан тоқтатын қасиеті бар бар, сонымен бірге ол жатыр 
бұлшық еттерінің жиырылуын жақсартады, жүректің соғуын жиілетеді, қан қысымын тӛмендетеді.  
Зирек  тамырларының  қабығын  суға  салып  жасаған  тұнбамен  шеменді  және  сары  ауруға  
қабаттаса  жүретін бауыр және бүйрек ауруларын, әсіресе ӛтке тас байлануын, құяң, ревматизм және  
радикулит ауруларын емдейді. 
Тамырының  қайнатындысын асқазан ауруларын, , безгек, ревматизм, плеврит және туберкулез 
ауруларын емдеуге кеңінен пайдаланады.  
Зиректің  кептірген  қабығы  мен  тамырынан  жасалған  тұнбаны  тер  шығаратын  дәрі  ретінде  де 
пайдалануға болады.  
Безгекке  шалдығып  ревматизмен  ауырған  кезде  зирек  тамырының  100  грамын  1  литр  суға 
қайнатып күніне 3 рет 1 стаканнан ішу керек. 
Ұнтақталған тамырының 30 грамын жарты литр араққа салып 3 тәулік тұндырады. Бұл тұнбаны 
ӛт жүргізетін дәрі ретінде ішеді. 
Оның тамыр қайнатындысын туберкулезға ұшырап, плевра қабынғанд ас қасықпен күніне 3 рет 
ішу керек. 
Зиректің  әр  түрінен  жасалған  препараттарды  шетелдерде  безгек  салдарынан  ісінген 
кӛкбауырды,  қарын  мен  жіңішке  ішектің  жарасын  жазу,  емдеу  үшін  пайдаланады.  Құрамында 
берберин алкалоиды болғандықтан оны қатерлі ісіктерге де қарсы қолданады. 
Зирек  сабағын  Тибет  халық  медицинасы  сары  ауруға  қарсы  қолданады.  Қабығынан  жасалған 
қайнатынды коньюктивитке қарсы және жараны жаратын дәрі ретінде, ал гүлдерін іштің ӛтуіне және 
шірінше ауруына қарсы қолданады[7]. 
Жүгері – астық тұқымдас, бір жылдық ӛсімдік. Сабақтары қатты әрі жуан. Жапырақтары ұзын 
қия  тәрізді.  Аталық  гүл  шоғы  сабағының  жоғары  жағында  шашақталып  тұрады,    ал  аналығы  
сабағының  орта  шенінде  жапырақ  қойнауынан  шығып  тұратын  собық  тәрізді.  Гүлдеген  кезде 
қынапты жапырақтан аналық гүлдері шоқтала шашақталып шығады.  
Шілде – тамыз айларында гүлдейді. Жемісі – тығыз, бүйрек пішіндес дән.  

 
209 
ТМД –нің барлық аймақтарында ӛсіріледі. Шыққан жері – Мексика. 
Қолданылуы.  Емдік  мақсатқа  жүгерінің  аналықтары  мен  діңгегін  пайдаланады.  Жүгерінің 
аналығы  дәрілік  негізгі  шикізат  болып  табылады.  Оның  сабақтарын  балауызданып,  сүттенгенде, 
тамыз-қыркүйек айларының аяғында  жинайды.  
Жүгері аналығын басқа да дәрілік емдіктер мен қосып холецистид, холангит, гепатид кезінде ӛт 
жүргізетін  және  ӛт  бӛліп  шығаратын  дәрі  ретінде  сондай-ақ  қан  кетуін  тоқтататын  препарат 
қолданады.  
Соңғы кезде жүгері майы шипалы дәрі ретінде пайдаланылып жүр. Жүгері майының құрамына 
кіретін  май  қышқылдарының  қандағы  холестерин  санын  кемітетені  қасиет  бар.  Сондықтан  жүгері 
майын күнбағар майымен бірге атеросклероздың алдын-алуға және оны емдеуге қолдану ұсынылады. 
Шайшӛп-күрделі  гүлділер  тұқымдас,кӛп  жылдық  ӛсімдік.  Түсі  ақшыл.  Ұзындығы  40-50 
сантиметр.  Ағаш  тамырлы  ӛсімдіктің  бірнеше  сабағы  болады.    Тамырына  жақын  жапырақтары 
ұзынша  келген,  жұмыртқа  пішіндес  сопақ,  ал  жоғарғылары  қияқ  тәрізді.  Гүл  қауашағы  қылғылт 
күлгін түсті, шар тәрізді, жеке-жеке ӛседі. Жемісі – дән.  
Шілде мен тамыз айлары аралығында гүлдейді. 
Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Құмды жерлерде, тау етектерінде, бұта арасында ӛседі. 
Кейде сәндік ӛсімдік ретінде ӛсіріледі.  
Қолданылуы. Шайшӛптің гүлін дәрі ретінде пайдаланады. Оның гүлдері халық медицинасында 
ерте заманнан бері қолданылып келеді. 
Шайшӛпті  жабайы  шетенмен,  шайқұраймен,  жүгері  аталығымен,  күнбағар  гүлімен  және 
қызылтаспамен  қосып  бауыр  мен  ӛт  жзолдарының  ауруын,  яғни  холециститті,  холангидті  емдеуге 
болады.  бұл  дәріні  ішумен    бірге  қайнатып  ыстықтай  бауыр  тұсына  басуға  болады.  Немесе  оған 
адыраспанды,  қазтабанды,  ӛгейшӛпті,  қара  жусанды  қосып  қайнатып,  шӛптерін  ыстықтай  бауыр 
тұсына басса, науқас адамның жағдайын жақсартады[9]. 
Асқазан қышқылы азайған жағдайда шайшӛпті киікоты шӛбімен, ақбас жусан гүлімен, субеде 
шӛбімен,  иір  тамырмен  және  адыраспан  шӛбімен  араластырады  да  осы  қоспаның  10  грамына  400 
грамм су құйып, 4 сағаттай тұндырады. Содан кейін оны баяу жанған отқа 10 минуттай қайнатады да, 
суыған  соң  3  ас  қасытан  күніне  4  рет  тамақтан  жарты  сағат  бұрын  ішеді.  Осы  аталған  қоспадан 
сондай –ақ ӛте тиімді тұнба әзірлеуге де болады. Ол үшін қоспаны ұнтақтайды да 50  грамын алып 
үстіне  жарты  литр    арақ  құяды.  Сӛйтіп  оны  күніне  1  рет  араластырып  қойып  8  тәулік  тұндырады. 
Содан соң тұнбаны бір жарым шай қасықтан күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.М.Н.Аширматова,  Ф.И.Шарипова,      Б.К.Махатов  «Влияние  фитопрепаратов  на  обменные 
процессы». Алматы. 2000ж. 
2.Б.К.Махатов,  М.Н.Аширматова,  P.M.Абдуллабекова  «Лекарственные  растения            Казахстана, 
обладающие профилактическими и противовоспалительными свойствами». 2000ж. 
3.Н.Энциклопедия «Флора Казахстана» 5-том. Москва. 1961ж. 
4.Большая медицинская энциклопедия.  М.2005ж. 
5.Қазақ Совет энциклопедиясы 1-12 томдар. 
6.Қ. Рахимов «Қазақ халық емшілігіндегі ӛсімдіктердің шипалық қасиеті»  
7.Денсаулық журналы №3, 2002, 2-4беттер. 
 
Аннотация.  В  статье  полностью  рассматривается  о  способе  применение  лекарственных  растениях 
для пищеварения организма. 
Annotation. The article on how to fully consider the use of medicinal plants for the digestion of the body. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
210 
ӘОЖ 582 
      З-59 
 
ДӘРІЛІК ӚСІМДІКТЕРДІҢ ҚҦРАМЫНДА  КЕЗДЕСЕТІН ВИТАМИНДЕРДІҢ  
ТҤРЛЕРІ ЖӘНЕ ТАҒАМНЫҢ КҤРДЕЛІ ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРЫ 
 
Т.Ж. Заурбеков  
Облыстық  клиникалық аурухана, Тараз қ. 
 
 Тағамдық    ӛсімдіктердің    (кӛкӛніс,  жидек,  жеміс)    шипалы    құрамы    аса    мол.    Олардың  
қазынасында    сан  –  алуан    физиологиялық  сергек    компоненттер    кӛп:    организмде    дұрыс    зат  
алмасуын  үзбей  қолдап  отыруға  қажетті  витаминдер,  минералды  тұздар  мен  микроэлементтер,  
тіршілікке    зиянды    заттарды    организмнен    шығаруға    әсер    ететін    пектиндер,    ауру    тудыратын  
кӛптеген  микроорганизмдерді  жойып  жібере  алатын  фитонцидтер  және  тағы  басқалар. 
Заттардың  осы  шипалы  қосындысында  ӛсімдік  витаминдері – тамақтың  ӛте – мӛте  бағалы  
факторлары  басты  орын  алады.  Жұртқа  мәлім,  витаминдер  аз  мӛлшерімен  – ақ әсер  етеді,  ал  
олар  жетімсіз  болса,  онда  зат  алмасуының  бұзылуына,  нерв  жүйесінің  дұрыс  қызмет  істемеуіне  
және  басқа  да  шалдығуларға   байланысты  бірқатар   айтулы   аурулар  пайда  болады.  Кӛптеген  
витаминдердің  жоғары  биологиялық  әсерлігі  мынада:  олар  белоктық,  кӛміртегіндік  және  басқа  
да    метаболикалық    процестерді    катализдейтін    фермент    жүйесінің    құрамды    бӛлігі    болып  
табылады. Ал  қайсыбір  витамин  болмай,  жетіспей  қалса,  онда  тиісті  фермент  жасалынбайды,  
демек    ол    катализдейтін    биологиялық    реакция    түсіп    қалады.    Витамин    қызметінің    басқа  
жақтарын  да    атап    ӛту    керек    болар.    Бірқатар    витаминдердің    әсер    ету    диапазонының    кейде  
кеңдігі  сонша,  олардың  ерекшелігін  айтып  жеткізу  қиын,  әртүрлі  витаминдердің  әсер  ету  күші  
бірінен – бірі  асып  жатады,  кейде  антагонистік  немесе  синергиялық  әрекет жасайтынын  байқауға  
болады [1]. 
Майда    еритін    витаминдердің  –  А,  Д,  Е  суда    еритін    витаминдерден  –  С  және  В  тобының  
айырмасы  бар; ал  витамин   К  суда,  майда  да  ериді.   Витаминдердің  организмге  жақсы   сіңуі  
үшін  олардың  мұндай  қасиетін  білген,  ескерген  жӛн. 
Витаминдерді  қолдану  әдісі  тегінде  витамин  профилактикасына  байланысты  жасалынады. 
Айталық,  тағамда    витаминдердің    жетіспеуі    организмнің    жұқпалы    ауруларға,    әртүрлі  
авитаминоздарға  және  басқа  да  ауруларға  қарсылық  кӛрсетуінің  әлсіреуіне  әкеліп  соқтырады. 
Қазіргі  кезде  кейде   химиялық   таза  табиғи  немесе  синтетикалық   дәрі  – дәрмек  қолданылады,  
(жас    не    кепкен    күйінде)    қолдану    жақсы    нәтиже    беріп    жүр,    ӛйткені    оларда    витаминдер  
жиынтығы  мен  тұздардың  болуы  ӛзара  әсер  ету  күшін  ұлғайта  түседі. 
С витамині (аскорбин  қышқылы)   ӛсімдіктерде  кӛп  ездеседі,  ол   ӛсімдіктің   кӛк  бӛлігінде  
жинақталып  құралатындардың  қатарына  жатады.  С  витаминіне  мыналар  бай:  тағамдық  кӛктің  
барлық    түрлері  –  кӛк    пияз,    аскӛк,    ақжелкен    (петрушка),    балдыркӛк,    салат,    саумалдық,  
қымыздық;    жидек    пен    жеміс    дақылдары  –  итмұрын,    шырғанақ,    қара    қарақат,  бүлдірген,  
қарлыған, алма  (пісіп жетпегені) және  грек  жаңғағының  жапырақтары;  кӛкӛніс  ӛсімдіктерінен  – 
кӛкӛніс  қызыл  бұрышы  мен  қабықты  бұрыш;  сирек  кездесетін  жер  асты  жемістілері  – желкек,  
шомыр;  ал  жабайы  ӛсімдіктердің  ішінен  қалақайды, ерменді (ащы  жусан)  атауға  болады, бұларда 
С витамині  кӛп. С  витамині консервленгенде де  жақсы  сақталады,  сондықтан  қысты  күні  томат – 
пастаны,    жасыл    бұршақты,    шпинат  –  пюрені,    ішіне    фарш    салынған    бұрышты    пайдалануға  
болады.  С  витамині  мұздатылған  жидекте жақсы  сақталады,  бірақ  оны  мұз  ерігеннен кейін  сол  
сәтте  тамаққа  салу  керек.  Бұл  витаминінің  жақсы  сақталуына  ӛніп - ӛсу жағдайының,  ӛніп - ӛсу  
кезеңінің,    сақтау    тәсілі    мен    мерзімінің    үлкен    мәні    бар.    Мәселен,    С    витамині    тӛмен  
температурада  басқа  витаминдерге  қарағанда  анағұрлым  шапшаң қалыптасады, ал  құрағақшылық  
жағдайда  аскорбин  қышқылының  құрамы  азаяды.  Бұрыш  ӛсіп  келе  жатқан  кезде  жиі  – жиі  су  
құйса,  онда  С витаминінің  кӛбірек  жинақталады.  
С  витамині  ұлпалардың  тыныс  алу  процесіне,  қан  тамырларының  қоректенуіне  қатысады,  
белок    пен    майдың    сіңуін    жақсартады.    Ол    организмнің    дұрыс    дамуына    мүмкіндік    береді,  
қоршаған    ортаның    қолайсыз    әсер    етуіне    қарсылықы,    жұқпалы    ауруларға    деген    тӛзімділікті  
күшейтеді,  жұмыс  істеу  қабілетін  арттырып,  шаршап – қажуды  азайтады[2]. 
С  витаминіне  бай  ӛсімдіктер    құрқұлақты    жазады,  атеросклероздың    ӛршуін    тоқтатады,  
жарақаттардың    жазылуын    тездетеді.    Оларды    сондай  –  ақ    тұмау,    баспа,    сарп,  ӛкпе    қабыну  
ауруларына    қарсы    пайдаланады.    Организмде  аскорбин    қышқылының    жетіспеуі    бірқатар  

 
211 
ауруларға  шалдықтырады:  тез  шаршайтын  болады,  бас  ауырады,  ұйқы  басады,  тәбеті  қашып,  
тіс  еті  ісінеді,  қан  ағады,  ұлпалар  қанталайды,  ал  аскорбин  қышқылы  мүлде  болмаса,  онда  
құрқұлақтың  ӛршуіне  әкеліп  соғады.  Ересек  организмге  қажетті  С  витаминінің  тәуліктік  дозасы 
60- 70 мг. 
Р  витамині  («Permeare»  деген  латын  сӛзінен  шыққан)  тек  қана    ӛсімдіктерден    табылған.    Р 
витамині  С  витаминімен  қосылғанда  жақсы  әсер  етеді, оның  бойға сіңімділігін  арттырады,  оны  
қышқылдандырудан  алдын – ала  сақтандырады  деген  де  ұғым  бар.  Р және  С  витаминдері  зат  
алмасуының    кӛптеген    процестеріне    қатысады    да  әдетте    сонда    бас  қосады.    Сондықтан    Р  
витамині   аскорбин  қышқылына   бай   ӛсімдіктерде  (итмұрын,  қара  қарақат,   қарлыған,   бұрыш,  
капуста,  кӛп  қабатты  пияз,  кресс – салат,  фенхель)  кӛп  болады. Соңғы  кезде  Р  витамині  сергек  
білінетін   заттарды   іздеудің   арқасында   флавондар,  катехиндар, антоциандар,   лейкоантоциандар  
болып  табылатын  қоспалардың  кӛп  топтарын  анықтауға  мүмкіндік  туды[3]. 
С  және  Р  витаминдерінің    жиынтығы    организмдерде    аса    уақ    қан    тамырлары  – 
капиллярлардың  қабырғасын  нығайтуға  септігін  тигізеді,  оның  ӛткізімділігі  қалыпқа    келтіреді.    Р 
және    сол    тектес    витаминдерді    аскорбин    қышқылымен    қосып,    қан    ӛтетін    капиллярлардың  
ӛткізімінің    ұлғаюына,  олардың  осалдануына    байланысты  болатын    ауруларды  –  құрқұлақты, 
скарлатинаны,  қызылшаны,  гипертония    ауруларын  емдеуге,    сондай  –  ақ  рентгенотерапия    мен  
радиотерапияға  қолданады.  Р  витаминінің тәуліктік  қажетті  20 мг шамасында. 
В – тобының  витаминдері.  Бұл  әртүрлі  қоспалар,  бұлардың  әрқайсысы  ӛзіндік  қасиеттері  
бар,  ерекше  витаминдер[3]. 
В1    витамині    (тиамин)    кӛптеген    ӛсімдіктерде,    дәндерде    (атап  айтсақ,  бұршақ  
тұқымдастарының    ішінде  –  кӛк    ұсақ    бұршақта),  кӛкӛніс    дақылдарында    (картоп    пен    сәбізде),  
татымды    ӛсімдіктерде    (пияздың    кейбір    түрлерінде  –  батунда,    порейде,    кӛп    қабатты  пиязда),  
бұрышта,    балдыркӛкте,    салатта,    аскӛкте,    фенхельде    кездеседі.    Оны    С    витаминімен    бірге  
пайдалану  керек.  В1  витамині  нерв  жүйесінің  қызметінде үлкен  рӛл  атқарады,  жүрек  бұлшық  
еттері  мен  ішек – қарын  жолдарының  дұрыс  жұмыс  істеуі  үшін  ӛте  қажет.  Мұның  болмауы  
немесе    жетімсіз    болуы    кӛміртегі    мен    май    алмасуын    бұзады,    нерв    жүйесінің    ауруларына  
шалдықтырады.  Тәуліктік  қажеттігі - 1 – 2 мг. 
В2    витамині    (рибофлавин)    кӛкӛніс    ӛсімдіктерінде    (сәбізде,    жуада,    кресс  –  салатта,  
ақжелкенде),    фасоль    мен    жасымықта,    жүгері    дәнінде,  сондай  –  ақ    жеміс    дақылдарында  – 
алхорыда,    шиеде,   ӛрікте,    итмұрында  болады.    В2    витаминдері    шипалы    болуы    үшін    В12,  В6  
витаминдері    қажет.    Бұл    витаминнің    қажеттігі    суық    түскен    немесе    күн    кӛзі    күшті    сәуле  
шашқан  кезде  анағұрлым  арта  түседі. 
В2  витаминінің  жетімсіздігі   ішек  – қарын  қызметіне  теріс  әсерін  тигізеді,  кӛз  ауырады,  
нерв  жүйесі  жұқарады,  шаш  ерте  ағара  бастайды.  Тәуліктік  қажеттігі – 3 мг. 
В3  витамині  (пантотен  қышқылы)  жидектерде  (қара  қарақатта,  таңқурайда,  бүлдіргенде),  
жемістерде    (ӛрікте,    шиеде),    кӛкӛністерде    (кӛк  бұршақта,    картопта,    түсті    капустада,    томатта,  
сәбізде),  татымдыларда  (ақжелкенде,  пиязда)  және  салат  ӛсімдіктерінде  (қояншӛпте)  болады.  Ол  
метаболизмнің – белоктық,  кӛміртегіндік  және  басқа  да  кӛптеген  процестеріне  қатысады.  Бұл  
витаминнің  клиникалық  жетімсіздігінен  бойдың  ӛсуі  баяулайды,  тері  бұзылады,  шаш  ағарады,  
ішек  –  қарын    жолдарының,    нерв    жүйесінің    қызметі    (ұйқы    қашу)    нашарлайды.    Тәуліктік  
қажеттігі – 2 – 3 мг. 
В6  витамині  (пиридоксин)  кӛкӛніс  ӛсімдіктері  ішінен  картопта,  жүгері  дәнінде,  алхоры,  
қарақат,    шырғанақ    жемістерінде,    алмада    болады.    Оның    организмде    жетіспеуі    анемия    (қан 
аздылық),  дерматит  (терінің  қабынуы),  тырысу  ауруларына  шалдықтырады.   
В9  витамині  немесе  фолий  қышқылы  (антианемиялық  фактор).  Бұл  витамин  бірінші  рет  
шпинат    жапырақтарынан    алынды    (аты    латынның    folint  –  жапырақ    деген    сӛзінен    шыққан).  
Ӛсімдіктердің    кӛк    бӛлігінде,    сондай  –  ақ    капустада,    қарлығанда    болады.    Фолий    қышқылы  
темірмен    бірге    қанның    жасалу    қызметін    күшейтеді,    анемияға    шалдыққанда    ӛте    пайдалы.  
Тәуліктік  қажеттігі – 1 мг. 
В12  витамині  (кобаламин)  молекуласында  кобальт  бар.  Қан  түзу  мүшелеріне  жақсы  әсер  
етеді,  бірқатар  тері  ауруларына,  сәуле  ауруларына  пайдалы. 
РР  витамині  (ниацин)    картопта,  батун – пиязда,  бұрышта,  капустада,  сәбізде,  ақжелкенде,  
аскӛкте,    фенхельде,    ӛрікте,    шабдалыда,    алхорыда,    таңқурайда,    бүлдіргенде,    қарлығанда,  
қарақатта  кӛп  болады.  Тәуліктік  қажеттігі – 5 мг. 
А  витамині.  Ӛсімдіктерде  провитаминдер – ол  құралатын  заттар  (каротин  пигменттері  мен  
каротиноидтар)  ғана  кездеседі,  олар  ферменттердің  әсерімен  А  витаминіне айналады.  Каротин  

 
212 
(«carota» латын  сӛзінен   шыққан).  Қызғылтсары   немесе  қызыл   түске  боялып,   жапырақтардың  
хлоропластарында, сондай  – ақ  жемістердің  хлороқыртыстарында  шашау  шықпай  жинақталады.  
Сәбіз,  шпинат,  асқабақ,  жүгері  дәні,  ақжелкен,  итмұрынның,  шырғанақтың,   ӛріктің  жемістері,  
сондай – ақ  бақбақ,  шашыратқы,  қалақай,  тырнақшагүл  гүлдері  каротинге  бай. 
Бұл    витаминнің  жетіспеуінен    кӛз    ауруы    пайда    болады.  Кӛздің    мӛлдір    қабығы  
құрғақтанады,  бауырдың  қызметі,  холестерин  алмасуы  бұзылады,  жұқпалы  ауруларға  қарсылық  
кемиді.  Тәуліктік  нормасы – 4 – 5 мг. 
Е   витамині  (токоферол)  тағамдық  ӛсімдіктерде  мол  таралған,  бақша  дақылдары  ішінен 
салатта,  сәбізде,  капустада,  кӛк  пиязда,  бұршақтарда,  картопта,  жүгеріде,    шырғанақтың,  
итмұрынның,  ӛріктің  жемістерінде,  ал  жабайы  ӛсімдіктердің  ішінен  – қалақайда,  жолжелкенде  
кӛп  болады.  Бұларда  пісірген,  не  қайнатқан  кезде  витаминнің  қасиеті  біраз  кемиді.  
Е    витаминінің    ұдайы    ӛндіру    процесі    үшін    үлкен    маңызы    бар.  Ол    жетіспеген    күнде,  
минералдың,  белоктың  майдың,    кӛміртегінің    алмасуы    бұзылады,  сондай  –  ақ    бактериялық,  
вирустық,    инфекцияларға    тӛзімділік    кемиді.    Оның    үстіне    Е    витамині    А    витаминіні  
қышқылданудан  сақтайды.  Тәуліктік  физиологиялық  қажеттігі – 20 - 30 мг. 
Соңғы    кезде    бұл    витаминнің    мол    антиоксиданттық    заттардың    жетпеуі    қышқылдану  
процесінің  күшеюіне  әкеліп  соғады  (тотық  қоспаларының,  биохимиялық  сергек  радикалдардың  
құралуын  күшейтеді),  мұның  ӛзі  бірқатар  патологиялық  жағдайлардың  (атеросклероз,  бұлшық  
еттер    дистрофиясы,    бауыр  ауруларының)    дамуына    себепші    болады.    Антиоксиданттар  
организмнің  қорғаныш  жүйесін  жұмылдыруға  кӛмек  береді  және  патогендік  әсер  етуге  қарсы  
реакцияның  күшеюін   алдын  – ала  анықтайды.  Антиоксиданттарға   Е  витаминінен  басқа   С,  А  
витаминдері  де,  сондай – ақ  танин, пирокатехин  туындылары,  флавонид  пигменттері  және  басқа  
да  заттар  жатады.   
U  витамині  жараға  күшті  әсер  ете  алатын  қосынды.  Бұл  витаминнің  ақ  басты  капустада  
бай  кӛзі  бар,  ол  сондай – ақ  қызылшада,  томаттарда,  сәбізде  және  басқа  кӛкӛністерде  кездеседі.  
U  витамині  асқазан  қызметін  қалыпқа  түсіреді,  оның  шырышты  қабығына  жақсы  әсер  етеді.  
Сондай – ақ,  ол  склерозға да   күшті  әсер  ете  алады,  ӛйткені  кӛміртегінің,  майдың  алмасуына  
ықпал    жасайды,    майдың    бауырда    артық    қорлануына    кедергі    болады.  U    витамині    жылуды  
кӛтермейді,    сондықтан    кӛкӛністерді    езіп    пісірмеген    жӛн.    Жас    күйінде    мұздатқан    және  
консервілеген  кӛкӛністе  U  витамині  аса  ұзақ  уақыт  сақталады[4]. 
К  витамині  (К – коагуляция  деген  сӛздің  алғашқы  әрпі)  қанды  ұйытуға  себепші  болады,  
мұның  ӛзі  қансыраған  кезде,  кесілген  жарақат  кезінде  үлкен  маңызы  бар. 
К  витаминіне  бай  ӛсімдіктерді  қайнатпа  күйінде  және  галендік  дәрі – дәрмектер  ретінде,  
мәселен,    жүгері    аналық    аузын,    қалақай    жапырағын,    жұмыршақты,    қызыл    тамырды,  
мыңжапырақты    пайдаланады.  Бұл    витамин    кӛкӛністердің    ішінен:    ақжелкенде,    фенхельде,  
капустада,    сәбізде  мол    болады.    Организмде    К    витаминінің    болмауынан    болар  –  болмас  
жарақаттың  ӛзі  ұзақ  уақыт  бойы  қанайды. 
Табиғи    қышқылдар    ӛсімдіктердің   клеткасындағы    шырында    болады.    Жемістер  –  кӛптеген  
табиғи    қышқылдардың    бай    қайнар    кӛзі.    Бізге    анағұрлым    жиі    кездесетіндердің    қатарына  
құмырсқа    қышқылы    (алма,    таңқурай),    сірке    қышқылы    (әртүрлі    жемістерде    және    ӛсімдік  
шырындарында),  алма, лимон  қышқылдары  (алма, алмұрт,  құлпынай,  таңқурай,  қарақат),  янтарь 
қышқылы    (қызыл    қарақат,    пісіп    жетілмеген    шие,    қызыл    шие,    алма),  салицил    қышқылы  
(таңқурай,  қожақат)  және  гликозидтер  (шегіргүл  және  хош  иісті шегіргүл)  мен  күрделі  эфирлер  
(түймедақ,  жусан,  мыңжапырақ  майлары)  жатады.  
Табиғи  қышқылдардың  (алма,  лимон)  ықпалымен  ас  қорыту  сӛлдерінің  бӛлінуі   артады,  
ішек  перистальтикасы  күшейеді,  ас  қорыту  процестері  жақсарады, әсіресе  бұл  кім- кімде  тұз  
қышқылы  бӛлінуі  тӛмен  болса,  солар  үшін  ӛте  қажет. 
Табиғи    қышқылдар    қышқылдық  –  сілтілік    тепе  –  теңдікті    реттеп    отыруда    маңызды    рӛл  
атқарады,  ішкі  ортаны  сілтілендіріп,  организмді  ацидоз  жағдайынан  арылтады. 
Янтарь  қышқылының  да  маңызы  үлкен,  ол  қолайсыз  жағдайда  жұмыс  істеуді  жақсартатын  
адаптоген  дәрулеріне  жатады.  Бірақ  мынаны  ескеру  керек,  кӛміртегі  бар  тамақты  аса  кӛп  ішу  
сірке  қышқылының  тым  молайып  кетуіне,  демек  холестериннің  кӛбеюіне  әкеледі  (ӛйткені  сірке  
қышқылының  бір  бӛлігі   холестеринді   синтездеуге  пайдаланады).   Қымыздық   қышқылына  бай  
ӛсімдіктерді  (бұл  қышқыл  әсіресе  қымыздықта,  содан соң  шпинатта,  рауғашта  кӛп)  сақтықпен  
қолдану  керек,  ӛйткені  олар  тұз  алмасуына  теріс  әсер  етеді,  кальциймен  қосылып,  ерімейтін  
тұз  құрайды. 
Эфир майы – ұшпа  заттар. Химиялық  құрамы  жағынан  бұл  әртүрлі  қосындылардың  күрделі  

 
213 
қоспасы.    Эфир    майы    (әсіресе    қуаң    жағдайда)    жапырақтарға    (шалфей,    жалбыз,    таспашӛп)  
жиылады  да  оларды  қызып кетуден  сақтайды;  ол жемістерде  (зире,  кориандр,  фенхель,  анис)  
кейде    жер    астындағы    мүшелерінде    (желкек)    кездеседі,    онда    бәлкім    жер    астындағы  
зиянкестерден    (дән  мен  тамырдың    ӛнуі)    қорғау    қызметін    атқаратын    болар.    Эфир    майы  
ӛсімдіктерде  аз  да,  кӛп  болып,  түрлі  мӛлшерде  кездеседі.   Ӛсімдіктердің  жеке  түрлерінде эфир  
майы  оның  әртүрлі  бӛлігінде  біркелкі  жинақталмайды:  мӛлшері  ғана  емес,  майдың  сапасы  да  
әр  мүшелерде  ӛзгеріп  тұрады   (мәселен,  кишнецте  піскен  жеміс  майының  иісі  жапырақ  майына  
қарағанда  басқаша  болады). Майдың  мӛлшері  мен  құрамы  вегетация  фазасы  бойынша  ӛзгеріп  
тұрады.   Май    гүлдеу    кезінде    жапырақтар    мен    шӛпте    кӛп   болады,    ал    жемістерде  –  олардың  
пісуіне  қарай  кӛбейеді.   
Эфир    майы    бар    ӛсімдіктер    талай    заманнан    бері    емдеу    тәжірибесінде    қолданылады.  
Мәселен,  эфир  майлары  былжыр  қабыққа  әсер  ететіндіктен,  оларды  ингаляция  ретінде  мұрын,  
тамақ  ауруларына   пайдаланады. Бірқатар  майлардың  қақыртатын күші  де   осыған  негізделген.  
Кӛптеген  эфир  майлары  тері  мен  былжыр  қабықтың  белгілі  жеріне  әсер  етіп,  түршіктіреді, 
сондықтан  оларды  хош  иісті ванна, сылау түріне  пайдаланады.  Қайсыбір  эфир  майлары  бүйрекке  
сіңіп,  оны    түршіктіреді    де    несепті    айдайды.    Эфир    майларының    бактерицидтік    қасиеті    бар,  
сондықтан  оларды  антибиотиктер  әсер  ете  алмайтын  микробтар инфекциялаған  жарақаттарды  
тазалаған  кезде  дезинфекция  дәруі  ретінде  пайдаланады.  Эфир  майларының  микробтарға  қарсы  
дәру  ретіндегі  кемшілігі  мынау – олардың  спектрлік  әсер  ету  шеңбері  тым  тар,  сондықтан  эфир  
майларын  әсері  әртүрлі  спектрмен  пайдалаған  жӛн[5]. 
Эфир    майлары    ӛзінің    басты,    аса    бағалы    құрама    бӛлігінің    негізінде    бірнеше    топқа  
бӛлінеді.    Бұлардың    кӛпшілігі    терпендерге    және    олардың  туындылары:    моно  –  битерпендерге  
жатады.  Ал  монотерпендерден  жалбыздың  иісі  бар  ментол,  зиренің  иісі  бар  карвон,  кетон  және  
басқалар    бӛлінеді.    Бұл     заттардың   бәрі    антисептикалық,    қабынуға    қарсы  және  терінің  белгілі  
жеріне  анестезиялық  әсер  етеді.  Сесквитерпендердің  ішінен  азулен  заттары  (азулен, хамазулен)  
ерекше  топ  болып  саналады,  олар  түймедақта,  ерменде,  мыңжапырақта  болады.  Азулен  немесе  
кӛк  май,  немістің  asurblau – кӛкшіл  деген  сӛзінен  алынған,  кӛк  немесе  күлгін  түсті  болған  соң  
солай  аталған.  Азулен  заттары  гипотензиялық,  спазмолитикалық,  қабынуға  қарсы  әсер  етеді,  
сондықтан  күйікті,  сәуле  ауруының  жараларын  емдеуге  кеңінен  қолданады;  сондай  – ақ  жара – 
циститтерді  емдегенде  жақсы  әсер  етеді,  антибиотиктерден  ӛзгешелігі,  қуықты  түршіктірмейді. 
Хамазулен  тез  жазылуға,  қабынбауға  жақсы  әсер  етеді    (жусан,    мыңжапырақ).    Оны    сондай  –  ақ  
әртүрлі  аллергиялық  сипаттағы  ауруларға  да  қолданады,  мәселен,   хамазулен   терапиясы   жас  
баланың  жедел  және  созылмалы  демікпесін  жазады. 
Белоктар,  майлар,  кӛміртегі  – тағам  рационының  маңызды  компоненттері.  Белоктар  және  
ішінара    майлар    әсем,    нәзік    заттарға    жатады,    яғни    организмде    ескіні    ауыстырып,    жаңаны  
жасауға    қолданылады.    Белоктық    заттардың    алмасу    ӛніміне    амин    қышқылдары,    амидтер,  
аминдержатады. Белоктардың тағамдық бағалығы  олардың құрамына кіретін  амин  қышқылдарымен 
(олар  небәрі 20)  анықталады,  бұлардың   ішінде  - қышқыл   ауыстыруға  болмайтын  қышқылдар,  
олардың  кӛпшілігі – цистин,  лизин,  триптофан,  аргинин,  метионин  ӛсімдіктерде  кездеседі.  Амин  
қышқылдарының    бірқатары  –  лейцин,    тирозин,    аргинин,    гистамин  -  ӛсімдіктерде:    пісіп    келе  
жатқан  дәндерде,  тамырларда,  түйнектерде  кӛбіне  еркін  жағдайда  тұрады. 
Бұршақ  тұқымдастардың  дәндеріндегі    белоктар    амин  қышқылының    құрамы    бойынша  
малдардікіне    жақын    келеді.  Аталып    ӛткен    ӛсімдіктердегі  аминтерге:    аспарагин,    гванидин,  
глютамин    жатады.    Аспарагин    қояншӛптен    табылды,    ол    сондай  –  ақ    бұршақ    тұқымдастарда 
(бұршақта),  астра  тұқымдастарда  (күнбағыста,  бақбақта), балдыркӛк  тұқымдастарда  (сәбізде)  бар.  
Гванидин   қант   қызылшасында,  жүгеріде  және  басқа  ӛсімдіктерде  кездеседі.   Белоктар  кӛбіне  
белок    емес    компоненттермен    (нуклеин    қышқылымен,    витаминдермен,    металдар  –  темірмен,  
молибденмен)  қосылып,  әртүрлі  қоысындылар  түрінде  болады  да,  протеидтер  тобын  құрайды. 
Белоктар    нерв    жүйесі    арқылы    зат    алмасуына    дем    береді,    организмнің    инфекцияларға  
қарсы    қарсылығын    күшейтеді,    ферменттер    мен    гормондардың    құралуына    қатысады.    Соңғы  
кезде    биологиялық    сергек    заттар    ретінде    амин    қышқылдарына    үлкен    маңыз    беріліп    жүр,  
олардың  біразы  емдік  тағамдарда  қолданылады. 
Белок    қосындылары    ішінде    ферменттер  –  тіршіліктің    маңызды    катализатолары  –  аса  
маңызды    рӛл    атқарады.   Ферменттердің    гидролиздік    топтарының    ішінен    мыналарды:    күрделі  
эфирлерді құруға немесе ажыратуға  қатысатын  эстеразаларды,  глюкозидтер  мен  полисахаридтерді  
моносахаридтерге  ажырататын  карбогидразаларды  және  протеиндерді  амин  қышқылына  
ажырататын    протеазаларды    атауға    болады.    Эстеразаларға,    мәселен,    бұршақ    тұқымдастардың  

 
214 
(бадана,  бұршақ)  дәнінде,  күнбағыс  дәнінде  болатын   липаза,  баданада,  картопта  және  басқа  
ӛсімдіктерде    болатын    фосфотаза    жатады.    Карбогидразалардың    ішінен    кӛптеген    ӛсімдіктерде  
кездесетін    сахарозаны,    мальтозаны    және  басқаларын,    сондай  –  ақ,    барлық    ӛсімдіктердің  
мүшелерінде   болатын,    кӛміртегіне    бай    полиазаны,    инулин  молекулін    фруктозаға    ажырататын  
инулиназаны,    пектинді    суда    еритін    редукцияланған    затқа    ажырататын    пектиназаны    атауға  
болады[6]. 
Кӛміртегі  –  организмде    энергияның    қайнар    кӛзі,    әртүрлі    қанттар    түріне    сақталады.  
Кӛміртегінің  моно – олиго – және  полисахаридтер  деген  түрлері  бар.  Монсахаридтердің  ішінен  
глюкоза,    фруктоза    ӛсімдіктердің    кӛк    бӛлігінде,    дәндерінде,    гүлдердің    шірнесінде,    әртүрлі  
жидектер    мен    жемістерде    аса    мол    болады.    Дисахаридтерге    сахароза    (құрғақ    қанты    немесе  
қызылша  қанты)  жатады,  ол  әртүрлі  ӛсімдіктердің  жапырақтарында,  сабақтарында,  дәндерінде,  
жемістерінде,  жидектерінде,  тамырлары  мен  түйектерінде  кездеседі.  
 Полисахаридтер    табиғи    және    функционалды    мәні    жағынан    резервтік    (крахмал,  инулин),  
қаңқалық  (клетчатка,  лигнин,  пектин)  болып  келеді  және  глюкоза  молекулаларынан  құралады. 
Крахмал    қоректік    заттың    қоры    ретінде    жемістерде,   дәндерде,    жер    астында    қыстайтын  
мүшелерде,    діңнің    ӛзегінде    қабатталып    сақталады.    Тағам    ретінде    пайдаланумен    қатар,  
медицинада  ішек – қарын  дерттенгенде  оны  шылайтын  дәру  ретінде,  тері  ауруларын  емдегенде  
басқа    заттармен    қосып,    жағынды    май    және    сеппе    күйінде    қолданады.    Кейбір    ӛсімдіктерде  
фруктоза  молекулаларынан  құралған  инулин  крахмалдың  орнына  жүреді.  Крахмал  мен  қанттың  
орнына    қолданылатын    инулин    бойға    тез    сіңеді,    сондықтан    оны    диабет    ауруын    емдеуге 
пайдаланады.  Ол  шашыратқының,  бақбақтың,  артишоктың  жер  астындағы  мүшелерінде  болады. 
Пекитн  заттары   галоктурон  қышқылынан  құралған,  ӛсімдік   ұлпасындағы  клетка  аралық  
заттар  осылардан  жасалынады.  Пектиндерсіз  организм  дұрыс  қызмет  істей  алмайды.  Олардың  
сору  және  тұтқыр  дәрілік  қасиеттері  бар,  улы  заттарды  зиянсыз  етеді,  оларды,  оның  ішінде  
басы  артық  холестеринді  де  организмнен  шығаруға  себепші  болады. 
Пектиндер  ас  қорытуды  жақсартады,  дезинфекциялауға,  ӛтті  айдауға,  несеп  жүргізуге,  ішті  
босатуға    әсер    етеді.    Оларды    балалардың    іш    ӛтуін    емдеуге    (алма    диетасы)    пайдаланады,  
ӛндірістегі  уланудың  қатерін  бәсеңдету  үшін  профилактикалық  дәру  ретінде  де  қолданады. 
Шикі  кӛкӛністер  мен  жемістер  пектинге  бай  келеді.  Пектин  бүлдіргеннің,   итмұрынның,  
қара  қарақаттың,  алманың,  шиенің  жемістерінде,  қарлығанда,  сондай – ақ  шалғамда,  қызылшада,  
балдыркӛкте  кӛп  болады. 
Ӛсімдік    клеткасы    қабығының    құрамына    негізінен    клетчатка    кіреді    (клетчатканың    бір  
молекуласы 60 – 10  глюкоза  молекуласынан  тұрады). Клетчатка  асқазанда  қорытылмайды  дерлік,  
бірақ  бұған  қарамай,  ол  ӛте  қажет,  ӛйткені  қарын  қабырғасының  нерв  талшығын  тітіркендіріп,  
қарын    сӛлінің,    ӛттің    бӛлінуін    күшейтеді,    ас    қорытуды    жақсартады,    ішектерде    орналасқан  
пайдалы    микроорганизмдердің    қызметіне    жақсы    әсер    етеді,    сонымен    қатар    зиянды  
бактерияларды  жоюға  себепші  болады. 
Майлар    да    кӛміртегі    сияқты    организмді    қажетті    энергиямен    қамтамасыз    етеді.  
Ӛсімдіктерден    алынған    майлардың    егде    тартқан    адамдардың    тағамында    болуының    үлкен  
маңызы    бар,    олар    қандағы    холестериннің    мӛлшерін    тӛмендетуге    септігін    тигізеді,  
атеросклероздың  дамуын  тежейді.  Олар  жетіспеген  күгде  зат  алмасуы  бұзылады. 
Минералдық    заттар  -  ӛсімдіктерде    болады,    олар    әр    алуан    реттеуші    қызмет    істеп,  
фармакологиялық    келелі    рӛл    атқарады.    Ӛсімдіктер    бойындағы    мӛлшеріне    қарай,    олар  
макроэлементтер  мен  микроэлемнеттерге  бӛлінеді.   Макроэлементтер  – калий,  кальций, магний,  
кремний,    фосфор,    темір    және    басқалары    ӛсімдіктерде    айтарлықтай    кӛп    кездеседі.    Әсіресе  
калийдің  маңызы  орасан  зор:  ол  барлық  дерлік  физиологиялық  процестерге  қатысады.  Калийдің  
тұзы  организмнің  қышқыл – сілтілік  жағдайын  реттеп  отырады,  денедегі  басы  артық  сұйық  пен  
натрий    тұзынан    құтылуға    кӛмектеседі.    Калийі    кӛп    ӛсімдіктер    ісікке,    гипертония    ауруына,  
жүрек,    бүйрек,    бауыр    ауруларына    арналған    емдік    тағамдарда    кең    пайдаланылады.    Ондай  
ӛсімдіктерге    мыналар  жатады:    татымды    хош    иістілер  –  пияз,    кресс  –  салат,    салат,    ақжелкен,  
бұрыш,  балдыркӛк;  кӛкӛністер  – сәбіз,  баклажан,  асқабақ,  шалғам,  шомыр,  капуста,  томаттар;  
жемістер – алмұрт. 
Кальций    фосфор    қышқылымен  және    магниймен  қосылып,    сүйек    қаңқасының    құрамына  
белсенді    қатысады,    қанның    сарысуында    болады.    Ол    калиймен    бірге    қанның    ұюына,    нерв  
жүйесі  мен  бұлшық  еттердің  қозуына  қатысады,  жүрек  бұлшық  еттерінің  тонусын  күшейтеді.  
Басты  және  жапырақты  салатта, кпаустада,  кӛк пиязда,  порей  пиязында,  ақжелкенде,  шалғамда,  
шомырда,    сәбізде    кальцийдің    айтарлықтай    кӛп  мӛлшерде    болатыныны    анықталды.    Темір  

 
215 
гемоглобиннің  жасалуына  негіз  болып қызмет  етеді:  ал  гемоглобин  жеткіліксіз  болса,  әлсіздік,  
қаны  аздылық  пайда  болады. Адамның организмінде  С  витамині  болған  күнде ғана  темір  бойға  
дұрыс  сіңеді. Темірі  бар  ӛсімдіктерді  анемия  (қан   аздылық)  кезінде  пайдаланған  жӛн. Темір  
алмаларда,    құлпынайда,    қарлығанда,    сондай  –  ақ    татымды ӛсімдіктерде   (ақжелкеннің    кӛгінде,  
балдыркӛкте),    желкекте,    шалғамда,    шомырда,    пиязда   (порей    пиязда,    басты    пиязда),  салатта,  
шпинатта,  томаттарда  бойға  сіңімді түрінде  мол  болады. 
Микроэлементтер – бұларға  мыс,  марганец,  никель,  мышьяк,  кобальт,   молибден,  қалайы  
жатады,    олар    ӛсімдіктерде        бәсең    шоғырланады    (әдетте    проценттің    мыңнан    бірі).  
Ферменттердің,  витаминдердің,  гормондардың  құрамына  кіретін  микроэлементтер  негізінен  зат  
алмасуға,  клетка  ішіндегі  алмасуға,  ұлпа  тынысына,  қанның  жасалуына,  бойдың  ӛсуіне  әсер  
етуімен    байқалады.    Қайсыбір    микроэлементтердің    әсері    күші    басқа    микроэлементтердің  
организмде    болуына    байланысты.    Мәселен,    кобальт    организмде    мыс    пен    қалайы    жеткілікті  
мӛлшенде  болған  күнде  ғана  жақсы  әсер  ете  алады.  Бойында     микроэлементтер  бар  ӛсімдіктер  
ӛсімдіктер    медицинада    макроэлементтер    сияқты    дәрі  –  дәрмек    ретінде    пайдаланады,    ӛйткені  
бірталай    аурулар    қайсыбір    элементтің    жетіспеуіне    байланысты    болады.    Соңғы    кезде    қан  
ауруын  емдеуге  кобальт  бар  ӛсімдіктен  жасалған  дәрі  – дәрмектерді  пайдаланып   жүр,  оның  
үстіне  кобальт   В12  витаминінің  құрамына  кіреді.   Ал  қалайы  қарын  асты  безде  инсулиннің  
құралуында  маңызды  орын  алады,  ал  инсулин  қант  диабеті  ауруларына  аса  қажет[6]. 
Қалайы  жетіспеген  күнде  бой  ӛсуінің  тежелуі,  терінің  кедір – бұдыры,  инфекцияларға  аса  
бейімділік,    ұйқы    басу,    депрессияға    ұшырау    байқалады.    Бұршақ    тұқымдастардың    қабығы  
аршылған  дәні  осы  микроэлементтің   негізгі  кӛзі  болып  табылады.   Ал   мыстың   жетіспеуінен  
анемия  болады,  шаш   пен  тері   депигментацияға ұшырайды,  орталық   нерв  жүйесінің   қызметі  
бұзылады.    Мыс    бұршақ    тұқымдастар    мен    жаңғақ    жемісті    ӛсімдіктерде    анағұрлым    кӛп  
мӛлшерде  болады. 
Тіпті  тіршілікке  аса  маңызды  микроэлементтердің  тағамда  әртүрлі  себептерге  байланысты  
(ластанған  ортада  болуы,  немесе  қалайымен  қапталған  ыдыста  сақталуынан)  мӛлшерде  артық  
болуы  адам  организміне  зиянды  әсер  ететінін  атап  айтқан  жӛн. 
Ӛсімдіктер  жӛнінде    жазғанда    басқа    да    биологиялық    белсенді    қосындыларды,    атап  
айтқанда,  гликозидтерге  жататын  заттардың  үлкен  тобын,  кумарин  туындыларын,  сондай  – ақ  
алкалоидтерді  де  айта  кеу  керек. 
Гликозидтер    (гректің    «гликос»  -  қант    деген    сӛзінен    алынған)  –  қанттан    және    оған  
байланысты   қант  емес,   агликон   («агликон»  аударғанда   қант  емес  деген   сӛз)  компонентінен  
тұратын  күрделі  заттар,  ал  агликон,  тіпті  сан  түрлі  қалыпта  бола  алады.  Атының «тәттіліген»  
қарамастан,  гликозидтер  ӛте  ащы  заттар  (жусанды  еске  алса  да  жеткілікті).  Гликозидтер – берік  
емес  заттар,  сондықтан   суда,   әсіресе   қышқылданғанда  суда  ферменттердің  әсерімен   бӛлініп,  
қантқа  және  агиконға  тез  ажырайды.  Ферменттер  ажырау  процесіне  ғана  емес,  гликозидтердің  
синтезделуіне  де  қатысады. Жоғары  температурада  (60 70С)  ферменттердің  күші  азаяды,  бұл  
жағдай    тӛмен    температурада    да    байқалады,    бірақ    кейіннен    температураны    қолайлы    шегіне  
дейін    кӛтергенде    олар    қайтадан    күшейеді.  Ӛсімдіктердің    жинап,    кептіргенде,    олардың    бұл  
ерекшеліктерін   ескерген   жӛн.  Ӛсімдіктер  қураған   кезінде   гликозидтердің  ферментативтік  тез  
ыдырауы  басталады,  ал  егер  ӛсімдіктер  кептеле  тығыз  жиналса,  онда  ӛздігінен  қызатын  болады  
да    агликон    мен    қант    бӛлігінің    арасындағы  байланысты    бұзатын    қолайлы    жағдайлар    туады.  
Сондықтан    гликозидтері    бар    жиналып    алынған    ӛсімдіктерді    сол    сәтте  –  ақ    жайып,    кептіру  
немесе    ферменттер    қызметін    дал    қылу    үшін    60  –  70  С    кептіру    керек    болады.   Ӛсімдіктерді  
сақтағанда,    оларды    дымқылдандырмау    керек,    ӛйткені    құрғақ    материалда    гликозидтерді  
ажырататын  ферменттер  ӛзінің  әсерін  тигізе  алмайды. 
Гликозидте  бір,  екі  немесе  бірнеше  қант  болады,  олар  гидролиздеген  кезде  бірте – бірте  
ажырап,    гликозидтің    «сатылы    ыдырауын»    береді.    Терапиялық    әрекет    қанты    жоқ    бӛлікке  – 
агликондарға  тән.  Қанттар  болса,  гликозидтердің  еруін  және жеңіл  соруын  қамтамасыз  етеді, ал  
керісінше,    агликондарда    мұндай    қасиеттер    жоқ,    сондықтан    олар    ӛз    әсерін    нашар    тигізеді. 
Гликозидтердің    тұрақсыздығына    байланысты    емдік    мақсатқа    әртүрлі    қалыпта    алынған  
қайнатпалар  қолданылады. Гликозидтері  бар  ӛсімдіктердің  кӛбі  улы,  сондықтан  емдік  мақсатқа  
шағын  мӛлшерде  пайдаланылады.  
Гликозидтер  агликондардың  химиялық  құрылымы  бойынша  топталады.  Міне  сол  гликозид  
топтарының  бірсыпырасы мыналар.  Жүрек  ауруларын  (жүрек  қызметінің  жетімсіздігін)  емдейтін  
анағұрлым    әсерлі    дәрулер    ретінде    жүрек    гликозидтеріне    бірқатар    ӛсімдіктер,    оның    ішінде  
конваллактоксин  гликозиді  бар  меруертгүл  де  жатады.  Ащы  заттар  ас  қорыту  бұзылған  кезде  

 
216 
және  тәбет  ашу  үшін  талай  заманнан  бері  қолданылады  (ішек – қарын  жолының  секрециялық  
қызметін  күшейтеді,  ӛт пен  қарын  сӛлінің  бӛлінуіне  спетігін  тигізеді)  және  гликозидтер  мен  
жүрек  гликозидтерден  айырмашылығы,  бұлар  улы  емес.  Бұл  заттар  қарапайым  ашқылтым  және  
хош    иісті    ашқылтымболып    бӛлінеді.    Соңғысына  –  ашқылтым  –  татымды    ӛсімдіктер    жатады,  
бұларда  ащы  заттардан  басқа  эфир  майлары  да  бар.  Мәселен,  жусан  шӛбі,  онда  абсинтин  мен  
анабсинтин  заттары   ащы   гликозид  болып  табылады.  Тиогликозидтер  – құрамына  күкірті   бар  
агликондар    кіретін    заттар.    Олар    ащы,    дуылдатып    күйдіретін    дәмімен    ерекшеленеді,    кӛзді  
жасауратады,    теріні    қызартады    (гиперемия)    немесе    күйдіреді,    күшті    бактерицидтік    және  
қабынуға  қарсы  әсері  бар.  Тиогликозидтер  (басқаша  айтқанда,  қыша  майларының  гликозидтері)  
кӛп  не  аз  мӛлшерде  бақша  кӛкӛністерінде:  капустада  және  пияз  ӛсімдіктерінің  (пияз,  сарымсақ)  
жуашығында  болады.  Бұл  заттар  мен  ӛмісдіктер,  олардың  құрамы  српқа,  ишиасқа  подаграға  
және  басқа  да  ауруларға  әртүрлі  дәрі – дәрмек  күйінде  қолданылады. 
Сапонин    гликозидтеріне    жататын    қосындылар    тобынан    үштерпен    туынды    полигалл  
қышқылы    саналатын    және    қант    қызылшасының  тамырларында  болатын  сапоген    қышқылын  
атаған  жӛн. 
Антрацен  гликозидтерінің  ӛз  құралымындағы  бӛлшектеріне  байланысты  әртүрлі  терапевтік  
қасиеттері    болады.    Антрагликозидтерге    сүргі    (іш    айдайтын    дәру)    ретінде    ерекше    кӛңіл  
бӛлінеді.   .  Антрагликозидтердің   
Агликондары    антрахинон    деп    аталады.    Фармакологиялық    әсері    олардың    жуан    ішекте  
ажыруына  және  перистальтикалардың  күшеюіне  негізделген.  Ал  терлететін  гликозидтер  ерекше  
топ  болып  құралады.  Бірқатар  ӛсімдіктердің,  мәселен,  таңқурайдың  нақ   гликозид  фракциясы  
тер  шығаруға  күшті  әсер  ететіні  айқын  дәлелденеді,  бірақ  бұл  заттардың  химиялық  құрылымы  
әлі  жетерліктей  зерттелген  жоқ. 
Фенолгликозидтерге    агликон    фенолы    құрамында    болатын    және    бүйрек    пен    қуықтың  
қабыну процестерінде  қолданылатын  бактерицидтік   қасиеті  бар  қосындылар  жатады.  Олардың  
ішінде    алмұрт    жапырағынан    табылған    арбутин    гликозиді    түріндегі    салицил    қышқылының  
туындысы  кездеседі.  Фенол   гликозидтерінің  үлкен  тобына  гүлдер  мен  жемістердің  әр  алуан  
бояуларына  байланысты  болатын  флавоноид  пигменттері  жатады.  Сары  бояуға -  флавондар  мен  
флавонолдар,    қызыл,    күлгін,    кӛк    бояуларға  –  антоциандар    әсер    етеді.    Флавоноидтер  
ӛсімдіктердің  барлық  бӛлігінде  (қала  берді  әртүрлі  мӛлшерде  және  құрамда  болады),   сондай – 
ақ    олардың    қоспаларында    кездеседі.    Ӛсімдіктерде    олар    тотыққан,    қалпына    келтіру,    алмасу  
процестеріне  қатысады  және  де  тотықтануға  қарсы  қасиеті  болғандықтан  С  витаминін  сақтап  
қалады.    Оның    үстіне    флавоноидтер    ультра    күлгін    сәулелердің    әсерінен    қорғаушы    жарық  
фильтр    болуы    да    ықтимал.    Әртүрлі    флавоноидтердің  медициналық    бағалығы    терапевтік    зор  
әсеріне    байланысты.    Мәселен,    рутин    және    басқа    да    флавоноидтер    (Р  –  витаминінің  
сергектігімен)  капилляр  қабырғаларын  нығайту  қасиетімен  ерекшеленеді  және  қан  тамырлары  
ауруларына,    гипертонияға,    атеросклерозға,    нерв    жүйесін    қалпына    келтіру    үшін    емдік    және  
профилактикалық   дәру  ретінде   пайдаланылады.   Рутин,  сондай  – ақ,   сәуле   терапиясына   және  
үсіген    кезде    қолданылады.  Мұндай    заттар  –  бүлдіргенде,    таңқурайда,    қара,    қызыл    қарақатта,  
алмада,    шиеде    кӛп    болады.    Бірқатар    флавоноидтер    жұмыр    бұлшық    етке    әсер    етумен  
ерекшеленеді,    сол    себепті  флавоноидтері    бар    ӛсімдіктер    бауыр,    бүйрек    ауруларына,    әсіресе  
оларда  тас  болған  кезде  пайдаланылады. 
Антоциандар  қант  компоненті  мен  аглкон  антоцианидинге  бӛлінетін   гликозидтер  болып  
табылады.    Медицина    саласында    бұталарға    бактерицидтік    қасиеті    үшін    кӛңіл    бӛлінеді. 
Антоцианидиндерге    пеларгонидин    жатады,    ол    гликозидтер    түріне    бүлдірген    жидегінде    және  
шалғамда  болады.  Цианидин  күрделі  формада  кӛктікен  гүлдерінен,  қарақат  жидегінен,  қожақат  
жемісінен,    таңқурайдан,    шиеден    табылады.    Дельфинидин    жүзім    жидегінен,    қарақошқыл  
құлқайырдан,  кӛк  баклажанның  қабығынан  табылады.  Атап  ӛтілген  антоцианидиндерден  басқа  
олардың  мынадай  метоксил   туындылары  белгілі:   пеонидин  (пион   гүлдеріндегі   бояу  заттар),  
петунидин    (жүзімнің    қара    сортында    болады),  мальвидин  –  жүзімге    кӛкшіл    түс    береді. 
Антоциандар    жемістердің    (алманың,    алхорының,    алмұрттың,    шиенің,    қызыл    шиенің    және  
кӛкӛністердің  қабығында  болады). 
Ӛсімдіктерде  кӛп  кездесетін  илік  заттар  немесе  таниндер  гликозидтерге  бір  табан  жақын.  
Олар    белоктармен    қосылып,    су    ӛткізбейтін    эластикалық    әрі    берік    пленка    жасай    алады.  
Таниндерді  тері   илеуге  (әдетте  бұған  емен  қабығын   қолданған,  сондықтан   да   бұл  процесс  
орысша    дубление,    ал    заттар    дубильныедеп    аталған)    және    медицинада    оны    осы    қасиетіне  
сүйеніп    қолданады.    Медицинада    тұтқыр   дәру    түрінде    пайдалану    былжыр    қабықта   одан   әрі  

 
217 
қабынуға  кедергі  болатын  пленканың  (үлкен  қабыршақтың)  жасалуына  байланысты,  ал  жараға  
жағылған  танин  қанды  ұйытады  және  қанды  тоқтататын  дәру  ретінде  сол  жерге  әсер  етеді.  
Танинде фенолдық  әсер  ету  жағынан  бактерицидтік қасиеттер  бар.  Илік  затар  сыртқы  жараға  
тұтқыр    және    бактерицидтік    дәру    ретінде    қолданылады.    Ауыз    бер    жұтқыншақтың    былжыр  
қабығы  қабығы  қабынғанда  – шаю дәруі,   күйікке  – сеппе  дәру,   қанағанда  – малма  (примочка)  
түрінде  қолданылады,  сондай – ақ  асқазан бұзылғанда  оны  ішеді.  Танин  ерітінділері  белоктық  
заттармен    ғана    емес,    алкалоидтармен,  глкозидтермен    және    ауры    металдармен    қосылғанда  
шӛгеді,    сондықтан    оларды    уланғанда    жедел    кӛмек    ретінде    қолданады.    Таниндер    әр    түрде  
барлық  ӛсімдіктерде  дерлік  кездеседі  (олар  алмұртта  кӛп).  Таниндер  ауада  тез  тотығады,  оны  
қабығы  аршылып  картоп  пен  алманың  қараюынан  кӛруге  болады. 
Кумарин  заттарының  сан  алуан  топтарының  ішінде  медицина  үшін  спазмолитикалық,  қан  
тамырын    кеңейтетін    және    тыныштандыратын    күшті    әсері    бар    фурокумарин    туындысы    аса  
маңызды.  Оның  үстіне,  олардың  біреуі  ішек  құртына  қарсы,  екіншісі – грибок  ауруына  қарсы  
қолданылады.    Осы    қосындылардың    қайсыбірі    күннің    ультракүлгін    сәулесіне    адам    терісінің  
сезімталдығын    күшейтеді.    Мәселен,    бойында    фурокумариндері    бар    бақшалық    балдыркӛк  
ӛсімдіктері  (ақжелкен  және  басқалары)  оларды  күннің  кӛзінде  ӛңдеген  кезде  қолда  дерматит  
ауруларын  қоздырғаны  белгілі[7]. 
Алкалоидтар – күрделі  органикалық,  құрамында азот бар,  сілтілік  қасиеті  бар,  күшті  ерекше  
әсер  ететін  қосындылар.  Алкалоид  деген  ат  екі  сӛзден  құралған:  арабша  «алкали»  - сілті  және  
грекше    «эйдос»  -  сол    тәрізді.    Алкалоидтар    спиртте    тез    ериді,    олардың    кӛбі  улы,    бірақ  
организмге    аз    мӛлшерде    (0,01г)    енгеннің    ӛзінде    кӛбіне    емдік    әсер    етеді.    Алкалоидтардың  
құрылымы    ӛте   әр    алуан.    Ӛсімдіктердің    бӛліктері    алкалоидтардың    мӛлшері  жағынан    біркелкі  
емес.  Алкалоидтардың  мӛлшері  ӛсімдіктердің  даму  фазасына  байланысты.  Олар  ӛсімдіктерде  
әртүрлі    органикалық    қышқылдардың  –  алманың,    лимонның,    қымыздықтың    тұздары    ретінде  
болады. 
Ақырында,    тағамдық    ӛсімдіктердің    емдік    кӛзін    аша    отырып,    шырындардың    маңызын  
ерекше  атаған  жӛн. Шырындар биологиялық сергек заттардың бүкіл жиынтығын  шоғырландырады,  
бұл    олардың:    бойға    тез    сіңетіндігі    мен    алмасу    процестеріне    араласуы,    жоғары    катализдік  
қасиеті,  ӛздерінде  гербицидтердің  болмауы  сияқтықұндылығын  арттыра  түседі.  Олар  шӛлді  тез  
басады,  тәбет  ашады,  ас  қорыту  бездерінің  қызметіне,  ӛттің  бӛлінуіне  дем  береді,  асты  жақсы  
сіңіруге  себепші  болады.  Шырындар – витаминдермен  тамаша  жабдықтаушы,  оларда  организмге  
тез  сіңетін  қант,  пектин  заттары,  органикалық  қышқылдар,  минералдық  тұздар  бар.  Кӛкӛніс  
шырындарында  органикалық  қышқылдар  аз,  оның  орнына  олар  минералдық  тұздарға  бай,  ал  
жеміс  шырындарында  қанттың   кӛп  болуына  байланысты,  калориялығы   жоғары.  Жеміс  және  
жидек  шырындарының  тағы  бір  бағалылығы  мынада:  әдетте  олардың  құрамындағы  аскорбин  
қышқылына    Р    витамині    қосарлана    еріп    жүреді.    Шырындар,    жеміс  –  жидектердің    жұмсағы  
араласқандықтан,    мӛлдір    болмауы    да    мүмкін,    ал    мұның    ӛзі    шырындарды    әртүрлі    пайдалы  
органикалық  заттармен  қосымша  байытады. Шырындар  әсіресе  ас  қорыту  мүшелері  ауыратын  
адамдарға  аса  пайдалы. 
Жүзім  шырынында  қант  пен  калий  кӛп,  бірақ  витаминдер  тапшы,  ал  құлпынай  мен  қара  
қарақат  (қышқылдау)  шырындарында  витаминдер  (кӛбіне  С витамині)  басым.  Алма  шырыны  
темір    мен    Р    витаминіне,    ал    таңқурай,    қарлыған    шырындары    мысқа    бай.    Сәбіз    шырыны  
каротин  мен  темірге  бай,  сондай – ақ  онда  С, Е, В2, РР  витаминдері,  кобальт,  мыс  бар  және  зат  
алмасуды  дұрыстауға  себепші  болады,  қан  жасалуын  жақсартады.  Томат  шырынында  кальций,  
темір,  каротин,  қант  бар. 
Татымды  ӛсімдіктерден  (ақжелкен,  балдыркӛк)  жаңа  алынған  сығынды  – бағалы  қосымша  
шырын.    Жабайы    ӛсетін    ӛсімдіктердің    ішінен    қалақайдың,    бақбақтың    шырыны    пайдалы.  
Германияда    оларды    кӛктемгі    әлсіздікке    қарсы    профилактикалық    дәру    ретінде    кеңінен  
қолданады. 
Шырындарды  белгілі  шамада  үйлесімді  араластырып,  хош  иісті  және  дәмді  сусын  жасауға  
болады,   оның    үстіне,   бірнеше   ӛсімдіктің    араласқан    шырындары    анағұрлым   әсерлі:    олар    әр  
алуан    витаминдер    мен   минералды    тұздарға    бай    болып    келеді.    Қышқыл    шырындарды    тәтті  
шырындармен,  хош  иісті еместі хош  иісті  шырындармен,  қоюларын  анағұрлым  сұйықтарымен  
араластырған  жӛн. Сәбіз  бен  алма  шырындары  жүзім  не  ӛрік   шырындарымен,  томат  шырыны 
алма  шырынымен,  алхоры – құлпынай  шырынымен  үйлесімді  келеді.  Бірқатар  шырындарды  ем  
ретінде  пайдалануға   болады.   Мәселен,  сәбізден,  алхорының   (немесе  ӛріктің)  қоспа   шырыны  
ішті  айдауға  әсер  етеді.  Капустаның,  қиярдың,  сәбіздің,  жүзімнің,  қарбыздың,  құлпынайдың,  

 
218 
алманың  шырындары  гастрит  және  қышқылы  тӛмен  кездегі  асқазан  мен  ішек  ауруларына  дәру  
ретінде  қолданылады.  Әдетте  шырынды  ас  ішерде  30 – 40 мин.  Бұрын  150 – 200 гр.  ішеді.  Егер  
асқазан    сӛлінің    қышқылы    жоғары    болып,    ол    кӛп    бӛлінетін    болса,    ондайға    тарнаның,  
қарлығанның,  шиенің,   алхорының,   таңқурайдың,   ӛріктердің  шырындары   аса  пайдалы   келеді.  
Олар  асқазан  секрециясын  тежейді.      
Бұл  атпен  белгілі  болғандар  -  ӛсімдіктерде  кездесетін  заттар;  олар  зат  алмасу  процестеріне 
үлкен әсер етеді және олардың физиологиялық активтігі жоғары болады. Тым болмашы  мӛлшерде 
бола тұрып-ақ,  олар форма құру және ӛсу процестеріне елеулі әсер ете алады. 
Витаминдер  кӛбінесе  ӛсімдіктер  организмдерінде  жасалады  және    кӛптеген  витаминдер 
химиялық жағынан зерттелгені  былай тұрсын, синтетикалық жолмен алынып та отыр. Витаминдер 
ӛсімдіктердің  ӛздеріне де,  сол сияқты ӛсімдікпен қоректенетін жануарларға да қажет, олар адамға да 
керек.  Олардың  ӛсімдіктер  тіршілігіндегі  рольдері  әлі  толық  анықталған  жоқ.  Дегенмен, 
клеткалардың  ӛсулеріне   қажетті жағдайлардың  бірі  – күрделі  органикалық  заттардың   синтезіне 
қатынасатын,  клетка  протоплазмасын  құруға  жұмсалатын  –  В
1
  (аневрина)  витаминінің  болуы 
екендігіне бірқатар дәлелдемелер бар. 
Витаминдердің    жануарлар  мен  адам  организмдеріне    тигізетін  әсерлері  күшті  зерттелуде. 
Тамақта  витаминдер  мүлде  жоқ  болған  жағдайда    ауру  күшейеді,  ол  авитаминоздар  деп  аталады. 
Витаминдер жеткіліксіз болса организмнің  бұзылуы күшейеді және жұқпалы ауруларға, оның қарсы 
тұру қабілеті тӛмендейді. 
Етте,  балық  майында,  сүтте,  жұмыртқада    болатын  витаминдер  оларға  жануарлардың    жеген 
ӛсімдіктерінен  келеді.  Витаминдердің  жануарлар  организмдеріне    тигізетін  әсерлерінің    сипатына 
қарай  жетіге бӛледі, оларды латын алфавитінің әріптерімен (А,В,С,D,E,F,P) белгілейді. Жас жеміс-
жидектер    мен  жұмыртқада  болатын  А  витаминінің    жоқ  болуынан  жас  организмдердің  ӛсуі 
тоқталады  және  кӛздің  кӛруі  нашарлайды,  тіпті  соқыр  болып  қалуы  да  мүмкін. Жеміс-жидектердің 
ішінде  А витамині кӛптері: шпинат жапырақтары, томаттар, сәбіздің тамырлары, бұршақтың  жасыл 
жәндері,  ананастың    жеміс  шоғыры,  ал  жануарлар ӛнімдерінен  –  сары  майда,  балық  майында  және 
жұмыртқаның  сары    уызында  кӛп  болады.  А  витамині  ӛсімдіктердің    қызыл  сары  түсті    пигмент  -  
каротин солекулалары  ыдырағанда пайда  болады. Каротин молекуласы  екі молекулаға ыдырайды, 
олар,а  оттегі  қосылады  да,  А  витаминінің    екі  молекуласы  келіп  шығады.  Тамақта    В  витаминінің  
жоқ  болуынан  Бери-бери  деген  ауру    пайда  болады.    Бұл  аурудан организм  әбден  әлсірейдщі  және 
нерв системасы   бұзылады.  В витамині  кӛптеген жемістер мен жидектерде, сол сияқты  ашытқыда, 
алейрон қабатында  және астық дәндерінің  сыртқы  қабығында кездеседі. Тамақта С витаминінің жоқ 
болуынан  құрқұлақ ауруы пайда болады. бұл аурудан адамның  тісінің еті  босап, тістері түседі және  
мұның  ақыры    басқа  қатты    науқастарға  –  жүрек  қызметінің    бұзылуы  мен  ӛкпенің    қабынуына  
ұшыратады. Құрқұлақ ауруымен әсіресе   С витамині  жас жемістерде , алмада, жүзімде, лимон мен 
апельсиннің  шырындарында,  қойбүлдіргенде,  итмұрында,  қара  қарақатта  және  қарағай  мен 
шыршаның  қылқандарында  болады.С  витамині  де  В  витамині  сияқты    суда  ериді,  ал  А,  D,  E  
витаминдерімайда ериді. Тамақта  - D витамині  жоқ болуынан мешел  аурулары пайда болады. бұл 
ауру жас  балалардың  сүйек тканінің зақымдануына  байланысты болады. D витамині астықтардың  
дәнінде болады; бұдан соң  ол ультракүлгін сәулелермен емделу және кәдімгі күнге күю кездерінде  
адам  организмде  пайда  болады.  Сол  сияқты  D  Витаминінің  мал  шаруашылығында  жас  тӛлдерді  
ӛсіруде де маңызы бар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет