Государственного педагогического


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет33/35
Дата07.04.2017
өлшемі2,28 Mb.
#11304
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.Е.Оразақов «Қазақ халық медицинасы». Алматы. Қазақ ССР .«Ғылым» баспасы. 1989ж. 
2.Е.Оразақов «Денсаулық туралы кеңес». Алматы. Қазақ ССР .«Ғылым» баспасы. 1981ж. 
3.Ж.Б.Ахметов «Патологиялық анатомия». Алматы. Ана тілі. 1993ж. 
4.Қазақстан ӛсімдіктері (ғажайып әлем). А.Қайнар 2000ж. 
5.«Халық емінің құдыреті». Құрастырған Ӛ.Ақыпбеков. А.Қайнар. 1993ж. 
 
Аннотация. В данной статье полностью рассматривается польза данных витаминов для организма и 
человека и животного. 
Annotation. This article is considered fully benefit data vitamins for the body and the human-animal. 
 
 
 
 

 
219 
ӘОЖ 614 
      Ж30 
АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУДАҒЫ ДЕМАЛЫС БАҒЫНЫҢ  
НЕМЕСЕ КӚГАЛДАНДЫРУ ЖҦМЫСТАРЫНЫҢ  ӘСЕРІ 
 
Г.Б. Жапарқҧлова  
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
XX  ғасырда  адам  алғаш  рет  ӛз  планетасын  ғарыштан  кӛрген  болды.  Бұл,  әрине,  Жер-
адамдардың  болмысы,  іс-әрекеттері,  шығармашылығы,  ӛнерімен  емес,  оның  кескіні  бұлт,  мұхит, 
топырақ және ӛсімдіктер әлемі күрделі құрылымы мен нәзік шер болып кӛрінеді. Міне, осы ӛзгермелі 
құрылым  мен  адамның  ӛзінің  іс-әрекеттерін  үйлестіре  алмау  қабілеті,  планетадағы  жүйелердің 
түбегейлі ӛзгерісіне алып келеді. Мұндай ӛзгерістердің барлығы жерде тіршіліктің жойылуына қауіп 
тӛндіреді. Бұл реалды шындық. Біз одан құтыла алмаймыз, сондықтан оны танып бақылауға тиіспіз. 
Біздің бақытымызға бұл шындық  XX жұзжылдық пен келген жаңа  жұзжылдыққа тән құбылыстарға 
сәйкес  келіп  отыр.  Ғылыми-техникалық  прогресс  табиғат  жүйелерінің  сырына  терең  үңілуге,оның 
құрылымдары  мен  қызметін  ашуға  мүмкіндік  берді.  Адамзат  табиғат  заңдарымен  ӛзінің  іс 
әрекеттерін  үйлестіріп  оны  дамытуға,  ӛркендетуге  мүмкіндік  алды.  Ақпаратты  тез  беруге  үйренді. 
Адам  және  табиғат  мәселелері  бойынша  ғалымдардың  бірі  Н.А.  Головкинский  былай  деп  жазды: 
«Адам  табиғат  тіршілігін  құрайтын  құралдардың  бірі...Адамзат  жалпы  тіршіліктің  жоғарғы 
сатысы...». 
Ӛсімдік  табиғат  қазынасы,  халықтың  байлығы.  Ӛсімдіксіз  жер  бетінде  тіршіліктің  болуы  да 
мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз, ол тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар кӛзі, 
ӛсімдікте 
түзілген 
органикалық 
затты 
бүкіл 
тірі 
организмдер 
пайдаланады[1,29б].  
       Елбасымыздың жолдауындағы «Жасыл ел» бағдарламасында таза ауаны, суды, топырақ құнарын, 
ылғалдылығын  сақтау  мәселелері  кӛзделген.  Табиғат  адам  бойында  қуат,  кӛңіліне  шабыт,  шапағат 
ұялататын сұлулық пен әсімдік әлемі. Табиғат ресурстарының құрамдас бӛліктерінің бірі - ӛсімдіктер 
мен жануарлар дүниесі. Әр аймақта ӛзіне тән ӛсімдіктер мен жануарлардың алуан түрі кездеседі. Осы 
алуан түрлерін сақтап қалу, яғни біз табиғаттың ӛзін қайта түлететін ұрпақпыз. Сондықтанда, әрбір 
ағашты,  әрбір  бұтақты,  жалғыз  дәнді  де  ыждағаттылық  пен  сақтау,  қамқор  болу  басты 
міндеттеріміздің бірі болып табылады. Сол себепті қоршаған ортаны кӛгалдандырудың маңызы зор. 
Кӛгалдандыру  жұмыстары  жалпы  қала,  аудан  орталығымен  қатар,  мекеме  аулаларында  да  тиімді 
жүргізілуі тиіс.   
Кӛше  бойын  сап  түзеп  еңселі  ағашы  ӛскен,  кӛк  майса  шӛбі  мол,  бау-бақшамен  кӛмкерілген 
ауыл,  селоларды  кӛргенде  еріксіз  сүйсінесің.  Жасыл  желек  елді  мекендерге  кӛрік  беріп,  ауаны 
оттегімен байытумен бірге, сол ӛзісіз дем алатын ауаның шаң тозаңымен, түтінмен, машиналардың 
газдарымен  ластануына  жол  бермей,  оны  сүзіп  тазартады.  Саялы  ағаштары  мол  ӛсетін  алаңдарда 
ауаның ылғалдылығы ағашсыз алаңнан 15-20 пайызға артық болады [3,45б]. 
Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде төмендегі мәселелерді ескеру керек. Олар: 
1.Жергілікті жердің табиғи климат жағдайы. 
2. Жердің географиялық орны . 
3. Топырақ құнарлығы. 
4. Ӛсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері. 
5. Ӛсімдіктердің экологиялық ерекшеліктері. 
6. Ӛсімдіктердің үйлесімділігі. 
7. Жергілікті жердің экологиялық жағдайы. 
8. Кӛгалдандырудың эстетикалық жағдайы. 
Ал  енді  адам  денсаулығына  қолайсыз  экологиялық  факторларға  тоқталсақ  оларды  мына 
тӛменнен кӛруге болады.  
Қолайсыз жағдайлар: 
1 Шаң-тозан 
2 Шу 
3 Қатты соққан суық және ыстық жел 
4 Атмосферадағы микробтар 
5 Түтін 
6 Ауадағы улы газдар 

 
220 
Кӛгалдандыру  мақсатында  отырғызылатын  ағаштар  мен  бұталарды  таңдағанда  алдымен 
олардың  адамға  пайдасын,  әсерін,  сәндік  мақсатта  отырғызылатын  орны,  биологиялық  және 
экологиялық 
ерекшеліктері 
ескеріледі. 
Әр 
ағаш 
әр 
түрлі 
болып 
келеді.  
Жасыл  ӛсімдіктердің  атмосфералық  ауаны  шаңнан  тазартудағы  маңызы  зор.  Ғалымдардың  
есептеуіне  қарасақ  1га  жердегі  ағаштар  68тонна  шаңды  ұстап  тұра  алады.  Кӛптеген  зерттеулерге 
қарағанда  ӛсімдіктің  сүзгіш  қабілеті,  әр  түрлі  ағаштардың  жапырақтары ӛздерінің  беткі  жағындағы 
ортаның  белгілі  бір  мӛлшерін  сол  қалыпта  шаңдануда  ұстайды.  Ӛсімдіктердің  әр  түрлерінің 
ерекшелігі шаңды ұстауы тікелей жапырақ құрылысының пластинкасымен байланысты (№1кесте.) 
1 - кесте  
Ӛсімдік 
тҥрлері 
Микробта
рды жоюы 
Шаңды 
ҧстауы 
Шуды 
басуы 
Суды 
буланд
ыруы 
Топыра
қты 
қҧнарла
ндыруы 
Желге 
тосқауы
л болуы 
Оттегі 
шыға
руы 
Кҥн 
сәулесіне 
тосқауыл 
болуы 
Улы 
газдарды 
бойына 
сіңіруі 
Жиде  

 
 
 

 
 
 
 
Терек 
 
 
 

 
 


 
Кӛк тал 
 
 


 


 
 
Қара ағаш 
 



 

 
 
 
Үйеңкі 

 
 

 
 
 
 

Алма 
 
 
 
 
 


 
 
Ӛрік 
 


 

 
 
 
 
Арша 
 
 

 

 
 
 
 
Итмұрын 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
Жоғары  кестеде  кӛріп  отырғанымыздай  әр  ӛсімдіктің  салыстырмалы  түрде  экологиялық 
ерекшеліктері  болады.  Осы  ерекшеліктерді  демалыс  бағы  мен  кӛгалдандыру  жұмыстарына  тиімді 
пайдалануымыз  арқылы  нәтижесі  жақы,  экологиялық  қолайсыз  әсерлерге  қарсы  бағыттталған 
жұмыстарды ұйымдастыра аламыз. 
Табиғатты  аялаудың  ӛзі  -  имандылықтың  белгісі.  Сондықтан  айналамызды  гүлдендіру, 
қоршаған  ортамызды  таза  ұстау,  жастарды  ағаш  егіп,  гүл  мәдениетіне  баулу,  олардың  болашағына 
бағыт-бағдар беру гүл мәдениетіне тәрбиелеу[2,21б]. Кішкентайынан  гүлді жұлмай оны аялап күтіп 
баптай білетін балаға табиғат-ана ізгі жүрек, мол мейірім, шуақты мінез сыйлайды. Халқымыз ерекше 
қастерлеп, талай ғасырлар бойы қамқорлық жасап келген табиғат байлағының бірі - ӛсімдіктер әлемі. 
Ӛсімдік  –  табиғат  қазынасы,  халықтың  байлығы  тіршілік  негізі.  Халық  ӛсімдікті  қорғауға  ерекше 
кӛңіл бӛлген «мың шыбық шаңшып ӛсірсең, халқыңа орман салғаның, ӛзіңе қорған салғаның» деген 
мақал осының айғағы. Аяусыз кесілген ағаш, шашылған қоқыс қала мен ауыл аймақтың сәнін бұзып 
адамның ӛз қолымен жасалып жатқан экологиялық дағдарысы. Ботаникалық бақта ӛсірілген ағаштар 
мен  алуан  түрлі  гүлдер  ауаның  тазарып  еліміздің  шағын  бір  ауылын  жасыл  желекке  орануына  ӛз 
үлесін  қосары  анық.  Туған  ӛлкенің  әрбір  ӛсімдігін  зерттеп  білу,  оны  қорғау  табиғатты  қорғау.  Ал, 
табиғатты қорғау ондағы адамзатты, ғаламшарды қорғау деген сӛз. Ендеше барлығыңызды  «Тал ек, 
гүл ек, туған жерді түлет» деген ұранмен ағаш егіп, орман, демалыс бақтарын салып туған жерімізде 
кӛгалдандыру жұмыстарын тиімді жүргізуге шақырамыз! 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.М.Сәрсенбаев «Елді мекендерді кӛркейтудегі жасыл желектердің маңызы» География және табиғат, 
2005, 3 – 27 бет. 
2.В.П.  Фомин,  Г.Г.  Невзоров  Туристік  -  ӛлкетану  экспедициясы  –  оқушылардың  экологиялық 
тәрбиесінің бір түрі. 
3.М.Мәметқазиев, Қ.Сыбанбаев, «Табиғатты қорғау» Қайнар, Алматы 1990жыл 
4.С.А.Арыстанғалиев, Е.Р.Рамазанов «Қазақстанның ӛсімдіктері», -Алматы 1997жыл 
5.Гүлстан журналы 2008 – 2010 жылдар аралығындағы 
 
Аннотация. Важный фактор сегодняшнего дня, это экологическая проблема. В связи экологической 
проблемой  нашего  края  рассматривается  решения  этих  проблем.  В  местных  полях  Казахстана 
озеленив  кустарники  и  деревья,  показывает  при  этом  эстетический  вид  и  свою  экологическую 
эффективность  для  окружающей  среды.  А  также  умножать  вид  общих  растении  для  многолетних 
цветков,  тем  самым  приглашать  всех  учреждении  на  озеленение  своих  местонахождение.  В 

 
221 
теперешнее время на сформировавшейся сложное экологическое состояние направленно  улучшение 
разных  предложения  и  воспитание  с  грамотностью  нынешнего  поколение  на  экологические 
проблемы.  
Аннотация.  Important  factor  today,  an  environmental  issue  .  Due  to  the  environmental  problem  of  our 
region is considered to address these problems. In the local fields of Kazakhstan landscaped shrubs and trees, 
while  showing  the  aesthetic  appearance  of  their  environmental  performance  and  to  the  environment.  A 
general  view  as  to  multiply  the  plant  for  perennial  flowers  ,  thereby  inviting  all  facility  greening  their 
whereabouts. In the current time , an elaborate directions for improving the ecological condition of different 
offers and literacy education for the current generation of environmental problems. 
 
 
ӘОЖ 582 
МЕКТЕП ЖЫЛЫЖАЙЫ МЕН ТӘЛІМБАҚТАРЫ ЖҦМЫСТАРЫН 
ҦЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРҒА КЕҢЕС 
 
С.Қ. Қҧсайынова 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Мектеп  тәжірибе  үлескісі  (учаскесі)  дегеніміз  оқушылардың  оқу-тәжірибе  және  олардың 
шамасына лайықты ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізетін мектеп қарауындағы жер үлескісі [1]. 
Мектеп  тәжірибе  үлескісін  ұйымдастырудың  негізгі  мақсаты  оқушылардың  білімін  арттыру,  ауыл 
шаруашылығы және зерттеу жұмыстарына үйрету. Әрбір село мектебінің және кейбір қала мектебінің 
қасынан  0,5–2  га  кӛлеміндегі  жер  осы  уақытқа  дейін  еңбекшілер  депутаттары  Советі  атқару 
комитеттерінің  шешімі  бойынша  беріліп  келген.  Үлескіде  арнайы  жүйе  бойынша  бӛлінген  егіс, 
жеміс-жидек, декоративті ӛсімдіктер және жеміс-жидек питомнигі, коллекциялық, метеорологиялық 
алаң,  ауыл  шаруашылығы  құрал-саймандар,  оқушылардың  тәжірибе-практикалық  жұмысына 
арналған тыңайтқыштарды сақтайтын бӛлімдер болады.  
Мұғалімнің  жетекшілігімен  оқушылар  тәжірибе  үлескісінде  табиғаттану,  география,  химия, 
биология  пәндері  бойынша  алған  білімдерін  кеңейтіп,  ӛмір  мен  білімді  ұштастыру  жолдарын 
үйренеді.  Мектеп  тәжірибе  үлескісінде  биологияның  арнайы  бӛлімдері  бойынша  факультативтік, 
практикалық  сабақтар,  жас  табиғатсүюшілер  үйірмесі  мүшелерімен  тәжірибе  жұмыстары  және 
оқушылармен  қоғамдық  пайдалы  жұмыстар  ұйымдастырылады.  Тәжірибе  үлескісі  биология, 
география,  табиғаттану  пәндері  бойынша  коллекция,  кӛрнекі  құрал  жинайтын  негізгі  база  болып 
табылады.  Оқушылардың  тәжірибе  жұмыстарының  қорытындылары  аудандық,  облыстық,  ӛлкелік 
кӛрмелерге, сондай-ақ Халықаралық ауыл шаруашылық жетістіктерінің кӛрмесіне қойылады.  
Жылыжай  жұмысының  мақсаты:  оқу-тәжірибелік  үлескісін  жоспарлау  әдістемесін  жасап, 
онда  ӛтетін  ботаникалық  және  зоологиялық  жұмыстарды  жіктеу,  топтау  және  осы  аталған 
шаруашылық  жұмыстарын  ұйымдастару  мен  орындау  әдістемелерінің  үлгілерін  жасау;  онда  ӛтетін 
практикалық  және  экскурсиялық  сабақтардың  сабақ  жоспарын  жасау;  оқу-тәжірибе  үлескілерінің 
сызбанұсқаларын кӛрсету; оқу үлескілерінде жылыжайлар ашып, онда кӛкӛністер мен кӛшеттер ӛсіру 
жұмыстарын  ұйымдастыру  және  жүргізу  әдістемесін  жинақтап  ұсыну;  мектеп  үлескілеріндегі 
тәжірибелердің теориялық және практикалық маңызын ашу болып табылады. 
Даму  тарихы:  Сонау  1941  жылы  СССР-ң  Жоғары  Советі  Президиумының  председателі 
қызметінде  М.И.Калинин  әдістемелік  мамандардың  жиналысында  жер  үлескісіндегі  жұмыстарға 
жақсы ұсыныстар мен жобаларын айтты. 
Ал  1947  жылы  КСРО  Министрлер  кеңесінің  шешімімен  мектеп  үлескісінің  ауданы  0,5–2,0  га 
болу керек деген келісімге келді. 
КСРО-ның  1952  жылғы  1-сәуірде  шыққан  қаулысында  мектептің  оқу-тәжірибе  үлескісі  оқу 
кабинеті сияқты қажетті орындардың бірі, яғни ашық биология лаборатория немесе кабинеті болуы 
керек делінді. 
 И.Д.Зверев  редакциясымен  «Проблемы  методики  обучения  биологии  в  средней  школе»  [2] 
деген орыс тілінде мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралда алғаш рет («История развития 
методики на пришкольном участке») мектептің оқу-тәжірибе үлескісінің тарихы қарастырылды. 
Н.М.Верзилин,  П.А.Завитаев,  В.М.Корсунскаяның  «Методика  работы  с  учащимися  на 
школьном учебно-опытном участке» [3] деген мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік кітап орыс 
тілінде жарық кӛрді. 

 
222 
1966 жылы биология сабақтарының мазмұны жаңартылғаннан кейін оқу-тәжірибе үлескісіндегі 
атқарылатын жұмыстардың да барысы ӛзгеріске ұшырады. Оларды жүйелеп, оқулық басып шығарған 
болды. 
Осы жоғарыдағы атқарылған еңбектердің барлығы оқушыларда жерге деген махаббатын, оларда 
ауыл шаруашылық мамандыктарға қызығушылығын ояту үшін жасалған.  
Қазақ  мектептерін  басқарып  отырған  директор,  оқу  ісінің  орынбасарлары  және  биология  пәні 
мұғалімдері үшін олар түсінетін тілде жазылған методикалық кітаптар мен құралдар мүлде жоқ. 
Осы  олқылықты  толтырабұл  дегендей  болып  Қызылорда  қаласының  Т.Жүргенов  атындағы  № 
136 қазақ орта мектебінің жоғары санатты биология пәні мұғалімі, педагогика ғылымдары кандидаты 
Мұхаметжанов  Талғат  Хасанұлы  «Мектептің  оқу-тәжірибелік  үлескісіндегі  ұйымдастыру 
жұмыстарының (Қызылорда, 2001)» әдістемелік-нұсқау ұсыныстары мен «Мектептің жылыжайында 
оқушылармен кӛкӛністер және кӛшеттер ӛсірудегі іс-тәжірибесі (Қызылорда, 2001)», деген жұп-жұқа 
екі кітапшаларын қазақ тілінде шығарды [4-5].  
Орыс  тілінде  шыққан  салмақты  да  сапалы  әдістемелік  кітаптары  қазақ  тілінде  тіпті  нашар 
аударма  ретінде  де  жарық  кӛрмеді.  Сондықтан  да  қазақ  ұлт  мектептері  бұл  проблемадан  мүлде 
әдістемелік  құралдарсыз  жұмыс  істеп  келе  жатыр.  Осы  себептен  болуы  керек  кӛптеген  мектеп 
ауласындағы  жылыжай  мен  тәлімбақтардың  есік-терезелеріне  тақтай  қағып  шегеленіп  тұрғандарын 
кӛріп  жүрміз.  Бұл  жӛнінен  тек  қана  Назарбаев  Зияткерлік  Мектебінде  ғана  тәлімбақ  2-қабатында 
істеп  тұр,  ал  теплицасы  әлі  жаңа  мектеп  болған  соңба  әлі  іске  қосылған  жоқ.  Осы  кӛрсетілген 
олқылықтар  біздің  қарастырып  отырған  тақырыбымыздың  зерттеуді  қажет  ететін  тақырып  екенін 
және осы істі мектептерде атқару қажет екендігін кӛрсетеді.  
Сондай-ак  оқу-тәжірибе  үлескісіндегі  жұмыстар  биологияны  оқыту  мен  ӛмірді 
байланыстырудың  негізі  болып  табылады.  Бұл  жұмыстар  оқушының  ӛз  бетімен  ізденуіне,  білімін 
жетілдіруге, әртүрлі танымдық кызығушылығын арттыруға септігін тигізеді. 
Қазіргі кезде ең кӛкейкесті проблемалардың бірі оқу-тәжірибелік үлескілердің тапшылығы және 
методикалық  құралдар  мен  нұсқаулардың  жоқтығы.  Бұрынғы  КСРО  кезінде  әр  мектепке  оқу-
тәжірибелік  үлескі  ретінде  жоспарлап  берген  жерлер  қазір  спорт  алаңына,  күтімсіз  қалған  бақтарға 
айналып  кеткен.  Кейбір  мектептер  ауласына  гүл  отырғызса  да,  тек  сәндік  үшін.  Ал  сабақтар 
оқулықпен,  плакат,  видеофильмдермен  шектелген.  Оқушылар  кӛзбен  ғана  кӛріп  білім  алады.  Егер 
олар  тірі  объектілердің  ӛмірін  ӛсіп  тұрған  жерінен  ұстап  кӛріп,  оған  тәжірибе  жасаса,  «Мың 
естігенінен  бір  кӛрген  артық»,  «Кӛзбен  кӛргеннен  қолмен  ұстаған  артық»  демекші,  бәрі  басқаша 
болар еді.  
Кітапханалардағы ғылыми кітаптар, ғылыми журналдар, әдіскер-мұғалімдердің іс-тәжірибелері 
мен  мақалаларын  жинақтау,  ғылыми  кітапханалар,  мектептің  оқу  үлескісі  мен  онда  орналасқан 
(парник, теплицалар) жылыжайлары мен тәлімбақтарын басын құрастырып, ұйымдастыруға болатын 
іс. 
Оқу  тәрбие  үрдісін  жақсарту  үшін  маңызды  жұмыс.  Оқушылар  теорияны  практикамен  нақты 
байланыста,  яғни  табиғи  кӛрнекіліктерді  қолдарымен  ұстап  кӛздерімен  кӛріп  сабақ  ӛтеді;  бастапқы 
агротехникалық зооветеринарлық және зоотехникалық кәсіппен, жермен жұмыс істеу, жануарларды 
күтуге,  зиянды  ӛсімдіктер,  жәндіктер  мен  кемірушілерге  қарсы  күресуге  дағдыланады,  ауыл 
шаруашылық еңбек құралдарымен пайдалануды үйренеді. 
Біздің болжамымыз бойынша  кезкелген мектеп ұжымы оқу-тәжірибе үлескісін ұйымдастырып, 
жүзеге  асыра  алады.  Мектептердің,  яғни  қала  және  ауыл  мектерінің  барлығында,  осындай  жер 
үлескілері  бар,  егер  оларға  сол  жерді  пайдалану  әдістемелерін  ұсынатын  болсақ,  онда  кӛптеген 
мектептер  біздің  осы  жұмысымызды  іске  асыра  алады.  Біздің  ойымызша  айтылған  жұмыстардың 
әдістемелік нұсқауларын жасап кең тарату қажет. Сонда елде ең білімді, тәрбиесі мен тәжірибесі мол 
жанды-жақты оқушылар болар еді.  
Әрине  қазір  ондай  оқушыларды  жоққа  шығара  алмаймыз,  бірақ  олар  теориялық  біліммен 
шектелген. 
Егер осы жұмысты ұйымдастырсақ:  мектеп оқу үлескілерінің сызба-жобаларының үлгілерін 
ұсынуға; мектеп жылыжайындағы жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу әдістемелерін 
ұсыну;  оқу  үлескісінде  әсемдік  әлемімен  сыртқы  дүниемен  толық  байланыста  ӛтілетін  теориялық 
сабақтар,  практикалық  сабақтар,  экскурсия,  тәжірибе  сабақтарының  әдістемелік  үлгілерін  ӛз  іс 
тәжірибеміз бойынша жасауға болады. 
Көкөніс  бөлімі.  Бұл  бӛлімде  негізгі  кӛкӛніс  дақылдары  ашық  немесе  беті  жабылған  жерде 
ӛсіріледі.  Биология  және  ауылшаруашылық  еңбек  сабағының  бағдарламасына  сәйкес  VI-1Х  сынып 
оқушылары  тәжірибе  жүргізеді.  Бұл  дақылдарды  міндетті  түрде  сол  жердегі  шаруашылыққа  тән 

 
223 
ауыспалы егіс жүйесімен егу керек. Кӛкӛніс дақылы егілген топырақ бір маусымның ішінде бірнеше 
рет  қопсытылғандықтан  топырақ  құрамы  ӛзгереді.  Сондықтан,  топырақтың  құнарлығын  қалпына 
келтіретін  кӛп  жылдық  шӛптің  ауыспалы  егіс  жүйесі  пайдаланылады.  Кӛкӛніс  бӛлімін  екі  бӛлікке 
бӛліп, оның біріне ӛсімдік жинақтамаларын, екіншісіне тәжірибе жүргізіледі. Жинақтамалық бӛлімде 
2-3  ӛндірістік  дақылдар  және  сырттан  келген  маңызы  бар  сорттар  ӛсіріледі.  Бұл  бӛлімде  VIІ  сынып 
оқушылары  ӛсімдіктану  пәнінде  қамтылатын  гүлдер,  бұршақ  тұқымдастар,  астық  және  лалагүл 
тұқымдастарының негізгі ӛкілдерімен, VІ сынып оқушылары түйнек, пияз, ӛркен және тамыр жеміс 
сияқты  тамыр  метоморфоздарымен  таныса  алады.  XІ  сынып  оқушылары  дивергенция  белгілері, 
түрдің  пайда  болуы  сияқты  жалпы  биологиялық  заңдылықтардың  кӛрінісін  анықтай  алады.  Бұл 
жұмыстарды Х-ХІ сыныптардың жалпы биология пәніндегі «Тіршілік үшін күрес», «Фотопериодизм» 
тақырыптарына  пайдалануға  болады.  Сондай-ақ  X  сынып  және  XI  сынып  оқушылары  инбридинг 
және гетерозиске арналған арнайы тәжірибе жасап, қызанның, қиярдың, пияздың, т.б. дақылдардың 
бағалы гетерозисті тұқымдарын алып, басқа шаруашылықтарға бере алады. 
Тәлімбақ-оранжерея (фрацуз сӛзі orangerie, сӛздің түбір  – orange – апельсин), сүйіспеншілігін 
арттыру  [9].  Жылыжай  теплица  әйнектелген  қысқа  қарай  оңтүстік  (ағаш-бұта  ӛсімдіктерін,  мәңгі 
жасыл ӛсімдіктер мен цитрус (лимон, апельсин). Жеміс  – жидек,  гүлді т.б. ашық ауада осы жердің 
климатын  кӛтере  алмайтын  ӛсімдіктерді,  ал  жазды  күні  ерекше  ауа  жағдабұл  қажет  ететін 
ӛсімдіктерді сақтау және ӛсіру үшін арнайы жасалған орын.  
Температуралық режим жағдабұла сай тәлімбақ-оранжереяны үлкен үш топқа бӛледі: 1) салқын 
(1° бастап 8°С дейін), 2) жартылай жылы, бірқалыпты (8° бастап  15°С дейін), 3) жылы (15° бастап 
26°С дейін). Соңғы оранжереяны (тепличные оранжерея) – жылыжай оранжереясы деп атап кеткен. 
Аяғында  оранжерея  деген  сӛз  лексиконынан  шығып,  тек  теплица  деп  аталып  кеткен.  Ал  теплица 
қазақша жылыжай деп аударылған. 
Құрылысына қарап тӛрт түрге бӛлінген: 1) односкатные – бір бетті, яғни шатырдың беті 30-45° 
бұрышпен оңтүстікке қарап тӛселген; 2) шатыры іштен тірек бағандар орнатылып, бір жағына қарай 
тӛмендетіліп  24-28°  бұрышпен  шығыс  пен  батысқа  бағытталған;  3)  блокты  –  2-5  одан  да  кӛп 
двускатные  –    қос  бетті.  Олар  бір-бірімен  сайша,  жыралар  мен  қосылған.  Аралары  тӛменнен 
тіректермен  бекітілген;  4)  қосбетті  оранжереяларға  ұқсас,  бірақ  іштен  бағандармен  тіректер 
қойылмаған. 
Ӛсімдіктердің  оранжерея,  немесе  теплицада  ӛсірілу  тәсіліне  қарап  үшке  бӛледі:  а)  сӛреде 
ӛсетіндер, б) жерде ӛсетіндер, в) сӛре-жерде ӛсетіндер деп. 
Пайдалану  мерзіміне  қарап  оранжереяларды  екіге  бӛледі:  1)  қысқы-тұрақты,  жыл  бойы 
әйнектелген,  2)  кӛктемгі  қосымша  ашылатын  рамалары  бар,  бұл  оранжереяның  шатырының  беті 
құрылысы жағынан түгелдей ашылуға ыңғайлы етіп жасалған. 
Желдету  үш  түрлі  жолмен  :  форточка,  фрамуға,  дем  тартқыш,  алуға  болатын  рамалар, 
кондиционер арқылы орындалады. 
Суару:  су  құбырлары  орнатылады,  ал  температурасы  ол  жылырақ  сумен  суару  мүмкіндігін 
қамтамасыз  ететіндей  етіп  ойланып  істеледі:  1)  бүрку-душ  арқылы  жасанды  жаңбыр  жасау  арқылы 
суару; 2) жерасты, немесе топырақ асты жолымен арық арқылы суару, 3) тамшылатып суару. 
Оранжерея бірқатар талаптарға сай болуы керек: 1) әрбір 1 м.кв. жерге кететін жылу шығыны 
аз  болуы  керек;  2)  табиғи  және  жасанды  жарықты  кең  түсіретіні  ескеріліп,  барынша  пайдаланатын 
мүмкіндігі  болуы;  3)  топырақтың  ылғалануы,  желдетілуі  мен  механизацияланған  жұмыс 
жағдайларын қамтамасыз ету; 4) тұтыну шығыны мүмкіндігінше аз, беретін ӛндірістік ӛнім пайдасы 
барынша кӛп болу шартын ойластырып отыру керек. 
Кәзіргі  жағдайда,  ӛсімдіктерге  жылы  орта  жасап  пайдаланып  жүрген  оранжереялардың 
барлығын теплица, немесе жылыжай деп атап кеткен. 
Мектептің жылыжайы (теплица) мен тәлімбағынданда (парник) оқушылармен кӛкӛністер 
және  кӛшеттер  ӛсірудің  негізгі  мақсаты  –  оқу-тәрбие  жұмысын  жақсарту,  оқушыларды  еңбекке 
бағыттап тәрбиелеу және олардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру.  
Теплица-жылыжай  [6]  дегеніміз  қолдан  жылытылып  овощ  гүл,  жеміс  -  жидек  және  кӛшет 
ӛсірілетін,  күн  сәулесі  түсетін  құрылыс-үй.  Орталық  және  солтүстік  аймақтарда  тропик,  субтропик 
ӛсімдіктерін  суықтан  қорғау  және  кӛбейту,  мәдени  дақылдардың  жаңа  сорттарын,  гибридтерін 
шығару  процестерін  жылдамдатуда  селекциялық  жұмыстар  жүргізу  үшін  пайдаланылады.  Ғылыми 
мекемелерде  биология  және  физиологиялық  зерттеулер  жүрізу  үшін  арнайы  теплицалар  салынады. 
Ӛсімдік,  кӛшет  теплица  еденіндегі  құнарлы  топырақта  не  сӛреде  қоректі  заттар  ертінділерінде 
(гидропоника) ӛсіріледі. Пайдалану мерзіміне қарай қыстық (қыс, жаз бойы) және кӛктемдік (кӛктем, 
жаз  және  күз  бойы)  теплица  болады.  Теплица  іргесіне  кірпіш,  бетон  қаланады,  шыны  және  пленка 

 
224 
ағашқа,  металға  бекітіледі.  Шынының  қалыңдығы  3-6  мм,  жарық  ӛткізгіштігі  80-90  процент  болуы 
керек.  Теплицада  кӛшет  ӛсірілетін  ені  80-90  см  бүйір  және  ені  160-170  см  орталық  сӛрелер, 
желдеткіш,  жылу  ӛткізетін  жүйе  болады.  Теплица  кӛбіне  су  жылыту  жүйесі  ТГ-75,  ТГ-150  жылу 
генераторлары арқылы жылынады. Кейбір жерлерде бұл үшін жер асты ыстық суларын және күн кӛзі 
қуатын пайдаланады. Теплицалардың ауданы 260, 600, 1000-6000 кв.м. дейін болуы мүмкін. Алматы 
іргесінде  «Гүлдер»  шаруашылық  қожалығында  полиэтилен  пленкасымен  жабылған  вант-
пневматикалы бірнеше 6000 кв.м., ауданы бар теплицалар салынған. Олар раушан, калла, гладиолиус 
т.б.  гүлдерді  қыста  Неке  сарабұлда,  жаңа  жыл,  әйелдер  күні,  Ұлы  Наурыз  т.б.  мерекелерде  қала 
тұрғындарына сатып мерекелерін жайнатып үлкен қуанышқа бӛлейді. 
Тәлімбақ - парник [7] дегеніміз овощ және гүл кӛшеттерін, сондай-ақ ерте пісетін овощ ӛсіруге 
арналған жабық құрылыс.  Парниктің жерді қазып шұңқырлап және жер бетіне жасалған, бір жерде 
тұрақты және жылжымалы түрлері болады. Жылу ретінде күн кӛзі, биологиялық (малдың жас қиы, 
қоқыр  қопсық  т.б.)  және  жылыту  жүйесінен  алынатын  жылу  пайдаланылады.  Парникті  пайдалану 
мақсатына  қарай  ерте,  орташа  және  кеш  (күзде)  пайдаланылатын  парник  деп  бӛледі.  Беті  шынылы 
рама  не  пленкамен  жабылады.  Бізде  кӛп  тараған  түрі  парниктің  беті  бір  жағына  кӛлбеу,  тӛбесі 
итарқалап  жабылатын  түрі  кӛбірек  таралған.  20  рамалы  парниктің  ұзындығы  21,2  м,  биологиялық 
жылу қолданғандағы шұңқыр тереңдігі 30-80 см.  
Парниктің ерте пайдаланылатын түрі тереңдігі 70-80 см. Рама кӛлбеулігі (оңтүстікке қарай) 9-
12°,  орта  кезділігі  50-60  см,  6-8°,  кеш  пайдаланылатыны  30-40  см,  4-5°.  Парник  жасалатын  жер 
бульдозермен тегістеледі, парник рамалары, траншеялары, жүретін жер белгіленеді. Әрбір кварталда 
стандартты  30  парник  не  600  рама  болады,  бұнда  2  жұмысшы  істейді.  Парник  кварталының 
ұзындығы (1,5 м траншея ені +0,9 м аралық жер) × 30  Парник =  72 м, ені  20 рамалы парникке тең. 
Парникте қияр, томат, салат, ас кӛк, шалғам кӛк пияз, кәді, патисон т.б. овощ дақылдары ӛсіріледі. 
Парник ақпаннан қарашаға дейін пайдаланылады. Маусым ішінде овощ ӛнімін алу, овощ дақылдарын 
егу тәсілдерінде де айырмашылық болады. Әртүрлі тыңайтқыштар қолданылады. Қияр кӛшетін ӛсіру 
үшін оның тұқымын бірнеше мерзімде егеді. 25-30 тәуліктік кӛшетті тұрақты ӛсіретін рама ішінде 8-
12  түптен  егеді.  Парниктегі  қиярдың  ӛсуіне  ең  қолайлы  температура  ашық  күндері  25-30°С. 
Температураның  аз  уақыт  болсада  12°С-тан  тӛмен  болуы  ӛсімдікке  қауыпты,  сондықтан  парник 
байқап желдетіледі, салқын күндері жылу сақтау шаралары қаралады.  Парниктегі ауа ылғалдылығы 
80-90 %. болуы қажет, жаздың ыстық кезінде парник шынысына әк бүркіліп кӛлеңкеленеді.  
Парниктегі  томаттың  ӛсуіне  қолайлы  температура  ашық  күндері  25-28°С,  бұлтты  күндері  17-
20°С, ауа ылғалдылығы 65 %-тен аспауы қажет. Әйтпесе ӛсімдік ауруға шалдығуы  мүмкін. Шалғам 
кӛктегенге  дейінгі  қолайлы  температура  18-20°С,  кӛктей  бастағаннан  алғашқы  жапрақ  салғанша  6-
8°С,  одан  кейін  10-12°С.  Сыртқы  ауа  температурасы  10°С  және  бұдан  жоғары  болса,  парник 
рамалары  алынып  тасталынады.  Кӛктеген  шалғам  аралығын  3-4  см  етіп  сиретеді,  әр  рама  астында 
450-550  ӛсімдік  қалдырылады.  Ерте  кӛктемде  егілген  шалғам  45-50  күнде  піседі.  Шалғамды  күзде 
пайдалану үшін оны парникке 10-15 тамызда егеді. Кӛк пияз парникте ақпанның екінші жартысынан 
бастап ӛсіріледі, 30-40 күнде піседі. Парник дақылдарын егу, топырақ агротехникасы, күтімі жӛнінде 
арнайы  ереже  бар.  Ал,  біз  оқушыларға  осы  жұмысты  жүргізуді  бойына  сіңіру  мақсатымыз 
болғандықтан, сол мәселелердің әдістемесін қарастырамыз. 
Сонымен қатар, кӛкӛністер және кӛшеттер ӛcipy оқушылардың мектептегі "Ӛсімдіктану" және 
"Тіршіліктану"  пәндері  бағдарламасын  әлдеқайда  терең  меңгеруіне,  ӛсімдік  әлемінің  сыртқы 
дүниемен  байланысын  ӛте  жақсы  білуіне  жол  ашады.  Т.Жүргенов  атындағы  №  136  қазақ  орта 
мектебінің жоғары санатты биология пәні мұғалімі, "Жас ӛсімдік ӛсірушілер" үйірмесінің жетекшісі, 
ғылым  кандидаты  Т.Мұхаметжанов  басқарған  6-7-8  сынып  оқушыларының  кӛкӛністер  және 
кӛшеттер ӛcipy тәжірибесімен бӛліседі [5]. 
Мен,  деп  жазады  Т.Мұхамбетжанов  ӛзінің  кітапшасында,  №  136  қазақ  орта  мектебінің  жылы 
жабұлда  1991-1992  оқу  жылынан  бастап  "Жас  ӛсімдік  ӛсірушілер"  үйірмесінің  сабағында  6-7-8 
сынып  оқушылары  мен  кӛкӛністер  және  олардың  кӛшеттерін  ӛcipiп  келемін.  Yйірмеге  5  топ 
оқушылар  қатысып  отырады.  Менің  басқаруыммен  үйірме  мүшелері  кӛкӛніс  және  олардың 
кӛшеттерін ӛcipy барысында барлық жұмыстарды ӛздері толық орындап отырды. Ол жұмыстардың 
түрлерін атауға болады [4].  
Мысалы: Күз және қыс айларында кӛшеттерге жәшіктер дайындау; кӛшеттердің құмыраларына, 
стаканчиктерге  топырақ  қоспаларын  дайындау,  оларды  араластыру,  ӛңдеу;  себілетін  кӛкӛніс 
тұқымдарының тазалығын, ӛнгіштігін, шаруашылық жарамдылығын анықтау; тұқымдарды бӛрттіру 
және  кӛктету;  тұқымдарды  шынықтыру;  кӛшеттерді  ӛсіру;  кӛшеттерге  қағаздан,  целофаннан 
стаканчиктер дайындау; кӛкӛніс тұқымдарын себу; кӛктеулерді үстеп қоректендіру; кӛкӛністі суару; 

 
225 
арамшӛптерді  құрту;  кӛктеулерді  стаканчиктерге  кӛшіріп  тігу  (пикировка  жасау);  стаканчиктердегі 
кӛшеттерді шынықтыру; оларды әpi қарай ӛcipiп, баптау; стаканчиктердегі ӛсірілген кӛшеттерді сату 
т.б. 
Үйірме мүшелері 5 жылдық мерзімде жылыжайда 15 түрлі кӛкӛністер ӛcipдi. Атап айтқанда: 1. 
Қызан.  2.  Орамжапырақ.  3.  Қияр.  4.  Аскӛк  (укроп).  5.  Tәттi  бұрыш.  6.  Петрушка.  7.  Шалғам.  8. 
Баклажан.  9.  Басты  жуа  "мүштум-пияз"  10.  Сельдерей.  11.  Киндза.  12.  Бидай.  13.  Жоңышқа.  14. 
Асқабақ. 15. Базилик (равшангүл). 
Оның ішінде кӛшет алу үшін: қызан; орамжапырақ; тәтті бұрыш; баклажан-ӛcipдiк.  
Ӛсірілген кӛшеттерді  әуесқой жергілікті тұрғындарға арзандатылған бағамен сатуға болады. Ол 
халықшаруашылығына кең таратуға ықпал етеді. 
Ӛкінішке  орай  1994-1995  оқу  жылынан  бepгi  уақытта  республикамыздың  жылыжайларында 
жұмыс  тоқтаған.  Мектептерде  кӛкӛніс  ӛcipy  мүмкіншілігі  ӛте  азайды.  Себебі  осы  жылдар  электр 
қуаты нашар болып, халық кеш болса жарықсыз қалып жүрген еді. Электр қуаты керек емес уақытта 
cәyipдің  басынан  бастап  қана,  күн  жылығасын  кӛшеттер  дайындау  үшін  ғана  2-3  кӛкӛніс 
ӛсімдіктерінің тұқымдарын жылыжайға себу мүмкіншілігі бар. 
Көкөніс тұқымдарының сапасы және себу, алдын-ала дайындық. 
Тұқымның ӛнгіштігі себу алдында тексеріледі. Ол үшін 2-3 қабаттап тәрелкеге жапқан фильтр 
қағазының немесе дәкенің үстіне жайған 100-200 майда орамжапырақ, баклажан, тәтті бұрыш, қызан 
т.б.  тұқымдарын  немесе  50-100  орташа  мӛлшерлі  қиярдың  тұқымын  алып,  олардың  бетін  суланған 
фильтрлі қағазбен немесе дәкемен жабайық. Жиегінен ауа кipy үшін шағын тесіктер қалдырайық, t-
сын 18-20°С мӛлшерінде ұстайық. Қағаз немесе дәке тұрақты сулы болуы керек. 
Тұқымның  ӛнгіштігі  және  ӛну  энергиясы,  яғни  ӛндіруге  алынған  дәндердің  жалпы  санынан 
белгілі уақыт ішінде ӛніп шыққан дәндердің процентпен кӛрсетілген саны, 1-кестеде берілген.   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет