168
ФИЗИКА САБАҒЫНДА САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУ
ТИІМДІЛІГІ
Мұсатаева Б.И.
жоғары санатты физика пәні оқытушысы, М.Мәметова атындағы Қызылорда
педагогикалық жоғары колледжі,-Қызылорда қ., Қазақстан
Ұзақ жылдар бойы білім беруде үш негізгі құрал қолданылып келді: кітап -ақпарат
көзі ретінде, дәптер – оқушының өзіндік жұмысы үшін және тақта – мұғалімнің немесе
оқушының сөз сөйлеуін көрнекі қолдау, барлық сыныпқа ақпарат беру құралы ретінде. Ал,
қазір сандық технологиялар әлемінде, осы дәптер мен кітапты дербес компьютерлер,
қарапайым тақтаны интерактивті тақталар ауыстырып жатыр десек қателеспейміз.
Компьютерлерді барынша пайдалану автоматтандыруға, сонымен қатар мұғалімдер
қолданатын күрделі процедураны жеңілдетуге мүмкіндік берді.
Физиканы оқыту, пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты сандық білім беру
ресурс тарын қолдану үшін қолайлы сала болып табылады. Сандық білім беру ресурстары
(СББР) - бұл білім беру мақсатында қолданылатын және сандық, электрондық,
"компьютерлік" формада ұсынылған ақпараттық-мазмұнды объектілер, оқушы мен педагог
тікелей білім беру қызметінде пайдаланатын білім беру үдерісі жүргізілетін орта элементі.
Заманауи сандық білім беру ресурстарына келесі талаптар қойылады:
✓
Білім және ғылым министрлігінің нормативтік актілеріне, оқулықтың
мазмұнына сәйкес келуі;
✓
оқытудың заманауи формаларына бағдарлау, яғни интерактивті және
мультимедиялық түрде болуын қамтамасыз етуі;
✓
оқушылардың жас ерекшеліктері мен мәдени тәжірибедегі тиісті
айырмашылықтарды ескере отырып, оқытуды деңгейлеп саралау және дараландыру
мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі;
✓
берілген пән шеңберінде оқушының білім, білік және дағдысын
қалыптастыруға негізделген, өмірлік мәселелерді шешу тәжірибесіне оқушыны
бағдарлайтын оқу іс-әрекетінің түрлерін ұсынуы;
✓
жеке және топтық жұмысты пайдалануды қамтамасыз етуі;
✓
модульдік құрылымды болжайтын оқуды жоспарлау нұсқаларын қамтиды;
Сандық білім беру ресурстары желілік және желілік емес болып жіктеледі. Желілік
білім беру ресурстары - бұл білім алушылардың қандай кеңістікте орналасуына және
уақытына қарамастан, интернет ортасын басым пайдалану арқылы оқытуға арналған
дидактикалық, бағдарламалық және техникалық кешен.
Физика сабақтары қызықты, ал оқыту нәтижелі болу үшін тиісті бағдарламаны және
көрнекілікті дұрыс таңдау жеткілікті болса, Bilimland.kz интерактивті кешені оқушыларға
пәнді түсінуге жақсы көмектеседі.
Bilimland.kz –тегі интерактивті физика курсының артықшылықтары:
✓
Курс материалдары мемлекеттік және еуропалық стандарттарға сай
негізделіп жасалған.
✓
физика заңдары мен ұғымдарын барынша түсінікті етіп беруге барлық
жағдай жасалған;
✓
мұғалімге сабақты қызықты өткізуге көмектесетін өте ыңғайлы құрал;
✓
оқушыларға өз білімін жетілдіруге, жеке дайындалуға мүмкіндік береді.
Кешен сабақтары пәнді үйренуге көмектесетін үшөлшемді модельде дайындалған
интерактивті жаттығулардан, презентациялардан құралған.
Сонымен бірге, физикадан виртуальды тәжірибелер мен демонстрациялар жасауда
жоғары танымдық құндылыққа ие, өте қызықты PhET жобасын қолданған тиімді. PhET -
Колорадо университетінде әзірленген жоба. Жобаға физика саласындағы әр түрлі
169
құбылыстарды көрсететін көптеген үлкен виртуалды зертханалар, физика, биология, химия,
математика, жер туралы ғылымдар кіреді.
Мұнда “PhET” виртуальды симуляторында студенттер компьютер көмегімен
берілген физикалық аспаптарды қолданып, «Өткізгішттерді тізбектей және параллель
жалғау», «Бойль-Мариотт заңын тәжірибелік тексеру» зертханалық жұмыстарын жасауда.
Зертханалық жұмыстарды жасау үшін студенттерге физикалық аспаптармен жұмыс
жасаудың қысқаша нұсқаулығы мен компьютерде жеке орындауға арналған тапсырмалар
таратылады. Оқушылар электр тізбегін жалғап болған соң дәптерлеріне схемасын сызып,
тізбек бойынша есептеулер жүргізеді. Физика сабағында “PhET” бағдарламасын
қолданудың артықшылығы - компьютерде студенттер әуелі қарапайым тізбек құрастырып
үйренеді де, кейін күрделі тізбектерді тәжірибе жүзінде стол бетіне құрастыруға да
машықтанады.
Интернетте физикалық бағыттағы сайттар көп. Сол сайттардың ішінде оқушылар,
мұғалімдер және барлық білім алушылар үшін физиканы үйренушілерге арналған оқу
сайты мен қызықты материалдар жеткілікті. Физика туралы танымал сайттар – «Классная
физика» , астрофизикалық портал-көптеген есептер, әртүрлі деңгейдегі физика бойынша
тесттер, кейбір есептерді шешу мысалдары бар «физикалық портал», college.ru "ашық
физика" жобасы үшін "Физикон" компаниясы әзірлеген модельдер", «Физика барлығы
үшін».
Желілік емес СББР - бұл Интернет желісіне қосылу қажет емес СББР. Физика -
ауқымы өте кең және қызықты ғылымдардың бірі. Қазіргі уақытта физиканы зерттеуге
арналған компьютерлік бағдарламаларды сабақта пайдалану түріне байланысты
төмендегідей жіктеуге болады:
170
✓
оқыту бағдарламалары;
✓
демонстрациялық бағдарламалар;
✓
компьютерлік модельдер;
✓
компьютерлік зертханалар;
✓
зертханалық жұмыстар;
✓
бақылау бағдарламалары;
✓
компьютерлік дидактикалық материалдар.
Желілік емес СББР мысалдарына келсек, ХХІ ғасырдың басында алмалы-салмалы
тасымалдаушыларда шығарылған физикалық бағыттағы бағдарламалар белсенді дамыды.
Соның бірі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен, Әл-Фараби
атындағы ҚҰУ механика кафедрасы сауаттандыру мультимедиялық орталығы ұсынған
Физика электрондық оқулығын сабақта жиі пайдаланамын.
Бұл сауаттандырудың мультимедиалық бағдарламасының мазмұны Қазақстан
Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi бекiткен орта мектептерге арналған типтiк оқу
бағдарламасымен толық сәйкес келедi. Бүкiл материалдар модульдерге бөлiнген. Ол
модульдердiң мазмұны физиканың "Молекула-кинетикалық теориясы негiздерi",
"Термодинамика негiздері", "Электр өрiсi", "Тұрақты ток заңдары", "Магнит өрiсi" және
"Әр түрлi орталардағы электр тогы" т.б. тарауларына сәйкес келедi.
Әрбiр модуль қысқаша теориялық кiрiспеден, суреттерден, анимациялық және
интерактивтi мультимедиалық материалдардан, есеп шығару үлгiлерi мен өз бетiнше
шығаруға арналған есептерден, зертханалық және бақылау жұмыстарынан тұрады.
Анимациялық және интерактивтi мультимедиалық материалдар сәйкес құбылыстың мәнiн
түсiндiретiн қосымша мәтiнмен және аудиотүсiнiкпен толықтырылған. Интерактивтi
мультимедиалық материалдар қарастырып отырған үрдiстiң параметрлерiн қалауымызша
таңдап алуға болады. Бұл, оқушыларға осы бағдарламаны игеру барысында тек енжар
бақылаушы болып қана қалмай, сонымен қатар қарастырып отырған құбылысты белсендi
игеруіне мүмкiндiк бередi. Қандай модульдiң материалдарын оқып үйренiп жатқанына
қарамастан, кез-келген қажеттi анықтамалық материалдарды, тарихи мағлұматтарды қарап
көруге және басқа модульдiң есептерi мен бақылау жұмысын орындауға, қажет болған
жағдайда басқа модульге өтуге мүмкiндiгi бар.
Сабақта компьютерлік тестілер мен диагностикалық кешендерді қолдану қысқа
уақыт ішінде оқушылардан оқылатын материалды меңгеру деңгейінің объективті көрінісін
алуға және оны дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Бұл ретте нақты оқушы үшін
тапсырманың қиындық деңгейін таңдау мүмкіндігі бар. Жұмыс формаларының әртүрлілігі
есебінен мотивация мен танымдық белсенділігі жоғарылайды, мақсатқа жақындай түседі.
Оқушылардың сабақты қалай меңгергенін тексеру үшін, мейлі ол үй жұмысы болсын не
болмаса білімді бекіту кезеңі болсын, интерактивті тақтада электронды түрдегі Learning
аррs, Kahoot, Quizis, Quizmaker, Quizlet, Plichers бағдарламаларының мүмкіндіктерін
қолдану қысқа уақыт ішінде оқушылардан оқылатын материалды меңгеру деңгейінің
объективті көрінісін алуға және оны дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, СББР-ды пайдалану кезінде көрнекіліктің жоғары деңгейіне
қол жеткізіледі, қажет болған жағдайда тақырып бойынша теориялық немесе анықтамалық
материалдарға тікелей жүгіну мүмкіндігі іске асырылады, зертханалық жұмыстар көп
жағдайда дыбыстық безендірумен сүйемелденеді, мұғалім жұмыстардың орындалу барысы
мен оқушының материалды меңгеру деңгейі туралы объективті көрініс алады. Тәжірибе
көрсетіп отырғандай, заманауи сандық білім беру ресурстарын пайдалану - мұғалімнің
сабағын жандандыруға, оқушының оқылатын пәнге деген қызығушылығын арттыруға
ықпалы зор.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Сандық білім беру ресурстарын оқу үдерісінде қолдану бойынша әдістемелік
ұсынымдар,–Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 32 б.
171
2. Тевс Д.П., Подковырова В.Н., Апольских Е.И. Использование современных
информационных и коммуникационных технологий в учебном процессе.- Барнаул: БГПУ,
2006.-11с.
3. Исаева В.А. О концептуальной модели системы анализа качества информационно-
образовательной среды (ИОС) системы открытого образования// Материалы Х симпозиума
«Квалиметрия в образовании: методолгия и практика». –М.: Исследовательский центр
проблем качества подготовки специалистов, 2002.- С.173-183.
4. Конюхова Е.Т., Конюхова Т.В. Инновационные технологии и проблема
успешности будущего специалиста// Философия образования. 2009.-№2 (27).- С.42-46.
Достарыңызбен бөлісу: |