сөздерді
әгент, әртіс, әрмия, әксия
деп айтуымыз және осылай жазуымыз
керек. Тіл мәдениеті дегеніміз осы. Әйтпесе,
шетел сөздерін олардың
өздерінде қалай айтылса, солай айтып, қалай жазылса, солай жазып, «қазақ
тілі дегеніміз осы», «тіл мәдениеті дегеніміз осы» десек, ол қазақ тілін
көгертетін жол емес, қайта,
керісінше, көктей солдыратын жол. Өзіміздің
қазақтық, тым болмаса түріктік жолмен емес, орыстық, еуропалық жолмен
жүру – түптің түбінде жарға жығатын жол.
Біз де хабардармыз. Шет тілін оқытатын мұғалімдердің ішінде «Егер
тілде интернационалдық сөздер неғұрлым көп болса, сол тілдің өкілдеріне
шет тілін үйрету соғұрлым оңай болады» деген қағидасымақ бар.
«Қағидасымақ» деп отырған себебіміз – бұл тезистің көңілге қона
қоймайтындығы. Неге десеңіз, аталған тезис түбірінен қате.
Бір сәт ойланып көрелікші. Тіліміздің
лексикалық құрамының көбі
халықаралық сөздер болса (әдетте, халықаралық сөздердің көбі еуропа
тілдерінің сөздері болады), әрине, бұл тілдің өкілдеріне ондай «шет тілін»
үйрету оңай.
Бірақ бұл шет тілін үйрету ме, жоқ, әлде амалын тауып,
бір тілге,
айталық, халықаралық деп аталатын ортақ тілге көшірудің тәсілі ме?
Қысқасы, мақала төлиелері дұрыс айтқан: «Тіл тағдыры ойыншық
емес». Сонымен қатар біз де айтқан болар едік: «Терминдер тағдыры да
ойыншық емес», - деп. Тіліміздегі терминдерге ойлана, толғана, қазақ тілі
тұрғысынан, ең болмаса бір рет қарағанымыз жөн сияқты.
Әр халықтың
өздеріне ғана тән сөздері, терминдері болады.
Сондықтан да, олар «орыс тілінің терминдері», «қазақ тілінің терминдері»
деп, жеке-жеке аталынады. Барлық халықтарға ортақ термин деген
болмайды. Бірақ барлық халықтарға ортақ ғылым, ұғым бар. Ол ұғым мен
ғылымды игеру, дамыту әр халықтың өз тілінде,
ана тілінің негізінде, өз
терминдерін жасаудың нәтижесінде жүзеге асырылуға тиісті.
Бұған қарап, әрине, шет тілін білме, үйренбе деуден аулақпыз. Бір тіл
білсең, бір адамсың, екі тіл білсең, екі адамсың... Ендеше, көп тіл білгеннің
озатындығы ақиқат. Бірақ бұл «интернационалдық терминдер арқылы бір
тілге көшу» деген сөз емес қой.
Достарыңызбен бөлісу: