Тіл білімінің өзекті мәселелері.
Алматы, 1996. 12-20-бб.
ТІЛ БІЛІМІ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ,
ТҮСІНДІРМЕЛІ ЖӘНЕ ОҚУЛЫҚ СӨЗДІГІН ЖАСАУ
ҰСТАНЫМДАРЫ
Біз қазір қазақ тіл білімі дамыды, оның жаңа салалары пайда бола
бастады деп жүрміз. Солай екендігі рас та. Ендеше, қазақ тіл білімінің,
оның жаңа салаларының пайда болуына, дамуына байланысты сол
салаларға қатысты терминдердің де пайда болып, дамып келе жатқандығы
ақиқат. Олай болса, біз жаңасы бар, ескісі бар қазақ тіл білімінің осы
терминдерімен студенттерді таныстыруымыз керек емес пе?! Оны былай
қоя тұрғанда, егер студент белгілі бір тілді – мейлі ол қазақ тілі болсын,
мейлі ол орыс немесе ағылшын тілі болсын – тыңғылықты меңгерсін десек,
алдымен сол тілді, яғни пәнді білуге, меңгеруге алғышарт болып
табылатын оның терминдерін жақсы біліп алуы керек қой. Олай болмаған
жағдайда әлгі пәнді білу, меңгеру мүмкін емес екендігі өзінен өзі түсінікті.
58
Бұдан шығатын қорытынды біреу ғана. Ол: егер студент белгілі бір
тілді, пәнді жақсы білсін, меңгерсін десек, бірінші кезекте сол тілге, пәнге
тән терминдердің, тақырыптық, түсіндірмелі және оқулық сөздігін
жасауымыз керек [5, 10, 11]. Бізде тіл білімі терминдерінің мұндай сөздігі
әлі жасалынған жоқ. Тіпті тіл білімі терминдерінің тақырыптық,
түсіндірмелі және оқулық сөздігін былай қойғанда, осы ғылымға тән
терминдердің түсіндірмелі сөздігінің өзі әлі жөндеп қолға алынбай келеді.
Рас, осыдан 30 жыл бұрын І.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақовтың
авторлығымен шыққан «Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігі»
(1966) бар. Атынан-ақ көрініп тұрғандай, бұл сөздік «түсіндірмелі» де,
«тақырыптық» та, «оқулық» та сөздік емес, ол «орысша-қазақша» сөздік.
Оның үстіне, аталған сөздік, біріншіден, студенттерге емес, тіл
мамандарына арналған. Сондықтан да, онда қазақша терминдерден гөрі
орысша, ағылшынша, латынша т.б. терминдер көбірек алынып, олардың
қай тілден ауысқандығы және этимологиялары тәптіштеліп көрсетілген.
Екіншіден, ол сөздікті қазір дүкендерді былай қойғанда кітапханалардың
өзінен де іздеп табу оңай шаруа емес.
Бұл мақалада біз тіл білімі терминдерінің жаңа типті тақырыптық,
түсіндірмелі және оқулық сөздігін жасау мәселесін сөз етпекшіміз. Ең
алдымен, тықырыптық, түсіндірмелі және оқулық сөздік дегеніміз не? –
дегендерге жауап беріп алалық.
«Түсіндірмелі сөздік» деген, әрине, көпшілікке бұрыннан белгілі.
Мұндағы белгісізі – «тақырыптық» және «оқулық» сөздік дегені. Егер
бұған дейін тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі тек ғалымдар үшін,
мамандар үшін, осы ғылымды терең игеру үшін жасалынатын болса, бұл
жерде біз мұндай сөздікті жоғары оқу орындарының студенттері үшін
арнайы жасауды әңгіме еткелі отырмыз. Яғни студенттер мұндай сөздікті
оқулық ретінде, оқу құралы ретінде пайдалануы керек деген идеяны жүзеге
асыру мәселесін қозғамақпыз.
Ол үшін алдағы жылдарға жоспарланып отырған бұл сөздік оқу
құралының қызметін атқара алатындай болып, қолында осы сөздік бар
студент белгілі бір тілден, тіл білімінен өткен сабақтарды әрі тез, әрі оңай
игере алатындай болып жасалынуы шарт. Ендігі жерде біз осындай
мақсаттағы сөздікті қалай жасау керек, оны жасау үшін
59
қандай ұстанымдар басшылыққа алынуы керек деген нақтылы мәселелерге
тоқталайық.
Тіл білімі терминдерінің өзі қазірдің өзінде 7-8 мыңға жеткені белгілі.
Қазақ тіл білімі терминдері, әрине, бұдан гөрі азырақ. Оның саны шамалы
3-4 мыңдай ғана [14]. Солай бола тұрса да, жобаланып отырған бұл оқулық
сөздікте кем дегенде 2500-3000-дай қазақ тіл білімі терминдері
қамтылатындығы анық. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, бұл сөздікте
жоғары оқу орындарына арналған барлық қазақша шыққан оқулықтар мен
оқу
құралдарында
қамтылған
терминдердің
бәрі
(түрпеттерімен/варианттарымен қоса) түгел қамтылуы тиіс. Себебі, әлгі
оқулықтарды пайдаланушылардың бәрі онда кездестірген терминдерді осы
сөздіктен іздейтіндігі айқын.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, оқуылықтарда кездесетін терминдерді
оқырман біз сөз етіп отырған сөздіктен таба алмаса, онда бұл сөздік өзінің
алдына қойған міндетін атқара алмаған болып шығады.
Тағы да қайталап айталық: қазақ тіл білімі терминдері жайындағы бұл
сөздік – әрі тақырыптық, әрі түсіндірмелі, әрі оқулық сөздік болуы керек.
Сондықтан да, мұнда қазақ тіл білімінде қолданылып жүрген басты, негізгі
терминдердің бәрі түгелге жуық алынуға тиісті.
Нақтырақ айтсақ, аталған оқулық сөздікке атау сөздерді (терминдерді)
таңдау ұстанымдары мынандай:
1. Оған қазақ тіл білімінде жиі қолданылатын және кең тараған
терминдерді алу;
2. Студенттерге қажетті терминдерді ғана қамту;
3. Жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу
құралдарында кездесетін терминдерді – мейлі олар көне терминдер
болсын, мейлі олар жаңа терминдер болсын, мейлі түрпетті терминдер
болсын бәрібір – түгел алу;
4. Орыс тілінен, орыс тілі арқылы Еуропа тілдерінің бірінен енген
кірме терминдердің бәрін емес, олардың ішінде қазақша баламасы жоқ,
тілімізде сол күйінде баяғыдан бері қолданылып келе жатқан, сондықтан
да, оқулықтарды жиі ұшырасып, әбден қалыптасып кеткендерін ғана алу,
т.б. [4; 6].
Бір қараған кісіге «ең жиі және кең тараған терминдерді алу» деген
мен «оқулықтарда кездесетін терминдерді түгел алу» деген
60
ұстанымдар бір-біріне қайшы келетін сияқты. Әрине, бұларды өзара
ұштастыруға, байланыстыруға болады. «Ең жиі және кең тараған
терминдерді қамту» ұстанымы қазақ тілі білімінде бар лингвистикалық
терминдердің бәрін түгел қамтып, сөздіктің көлемін тым үлкейтіп
жібермеу жағын ойластыру болса және ол «студенттерге керекті
терминдерді ғана алу керек» деген ұстанымды іске асыру үшін керек
болса, «оқулықтар мен оқу құралдарында кездесетін терминдерді түгел
қамту» деген ұстаным сөздіктің оқулық сөздік міндетін атқару үшін қажет.
Егер оқулықтарда кездесетін терминдерді түгел қамтымайтын болсақ,
соның салдарынан студент одан іздеген терминдерін таппаса, онда сөздік
шын мәніндегі сөздік болудан қалады. Өйткені студенттердің оқулықтар
мен оқу құралдарында ұшырасытын терминдердің кейбіреулерінің мән-
мағыналарын түсінбеген, білмеген жағдайда оларды сөздіктен іздейтіндігі
ақиқат.
Құрлысы жағынан оқулық сөздікті үш түрге бөлуге болады. Оның
біріншісі – әдеттегі сөздіктер сияқты атау (реестр) сөздерді жалпы
әліпбилік (алфавиттік) тәртіппен орналасқан сөздік, екіншісі – әрі
әліпбилік, әрі ұялы әдіспен орналасқан сөздік, үшіншісі – тақырыптық
сөздік [2; 9; 11]. Бұл сөздік түрлерінің алдыңғы екі түрі көпшілікке
түсінікті. Ал «тақырыптық сөздік» деп аталатын оның үшінші түріне
келсек, ол да әліпбилік сөздік. Бірақ мұндай сөздікке кірген терминдер ең
алдымен тақырып бойынша, айталық фонетика, лексика, морфология,
синтаксис деген сияқты ірі тақырыптарға жіктелініп алынады да, содан
кейін барып әр тақырыпқа тән терминдер іштей әліпбилік жүйеге
түсіріледі.
Іштей әліпбилік жүйеге түсіру – екі түрлі жолмен жүзеге асады. Оның
біріншісі – сол тақырыпқа қатысты терминдерді жалпы әліпбилік тәртіпке
түсіру арқылы, екіншісі – әлгі тақырыпқа қатысты терминдерді әрі
әліпбилік, әрі ұялы әдіспен орналастыру арқылы. Жоспарланып отырған
оқулық сөздікте біз осы екінші жолды, яғни терминдерді әрі әліпбилік, әрі
ұялы тәсілмен орналастыру жолын таңдап алып отырмыз. Оның себебі
терминдерді әрі әліпбилік, әрі ұялы әдіспен орналастыру – сөздігіміздің
негізгі мақсатына, яғни оның оқулық сөздік қызметін атқару мүддесіне сай
келеді.
61
Терминдерді әрі әліпбилік, әрі ұялы әдіспен орналастыру дегеніміз
не?
Мейлі жалаң терминдер болсын, мейлі күрделі не тіркесті терминдер
болсын сөздікке атау сөз ретінде алынған терминдердің бәрі негізінен оған
қатаң әліпбилік тәртіппен орналасады. Сонымен бірге, бұл сөздікке ұялы
әліпбилік жүйе де кеңінен пайдаланылады.
«Ұялы әліпбилік жүйе» дегенді былай түсіну керек: Алдымен сөздікке
туыстық (родовые) терминдер, яғни туыстық ұғымдарды білдіретін
терминдер жалпы әліпбилік ретпен орналасады. Ал әлгі туыстық
терминдерге қатысты түрлік (видовые) терминдер сол туыстық
терминдердің әрқайсысынан кейін іле-шала, аздаған шегініс (отступ)
жасалынып барып, азат жолдан, тағы да өзара әліпбилік ретпен ұя ішіне
беріледі.
Мысал үшін морфология тақырыбына қатысты кейбір терминдердің
әрі әліпбилік, әрі ұялы әдіспен орналасу ретін байқататын мынандай үлгіні
көрсете кетелік:
ЕСІМДІК /местоимение/ - Ан.; Мыс.
ЕТІСТІК /глагол/ - Ан.; Мыс.
ЗАТ ЕСІМ /имя существительное/ - Ан.; Мыс.
Достарыңызбен бөлісу: |