әмір
деген сөзіміз
болатын. Солай бола тұрса да, оның орнына
мэр
(қала мэрі) деген орысша
сөзді қолданып келеміз. Тіпті «мэр» сөзінің
әмір
сөзінен шыққандығын да
еске алып жатпаймыз.
Әуеайлақ
сөзінің құрамындағы «айлақ» морфемасы Кәспи
жағалауындағы қазақтардың тілінде – «теңіз, көл, өзен жағасындағы кеме
тоқтайтын жер» дегенді білдіреді. Тілімізде орыстың осы мағыналас
«аэропорт» сөзін қолданғанша, оның орнына қазағымыздың
айлақ
сөзін
іске жаратып, «әуеайлақ» десек, мұнымыз әлдеқайда дұрыс болмас па еді?!
Қисын
сөзі де өзіміздің төл сөзіміз. Оны терминком «логика» сөзінің
баламасы ретінде баяғыда-ақ бекітіп берген. Соған қарамастан, әлі күнге
дейін
қисын
сөзінің орнына «логика» сөзін қолданып келеміз.
Кейбір тілші ғалымдарымыздың пікіріне құлақ қойсақ, өз
сөздерімізден жасалған терминдерден гөрі, бөтен тілдерден алынған
терминдер әлдеқайда қолайлырақ болатын сияқты. Оларға «неге олай»?
деген сұрақ қойсаңыз, «егер өз сөздерімізден жасалған терминдердің
мағынасы жалпыхалықтық сөздердің мағынасымен шатасып кетіп жатса,
шет тілдерінен енген терминдерде мұндай шатасулар болмайды», - деп
жауап береді.
Бұл пікірді қолдай қою қиын. Өйткені, біріншіден, әр мағынаға жеке-
жеке сөз іздесек, тіліміздегі мағыналарды белгілеуге сөзіміз жетпей қалуы
мүмкін. Екіншіден, дүние жүзіндегі тіл атаулыға тән көп мағыналық
дегенді де ескерген жөн.
Рас, Еуропа ғалымдары (оның ішінде орыс ғалымдары да бар)
қарапайым және терминдік мағыналарды жеке-жеке сөздермен белгілеуге
талпынады. Ағылшын тілінің лексикалық қорындағы сөздердің саны бір
миллионға жетіп отырғаны соның дәлелі. Егерде ол сөздердің бәрі сол
халықтың өз сөздері болса, бұл, әрине, жақсы.
77
Ал олардың бір жартысы өз халқынікі, екінші жартысы басқа халықтардың
сөздері болса, оның үстіне басқа халықтардың сөздері олардың өздерінде
қалай жазылса, бізде де солай жазылып жүрсе, мұны «жақсы» деуге
болмайды. Өйткені, бұл – ұлттық тілді ластайды, бүлдіреді, құртады. Оны
өз арнасына шығарып жібереді, өз табиғатынан алыстатады.
Осы тұрғыдан қазақ тіліндегі
қызмет
және
функция
сөздерінің
орнына (мейлі, олар әдеттегі жалпыхалықтық мағынасын білдірсін, мейлі
терминдік мағынасын білдірсін – бәрібір) бір-ақ сөзді, яғни «қызмет» сөзін
пайдалануға әбден болады. Ал терминдік мағынаны жеке сөзбен білгілеу
керек деп тапқан болсақ, онда ол мағынаны латынның
функция
сөзімен
емес, Елдес Омаров ағамыз жасаған, жасанды сөз, есесіне – нағыз қазақша,
«берне»
сөзімен белгілеу әлдеқайда дұрыс.
Термин жасауда бұл сияқты мағыналарды шатастырмаудың ең оңай
тәсілі бар. Ол – кірме сөздерді (терминдерді) өз тіліміздің заңдылығына
бағындырып барып, яғни оларды дыбыстық өзгерістерге түсіріп барып алу.
Айталық, француз тілінің
тайм, теннис, крем
сөздері мен ағылшын тілінің
бульдозер
сөзі қазақ тіліне дәл осы жерде көрсетілген формада алмай
(ондай жағдайда олар кірме сөздер емес, варваризмдер болып табылады),
тіліміздің заңдылығына бағынып,
тайым, теніс, кірем, бүлдөзір/бүлдезір
болып, өзгертіліп барып алынса, онда бұлардың мағыналары ешқандай
сөзбен шатастырылмаған болар еді және олар тіліміздің лексикалық қорын
шын мәнінде байытар еді. Сонымен қатар, бұл сияқты кірме сөздер әрі бір
мағыналы, әрі экспрессиядан аулақ сөздер болған болар еді. Сөйтіп, олар
нағыз терминдік қызмет атқарар еді.
Қазақша термин жасаудың тағы бір жолы бар. Ол – көне түркі тілінің
байлығын пайдалану. Бірақ біз оны күні бүгінге дейін қазақ тіл білімінде
бірде-бір рет қолданып көргеніміз жоқ.
Еуропа халықтары жаңа термин жасауда өлі тіл болып есептелетін
грек, латын тілдерінің материалдарын кеңінен пайдаланып келді, қазір де
пайдаланып жүр. Біз болсақ, көне түркі тіліне ешбір қатысымыз жоқтай-ақ,
оны ойлап та, жолай да қоймаймыз.
Ақиқатына жүгінсек, біздер – қазақтар жаңа сөз, жаңа термин жасауда
көне түркі тілі мен қазіргі түркі тілдерінің материалдарын,
78
қала берді өзіміздің кәсіби сөздеріміз бен жергілікті тіл ерекшеліктерімізді
(диалектілерімізді) тілімізді байытудың жолы ретінде молынан
пайдалануымыз керек. Жаңа термин жасауда біздерге туыстығы жағынан
еш қатысы жоқ, тілдік құрылысымыз жағынан да үш қайнаса сорпасы
қосылмайтын латын, грек сөздерін пайдаланғаннан гөрі, өзіміздің арғы
тегіміз болып табылатын және ана тіліміздің қайнар көзі, бастауы болып
есептелінетін көне түркі тілі мен кәсіби сөздеріміздің, жергілікті
ерекшеліктеріміздің байлығын пайдалану әлдеқайда дұрыс және жөн
болған болар еді.
Орыс халқы грек, латын және көне славян тілдерінің байлығын
ешкімнен қорықпай-ақ молынан пайдаланып жүр ғой. Оларға бұларың
қалай деген ешкім жоқ. Біз болсақ, біреу ұрысардай, біреу жазғырардай
жан-жағымызға жалтақтаймыз. Өзіміздің тұнып тұрған құнды да құнарлы,
бай да берекелі қазынамызға шеңгелімізді кеңінен салудың орнына, оған
жақындаудан, одан бірдеме алудан тайсақтаймыз. Өзіміздің кейбір
қандастарымыз «көне түркі сөздері мен жергілікті сөздер жаңа ғылыми
ұғымдарға атау бола алмайды» дегенді сылтауратады.
Атау болғанда қандай, тек оларды өздеріміз атау жасай алмай жүрміз.
Достарыңызбен бөлісу: |