рынок, секретарь,
программа, класс, совет
сөздерінің газет-журнал беттерінде
нарық,
хатшы, бағдарлама, сынып, кеңес
болып, қазақшаланып жүргендігі өзіне
ұнамайтындығын жазады. Мақала иесінің бұл сөздерді заңды хұқық иесі –
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
жанындағы
Мемлекеттік
терминология комиссиясы бекітіп бергендігінде жұмысы жоқ, әлгі қазақша
терминдердің бәрінің бетін шиедей қылып, етектей мақала жазады. «Қазақ
әдебиеті» газеті оны өзінің екі бірдей бетін толтырып, даладай етіп басады.
Әдетте, «тілге құрмет – елге құрмет» деп ұрандатып жатамыз. Сонда
деймін-ау, осы мақаланы қазақ тіліне деген құрмет деп ұғамыз ба, жоқ,
әлде оны қазақ жазушыларының бас газеті – «Қазақ әдебиеті» әспеттеп
басқаннан кейін, ондағы айтылған ойды қазақ жазушыларының пікірі деп
ұғамыз ба?
Жақында «Ана тілі» апталығы «Қазақ сөзіне қауіп төніп тұр» деген
жалпы тақырыппен бір топ мамандардың қазақ тілінің терминдері туралы
пікірлерін жариялады [3]. Бұл пікірлермен таныса келсек, «кәсіби
терминдердің бәрін бірдей қазақшалаған дұрыс па?» - деген сұраққа 15
адамның 13-і «дұрыс емес» деп жауап беріпті. Яғни онда «кәсіби
терминдердің аударылмай, сол күйінде алынғаны жөн»
68
деген пікір айтылады. Ал «қазақшалағаны дұрыс» деп жауап берген
адамның саны екеу-ақ.
Осыдан кейін «қазақ сөзіне қауіп төніп тұрған жоқ» деп, қалай айта
аласың. Осы тұрғыдан «Ана тілі» апталығының қызметкерлері топтама
пікірлерге дұрыс ат қойған. Газеттегі пікірлерге қарағанда, шындығында
да, қазақ сөздеріне қауіп төніп тұрғаны рас екен. Бір қызығы, ол қауіпті
төндіріп тұрған басқалар емес, өзіміздің қазағымыз болып шықты. Және де
олар анау-мынау қазақтар емес, «оқыған», «білімді», «зиялы» деген аттары
бар, профессор, доцент, доктор, кандидат деген «заттары» бар қазақтар.
Мені бір нәрсе қатты таңғалдырады. Ол – егер біреу бізден «Сіз кім
үшін қызмет істеп жүрсіз?» - деп сұрай қалса, «қазақ халқы үшін» деп,
бәріміздің бірдей таңдайларымыз тақ ете қалады. Олай болса, сол
халқымызға шет тілі сөздері керек пе, жоқ өздерінің төл сөздері керек пе?!
Жоғарғы 13 адамның жауабына қарағанда қазақ халқының қазақ сөздері
емес, шетел сөздері керек сияқты.
Осы мәселе туралы Ахмет Байтұрсынұлы атамыз не деді екен? Енді
соған келелік: «Өз тілдерінен пән сөзіне лайық сөздер іздеуге ерініп, дайын
пән сөздерді ала берсе, түпкі ана тілі мен әдебиет тілі бөліктеніп, өз
сөздерін жат сөздер жұтып, жойып жібереді» [4, 413].
«Қазақ әдебиеті» газетінің биылғы жылғы (1998) 17-18-інші
нөмірлерінде Ахаңа байланысты «Адамның диқаншысы» деген мақала
жарияланды. Мақала иелері – саясаттану ғылымының докторы Қырымбек
Көшербаев, экономика ғылымының докторы, профессор Ерлан Арын, ақын
Есенбай Дүйсенбай. Мазмұнды да, мәнді жақсы мақала.
Рас, бұл жердегі әңгіме мақаланың мазмұны жайында емес. Ол
әншейін жол-жөнекей ойға түскен соң, айтыла салынған нәрсе. Әңгіме –
осы мақалада Ахаңның қазақ терминдеріне байланысты пікірлерін
төлиелердің (авторлардың) толық, әрі жан-жақты келтіргендіктерінде.
Ахаң былай депті: «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген
жұрт өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді
алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра,
ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал.
Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін,
69
ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздерінің даярлығына
қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек» [5].
Бұдан артық қалай айтсын!
Қайран Ахаң халқын егемендікке жеткіземін деп, қазақ тілін қайтсем
таза сақтаймын деп, маңдай терін төге жүріп, елі халқы үшін мойнына
мойынтұрық іліп, «жер жыртты», оған азаттықтың дәнін септі, өссін деп
суын суғарды, арам шөбін жұлды. Алайда оның жемісін Ахаңа жегізбестер
жегізбеді. Опасыз отаршылдық кетпені енді ғана көктеп келе жатқан жас
өскінді отап тастады, көктей солдырды. Еңбегі – еш, тұзы – сор деген осы
шығар. Бірақ оған амал бар ма?!
Кеңес үкіметі тұсында халықаралық терминдер деген «құрметті»
атаққа ие болып үлгерген, қазіргі кезде тілімізде сеңдей соғылысып жүрген
альтернатив, коллектив, информация, паспорт, элеватор, экскаватор,
цифр
деген сияқты жүздеген, мыңдаған сөздердің жазылуы, болмаса
олардың айтылуы туралы бұл күнде сөз бола қалса болды, біздегі өзін
білімді санайтын, бірақ тілден мүлде сауатсыз азаматтардың көпшілігі:
«Ойбай, интернационализм сөздерге тиіспеңдер. Оларды қазақшалау,
өзгертіп жазу деген не пәле?! Интернационализмдер – «тілге жеңіл»,
«мағынасы түсінікті», «құлаққа әбден сіңісті» болып кеткен сөзде», - деп,
өре түрегеледі. Егер бұл пікірге қарсы пікір айтқан бірлі-жарым адам
табыла қалса, олар «жалған патриоттар» (өздері шын патриоттай-ақ – Б.Қ.)
болып шыға келеді [2].
Жарайды-ақ, бірлі-жарым жолдастарға
совет
сөзіне –
Достарыңызбен бөлісу: |