Жалқы зат есімдер
/собственные и.с./ - Ан.; Мыс.
Жалпы зат есімдер
/нарицательные и.с./ - Ан.; Мыс.
Негізгі зат есімдер
/основные и.с./ - Ан.; Мыс.
Туынды зат есімдер
/производные и.с./ - Ан.; Мыс.
ЗАТ ЕСІМНІҢ СЕПТЕЛУІ /склонение имен существительных/ - Ан.;
Мыс.
Жай септеу
/обыкновенное или простое склонение/ - Ан.; Мыс.
Тәуелді септеу
/притяжательное склонение/ - Ан.; Мыс.
САН ЕСІМ /имя числительное/ - Ан.; Мыс.
СЫН ЕСІМ /имя прилагательное/ - Ан.; Мыс.
Жалаң сын есімдер
/простые и.п/ - Ан.; Мыс.
Күрделі сын есімдер
/сложные и.п./ - Ан.; Мыс.
Қатыстық сын есімдер
/относительное и.п./ - Ан.; Мыс.
Сапалық сын есімдер
/качественные и.п./ - Ан.; Мыс.
СЫН ЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛАРЫ /степени сравнения прилагательных/ -
Ан.; Мыс.
62
Жай шырай
/обыкновенная или положительная степень/ - Ан.;
Мыс.
Күшейтпелі шырай
/превосходная степень/ - Ан.; Мыс.
Салыстырмалы шырай
/сравнительная степень/ - Ан.; Мыс.
Талғаулы шырай
қ. Күшейтпелі шырай.
ҮСТЕУ /наречие/ - Ан.; Мыс.
ШЫЛАУ /союзы/ - Ан.; Мыс., т.б.
Бұлай ету – студенттерге іздеген терминдерін сөздіктен оңай тауып
алу үшін және терминологиялық жүйеден олардың алатын орнын байқату
үшін арнайы істелген шара. Өйткені, жоғары оқу орындарында да
мектептердегі сияқты тілдік материалдар жоғарыда көрсетілген
тақырыптар (фонетика, лексика, морфология т.б.) бойынша жіктелініп,
бірінен кейін бірі кезектестіріліп оқытылады. Сондықтан да, студенттер
фонетиканы оқыған кезде оған қатысты терминдерді оқулық сөздіктің
фонетика тарауынан, лексикаға қатысты терминдерді оның лексика
тарауынан іздейтін болады. Морфология, синтаксис терминдері де дәл
солай: арнаулы тақырыптардың (тараулардың) ішінен іздестіріледі.
Оқулық сөздіктегі ең басты проблема – терминдерге анықтама беру
мәселесі. Яғни сөздікке алынған әрбір терминге әрі қысқа, әрі түсінікті,
сонымен бірге жан-жақты сипатталған анықтама беріліп, ол анықтамалар
тілден алынған мысалдармен, көрнекілік жадығаттармен дәлелденуі керек.
Анықтамалар тіл білімінің ең соңғы теориялық жетістіктеріне сүйелінеді
және әрбір жеке терминнің мағынасы ғылыми тұрғыдан әрі дәл, әрі дұрыс
ашылып көрсетіледі. Егер сөздікке алынған терминнің мағынасы біреу
емес, бірнешеу болса, ол мағыналар абар цифры арқылы сараланады. Ал
кейбір терминдердің берер мағыналары екіұшты немесе қайшылықты
болып келсе, бұл мағыналар ғылымның қазіргі даму деңгейі тұрғысынан
қарастырылады.
Мұны қалай түсіну керек?
Бұл – әлгі терминнің берер ұғымындағы қайшылықтар аталынып
көрсетіліп, оның дұрыс деген бір-ақ мағынасына тоқталу керек деген сөз.
Өйткені, студент әрі-сәрі жағдайда қалмай, әлгі ұғымдардың қайсысы
дұрыс дегенге нақтылы жауап алуға тиісті.
63
Мәселен, қазірге дейінгі мектеп оқулықтарында болсын, жоғары оқу
орындарының студенттеріне арналған оқулықтарда болсын «қазақ тілінде
екпін категориясы бар, ол сөздің соңғы буынына түседі» делініп келеді.
Соңғы кездегі ғылыми зерттеулерге сүйенсек, «қазақ тілінде екпін
категориясы жоқ» деген пікір айтыла бастады [13, 51]. Студент осы
қарама-қарсы екі түрлі пікірдің қайсысына сенеді?
Оқулық сөздік осындай даулы мәселелерге әрі ғылыми тұрғыдан, әрі
дәлелді түрде нақтылы жауап беруге міндетті.
Басқа ғылым салаларындағы терминдер сияқты тіл білімі
терминдерінің де бәрі бірдей емес. Олардың берер ұғымдары да,
мағыналары да әртүрлі. Кейбір терминдер нақтылы ұғымды білдірсе,
екінші бір терминдер жалпы (абстракты) ұғымдарды білдіреді. Осыған
байланысты олардың беретін мағыналары да бірде нақтылы, бірде
жалпылама болып келеді. Оқулық сөздік бұл айтылғандарды да,
ажыратып, саралап көрсетуге тиісті.
Оқулық сөздік студенттердің пайдалануына және түсінуіне қолайлы
болуы үшін, ондағы анықтамалардың құрылысы қарапайым, ал тілі жатық,
әрі түсінікті болуы керек. Ол үшін әрбір терминге берілген анықтама,
біріншіден, түсінікті тілмен жазылсын, екіншіден, сөйлемдер тым күрделі
болып
кетпесін,
үшіншіден,
онда
пайдаланылатын
терминдер
студенттердің көпшілігіне белгілі терминдер болсын. Әлгі терминдердің
кейбіреулері «көпшілікке белгілі» болмаған жағдайда олардың өзін,
анықтамаларын (түсініктерін) студенттер осы сөздіктің өзінен іздеп тауып
алатындай болсын. Бір сөзбен айтқанда, «анықтамада пайдаланылған
терминдердің бәрі сөздіктің өз ішінен табылатын болсын» деген
қағиданың қатаң сақталғаны мақұл.
Жасалынғалы отырған оқулық сөздіктің тағы бір ерекшелігі – оған
атау сөз ретінде алынған әрбір терминнен кейін, жай жақша ішіне олардың
орысша баламалары кіші әріптен басталып жазылып көрсетіледі. Бұлай
еткен болсақ, біріншіден, әңгіме орыс тіліндегі қай термин туралы болып
отырғандығы айқындалады. Екіншіден, сөздігіміз тек тақырыптық,
түсіндірмелі және оқулық сөздіктің ғана емес, сонымен бірге, ол екі тілдік
(қазақша-орысша) сөздіктің де қызметін атқарады.
64
Егер оқулық сөздіктің соңына осы сөздікте келтірілген орысша
терминдердің әліпбилік көрсеткішін (алфавитный указатель) және олардың
кездесетін беттерін көрсететін болсақ, бұл сөздік жоғарыда аталған төрт
сөздіктің ғана емес (тақырыптық, түсіндірмелі, оқулық және қазақша-
орысша сөздік), сонымен қатар, ол бесінші сөздіктің де (олардың үстіне
орысша-қазақша сөздікті қосыңыз) қызметін атқаратын болды.
Ақыры орысша терминдердің әліпбилік көрсеткішін беретін болған
соң, бұл сөздіктің соңына осы сөздікке алынған бүкіл қазақша
терминдердің де беті көрсетілген әліпбилік көрсеткішін берген жөн ғой
деп ойлаймыз. Бұлай ету сөзсіз қажет. Өйткені, сөздікке алынған
терминдер әр тықырыпқа бөлініп кеткендіктен оларды бірден іздеп табу
бірлі-жарым студенттерге болмаса, көпшілік студенттерге оңайға
соқпайтындығы белгілі. Әліпбилік көрсеткіш оларды, міне, осы
қиындықтан құтқарады. Керекті терминін – мейлі ол орысша болсын,
мейлі қазақша болсын – сөздіктің соңындағы әліпбилік көрсеткіштен
тауып алып, оның қай бетте екендігін білгеннен кейін әлгі терминдерді
іздеп табу кімге болса да қиындық келтірмейтіндігі аян.
Сөйтіп, біз сөз етіп отырған сөздік (егер ол жасала қалса) 5 түрлі
сөздіктің қызметін атқарады. Олардың ең бастылары – анықтамалық
(білімдік) қызмет пен оқулық (танымдық) қызмет. Анықтамалық қызметті
бұған дейін барлық терминологиялық сөздіктер атқарып келді және атқара
береді де. Ал оқулық қызметті бұрын тек оқулықтар мен оқу құралдары
ғана атқарып келсе, ендігі жерде біз ондай қызметті тақырыптық және
түсіндірмелі терминологиялық сөздіктердің де атқарғанын қалаймыз. Ол
үшін оқулық сөздік жоғары оқу орындарының студенттеріне арналып,
соларға көмекші құралдардың бірі ретінде, онда да олардың ең бастысы
ретінде арнайы жан-жақты ойластырылып жасалынғаны мақұл. Біз сөз етіп
отырған тіл білімі терминдерінің оқулық сөздігі студенттерге қазақ тілін,
қазақ тіл білімін оқып білудің, оны жете меңгерудің, игерудің құралы
ретінде көп пайда келтіретіндігі сөзсіз.
Қорытындылай келе айтарымыз: оқулық сөздікке алынатын
терминдерді таңдауда да, оларды сөздікке орналастыруда да, қала берді,
алынған терминдерге анықтама берудің тәсілінде де бір-ақ мақсат көзделуі
керек. Ол мақсат – аталған сөздіктің оқулық қызметін
65
(міндетін) атқаруында, студенттердің қажетіне асуында, білім алу ісіне
жәрдемдесуінде.
Осы жағын ескере келіп, біз бұл жерде, біріншіден, оқулық сөздіктің
көлемі тым үлкен болып кетпеуін, екіншіден, онда тек оқулықтар мен оқу
құралдарында кездесетін терминдердің ғана қамтылуын, үшіншіден, сөздік
шыққанда оның бағасының тым қымбат болып кетпеу жағын алдын-ала
ойластырған жөн дегенді баса айтқымыз келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |