Ана тілі,
1999, 22 қаңтар, №3.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ТЕРМИНДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Термин сөздер – аяғын аспаннан салбыратып түскен, «қасиетті»,
«құдіретті» сөздер емес. Олардың әдеттегі халықтық сөздерден еш
айырмашылықтары жоқ. Жалғыз-ақ айырмашылығы бар, ол - әлгі термин
сөздердің арнайы, ерекше мағынада, яғни білгілі бір ғылыми ұғымды
білдіретіндігі және терминдердің тек белгілі бір ғылыми терминдер
жүйесінде ғана термин бола алатындығында.
Мысалға «жер» сөзін алып көрелік.
Егер бұл сөзді халық тіліндегідей «жерге түсті», «жер басты», «жерде
отыр» деген сияқты айтылыстардағы мағыналарда қолдансақ, онда ол –
халықтық сөз, яғни термин емес. Ал осы сөзді («жер» сөзін)
79
– «Күнді айналып жүретін, шар тәрізді, тіршілік көзі бар планета», - деген
ұғымда қолдансақ, онда ол – термин. «Жер» сөзі термин ретінде
физикалық география немесе геология ғылымдарында қолданылады.
Халық тіліндегі «жер» сөзінің мағынасы біреу емес, бірнешеу. Олар:
1) Жер шарының үстінгі қабаты, сыртқы қыртысы; құрлық (Мыс.: Ұшақ
жерге
түсті); 2) Бір елдің меншікті территориясы (Қазақстанның
жері
); 3)
Ел, жұрт, ауыл; мекен (Өскен
жерім
– Алматы); 4) Жай, орын (Жол
бойында қонатын
жер
табылады); 5) ауыс. Уақыт, кез, мезгіл, мезет
(Айтатын
жерде
үндемей қалу – ұят), т.б. /1: 4, 90-91/.
Ал осы «жер» сөзі термин ретінде қолданылса, онда ол тек бір-ақ
мағынада жұмсалынған болар еді. Өйткені терминге бір мағыналық тән.
Терминдердің көбінесе ғылыми еңбектерде, терминологиялық сөздіктерде
ғана қолданылатындығы сондықтан. Терминнің мағынасын мамандар ғана
түсінеді.
Кейбір тілші ғалымдар: «Терминдер де көп мағыналы бола алады», -
дегенді айтады /2: 19/. Бұл пікір дұрыс емес. Өйткені бір ғылым
саласындағы терминдерде тек бір-ақ мағына болады. Ол – сол нақтылы бір
мағынасымен ғана термин. Есесіне бір терминнің әртүрлі ғылым
саласында ұшыраса беруі мүмкін.
Мысалыға орыс тіліндегі «ассимиляция» терминін алалық.
«Ассимиляция» латынның
assimilatio
деген сөзі. Оның мағынасы –
«өзіне бейімдеу, ұқсату» дегенді білдіреді. Бұл сөз этнография ғылымында
да, тіл білімі (немесе тілтаным) ғылымында да, биология ғылымында да
кеңінен қолданылады. Бұлардың білдіретін мағыналары да әр басқа.
Айталық, тіл біліміндегі «ассимиляция» термині – «бір дыбыстың
екінші дыбысқа тигізетін ықпалы, әсері» дегенді білдірсе, этнография
ғылымындағы «ассимиляция» термині – «бір халықтың екінші халыққа
сіңісіп кетуі» дегенді аңғартады /3: 1, 382/. Ал биология ғылымында
«ассимиляция» термині – «басқа заттарды өз денесіне сіңіріп алуды»
білдіреді /4: 48/.
Бұларды бір терминнің («ассимиляция» сөзінің) үш түрлі мағынасы
деп ұқпау керек. Олар – жеке-жеке терминдер, яғни омоним сөздер. Жеке-
жеке сөздер (омонимдер) болғандықтан бұлардың лексика-семантикалық
тіркестері де әртүрлі.
80
Егер алдыңғы терминнің «прогрессивті ассимиляция», «регрессивті
ассимиляция» деген сияқты тіркестері болса, «екі халықтың бір-біріне
сіңісіп кетуі» деген мағынадағы екінші терминнің «ерікті (табиғи)
ассимиляция», «еріксіз (еріктен тыс, зорлықты) ассимиляция» деген
тіркестері бар.
Сыртқы тұлғалары жағынан болмаса, ішкі мағыналары жағынан
«ассимиляция» сөзі мен «ықпал», «сіңісу», «сіңіру» сөздерінің ешқандай
айырмашылықтары жоқ. Ендеше «халықаралық» терминдерді аударуға
болмайды» дегенді қойып, жоғарғы үш «ассимиляцияның бірін –
ықпал,
екіншісін –
сіңісу,
үшіншісін –
сіңіру
деп аударып алсақ, онда «әр ұлт өз
тілінің терминдерін ұлттық негізде өздері жасап алу» деген сол болған
болар еді. Өйткені терминология дегеннің өзі – лексиканың саналы түрде
реттелініп, жүйеленіп тұратын өзгермелі саласы.
Нағыз терминдер көп мағыналылықтан аулақ болатыны сияқты, олар
әр уақыт экспрессивтіктен, эмоционалдықтан да ада болады. Себебі, олар –
ғылыми ұғымдардың атаулары. Ғылым болса, ол дәлдікті, нақтылықты
сүйеді.
Ал
жалпы
халықтық
сөздер
көп
мағыналылықтан,
экспрессивтіктен, эмоционалдықтан қашпайды. Термин мен термин емес
сөздердің бір-бірінен басты айырмашылықтары да осында. Басқаша
айтсақ, олардың айырмашылықтары – жалпы халықтық сөздердің
бейтараптығы мен терминдердің ғылыми ұғымдарды білдіретіндігі.
Термин сөздердің термин емес сөздерге ауысуы өте сирек кездесетін
құбылыс (Мыс.,
компьютер, аккуммулятор, термометр,
т.б
.
). Ал бұған
керісінше, термин емес сөздердің термин сөздерге ауысуы жиі байқалатын
нәрсе. Оған тілімізде мысалдар көп. Айталық,
түбір
(корень),
жұрнақ
(суффикс),
кіріс, шығыс, жапырақ
т.б.
Қазақ тілінде «жапырақ» сөзі қазір жалпыхалықтық сөз ретінде де,
термин сөз ретінде де қолданылады. Ол сөздің жалпыхалықтық мағынасы
– «өсімдіктің өзі жалпақ, өзі жасыл түсті мүшесі» дегенді, ал терминдік
мағынасы – «жоғары сатыдағы өсімдіктердің (төменгі сатыдағы
өсімдіктердің емес) бойындағы фотосинтез процесі жүретін, өзіне
көмірқышқыл газын сіңіріп алып, оттегін бөліп шығарытын вегативті
мүшесі» дегенді білдіреді.
81
Бұл екі мағынаны шатастыруға да болады, шатастырмауға да болады.
Шатастыруға болатын себебі – екеуі де, сайып келгенде, «өсімдіктің бір
мүшесі» деген жалпы ұғымды білдіреді. Шатастыруға болмайтын себебі –
бұл термин және термин емес екі сөздің мән-мағыналары екі түрлі. Бірі
(халықтық сөз) жалпылай алғанда тар, таяз мағынада, екіншісі (термин
сөз) ғылыми ұғымды білдіретін кең, терең мағынада қолданылады.
Бұл сияқты» екі жақты» сөздер ертеде халықтық қарапайым сөздер
болған. Кейіннен ғылымның дамуына, зерттелінуіне, оның қазақша
сөйленуіне байланысты олар өздерінің халықтық мағынасының үстіне
басқаша ғылыми мағына (ұғым) үстеп, терминдердің қатарына өтті;
терминдік жүк арқалайтын болды. Бұл біздің тілімізде ғана емес, басқа
халықтардың тілінде болып тұратын құбылыс.
Терминдерге экспрессия, эмоция тән емес дедік. Бұл – шындық. Осы
қағиданы теріске шығарғысы келген кейбіреулер анатомия ғылымындағы
тілшік
(язычок),
қалташық, айналшық
деген сияқты, техникадағы
жүрекше, жұдырықша, құлақша
деген сияқты терминдерді мысалға
келтіріп, «бұлар
Достарыңызбен бөлісу: |