«Егер бір халық өзіне жат идеялар
мен бөтен әдет-ғұрыптардың
ықпалына түсіп, оларды өз ұлтының ерекшелігіне райлас өзгертіп, игеріп,
бойына сіңіруге күші жетпесе, онда ол халық саяси өмір сүре алмайды.
Өзіндік даралығы жоқ, қуыс кеуде адамдар қандай болса, ұлттық белгісі,
бет-бейнесі жоқ халық та сондай», - депті, орыстың атақты әдебиет
сыншысы В.Г.Белинский [5].
Күні бүгінге дейін бұл пікірді дұрыс емес деген ешкім болған жоқ.
Әсіресе француз тіліне жаппай ден қойған ХҮІІІ
ғасырдағы орыс халқы
үшін дұрыс болып табылған бұл пікір орыс тіліне әуестенген ХХ
ғасырдағы қазақ халқы үшін неге дұрыс болып табылмайды?! Жоқ, әлде
В.Г.Белинский қазаққа арнап әдейі айтпағаннан кейін бұл сөздің құны
болмай қала ма?!
Шындығында да, қазақ тілінің дыбысталуына, дыбыстық тіркесіміне
жат
автомат, артист, актер, лагерь, принцип, театр, гастроль, сервиз,
спорт, факультет, электр, реформа, миллион
деген сияқты сөздерді өз
ұлтымыздың тілдік ерекшелігіне бағындырып,
аптамат, әртіс, әктөр,
ләгір, пірінсіп, тыйатыр, гәстрөл, сербіз, ыспорт, пәкүлтет, електір,
репорма, мілійөн,
- деп,
өзгертіп алсақ, өз тіліміздің төл заңдылығына
сәйкес келмес пе еді?! Араб, парсыдан келген осылар тәріздес
аһн, халал,
харам, хал, ходже
сөздері қазақ тіліне кіргеннен кейін, олар
ән, адал, арам,
әл, қожа
болып сіңісіп кеткен жоқ па?! Ендеше, біраз уақыт өткеннен
кейін әлгі аталған орысша сөздердің де араб, парсы сөздері құсап жат
болмай, сіңісіп кетері сөзсіз.
Жоғарыда аталған «Адамның диқаншысы» атты мақаланың төлиелері
(авторлары) былай дейді: «Аяулы арыстарымыздың
аруағынан қорықпай,
қазір де кейбір «оқу өтіп кеткендердің» қайдағы бір абстрактылы
«дүниежүзілік стандарт» дегенді желеу етіп, халықтық болмыстан қайнап
шықпаған жат қағидалары қазақ жанына қабыстыруға үйірсектігін, бөгде
тілдегі сөздерді орысша қалай жазылса, солай қаз-қалпында алмадың деп,
ана тілінен атау іздеген қазақты сыпыра күстаналауын «ғалымдық» дейміз
бе, әлде...» [5].
Мақала төлиелері мәдениетті адамдар екен. «Ғалымдық дейміз бе?»
дегеннен кейінгі өзінен-өзі ауызға түсіп тұрған «әлде залымдық дейміз
бе?!» деген сөзді жазбай, тастап кетіпті. Тастамау керек еді. Ондайлар
бәрібір мәдениеттілікті, сыпайылықты түсінбейді. Түсінсе,
71
бір кезде қазақ тілін
жою мақсатында зорлап ендірген, күшпен таңылған,
дыбысталуы да, жазылуы да жат
конгресс, съезд, конференция, бюро,
секретарь, география, геометрия, философия
деген сияқты сөздерді
«осылай айталық, осылай жазалық» деп, жанын салып қорғар ма еді?!
Бір елді бір ел отарлап қоймайды екен, бір тілді екінші бір тіл
отарлайды екен. Біздің тіліміз – отарланып кеткен тіл. Оны отарлаушы –
жоғарыда көрсетілгендей орысша қалай айтылып, қалай жазылса, қазақша
да
солай айтылып, солай жазылып жүрген сөздер. Мұндай сөздерді орыс
тілі білімінде «басқыншы сөздер» (варваризмдер) деп атайды.
Бұл жерде біз орыс тілінен заңды түрде енген
бөкебай, бөтелке,
кереует, кәмпит, самаурын, жәшік
деген сияқты кірме сөздер туралы
айтып отырғанымыз жоқ. Біздің әңгіме етіп отырғанымыз - өңі де, түсі де,
тұрпаты да мүлде
бөлек
альтернатив, информация, программа...
деген
сияқты басқыншы сөздер жайында болып отыр.
Қай тіл болсын, басқа бір тілден сөз алса, оны өз тілінің заңдылығына
бағындырып барып, дыбыстық өзгерістерге түсіріп барып алады. Өз тілінің
заңдылығына бағындырып алмаса, түркі тілдерінен енген орыс тіліндегі
Достарыңызбен бөлісу: