б, д, г, ғ дыбыстарына
аяқталмайды. Ал аяқтала қалса олар
п, т, к, қ қатаңдарына ауысып кетеді.
Мысалы: баб<баптар, завод<зауыт, т.б. Сондықтан арабтың
жад сөзіне
ы қысаңын қосып (жад+ы) айтсақ қана немесе сөз соңындағы
д дыбысын
түсіріп, оның орнына
т дыбысын қойып айтсақ қана ол қазақша болады.
Жады сөзін түрлендіріп көрелік:
жады+лар (жад+тар емес),
жады+ның (жад+тың емес,
жады+сы (жад+ы емес), т.б.
Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: Тіліміздегі орысша
терминдердің бәрін қазақшаламаған күннің өзінде олардың біразын
жоғарыда айтқанымыздай өз тіліміздің заңдылығына бағындырып,
мәселен, авторды –
аптыр, алфавитті –
алпабит, адресті –
әдіріс, паспортты –
паспырт , осьті –
өс деуімізге болар ма еді?!
Әрине,
болар
еді.
Бірақ
оған
біздің
білімпаздығымыз,
ұстанымпаздығымыз (принципшілдігіміз), әрі беріден кейін ұлттық
намысымыз жетіспейді.
Егер біраз терминдерді жоғарыда айтқандай өзгерткен болсақ,
біріншіден, тіліміздің өз заңдылығын сақтай отырып, оны басқа тілдердің
сөздерімен (терминдерімен) байыта, толықтыра түскен болар едік.
Екіншіден, халықаралық терминдерден де іргемізді аулақ салмай, оларды
да өз пайдамызға жаратқан болар едік. Үшіншіден, ұлттық тіліміздің
өзіндік ерекшелігі мен өзіне тән жүйелілігін жоғалтпаған болар едік.
Төртіншіден, халықаралық терминдердің халықаралықтық қасиетін
сақтаған болар едік.
Міне, біздің терминге байланысты ұғым-түсінігіміз, ой-
түйгендеріміздің кейбіреулері осындай.
86