-шық/-шік, -ша/-ше
кішірейткіш жұрнақтары арқылы
жасалып тұр. Кішірейткіш жұрнақтар түбірге экспрессивтік, эмоциялық
мән үстейтіндігі белгілі. Олай болса, бұл мысалдар жоғарғы пікірге қайшы
келмей ме?» - деген сұрақ қойғысы келеді /5/.
Жауап берейін: Қайшы келмейді. Өйткені
тілшік, жұдырықша
деген
терминдердің құрамындағы
-шік, -ша
кішірейткіш жұрнақтары әлгі сөздер
жалпыхалықтық сөздерден терминдік сөздерге қалай ауысты, солай олар
өздерінің кішірейткіштік мәнінен айырылып қалады. Басқаша айтсақ,
-шік,
-ша,
қосымшалары өздерінің экспрессивтік (кішірейткіштік) мәнін түбір
сөздерге қосылып, туынды сөз жасаған кезінде, яғни екінші номинация
кезінде ғана анық, айқын атқарып, ал ол туынды сөздер бір тілдік жүйеден
(халықтық тілден: кіші тіл, кіші жұдырық) екінші тілдік жүйеге
(терминологияға) ауысқан кезінде олар өздерінің экспрессивтік мәнін
жоғалтып алады. Сөйтеді де,
-шік, -ша
қосымшалары туынды сөздің
жалпы дыбыстық құрамымен астасып, сіңісіп кетеді. Соның нәтижесінде
қосымша өзінің морфологиялық қызметінен айырылып, түбірге қосылып
кетеді
82
де, нақтылы бір ғылыми ұғымның атауын ғана білдіреді. Біз
тілшік
(анат.)
деп – көмейдің үстінгі жағындағы өсіндіні, ал
жұдырықша
(техн.) деп –
техниканың белгілі бір ғана бөлшегін ғана ұғамыз.
Бұл жерде жалпыхалықтық
жұдырық, тіл
сөздерін
жұрықша, тілшік
деген термин сөздермен салыстыруға келмейтінін, егер салыстыру керек
болса,
жұдырық, тіл
деген жалпыхалықтық сөздерді «кішірек жұдырық»,
«кішірек тіл» деген мағынадағы
жұдырықша, тілшік
деп аталатын
жалпыхалықтық (экспрессивтік) сөздермен салыстырып, олардың бірінің
«кәдімгі жұдырық», «кәдімгі тіл» екендіктерін, екіншілерінің – «кішкене
келген жұдырық», «кішкене келген тіл» екендіктерін зерделеуге
болатындығын айта кетпеске болмайды. Бұл соңғы сөздер: «
жұдырықша
-
кішірек келген жұдырық,
тілшік
– кішірек келген тіл» кішірейткіш
жұрнақтар арқылы жасалған экспрессивті сөздер. Ал ғылыми мәндегі
жұдырықша, тілшік
сөздері – экспрессивті сөздер емес. Олар – белгілі бір
ғылым саласына қатысты нақтылы заттың, нақтылы ұғымның атаулары
болып табылатын, біртұтас морфемалы терминдер. Ол терминдердің
туындылығы әлгі сөздер терминге айналып кеткеннен кейін мүлде
ұмытылған.
Жалпыхалықтық сөздің терминге айналуы оның лексикалық
мағынасын ғана өзгертіп қоймайды [Мыс.:
тілшік
(жалпыхалықтық сөз) –
кішірек тіл;
тілшік
(анат. термин) – көмейдің үстіңгі жағындағы өсінді],
сонымен бірге, ол (термин) сөзінің лексика-грамматикалық, синтаксистік
мағыналарын да өзгертеді. Мәселен, жалпыхалықтық
тілшік
сөзі
«мынауың тіл емес, тілшік қой» деген тәрізді тіркесімде айтылып,
кішірейткіш мәнде жұмсалынатын болса, термин мәніндегі тілшік сөзі: «Ң
фонемасы тілшіктің төмен түсіп, ауыз жолын кептеп тұрғандықтан,
фонетикалық ауа мұрыннан шығады» /6: 252/ деген тәрізді мәтінде
ұшырасып білгілі бір анатомиялық мүшенің атауы ретінде жұмсалынады.
Орыс тіл білімінде бір ғана ұғымды білдіретін «лингвистика»
дегеннен басқа «языкознание» және «языковедение» деген екі түрлі
термин бар екендігі белгілі. Берер мағыналары жағынан бұлардың бір-
бірінен ешқандай айырмашылықтары жоқ. Солай бола тұрса да, орыс
ғалымдары бұл соңғы екі терминді саралауға тырысады. Осы тұрғыда
белгілі ғалым А.А.Реформатский былай депті:
83
«...Совершенно казалось бы равноценные термины
языкознание
и
языковедение
все таки – не равноценны; второй из них удобно окружен
параллельными терминамы:
языковедческий, языковед, языковедные
вопросы
и т.п., тогда как первый не имеет такого окружения» /7: 113/.
«Термин бір-ақ түрпетті (вариантты) болуы керек» деген талапқа
қарамастан орыс тілінің жоғарғы екі терминін біздің қазақ ғалымдары бірін
–
тіл білімі
(языкознание), екіншісін –
тілтаным
(языковедение) деп
аударып алып жүр; осылай қолданылады да. Егер бұларға
А.А.Реформатскийдың талғам-талабы тұрғысынан қарасақ, қазақтың
тіл
білімі
деген терминіне қарағанда
тілтаным
деген термині әлде қайда
қолайлырақ екендігін жоққа шығаруға болмайды. Өйткені
тілтаным
терминінен
тілтаным+дық, тілтаным+шы
деген сияқты туынды сөздер
жасалынса,
тіл білімі
терминінен мұндай туынды сөздер (тіл білім+дік, тіл
білімі+ші) жасалынбайды.
Сондықтан болар, біз
языковедь
деген терминнің қазақша баламасын
«тіл білімі» «тілтаным» түбірлерінен емес, «тіл» (язык) түбірінен
шығарып,
тіл+ші
деп айтып та, жазып та жүрміз. Бұл сөз «корреспондент»
деген сөздің баламасы –
тілші
деген сөзбен жарыса қолданылып
(омонимдік қатар түзеп), аздаған қолайсыздық туғызады (Бұл соңғы талап,
яғни «терминнің сөз жасам қабілеті» деген талап – терминге қойылатын
төртінші талап болып есептелінеді – Б.Қ.).
Неге екенін қайдам, осы күнде кейбір мамандар: «Терминдер
халықаралық болады. Оларды аудармай сол күйінде алу керек», - деген
жаңсақ ереже тауып алды да, сол пікірлерінен қайтпауға тырысады. Шетел
сөздерін сол күйінде алу, сол күйінде қолдану – қазақ тілін жетілдіру,
дамыту емес, оны құрту екендігін олар түсінгісі келмейді, түсінбейді.
Мұндай пікірдегі адамдар бірлі-жарым болса бір сәрі ғой, бірақ олардың
саны бұл күнде аз болмай тұр.
«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болады. Өз еркіміз өзімізде,
егемендігіміз қолымызда болып отырған қазіргі заманда өзге де ерікті
елдер сияқты өз тіліміздің төл терминдерін өзіміз жасап алайық» - десең,
әлгі жаңсақ «теориямен» қаруланған «оқымыстылар» ер тоқымын
бауырына алып, жатып кеп тулайды. Ел жиналған жерге барып, өз ойын
дәлелдеген болып сөз сөйлейді; газет-жұрналдарға мақала жазады.
84
Қарапайым көпшілік халық қайдан білсін, ғылым докторы немесе
ғылым кандидаты деген атағы бар біреулер «қазақша сөздер термин бола
алмайды, тек латынша, грекше немесе ағылшынша, орысша сөздер ғана
термин болады», - деп, білгішсініп жатса, оған, әрине, халық сенеді.
Сөйтеді де, қазақша термин жасауды қояды. Орыс тілінде қанша термин
бар, соның бәрін бөтелке қабылдаушы (приемщик) секілді даяр күйінде
қабылдай береді. Нәтижесінде қазақ тілін дамыту орнына орыс тілін
дамытып, әлгі жаппай қабылданған орысша терминдер мерезшөп
(повилика) шырмауығы секілді тілімізді бүтіндей шырмап алып, оның
қорегін де, нәрін де – бәрін де сора бастайды. Сөйтеді де, айдың, күннің
аманында жайнап, жайқалып тұрған тілімізді біртіндеп солдырып,
аздырып тынады. Ақыры одан қай күні айрылып қалғанымызды өзіміз де
сезбей қаламыз.
Мен бұл сөздерді жайдан-жай айтып отырған жоқпын. Кейбір
терминшілер: «Ғылыми терминдер көпшілік халықтарға ортақ болса, ол
ғылымда меңгеру оңайға түседі. Халықаралық ғылыми конференцияларда
ғалымдар бірін-бірі жақсы түсінеді», - деген уәж айтады.
Рас, тіл білімінде терминдердің халықаралылығы деген мәселе бар.
Бірақ бұл мәселелеге тоқталмас бұрын, алдымен «терминнің
халықаралығы оның сыртқы тұлғасында ма, жоқ, ішкі мазмұнында ма?» -
деген мәселенің басын ашып алғанымыз жөн.
Бірден дұрыс жауабын айталық: Терминдердің халықаралығы
(интернационалдығы) – олардың сыртқы тұлғаларында емес, ішкі
мазмұндарында. Яғни терминдер ішкі мазмұны, мағынасы, мәні жағынан
халықаралық болады да, ал сыртқы тұлғасы жағынан олар – ұлттық
болады. Әр ұлттың сөздері өздерінің тұлғалары, құрылымы,
грамматикалық құрылысы жағынан ерекшеленеді. Әсіресе ұлттық
сөздердің ең басты белгісі – ондағы дыбыстардың тіркесімінен анық
байқалады.
Өздеріңіз ойлап көріңіздерші,
кровать
сөзі қазақша ма, жоқ,
кереует
сөзі қазақша ма? Әрине,
кереует
сөзі қазақша, ал
кровать
сөзі қазақша
емес. Өйткені орыстың
кровать
сөзінің басында, екі дауыссыз дыбыс (кр)
қатар тұр. Бұл – қазақ тіліне жат құблыс. Сондай-ақ, ол сөзде (кровать)
жіңішке дыбыстар (к, ть) мен жуан дыбыстар (о, а) араласып келген. Бұл да
қазақ тіліне жат. Ең
85
ақырында
кровать
сөзінде қазақ тілінде жоқ
в, ть
дыбыстары кездеседі.
Ал
кереует
сөзі – қазақша. Онда қазақ тіліне тән заңдылықтардың
бәрі, атап айтқанда, бір сөзде өңкей жуан, не өңкей жіңішке дыбыстардың
бірыңғай келуі (үндестік заңы) немес сөз ішінде бір дауыссыз дыбыс пен
дауысты дыбыстың алмасып отыруы деген сияқты заңдылықтардың бәрі
түгел сақталған.
Болмаса
жад
(память) терминін алыңыз. Бұл қазақ сөзі делінгенімен
бұл қазақша емес. Қазақ тілінде сөздер
Достарыңызбен бөлісу: |