Байынқол Қалиұлы



Pdf көрінісі
бет30/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64
Байланысты:
Байынқол Қалиев

пайыз
сөзінің уәжсіз болса да, 
жүздеуік, саншама
сөздеріне қарағанда, қысқа екендігі дәлелдеуді керек 
етпейді. Ол – небәрі бес дыбыстан тұратын түбір сөз. 
Жүздеуік 
(жүз+де+у+ік), 
саншама
(сан+шама) сөздері болса, бұлар – бірнеше 
морфемалардан тұратын күрделі құрамды сөздер.
Ал термин нұсқа болсын деген талапты осы жерде аздап болса да 
түсіндіре кеткен абзал болар. 
Біз «нұсқалықты» әлгі терминдердің сөз жасаушылық, тіркесімдік 
мүмкіндіктерінен іздестіргенді дұрыс деп білеміз. Егер, 
пайыз 
сөзінен 
пайызды, пайызсыз, пайыздық
деген сияқты туынды сөздер жасалып, 
олардан «тапсырма 100 пайыз орындалды», «5 пайыздық заем», «пайыздық 
қатынас» деген сияқты тіркесімдер пайда болса және оларды түсіну үшін 
онша қиынға соқпайтын болса, 
жүздеуік
(жүздеуікті, жүздеуіксіз, 
жүздеуіктік), 
саншама
(саншамалы,
75 


саншамасыз, саншамалық) сөзерінен жасалған «тапсырма 100 жүздеуік 
(саншама) орындалды», «5 жүздеуікті (саншамалы) заем» деген 
сияқтыларды түсіну қиынырақ. 
Әрине, жобалап болса да бір нәрсені аңғаруға болады. Бірақ ол өте 
күңгірт және түсінуге ауыр. Өйткені, «тапсырма 100 саншама орындалды» 
дегеннен «тапсырма орындалды ма?», жоқ «саншама орындалды ма?» деп 
ойланып қалатынымыз анық. 
«Объект», «субъект» сөздерінің қазақша баламалары да дәл осындай. 
Біреулер объект сөзінің орнына –
зерзат
(зер салатын, зейін тоқтататын 
зат) сөзін, субъект сөзінің орнына – 
нақзат
(нақты зат, заттың өзі д.м.) 
сөзін ұсынса, екінші бір адамдар объект сөзіне – 
нысан
сөзін (Кейбіреулер 
жаңылып, бұл сөздің орнына «нысана» сөзін қолданып жүр. Меніңше, бұл 
қате түсінік. Қазақ «нысана» деп мылтықпен, садақпен көздейтін затты – 
прицел, мишень айтады), субъект сөзіне – 
пысан
сөзін ұсынады. Алдыңғы 
атаулардың құрамы уәжді (мән-мағыналары түсінікті) терминдер де, соңғы 
атаулар уәжсіз (мән-мағыналары түсініксіз) терминдер. 
Көп жерде уәжді атаулардан гөрі уәжсіз атаулардың тезірек сіңісіп 
кететіндіктері анық. Өйткені терминдердің сыртқы тұрпатында тұрған 
ешқандай мән-мағына жоқ, мән-мағына олардың ішкі мазмұнында. Егер 
әлгі 
объект, субъект
сөздерінің мән-мағыналарын 
зерзат, нақзат
сияқты 
уәжді сөздер көбірек береді демей-ақ, ол мән-мағыналарды 
нысан, пысан
деген уәжсіз сөздерге телісек, көп ұзамай-ақ әлгі мағыналардың дәл 
осылай қалыптасып кететіндіктері ақиқат. Оның үстіне «зерттеу зерзаты» 
дегеннен гөрі – 
«зерттеу нысаны»
деген әлдеқайда жатығырақ емес пе?! 
Нысан, пысан
сөздерін біздің уәжсіз (мағынасы жоқ) сөздер деп 
отырғанымыз шартты нәрсе. Әйтпесе, бұл сөздер тілімізде ешқандай мән-
мағына атқармайды емес. 
Нысана
сөзінің 
нысан
сөзінің орнына 
қолданылып кетіп жүргендігінің өзі бір нәрсені аңғартқандай. Оның үстіне 
орыс тіліндегі объект, субъект сөздері сияқты 
нысан, пысан
сөздері де 
өздерінің мағыналары жағынан ғана емес, сонымен бірге сыртқы пішіндері 
(формалары) жағынан да бір-бірімен антонимдік жұп құрай алатындығын 
ескергеніміз жөн. 
Осыдан біраз жылдар бұрын газет-журнал беттерінде авторды – 
төлие,
аэропортты – 
әуеайлақ,
аэровокзалды – 
әуежай,
логиканы – 
76 


қисын,
мэрді – 
әмір,
компьютерді – 
білгесаяр
деп қазақшалайық деген 
ұсыныстар болды. Бұлар дұрыс ұсыныстар еді. Бірақ қазір, кәне, осы 
сөздерді осылай қазақша қолданып жүргендігіміз?! Оған кім кедергі 
жасады?! 
Ешкім де! Баяғы өзіміздің қанымызға тән салғырттығымыз, 
жайбасарлығымыз бен бүгежектігіміз! 
Жоғарыдағылардың ішіндегі «мэр» сөзі өзіміздің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет