ОБСЕ, ЗАГС,
ДНК, РНК, парламент, сенат, спикер, департамент, конгресс, интерактив,
кластер
деген сияқты шетел сөздері келтіреді.
Сөйтеді де: «Мұндай терминдерді аударып нендей береке табамыз. Біз
өзімізді өзіміз тұмшаламай, мемлекеттік тілімізді тежемей, әлемдік ықпалды
тілдердің сөздік қорына ОБСЕ деп жазып және айтып енуіміз ұтымды
болар», - деп көсемсиді.
Үзіндідегі біз астын сызған «әлемдік ықпалы тілдердің сөздік қорына
ОБСЕ деп айтып және жазып енуіміз» деген тіркесті профессордың өзі
болмаса, біз оны түсінбедік. «ОБСЕ деп айтып және жазып, басқа бір тілдің
сөздік қорына» қалай енуге болады?!
Профессор мырза! Біреудің сөздік қорына «еніп» әуре болмай-ақ
қойыңыз. Егер сіз алатын болсаңыз, олар әлгі өздерді сізге тегіннен-тегін
бере салады. Тіпті алғаныңыз үшін сізге рақмет айтады. Өйткені олардың
түпкі мақсаты, ойы, саясаты - өз сөздерін басқа халықтарға кеңінен тарату.
Сөйтіп, басқа тілдерді жойып, өз тілдерін ғана қалдыру.
Т.Жңақұлов терминдерді аударуға болмайтындығына дәлел ретінде
Е.Жұбановтың: «Атомды –
бөлінбейтін
деп аудардық. Ол бөлініп кетті.
Бөлінген бөлшектеріне не деп ат қоямыз? Немесе «текстіні»
мәтін
деп
аудардық, ал
текстолог, текстология, контексттерді
қайда қоямыз?
Мысалы,
контекстіні
«конмәтін» дейміз бе?» - деген пікірін келтіріпті.
Біріншіден, «атомды ешкім
бөлінбейтін
деп аударған жоқ (Жоғарыда
аталған сөздікке қараңыз – Б.Қ.). Екіншіден, «текст» сөзін
мәтін
деп
алғаннан (мақала иесінің сөзімен айтсақ, «аударғаннан») кейін сол түбірден
тараған туынды сөздерді неге аударуға болмайды?
Болғанда қандай! Мәселен, «текстолог» дегенді
мәтінгер/мәтінші
,
«текстологияны» -
мәтінтаным
деп аударсақ, ешкімнің ешнәрсесі қисая
қоймайды. Есесіне қазақ тіліне жаңадан 2-3
151
қазақ сөзі келіп қосылады. Ал, «контекст» сөзіне келетін болсақ, ол сөзге
тіпті қазақ тілінен балама іздеп әуре болудың да қажеті шамалы. Неге
десеңіз, біріншіден,
мәтін
(текст) сөзі тұрғанда «контекст» сөзінің түкті де
қажеті жоқ. Өйткені олар - бірін-бірі қайталап тұрған жарыспалы сөздер.
«Текст» сөзі де, «контекст» сөзі де латын тілінде «байланысқан сөздер» деген
ұғымды береді. Сонда
текст, контекст
дегендерді - «сөздердің мағыналары
айқындалатын орын – мәтін» деп ұғуға әбден болады. Зерттеушілердің
«сөздердің мәтініндегі (контекстегі) мағанасы» деген тіркесімді жиі
қолданатын себебі сондықтан.
Екіншіден,
контекст
сөзін сөздік қорымызға алған (ендірген) күннің
өзінде де ол ешқашан қазақ сөзі бола алмайды. Өйткені онда үндестік заңы
жоқ: Сөз құрамындағы К – жіңішке, О – жуан дыбыс. Қазақ тілінде жіңішке
дыбыс пен жуан дыбыс ешқашан қатар тұрмайды. Сондай-ақ, қазақ тілінде
түбір сөздердің соңында үш дауыссыз дыбыс қатар келмейді.
Контекст
сөзінің соңында «КСТ» деген үш дауыссыз қатар тұр («шетел сөздері қазақ
тілінің діңіне түскен құрт» дегенді айтқанда біз осындайларды еске алып
отырмыз – Б.Қ.).
Т.Жаңақұловтың атағы бір «жаңалығы» (Өкпелеп қалып жүрмесін,
«теориясы» дейікші – Б.Қ.) – «терминдерді қай халық жасаса, ол сол
халықтың сөзімен аталуы керек» дейді.
Жарайды-ақ, сіздің айтқандарыңызбен келістік делік. Егер «терминдерді
(сөздерді) қай халық жасаса, ол сол халықтың сөзімен аталатын болса», онда
сіз қазақтың
киіз үй, шаңырақ, кереге, уық, туырлық, саба, мес
сөздерін сол
ағылшындар мен орыстарға дәл осы жерде көрсетілгендей тұлғада алғызып
көріңізші?!
Өз ойын дәлелдеу үшін профессор мырза мысалға «клетка», «спутник»
сөздерін келтіреді: «Клетка құбылысын ағылшын микроскопшысы (мұндай
да мамандық болады екен?) Р.Гук 1665 ж. ашқан. Оны орта жолдан бұрып
алып,
жасуша
деп атауға құқымыз жоқ», - дейді ол.
Егер қазақ халқында өз сөздерін (терминдерін) өздері жасап алуға
құқығы жоқ болса, онда оларда басқалай қандай құқық қалады?
Білгішсіз ғой Т.Жаңақұлов мырза, мүмкін сіз оны айтып жіберерсіз?
152
Ол одан ары қарай: «Ғылымдағы атаудың авторы оны зерттеп, ашқан
ғалым немесе ел болып саналады. Мысалы, орыстар 1959 ж. жердің серігі
ретінде спутникті орбитаға шығарды. Нәтижесінде бүкіл әлем
спутник
терминін мойындады», - дейді (№43, 6).
Мойындаса, кеңес өкіметінің құрамындағы отар елдер ғана мойындады;
онда да амалсыздан ғана. Басқа елдердің көпшілігі оны мойындай қойған жоқ
(қазақ «спутник» сөзін –
Достарыңызбен бөлісу: |