бар.
Біріншіден, ол кісі терминдердің бұрынғы және кейінгі жағдайларын
білмейді. Екіншіден, білсе де оны айтқысы келмейді. Айтса, өзінің арам
пиғылының арты ашылып қалатындығын сезеді.
Қыза-қыза келіп, профессор жолдас: «ХХІ ғасырдың ширек мезгілі
Қазақстанның ғасыры болмақ... Біз бір ғасырлық жолды 10-15
жылдың
бедерінде өтуіміз керек. Оның негізгі тетіктерінің бірі – әлемдік тілдік
бәсекелестікке төтеп бере алатын аударылмаған терминдермен байытылған
мемлекеттік тілімізді елімізді мекендеген барлық этностар тез арада
меңгеріп, қарым-қатынас жасауы керек. Бұл біздің оларға қолайлы жағдай
жасағандығымыздың белгісі болмақ», - деп,
бұрын айтқандарын тағы бір
қайталап шығады.
Бұл үзіндіні оқырмандардың қалай түсінгенін білмеймін, ал менің
ұққаным «елімізді мекендеген барлық этностар мемлекеттік тілді тез арада
меңгеру» үшін, оны «аударылмаған терминдермен байытып» беруіміз керек
екен. «Бұл біздің оларға қолайлы жағдай жасағандығымыздың белгісі
болады» екен.
Басқаша айтқанда, тілімізде қаптап жүрген шетел терминдерін
(терминдердің 70-80 пайызы аударылмаған латын, грек, славян сөздері
екендігін естеріңізге сала кетейін – Б.Қ.) қазақшаға аудармасақ, біз «бір
ғасырлық жолды 10-15 жылдың бедерінде өтіп шығады» екенбіз; «әлемдік
тілдік бәсекелестікке төтеп бере алады» екенбіз; «мемлекеттік
тілді
үйренемін деушілерге қолайлы жағдай туғызады» екенбіз. Ал латын, грек,
славян сөздерін қазақшаға аударсақ, бұл - «жаһандану жағдайында термин
мәселесін тұмшалау» екен; «еліміздегі прогрестің аяғына тұсау салу» екен.
Сондықтан, «терминдерді аудармай, сол күйінде сөздік қорымызға ендіруіміз
қажет» екен.
Т.Жаңақұлов одан әрі тереңдей түсіп: «Егер мемтерминком Елбасының
мемлекеттік тілдің бауырын жазуға маңызы бар терминдер туралы
ескертулерін іс-жүзіне асырмаса, бұны саботаж
деп баға беретіндігіне әзір
болуы керек», - деп, президентіміздің мемтеринкомға қандай баға, қандай
жаза қолдан керектігінде айтып береді.
Сондай-ақ, ол: «Жалпы тіл, оның ішінде термин мәселесінде солтүстік
көршіден (яғни орыстардан) іргемізді алып қашуымыздың пайдасы шамалы»
деп жарамсықтануды да ұмытпайды. Мұнысы –
150
бұған дейін бірнеше рет қайталаған «орыс тілінен келген сөздерді сол
күйінде алайық» деген сөзінің қитұрқы нұсқасы. Бұл ойын ол «орыс тілі
қолданыстағы терминдермен оралымға тез келеді», - деп, тұздықтаған
болады.
Т.Жаңақұлов: «Бүгінде өз калоритін сақтаған, сөйтіп сөздік қорымызды
байытқан терминдер аз емес» дей келіп, оларға мысал ретінде
Достарыңызбен бөлісу: