Байынқол Қалиұлы



Pdf көрінісі
бет63/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Байынқол Қалиев

жерсерігі
деп атаған – Б.Қ.) Мысалға қытай, жапон, 
кәріс, иран, ирак т.б. тілдеріне қараңыз. Сіз мысал үшін келтіріп отырған 
спутник
сөзі ағылшын тілінде – satellite, sputnik; француз тілінде – satellite, 
spoutnik; неміс тілінде – Satellit, Trabant деп қолданылады.
Көріп отырсыздар ағылшындар мен француздар болмаса, неміс тілінде 
спутник
сөзі жоқ. Алдыңғы екі тіл сөзді тек қосымша атау ретінде ғана 
пайдаланады.
«Латын, грек орыс сөздерін қазақшалайық» деушілер туралы 
Т.Жаңақұлов: «Толық мағынасын бермейтін, әрі жаттауға қиын аударылған 
сөздерді үйретудің қажеттілігін алға тартып, психологиялық қысымға алу», - 
деп жазды (№43, 6). Сөйтеді де, оған 
бәсеке
(конуренция), 
шеру
(демонстрация) деген сияқты сөздерді мысалға келтіреді.
Өздеріңізде байқаған боларсыздар, профессор мырзаның айтуынша, 
бәсеке, шеру
десек, олар терминнің толық мағынасын бермейді; басқа 
этностар мен қазақ тілін білмейтіндердің жаттауына қиындық келтіреді; 
сөйтіп оларды «психологиялық қысымға алады» екенбіз. Ал 
бәсеке, шеру
деген қазақша сөздердің орнына 
конкуренция, демонстрация
деген сияқты 
шетел сөздерін қолдансақ, онда «мағынасы толық», «жаттауға оңай» болып 
шыға келеді екен; әрі орыс тілдерді «психологиялық қысымға алмайды» 
екенбіз.
Бұл жерде Т.Жаңақұлов жолдастың басқа этностар мен асфальтта 
туғандардың жыртысын жыртып отырғандығы белгілі. Ал қазақ халқының 
жыртысын кім жартады?! 
Жаңақұлов ұлт тілі жанашырларының: «Егер терминнің қазақша 
баламасы болмаса (жасалмаса) оларды қазақша айтылуы, дыбысталуы 
бойынша алайық», - деген ұсыныстарына да қарсы. Ол: «Орыс халқы 
халықаралық терминдерді өз тіліне аударып бейімдемей, сол күйінен 
өзгертпей енгізуге арланбайды, намыстанбайды», – деп көлгірсиді.
153 


Мұнысы да өтірік. 
Орыс халқы латын, грек сөздерін де, басқа халық сөздерін де өз 
сөздерімен ауыстырып қолданады. Ал олардың ішінде аударуға 
келмейтіндері болса, ондайларды орыс тілінің дыбыстық заңдылықтарына 
сәйкес өзгертіп алады. Алысқа бармай-ақ, қазақ тілінің 
бүркіт
сөзін – 
«беркут», 
қамысын
– «камыш», 
ылайын
– «ил», 
бұрғылау
сөзін – «бурит» деп 
алғандарын айтпаған күннің өзінде өзіңіз осында сөз еткен латынның 
praemium
сөзін орыс тілінде «премия» деп, ағылшынша 
laureatus
cөзін – 
«лауреат» деп, немістің 
kutser
сөзін – «кучер» деп алғандықтарын айтсақ та 
жеткілікті болар деп ойлаймыз. Тіл-тілде мұндай мәнбілер (фактілер) өте көп.
Т.Жаңақұлов терминдерді қазақшаға аударуға ғана емес, оларды қазақ 
тілінің заңдылығына сай бейімдеп алуға да қарсы. Ата-бабаларымыздың 
шенеунік
деп айтқанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, ол оны «
чиновник
деп айтуымыз керек», - деп жарамсақтанады. 
Кеңес ұкіметі Ч әрпін қазақ тіліне зорлап ендіргеніне жарты ғасыр 
өткенімен хабарсыз Т.Жаңақұлов: «Орфографиялық тұрғыдан Ч әрпі бізде 
жоқ болса, кириллицаға әліпбиіміздің де бейімделу вариантын да қарастыру 
қажет сияқты», - деп ақылгөйсиді. Сөйтеді де: «Қазіргі өркениеттелген 
адамды («Өркениеттелген адам» дегені тағы қандай адам? Ол қазақ тілін 
білетін адам ба, жоқ, білмейтін адам ба? – Б.Қ.) 17-18 ғасырлардағы сауатсыз 
ата-аналарымызбен теңестіріп, мөнөт деп айтқызу көпе-көрнеу қиянаттық 
десе де болады», - деп езеурейді.
Біріншіден, 17-18 ғасырлардағы – адамдар біздерге «ата-ана» бола 
алмайды. Олар біздің – ата-бабаларымыз (Профессор мырза соны да білмей 
ме?!). Екіншіден, Т.Жаңақұловқа оларды «сауатсыз» деп тіл тигізуге кім 
құқық берді?! Біздің ата-бабаларымыз сауатсыз емес. Олар көне түрікше, 
арабша, парсыша хат таныған. Дүниенің төрт бұршынан хабардар болып 
отырған. Меккені, Мәдинаны қалай тауып баруды білген.
Қазақ тілінің сөздері мен оның грамматикалық қағидаларын жасағандар 
да – сол ата-бабаларымыз. Олар сауатсыз болса, бүкіл бір халықтың тілін, 
ділін, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қалыптастырып 
кетер ме еді?! 
Үшіншіден, атамыз қазақ орыстың «минута» сөзін (Т.Жаңақұлов 
154 


мырза оны білместіктен «минут» деп көрсетіпті – Б.Қ.) ешқашан мөнөт деп 
айтқан емес, айтпайды да. Атаса, оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет