«Мемлекеттік тілдің тағдыры ұлт тағдыры деп есептесек (шіркін-ай, десеңші
– Б.Қ.), оны басқа этностардың жедел игеруіне көмек ретінде терминдерді
қазақшаға тәржімелемей, сол күйінде
қалдырып, сөздік қорымызды
байытуымыз қажет» (№43, 7), – деп жазыпты. Сөйтеді де: «орыс және
ағылшын тілдерінен енген терминдерді жатсынбай қабылдағанымыз
орынды», - деп, ақылгөйсиді.
Көрдіңіздер ме, терминдерді қазақшаға тәржімелемей, сол күйінде
қалдырсақ, «басқа этностарға көмек болады» екен және «сөздік қорымыз
байиды» екен.
Бұл да Т.Жаңақұлов мырзаның қулықтарының бірі. Өйткені түп негізі,
құрылым-құрылысы мүлде бөлек қопарылмалы (флективті) тілдердің (лат.,
грек., ағыл., орыс т.б.) сөздерін тілімізге
сол қалпында алатын болсақ, ол
жалғамалы (аглютинативті) тілдердің қатарына жататын, үндестік заңына
негізделген қазақ тілін ешқашан байытпайды. Қайта керісінше, ол
сөздер
қазақ тілінің өзегіне түскен құрт болып табылады. Оның өшуіне, өлуіне,
бұзылуына алғышарт жасайды. Мұны Т.Жаңақұлов мырза жақсы біледі.
Сондықтан да оны жасырудың жымысқы амалын ойластырып отыр.
Одан әрі қарай Жаңақұлов: «Совет дәуірінде терминдер туралы
проблема жоқ еді. Ол кезде терминкомсыз-ақ Қазақстанның ғылымы мен
экономикасы жаман дамыған жоқ болатын. Ал
қазір тәуелсіздік алғаннан
кейін мемретинком тілімізді қолдан күрделендіріп жібергенінің куәсіміз» -
дейді (№42, 6).
Оқырмандардың өздері де біліп, сезіп отырған болар, Т.Жаңақұловтың
айтуынша, совет дәуірінде («кеңес» сөзін қолданғысы келмейді – Б.Қ.)
мемтерминком жоқ еді. Сондықтан термин туралы проблема да жоқ болатын.
Тәуелсіздік алғаннан кейін мемтерминком тілімізді қолдан күрделендіріп
жіберген көрінеді.
Мұнысы шылғи өтірік. Шамасы Жаңақұловтың терминкомнан ешқандай
хабары жоқ болу керек. Білмесеңіз, профессор мырза, айтайын, тыңдаңыз.
Мемлекеттік темионология комиссиясы (мемтерминком) ССРО-да 1933
жылы, ар ҚазССР-нда 1935 жылы құралған.
Жоғарыда айтылған, орысша
айтылып, орысша жазылып жүрген 100 мың сөзді сол терминком бекітіп
берген.
Мұндай жағдайда термин туралы қайдан
проблема болсын.
148
Өйткені ол кезде қазақша термин жасауға рұқсат жоқ болатын. Сөздікшілер
үш сөзді ғана, атап айтқанда «совет» сөзін –
Достарыңызбен бөлісу: