Жалпы психология


Идентификация — identiflcatio деген латын сәзі, қазақшасы



Pdf көрінісі
бет42/214
Дата24.09.2024
өлшемі11,67 Mb.
#145484
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   214
Байланысты:
Жалпы психология

1 Идентификация identiflcatio деген латын сәзі, қазақшасы
үқсас, 
бірдей деген мағынаны бідціреді.
103


жыныстық-рөлдік ұстанымдары, соған сәйкес талаптары мен 
мінез-қүлық үлгілері беріледі. Отбасында, өсіресе, ананың 
рөлі орасан зор. Қыз балаларға оның үлгісі, ер балаларға 
әкенің жеке басының өнегесі ерекше өсер етеді. Әкелеріне 
негізінен ер балалардың жеке түлғалық қасиеттерін 
қалыптастыру жүкгеледі, олардан қыз балаларға қарағанда, 
ер балалар төрбиесіне ерекше көңіл бөлу талап етіледі. Қыз 
балалар төрбиесімен негізінен анасы айналысады.
Осындай өлеуметгену жағдайында мерзімді басылым
бүқаралық ақпарат қүралдары ерекше рел атқарады. 
Сонымен, қазіргі қоғамда жыныстық-ролдік түрақты 
козқарастар мен м ін ез-қ ү л ы қ түрлерін балаларда 
қалыптастыру үшін қүралдар жеткілікті, екі-үш жас 
шамасында балаларды белгілі бір жынысқа тән мінез-қүлық 
белгілері мен түрлері, көзқарастары мен бағалар анық 
ацгарыла бастайды.
Кейбір жүргізілген эксперименттерде белгілі бір адамдар 
мен балаларды ңцентификациялауға мүмкіншілік жасайтын 
тетіктер мен ш арттар ашып көрсетілді. М әселен , 
идентификацияның нысаны коп жағдайда үлкендер 
болатындығы, оларға негізінен балалар көп еліктейтіндігі 
атап корсетіледі.
Отбасында ана ықпалды болған жағдайда, қыз балалар 
негізінен екесіне емес, анасындай болуға еліктейді; ал ер 
балаларда ерлердің мінез-қүлқы мен қасиетгерін алуда қайшы 
келетін дамудың белгілі қиындықтары пайда болуы мүмкін. 
Ал әкенің беделі басым болса, керісінше, қыздар коп жағдайда 
өздерінің өкелеріне үқсауға үмтылады. Сонымен қатар бір 
уақытта қыз балалардың бойларында анасына тән кептеген 
мінез белгілері қалыптасады.
Әлеуметтенудің басқа да факторлары — еліктеу, сендіру, 
өлеуметтік фацилитация, басқаның айтқанына көнгіштік 
(конформизм).
Еліктеу — бүл басқа адамдардың тәжірибесін жеке 
түлғаның саналы немесе санасыз қайта жащыртуы, оның 
ішінде мүның қозғалысы, қылығы, сырт пішіні жөне іс- 
әрекеті.
Еліктеу тетігі туа біткен болып табылады. Еліктеу 
қ озғалы сы н ы ң өртүрлі түрлерін жоғары сатыдағы 
жануарларда, алдымен адам төріздес маймылдарда аңғаруға 
болады. Адамдарда бөбектік жөне мектепке дейін жас 
кезендерінде ерекше анық байқалады. Ересек адамдарда 
басқалармен салыстырғанда дамуда қосымша рөл атқарады.


Сендіруді үрдіс ретінде қарастыра отырып, оның 
нөтішесінде адамның қатынас жасайтын басқа жолдардың 
ішкі төжірибесін, ойларын, сезімдерін, психикалық 
жағдайларын санасыз қайта жаңғырту іске асады. Сендіру 
тетігі арқылы басқа адамдардың көңіл-күйін білеміз, д үрыс 
түсінеміз.
Әлеуметтік фацилитация — бүл бір адамдардың мінез- 
қүлқы н ы ң
басқ а 
адам дарды ң 
іс-әр ек е тін е 
ынталандырушылық ықпалы, оның нәтижесінде іс-әрекет 
ерікті, белсенді жене интенсивті іске асады (фацилитация — 
жеңілдету мағынасында қолданылады). Еліктеу және сендіру 
фацилитациямен бірге жүреді, ол көптеген жағдайда таныс, 
жақын адамдардың төңірегінде көрінеді.
Таныс емес, шет адамдардың арасында қолайсыздық, 
берекеті кету сияқты балаларда қарама-қарсы қүбылыс — 
елеуметгік ингибиция аңғарыяады (ингибиция — тежелу деген 
мағынаны білдіреді).
Әлеуметтік ингибиция жеке түлғаға жаңа елеуметтік 
тәжірибені меңгеруін кедергі келтіреді және әлеумеггенуге 
қарсылық білдіреді.
Әлеуметтік психологияда басқаның айтқанына көнгіштік 
(конформизм) сияқты елеуметтену тетігіне ерекше мән 
беріледі. Конформизм дегеніміз адам мінез-қүлқының бір 
түрі. Ол саналы түрде қоршаған ортадағы адамдардың 
көзқарасымен алшақтық байқағанына қарамастан іштей 
олармен келісімге барады. Конформизм — басқаның 
айтқанына кәнгіштік, қоригаған ортадағы адамдармен қарым- 
қатынастың өзіне артық қиындық туғызбау үшін басқаның 
айтқанына кону, келісімге келу.
Бақылау сүрақтары мен тапсырмалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет