Қазақстан тарихы оқулық


Кенесары Қасымов басшылығымен болған



Pdf көрінісі
бет31/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

7.4. Кенесары Қасымов басшылығымен болған
үлт-азаттык козғалыс (1838-1847 жж.)
Саржан 
Қасымовтың 
олімі 
қазақтардың 
үлт-азаттык 
козғалысының одан әрі дамуына богет бола алмады. 1837 жылы 
жазда бүрынғыдан да күшті бүкіл казак жерін камтыған 
котеріліс бүрқ ете түсті. 
Бүл котерілісті Саржанның інісі 
Кенесары Қасымов бастап, козғалысты жалпы үлттык дорежете 
котерді.
Абылайдың немересі, Қасым сүлтанның үлы Кенесары Орта 
жүздің саяси омірінде жүз жылдай билік қүрған әйгілі жанүяда 
дүниеге келіп, тәрбие алды. Атасынан бастап аға-інілеріне, апа- 
карындастарына дейін қоғамның белсенді саяси қызмет атқарған 
атакты әулетте осуі 
Кенесарының 
идеялық-саяси дүние- 
танымының қалыптасуына зор ықпал етті.
1837 жылы бүл котерілістің басталуына себеп болған патша 
окіметінің Кенесарының туған жерінде, яғни Кокшетау мен 
Акмолада жаңа бекініс салып, жаппай казак станицаларын 
түрғыза бастауы еді. «Ата-бабамыздан мүра болып калған Есіл. 
Нүра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жаркайың, Обаған. 
Тобыл. Қүсмүрын, Оқият, Тоқзақ жоне Оралға дейінгі созылып 
жатқан жерді патша үкіметі бізден тартып алып, онда бекіністер 
салды, 
деп жазды ол бір хатында. - Енді күн санап біздің 
жерімізді басып алып. онда бекіністер салуда, ал мүның озі 
халықтың ашу-ызасын туғызып отыр. Бүл біздің болашағымызға 
ғана емес, бүгінгі тыныс-тіршілігімізге де қауіпті». Сонымен
149


катар бекіністер казак әскерлерімен толықтырылып күшейтілді. 
Кенесары генерал Генске жазған хатында өз ауылына 
1825, 
1827, 1830, 1831, 1832, және 1836 жылдары жасалған жазалаушы 
отрядтардың шабуылы туралы, ал мүндай әрекеттердің 1837 
жылы екі рет, 1838 жылы төрт рет, 1840 жылы үш рет қайталан- 
ғандығын ашына хабарлайды. Қазақ халқына қарсы әкімшіліктің 
осындай зорлық-зомбылығын, шенеуніктік аппараттың жемқор- 
лығы мен сатқындығын көрсете келіп, Кенесары патшаның отар- 
шылдық саясатына қарсы өзінің күреске шығып, атамекенінде 
хан билігін қалпына келтіретіндігін жариялады.
Кенесары Қасымовтың көздегені рулық араздықты жойып, 
қазақ қоғамындағы феодалдық бытыраңқылықты тоқтату, сол 
арқылы біртүтас мемлекетті нығайту мақсаты болатын. Тек осы 
шарттарды жүзеге асырған жағдайда ғана елді қүлдыққа түсуден 
қүтқаратындығына көзі анық жетті.
Тәуелсіздік үшін 
күресу мақсатында ол оңтүстік ауданнан 
Көкшетау өңіріне келеді. Отарлау саясатының қарқынды жүру 
барысында бүл өңірдің экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайы- 
ның қиындығы Кенесары Қасымовтың бастауымен болған азаттық 
қозғалысқа түрткі болды. Тарихшы Е.Бекмахановтың пікірінше, 
Кенесарының бүл өңірге оралуы «оқ-дәрі салған жертөлеге от 
тастағанмен тең» эсер берді. Кенесары қарамағына жан-жақтан бай 
да, кедей де келіп қосыла бастады. Ағыбай, Жанайдар, Басығара, 
Иман (Амангелді Имановтың әкесі) және тағы басқа батырлар өз 
жасақтарымен толықтай оның соңынан ерді. Патша әкімшілігінің 
Қоңыр қүлжа Қүдаймендин тәрізді, тіпті діни қайраткерлер мен 
кейбір ықпалды адамдарды араға салуынан еш нәтиже шықпады.
Кенесары жасағы салынып жатқан бекіністер мен қазақ 
даласы арқылы өтетін керуендерге шабуылын үдетті. Алғашқы 
кезде Кенесары адамдары олардан тауарларды еріксіз тартып 
алса, кейін салық алатын болды. Кенесары қазақ даласында Сібір 
әкімшілігінің заңдарын мойындаған жоқ. Себебі оның бітімгер- 
шілік саясаты еш нөтиже бермеді. 1837 жылы казан айында 
аталған әкімшіліктің бір шенеунігі полковник Талызинге былай 
деп ашық хат жазды: «Оларды тәртіпке шақыру үшін отрядтар 
жіберу арқылы жедел шара қолдану керек, әйтпесе ешқандай 
нәтиже шықпайды, сол болыстардың қырғыздары (қазақтары) 
баяғыдан еркіндікке үйренген, олар біреуге бағынуды өздеріне 
ар санайды». ОсыдаН кейін «қатаң шаралар» қолданыла бастады.
150


Қазақтарға қарсы хорунжий Рытов бастаған жазалаушы отряд 
жіберілді. Бірақта оның жасақтары талқандалып, өзі өлтірілді.
1838 жылы көктемде Кенесары өзінің қоластына Орта жүз 
қазақтарының басым бөлігіу біріктірді. 
Оның замандасы 
Н.Н.Середа Кенесарының қозғалысын мүқият зерттей келе былай 
деп тамсана жазды: «Кенесары өзінің жасақтарын керемет басқа- 
рып, оларға ғажап рух бере білді, бүл еуропа әскербасыларының 
қолынан 
келе 
қоймайтын 
іс. 
Даланың 
қүйыны 
секілді 
жолындағының бәрін жайпаған Кенесарыға ешнәрсе бөгет бола 
алмайды. Жасалған бөгет қайта оның намысын қайрап, 
бүрынғыдан бетер күш береді, ол өзінің алдына койған 
мақсатына жеткенше 
жолындағы кедергілердің бәрін жеңуге 
соңғы демі қалғанша күреседі. Бүл қасиеттерін көшпенділер 
ерекше қадірлейді, халық басшысына шын берілген, ол үшін 
жанын қиюдан тайынбайды».
1838 жылы мамырда Кенесары жасағы Ақмола бекінісіне 
шабуыл жасап, қоршауға алып, оны өртеп жіберді. Тек 
қорғанушылардың азғана бөлігі аман қалды. Халықтың қуатты 
қолдауына сүйенген Кенесары 
Қоқан хандығымен 
соғысқа 
кірісті. 1840 жылы Кенесары Орынбор даласы, Ырғыз бен Торғай 
арқылы өтіп, Қоқан хандығының аумағына басып кіріп, олардан 
бірқатар ірі қазақ руларын қайтарып алды.
1840 жылы қазақ мемлекеттінің қайта өрлеуіне орай азаттық 
соғыстың жаңа кезеңі басталды. 1841 жылы қазақ рулары 
өкілдерінің кеңесінде Кенесары қайта қалпына келтірілген Қазақ 
хандығының ханы болып сайланды. Кенесары хандық билікті 
орталықтандыруды күшейтіп, күресті одан әрі жалғастыру үшін 
берік қимыл-әрекет жасауға бағытталған бірқатар әкімшілік және 
сот реформаларын жүргізді. 
Хан жанынан 
кеңес қүрылды. 
Салық жинауға, әскери дайындыққа, дипломатиялық қатынас 
қүжаттарына жауапты ведомстволар үйымдастырылды.
Көшпенділердің әскери тәртібін үйымдастыру қайта қаралды. 
Баршылық лауазымдар енді рулық тегі жағынан емес, жеке 
сапасына, яғни ерлігіне, әскери іс-қимыл жасау қабілетіне 
байланысты тағайындалды. Кенесары интенданттық қызметті де 
үйлестіре білді. Арнайы бөлінген адамдар әскерлердің аттарын 
азықтандырып, жем-шөппен қамтамасыз етті. Әскерде қатаң 
тәртіп орнатылды, әскери тәртіпті бүзғандар аяусыз жазаланды.
Кенесары 
патшаның 
оқ 
ататын 
қаруларымен 
және 
артиллериясына қарсы найза, садақпен ғана қаруланған өз
1 5 1


оскерінің олсіз жағын коре білді. Оның үлт-азаттық қозғалыска 
бүкіл Қазақ даласы котеріледі деген ойы жүзеге аспады. Оған 
себеп болған кейбір қазақ руларының оскери орекетке аралас- 
кысы келмегендігі еді жоне елдің бір болігі олі де болса да Қокан 
хандығының қарауында болатын.
Отаршылдар окімшілігінің назары Орынборда болған шаруа- 
лар мен солдаттардың наразылығын басуға ауғанын пайдаланған 
Кенесары 1841-1843 жж. Орта Азияға бірнеше жорықтар жаса- 
ды. Ол Бүхара мен Қоқан арасындағы алауыздыкты 
тиімді 
пайдадана білді. Бүхар әмірін қолдап, аз уақыт ішінде Кенесары 
оскері Созақ, Сауран бекіністерін басып алып, Түркістанды 
коршауға алды. Әлсіреп қалған Қоқан бітім сүрап, қазақ жеріне 
таласудан бас тартты.
Осы кезде Еуразия кошпенділерінің тыныштығы бүзыдды. 
Сібір окімшідігі оз ішіндегі бүліншілікті күшпен басып, Кенеса- 
рының ізіне түсуді қайта жалғастырды. Кенесары кошіне 
гүтқиылдан шабуыл жасаған казактар оның әйелін, қызы мен 
т\ыскандарын түтқынға алады. Кенесарының ойелі мен туысқан- 
дарын қайтару туралы жазған хатына әкімшілік керЧ 
жауап 
береді. Бүған ызаланған Кенесары 
Батыс-Сібір губернатор- 
лығына шабуылды күшейтті.
Кенесары окіметке жазған хатында: «Кошпенділердің жеке 
меншігіне тиіспеу туралы заңға карамастан уездік шенеунік- 
тердің қоқан-лоқысына қарсы ешқандай шара қолданылмауда. 
заңсыз, тонау мен күш корсетуге ашық жол берілуде. Сіздердің 
адамдарыңыздың менің әйелімді, екі келінімді жоне қыздарымды 
алып кеткендеріне біраз уақыт болды. Олардың қазір қайда. не 
болғаны жонінде ешқандай хабар жоқ» делінген.
1843 жылы 27 маусымда 1 Николай патша қазақ даласына 
отряд жіберуге шешім қабылдап, Кенесарының басы үшін бойге 
тағайындады. 1843 жылы тамызда әскери қимылдар қайта 
жаңғырды. 5000 адамды басқарған полковник Визанов Сахар 
бекінісінен, ал басқа отрядтар Омбыдан, 
Петропавлдан жоне 
Қарқаралыдан жорыққа шыкты. Тобыд озені жағынан патшаға 
берілген қазақтарды бастаған сүлтан Ахмет Жанторин сүлтан 
карсы шықты. Түрлі амалдарды қолданған Кенесары қарсыласы 
Визановты обден діңкелетіп, 
1843 жылдың қыркүйегінде оны 
Орскіге карай шегінуге можбүр етті. Күз түсіп. күннің суытуына 
байланысты баска отрядтар да бекіністеріне қайтты.
152


Кенесары бастаған үлт-азаттық қозғалыс 1844-1845 жылдары 
озінің шырқау шегіне жетті. Бүл кезеңде котеріліс қазақ 
даласының біраз болігін қамтыды. 1844 жылы мамырда әскери 
күштің басым бөлігі Кенесары көтерілісін басуға жіберілді. Оны 
полковник Лебедов (кейін оны Дуниковский алмастырды), 
соңынан 
генерал 
Жемчужников 
пен 
А.Жанторин сүлтан 
басқарды. Әскерлердің басшыларына Талызин: «Сіздердің
алдарыңызға қойған мақсат Кенесары қарақшыларын жойып, 
оның кошпенділерін кері қайтару болып табылады» деп бүйрык 
берді. Кенесары олардан қорғана отырып, Қарақүмның ішіне 
қарай ығысты. Патша әскеріне жалған маневр жасап, сол жылдың 
шілдесінде 
Кенесары 
Жантөрин әскерін қоршап алды да 
талқандап жіберді. Тамыз айында Наурызбай мен Ағыбай батыр 
Екатерина бекінісін басып алды. Дуниковский мен Жемчужни- 
ковқа полковник Ковалевский отряды көмекке жіберілді. Бүл 
кезде Кенесары Мүғалжар тауына кетіп үлгердК Патша әскері 
кері қайтуға мәжбүр болды, енді отаршылдық әкімшілік күшті 
бекініс қүрылысын салуға кірісті. Кенесарыны бодандыққа, ең 
болмаса протекторатқа мойынүсындыру үшін елшілікке Долгов 
пен поручик Герн жіберілді. Бас имейтін Кенесары елшілерді 
қабылдаған жоқ, ол Орынбор 
әскери губернаторы на жазған 
хатында даладағы әскери бекіністерді жоюды және ауылдардағы 
зорлық-зомбылығын тоқтатуды талап етті. Тек осы қойылған 
талаптар орындалған кезде ғана 
келіссөз жүргізуге келісім 
беретіндігін білдірді. Бірақ, күш тең емес еді.
1845 жылы күзде орыс әскері мен патшаға шын берілген аға 
сүлтандардың отрядтары Кенесары ауылына қайтадан шабуыл 
жасай бастады. Көп шығынға үшыраған қазақтардың Торғай 
даласын тастап, Сарысу және Шу өзендерінің алқаптарына қарай 
шегінуіне тура келді. 1846-1847 жж. Кенесары Үлы жүздің 
казақтарын біріктіруге, Мерке бекінісін басып алуға, Шу өзені 
бойында бекініс қүрылысын салуға кірісті. 1846 жылы ол 
кырғыздармен бітім жасасты, алайда коп кешікпей өзара қырқыс 
нәтижесінде қырғыздар жағынан Жаманқара батыр, ал қазақтар 
жағынан Саурық батыр өлтірілді. Бүл оқиға жағдайды мүлдем 
шиеленістіріп жіберді.
Бүл кезде Кенесары әскері қоршауға алынған еді. Генерал 
Вишневскийдің барлаушысы Есаул Нюхалов қырғыз манап- 
тарымен келіссоз жүргізді. Қоқан әскерлері де ілгері жылжыды. 
1847 жылы Кенесары ойламаған жерден өзінің азғантай
153


жасағымен казак-қырғыз шекарасы маңындағы Алмалысай 
жайлауындағы Кекілі тауында коршауда калды. Наурызбай 
батыр оз жасағымен коршауды бүзуға үмтылды. Кенесары оған: 
«Біз мүмкін қоршауды бүзып шығармыз. Ал калғандары кайтеді? 
Олардың борі де қырылады той. Егер хан басыммен кашып 
кетсем не болғаным?» деген екен.
Қоршауда қалғандардың Қарасуық озені аркылы отпекші 
болған орекеттері сәтсіздікпен аякдалдьі. Өзеннен ог\ кезінде 
Наурызбай батыр қаза тапты. ал Кенесарының озі 
түтқынға 
түсті. Өлер алдында ол кырғыз манаптарына алачыздықты 
койып, ортак жауға бірлесіп күреселік деді. бірақ 
манаптар 
оның бүл үсынысын қабылдамады.
Қырғыз Қалығүл Әлібеков оның басын шауып, кесілген басіы 
Батыс Сібір генералы Горчаковка апарыгі берді. Гіатша окімегі 
Кенесарыны олтіруге қатысқандарды марапаттады. Қырғыздар 
жағынан Ормон, Қалығүл, Жантай, қазактар жағынан Сыпатай 
мен Рүстем патша окіметінен медальдар, ақшалай жоне баска да 
сыйлыктар алды.
Қазак халқы Кенесарыдай озінің корнекті қайраткер үлынан 
айырылды, бірак мүндай орны толмас окінішті олар кеш түсінді. 
Кенесары күресі Қазак хандығының біртүтастығын қалпына 
келтіруге бағытталған 
тоуелсіздік алу 
жолындағы 
соңғы 
талпыныстардың бірі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет